Шырынды жемістерден тұқымын алу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Шырынды жемістерден тұқымын алу

Орындаған:
Тобы:
Тексерген:

Алматы қаласы. 2022 ж.

Жоспар
Кіріспе
1)Жеміс туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2) Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері ... ... ... 6
3)Жеміс жидек түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
4)Шырынды жемістерден тұқымын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..10

Кіріспе
Жеміс туралы ұғым
Жеміс (лат. fructus) -- жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де дамиды.
Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе
бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша,
тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі.
жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. Экзокарпий мен мезокарпий жасушаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-
жетілу кезінде жемістің жасуша шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше
аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында ақуыз, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.
Жеміс - жидек түрлері

Жеміс - жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30 - жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс - жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау- мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (бо-тоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.

Жеміс - құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұршақын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек. Шырынды же-містің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.

Алма. Адамдардың тамақ-қа қолданатын жемістерінің 45 - бөлігі - алмалар. Оны ежелден ем
- дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған.
жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен
күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.

Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуық-қа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсер етеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге баяу сіңеді.

Өрік. Оны денсаулық жемісі деп атайды. Құрамын-да органикалық қышқылдар, нектин, хош иісті заттар, минералды тұздар (калий,) натрий, кальций, т.б. және коротин бар.

Жүзім. Оның жас тамырын (30 г) 2 литр суға салып қайнатып, шашты жуса, қайызғақты кетіреді, құйқа терісі тазарады, шаш жақсы өседі. Көктемде сабағын кесіп, шырынын бетке жағып, ондағы қара дақтар мен секпілді кетіреді. Шырынын мол етіп жинап, күніне 3 рет ішсе (бір шай қасықпен), бауырды жазады, оның күіп, сыздағанын басады. Ұзынша келген ақ жүзім бауыр, көк бауырды жазып, қан қысымын төмендетеді. Буынына суық тигенде қара жүзімді жиі жеген жөн. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау қасиетіне ие. Онымен қан азаю сырқатын да емдейді. Қара жүзім шырыны қан бөгелуін болдырмауға шипалы. Жүрек шаншып ауырғанда сары мейізді ет тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет шай қасықтан жейді. Жүзімнің шырынына алма сірке суын қосып ішу еркектің ұрық безінің жұмысын жақсартады. Жарты литр шырынға бір ас қасық сірке суы қосылады. Түстен кейін қос уыс жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да жақсы әсер етеді.

Қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти - кансерогендік ықпалы күшті.

Банан. Ол денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипалы. Қан қысымын реттейді, инсультке шалдығудың алдын алады. Асқазан жарасына да ем. Бананды үй жағдайында сақтау үшін тоңазытқышқа салмайды. Ол он градустан төмен температурада тез бұзылып, тағамдық сапасын жоғалтады.

Құрма. Ежелгі араб ғұла-малары оның 350 - ден астам пайдалы қасиеті бар деп есептейді. Шырынынан сергітетін сусын жасалады. Құрмадан жүзден астам тағам дайындалады. Құран, хадистерде құрма - жұмақ жемісі деп аталады. Дәрігерлер оның құрамында көптеген емдік қасиет барын анықтаған.

Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері
Жеміс өсіру шаруашылығында сорттың ерекше маңызы бар. В. И. Мичурин өзінің еңбектерінде
Әрбір ағаштың жылма-жыл жоғары өнім беру қабілеті -- бағалы сорт сапаларының бірі деп әлденеше рет атап көрсетті. Егер овощ шаруашылығында аз өнімді немесе төзімсіз сорттарды тез арада жақсы сорттармен алмастыруға мүмкіндік болса, ал бау шаруашылығында сортты
іріктеп алған кездегі жіберілген қатені кейін тузеу қиынға соғады. Сондықтан бау ағаштарын еккенде сорттарды дұрыстап іріктеп алу мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Жеміс-жидек ағаштарының сорттары өте көп. Әдебиеттерде мыңға жуық сорттарға сипаттама берілген, ал бұталардың ішінде шаруашылық жағынан өте қолайлы және биологиялық сапасы жақсы мыңнан астам сорттары өсіріледі. Мұнда аса маңызды сапалы қасиеттеріне: қысқа
төзімділігі, жеміс беру кезеңі қолайлы, өнімділігі мен жемістері сапасының (ірілі-ұсақтығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мангоның маңызы
Тропикалық орман ағаштары
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Қант қызылшасы өндірісін дамыту
Жемістер мен көкөністердің химиялық күрамы
Қант қызылшасынан қант өндіру технологиясы
Шырын өндірісі
Қауын дақылдарының түрлері мен сорттары
Қауын - бақша дақылдары, біздің түсінігімізде көкөністен гөрі жеміс
Томат шырынын өндіру технологиясы
Пәндер