Алматы хайуанаттар бағы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ
“ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ”
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мемлекеттік зоологиялық парктер
Ж
АЛМАТЫ 2023
Жоспары:
Кіріспе
- Мемлекеттік зоологиялық парктер дегеніміз?
- Алматы хайуанаттар бағы
- Шымкент хайуанаттар бағы
Қорытынды
Кіріспе
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді. Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т. б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1, 6%-на тең.
- Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
- Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
- Мемлекеттік табиғи резерваттар.
- Мемлекеттік корықтың аймақтар.
- Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
- Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
- Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
- Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
- Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т. б.
- Мемлекеттік зоологиялық парктер дегеніміз?
Мемлекеттік зоологиялық парктер - мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Жануарлар әлемінің түрлерін қалың көпшілікке көрсету, жаратылыстану білімін насихаттау және жабайы фаунаны қорғау идеяларын тарату, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар генофондысын сақтау. Алғаш хайуанаттар бағы б. з-дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрын Қытайда («Білім бағы» деген атпен) ұйымдастырылған. Еуропада 18-19 ғасырларда ашылды (Венада 1752 жылы, Мадридте 1774 жылы, Берлинде 1844 жылы, Парижде 1858 жылы, Мәскеуде 1864 жылы, т. б. ) .
Зоологиялық парктердің негізі қызметтері:
Мемлекеттік зоологиялық парктердің негізгі қызметі - жануарлар дүниесін сақтаудың, санын молайтып, тиімді пайдаланудың, сонымен қатар дүниежүзілік маңызы бар жануарлар мен құстардың қорын игерудің ғылыми негізідерін жасау.
Зоологиялық парктердің түрлері:
Қазіргі уақытта елімізде үш ірі зоологиялық парк жұмыс жасап жатыр:
1 Алматы зоологиялық паркі
2 Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркі
3 Шымкент мемлекеттік зоологиялық паркі
Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы (Алматы хайуанаттар бағы, Шымкент хайуанаттар бағы, Қарағанды хайуанаттар бағы) бар. Алматы хайуанаттар бағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77 түр Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Аустралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа. өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т. б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.
Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды хайуанаттар бағы 1938 ж. құрылған. Жер көлемі 14 га. Зообақта балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар; құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т. б. ; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т. б. аңдар бар.
Шымкент хайуанаттар бағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны - 1000 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген
- Алматы хайуанаттар бағы
Қазақстанда үш хайуанаттар бағы бар. Ең үлкені 1937 жылы 7 қарашада Алматыда құрылған. Биыл бұл мекемеге 86 жыл толып отыр. Алматыдағы хайуанаттар бағына 1937 жылы КСРО хайуанаттар бағынан 60-қа жуық аң түрі әкелінген. 86 жыл бойы бірде-бір рет тоқырауға ұшырамай, тіпті соғыс жылдарында да тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған бұл мекемеде қазіргі күні 400 түрлі 4000-нан астам жануар тіршілік етеді. Алматыдағы бақта топтамасында 5 мыңға жуық жануарларды құрайтын 400-ден астам хайуанаттың түрі бар. Олардың 28 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына, ал 71 түрі табиғатты қорғау Министрлігінің Қызыл кітабына енгізілген. Экзотариумда тасбақаның бірнеше түрі бар. Олар: қызыл құлақты, дала, қызыл аяқты, бабырлы, тырнақты және т. б. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жолбарысты және торлы питондар, су айдаһары, хамелеондар, ысылдағыш улы жыландар, египет улы жыланы және тағы басқалар келушілерді аса қызықтырады. Сонымен қатар мұнда куба қолтырауыны, сиам қолтырауыны және қолтырауын кайманы да көруге болады. Алматы хайуанаттар бағы - барлық жыртқыш құстар тұқым беретін Еуропа мен ТМД елдерінің хайуанаттар бақтарының ішіндегі жалғыз бақ. Құстардың сирек түрлерінің тұқымын беру бойынша ЕЕР бағдарламасымен қарастырылған үлкен күмбез тәрізді темір қораларда дала бүркіті, қозықұмайлар, құмайлар, субүркіттер мекендейді. Көлдер мен тоғандарда аққулардың, үйректердің, қаздардың тырналардың әр түрлері мекендейді. Барлық құстардың ең ірілері де бар, олар - эму мен казуар. Хайуанаттар секциясының мақтанышы оңтүстік-африка керіктері, ала құландар, азия пілдері, мүйізтұмсықтар мен сусиырлар болып табылады. Бұғылардың ішіндегі ең ірілері - бұқар бұғысы мен марал. Мұнда дақты бұғылар, кербұғылар, еліктер, арқарлар, сібір ешкімүйіздер, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар, жабайы ешкілер, қойлар және Пржеваль аты да бар. Алматы хайуанаттар бағында мысық тұқымдастар жыртқыш аңдар: арыстандар, амур және бенгал жалбарыстары, қарлы барыстар, парсы және қиыр шығыс қабыландары, қара бабырлар, ягуарлар мен сервалдар мекен етеді. Жер жүзінде мекендейтін аюлардың жеті түрінен хайуанаттар бағында екі түрі бар: ақ аю және гималай аюы. Маймылдар тұратын темір торлардың жанында үнемі адам көп. Мұнда мартышка мен макакалар, гамадрилдер, аққолды және күміс гиббондар, шимпанзе, шығыс колобус пен қызыл лемур вари бар. Алматы хайуанаттар бағында жыртқыш құстар, африка керіктері жыл сайын бір-бір тұқымнан береді, сонымен қатар, ала құландар, еуропа кербұғысы, түйелер, Пржеваль аты, аласа жылқы тұқымы (пони), дақты бұғылар, арқарлар, мүйіздері бұралған текелер, жабайы қойлар мен ешкілер, арыстандар, амур жолбарыстары, қабыландар, қара бабырлар, қасқырлар, шимпанзе, макакалар, аққулар, қаздар, тырналар, тоты құстар, түрлі бауырмен жорғалаушылар, аквариум балықтары мен тағы басқалар тұқым береді. Абақта жануарлар ойдағыдай тұқым беретіні - біздің асырандыларға жақсы жағдай жасалып, олар уақытында тамақтандырылып, жақсы күтіммен қамтамасыз етілгенін негізгі көрсеткіші.
1935 жылы қаңтарда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі Алматыда хайуанаттар бағын дереу құру туралы шешім қабылдады. Республикадағы алғашқы хайуанаттар бағын салу үшін орынды таңдаумен және оны құрумен Жетісудың тәжірибелі аңшысы және тамаша білгірі Мырзахан Төлебаев айналысты. Хайуанаттар бағын салу үшін Төлебаев Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағының шығыс шетін таңдады. Төлебаевтың пікірін жер комиссиясының басқа мүшелері мен Үкімет үйінің басшылығы қолдады. 19 ақпанда Алматы қалалық кеңесінің шешімі бойынша құрылысқа ауданы 46 гектар жер телімі бөлінді, Казачки өзенінің оң жағалауында, жеміс бағында. Бөлінген аумақ өзінің рельефі бойынша оны үлкен шығындарсыз мақсатына сай рәсімдеуге толық мүмкіндік берді. 1936 жылы Төлебаев хайуанаттар бағының басшысы лауазымына тағайындалды, хайуанаттар бағының құрылысын басқарды, жануарларды іріктеумен және ғылыми базаны ұйымдастырумен айналысты. Хайуанаттар бағын толтыру үшін Төлебаев қазақстандық далада жануарлардың кейбір түрлерін, соның ішінде ақбөкендер, тау ешкілері мен қарақұйрықтарды жеке өзі аулады. Бірақ бұл жануарлар өте аз болды. 1937 жылы ақпанда Мырзахан Төлебаев" Социалистік Азия " газетінде 1 маусымда хайуанаттар бағының ашылуы туралы мақала жариялады. Бірақ ашылу кейінгі мерзімге ауыстырылды. Кейінірек ол Мәскеу, Ленинград хайуанаттар бағында және Аскания-Нова қорығында жануарларды сатып алуға қаражат бөлді. Қыркүйек айында Төлебаев Мәскеуге барады, онда Мәскеу хайуанаттар бағымен жануарларды сатып алу туралы келіссөздер жүргізді. 1937 жылдың қазан айында Алматыға арнайы вагондарда аюлар, Арыстан, сирек тұяқтылар және хайуанаттар бағының басқа да көптеген жаңа тұрғындары келді. Сонымен қатар, Мырзахан Төлебаев халық комиссариатымен келіссөздер жүргізіп, құрылыс материалдарына жеке тапсырыс беріп, жем-шөп алып, сәулетшілермен келісіп үлгерді. Ашылу алдында хайуанаттар бағына жолбарыс, қолтырауын және кейбір экзотикалық жыландар келді. Қазан айында құрылысқа ҚКП Орталық Комитетінің хатшысы Левон Мирзоян бастаған комиссия келді, ол атқарылған жұмыстарға риза болды.
1937 жылы 7 қарашада хайуанаттар бағының салтанатты ашылуы өтті. Алғашқы екі күнде келушілер үшін тегін кіру ұйымдастырылды. Хайуанаттар бағының ашылуына ҚКП ОК Саяси Бюро мүшелерінің делегациясы келді. Мырзахан Төлебаев Мәскеуден Алматыға жануарларды сәтті жеткізгені үшін НКВД органдарының грамотасымен марапатталды. Төлебаев хайуанаттар бағындағы жұмысты ғылым комитетіндегі жұмыспен ұштастырды. Оның 1937 жылғы қарашадағы жоспарларына омарта ұйымы, инсектария және піл қоршауының құрылысы кірді. Төлебаевтың көптеген жоспарлары орындалмады. Хайуанаттар бағы ашылғаннан кейін екі ай өткен соң, 1937 жылы 5 желтоқсанда Мырзахан Төлебаевты НКВД қызметкерлері тұтқындады. Хайуанаттар бағының алғашқы ғылыми жұмыстары туралы бірегей құжаттар, бақылау күнделіктері және хайуанаттар бағын одан әрі дамыту жоспарлары тәркіленді. 1938 жылы Мырзахан Төлебаев жалған айыппен атылды.
Кеңес жылдары
Хайуанаттар бағында сүтқоректілердің 95 түрі, құстардың 150 түрі, балықтардың 80 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 17 түрі болды, барлығы 2000-нан астам жануарлардың үлгілері болды. Сол кезде хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін жойылып бара жатқан жануарлар болды, мысалы: Қытай аллигаторы, жолбарыс питоны, қырғауыл свайно, бұйра пеликан, кенгуру парма, Амур, суматран және Бенгал жолбарыстары, қар барысы, Қара пантера, ягуар, гепард, Полярлық аю, шимпанзе, винторог ешкі, Үнді піл, қара мүйізтұмсық және т. б., сондай-ақ КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген: тянь-Шань қоңыр аюы, жолақты гиена, түркістан сілеусіні, манул, қазақстандық тау қошқары, сақал, қызғылт пеликан, қара Лейлек, фламинго, ақ құйрықты бүркіт, қорым, дала бүркіті және т. б.
- Шымкент хайуанаттар бағы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz