Өтеген батыр ескерткіші


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мұқағали Мақатаев атындағы

негізгі мектебінің

7-сынып оқушысы

Ескараев Нурисламның

«Өтеген Өтеғұлұлының ерлік жолы»

тақырыбындағы

ғылыми жобасына

Пікір

7-сынып оқушысы Ескараев Нурислам өзінің ғылыми жобасын «Өтеген Өтеғұлұлының ерлік жолы» тақырыбында дұрыс бағытта жүргізген. Жобада батырдың туған жері, балалық шағы, шайқастарда көрсеткен ерліктері зерттелген. Нурисламның алғашқы ғылыми жобасы өзінің жас шамасына, ой-өрісіне лайық, нақты дәлелдермен, ғылыми негізде жазылған деп тануға болады.

Пікір жазған директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары: Сабитова Малика Сабирдиновна

МАЗМҰНЫ

Зерттеу жұмысына пікір . 3

Аннотация . . . 5

Кіріспе

Мені қызықтырған не? . . . 6

Негізгі бөлім

Өтегеннің өмірі … . . . 6

Алғашқы шайқастары ……… . . . . . . 8

Жыр алыбы Жамбылдың арнауы . . . 8

Мүйізді Өтегеннің ұрпақтары . . . 10

Өтеген батыр ескерткіші . . . 12

Тарихтағы ізі . . . 15

Қорытынды . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 17

Аннотация

Зерттеу тақырыбы: «Өтеген Өтеғұлұлының ерлік жолы»

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Мені Жамбыл облысының атақты батырлары, атақты ғұламаларының өмірбаяны қызықтырады. Соның ішіндегі қызықтырғаны бытырлардың шайқастары, ер-мінездері, еліне -жеріне деген махаббаттары қызықтырды. Мен бүгінгі зерттеуімде өзіміздің Жамбыл облысында дүниеге келген, Қордай ауданында жерленген батырымыздың өткен жолдарына үңілдім. Ол-атақты батыр, қолбасшы Өтеген Өтеғұлұлы.

Зерттеу мақсаты:

Атақты батыр, қолбасшы Өтеген Өтеғұлұлының өмірін, ел үшін еткен еңбегінің орнын білдіру, көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  • Батыр туралы толық мәлімет жинау
  • Батырдың ерлігін таңытатын жорықтар туралы ақпарат жинау
  • Ақын, жазушылардың батыр туралы жазған жыр, дастандарын жинақтау
  • Өз пікірім

Зерттеу әдістері:

  • Батыр туралы жазылған БАҚ- пен жұмыс
  • Өтеген ата ауылындағы Өтеген ата мазарына саяхат
  • Өтеген ата мазарының шырақшысымен сұхбат

Зерттеу бағыты мен саласы:

Тарих, өлкетану

Жұмыстың зерттеу бөлімі

Мені қызықтырған не?

Мені үнемі ес білген кезімнен өз туған топырағымдағы жерлес ұлы тұлғалар, яғни, Жамбыл облысында өсіп-өнген ақындар мен жазушылар, әншілер мен сазгерлер, билер мен шешендер, батырлар, ғалымдар мен зерттеушілер қызықтыратын. Сол қызығушылық соңында батыр Өтеген Өтеғұлұлына алып келді. Жамбыл облысы Шу өзені бойында дүниеге келген батырдың ерлігі мені таң қалдырды.

Өтегеннің өмірі

Ел аузындағы әңгімелер мен ақындардың қалдырып кеткен жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз желілерінде Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың ержеткен он екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады. Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты болып, батыр ға ауыр тиеді. Жер ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айырылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге қайғырып, құдайдан соның тілеуін тілейді. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде аян береді. Түсінде батырға бір ақ сақалды, сары тісті қария келіп былай дейді:

-Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін, -дейді. Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақ сақалды қария былай деп бата берген екен.

-Құдай тілеуіңді берді, он екі ұлға татитын ұл көресің!

Осыдан кейін Өтеғұл кіші әйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында жаныс жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: «Батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын!»-деп атын Өтеген қойдырған екен.

Өтеген батыр (1699-1773) - XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Изенді өңірінде дүниеге келген. Ұлы жүздің дулат тайпасынан Жаныс руынан шыққан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. Хантауда келген дүниеге

Өтеғұлдан туған Өтеген

Есейіп зерекөл, ерте

Өнер білім көксеген.

Есейе келе молдадан

Арабша оқып, хат танып

Досымен Қазбен, Тауасар

Оқуға кетті аттанып

Кабул, Тегеран, Исфахан

Стамбул, Кайр, Римнен

Оқып еді дос адам

Білімдерін шыңдаған.

Алғашқы шайқастары

Өтеген батыр XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің оңтүстігін, жетісу жерін, Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірген бабамыз. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Ботхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жер жастандырып, батыр атағы шығып, қазақ әскерінің даңқы қолбасшыларының біріне айналған. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген де аңыз бар. Өтеген батыр - ел арасында аңызға айналған адам.

Жыр алыбы-Жамбылдың арнауы

Жамбыл Жабаев (1846-1845) - қазақтың ұлы ақыны, жырау, жыршы. Сүйінбайдан кейінгі Жетісудың ақындық, жыршылық мектебінің ірі өкілдерінің бірі. Туған жері - Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жамбыл атақты импровизатор ақындығымен қоса қазақтың көптеген жыр үлгілерін асқан шеберлікпен орындап, жадында сақтап, жыршылық өнердің тарихында да өшпес іс қалдырған. Әсіресе, Құлмамбет ақыннан үйренген «Керұғлы» дастаны, ұстазы Сүйімбайдан естіп-білген «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», «Жабай батыр», «Саурық батыр» жырлары-жас ұрпақтың рухын оятатын шабытты туындылар екені сөзсіз. Соның ішіндегі «Өтеген батыр» дастаны өзінің ерекшелігімен өзіме ұнайды.

«Өтеген батыр»-ХVIIIғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Қазақ хандығының оңтүстігін, Жетісу мен Шығыс өңірлерін жау шеңгелінен босатуда асқан ерліктің үлгісін көрсеткен батыр-қолбасшының көркем бейнесін айшықтаған жыр нұсқаларының бірі еді. Туындының басты идеялық ұстанымын елдің тұтастығы мен ынтымақ-бірлігі және тәуелсіздік жолындағы күресі сияқты мәселелер айқындайды. Жырда Өтеген Ресей империясының отарлау саясатындағы жымысқы әрекеттерін ерте түсініп, еліне жайлы қоныс іздеуі - Асан қайғының жер шолуына ұқсайтын көне сарындармен ұштасып жатады. Өтеген Жетісу халқының қамын ойлап он жеті жыл бойы жер шолып, басын қатерге тігеді. Қасына ерткен серіктерімен бірге аса қиын кедергілерден өтіп, жол азабын тартады. Сапарластарын төзімділікке шақырып, ел мүддесі үшін алдыға қойған мақсат-мұратқа қол жеткізетіндігіне сендіреді. Бұл туындыда ел аузында аңыз түрінде айтылып жүретін мифтік элементтер де кездеседі. Өтеген бастаған топ қазақ даласаның батысына, Ақтөбе өңіріне жеткенде алдын айдаһар, әбжылан мен жезтырнақтар ұшырасады. Бірақ ержүрек батыр аталған дүлей күштердің бәрін жеңіп, серіктерін аман сақтап қалады. Жыршының бұл әсірелеу әдісі-Өтегеннің асқан батырлығын, ақылдығын, амал-айласының молдығын асыра дәріптеу үшін байырғы эпикалық дәстүрден алған тәсіл. Бұл әсірелеу амалы туындының көркемдік-эстетикалық деңгейін көтеріп, сюжет желісін шиеленістіріп, тыңдарманның қызығушылығын арттырғандығы анық.

Біздің қазақ халқы бұрын қалмақ, қырғыз, өзбек болып, төрт ұлтқа бөлініп, бірін-бірі әлі келгенін шауып алып, білегінің күші, найзасының ұщымен бірін-бірі езіп-жаншып жүрген еді. Содан қалмақты жаулап алып, қазақ жерінен қытай жеріне аударды. Содан қазақ бірбеткей болып, қазақ ішінде Ұлы жүздің баласы қызғызбен өте жауласып, шабысып, бірін-бірі қуғын-сүргінге салып жүрді. Онан соң қазақ халқы үш жүздің баласына бөлініп, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз болып, үш жікке бөлініп жүрді.

Ол уақыттағы билеушілер хандар болды. Ақсүйектің тұқымынан хан көтерді. Хандардың қабырғалы билері болып, олар өздерінің білгенін істеп жүрді. Хандардың мақсаты әлі келгенін шауып алу, талау, қан төгу болды. Содан біздің қазақ халқы орысқа қарамай тұрып өздері: «Орыс деген жұрт бар. Әліміз келсе, орысқа қараймыз», -деп жүрген еді. Сол кезде қазақтың Ұлы жүзінен 1730 жылдар шамасында Өтеген деген батыр шыққан. Өтеген - Ұлы жүз дулат нәсілінен, Сырымбет деген атаның тұқымынан.

Өтеген батыр есі кіріп, ат жалын тартып мінгеннен кейін қоныс қарай бастаған. Ер жетіп, толық адам болғаннан кейін: «Түбі осы Жетісу жеріміз бізге қонысқа жарамайды. Себебі, бұл жерді түбінде орыс деген халық алады. Оған қарсы тұра алмаймыз . . . Сондықтан оған еркіміз кетіп қарағанша, бір оңаша жер-су табу керек. Ойым - қазақ халқын тегіс қоныстандыру, иә болмаса, тілімді алған қазақты құтқарамын», -деп жар салған. Тегінде «орысқа бағынбаймыз» деген Өтеген батырдың басқа қазаққа пікір-санасы қосылмаған. Қазақ халқының бәрін бірдей көріп, қазақтың қамын жеген.

«Қамалда қалдың-ау!» - деп көп зарлаған. Және өзінің кереметі - нақ төбесінде бір қарыстай екі мүйізі болған екен. Бірақ қан төгуді қаламаған кісі.

Жалғыз-ақ қоныс іздеуде болған. Содан өзінің Аюса деген баласымен, елу кісімен екі айғыр екі айғыр үйірлі жылқы айдап, қару-жарағын асынып, ел-жұртымен қош айтысып, әуелі күн шығысқа қарай бет алған. Сол жүргеннен жүріп Қытай тарапына барып, күннің шығысына жеткен.

Әмударияны көріп, одан төмендеп, күннің батысын көздеген. Одан Ақтөбе беттеп, бір Қазан деген жерді басып, қырық күншілік шөлден, қырық күншілік жолдан өтіп, Жиделі Байсын деген жерге барып қайтқан. Жеті қырғыздың Алатауын тегісінен аралағанға ұқсайды. Оны толық ешкім білмейді, алайда Атбасы, Нарын деген жерлерде Өтегеннің тасқа басылған мүйізді суретін көрген кісілер бар. Ақыры 17 жыл жер қарап келген. Сондағы көріп білген ғажайып әңгімесін Жамбыл қарт өлеңмен суреттеп айтады.

Мүйізді Өтегеннің ұрпақтары

Өтеген батырымыздың 8 ұлы бар:

  1. Қосағал
  2. Қосдәулет
  3. Базарбай
  4. Бертіс
  5. Асау
  6. Аюса
  7. Лау
  8. Тарпаң

Өтегеннің сегіз баласы болған деседі. Тарпаң ұлдарының кенжесі. Бүгінде Қордай ауданында Өтеген батырдың ұрпақтары көптеп саналады, оның ішінде Тарпаңнан тарайтын жүз елудей түтін бар. Көпшілігі Өтеген ауылында тұрады. Бұл мекен әуелде Қырық үй, Кеңес үкіметі кезінде Кеңес аталып келді. Қырық үй атауы Ноғайбай Дәулетбақұлы 1868 жылдары болыстық сайлауға түсіп, қырғыздармен арада шекара сызығын белгілер алдында өз жақтастарын көбейтіп, көбірек дауыс жинау мақсатында Іле, Шеңгелді өңірінен аталас бауырлары - батыр ұрпақтарынан қырықшақты үйді Шу өзенінің бойына көшіріп әкелуінен аталып қалған екен. Кейіннен батырдың сүйегі қайта жерленген кесенесі осы ауылдың теріскей шығысында биік беткейде орналасқан.

Ал Тарпаңның жерленген орны Қазыбек бек кентіне таяу Күрті өзенінің бойында. Он жыл бұрынғы даулы мақаладан соң ұрпақтары бабаларының басына жиі барып тәу етіп, құран бағыштап тұрды. Ал жуырда Қордайдың қызыл гранитінен ескерткіш белгі орнатылып, Қазыбек бек кентінде осы ауылдың тұрғындарына құдайы тамақ берілді. Өтеген батырдың әйгілі Шұбар тегенесі апарып көрсетілді. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Құрметті дәрігері, белгілі қоғам қайраткері Мүсілім Дайырбеков, көрнекті жазушы Марал Сқақбай қатысып кешегі ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдерде ел қорғаны болған батыр бабалар рухын әспеттеудің тарихи танымдық, тәрбиелік маңызы туралы көшелі ойларымен бөлісті.

Айтпақшы, Тарпаңның бейітінен қозы көш жерде, тас жолдан түстікке қарай дөң басында сәулетті кесене тұр. Бұл ұрпақтарының дені қазір Қордай ауданында тұратын, заманында аса ділмарлығымен, әділ билігімен Мәті би атанған Малдыбай бидің мазары. Ол Өтегеннің туысы, немере інісі еді. Қасқарау Сырымбеттен Өтеғұл, Өтеп ағайынды болғанда, Өтеғұлдан Өтеген батыр, ал Өтептен Тауасар, одан Малдыбай туған. Ноғайбай би осы Малдыбайдың шөбересі. Әулиеаталық атақты Майкөт ақынның: «Қасқарауда жеті құт бар, бірі - Малдыбай, бірі - Бесжалаңаяқ» деуі тегін емес. Ал, Бесжалаңаяқтың бірі Кенен Әзірбаевтың атасы екенін де айта кетейік. Жиналғандар осы Малдыбай бидің мазарына да ат басын бұрып құран

Өтеген батыр ескерткіші

Қарасу ауылдық округі - Қордай ауылының оңтүстік- шығысында 17 шақырымдай жерден орын алған, Қарасу және Өтеген батыр ауылдарынан тұрады.

Өтеген ауылы аудан орталығынан шығысқа қарай 22 шақырым қашықтықта, ақ жусан, баялыш, т. б. эфемероидті шөптесін өскен тауалдының сұр, бозғылт, қоңыр топырақты аңғарында орналасқан. Ауыл облыстың оңтүстік - шығысында, Шу өзенінің оң жағасында Қырғыз Республикасымен шектеседі. Ауыл 1992 жылға дейін "Кеңес" деп аталып келді. 1953 - 1997 жылдары қызылша өсіретін «Искра Ленина» ұжымшарының орталығы болды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының 22 шілдедегі қаулысымен атақты батыр ұрпақтары тұратын ауылға Өтеген батыр есімі берілді.

Бүгінде Қарасу ауылдық кругінде бес мыңнан астам халық өмір сүріп жатыр, қазақтар мен орыстар, дүнгендер мен немістер және басқа да ұлт өкілдері тату - тәтті кәсібін дөңгелетіп келеді.

Ауыл тұрғындарының негізгі айналысатыны мал шаруашылығы мен егіншілік шаруашылығы. Жергілікті кірпіш зауыты, құм-тас өндіретін кәсіпорындар, мектеп және балабақшалар, дәріхана, азық-түлік дүкендері халыққа қызмет көрсетеді.

C:\Users\2018\Desktop\a761e625-3833-4663-9224-80500c5d75cb.jpg

Өткен деректер бойынша Өтеген қазіргі Қапшағай су қоймасының орнында, Шолақтау тау бөктеріндегі Шеңгелді деген жерде, Іле өзені жағасына жерленген. Қапшағай ГЭС -ін салу барысында бұл жерді су басатын болғандықтан, батырдың сүйегін 1973 жылы оның ұрпақтары Қордай ауданы, Кеңес ( қазіргі Өтеген ) ауылына әкеліп қайта жерлеген. Батырдың сүйегі жерленген биік дөң басына жаңа кесене тұрғызылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар
Өтеген батыр мен Кенесары ханның кесенелері – жаңа туристтік маршрут
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Жетісудің археологиялық ескерткіштері, ортағасырлық қалалары және тарихи-мәдени кешендер
Қазақ батырларының әскери өнері
Абылай (Әбілмансұр) хан өмірі
Батырлар жырындағы тарихи шындық
Абылай (Әбілмансұр)
Абылайдың өмір және саяси жетекші ретінде қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz