Фрейд теориясының құндылықтары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Астана қаласының білім басқармасы
Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі мекемесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың пәндік-циклдік комиссиясы

ПСИХОАНАЛИЗ. ФРЕЙД ТЕОРИЯСЫ.

Психологияны оқыту әдістемесі пәні бойынша курстық жұмыс

_______тобының студенті орындады
Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Сыздыкова Гаухар.
Жетекшісі: Шаяхметова Д.А.
Арнайы пән оқытушысы

Астана 2023 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1.
ПСИХОАНАЛИЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
5
1.1
Психоанализдің басты ережелері
5
1.2
Фрейдтің жеке тұлға құрылымы. Меннің үш құрамы
7
2.
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОАНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
11
2.1
Пихоаналитикалық теория бойынша адамды қозғаушы күш - инстинктер

12
2.2
Жеке тұлғаның қозғаушы механизмдері
13
2.3
Фрейд бойынша тұлға дамуының кезеңдері
15
2.4
Фрейд теориясының құндылықтары
19
2.5
Фрейд теориясы бойынша қазіргі заманғы көзқарас
20

ҚОРЫТЫНДЫ
24

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ
25

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Психонализдің негізін салған - австриялық психиатр Зигмунд Фрейд. Ол өзінің Түс жору деп аталатын кітабында психоанализ теориясын негіздеді. Кітап жарияланған кезде үлкен дүрбелең болды. Өйткені ол бұған дейінгі қалыптасып қалған түсініктердің көбесін сөгіп, мүлдем басқа тұжырымдарды ұсынды.
Фрейдтің ойынша, Мен - ақылдың тек бір ғана бөлшегі. Ал егер біз түс секілді дүниелерге назар аударар болсақ, Меннің шекара-шеңберінен тыс жатқан басқа да аспектілердің бар екеніне көз жеткізер едік. Саналы ойлау жүйесінде қалыптасатын нәрселерді түсінуде мұның маңызы үлкен. Жалпы, ғалымның есімі аталған кезде біздің ойымызға бірден санасыздық, түс жору, меннің үш құрамы, либидо деген секілді терминтүсініктер келеді. Өйткені аталған категориялар Фрейдтің басты ғылыми тұжырымдарын танытатын сөздер болып саналады.
Медицина қызметкері бола жүріп Фрейд философия ғылымын індете зерттеп, мұқият оқиды. Биология, психология, философия ғылымдарын жете меңгерген ол қабылдауына келген адамдарды емдеу барысында әртүрлі ғылыми эксперименттер жасайды. Гипноз, сөйлетіп емдеу тәсілдерін қолданып, психологиялық ауруға шалдыққан адамдарды емдей бастайды. Сол арқылы емделуші адамның көкейін тескен түйткілді мәселелерді қопара ашуды көздеді, жанына салмақ салып, санасын сансыратқан уайым-қайғыны сейілтуге тырысты.
Фрейд пациентпен әңгімелесу арқылы көңілінде қалып кеткен жараны емдеп, оған әсер еткен оқиғалардың шынайы себеп-салдарын анықтауға ұмтылыс жасады. Дегенмен бұл ғылымда кемеліне келген, әбден мойындалған озық әдіс дей алмаймыз және Зигмунд Фрейдтің жасаған ғылыми тұжырымдары ғылымға айрықша әсер етіп, кейінгі жасалған әртүрлі ғылыми ізденістерге қозғау салды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Фрейдтің психология ғылымына қосқан үлесі зор.
Психоналатикалық теорияның негізін салған Фрейд көптеген шәкірттер тәрбиелеп, осы саланың одан әрі дамуына жол ашып кетті.
Сонымен, психоанализ дегеніміз - жүйке және психикалық аурулардың жалпы теориясы мен емдеу әдісі. Психоаналитикалық теорияның ең басты тұжырымдары ретінде санасыздық мәселесі және жанның өзара байланысты үш жүйеден тұратын құрылымдық моделі екенін айтуға тиіспіз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Психанализ. Фрейд теориясын зерттеу болып табылады.

1. ПСИХОАНАЛИЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Психоанализ -- Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын.
Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.

1.1 Психоанализдің басты ережелері

Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.

Сурет 1. Психоанализдің негізгі ережелері

Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.

1.2 Фрейдтің жеке тұлға құрылымы. Меннің үш құрамы

Зигмунд Фрейдтің психоаналитикалық теориясының кезекті маңызды тұжырымы - жанның үш құрамы турасындағы түсінігі. Адам психикасының табиғатын іd, superego және ego деп аталатын ұғымдардың өзара байланысы аясында ашып беруге тырысады. Қазақ тіліндегі ғылыми еңбектерде Id ұғымын - Өз, superego терминін - жоғары Мен, ал ego ұғымын Мен деген терминмен түсіндіріп жүр. Санасыздық, жоғарыда айтқанымыздай, өткен күннің бар белгісі сақталып қалған психиканың терең де үлкен қоймасы сияқты.
Онда адамның ішіне бүккен құпия жан сыры мен әртүрлі сезім күйлері, ықылас-пейілі мен құмарлығы жасырынған. Оның тұғыры ләззаттану ережесіне сай құрылымдалған. Фрейд бұл құбылысты Id деп атайды әрі құмарлықтар мен сезімдердің қоймасы ретінде бағалайды. Ал саналы Мен санасыздық пен бізді қоршаған айнала болмыс арасындағы делдал қызметін атқарады. Оның мақсаты адамның санасыздығына қызмет көрсету екен.
Адам барынша саналы болуға, артық әрекет етіп, жаман сөз айтпауға тырысып бағады. Дегенмен ол кейде санасыздықтың, яғни Id-нің ықпалына түсіп кетеді. Ал жоғары Мен мәдени-рухани тыйым салуды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершілік, діни сананы танытады. Жоғары мен ар-ұят сезімін күшейтіп, адамның Меніне үстемдік жүргізеді. Мен айнала болмыста боп жатқан әртүрлі оқиғалар мен өзгерістерді қабылдап, біздің дене мүшелеріміздің жүйесін бақылауда ұстайды. Ал санасыздықта сана аймағынан ауытқып кететін элементтер кездесуі мүмкін. Жалпы айтқанда, Фрейд белгілеген Id, яғни Өзі - дереу қанағаттандыруды талап ететін тегеуріннің көзі, бірақ біз оны ашық көрсете алмаймыз. Себебі, оны бақылап тұрған superego бар.
Суперэго - біздің атааналарымыздың немесе өзіміз өмір сүріп отырған әлеумет-қоғамның бізге жасайтын ықпалы мен билігін танытатын термин. Ал ego, жоғарыда тілге тиек етілгендей, әртүрлі құбылыстарға орай туындайтын талаптардың арасында делдал функциясын атқара алады. Фрейд алдымен ақылды саналы және бейсаналы бөлігі деп бөлді. Содан кейін ол эго (яки саналы ақыл), суперэго (я ұждан) және Id (бейсаналық) ұғымдарының жаңа топографиясын ұсынды. Ол өмірімізде бізді алға жетелейтін әуесқой инстинктілік құштарлықтарды бейнелейтін либидо сөзін ойлап тапты. Сонымен бірге, бұл жыныстық тілек сынды кейбір біздің ең негізгі физикалық сезімдерімізді түсіндіріп береді.
Бейсаналы материалды саналыға айналдыру үшін ол алмастыру және ауыстыру сынды екі түрлі болжамын одан әрі дамытып, ақылдың қабылдаған мазмұнды қолайлы формаға сай қайта өңдеуінің әдістерін де егжей-тегжейлі жазды. Сонымен бірге саналылық пен бейсаналылық арасындағы шешілмеген қайшылықтардың әртүрлі формаларын сипаттады.
Бұл таксономиялар невроздың немесе обсессивті-компульсивті бұзылулар мен паранойя секілді психикалық аурулардың әртүрлі формаларымен сәйкес келеді. Бұл тұрғыда маңызды тұжырымдардың бірі - келісімге келу. Ақыл үнемі белгілі бір келісім немесе шектелген материалға деген жеңілдікті іздейді. Сол арқылы ішкі құштарлықты шығарғысы келеді. Невроздың симптомдары осы секілді келісімдердің айқын мысалдары.
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым ләззаттану ережесін басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, қайнаған құмарлықтардың қазаны деп бағалайды. Адамның саналы Мені -- Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым шынайылық ережесін басшылыққа алады, оның мақсаты -- адамның астынсанасына қызмет көрсету.
Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған ЛИБИДО (жыныстық қуат) импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар көзі мен құпиясы есептеледі.
Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол tabula rasa (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт -- либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты -- талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары Психоанализ очерктері еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.
Психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. ғылыми мифологиясы деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары астынсананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады.

2. ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОАНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

З.Фрейд (1856-1939жж. Австрия) - психоаналитикалық теорияның негізін қалаған. Психоанализ термині 3 мағынада қолданылады. 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұүлғалық ауытқуларды терапиялау әдісі; 3) индивидиуумның санасыз ойлары мен сезімдерін зерттеу әдісі.
Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең тараған теориялардың бірі - фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған. Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриердегі (Париж) атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдың басында Й.Брейермен біріге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпретациясын, еркін туыдайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен. Осындай материалды талқылауды Фрейд психоанализ тәсілі деп атап, оны психотерапияның жаңа техникасына баламалаған.
Психоанализ тәсілін пайдаланғанда науқаспен ұзақ уақыт әңгемелесе отырып, оның ақыл-есіне ауырудың шынайы себебі туралы жеткізіледі, науқас бұрын ескермеген нәрселерді түсіне бастайды. Фрейдтің айтуынша катарсис болады. Кейін мұндай концепция дені сау адамның психикасына да таралған.
Фрейд психиканың ұйымдасуын топографиялық моделі арқылы түсіндіреді.
1. Топографиялық модель сананың деңгейлерін береді: саналы, сана алды, санасыз.
2. Топографиялық модель тұлғаның құрылымын жасайды: Ид, Эго, Суперэго.

Сурет 2. Фрейд психиканың ұйымдасуын топографиялық моделі

Ид (оно) - адамның қарапайым, инстинктивті, туа пайда болған аспектілері. Ид санасыздықты тұтастай қамтиды және инстинктивтіні ішінара қарастырады (тамақтану, ұйқы, дефекация, копуляция). Қанағаттану принціпін ұстанады.
Эго (мен) - шешім қабылдауға жауап беретін психикалық құрал. Эго идтің тілектерін қоршаған орта тыйымдарына қатысты шешуге тырысады. Реалдылық принціпін ұстанады.
Суперэго(жоғарғы мен) - адам қоғамда тиімді қызмет атқаруы үшін оған қоршаған адамдарымен қабылданған құндылықтар, норма, этикасы қажет. Эго-идеал қажет.

2.1 Пихоаналитикалық теория бойынша адамды қозғаушы күш - инстинктер

Фрейд бойынша инстинкт дегеніміз дене қажеттілігінің тілек түрінде бейнеленуі. Эергияның шығуын қалайтын қозу жағдайы. Фрейд бойынша адамның кез-келген белсенділігі инстинктер арқылы түсіндіріледі. Адамның белсенділігін санасыздық тудырады.
Фрейд инстинктер шексіз болса да оның негізгі 2 тобы боларын атады: өмір(Эрос) және өлім инстинктері.
Өмір инстинктерін физикалық ұйымдасуға негіздей отырып, Фрейд сексуалды инстиктерді алдынғы орынға қойды. Сексуалды энергияны либидо деп атады. Фрейд бойынша бірнеше сексуалды инстинк болады, оны эрогенді аймақтар деп атады. Бастысы ауыз, анус және жыныстық мүшелер деді. Олар қанақаттану тудырады деді.
Өлім инстинктерін Танатос деп атады. Оған қатігездік, агрессия, өз-өзіне қол салу, кісі өлтіруді жатқызды. Фрейд Өмір сүру мақсаты өлім деді. Кез-келген организм өзінің пайда болған белгісіздік күйіне қайта тап болуына ұмтылады деп түсіндірді.
Фрейдтің ұсынған психоаналитикалық теориясы психотерапияда қалай қолданылады?
Психоаналитикалық теория клиникалық бақылаулар нәтижесінде пайда болған. психоанализ қазір де кеңінен қолдпнылады. Бағыттары:
1. Екін ассоциациялар;- ойыны келгеннің барын айту - 1 ассоциация өзінің соңынан санасыз жатқан 2-шісін ерте жүреді;
2. Қарсылықтар шешімін табу - адам өзінің қашқалақтайтын тақырыбының қарсылығын түсінуі
3. Түс жору - санасыздық құпиясын ашу;
4. Трансферді талдау - танылмаған импульс қорғаныс механизмі түрінде бір адамға қатысты шығуы;
5. Эмоциональды қайта үйрету - клиенттерді жаңа эмоцияналды күйді қолдануға үйрету.

2.2 Жеке тұлғаның қозғаушы механизмдері

Фрейдтің психоаналитикалық теориясына сәйкес, барлық психикалық энергияны либидо жасайды . Фрейд біздің ақыл-ой қалпымызға екі бәсекелес күштер әсер етті: катексис және антикатхаксис . Кэтхисс адамның, идеяның немесе объектінің ақыл-ой энергетикасының инвестициялары ретінде сипатталды. Егер сіз аш болған болсаңыз, мысалы, дәмді тамақтың ақыл-ойының бейнесін жасай аласыз. Басқа жағдайларда, эго кейбір идентификатордың энергиясын идентификациядан тыс артық энергияны тарату үшін қызметпен байланысты іс-әрекеттерді іздеу үшін пайдалануы мүмкін. Аштықты басу үшін тамақты іздей алмасаңыз, орнына кәмпитер арқылы саусақ іздеп немесе сүйікті рецепт блогын шолыңыз.
Anticathexis идоның әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз қажеттіліктеріне тосқауыл қоюды қамтиды. Қиындықтар мен тілектерді жою - бұл антикокетиктердің бірыңғай нысаны, бірақ ол энергияны елеулі инвестициялаумен байланысты. Фрейдтің теориясына сәйкес, тек либидиндік қуат көп . Осы энергияның көп бөлігі қарсы тұру арқылы шақыруларды басуға арналып жатқанда, басқа процестер үшін қуат аз.
Фрейд сондай-ақ адамның мінез-құлқының көпшілігінің екі қозғалыстың бейнесі: өмірлік бейнеқосылғыларды және өлім бейнеқосылғыларына негізделген деп санайды. Өмірлік бейнеқосылыстар - өмір сүрудің, көбеюдің және рахаттың негізгі қажеттіліктерімен байланысты. Оларға азық-түлік, баспана, сүйіспеншілік және жыныстық қатынас сияқты нәрселер кіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мотивация
Карл Густов Юнг теориясы
Тұлға туралы мәлімет
Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер
Жеке адам психологиясы туралы теориялар. З.Фрейдтің теориясы
Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар
Дін түсінігі және дінге қатысты анықтамалар
Психоаналитикалық ұғымдарды басқаруда қолдану
Этнопсихология туралы түсінік
Коммуникацияның теориясы
Пәндер