Микробтардың бөлінуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Патогенді шартты және сапрофитті микроорганизмдер

Орындаған: Жайсанбек Нұрсұлу 303-топ
Қабылдаған: Сартаева Ақмарал Алтынбековна



Алматы 2023-2024 жыл

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Микробтардың бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Патогенді, шартты патогенді спарофитті ... ... ... ... .. 4-5
1.2 Патогендердің эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... .. 5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

Адам ағзасының қалыпты микрофлорасында шамамен микроорганизмдердің 500 түрі мекендейді. Олар бір-бірімен және адам ағзасымен тепе-тең жағдайда болады. Бұл микроағзалардың көпшілігі адамға зияны тимейді. Қалыпты жағдайда ағзаның барлық ұлпалары микробтардан таза. Ағзаның микробиотобы - ауаның газды құрамына, фермент және иммундық факторлердің спектіріне, зат алмасу өніміне және тағы басқа биологиялық белсенді заттарға, экзогенді заттардың жиналуына қарай ажыратылады. Бұл параметрлер ауыз қуысында, асқазанда, өңеште, ащы, тоқ ішектерде, қынапта, мұрын қуысында, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарында, теріде әртүрлі. Сыртқы ортамен байланысатын ұлпалар мен қуыстар - ашық биологиялық жүйе болып табылады және микробтар көп шоғырланған.
Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты-патогенділер.
Патогенділер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) - бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары.
Сапрофиттер (грек: sapros - шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер - бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар.Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.
Шартты-патогенділер (син.: потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) - бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Шартты-патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады. Өйткені олар эволюциялық даму барысында сапрофиттік, әрі паразиттік өмір сүру қабілеттілігін сақтаған. Патогенді микробтардан ерекшелігі сол макроорганизмнің ауруы олар үшін биологиялық түр ретінде тіршілік етуге қажетті шарт емес, тек қана симбионттық қатынастардың бұзылуының нәтижесі болып табылады. Патогенді және шартты-патогенді микробтардың арасындағы түпкі айырмашылығы осында.
Жұқпалы аурулардың қоздырғышы -- патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады. Мәселен, топалаңнан өлген малдың етінен бөлініп алынған микробтардың сау организмді тез арада қатты ауруға шалдықтыратын касиеті бар. Осындай микробтардың болмашы мөлшері үй қоянын сеспей қатырады. Ал осы микробты лаборатория жағдайында бірнеше уақыт бір қоректік ортада сақтағаннан кейін қоянға жұқтырса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені қолайсыз жағдайда топалаң микробы өзгеріп, әлсізденіп қалады. Жұқпалы аурулардың таралуы адам мен жануарлар организмінің беріктігіне, яғни сол ауруға қарсы тұра алатындық қасиетіне байланысты. Мәселен, тауық топалаңмен мүлде ауырмайды, тіпті оларға топалаң микробын қолдан жұқтырсаңыз да ауырмайды. Егерде Л. Пастер жасағандай етіп, тауық аяғын салқын суда ұзақ ұстап, содан кейін топалаң микробын жұқтырсаңыз, ол тез арада ауыра бастайды. Мұнда тауықтың топалаң микробына төзімділігі нашарлайды.
Патогенді микроорганизмдердің таралуы ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады. Мәселен, оба және іш- сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және басқа да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал. Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысықтан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз.
Сібір жарасы -- біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Терінің маңызы және құрылысы
Микроорганизмдерге химиялық және физикалық факторлардың әсері
Жатыр эндометритін анықтау
Теріге күтім жасау
Микроб жасушаларының құрылысы
Жабық жараны емдеу әдісі
Қызба және оның сатылары
Залалсыздандырудың химиялық әдістері
Қызба
Пәндер