Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдары


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан-Американдық еркін университеті
«Қорғауға жіберілді»
«___»2023 ж.
«Педагогика және психология»
кафедрасының меңгерушісі
А. Н. Нурланова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың жолдары»
6В011701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы
бойынша
Орындаған 19-КЯ-4-Б-О-К
тобының білім алушысы М. Ж. Жорабекова
Ғылыми жетекшісі
Ф. ғ. к., профессор
«___» 2023 ж. А. Н. Нурланова
Норма бақылаушы «»2023 ж. З. К. ЧункуроваӨскемен 2023
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Педагогикалық және психологиялық еңбектердегі «қызығушылық» ұғымының
мәні 7
1. 1 Қызығушылықты арттырудың психологиялық негіздері 7
1. 2 Қызығушылықты арттырудың педагогикалық негіздері 17
2 Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру
жолдары 28
2. 1 Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру
жолдарының теориялық негіздері 28
2. 2 Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру
жолдарының тәжірибелік негіздері 31
3 Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру
бойынша эксперимент жұмысы 46
3. 1 Эксперимент жұмысының сипаттамасы 46
3. 2 Эксперимент жұмысы 48
3. 3 Эксперимент жұмысының нәтижесі 57
Қорытынды 64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 66
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылықтары бәсеңдеген. Цифрлық технологиялар дамыған сайын адамзаттың кітап оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сол себепті де XXI ғасырда оқушылардың көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту үлкен жұмысты, дайындықты талап етеді.
Жалпы қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Қызығудың анық көрінетін жері - мектеп болып табылады. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ қызығулардың бейімдіктен бөлек те пайда болатын тұстары кездеседі. Футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді бейімділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айланысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады.
Қызығушылық мәселесімен психологияда Н. Ф. Добрынин, Т. Рибо (адамның таңдаулы бағыты), С. Л. Рубинштейн (адамның психикалық және эмоционалдық белсенділігінің көрінісі), Ж. Аймауытұлы (қызығушылықты қолдан жасау), С. Жақыпов (мұғалімдегі қызығушылық), Л. С. Выготский (қызығушылық түрлері), ал педагогика саласында А. Ю. Дейкина, Г. Щукина (танымдық қызығушылықты қалыптастыру), А. К. Дусавицкий, Н. Морозова (қызығушылықтағы қиындықтар), К. Д. Ушинский (қызығушылықтың оқытудағы рөлі мен маңызы), В. Вахтеров (қызығушылықты қалыптастыру), Н. А. Тойбазарова (қызығушылықты ояту) және т. б. айналысты. Қазақ психологы С. Жақыпов берілген білімге мұғалімнің де қызығушылығы болуы тиіс деп есептейді. Өйткені, эмоцияға байланысқан мәліметтер жақсы сақталып, қайта жаңғыртылады. Эмоция тәнмен тығыз байланысты болғанымен, ми адамға керектігін ғана сақтап отырады, басқасын ұмытуға жібереді.
Осыған сүйене отыра, мектеп оқушыларының көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту үдерісін нәтижелі ету мұғалім мансабындағы маңызды міндеттердің бірі деп айтуға болады. Аталмыш мәселе оқыту процесі кезінде жүзеге асатыны белгілі.
Қазіргі таңда, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қарапайым әдіс-тәсілдер арқылы арттыра алмаймыз. Күнделікті қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушыны жалықтырып, пәнге деген қызығушылығын жояды. Сондықтан мектеп оқушыларының қызығушылығын ояту не арттыру кезінде олардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Мектеп оқушыларының көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерінің қажетті деңгейде дамымауы біздің дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін дәлелдейді. Сол себепті, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың жолдары» деп таңдап алдық.
Зерттеудің мақсаты: мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың жолдарын, тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп оқушыларының көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру процесі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектеп оқушыларының көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыруға әсер ететін диагностикалық жұмыстар, оқушылардың қажеттіліктерін және қызығушылықтарын ескеретін әдіс-тәсілдер жүйелі түрде қолданылса, онда оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтары артады, өйткені балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктері ескерілген әдіс-тәсілдер аталмыш мәселені шешуге көмектесіп, оң нәтиже шығаруға әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- қызығушылықты арттырудың психологиялық негіздеріне тоқталып, психолог-ғалымдардың теориялық еңбектерін, пікірлерін талдау;
- қызығушылықты арттырудың педагогикалық негіздерін қарастырып, педагог-ғалымдардың теориялық еңбектерін, пікірлерін талдау;
- мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдарының теориялық және тәжірибелік негіздерін қарастыру;
- оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ кешенін даярлау, оның тиімділігін эксперименттік тәжірибе арқылы тексеру.
Зерттеу әдістері:
- теориялық: ғылыми әдебиеттерден мәліметтерді іріктеп жинақтау, ақпаратқа талдау жасау, саралау;
- эмпирикалық: педагогикалық эксперимент;
- математикалық: алынған мәліметтерді статистикалық тұрғыда өңдеу, жүйелеу.
Зерттеудің жаңашылдығы: мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру процесі тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы іске асырылды.
Зерттеудің теориялық мәні: зерттеу негізінде алынған нәтижелер психология және педагогика ғылымдары аясында мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың маңыздылығын танытатын нәтиже ретінде сипатталады.
Зерттеудің практикалық мәні: мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың әдіс-тәсілдерін анықтау мақсатындағы зерттеу нәтижелерін мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие процесінде, ал осы мәселе бойынша зерттеу жүргізіп жүрген білім алушылар өз жұмыстарында қолдана алады.
Зерттеу базасы: Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің «Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 9 «А» және 9 «Ә» сынып оқушылары.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім (3 тарау, 7 тарауша), қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе бөлімінде таңдап алынған тақырып педагогикалық талдауға алынып, өзектілігі нақтыланды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері, жаңашылдығы, теориялық және практикалық мәні анықталды.
Бірінші тарауда қызығушылықты арттырудың психологиялық және педагогикалық негіздері бойынша ғылыми әдебиеттер қарастырылды. Психология және педагогика ғылымы аясындағы ғалымдардың еңбектері мен пікірлері талданды.
Екінші тарауда мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдарының теориялық және тәжірибелік негіздері сараланды. Аталмыш тақырып бойынша педагогтердің зерттеулері қарастырылды.
Үшінші тарауда мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырудың жолдарын анықтау мақсатындағы педагогикалық тәжірибелік-эксперимент жұмысының айқындаушы, қалыптастырушы және қорытынды кезеңдеріндегі нәтижелер талданды.
Қорытынды бөлімінде барлық мәліметтер жүйеленіп, тұжырымдалды.
Дипломдық жұмыстың соңында зерттеуде пайдаланған әдебиеттер тізімі қолданылу сипатына қарай нөмірленді.
1 «Қызығушылық» ұғымы
1. 1 Қызығушылықты арттырудың психологиялық негіздері
«Қызығушылық» дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі, адамның зейіні ауып, елігуден болатын құмартушылық, ынтығушылық [1, 494 б. ] .
Қызығушылық мәселесін танымдық тұрғыдан психологияда Б. Г. Ананьев, М. Ф. Беляев, Л. И. Божович, Л. А. Гордон, С. Л. Рубинштейн, В. Н. Мясищев, педагогикада Г. И. Щукина, Н. Р. Морозова кеңінен зерттеді. Адам үшін күрделі және өте маңызды білім ретінде қызығушылық ұғымының психологиялық анықтамаларында көптеген түсініктерге ие, ол келесідей қарастырылады:
- адамның таңдаулы бағыты (Н. Ф. Добрынин, Т. Рибо) ;
- адамның психикалық және эмоционалдық белсенділігінің көрінісі (С. Л. Рубинштейн) ;
- адамның объектіге деген ерекше қатынасы, оның өмірлік мәні мен эмоционалды тартымдылығының санасынан туындайды (А. Г. Ковалев) .
Г. И. Щукина шын мәнінде қызығушылық адамның айналасында деп санайды:
- адамның психикалық процестерінің қоршаған әлемнің объектілері мен құбылыстарына селективті бағыты ретінде;
- тенденция, ұмтылыс, жеке тұлғаның құбылыстардың осы саласымен, қанағаттанарлық қызметпен айналысу қажеттілігі ретінде;
- тұлға белсенділігінің күшті ынталандырушысы ретінде;
- қоршаған әлемге, оның объектілеріне, құбылыстарына, процестеріне ерекше таңдамалы қатынас ретінде.
Н. Р. Морозова қызығушылықты былайша сипаттайды:
1) іс-әрекетке қатысты жағымды эмоция;
2) эмоцияның танымдық жағының болуы;
3) іс-әрекеттің өзінен туындайтын тікелей мотивтің болуы, яғни іс-әрекеттің өзі оны басқа себептерге қарамастан қызықтырып, оны жасауға итермелейді.
Қызығушылық іс-әрекетте қалыптасып, дамиды. Оған қызметтің жеке компоненттері емес, оның бүкіл объективті-субъективті мәні әсер етеді (сипат, процесс, нәтиже) .
Қызығушылық - бұл іс-әрекеттің ерекше тонусын, жеке тұлғаның ерекше күйлерін құрайтын көптеген психикалық процестердің «қорытпасы» (оқу процесінің қуанышы, қызығушылық тудыратын пән туралы білімге тереңірек үңілуге деген ұмтылыс, маңызды іс-әрекет, сәтсіздіктер тәжірибесі және оларды жеңуге деген ұмтылыс (М. Н. Скаткин) .
Жалпы қызығушылық құбылысының маңызды саласы - танымдық қызығушылық. Оның тақырыбы - адамның ең маңызды қасиеті: қоршаған әлемді шындыққа биологиялық және әлеуметтік бағдарлау мақсатында ғана емес, адамның әлемге ең маңызды қатынасында - оның әртүрлілігіне ену, санада маңызды тараптарды, себеп-салдарлық байланыстарды, заңдылықтарды, қайшылықтарды көрсету.
Танымдық қызығушылық танымдық іс-әрекетке ене отыра, әртүрлі жеке тұлғалардың қалыптасуымен тығыз байланысты қатынастарды құрайды: ғылымның белгілі бір саласына, танымдық іс-әрекетке, оларға қатысуға, таным серіктестерімен қарым-қатынасқа таңдамалы қатынас.
Сонымен қатар, танымдық қызығушылық, адамның барлық психикалық процестері белсендіріп, оның дамуының жоғары деңгейінде, жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылуға итермелейді [2, 366 б. ] .
Қызығушылық (ағылш. «interest») - бұл негізінен ішкі жоспарда пайда болатын танымдық іс-әрекетке итермелейтін қажеттілікке деген көзқарас немесе мотивациялық жағдай. Қызығушылықтың эмоционалды және ерікті сәттері интеллектуалды эмоция мен қиындықтарды жеңуге байланысты күш ретінде ерекше көрінеді. Ол білім түрінде шындықты игерудің адами деңгейімен тығыз байланысты. Жалпы қызығушылық психология мен педагогикада дәстүрлі зерттеу пәні болып табылады. Қызығушылық пәндік байланысы, пәндік мазмұнның кеңдігі, тереңдігі, ұзақтығы, яғни жеке тұлғаның қажеттілік қатынастары жүйесіне енуі бойынша жіктеледі. «Қызығушылық адамның әлемге деген қажеттіліктерінің күрделене түсетін қатарында аралық болып табылады: ол шындықтың белгілі бір саласына когнитивті тарту негізінде пайда болып, оның даму процесінде өз тақырыбына белсенді көзқарастың тұрақты жеке қажеттілігіне айналуы мүмкін», - дейді психология ғылымдарының докторы, профессор О. А. Борисович.
Американдық психолог А. Ребер өзінің «Психология сөздігі» (1995) еңбегінде «қызығушылық» сөзіне толық анықтама бере алмайтындығын ашық жазады. Оның пікірінше, бұл ұғымды барлығы интуитивті қолданады. Психолог тек қызығушылықпен байланысты сөздер тізімімен шектеледі.
Кейбір авторлар «қызығушылық» ұғымын таңқаларлыққа, соған жақын эмоциялардың бірі ретінде түсіндіреді. Мысалы, К. Изард қызығушылықты басқалармен қатар мотивациялық маңызы бар базальды эмоциялар қатарына қосады. Мазмұнға деген құштарлық, тапсырма мен қызмет процесіне қатысу сияқты терминдермен сипатталады.
Орыс психологы Л. С. Выготский қызығушылықты сана және еркіндікпен сипатталатын қажеттіліктерді дамытудағы нақты адами деңгей ретінде түсіндірді: «Қызығушылық бізге саналы ұмтылыс ретінде, өзіне тартымдылық болып табылатын инстинктивті импульске қарағанда, өзімізге тарту ретінде пайда болады». Қызығушылық - бұл мінез-құлықтың қозғаушы күші болып табылатын «жоғары мәдени қажеттіліктер». Кеңес психологтары Б. Е. Варшава мен Л. С. Выготскийдің «Психологиялық сөздік» еңбегінде (1931) қызығушылық «тақырыпқа деген оң көзқарастан туындаған кез-келген әрекетке немесе объектіге бағытталған эмоционалды боялған көзқарас» ретінде анықталады [3, 840 б. ] .
«Қызығушылық» сөзінің өзі «қызығу» етістігінен шыққан. Психология ғылымында «қызығу» - бұл шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі - «Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте таяз, ой-өрісі тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, «Шинель» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қағаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгіруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы - оның басты ерекшеліктерінің бірі. Онсыз адамның рухани өмірі дамымайды. К. Маркс бір сөзінде: «Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы жан-жақты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл - үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жәрдемдеседі. Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай: материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық, т. б. болып келеді. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары оқуға, ғылымға қызығу (математика, химия, биология, философия т. б. ), кәсіптік қызығулар (сан салалы кәсіптің түрлеріне байланысты), эстетикалық қызығулар (кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне), т. б. түрге бөлініп жатады.
Адам объектіге түрлі мақсат көздеп қызығады. Осы тұрғыдан қызығу тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады. Мәселен, футболға қызығуды осыған жатқызуға болады. Жанама қызығу - бұл әрекеттік түпкі нәтижесін қажетсіну. Мұндай қызығуда адам көздеген мақсатына біртіндеп, сатылап жетеді, Мәселен, оқуға, еңбек етуге қызығу. Жанама қызығу тұрақты, тұрлаулы болып келсе, адамның ісі оңға басып, ол нәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мәселен, бір адамдар саяси-қоғамдық мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға қызығады. Ал үшінші біреулер ғылыми-теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады.
Қызығу балаларда алғашқы кезде онша ажыратылмайды. Дегенмен бөбектерде де қызығу элементтерінің барын байқауға болады. Қызығудың жақсы көрінетін жері - мектеп. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым тану қызығулары көріне бастайды. Мектеп өмірі балаларда көптеген қызығулардың түрлерін туғызады. Біртіндеп оқу қызығуларымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулар қалыптасады. Қызығу көбінде баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді. Мәселен, шахматқа қызығу баланың осы ойынмен айналысуға бейімділігінен туады. Бірақ қызығулардың бейімдіктен бөлек те пайда болатын тұстары кездеседі. Мәселен, футболға қызығатындардың футбол ойынына жөнді бейімділігі болмаса да қызығуы өте күшті келеді. Бірақ мұндай қызығуды белсенді, пәрменді қызығу деп айтуға болмайды. Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей әрекетпен айланысуы қажет. Мұғалім балалардың қызығуын тәрбиелеуде оларға әлі де онша мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру жағын ойлауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, босқа зерігуді білмейтін, еңбекті сүйетін, жан-жақты, қабілетті адам болып шығады [4, 346 б. ] .
Қызығушылық азды-көпті анықталған немесе толықтай анықталған, аморфты күйде (шашыраңқы) болуы мүмкін. Қызығушылықтың таралуы оның көлемімен байланысты. Кейбіреулерінде қызығушылық толығымен бір тақырыпқа немесе тар шектеулі аймаққа бағытталған болып келеді. Бұл тұлғаның біржақты дамуына әкеледі. Нәтижесінде жеке тұлғаның тарылуы пайда болады. Қызығушылықтар кең және көпжақты, бір салада шоғырланған жағдайда жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін ең қолайлысы болып табылады.
Орыс психологы М. Ф. Беляев оқушылардың қызығушылықтарын ұзақ мерзімді бақылау арқылы зерттеп, жоғарыда аталған барлық түрлерді анықтады. Кейбіреулерінде әлсіз даму, аморфты күй, дисперсия, қызығушылықтардың тұрақсыздығы бар (Петр Р-ун - 14 жаста, Анна Б. - 15 жаста, Анастасия Е. - 15 жаста) ; басқаларында (Петр Р. - 14 жаста) бір саламен шектелген (техника) айқын қызығушылық бар; үшіншілерде (Николай Л. - 15 жаста, Виктор Д. - 16 жаста) бір-бірін тежемей, қызығушылықтар екі түрлі арна (зоология мен музыка, әдебиет пен сурет) бойынша бағытталады; төртіншілерде (Николай Н. - 17 жаста) айтарлықтай белсенділікпен барлық бағыттар (нақты ғылымдарға, жаратылыстану ғылымына, әдебиетке, музыкаға, дене шынықтыруға) бойынша көрінетін, бірақ әлі ештеңеге шоғырланбаған жан-жақты қызығушылық бар. Бесіншілерде (Василий В. - 13 жаста, Михаил Г. - 16 жаста) қызығушылықтардың ауқымы кең, айналасында топтастырылған және басқалары бағынатын бір негізгі орталық (әдебиет, техника) бар.
Жеке даму барысында қызығушылықтар балаларда қалыптасады, өйткені олар қоршаған әлеммен барған сайын саналы және терең байланыста болады, әрі оқыту мен тәрбиелеу процесінде қалыптасқан және дамып келе жатқан мәдениеттің нәтижелерін игереді. Қызығушылықтар оқытудың алғышарты және оның нәтижесі болып табылады. Оқыту балалардың қызығушылықтарына негізделіп, оларды қалыптастыруы тиіс. Сондықтан қызығушылықтар, бір жағынан, мұғалім оқытуды тиімдірек ету үшін қолданылса, екінші жағынан, оларды қалыптастыру педагогикалық жұмыстың мақсаты болып табылады. Толыққанды қызығушылықтарды қалыптастыру - оқытудың маңызды тәрбиелік міндеті. Баланың қызығушылықтарын дамыту үшін оның мектепке келуі, әртүрлі пәндерді оқуы айтарлықтай маңызды. Мектеп оқушыларының қызығушылығы көбінесе жақсы жоспарланған пәнге артады. Бұл орайда көп нәрсе мұғалімге байланысты болады.
Жасөспірімнің қызығушылықтарын дамытудағы ең маңыздысы:
1) белгілі тұрақтылыққа ие бір-бірімен байланысты жүйелердің аз санына біріктірілген қызығушылықтар шеңберін құрудың басталуы;
2) қызығушылықтарды жекеден жалпыға, атап айтқанда, идеология, дүниетаным мәселелеріне қызығушылық артуы;
3) алған білімді практикалық жағынан қолдану кезінде қызығушылықтың пайда болуы;
4) басқа адамдардың психикалық тәжірибелеріне, әсіресе өздеріне, жеке тұлғаға деген қызығушылықтың артуы;
5) қызығушылықтарды саралау және мамандандыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz