Рахымжан Отарбаев шығармаларын дәріптеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті

http://kazmkpu.kz/wp-content/uploads/2019/04/%D0%A4%D0%BE%D1%82%D0%BE-%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%BE-1024x580-1024x580.jpg

АЙДАР ЖАНСАЯ АЙДАРҚЫЗЫ

5В011700 - ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ

РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Ғылыми жетекшісі:

PHD доктор Балтабаева Н. С

Алматы 2020

Мазмұны

Анықтамалар мен қысқартулар . . . 3

Кіріспе . . . 4-6

1. Рахымжан Отарбаевтың өнегелі ғұмыры . . . 6-31

1. 1. Рахымжан Отарбаевтың алғашқы шығармашылық қадамдарына түсінік . . . 6-7

1. 2. Отарбаевтың әсерлі әңгімелері . . . 8-38

2. Шебер жазушының қолтаңбасы . . . 38-50

2. 1. Рахымжан Отарбаев шығармаларындағы түс мотиві . . . 38-48

2. 2. Отарбаев шығармаларындағы риторикалық сұраулар . . . 48-50

3. Иесі мен киесі . . . 50-53

3. 1. «Шыңғыс ханның көз жасы» хикаятының ерекшеліктері . . . 50-53

3. 2. «Бас» романының негізгі идеясы мен ұстанымы . . . 53-57

3. 3 «Біз білетін Рахымжан . . . » . . . 57-60

Қорытынды . . . 61-62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63-64

Жұмыстың Тақырыбы: «Рахымжан Отарбаевтың әдеби мұрасы»

Жұмыстың көлемі: 64 бет

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және тараулардың мәнін аша түсетін 7 тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Рахымжан Отарбаевтың әдеби мұрасына зерттеу арқылы төмендегіндей міндеттерді шешу жоспарланады.

- Рахымжан Отарбаев шығармаларын дәріптеу;

- автор туындыларындағы тарихи тұлғалардың образдарын ашу;

- Рахымжан Қасымғалиұлының өз шығармаларында түс көру тәсілін ұтымды пайдалануына баса назар аудару.

- Рахымжан Отарбаевқа деген қоғамдық көзқарас таныту.

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы өз тәулсіздігін алған жылдан бастап елге елеулі, халыққа қалаулы жазушыларымыз бен ақындарымыздың сан салалы еңбектері бар жағынан ескеріліп, талғампаз қазақ жұртының жүректерін жаулауға жол тарта бастады. Сол азаматтардың арасында көрнекті қаламгер, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Рахымжан Отарбаевтың алар орны ерекше. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына, ұлы тұлғалар өміріне арналған арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Рахымжан Отарбаевтың қаламынан туған қай шығарма болмасын, тарихи танымға толы. «Соғыстың соңғы бомбасы», «Өмірзая», «Дүние ғайып», «Шыңғысханның көзжасы», «Шер» т. б. туындыларын, әңгімелерін тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Сондай-ақ бүгінгі күннің көрінісін тап басқан жиырма бес әңгімесі енген «Біздің ауылдың Амазонкалары» кітабы сұлу сырға, ордалы ойға, аратұра ащы мысқыл мен зілсіз әзілге толы. Жалпы қоғам зарын, ғасыр дертін дөп басып айтқан Рахымжан Отарбаевтың драмалық шығармалары да қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өшпес қазына, мол мұра.

Жұмыстың зерттеу әдісі: Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев шығармаларын зерттеп, талдау, сипаттама беру, салыстыру, ой қорыту әдістері қолданылды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 33

Тірек сөздер: Проза, пьеса, психология, мифология, түс, сарын, сюжет

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасы өз тәулсіздігін алған жылдан бастап елге елеулі, халыққа қалаулы жазушыларымыз бен ақындарымыздың сан салалы еңбектері бар жағынан ескеріліп, талғампаз қазақ жұртының жүректерін жаулауға жол тарта бастады. Сол азаматтардың арасында көрнекті қаламгер, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Рахымжан Отарбаевтың алар орны ерекше. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына, ұлы тұлғалар өміріне арналған арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Осындай еліміздің біртуар жазушысы әрі драматургі Рахымжан Отарбаевтың шығармалары қомақты зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Оның шығармаларымен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтерімен таныса отырып, Рахымжан Отарбаевтың біз білмейтұғын қырлары мен сырларының әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармаларының мағынасы тереңде. Үңілуді қажет ететін Рахымжан Отарбаев шығармашылығы өткен тарихтан сыр қозғап, бүгінге шындық қып жеткізуі.

Рахымжан Отарбаевтың қаламынан туған қай шығарма болмасын, тарихи танымға толы. «Соғыстың соңғы бомбасы», «Өмірзая», «Дүние ғайып», «Шыңғысханның көзжасы», «Шер» т. б. туындыларын, әңгімелерін тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Сондай-ақ бүгінгі күннің көрінісін тап басқан жиырма бес әңгімесі енген «Біздің ауылдың Амазонкалары» кітабы сұлу сырға, ордалы ойға, аратұра ащы мысқыл мен зілсіз әзілге толы. Жалпы қоғам зарын, ғасыр дертін дөп басып айтқан Рахымжан Отарбаевтың драмалық шығармалары да қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өшпес қазына, мол мұра. Заманымыздың заңғар жазушыларының қатарына мақтанышпен қосатын Рахымжан Отарбаев керемет драматург екендігін тек қазақтар ғана емес, әлем мойындайды. Драматургиялық жолы тіптен бөлек болған Рахымжан Отарбаевтың «Бас», «Нашақор туралы новелла», «Мұстафа Шоқай», «Сұлтан Бейбарыс» сынды драмалары көпшіліктің жүрегін тебіренткені сөзсіз. Дара тұлғаның драмалары тек қазақ даласында ұсынылып қана қоймай, шет елдерде де көрермен назарына ұсынылған. «Сұлтан Бейбарыс» пьесасы тұңғыш рет қазақ даласында, қазақ театрында, қазақ актерлерінің ағылшын тілінде сомдауымен таңдай қақтырған болатын. Осындай таңдайғақты шығармалардың бірі көршілес қырғыз елінің сахнасында сомдалып жүрген «Тағдыр» деп өзгертілген, Рахымжан Отарбаевтың «Нашақор туралы новелла» пьесасының желісі бойынша сахналанған «Көлеңкесіз жолаушы» атты қойылымы 10 жыл көлемінде 499 рет қойлып, қырғыз ұлттық академиялық театрының сомдауымен Атырауда 500-ші рет халық назарына ұсынылып, ұлттың ұлы ықыласына бөленген.

Рахымжан Отарбаевтың әрбір шығармасының өзіндік орны бар. Оның жазылғанына он жыл болып республикалық конкурста екінші орын алса да ешбір театр қоюға тәуекел етпеген «Бас» деген пьесасы Махамбетке арналған. Режиссерлердің өзі оқып көріп, магиялық күшке ие деп есептейтін бұл шығарма, расында, ерекше. Осы аттас Рахымжан Отарбаевтың романы да бар. Оның ішінде тірі Махамбет жайлы сөз қозғалмайды, айқай соғыс та жоқ тек бүгінгі күннің пенделік тірлігі суреттеледі.

Жазушының бар мақсаты қазақ халқының озық, еш кемшіліксіз ұлт болуын қалаған. Ол қазақилықтың кемшіл тұстарын айтып, жәймен кекетіп, мұқату арқылы көзін ашу еді. Рахымжан Отарбаевтың бар еңбегі елі үшін жасалғаны айғақ.

Жұмыстың зерттеу әдісі: Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев шығармаларын зерттеп, талдау, сипаттама беру, салыстыру, ой қорыту әдістері қолданылды.

Зерттеу нысаны: Зерттеу нысаны - Рахымжан Қасымғалиұлының әңгіме, романдары мен пьесалары. Оның ішінде «Бас» романы, «Шыңғысханның көз жасы» хикаяты, «Біздің ауылдың амазонкалары» әңгімесі, «Сұлтан Бейбарыс» пьесасы алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазіргі қазақ прозасындағы интерьер, жалпы көркем әдебиеттегі заттар әлемін талдау - шығарма болмысын, кейіпкер табиғатын дәл де нақты аша түсудегі маңызды да ұтымды тәсіл. Қарапайым заттар арқылы бүкіл шығарманың мән-маңызы, берер ойы, айтар ойы ашылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Рахымжан Отарбаевтың әдеби мұрасына үңілу арқылы төмендегіндей міндеттерді шешу жоспарланады.

- Рахымжан Отарбаев шығармаларын дәріптеу;

- автор туындыларындағы тарихи тұлғалардың образдарын ашу;

- Рахымжан Қасымғалиұлының өз шығармаларында түс көру тәсілін ұтымды пайдалануына баса назар аудару.

- Рахымжан Отарбаевқа деген қоғамдық көзқарас таныту.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізінде Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» монографиясы, Валентин Катаевтың тақырып туралы және З. Фрейд, Г. Пірәлиевалардың түс жору тәсілі жайлы ғылыми тұжырымдары мен ғылыми пікірлері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Зерттеу жұмысының нәтижесіне қарай, әдебиет, тарих салаларында білім алып жатқан студенттердің танымдық оқу жүйесінде пайдалануға болады. Зерттелген мәтінді жас ерекшелігіне, күрделілігіне қарай мектеп бағдарламаларында оқытуға да мүмкіндік бар. Психологиялық талдауларда түс көру мотивіне байланысты алынған ақпараттармен мәтіндерді пайдалана отырып, оқыту барысында көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және тараулардың мәнін аша түсетін 7 тараушадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Рахымжан отарбаевтың өнегелі ғұмырыР. Отарбаевтың алғашқы шығармашылық қадамдарына түсінік

Сахна - түрлі өнердің синтезі. Әдебиет, музыка, хареография, тізе берсек таусылмайды. Көрерменнің жүрегін тулатып, көңіл-күйін мың құбылтатын сахна құдіретінің сырын ешкім ұға алған емес. Сахнада қойылатын түрлі қойылымдардың тамырына қан жүгіртіп, көрерменнің жүрек соғысының жиілеуіне себеп болатын өзге бір әлемнің де иесі, жасаушысы, авторы болады. Сол автор өзінің жазған көркем шығармасындағы әрбір кейіпкердің әлеміне енеді, мінезін қалыптастырып, күйін кешеді. Кейіпкерлерімен бірге жылайды, бірге күледі, бірге мұңаяды, бірге қуанады. Бірақ соған қарамастан, ол өзінің «менін» жоғалтпайды. Сондай дара тұлғалардың бірі -Рахымжан Отарбаев.

Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев 1956 жылы қазан айының 19 жұлдызында дүниеге келген. Кіндік қаны Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, бұрынғы Калинин атындағы кеңшарға тиесілі.

1977 жылы Орал педагогикалық институтын тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде, кейіннен «Орал өңірі» газетінде тілші болып еңбек еткен [1. 296б] .

1981 жылдың қырқүйегінде алғаш рет Алматы қаласына арман арқалап келген жазушы қаламен таныстығын әйгілі Панфиловшылар паркінен бастаған. Жұмекен Нәжімеденовты іздеп тауып, батасын алып жұмысқа орналасқан. Талай дарынды құшағына қысып, алақанында тербеткен Алматыда Рахымжан Отарбаев тарлан таланттармен жолығып өмірінің жаңа беттерін ашқан.

Шерхан Мұртаза қызметке тұрғызған, Әбдіжәміл Нұрпейісов жетектеп Мәскеуге шығарған, Оралхан Бөкейдің шапағатына бөленіп, Әбіш Кекілбаев маңдайынан сипап, арқасынан қаққан.

Алғашында оған Жазушылар Одағы өзге әлем, империялық тілде сөйлейтін интелигенттер ордасы боп көрінген Рахымжан Отарбаев уақыт өте осы мекеннің тұрақты тұрғынына айналған.

Рахымжан Отарбарбаев бүгінде белгілі драматург, жазушы. Дегенмен, шығармашылығының бірінші қадамын поэзиядан бастаған. Қаладан ауылға жолдаған хаттарында өлең жолдарымен сағынышын жеткізген. Ендеше неліктен поэзиядан қол үзді дейтін болсақ, бастапқыда бірнеше поэмасы мен өлеңдерін Тұманбай Молдағалиев бас редактор болып қызмет еткен «Жалын» журналында жариялайды. Кейіннен саяси шындық айтылған деген айыппен редакцияға шағым түседі. Сол себепті, Тұманбай Молдағалиев, Жұматай Жақыпбаев сынды ағаларына зияным тимесін деген оймен қалам қарымы басқаша Отарбаев поэзиядан біржола қол үзген.

Алайда, сол бір жарияланған өлең ешқандай саяси емес «Киік» туралы өлең болған-мыс. Тек өлеңнің: «Тағыға әсте балама,

Жанары қандай тұп-тұнық?!

Алдыңды туған далада

Кестірмей жүрсең мықтылық» деген соңғы шумағын киікке емес, қазақ даласындағы орыстарға қарсылық ретінде шығарылған дүние деп есептеген. Поэзиясы бірден сынға ұшыраған Рахымжан Отарбаев бұдан мұқалмай, қаламын проза жанрында қозғайды.

Рахымжан Отарбаев шығармаларын жаза жүріп, Теңіз ауданы радиосында ұйымдастырушы, Қазақ телерадио комитетінде редактор және «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Ару ана» газеттерінде беделді қызмет атқарды. Сонымен қатар, көршілес Қырғыз елінде Қазақстан елшілігінің атташесі, Ақтау облыстық радиотелевидение компаниясының төрағасы, Атырау облыстық драма театрының директоры қызметтерінде абыройлы еңбек етті[31] .

Тумасынан дара, тіршіліктің қыбыр еткен жаратылысына басқаша көзқараспен қарайтын бұл драматург басқа қалам иелерінен ерекше. Жан біткеннің бәрін дақсыз, кіршіксіз деп санады. Сондай ғаламат дүниені көзі көріп, ішкі жан дүниесіде қоса иланды. Туған топырақтың киесінен нәр алып, суынан сыр ұққан Рақымжан Отарбаев аса қиялшыл еді. Анадан ерте көз жазып, ата-әже тәрбиесін көріп өскен ол, ескі әңгімелермен сусындап ер жеткен. Сондай ескіліктің қасиеті, көненің құдіреттілігі оған қалам тартқызды. Ол қаламнан туған дүниенің рахатын сезіне білді, әрі сонымен халқын да рухани азықтандыруға құлшынды. Оның жүрегінен суырылып, қаламға құйылған жан тебіренісі көптің көзін ашып, көкірегін оятты. Талайдың жүрегін бүлкілдетіп, жайлағанмен, «Атақ» деген жалаң атқа үйір болмады. Көздемеді де. Дегенмен еленді. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?!». Халық та Рахымжанын ардақ тұтып, жазбаларының жылуына жылынды. Еңбегін бағалап, лауазымды мәртебелерге ұсынды.

Рахымжан Отарбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Махамбет Өтемісұлы атындағы сыйлықтың иегері, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды. Алайда атаққұмарлықтан аулақ драматург, өз қиял әлемінің шыңын көздеген, құмарын ақ қағаз бен қара қаламнан қандырған. Отарбаев жазушылықтың дара жолында қиялмен ұштасқан ақиқаттың өрнегін өре берді. Өмір атты үлкен сынақ жазушының алапат шабытын алауратып, өзге бір ішкі дүниенінің тууына түрткі болды. Махамбеттің «Басы» болып тіл қатты, Шынғыс ханның «Жасы» болып көзден емес, жүректен ақты, Шоқайдың атын шығарып, Бейбарыстың жанын тірілтті.

Драматург өз өнегелі ғұмырын халқы мен отбасына арнады. Қыз-ұлына қамқор әке, жарына қадірлі қорған, халқына «Дара Рахымжан» болып артына теңдесі жоқ туындыларымен, «Рахымжан көлін» тастап 2018 жылдың 17 ақпанында, 62 жасында мәңгілік фәниге кете барды [2] .

1. 2. Отарбаевтың әсерлі әңгімелері

Жазушы Рахымжан Отарбаев проза жанрында қаламын өзгеше тербетті. Өз мақамында, тілге жеңіл, жүрекке жылы әңгімелерімен халықтың көңіліне жол таба білді. Бұлай дегенмен, әр жұмсақ мәтіннің арғы жағында зілді қоғамдық шындық пен астарлы ақиқат сығалап тұрды.

Осыған қатысты жазушының :«Қазақтың қара сөзін бір кісідей құбылтамын, қойдай айдап, қораға қамаймын, маған сөзден түйін түю қиын емес, ойдан түйін түю қиын. Қаламым кейде бағынбай арамдығы жоқ ақиқатты жазады, әйтпесе ұзында өшім, қысқада кегім жоқ. Атым шықсын деп жер өртейтін адам емеспін» дейтін сөзі орайлы келеді[12] .

Әлеуметтік пен әлеуеттілік, әулекілік пен әумесерлік секілді бір-біріне қоңсы қона бермес жайттар оның қаламында авторлық ремаркада ажарын ашып адам мінезінің сан алуан құбылыстары қоғам өміріндегі келеңсіз көріністерді көз алдыңа әкеліп, қаламгерлік шеберлігі тәнті етіп отырады. Қазақтың сөзін қолындағы алтын сақадай үйірген жазушы алған тақырыбын аша алатын қалам қуатына ие еді. Оның прозалық шығармалары шыншыл болмысымен, драматургиялық туындылары ақиқатшыл мінезімен оқырманның ойын баурап алары сөзсіз.

Рахымжан Отарбаев шығармаларында мифтік элемент өзгеше, шытырман, тылсым күйде орын алады. Автордың «Бас» романындағы мифологиялық қолданыс ұтымды қолданылған. Махамбет Өтемісұлының жай таппаған жаны, әділдікке жете алмаған рухы қазып алынған бас сүйегі арқылы тіл қатты. Антрополог Ноэльдің түсіне еніп, шындықтың шымылдығын көтерді. Жазушының осы мәнердегі шығармалары аз емес. Миф пен түстің қоса өрілуі шығарманың мақсатына жету жолындағы әсер етуші негізгі күштер.

Мифтік құбылушылық оқиғасын тікелей арқау еткен шығарманың бірі - «Біздің ауылдың амазонкалары» әңгімесі. Бұл әңгімеге арқау болған «адамның өзі өлгенімен, оның жаны өлмейтіні» туралы мифтік әңгіме[8] .

Ел аузындағы бұл әңгімеде өлген адамның жаны бірде қасқырға, бірде түлкіге, енді бірде бәйтерекке, жапан даладағы жалғыз ағашқа, үкіге айналады-мыс деп те айтылады. Олардың жанын самұрық құс, ыста тас және басқа да тотемдік нәрселер арқылы қатадан өзіне оралтып, бағзы бейнесін қалпына келтіреді екен. Мифтік сана үшін «қарғыстың, дуаның тиетін уақыты», яғни магиясы жайлы да ұғым бар. Сондай-ақ, мифтік дәуірдегі таным-түсінікке орай құбылушылық, яғни, бір түрден екінші түрге айналу белгілі бір себептерге байланысты орын алатыны белгілі. Адамның табиғаттағы кез-келген тіршілік иесіне немесе өсімдікке, ағашқа, басқа да нысандардың біріне айнала алады деген түсініктің түп негізі адам мен табиғат егіз деген түсініктен туған.

Біз негізге алып отырған «Біздің ауылдың амазонкалары» әңгімесі жоғарыда айтылған форматта жазылған. Әңгімеде өмірде өз жолдарын сәтсіз тапқан Айман, Қиғаш, Бибі атты үш әйелдің келеңсіз тірліктері сөз етіледі. Күнделікті ауылдың шыш-быж өмірі, бір шыбын қисық ұшса қызу айтылатын өсек, ер адам тірлігін ептеп алған әйелдер, маңына сөз жуытпайтын кедей көзқарас - амазонкалардың шағын ауылдарында болып жатты.

Шығарма неліктен «Біздің ауылдың амазонкалары» аталған?! Бірден назар аудартатыны қарапайым қазақ ауылындағы қазақ әйелдерін автордың амазонкалар деп атауы. Ал негізінен, Амазонкалар - ежелгі грек мифтеріндегі жауынгер әйелдер. Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағында, Кавказ, Трапезунд, Азу таулары маңында өмір сүрген. Кейбір деректерде амазонка сөзі “омыраусыз, емшексіз” дегенді білдіреді[10] . Қару-жарақ ұстауға қолайлы, әсіресе, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп, жас кезінде қыздардың оң жақ омырауын күйдіріп не кесіп тастаған. Олар шапқыншылық жорықтар жасап, бірте-бірте Қара теңіздің солтүстік жағалауына, Кіші Азияға, Фракия мен Аттикаға, Африканың оңтүстігіне дейін жеткен. Страбо - Амазондардың негізгі қару-жарағы, садақ, ай пішінді қалқан болған. Дулығасынан бастап бүкіл киімдері аң терісінен тігілген. Садақты алға да, артқа да бірдей ататын мерген болған дейді[11] .

Кейбір зерттеушілер (Ә. Қоңыратбаев т. б. ) қарақалпақ халқының “Қырық қыз” эпосы мен грек мифтеріндегі Амазондар арасында ұқсастық бар деген болжам айтады. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша олар сарматтарға (савроматтарға) ұқсас келген.

Әңгіменің төркіні мынада, үш әйелдің тұрақ етіп отырған тұрағына ауылдың Әли деген қарауылы салық жинап келіп қалады. Ол Әлиді ауыл адамдары шолақ-Әли деп атап кеткен. Кузге салым қонақ шақырып Әли семіз серкешті сойған. Аяғын байлап, пышағын қайаққа жанып-жанып тамақтан бір тартып жібергенде сол қолының бас бармағы аңдаусыз әлгінің аузына ілініпті. Азу тіске түскен. Малға да жан керек. Тыпырлап жатып шайнап тастапты. Серке мен Әлидің бақырған даусы қатар шьқты. «Қапелімде қайсысы қайсысын сойып жатқанын білмей қалдым», - деп көрші-көлем әлі күнге күліседі дейді. Қағына тиген де, басбармақтың ауруы асқынып, ақыры қарынан кестіріп тынған. Ел-жұртқа осысынан шолақ-Әли танылған.

Әли көксоққан үш әйелдің долылығын білсе де, анадайдан тұрып жердің иесі ретінде акт толтырып, сегіз мыңнан сиыр басына сексен мың теңге төлеу керектерін айтып, қағазды қолдарына ұстатпай қора жағалап бара жатады. Осы уақытта:

« - Орденің құтты болсын! - деді сөзден тосылған Карғаш қарап тұрмай.

- Бұл - медаль!

- Ормандағы өрт ушін алдың ба?

- Жоқ. Тәуелсіздітің 20 жылдығына берді.

- Не? Үш әйелді зар қақтырғаның ушін бе?

- Давай, кысқа сөйлеу керек.

- Е, сөйлесейік, қашқақтамай келсеңші, - деп Айман аяқ асты жайдарланып қарауылға таяды.

- Медаліңнің көрімдігін берейік. Сөйтті де шап беріп аттың тізгінінен ұстады. Ойбайына қарамай қарауылдьң шолақ қолын шолтаңдатып ер үстінен сыпырып түсірді.

- Әкел арқанды! - деді сосын алқынып.

- Байла аяғын!

- Айғырлығы асты. Пішіп тастайық!

- Мә, кілт! Тек жіберіңдерші! Мә, кілт! - деп үш әйелдің ұмар-жұмар астынан Әлидің жан даусы естілді.

- Пышақ қайда?

- Әкел бері! Шалқасынан жатса да шапалап тепкілеген. Жалғыз қолмен жағаласқан. Жең, жыртылған, жаға жұлынған. Әйтеуір, әупірімнің күшімен сытылып шыққан. Аты уркіп аулаққа кетіпті. Көзі қарайған мына үш әйелдің қолына қайтіп түссе оңбасын білді. Білді де іргедегі қалың қамысқа қарай тұра кеп қашқан. Бибі мен Қарғаш сүрең сап соңына тусті.

- Қу, Бибі! Ұста, Қарғаш! - деп аттанға айғай қосқан Айман анадай жерде жатқан балта кілтті қолына алды . . . »

Әлгінде айттып өткендей, адам жаны қапыда қалғанда, қарғысқа ұшырағанда немесе қайғыға тап болғанда өзге жан тұрақтайтын форма іздейді, яғни қорғаныш іздейді. Сондай бір мифтік құбылушылық осы сәтте орын алады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ДРАМАТУРГИЯСЫ
Әңгіме кейіпкері көсем бейнесі бұлдыр
Қазақ энциклопедиясы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ-МОДЕРНИСТІК СИПАТТАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Датұлы Сырым
Диологтық оқыту арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту
Жайықта мен қазақпын
Жұматай Сабыржанұлының сатиралық шығармалары
Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар
Мұхамбет Салықтың Қазақтың көне мақалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz