Инфекция қоздырушысының бастауы ауру және бактерия алып жүруші мал

Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Тарихи деректер
2.2.Қоздырушысына сипаттама
2.3.Індеттік ерекшеліктері
2.4.Дерттенуі
2.5.Өтуі мен симптомдары
2.6.Патологиялық өзгерістер
2.7.Балау
2.8.Емі және иммунитиет
2.9.Дауалау және күресу шаралары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
I.Кіріспе
Сарып, некробактериоз (Necrobakterіosіs), ветеринарияда -- үй және жабайы жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы Вakterіum necrophorum бактериясы. Табиғи жағдайда ауру бір аймақты түгел қамтуы мүмкін. Бұғы, жылқы, қой, сиырда Сарып тұяқ, бақай, сирақ буындарын, шошқа, бұзау, құстарда ауыз қуыстарын зақымдайды. Мүйізді ірі қара малдың жыныс мүшелерін де қамтуы ықтимал. Сарып болған малдың терісі қызарып, темп-расы 40 С-қа дейін көтеріледі. Сарып асқынғанда тері астына сасық ірің жиналады, тұяғы түседі, сирақтың сіңірі зақымданады. Сарып бактериясы ауырған малдың ішек-қарын жолдарына өтіп, нәжіспен сыртқа шығады да сау малға (лас қора, жайылым, суат арқылы) жұғады. Зақымданған теріге және кілегей қабатына бактерия түссе, алғашында теріні зақымдап, кейіннен ішкі ағзаларын (бауыр, бүйрек, өкпе, жүрек, ми) жарақаттайды. Аурудың тез таралып, дамуына малды едені сыз қораларда ұстау, дымқыл жайылымға жаю, қансорғыштардың жаппай ұшып өтуі септігін тигізеді.
Сарып -- бұл жануарлардың, әсіресе малдардың, денесінде бактериялардың қоздыруымен пайда болатын, көбінесе жарақаттар арқылы немесе инфекцияның басқа жолдарымен таралатын ауыр инфекциялық ауру. Аурудың қоздырғышы көбінесе Clostridium тұқымдасына жататын анаэробты бактериялар болып табылады. Некробактериоздың басты белгілері -- терінің, бұлшықеттердің және ішкі органдардың ұлпаларында жаралар мен некроздың пайда болуы. Бұл ауру адам мен малдың денсаулығына қауіпті, өйткені ол жылдам дамып, қанға түсіп, сепсиске әкелуі мүмкін.
Сарыптың таралуы мен алдын алу шаралары бүгінгі таңда маңызды зерттеу саласы болып табылады, өйткені оның әсерінен үлкен экономикалық зияндар туындайды. Бұл рефератта некробактериоздың қоздырғыштары, аурудың даму ерекшеліктері, клиникалық белгілері, сондай-ақ оның алдын алу және емдеу әдістері қарастырылады.
II.Негізгі бөлім
Сарып (Necrobacteriosis, некробактериоз) негізінен сирақтың бақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен баска да мүшелер мен ағзалардың іріңдеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру.
2.1.Тарихи деректер.
Бұл ауру барлыкқ жерде тараған және жұқпалы екені мәлім болған. 19 ғ 60-шы жылдары Франция мен Италияда қойдың "тұяқ ауруы" ретінде сипатталды. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік тұяқ, панарициум, таз ерін, гангреналық дерматит, некрозды немесе дифте-риялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р. Кох (1881) бөліп алды да, толық сипаттамасын Леффер (1884) берді. Бірақ, ұзақ уақыт бойы бұл бактерия негізгі қоздырушы емес қосалқы микроб ретінде қарастырылды. Сондыктан да некробактериоз әр түрлі дене мүшелерінің зақымдануына бай-ланысты бірнеше дербес ауруға бөлініп келді. Тек 1932 жылы А.Г. Ревнивых солтүстік бұғысының "тұяқ ауруын" зерттеу нәтижесінде некроз таяқшасы-ның этиологиялық маңызын түпкілікті дәлелдеді.
2.2.Қоздырушысына сипаттама
Қоздырусшысы Bacterium necrophorum ауасыбағасыз, қозғалмай-тын, спора түзбейтін, кауашақсыз, өте полиморфты микроб. Жағындыда жіп тәрізді, дөнгеленген, ұзын немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәріздес әр түрлі пішінде кездеседі. Жіп тәрізділерінің ұзындығы 100 тіпті 300 мкм дейін жетеді, жуандығы 0,75-1 мкм. Микроб тек қана ауасы жок жағдайда Китт-Тороцци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында, қоймалжың агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу температурасы 36-36,5 °С, pH 7,4-7,6.
Төзімділігі жағынан некробактериоз қоздырушысының оншама ерекше-лігі жоқ. Несепте 16, көңде 50, сүтте 35 тәулікке дейін, жайылымдағы ылғал топырақта 3 айға дейін сақталады. Зарарланған заттарда кептірілгеннен соң бөлме жағдайында 18°С-та 1-2 тәулікте өледі. 100°С кыздырғанда 1 минутта, күн сәулесінен 8-10 сағатта, 60-65°С-та 15 минутта өледі. Марганец кышкылды калий (1:100), риванол, лизол, фенол, формальдегид, күйдіргіш натрий, креолин және т.б. дезинфектанттардың үйреншікті концентрация-сында некроз таяқшалары 5-30 мин өледі.
2.3.Індеттік ерекшеліктері.
Сарыппен барлық үй жануарлары, көптеген жабайы андар ауырады. Бұл ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошка, жылқы, үй қояны, құстардан тауық бейім. Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі ауырады. Зертханалык жануарлардан қолдан жұқтыруға тек кана үй қояны мен ақ тышкан бейім. Адам да ауырады.Инфекция қоздырушысының бастауы ауру және бактерия алып жүруші мал. Күйісті жануарлар ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші болып қалады. Қоздырушы таз карын мен ішекте айлап сакталады да, оны күйіс ка-йырғанда үнемі ауызындағы жынынан, сирегірек нәжісінен бөліп алуға бола-ды. Некроз таяқшасы организмнен сырткы ортаға сілекеймен, нәжіспен, өліет-тенген жердегі бөліндімен шығады. Бұл микроб мал қораларында, көнде, топыракта, жайылымда, токтау суларда жиі кездеседі.Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі ка-бықтар аркылы енеді. Аурудың біліну қарқыны мен таралу ауқымына әсер ететін себептер: күтімінің нашарлауына байланысты жануар организмінің корғаныс қабілетінің төмендеуі, фермалардағы, жайылымдықтардағы, суат тардағы, мал айдайтын жолдардағы антисанитариялық жағдай, мал ұстайтын жерде көн мен садыраның қордалануы, малды шалшыкты жайылымдарға жаю.Малды ұзак уакыт ылғал қораларда ұстау немесе сазды жерде жаю тұяғы мен сирағының төменгі жағындағы терісінің жібіп, тұяктың жұмсарып, тері-нің балбырауына әкеп соғады. Ол жерде қан айналымы бұзылып, жарық-шақтар пайда болып, жарақаттарға сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне жағдай туады. Сирақтың сарып болуына тұяқты дұрыс күтпей, оның тұрқы нын өзгеруі, жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің жара-каттануы әсер етеді. Ауру қоздырушысы малды пішкенде, иттің құйрығы мен құлағын кескенде, акушерлік жәрдем көрсеткенде асептика ережелерін сақ тамаудың нәтижесінде, жаңа туған төлдің кіндігі аркылы және баска жолдар-мен енеді. Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда жа-нуарлардың бұл ауруға төзімділігі төмендейді. Жемшөпте сымтемір, шеге, шыны сынықтары тақылеттес заттар болғанда, тікенді қатаң шөпті жайылым-дарға малды жайғанда ауызының кілегейлі қабығы жарақаттанады.Сарып жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретінде байқалып, же-келеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын камтиды. Кейде аусыл, шешек, эктима, әр түрлі стоматит ауруларымен кабаттасып өтеді. Ауру әсіресе қой және бұғы шаруашылықтарына зор зиян келтіреді.
2.4.Дерттенуі.
Негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы жағ дай болғанда ғана өсіп-өнеді. Ұлпаның жарақаттануы (механикалық, физика-лык, химиялық, биологиялық әсерлер) нәтижесінде оған оттегінің келуі қиындайды, кан тамырлары үзіліп, гематома, тромба, флегмона пайда болады, ұл-палар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы жағдай туады. Бастапқыда бактерия түскен ұлпа шағын ғана ошақ болып ойылады да, ке йіннен айналасы кабына бастайды, кан тамырлары зақымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромба пайда болып, нәтиже сінде бұлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусак сүйектері өліеттенеді.Бастапкы өліеттенген ошақтағы қоздырушылар тромбаларда молынан өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға түсіп ішкі ұлпалардың ка-пилярларында токтайды. Содан өкпеде, бауырда, ішекте, көк бауырда, мида, басқа мүшелерде метастазалар пайда болады. Дерт процесінің орын тебуіне байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит, абсцесса, флегмона, т.б. өрбиді. Қосалқы инфекциялардың (стафилококтар, стрептококтар, газды дом-бығу микробтары, т.т.) кабаттасуы нәтижесінде ауру аскынып, зілді нышан алады.Егер аурудың соны сәтті аяқталса, дерт процесі тоқтап, бастапқы өліет тенген телімдер бітіп, жануар жазылады.
2.5.Өтуі мен симптомдары.
Инкубациялық кезеңі 1-3 күн. Клиникалык белгілері жануардың түлігі мен жасына, аурудың түрі мен өтуіне байланысты. Жас төлде сарып жіті, ал ересек малда жітіден төмен және созылмалы өтеді. Әр түрлі мүшелердің дертке шалдығуына байланысты аурудың 4 түрі болады: терідегі, кілегейлі қабықтардағы, ішкі ағзалардағы және сүйектегі сарып.
Терідегі сарып аурудың ең жиі кездесетін түрі. Ол сырткы мүшелердің зақымдануы арқылы білінеді де, көбінесе малдың сирағында ұшырасады. Сиыр мен шошқаның мойыны, тұла бойы, желіні, жас төлдің кіндігі, құлағы және құйрығы закымданады. Көбінесе дерт алдымен арткы аяқты қамтиды, бастапқыда бір аяғында болып, кейіннен екінші аяғына ауысады. Қойдың бір мезетте бірнеше аяғы зақымдануы мүмкін. Әуел баста болмашы жарақат пен сызаттың маңайы қызарып, домбығады. Мал ақсап, ауырған аяғын сілкіп, бей-жай күйге түсіп, жемшөптен қалады, денесінің ыстығы 40°С-қа дейін көтері-леді, 1-2 күннен соң қалпына келеді. Қабыну процесі бақайдың арасы мен май өкшеден тілерсекке қарай өрбиді. Бұл кезде жануар аяғын баса алмай, жатып қалады. Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып, арыдағы бұлшық еттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Содан кейін ойылып, жағымсыз иісі бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып, өліеттенуі нәтижесінде тұяқ көбесінен сыпырылып түсіп қалады. Кейде тұяқ қана емес, тіпті тілер-сегінен, саусақтың фалангалары буын-буынынан үзіліп кетуі мүмкін. Мұндай күйге ұшыраған қой тұра алмай, тізерлеп қалады. Жылқыда ауру зілді өткенде гангреналык дерматит өрбіп, дерт қанға шабады да, өлі тиеді.Кілегейлі қабықтардағы сарып әдетте бір апталык жас төлде кездеседі де, ересек жануарда сирек байқалады. Ауру ауыздың өліеттеніп уылуы ре-тінде өтеді. Ауыздан басқа танаудың, жыныс мүшелері мен ішектің кілегейлі кабыктары зақымданады. Аурудың өрбуіне себеп жас малдың тісі шыққан кезде ауыздың қызыл негі, ұрты мен тілінің кілегейлі қабығы жарақаттанып, оған зарарланған жемшөп пен төсеніштен, енесінің ластанған емшегінен сарыптың қоздырушысы түседі. Нәтижесінде ауыздың кілегейлі қабығы қабы нып, қабыршақтанады. Бұдан кейін көмейдің, кеңірдектің кілегейлі қабык-тары мен көршілес мүшелерге дерт шабады. Төлдің ұрты, таңдайы, еріні, та науы өліеттеніп ойылады. Жануар аузын ашып, ентіге дем алады. Ауызынан нісі жағымсыз көбікті сілекей ағады. Тіс түбірінің маңайы қабынғанда, тіс түсіп қалады. Зақымданған тіл салақтап ауыздан шығып тұрады. Өкпеде, бауырда, ми мен жүрек қабында ұлпалардың ыдырауынан өліеттенген ошақ-тар пайда болады. Ауру жіті өтеді де, жануар 7-10 күн ішінде арықтап, өлі тию мен жүрек қызметінің жетімсіздігінен өледі.
Ішкі ағзалардағы сарып кезінде дененің ыстығы көтеріліп, нәжісінің түсі сұрғылт-жасылданып іші өтеді. Құрсақ еттері, әсіресе бауырдың тұсы ауыр-сынады. Жануардың жүні үрпиіп, қарыны қабысады. Өліеттенген энтериттен жазылмайтын болғандықтан ондай малды сойып тастау керек. Басқа ішкі мүшелер зақымданған кезде сарыптың өзіне тән белгілері болмайды. Ауырған мал табыннан бөлініп қала береді, бей-жай, жемшөпке сел-сок, жүдейді, өнімділігі төмендейді. Дерт процесі өкпеде орын тепкенде брон-хопневмония, плеврит өрбіп, демі сырылдап, булығып жиі жөтеледі. Өлі-еттенген ошак мида болса жүйке қызметі бұзылып, ал жүректе болса жүректің кемістігі білінеді. Мұндай жағдайда сарыпқа диагноз тек сойғанда ғана патанатомиялық әдіспен қойылады.
Жыныс мүшелеріндегі сарып әдетте қойда кездеседі де, өте ауыр өтеді. Ауырған мал отарға ілесе алмай, селқостанып, жемшөпке қарамайды. Денесі нің ыстығы 40-42°С-қа жетеді. Сарпайы сызданып, айналасы өліеттеніп, ойы-лады. Қынаптан іріңді, кейде қан аралас сұйық ағады. Ауырған жануар жиі-жиі несеп шығаратындай ыңғай білдіреді, көбінде жатып қалады, ыңырсып, тістерін шықырлатады. Қошқардың үрпінің ауызы мен шыбығының кілегейлі қабығы өліеттеніп, ойылады. Кейіннен дерт ұшасына жайылады. Сиырдың жыныс мүшелерінің кілегей қабығы бұзаулағаннан кейінгі алғашқы күндері зақымданады. Ауру бұзаулағаннан кейінгі акушерлік көмек көрсеткенде жұға-ды. Сиырда жыныс мүшелеріндегі сарып оның сирақтағы түрімен қабаттасып өтеді. Кейде тууға таяп қалған буаз сиыр ауруға шалдығып 8-9 айлығында іш тастайды. Тастанды төлдің денесі семіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz