Мөңке балықтар мен шортан ойыны

Дәріс-5. Тақырыбы: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене шынықтыру сабақтарында қозғалмалы ойындарды жоспарлау.
Жоспар:
1. Бастауыш сыныптарға арналған қимыл-қозғалыс ойындарды өткізу әдістемесі.
Бастауыш сынып оқушысы әлі-де қалыптасу үстінде. Шеміршек жасушалар тобының елеулі қабаты сүйектердің, әсіресе омыртқаның айтарлықтай иілгіштігіне себепші болады.
Бұлшық еттер салыстырмалы түрде әлсіз (көбінесе, арқа және құрсақ тығыршығы бұлшық еттері). Тірек аппараты да әлі берік жетілмеген.
Сондықтан бұлшық етке ұзақ күш түсірмейтін әртүрлі қимылдағы қозғалыс ойындарының мәні зор.
7 - 9 жастағы баланың жүрек-қан тамыр жүйесі өмірге қабілеттілігінің орасандығымен ерекшеленеді: қан тамырлары жеткілікті түрде кең, тамырлардың қабырғасы созылғыш, мұның өзі жүрек бұлшық етінің жұмысы үшін қолайлы жағдай туғызады. Алайда жүрек жұмысын реттеп тұратын жүйке жүйесінің функциялары әлі-де жеткілікті түрде дамымаған (жүректің жеңіл әсерленгіштігі).
Балалар әсіресе секіру және басқа да күш пен энергияны көп жұмсауды қажет ететін ойындардың арасында аз уақыт болса да үзіліс, белсенді демалыс жасалып отырса, ойын кезінде зор қозғалыс белсенділігін танытады. Алайда олар тез шаршайды, әсіресе бір ғана түрдегі әрекетті орындау шаршатып жібереді. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, қозғалыс ойындары кезіндегі дене қуатты қатаң түрде реттеп әрі шектеп отыру керек. Ойын өте ұзақ болмауға тиіс.
Назар аудару функциясы төменгі сынып оқушыларында жеткілікті дамымаған, олар жиі алаңғасарланады, бір заттан екіншісіне ұмтылады. Осыған байланысты оларға мүмкіндігінше қысқа мерзімді қозғалыс ойындарын ұсыну керек, көп қозғалыс азғана уақыттық тынығумен алмастырылуға тиіс.
Ойындар сан алуан еркін түрдегі қимылдардан тұрады, жұмысқа үлкен бұлшық ет топтары тартылады. Ойын ережелерінің қарапайымдығы мен шағындығы 6 - 9 жастағы балалардың назарының жеткіліксіз түрдегі орнықтылығына және ерік-жігер қасиеттерінің салыстырмалы түрде әлсіз дамығандығына лайықталады. Бұл жастағы балалар белсенді, дербес, әуесқой, өткізілетін ойынға дереу және бір мезгілде қосылуға ұмтылады, ойын кезінде берілген мақсатты қысқа мерзім ішінде орындауға тырысады; оларға ұстамдылық пен табандылық жетіспейді. Көңіл күйі өзгереді. Ойын кезіндегі сәтсіздіктерге тез ренжіп қалады, бірақ ойын қызығына берілген кезде реніштерін тез ұмытады.
Төменгі сынып оқушылары көрген, естіген, бақылағандарының бәрін айқын түрде қабылдайды, жақсы меңгереді. Алайда бұл жаста баланың бейнелік, заттық ойлауы біртіндеп ұғыммен ауысады. Балалар ойын әрекетінде үлкен саналылық танытады, өз әсерімен бөлісу, бақылағандарын салыстыру, безбендеу дағдысы пайда болады. Олар ойындағы жолдастарының әрекетіне неғұрлым сыни тұрғыдан қарай бастайды. Абстрактілі, сыни тұрғыда ойлау қабілетінің пайда болуы, қозғалысты саналы түрде бақылау ойынның күрделі ережелерін сәтті түрде игеруге, жетекшілердің түсіндірген және көрсеткен әрекеттерін орындауға мүмкіндік береді.
Мұғалім ойын ережесін қысқа түрде баяндауға тиіс, өйткені балалар баяндалғандардың бәрін әрекет түрінде тез көрсетуге ұмтылады.
Мысалы, ойынды ертегі нысанында әңгімелеу үлкен қызығушылықпен қабылданады және ондағы рөлдердің шығармашылықпен орындалуына ықпал етеді. Бұл тәсілді ойынды жақсы игеру үшін, балалардың назары төмен немесе физикалық күш жұмсалғаннан кейін демалыс керек болғанда пайдалануға болады.
1 - 4 сынып оқушылары өте белсенді, бірақ өз мүмкіндіктерін есептей алмайды. Бәрінің жүргізуші болғысы келеді, сондықтан олардың өз қабілеттеріне сәйкестіктерін мұғалімнің өзі тағайындағаны дұрыс. Жүргізуші ретінде алдындағы ойында жеңіске жеткен ойыншыны тағайындауға болады, оны ешкім ұстай алмағандығы, тапсырмаларды басқалардан жақсы орындағаны, ойында ең әдемі қалыпты қабылдағаны үшін мақтап қойған орынды.
Жүргізушіні таңдау балалардың өз күштері мен жолдастарының күшін дұрыс бағалау қабілеттерін дамытуға ықпал етуге тиіс. Жүргізушіні жиі ауыстырып тұру ұсынылады, өйткені бұл рөлде неғұрлым балалардың көбі болғаны дұрыс.
Төменгі сынып балаларына арналған ойындарда сигналды ысқырықпен емес, одан да сөз пәрменімен берген дұрыс, ол бұл жаста әлі жетілмеген екінші сигнал жүйесінің дамуына ықпал етеді.
Бұл жастағы балалардың жаны тез жараланғыш, сондықтан қателігі үшін оларды ойыннан шығарып тастауға болмайды. Егер ойын шарты бойынша жеңілгендерді уақытша шығара тұру талап етілсе, шыққандарға арналған орынды анықтап қою керек және аз уақытқа ғана шығара тұру керек.
Ойынды бұзушылыққа, ереженің сақталмауына мұғалім шыдамдылықпен қарауы керек, бұл тәжірибесіздіктен, ұжымдық ойындарды ойнай білмеуінен және балалардың жалпы физикалық дамуының жеткіліксіздігінен орын алатынын есте ұстаған жөн.
Балалардың ойдан шығаруға, шығармашылыққа ұмтылуы көбінесе сюжеттік-образдық сипаттағы қозғалыс ойындарында жүзеге асады. Образдық сюжеттер мектепке дейінгі жастағы балалардың ойындарына қарағанда күрделірек, төменгі сынып оқушыларының ой-өрісі айтарлықтай кеңейеді, олар оқу, жазу дағдыларын меңгереді. Олар үшін жұмбақтылықтың, кездейсоқтықтың элементтері бар ойындар тартымды болуы мүмкін.
Оқу жылының басында бірінші сыныпта командалық ойындарды өткізу орынсыз. Қозғалыс тәжірибесін меңгерумен және балалардың ұжымдық әрекетке қызығушылығының артуымен бірге біртіндеп сабаққа жұп болып жарысқа түсетін элементтері бар ойындарды енгізуге болады (жүгіру, шеңбер жарысы, секіргішпен секіру, доппен сырғанау). Әрі қарай балаларды бірнеше топтарға бөліп, олармен қарапайым тапсырмалары бар эстафета түріндегі жарыс ойындарын өткізу керек. Ойыншыларды жарыс топтарына бөлген кезде ойын әрекеті сипатының физикалық дайындыққа сәйкес келуін есепке алу керек, ал өз командасы үшін әр ойыншының істеген әрекетінің нәтижесін тез арада анықтау қажет.
Мына ойындар басымдыққа ие:
бағытты өзгерте отырып, бет-бетімен, тіке, айналу арқылы қысқа жүгірістер, қуып жет те қаш және қисаңдап жүгіру ойындары;
бір немесе екі аяқпен секіру, шартты кедергілерден және заттардан секіру (аласа орындық);
доптарды, кесектерді, ұсақ тастарды алысқа және нысанаға беру, тастау, лақтыру, ұстап алу, еліктеу немесе шығармашылық сипаттағы әртүрлі қозғалыстағы ойындар.
Әрбір ойын жоғарыда келтірілген қозғалыстардың бір-екі түрінен тұрады, әдетте олар жекеше немесе кезек-кезек қолданылады, кейде бірлесіп қолданылады. Мәселен, Ұшқалақ" торғайлар ойыны секіруге, Шұңқырдағы қасқырлар ойыны алысқа секіру элементі енгізілген жүгіруге құрылған.
Төменгі сыныптарда ойындардың көбін өткізу үшін мұғалімде ашық, қанық бояулы мүкәммал болуға тиіс, балалардың көру рецепторы әлсіз дамыған, ал зейіні шашыраңқы. Сондықтан жеңіл, көлемі бойынша қолайлы, балалардың дене мүмкіндіктеріне сай болуға тиіс.
Бастауыш сыныптарда ойын өткізу үшін ұсынылатын жабдықтар:
* 20 түрлі түсті шағын жалаулар;
* 40 шағын доп;
* 4 үлкен доп (волейбол добы сияқты);
* 4 - 8 шеңбер;
* 40 қысқа секіргіш;
* 2 ұзын секіргіш;
* 6 - 10 құм салынған қап;
* 6 - 8 қағаз қалпақ (цилиндрлік үлгідегі);
* 6 - 8 көзге таңғыш.
Қозғалыс ойындарын бөлу
Сабақтың негізгі бөлігінде жылдамдық пен ептілікті дамыту үшін мақсатқа сай жүгіру ойындарын өткізу керек, балалар қисалаңдап, ыршып, секіріп тез жүгіруден соң демалады.
Ойыншылардан ұйымдасуды, зейінді, қозғалыс бірлігін талап ететін ырғақты жүріс пен қосымша гимнастикалық қимылдары бар ойындар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz