Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуда критериалды бағалаудың тиімілігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың мақсаты
1.2. Бағалау туралы.Қалыптастырушы (формативтік) бағалау
1.3.Бағалау тәсілдері.
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.1 Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі
2.2 Критериалды бағалау бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда

3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Қазіргі күні білім әлеуметтік және экономикалық прогреске жеткізетін өте маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылып отыруы керек. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден - бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау .
Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі - білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.. Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді.
Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Қазақ тілі пәнін оқытудың түпкі мақсаты - мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке тұлға қалыптастыру Қазақ тілі пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді. Аудио-визуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады.
Қазақ тілі пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар: қазақ тілінен оқушылардың ауызша сөйлеу және жазу бойынша функционалдық сауаттылығын қалыптастыру; оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту; оқушы мен мұғалім арасында сыйластық әрі ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптастыру; оқушылардың жеке ерекшелігін ескере отырып, коммуникативтік іс-әрекет түрлерін меңгертуде арнайы деңгейлік тапсырмалар жүйесін қолдану; жоба әдісін қолдана отырып, топтық жұмысқа жағдай туғызу, топта өзге топ мүшелерімен еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға мүмкіндік жасау); өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру; тапсырмаларды өмірлік шынайы жағдаяттармен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу; түрлі белсенді шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын оқу дағдыларын қалыптастыру; өзіндік ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау; Не білемін? Не білгім келеді? Нені үйрендім? түріндегі кері байланысты жүзеге асыру; рефлексиялық жаттығулар орындату; оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу; оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндіктер туғызу; оқушыға алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Қазақ тілі пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу; мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау; интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау); әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау). {2.1}
1.1.Бағалау туралы.
Бағалау не үшін керек ? деген сұраққа дәстүрлі оқыту жүйесінде Оқушылардың білімін тексеру үшін деген жауап беріледі, өйткені мұнда бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырылады.Осы тұрғыдан мұғалімдер өз әрекеттерін сабақта оқушылардан берілген сұрақтарына акызша жауап алумен немесе тест қабылдауымен шектейді. Алайда мұндай тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың не үйренгендігін , білімділігі мен біліктілігінің жалпы деңгейін айқындамайды. Бұған қоса бұл жерде бағалау ұғымы баға қою ретінде қабылданады, ал мұндай түсінік бағалаудың мазмұны мен барлық ерекшеліктерін айқындамайды.
Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егерде біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтаумыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.
Мектептің жұмыс сапасы оның өз мақсаттарын (мисиясын) қандай деңгейде орындайтындығымен байланысты. Сапа - мектептің ( немесе пәннің, сабақтың, мұғалімнің) оқу нәтижелеріне қол жеткізуде оқушыға қандай деңгейде көмектесіп, оқушының не үйренгендігінің айғағы. Осыған орай оқуоқыту сапасын қажетті деңгейде қамтамасыздандыру үшін мұғалімдер өз жұмысын бағалауда мынандай мәселелерге назар аудартып, қойылған талаптарды орындауы керек.
1) Мақсат
Оқудыңоқытудың мақсаттарын айқындау:
- Бағалау не үшін керек? Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?
А) Бағалау білім деңгейінің сапасын айқындау үшін қажет:
- Оқушы өзінің біліми ахуалын білгісі келеді,
- мұғалім оқушының білімі қандай дәрежеде екендігін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағасы келеді,
- мектеп әкімшілігі бұл екеуінің де жұмысқа деген қабілеті мен біліми, кәсіби деңгейін білуді мақсат тұтады,
- мемлекет министірлік арқылы бюджеттік қаржының қалай жұмсалатындығын және оқушыларды оқыту ісінің ахуалы мен деңгейін білгісі келеді.
ә) Бағалау жоспарланған нәтижелермен (стандарттармен) салыстырғанда білім деңгейі мен оқудыңоқытудың қаншалықты дәрежеде екендігін білу үшін қажет.
б) Бағалау оқу мен оқытуда қолданылып жатқан әдістемелік ұстанымдардың тиімділігін білу үшін қажет.
2) Нәтиже
Оқытудың оқудың нақты нәтижлерін айқындау:
- Нені бағалау керек? Оқу процесінің қандай нәтижелері (білім, білік, дағды, машық, түсінік , қатынас, т.б.) бағалау арқылы анықтауға тұрарлық (маңызды)?
Оқу проуесінің тиімділігі мен нәтижелігі оқушылардың не білгендігімен айқындалады. Жоғары мектептің бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес оқушылар оқу процесі барысында және нәтижесінде мынандай білік,дағды, құзыреттіліктерді меңгеруі мен икемденуі керек:
- ақпараттың шексіз көп мөлшерін (оқулықтар,ғылыми әдебиет, БАҚ, Интернет) өзіне қажеттісін таңдап алып, оны өз қажеттілігіне бейімдеп, практикада қолдану;
- өздігімен үйрене білу;
- прблемаларды шешу мен шешім қабылдау секілді күрделі тапсырмаларды орындау;
- қандай да болмасын мәселе бойынша өзіндік пікірі,ойы, тұжырымы, түсінігі болу, оларды ұтымды түрде басқаларға жеткізу, дәлелдеу және қорғау;
- қарым- қатынас құра білу (ауазша және жазбаша коммуникация), бірлесе жасай білу: тыңдай білу, басқаларды сыйлау, өзге пікірлерге икемді және бейімді болу, олармен санасу, жанжалдардың алдын алу;
- өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын өмірлік философия (рухани, моральдік, этикалық дүниетаным) ретінде қалыптастыру, бұл философияны жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;
- өз білімі мен танымының қандай деңгейде екендігін біліп, оларды әрқашан да дамытып отыру.
Бағалауда оқушылардың осындай білік, дағды, құзыреттіліктерді қарастырылады.
3) Тұжырымдама
Оқушылардың жетістіктерін анықтауда қандай қағидаларды ұстану керектігін айқындау:
- Бағалауда ұстанған жалпылама қағидалардың қандай болуы керек? Бағалауда қандай саясат ұстану керек?
4) Құрал.
- Қалай бағалау керек? Оқушылардың тақырып (пән) бойынша қандай білімді (білік, дағды, машық, құзыреттілік, құндылықтар) және қандай деңгейде меңгергенін қалайша білуге болады? Оқушылардың білім игергендігінің (бір нәрсені білгендігінің) дәделі қандай болуы керек? Бағалаудың қандай тәсілдері мен құралдарын қолдану керек?
Мұнда оқушылардың білім игеруде қандай нәтижелерге жеткендігін дәлдейтін құралдарды (тәсілдерді) таңдап алу қажет. Бұл тәсілдердің жүзеге асырылуы үшін талдау мен қорытынды жасауға тұрарлықтай әрбір оқу мақсаты үшін көп мөлшерде тапсырмалар дайындау керек.
5) Талаптар.
Оқушылардың берілген тапсырмаларды қандай дәрежеде орындайтындығын анықтайтын және олардың үйренгендігін дәлелдейтін талаптар (крийтерийлер) құрастыру:
- Бағалаудың талаптары (крийтерийлері) қандай болуы керек? (бұл жерде төменде келтірілген Рубрика атты бөлімшеннің идеяларын қараңыз)
6) Жариялау.
Оқушылардың жазу жұмыстарын оқу процесіне қатысушылардың назарына ұсыну жолдарын анықтау:
- Бағалаудың нәтижелерімен көпшілікті қалай және қашан таныстыру керек?
Бағалау процесіне қатысты адамдар үшін оның нәтижелерін жариялау маңызды. Мұнда жариялаудың әртүрлі тәсілдерін қарастыру қажет: жазу жұмыстарын сынып қабырғасына іліп қою, Автордың орындығынан оқу, кітапша түрінде басып шығару, қабырға немесе электронды газет түрінде жариялау, видеофильм немесе слайд жасау, т.б.
7) Кері байланыс.
Оқушылардың үйрену көрсеткіштерін зерттеу және оларды өз жұмысын жақсарту үшін қолдану, оқу жоспарларын құруда оқытудыңоқудың нәтижелерін ескеру:
- Бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек? Бағалау нәтижелері қашан қажетті болады және оларды қалайша пайдалануға болады? Бағалаудан кейін оқу процесіне қандай өзгерістер енгізу керек?
Оқушылар оқуының сапасын үнемі жетілдіру мақсатында кері байланысты оқу жоспарлары мен бағалауға өзгертулер енгізу үшін қолдау керек, өйткені бағалау оқушының оқу әрекеттерінің аяққы нәтижесі болмауы қажет. Бағалау білім игерудің белгілі бір кезеңіндегі оқушы жұмысының сапасын анықтайды, ал оқушы оның нәтижелерін өзгерту мүмкіндігіне ие болады.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері
Критериалды бағалау оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі ретінде Оқушылардың оқу жетістіктерін әділ және шынайы бағалау жүйесі, білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып саналады. Осы уақытқа дейін білім мен білікті тексерудің түрлі әдістері қолданылып келді. Алайда тарихи даму процесінде бағалаудың түрлері мен тәсілдері, бақылау-өлшемі-шаралары, оның мазмұны, оқушыларға әсері, ынталандыру элементтері және басқа факторлар өзгеріп отырды. Қазіргі уақытта білім беру процесінің жүйелі болуы керек екеніне ешкім күмән келтірмейді, олай болмаған жағдайда оның нәтижелігі төмендейді.
Оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс бағыттай отырып қана оқушылардың бірін-бірі толықтырып отыратын қайшылықсыз педагогикалық әсерге қолжеткізуге болады. Оны мен қоса, осы процесс аясындағы әр әрекет мақсатты бағытталған, яғни белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және соған жетуге жетелейтін болуы керек. Білім беруге қойылған талаптардың қарапайымдылығына қарамастан, оларды толықтай жүзеге асыру қиындығы жоғары объективті және субъективті себептерге келіптіреледі. Сол арада, бірыңғай оқыту-тәрбиелеу кеңістігіндегі нақты оқу орнының аясында, білім алушы тұлға нысанда болған жағдайда қалыптастыру міндеті өте өзекті болып табылады. Өкінішке орай, оларды шешудің отандық педагогикадағы дәстүрлі жолдары әрдайым жүзеге аса бермейді. Себебі ол қазақстандық тарихи процестерден бастау алатын жаһандық сипаттағы (ақпараттық өркениетке ауысубаспалдағы), жеке көз қарастағымаңызды өзгерістерге байланысты. Аталмыш мәселені шешудің екі жолы бар. Біріншіден, оқыту процесініңт үпкі мақсаты мен одан шығатын міндеттерді, оны кезеңмен жүзеге асырудың стратегиясын, оның аясындағы оқушылар мен арақатынастың принциптерін анықтау қажет. Бұл жергілікті билік өкілдері деңгейінде мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Бұл процесс қоғамның сұранысына берілген жауабы, сондықтан жалпы қоғамдық сипатқа ие емес. Басқа сөз бен айтқанда, мектеп бітірген адам географиялық және әлеуметтік-стратегиялық көзқарастан нақты әлемдет ұруы, ал бұл әлемдер бір бірінен ерекшеленетіндіктен, оған көзжұмып қарау өскелең ұрпақпен оның ата-анасының алдында мектептіңа абыройына нұсқан келтіру дегенді білдіреді. Алайда, көрсетілген мақсаттар мен міндеттердің арасындағы айырмашылық ұлттық білімкеңістігінің бірлестігін бұзбас үшін қағидаттық сипатта болмауы қажет. Екіншіден, бір пән аясында, сондай-ақ білім беру мекемесінің аясында түрлі элементтер мен сабақ беру әдістерінің арасында өзара байланыс орнауы; 5 белгілі бір мақсаттарға жету және нақты білім міндеттерін шешу негізінде бірбірімен байланысуы; оқу процесі мекемесінің аясында әр әдістемелік құраманың орнын мақсатты анықтау. Бұл жерде жаңа әдістемелік элементтер әзірлеу туралы емес, білім технологиясының айтылған мақсаттары мен міндеттерін ежауап беретін қолданыстағы әдістемелерді мақсатты жинақтау туралы айтылып отыр. Көп жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерінбасқаоқушыныңнәтижесім енсалыстыруарқылыжүзегеасырылыпотыр ды, албұлбағалаудыңбірқатаркемшіліктері бар: − педагогтерге, ата-аналарғажәнеоқушыларғатүсінікті болатынбілімберужетістіктерінбағала йтыннақтыөлшеулердіңжоқтығы; − педагогәроқушыныңжетістігіналдын-ал аайқындалғанөлшеулернегізіндеемес, жалпысыныптыңорташабілімдеңгейінеқа рапбағалайды; − оқушыларға қойылғанбағ а оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы; − қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды; − оқыту процесінде мұғаліммен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан, оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді. Бағалау жүйесі және оқушылардың оқужетістіктерін тіркеу білім беру процесінің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бағалау жүйесі оқытудың мәселелерін диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мената-ананың арасында кері байланыс жасаудың негізгі құралы. Критериалдыбағалау: - оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады; - оқушы бойындағы үрейленудібасады; - мұғалімді төрешілік қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға айналады. Осылайша, критериалдыбағалауоқушылардың да, мұғалімдердің де денсаулығын сақтауартықшылығына ие. Білім беружүйесінің дамуында критериалды бағалаудың орны ерекше. Себебі ол мектептегі білім беру кеңістігінің біріктірілген факторы, оқытудың мәселелерін диагностикалаудың негізгі құралы болып табылады, сонымен қатар оқыту процесінің негізінде жатқан принциптерді қамтиды. Критериалды бағалау деп тек бағалау барысымен бағ ақойылуы тиіс сәттердеп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-анананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм. Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалаужүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. Отандық мектептердің көбінде дәстүрлі бағалаужүйесі, яғни 4 балдық жүйе сақталып келеді: 2 (қанағаттандырылмаған), 3 (қанағаттандырылған), 4 (жақсы), 5 (өтежақсы). 6 Теориялық түрде 1 дегенбаллдабар, бірақ ол қолданысқа ие емес. Енд журналға 5 балдық жүйе бойынша қойылатын сандардың нені білдіретінін анықтап көрейік. Егер ойлап қарасақ, жауабы былай да белгілі - бәрін емес еештеңе. Мұғалім оларды журналға қою барысында бір қатар ұстанымдарға сүйенеді. Нәтижесінде әр балл оқушылардың деңгейінің біріктірілген: а) белгілі бір өлшемі; ә) жалпы сыныптағы; б) бұрынғы көрсеткіші болады. Бұл факторлар бойынша қойылған бағаны тек мұғалім мен әңгіме барысында, әрине егер ол қандай жағдайда қойылғанын ұмытпаған жағдайда анықтауға болады. Әрине, әр бағада бұл көрсеткіштер көрініс табады (мысалы, алгебр апәні бойынша орындалған тапсырмалардың саны мен сапасына қарай бағалау кезінде, біріншіорынғ аөлшемдерді салыстыру шығады), ал негізгі бағалау факторы дерек-дәлел-ойларды, өзіңдікін неме сөзгенікін, мазмұндау болған жағдайда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ-САПАЛЫ ОҚУ КЕПІЛІ
Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілін оқытуда критериалды бағалаудың тиімілігі
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҮРДІС
Ғылыми эксперимент
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын зерттеу
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz