Психологиялық денсаулық көрсеткіштері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
8-МОДУЛЬ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫК ТҰЛҒАНЫҢ ТАБЫСТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ

8-ДӘРІС. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аға оқытушы Сайлинова Қ.Қ.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!
Біздің дәрістің тақырыбы:Психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелері.
Дәрістің жоспары:
Психологиялық денсаулық туралы ұғымдар;
Психологиялық денсаулық көрсеткіштері;
Психологиялық денсаулықты сақтау және жетілдіру тәсілдері.
Дәрістің мақсаты:Адамды әлеуметтік бейімдеу және тұлғалық даму технологиясы бойынша психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық мәселелерін талдау арқылы білім алушыда психологиялық денсаулық жайлы тсүініктерді қалыптастыру.
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН 1:Тұлғаның Мен концепциясын психологиялық денсаулықты құндылық қатынас ретінде қарастыратын зерттеу теорияларын талдау арқылы білім алушының өмірінде және болашақ кәсіптік сферада қолдана алатын біліміндерін қалыптастыру;
2-ОН: Адамның физикалық және психикалық сапаларын, әлеуметтiк белсендiлiгiн дамыту және сақтау процесiнде ағзаның қоршаған ортаға бейiмделе алу және жұмыс iстеу қабiлетiн психологиялық денсаулықтың теориялары негізінде түсіндіру;
3-ОН: Психологиялық денсаулықты қамтамасыз етуге арналған критерийлерді сақтап отыруға, гиподинамияның алдын алуға, іс-әрекеттің түрлерін орындауда табыстылықты арттыруға психотехнологияларды қолдану;
4-ОН: Салауатты өмір салтында толыққанды үйлесімді тұлғалыққалыптасуды анықтайтын психологиялық әдістерді қолдану;
5-ОН: Психологиялық денсаулық сапасы мен деңгейі бойынша әлеуметтік-психологиялық және психикалық бейімделуге байланысты психологиялық ұсыныстарды құрастыру.

І. Құрметті оқырман,психологиялық денсаулық өз денсаулығыңыз бен салауатты өмір сүру салтында психикалық күйлерге кері әсер ететін теріс эмоционалды басымдылыққа қарсы тұра алу қабілетін сақтауды ұйымдастыратын көмек.
Психологияда жақсы көңіл-күйдің болуы, эмоционалдық тұрғыда адамның ішкі күйлерін реттей алуы психологиялық денсаулықты сақтаудың кепілі. Психологиялық денсаулықта адамның сыртқы және қоршаған ортаға қарым-қатынасында өз көңіл-күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту саулықтың сақтаудың негізгі мүмкіндігі.Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді.
Психологиялық денсаулық терминін И.В.Дубровина енгізген, психологиялық денсаулықты психикалық денсаулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты түсіндіреді.
Психологиялық денсаулықтың құрылымы:аксиологиялық;инструментал дық;қажеттілік-мотивациялық.
Аксиологиялық - адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы).
Инструменталдық - рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).
Қажеттілік-мотивациялық - өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу).
ІІ. Психологиялық қолдау көрсету формасын айқындау үшін норма және психологиялық денсаулық көрсеткішін қарастыруымыз қажет. Норма адамның қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу іскерлігімен айқындалады.
Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады:
-жоғары деңгейі - ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы;
-орташа деңгей - бейімделу алдын-алу, қоғамға (социумге) бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы;
-төменгі деңгей - бейімделеалмаушылық, мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі - өзгелерді бағындыруға тырысуы.
Психологиялық саулық критерийлері:
-психикалық тепе-теңдік;
-психиканың өзгермелі ортаға тез бейімделу мүмкіндігі;
-айналаны дұрыс қабылдау және оған сәйкес саналы әрекет жасау;
-мақсаткерлік, жұмысқа қабілеттілік, белсенділік; толыққанды отбасылық өмір, олар үшін жауапкершілік;
-өзіне сенімділік, реніштерге берілмеу, жеке даралық;
-мінез-құлықтың тәуелсіздігі мен табиғилығы; әзіл сезімі, мейірімді қатынас, өзін дұрыс бағалау.
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.
Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен ауытқуларының (аномалиялардың) көрсеткіштерін анықтау - аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған.
Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, ауытқыған (аномальды) да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Оқушыларының физикалық денсаулық жағдайын бағалау
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Тастанды балалар үйіндегі балаларға әлеуметтік сипаттама
Егде және қарт жастағы тұрғындар арасында өмір сүру сапасын бағалау
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Ауыл мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын бағалау
Оқушылар арасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Денсаулыққа әсер ететін факторлар
Пәндер