Мерекенің әлеуметтік - мәдени міндеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының зерттеу өзектілігі:
Қазіргі таңда, рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық дәстүрге, ұлттық жан- дүниемізге айтулы үлес қосып келе жатқан елімізде өткізіліп тұратын мерекелердің рухани-мәдени өмірімізде алар орны ерекше.
Әсіресе, қоғамдық сапаға ықпал ететін, бұқаралы ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден-бір күш, әр халықтың мерекелері - халыққа мәдени демалыс ұйымдастырудың бір көрінісі екені белгілі. Мерекелердің мәдени қоғамымызда алатын орын да ерекше. Ол тек ғана насихатшы емес, сонымен қатар мәдени өмірді жарнамалап, қалыптастыруда да болып отыр. Әсіресе, ұлттық мәдениетімізді, ұлттық, дәстүрлі мерекелердің насихатталуын ерекше айтуға болады.
Зерттеу мақсаты: Мерекенің әр елде тойлану тарихы мен ұғымын зерттелген материалдарға сүйеніп, қарастыру, ұғыну.
Зерттеу міндеті: Мерекелердің маңызы,мәнін ашудағы әр елдің дәстүрлі және ортақ мерекелерінің тойлануын анықтау,тақырып бойынша әдебиеттерге шолу жасап, көз жеткізу.
Зерттеу объектісі: Әр елдің дәстүрлі мерекелері.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспе, 2 тарау, 4тармақтан, қорытынды , пайдаланған әдебиеттер тізімінінен тұрады.

І тарау.
Мерекелер
Мерекелер адамзат алғаш пайда болып, табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа түсе бастаған алғашқы кезеңдерінен бастау алады. Адамзат қоғамының әлеуметтік өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болған мерекелердің туындауын және дамуын сол қоғамның табиғи, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерінен іздестіруіміз керек.
Осыған сәйкес, әр тарихи кезеңдерде қоғамның экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық даму сипаттамалары арқылы халық мәдениетінің тарихын тануға болады.
Әр халқының мәдени тарихын білу мәдени құбылыстардың дәстүрлілері мен жаңа бағыттағыларының байланысын анықтау біз үшін маңызды болып отыр. Мерекелер заман ықпалымен дамып тұратын жүйе. Мерекелер даму тарихында олардың ескі формалары қоғам талғамына сай өзгеріп немесе жойылып, болмаса көнелері жаңа сипат алады. Мәдениет дамуында дәстүрлі және жаңа формалар қатар дамып, Смирнова Е. көрсеткендей поллиативтік - аралас - мәдени құбылыс та кездесуі мүмкін.
Мерекелердің дәстүрлі, жаңа және аралас формаларының синтезі болғандықтан, мерекелердің дәстүрлі түрлерін анықтап, оларды қазіргі мәдени өмірге сәйкестендіру мүмкіндіктері ізденіс жұмысының міндеттері ретінде қаралады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазақ мерекелері туралы тарихшылар мен саяхатшылар, көне жазбалар мен ауыз әдебиетіндегі ақпараттарды талдауға алдық. Осылардың ішінде қазақ даласы арқылы өткен, немесе арнайы ізденіс жұмысымен болған батыс зерттеушілер еңбектерінде келтірілген мәліметтер арнайы қарастырылады. М. Барманкулова ибн Фадланның 921-922 жылдардағы арнайы саяхатына сипаттама бере отырып, оның жазбаларынан сілтеме келтіреді: "Біздің керуенде 5 мың адам мен 3 мың жылқы және көптеген түйелер болды. Ол экпедияцияда саудагерлер мен бұйым жасаушы шеберлер, ғалымдар мен суретшілер, саяхатшылар болды" , - деп көрсеткен автор.
Келтірілген мәліметтен ұғарымыз түркі даласына сапарға келген бір экспедициядағы адамдар санының өзі түркі әлеміне деген қызығушылықты байқатып, олардың өмірімен жан-жақты талдауға алынғанын байқатады. Сол қызығушылықтың бір саласы азиаттықтардың мәдени мұрасы, құндылықтары болғанын ғалым-саяхатшылардың еңбегі дәлелдейді.
Әр халықтың өмір салтын қалыптастырушы шаруашылық бағытына қарай тойлап отырған. Шаруашылық көзі, тіршілік нәрі - бәрі мал шаруашылығына байланыстылары, оның ішінде шаруашылыққа бейімдеу мен тәрбиелеу үлгілерін тарату мақсатында қалыптасқандары дараланып тұрады.
Ал ең бастысы, осы аталған бағыттардың қай-қайсысында да қоғамдық-мәдени даму кезеңдерінің бәрінде де адам өміріндегі басты оқиғаларды атап өту қажеттігі салт-дәстүрлер мен мерекелерді туындатты. Ол табиғат құбылыстарының өзгеруі, еңбек табыстары, көңіл-күйдің салтанатты қуанышы мен қайғылы-қасіретті кезеңдеріне байланысты ұйымдастырылған. Осындай эмоционалдық талпыныстан дәстүрлік мәдениет бастау алып, мерекелер қалыптасуына ықпал етіп, әлеуметтік-мәдени өмірдің басты формаларының біріне айналған.
Қоғам дамуы барысында мерекелер әлеуметтік өмірдің тұрақты компоненті болып енді. Мерекені уақытша "жұмақ кезеңі" деп ұғынуы да сондықтан шығар. Әл-Бируни мерекені "адам өміріндегі маңызды кезең" десе, Махмд Қашқари бұқаралық қуаныш пен ойын-сауық күні" , - деп атаса, Омар Хайям "жұмақты уақыт" деп айтқан.
Ал, мереке ұғымына социологиялық тұрғыдан талдау жасаған К. Жигульский. Қазіргі француз тілінде бұл сөз үш мағынаға ие деп қорытындылайды:
- сол күнгі болатын діни рәсімдерге, табынушылыққа арналған ерекше күн;
- бұқаралық сауық, мүлде діни сипаты жоқ, төтенше себепке байланысты ұйымдастырылған халықтық мерекелер;
- қанағат, тұрмыстық қуаныш, бақыт;
Сонымен мереке ұғымы бірнеше тұрғыдан сипат алып отыр:
уақыттық - адам өмірінің ритмін белгілейтін жұмыстан бос кезең:
тәрбиелік - адамды қуанышқа бөлеп, қанағат тудыратын арнайы әрекет;
эстетикалық - адамдардың әсемдік туралы талғамына әсер етер өнер туындыларының қалыптасуына ықпал жасаушы әрекет;
дүниетанымдық: адамдарды ойын әрекетіне қатынастырып, ойын арқылы ой-санаға әсер етіп, мерекеленетін уақиға шартын қабылдатқызатын күрделі мәдени құбылыс.
Талданған әдебиеттерден біріңғай көзқарас болмаса да қорытындылағанымыз - мереке мәні тек тіршілік ету мен еңбекке қатысты ғана емес, ең алдымен күнделікті болмысқа табиғи әсердің, қоршаған ортаны рухани игеруде, қоғамның эстетикалық таным-талғамы, мерекелену уақиғасына өзіндік пікір қалыптасуымен де байланысты.
Мереке мәні:
-адамзат қоғамы мен табиғат және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарға ықпалдығында;
- қоршаған ортаны рухани игеруге әсерінде;
-қоғамның және жеке адамның эстетикалық-эмоционалдық сұранымын қанағаттандыруында;
- жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін еркін байқату мүмкіндіктерінде;
- жеке тұлғаның өзін жан-жақты дамытуға мүмкіндік тудыруында;
- қоғамның психикасын кері ой-әсерлерден босатуында;
- мерекелену уақиғасына жеке тұлға мен қоғамның баға беріп, пікір қалыптастыруында және белсенділігін арттырып ынталандыруында;
- мерекелік әрекеттердегі символдық нышандарды ұғындыру арқылы ұлттық дүниетаным сабақтастығының сақталуында;
- мереке мен еңбек тіршілік әрекеттерінің кезектесуіне ықпал етіп, өмір тірлігінің реттеуші құралына айналуында;
- мәдени мұра құндылықтарының мерекелік әрекеттер ретінде ұсынылып, насихатталып, ұрпақтар санасы мен эмоционалдық есіне сақтауға мүмкіндік туғызылуында;
- үдеріп келе жатырған еңбек ритмін өзгертіп, мерекелеуші қауымға теңдік жағдайда рухани ләззат алуға мүмкіндік туғызылуында.
Мерекелер туындауына шолу жасау арқылы анықталғаны көшпенділер мен тұрақтанған халықтардың мерекелеу қалпында, әдістерінде, құрылымында көптеген ұқсастық болғанымен өзіндік айырмашылықтары да бар. Ерекшелігі өмір салты мен ұстанған өмір қағидасына байланысты болып отыр. Мерекелер түрінің аясында салыстырма жасасақ, көшпелі халықтың, соның ішінде қазақтың салт-дәстүрлері мен мерекелері ішінде дәстүрлік сабақтастықты жоймай дамып келгендері - негізінен жеке адам мен отбасына, ата кәсібі мал шаруашылығына арналғандар. Оның себебі басты рухани-мәдени ұстанымына байланысты адамды табиғатта, өз өмір тіршілігін табиғаттан ажыратпауында. Рулық-тайпалық ынтымақ пен бірлікті дәріптеуі де сол табиғат апаты мен өзге күштерден қорғану қажеттігінен туындаған. Екіншіден, адамды қастерлеп, тіршілікті қорғау қағидасын ұстанған халық, өздігінен өзгелермен жауласып, қантөгіске барып, олардың еркіндігі, жері, мал-мүлкіне сұқтанбаған. Бейбіт өмір мен татуластықты пір тұтқан халық үшін бұқара деген қалалықтар сияқты бір орталықтандырылған бірнеше шағын қауымдардан тұратын бірлестік емес, бірі бәрін танитын өз ортасы болған. Сол себепті өмірлік басты уақиғаларды ескерусіз қалдырмайтын мәдени құбылыс - мереке баршаның қуанышты әрекетіне айналған.
Мерекенің әлеуметтік-мәдени міндеттері.
Мерекені жаңғыртып, жүзеге асыру үшін олардың түрі мен мазмұнын, әдісі мен ішкі сырын игеруі жеткіліксіз. Бүгінгі мәдени үрдіске негіздеп атқару үшін мерекелік мәдени әрекеттер міндеттерін біліп, солардың тұрғысынан қызметін түзеп отыруы шарт.
Ұлттық мейрамдарымыз да салт-дәстүр секілді қоғам өмірінің рухани компоненті болғандықтан, оның басқа да салаларымен, түрлерімен байланысы бар. Сондықтан, мерекелік мәдени әрекеттер жалпы мәдени құбылыстардың көбіне тән міндеттерді қоса атқарып, ерекше әлеуметтік әрекет ретінде өзіндік міндеттерге де ие. Бүгінгі күні мәдениеттану саласындағы көппікірлік оның негізге ұғымдары туралы да бір ойға келтіре алмай отыр. Сондықтан көптеген авторлар ішіндегі ортақ пікірді қолдай отырып, ғалымдар дүниені игеру мен өзгерту міндетін бастапқы міндет деп белгілейді. Бұл міндетті басқа авторлар өзгеше атағанымен оның басты мағынасы бір. Білім мен рухани шығармашалық негізінде жаңа нормалар мен құндылықтар туындауы, дүниені игеру мен өзгертудің бір саласы ғана болады. Көне мәдени әрекеттер табиғатты игеріп, қоршаған ортамен бірге өзінің дүниетанымын, жеке шығармашылығын дамытып өзгертуге арналған.
Мерекенің келесі міндеті - қарым-қатынас жасау
Бұл міндет адамның әлеуметтік қажеттілігі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасамайынша, еш адам қоғам мүшесі бола алмайды. Әр адамның рухани дамуы мен шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуы қарым-қатынас жасауына байланысты. Ол қарым-қатынасты биологиялық, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру мақсатында адамзат тіл, түрлі белгілерді, өнерді ғылыми және философиялық ілімдерді қалыптастырып, бір-бірін ұғынысуға мүмкіндік алады. Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар қалыптасуы түрлі кедергілерге ұшырап тіл табысуы ұзақ мерзімдік әрекеттерді талап етеді. Ал осы жерде мерекелік мәдени әрекеттер қуаныш, ортық сезім ұғынысуға, түсінісуге, мазмұндық белгілердің танымалдығына әсер етіп, жеке тұлға мен әлеуметтік топ арасында қолайлы қарым-қатынас қалыптасуына ықпал етеді.
Үшінші міндет - мәдени ақпаратты жинақтау, сақтау және жалғастыру.
Мәдениет өмірлік құбылыстар жөніндегі ақпаратты уақыттар мен кеңістіктерден асырып қана қоймай, оларды сақтауға, жинақтауға, жүйелеуге де әсер етеді. Мәдениетті сақтаудың бастапқы түрі, көзбен көріп, жадыға сақтау. Аңыз-әңгімелер мен жыр, толғаулар арқылы өткен оқиғалар мен құндылықтарды танысақ, мерекелер арқылы өткеннен бүгенгі күнге жетіп отырған қоғамдық қатынастар нормаларын білеміз. (Мысалы, қазіргі Қазақстанның жағдайы, болашаққа тарих болып қалады. Оны айқындайтын еліміздің ресми, мемлекеттік, ұлттық мерекелері).
Мерекелерге тиесілі төртінші міндет - сигникативтік міндет.
Э.В. Соколов айтуынша "Бұл міндет бір жағынан адамның парасаттылығына, екіншіден, адамзаттың әлемдік сипатына байланысты". Бұл міндет дүниетануда, оның тұтас бейнесін жасауда тіршіліктің белгілер жүйесін жасауын қамтиды. Көзге көрінер және қиялдағы дүниені сипаттайтын мағына, белгі, атау, құндылықтарды туындататын мәдениет. Бір жағынан олар материалдық: дүние, сурет, қимыл т.с.с., екіншіден олар белгі ретінде қалыптасып, адамның санасында ғана орын алады. Қазақ атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға алмасып келе жатқан наным-сенімге киелі мән беріп, қадір тұтқан халық. Материалдық мағыналар жойылуы мүмкін (ескіру, күйреу, т.с.с), ал ой-қиялдағы мағына мәңгілік. Мерекелік мәдениетте материалдық та, ой-қиялдағы да мағыналар орын алады.
Бесінші міндет - тынығу немесе психологиялық, физиологиялық, рухани жүдеу-жұтауың орнын толтыру.
Адам қажеттіліктерінің өтелмеуі жеке тұлғалық және әлеуметтік себептерден болады. Өз өміріне қанағаттанбаушылық адам психикасын тұрақсыздандырып, оны түрлі жағымсыз әрекеттерге итермелейді. Ой-арманына жету кейбір адамдар үшін байлық пен мансаптан биік. Пендешіліктен биік болуды армандау, бабалардан қалған асыл мұра көп адамды биікке жетелейді. Бірақ бұл қиял ғылыми-техникалық жетістік арқасында, информациялық "сел" ағымында тасқа тиіп, талқаны шығып жатқаны да мәлім. Осының салдарынан мәдениет үлкен дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Қоғамдық нормалардан тайынбай психологиялық, рухани, физиологиялық қажеттіліктерді орынды өтеу жолын табу рухани тозуға ұшыратпайды.
Рухани, психологиялық, физиологилық апаттан сақтандырудың ең көне және күрделі әдісі - бос уақытты тиімді пайдалану. Күнделікті, апталық, жылдық, демалыстарда рухани қажеттіліктерді орынды қанағаттандыру, әр адамның өмірлік ризашылығын туындатады. Ал мерекелер өмірлік оқиғаны салтанатты атап өтуге арналып, адамдар әлеуметтік дәрежесіне қарамай бірдей тынығып, қатысып, қызықтап алады.
Бұл міндетті ғылымда компенсаторлық деп атаған. Ол орнын толтыру деген мағына білдіреді. Әр адамның күнделікті физиологиялық, психологиялық, рухани шығындарының орнын ойынға қатысу арқылы өз қалпына келеді. Ойынға қатысу арқылы әр жастағы адамдар да белсенділік танытып, өздігінен шешім қабылдап жеке қасиеттерін байқата алады.
Өнер туындыларын көру, тыңдау арқылы да адам тынығып, рухани жетіле алады.
Сонымен, мерекелердің құрамдас бөліктері: ойын, өнер жанрлары қоғамдық дағдарыстарды болдырмауға ықпал етеді екен. Әрқайсысының тәрбие мен қоса ағартушылық, ақпараттармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері жетіледі. Мейрамның бес міндеті мәдени тынығу жұмысының ұлттық дәстүрлерінен орын алып, мәдениеттің басты белгілерінің бірі екенін дәлелдеп отыр. Мемлекеттік, отбасылық мерекелік оқиғаларына үлесін қоспай, сырт қалатын адам кемде-кем. Мерекелік дастархан дайындап, үйі мен киімін жөндеп, балаларына өлең жаттатын ешкімнің әмірінсіз өздігінен белсенділік танытады. Сондықтан мейрам мәдениеттің бір жанры ретінде олар әр халық, ұлттың, дәуірдің эстетикалық нормаларын сақтап, дамытып келеді.
Жалпы, мәдени әрекеттермен айналысу барысында жеке тұлғалар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар арасында қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Оларды мәдени, эстетикалық құндылықтармен алмасу деп атаса да болады. Мәдени әрекеттермен айналысу барысында адам күнделікті мінезінен бөлек әдептілік пен салтанаттық байқатады. Ол оның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, өзгенің алдында ілтипат көрсетуінен байқалады. Эстетикалық құндылықтармен алмасу белсенділіктің басты белгілерінің бірі. Ұлттық мәдени әрекеттерге қатынасушы өз ұлтының дәстүрлі мәдениетін насихаттау, уақиғаға байланысты орындалған шығармашылық өнері арқылы әлеуметтік топ, жеке адам өз талғамын байқатып өмір құндылықтарын жария қылады.
Әр ұлттың, мемлекеттің рухани дамуы, өзін өзгеге танытуы өзіндік ерекшеліктерді сақтаумен қатар, биік дәрежедегі мәдени дамуға жетіп өзгеге танымал болу. Шет елдерде өтетін байқау мен фестивальдарда өнер көрсететін фольклорлық шығармалармен классикалық шығармалар әуелі отандық сахнада шыңдалады.
Мәдени өмірдің мерекелік әрекеттерінің соңғы, алтыншы міндеті - қоғамдық пікір мен қоғамдық көңіл күй қалыптастыру. Бұқаралық мәдени іс-шараның қатынасушының санасы мен сезіміне ықпалы сонша, "жүректі тербетер өнер" ұлттық, азаматтық, патриоттық ойтүрткі салып бір-бірін танымайтын адамдарды бір кезеңге жақындастырып, біртұтас қауымға айналдырды. Көптеген адам бірдей тыныстап, қуаныш, шаттық, мейірімділік сезімдерге бөлене алады. Жақсының төңірегенде шоқталып, зұлымдық пен озбырлықтан жиіркенетіндей халге келуі мүмкін.
1.2.Мейрам әлеуметтік феномен ретінде.
Мейрамды жан-жақты ғылыми оқытқанмен, оны категориялық анықтамасы арқылы зерттемей, ол мәдениеттің құбылысы ретінде көріне алмайды. Қазіргі таңда, мәдениетті әлеуметтік институт ретінде сипаттайтын жұмыстар жоқтың қасы. Бұл ойымыз Б. Ерасованың "Әлеуметтік мәдениеттану" атты жұмысында көрініс табады. Оның айтуынша, "Кез-келген қоғамда мейрам әлеуметтік институт ретінде қабылданады, себебі қоғам күнделікті тіршіліктерінен босап, еркіндікке қол жеткізеді" . Бұл жұмысында Б. Ерасова мейрамды әлеуметтік институт деген түсінікке сәйкестендіреді. Шындығында, жаңа мейрам қоғамда әлеуметтік институционалды деңгейде орнығу үшін немесе ескі мейрам қайтадан жаңғыру үшін төмендегі 6 деңгейге сай болуы қажет.
Олар:
1.Мерекеге деген қажеттілік туындау керек. Мысалы Кеңес Одағында қоғамды біріктіретін ортақ мерекелер қажет болғандықтан (7 ноябрь - Ұлы Қазан төнкеріс) пайда болды, бірақ КСРО ыдырағаннан кейін бұл мейрам тойланбайтын болды. Қазіргі Қазақстанда Егемендік алу аясында сондай қажеттіліктен Тәуелсіздік күнін, діни мейрамдарды және Наурызды айтуға болады;
2.Мемлекетте ортақ ұлттық мақсат-мүдде және оны негіздейтін идеология қалыптасуы қажет. Посткеңестік кезеңнен кейін КСРОдан шыққан 15 мемлекетте этникалық тарихы немесе дәстүрлі дінге негізделген өзіндік мерекелік мәдениеті қалыптаса бастады. Қазақстанда ұлттық мақсат-мүдде және оны негіздейтін идеология "Мәңгілік ел" концепция аясында көрініс тапты. Сондықтан қазіргі кезде Наурыз мейрамын мерекелік мәдениетімізде институционалды ету жүргізіліп жатыр;
3.Әлеуметтік қатынасты реттейтін нормалар құрастырылу керек. Наурыз мерекесіне келетін болсақ, оның мың жылдық тарихы бар және дәстүрлі қазақ қоғамында ол әлеуметтік қатынасты реттейтін негізгі мерекелердің бірі болды. Кеңестік дәуірде ол осы қасиетін жоғалтып алды. Қазіргі жаһанданған әлемде наурыз мейрамының жаңаша қырларын ашып, әлеуметтік мәдени құндылығын негіздеу қажет. Осыған қоса 9 мамыр - Жеңіс күнін алсақ та болады. Жеңіс күніне арнап, парад ұйымдастырылып, Мәңгілік алау жанына гүл шоқтырын қойып, 1 минут үнсіздік жарияланады;
4.Мерекені сүймелдейтін практикалық ережелер мен рәсімдер қалыптасуы қажет. Галактионованың пікірінше осы пункттің атрибуттары мерекелік дастархан, мерекелік киім, мерекелік рәсімдер және т.б;
5.Санкциялар жүйесін орнату. Яғни мереке мемлекет тарапынан ресми мақұлданып, мойындалып оны тойлау прцедураларын бекітіп, демалыс күндер қатарына енгізуі керек;
6.Мерекенің символдық (рәміздік) құндылығы болу. Галактионованың пікірінше мерекеде мәдени рәміз, эмблема, "бренд" болатындай потенциал болуы қажет.
Қорыта келе, мейрамның ұлттық дәстүрлі ерекшеліктері кез келген мәдениетте сақталатының және арқашан жаңа мерекелік практикалар енетінін атап кетуіміз керек. Мерекелік мәдениетте дәстүрлі формалар мен қатар, социомәдени ынтымақтастықты қамтамасыз етуге қажетті мейрамдар әр дәуірде қалыптасып тұрады.
Екінші тарауда, мейрамның дәстүрлі формалары мен интегративті маңызы бар жаңа мейрамдардың ерекшеліктерін анықтау үшін, біз қазақ мәдениетіндегі күнтізбелік мерекелерді, қазақ халқының рухани мұрасына негізделген мейрамдарды және ХХ ғасырда енген мерекелерді қарастыруға болады. Әр елдің салты басқа демекші, жер бетінде қанша ұлт пен ұлыс болса, сонша түрлі мәдениет, салт-сана, наным-сенім қалыптасқан. Мәдениет пен өнер халық өмірімен қашанда тығыз байланыста екені белгілі. Ұлтымыз адамгершілікті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өскелең ұрпақтың санасына сіңіре отырып тәрбиелеген. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген сөзді берік ұстанған дана қазақ тәрбиенің тал бесігін отбасы, ошақ қасынан бастаған. Сондықтан болар, қазақтың әр салт-дәстүрі үлкен мәнге ие. Ал өзге елдерде қалай? Олардың бізге таңсық қандай салт-дәстүрлері бар? Осы төңіректе әңгіме өрбітіп көрелік. Әлемдегі ең бір кедей елдердің бірі - Бангладеш. Өте тығыз орналасқан Бенгалдықтардың 80% ауылдық жерлерде тұрады. Үйлерін бамбуктен, ағаштан немесе кірпіштен биік жерлерге салып, шатырын сабан, пальма жапырақтарымен, бай, дәулетті дегендері қаңылтырмен жабады. Өзендер арнасынан асып, жайыла тасыған кезде жұрт бір-біріне көбінесе қайықпен қатынайды.Үйлердің айналасында аяқ басар бос жер болмайды. Әрбір сүйем жер дәнді дақыл егуге, шай және қант құрағын, сондай-ақ, жеміс ағаштырын өсіруге пайдаланылады. Салт-дәстүрді берік ұстанатын бенгалдықтар үйлерін міндетті түрде ұлттық нақышта безендіреді. Бұл елдің кедей тұрғындарының өзі үйлерін сән-салтанатпен өрнектейді. Бенгалдықтарды нағыз кітапқұмар халық десек артық айтпаған болар едік. Оған себеп көшелерден жиі кезіктіруге болатын кітапхана - автобусты айтуға болады. Қызықты кітаптарға лық толы бұл автобустың жолаушылары барар жерлеріне дейін кітап оқып, жан дүниелерін мол мұрамен байыта отырып жетеді. Музыка - Бангладеш жұрты үшін өмірлерінің ажырамас бөлшегі. Бенгалдықтардың дәстүрлі әндері Баул деп аталады. Баул - осыдан жүздеген жылдар бұрын Батыс Бенгалияны мекен еткен кезбе жыршылардың әні. Бұл сөздің мағынасы Киелі сотқар дегенді білдіреді. Баул әнін орындаушылардың қандай жағдай болмасын жанынан тастамайтын мүліктері - киімі және музыкалық аспаптары. Одан өзгені жандарына серік етуден үзілді-кесілді бас тартады. Бенгалдықтар Баул орындаушыларын қызғыштай қорып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырады. Баулдан өзге дәстүрлі әндерінің қатарына Гомбхира, Бхатиали, Бхавайя жатады. Бұл фольклорлық әндерді көбіне бір ішекті эктара аспабының сүйемелдеуімен орындайды.Бангладеш асханасы Орта-Азия елдерінің асханаларының тағамдарынан еш айырмашылығы жоқ. Олардың өте көп пайдаланатын тағамдары - күріш пен кари. Олар сүттен неше түрлі тіл үйіретін тәттілер жасап жегенді жандары сүйеді. Ұлттық тағамдарына расгулла, чамчам, каложам жатады. Бенгалдықтар ырым мен тыйымға қатты сенетін халық. Бұл көріністі әсіресе ауылдық жерлерден анық көруге болады. Олар алдарынан бос тостағанды, құс өлексесін, тақ сандарды, үзіліп қалған жіптерді көре қалса бітті жаман ырымға балап, сағы суға кетеді. Бангладеш ұлты дүниеге ұл бала келсе болды, үйімізге береке келді деп қуанады. Ал қыз балалардың туылғанын аса қатты ұната бермейді. Олар қыз баланы өзге шаңырақтың киесі деп санайды. Қыз бала тұрмысқа шыққаннан кейін толықтай күйеуінің меншігіне өтеді. Ал ұл бала олар үшін ұрпағының жалғасы, қартайғанда асырайтын өз үйінің иесі. Бұл елдің жастары үлкендерді қатты сыйлайды. Ата-аналары балаларын бұл қасиетке кішкене күнінен бастап үйретеді. Тіпті олар үлкендерге тіл тигізбек түгілі, қарсы шығып сөйлемейді. Жасы кішілері үлкендердің аяғына басын еңкейтіп, қолымен аяғына тағзым етіп амандасады. Олар әке-шешелерінің таңдаған қыздарына үйленеді. Егер ата-анасының таңдаған қызы көңілінен шықпаса, неке заңды болып есептелмейді. Тойды міндетті түрде күйеу жігіттің ата-анасы жасайды. Той кезінде жас жұбайлар неше түрлі сән-салтанатқа толы гүлдермен көмкерілген орында отырады. Олардың ешбір тойлары дін қызметкерлерінсіз өтпейді. Той өткізілгеннен кейін олар көп емес, біраз уақытқа ата-аналарынан бөлек үйге шығып кетеді. Бұл елге бара қалсаңыз олармен қол алысып амандасам деп әуре болмаңыз. Жақсы танымайтын адаммен қол алысып амандасу бенгалдықтар үшін жат нәрсе. Тіпті танымайтын адамға жай ғана қол тигізудің өзі қылмыс саналады. Тек ер адамдар ғана жақсы таныс адамдармен қол алысып амандасады. Дастархан басында тамақты олар оң қолымен жейді. Ас ішу кезінде қасық шанышқыны пайдаланбайды. Олар жерге дастархан төсеп отырып ас ішкені дұрыс санайды. Дастарханның орнына олар бананның үлкен жапырақтарын пайдаланады. Кейде бұл жапырақ түрі тамақ ішетін ыдыстың және майлықтың да орнын алмастырады. Тамақты барлығына ортақ етіп дастарханның қақ ортасына қояды. Тамақ ішіп отырған кезде аяғын көрсетіп отыру жат қылық болып есептеледі. Дастархан басында отырған кезде олар аяғын киімдерімен қымтап отырып ішеді. Бенгалдықтардың үйіне қонаққа бара қалсаңыз ақша немесе спирттік сусындарды сыйлай көрмеңіз. Бұлай етсеңіз үлкен реніш тудырасыз. Оның орнына тәттілер немесе жеміс-жидек сыйласаңыз, олар бір қуанып қалады. Олар үшін ең керемет сыйлық сырты өте әдемі болып безендірілген кітап. Тіпті ол өзі білмейтін тілде жазылса да олар үшін ең құнды сыйлық саналады. Міне, осындай қасиеттерді бойына жинаған Бангладеш елі - өте бауырмал, асқан ұқыпты, білімге құштар, салт-дәстүрге берік халық. Ал Португалия елінде жағдай мүлдем басқа. Португалия астанасы Лиссабон, түрлі-түсті үйлерімен, базальт төселген көшелерімен, ғимараттары әртүрлі реңді керамика тақтайшалармен көмкерілген. Көшелерінен ара-тұра көненің көзіне айналған ескі трамвайларды байқап қалуыңыз ғажап емес. Түскі 12.00 мен 15.00 арасында бұл жерде өлі тыныштық орнайды. Бұл уақыт арасында ашық тұрған дүкендерді, музейлерді, асханаларды таппайсыз. Тек күннің ыстығы қайтқан шақта ғана үйіңізден шығып, көрікті жерлерге көз тастауыңызға болады. Тіпті мейрамханаларының өзі тек кешкі 10-ға дейін сізге қызмет көрсетеді. Қала кереметтерін, туристерге арналған шағын трамвайға отырып, тамашалауға барлық жағдай жасалған. Кешкі Лиссабон мүлде өзгеше күйге енеді. Қызылды-жасылды отшашулар қала көркін одан әрі әрлендіріп, қыздыра түседі. Егер жағалауға бара қалсаңыз, Сагрише мыс Сан-Висентиге ат басын бұрыңыз. Тарихтан белгілі, ол жерде бұрындары көптеген географиялық жаңа жерлердің ашылуына себепкер -- теңіз жүзушілер мектебі болған. Кобо-де-Рока жеріне бара қалсаңыз, көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, елдің ең батыс нүктесінде болғаныңыз үшін арнайы мәртебелі куәлікке ие боласыз. Содан кейін, жердің шетін көрдім деп мақтануыңызға әбден болады. Ар-намысын жоғары бағалайтын ұстамды ел. Олар ешкімнің алдында абыройының төгілуіне жол бермейді. Сыртқы бет-әлпетінің, киімінің әдемі болып тұрғаннын жандары сүйеді. Кісіні киіміне қарап қарсы ал деген мақалдары сондықтан да айтылған болуы керек. Олардың амандасу әдебіне келетін болсақ, аса танымайтын адамдарымен қол алысып амандасады. Ер адамдары бір-бірін құшақтап амандасса, ал әйел адамдары ең алдымен оң, одан кейін сол бетінен сүйіп амандасады. Олар қонақ күткенді ерекше ұнатады. Португалдықтар қонаққа баратын үйіне міндетті түрде сыйлық ала барады. Қонақтар үйге кіргенде аяқ киімдерін шешпей кіреді. Қонақта отырып олар отбасы мәселесі, жеке бас құпиясын сөз еткенді онша ұнатпайды. Дастархан басында олар саясат жайлы, сауда-саттық, Еуропа одағы, ал кейде, ауа-райы жайлы сөз қозғағанды жөн көреді. Алғаш рет дастархандас болып отырған адамының өте көңілді, ашылып сөйлесіп отырғандығын, шеттен шыққандық деп бағалайды. Бір-бірін баяғыдан танитын адамдар кездесуге кешігіп келіп жатса, оған мән бермейді. Ал таныс емес адамды кездесуге шақырып, ол адам кешіксе, бұл қылығын сыйламағандық деп есептейді. Португалия елінің қызықты, өзгеше салт -- дәстүрлері жетерлік. Әсіресе олар үйлену тойларын өте қызықты өткізеді. Португалдықтар ерте отау тіккенді құп көреді. Олар қыздарының 16 жасында тұрмысқа шыққанын, ал ұлдарының 19-20 жасында үйленгенін мақұлдайды. Міне осы уақытты олар отбасын құруға ең қолайлы уақыт және дені сау ұрпақ осы уақытта дүниеге келеді деп есептейді. Олар той күнін көбіне сенбі күніне белгілеп, тойға қызу дайындыққа кірісіп те кетеді. Тойға бір апта уақыт қалғанда, жас жұбайлар, ең жақын деген дос-жарандарының үйін аралап, оларға арнайы шақыру қағаздарын таратады. Тойға таяу аптаны олар нойвуш деп атайды. Нойвуш кезінде қалыңдық себетін тәтті тоқаштарға толтырып, шақыру қағазымен бірге достарына таратады. Себет міндетті түрде жаңа болу керек деген наным бар және шақыру қағазын берген адамы тәтті тоқашты алудан бас тартса, жаман ырымға балап, жас жұбайларды сыйламағандық деп біледі. Шақыру қағазын алып келген қалыңдықққа міндетті түрде сый-сыяпат беріп жібереді. Жас жұбайлар кімнің үйінде тұрғысы келсе, тойды соның ата-анасы жасайды. Ең қызығы, олар тойдың дастарханына қойылатын ас-ауқатты өздері сатып алмайды. Той болатын күннің таңертеңінен бастап қонақтар, жас жұбайлардың тойының дастарханына қойылатын тамақтарды өздері беріп жібереді. Португалдықтардың салт-дәстүрі бойынша, үйлену тойына келген қонақ, тойда жейтін тамағын өзімен бірге алып келуі керек. Ал жастардың ата-аналарының басты міндетті шарапты қонақтарға жетіп артылатындай етіп алу. Егер той кезінде шарап таусылып қалар болса, нағыз масқара жағдай болады. Ерте тұрып жас жұбайлар өздері тұратын үйге міндетті түрде гүлден жасалған қақпа орнатады. Тойға бара жатқан жолда оларға арнап жеміс бағын жасайды. Жеміс бағында тек алма мен лимон болады. Қалыңдық лимонды, ал күйеужігіт алманы үзіп алады. Содан кейін олар қолдарындағы жемістерді бір-бірімен ауыстырады. Лимон отбасылық өмірдің тәтті болуын сипаттаса, алма қалыңдықтың әрқашанда күйеуін сыйлау керек екенін білдіреді. Жас жұбайлар шіркеуге жаяу, ал кейде арнайы күймемен барады. Жас жұбайларды қонақтар ерекше қоршемет көрсетіп қарсы алады. Той ортасында қалыңдық пен күйеужігітке тәтті конфеттер мен жаңғақтарды тойғандарынша жегіздіреді. Кейде жастар ата-аналарының шешімімен келіспей, өзара келісіп үйленетін болса, оларға той жасап, үй дайындап бермейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Мерекелер түрлері
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Діни мерекелердің рөлі
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мектепке дейінгі педагогика идеясының дамуы және оның қайнар көзі
Пәндер