ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

  1. ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ . . . 3

1. 1. Құқықтың белгілері . . . 9

  1. ҚҰҚЫҚ НОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ . . . 14Құқық нормасының түсінігі . . . 26Норма түрлері . . . 27Нормативтік актілер . . . 29
  1. Қорытынды . . . 30
  2. Қосымша . . . 20, 28
  3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе

Құқықтың түсінігі.

«Құқық» дегеніміз - мемлекет шығарған немесе ресми түрде бекіткен, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін, адам бостандығы өлшемін білдіретін, жалпыға бірдей міндетті, формальды анықталған заң нормаларының (ережелерінің) жүйесі. Жалпы ”құқық” ұғымының мағынасын терең ашу үшін, оның түсінігін, белгілерін, түрлерін, қағидаларын жəне осы құқықтың атқаратын қызметіне жеке тоқталатын боламыз. Құқықтың түсінігі туралы заңгер ғалымдардың көзқарасын ескере отырып, мəніне, астарын ашуға, толық ұғындыра отырып жеткізе білу - басты мақсат болып саналады. Жалпы өмірде адам əр түрлі əлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нəтижесінде адамдар арасында өзара əрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау жəне көмек беру жүзеге асады. Күнделікті өмірде, қоғамда құқық басты рөл атқарады. Қоғамдық қатынастар əлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар жəне əділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Сонымен, құқық дегеніміз - мемлекет арқылы камтамасыз етілетін, əділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Құқық - мемлекеттің қуатты құралы. Құқық ұғымы туралы заңгер ғалымдар түрлі пікірлер қалдырған. Сонау Рим заңгерлері, орта ғасырдағы заңгерлер түрлі пікірлер қалдырған болса, қазіргі замандағы ғалымдар осы құқықтың мəн - мағынасын ашып, зерделеу үстінде. Целъса, Павла, Ульпиана, Модестина, Папиниана, Гая сынды Рим заңгерлерінің құқық түсінігін қалыптастыруда өзіндік орындары бар. Рим заңгерлерінің бірі Цельс: “құқық дегеніміз шындық пен қайырылымдылықтың өнері(jus est ars boni et aequi) ”, - деп пайымдаған болса, Ульпиан: «құқық зерттеуші адам алдымен jus сөзінің қайдан шыққандығын білуі тиіс, құқық ұғымы (Otjustitia) осыдан сөзден бастау алады (мағынасы: шындық, əділдік) . . . », -деген екен. Беделді заңгерлердің бірі Павел: «құқық ұғымы не əділетті болса, соны білдіреді жəне ол табиғаттан беріледі», - деп түсінік қалыптастырған. Ғалымдардың тұжырымдарына қарай отырып, құқық сөзін əділеттік сөзімен тығыз байланыстыруға да болады. Осыған байланысты, Ибраева Алуа Саламатқызы жəне Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы жазған “Мемлекет жəне құқық теориясы ” кітабында құқықтың үш алтын тірегі бар деп жазылған. Олар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары жəне мемлекет. Осылардың мазмұнын аша отырып, жалпы құқық түсінігі имандылыққа, əдептілікке негізделеді. Имандылықтың өзі адамдардың арасын өзара реттейтін бір күш болып табылады. Имандылық арға, ұятқа, жұртшылықтың пікіріне сүйенеді. Ал имандылықтан құқық нəр алады. Имандылық əділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылықты, ұрлық жəне басқа да қылықтарды айыптайды, ал құқықта теріс қылықтарға тыйым салады. Ал келесі алтын тірегі, жоғарыда аталып өтілгендей, өмірдің материалдық жағдайлары. Өмірдің материалдық жағдайлары, яғни адамның өмір сүруі өндірісіне байланысты. Өндіріс нəтижелі болу үшін оның дамуына жағдай жасау керек, бұл тек мемлекеттің қолынан келеді. Мемлекет болса тұлғаға меншік құқығын береді. Мемлекет құқықты қабылдайды, қамтамасыз етеді, қорғайды, жəне олардың жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.

Құқық - қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты болады. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. (4 бап) .

Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Төртіншіден, “құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты “құқық жүйесі” деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттілігі туады. Азаматтарға сан-қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады5.

Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты тараптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ Маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңдегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге теңеуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

“Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтық мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. “Құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, адамзаттардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Құқық алуан түрлі десек, құқықтың түсінігін де əр алуан тұрғыдан қарастыруға болады. Құқықтың жалпы əлеуметтік мəнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Құқық бұл - жалпыға бірдей міндетті,

мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда жəне басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқық бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі -табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табаиғатына байланысты əлеуметтік талаптармен анықталады. Құқықтық əлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мəселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір əлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар əлі күнге дейін қызу жүріп жатыр. Əлеуметтанушылардың пікірінше, құқық əлеуметтануы жалпы əлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық əлеуметтануы, əлеуметтік құқықтану ұғымдары əр түрлі мағынада болып, олар əлеуметтану мен құқық ғылымдарында қолданылады. Əлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының əлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық əлеуметтануы (юридикалық əлеуметтану) ұғымы жалпы əлеуметтану ғылымының жеке саласындағы əлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы əлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық əлеуметтануы құқықты негізінде үш мағынада қарайды.

Біріншіден, құқық - бұл міндетті түрде орындалатын əлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгілі бір қызметті атқаруда адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек етуге, демалуға рұқсат беруді айтады. Үшіншіден, құқық куəлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т. б. Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей əлеуметтану бөлімі

бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты

қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен,

əсітесе, экономикалық құрылымыммен тығыз байланыстылығын, оған беленді түрде əсер етіп отырыатынын көрсетеді. Əлеуметтану ғылымы жеке қоғамдақ жəне гуманитарлық (оның ішінде құқықтық) ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарда болып, олардағы құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мəселеллерді, ой-пікірлерді, істің мəні мен мазмұнын əлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады. Ал, жалпы құқық ғылымы осындай əлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни

оның теориялық заңдылықтарын, əдістемелік нұсқау, бағдарламаларын,

құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми əлеуметтік əдістерін əр уақытта қажыт етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады. Жоғарыда көрсетілгендей, осындай жалпы əлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, əсіресе, əлеуметтану құқық ғылымына енуіне (кіруіне) байланысты əлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы-құқық əлеуметтануы пайда болды. Құқық əлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір əлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым əр уақытта əлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық əлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаоатын қызметін (функциясын), оның шығуы мендамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық), ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т. б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларамен, құбылыстармен байланыстарын, ықпалын зерттейді. Құқық əлеуметтануы əр түрлі қоғамдық қатынатар жүйесінде, яғни құқықпен құқықтық сананың əр уақытта таптық сипатта болатынын, ақыр аяғында құқықтық экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тəуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен əлеуметтк қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді жəне қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық əлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тəртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала, ретінде талданады. Ол құқықты, құқықтық сананы жəне құықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретіндежəне құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде əлеуметтік тəртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны əлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық - алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрықжарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы.

Құқық (ағылш. 1. law (наука) ; 2. right) - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі - құқықтың объективтік түсінігі, қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекітуді айтамыз.

Құқықтың объективтік және субъективтік мағынадағы түсінігі. Табиғи құқық. Позитивтік құқық. Бұқаралық және жеке құқық. Объективтік құқық-бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық-бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.

Субъективтік құқық-бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқықтарын (еңбек етуге, білім алуға және т. б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.

Заңды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т. б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.

Табиғи құқыққа қарағанда заңды мағынадағы құқық (объективтік және субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.

Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:

а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар-заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;

ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.

Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші жағы-бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы-жеке-құқықтық жағы.

Бұқаралық құқық-бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.

Жеке құқық-бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің заңды теңдігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар мәртебесі.

Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді. Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор формальдық - кез - келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; мазмұндық - осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі. Құқықтың функциялары: құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі ролін көрсететін құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары, яғни адамдардың іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы, сол арқылы қатынастардың дұрыс және дер кезінде орындалуы қамтамасыз етіледі. Реттеуші функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отырады, позитивтік жүріс-тұрыс ережелерін орнықтырады, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға көмектесу мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер жүктеуден көрініс табады. Қорғаушы функциясы - қоғамдық қатынастарды құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау, тұлға мен қоғам үшін зиянды қатынастарды жою, жаман қатынастарға тиым салу, жауапкершілік түрін көрсету, жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тартумен сипатталады.

  1. Құқықтың белгілері.

Құқықтың мынадай белгілері бар:

1) ерікті сипаты ;

2) жалпыға міндеттілігі;

3) нормативтілігі;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формальді анықтылығы;

6) жүйелілігі.

Еріктілік сипаты - халықтың белгілі-бір тобының немесе қоғамдағы көпшіліктің еркі мен мүдделерін білдіреді Нормативтілік - заңдық нормалардың - жалпыға міндетті тəртіп ережелерінің жиынтығын білдіреді Жалпыға міндеттілік - мемлекет аумағында тұратын барлық тұрғындарға таралады Формальды анықталғандық - арнайы мемлекеттік құжаттарда-нормативтік актілерде көрініс тапқандығы Мемлекетпен байланыстылығы - мемлекеттен туындайды жəне кез-келген бұзушылықтардан мемлекеттік мəжбүрлеу шараларымен қорғалады Құқық - бұл мемлекетпен белгіленетін жəне қамтамасыз етілетін жəне қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалардың жүйесі.

Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырсақ, оның жүйелілігі. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. » (15 бап) . Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі - субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы қажет. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі. Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясының 19-бабы) . Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Формальдық анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді.

Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.

Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атынан жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Құқықты түсіндіру мәні
Құқықты түсіндірудің маңызы
Құқықты түсіндіру мазмұны
Құқық нормасының құрылымының алғышарттары
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ
Құқық нормасын талқылау
Құқық нормасы туралы мәселе
Нормативтік - құқықтық акт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz