Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
филология факультеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы

ОСӨЖ
Пәні: Қазақ тілінің морфологиясы

Факультеті: Филология
Орындаған: Жанарбек Қарақат
Тексерген: Жұбай Орынай Сағынғалиқызы

Алматы 2022-2023 жыл.
Жоспар:
1.1. Етістіктің грамматикалық категориялары. Салт, сабақтылық категориясы. Етіс түрлеріне қатысты ұстанымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Анықтық-танықтық категориясы. Есімдіктер мен шақ категориясындағы көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

Ұлттық тіл біліміне дейінгі зерттеушілер арасында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тануда алшақтық болмағанмен‚ есімдіктердің мағыналық топтары түрліше сараланған. Мәселен, Н.Ильминский есімдіктің 3 түрін ғана көрсетсе, М.Терентьев, П.Мелиоранскийлер 5 түрін, И.Лаптев, Н.Созонтовтар 6 түрін атайды. Басқа зерттеушілердегі өздік, тәуелдік есімдіктері Қ.Кемеңгерұлы жіктеуінде жоқ, ал анықтау (определительные) есімдігі басқа ғалымдарда кездеспейді.
Т.Шонанов есімдіктерді жіктеуде П.Мелиоранский еңбегіне сүйенсе, Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлы топтастыруын басшылыққа алған. Оқулығы орыс топтарына арналғандықтан, атаулары орысша болғанмен, есімдіктерді тануда Қ.Кемеңгерұлы мен А.Байтұрсынұлы еңбектерінде алшақтық байқалмайды.
Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді тануынан мынадай ерекшеліктер көреміз: а) А.Байтұрсынұлы еңбектеріне сүйене отырып, тәуелдеу есімдіктерін есімдік қатарына қоспай, жалғау ретінде қарастырады;
ә) өздік есімдіктерін есімдіктің бір түрі ретінде жеке шығармай, оны анықтау (определительные местоимения) есімдіктерінің ішінде түсіндіреді. Бұдан басқа әркім, әрқайсысы, бәрі, барша т.б. есімдіктерін де анықтау есімдіктері қатарында атайды. Осы орайда ғалым есімдіктердің атауы ретінде анықтау есімдігі дегенді ұсынады да, оған танықтау есімдігін қарсы қояды. Яғни анықтау есімдігі - жеке адамды немесе топты көрсетсе, танықтау есімдігі - нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел еместігін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып, анықтау есімдігі деп атайды да, белгісіздік есімдігін танықтау есімдігі дейді;
б) Қ.Кемеңгерұлы есімдіктердің септелу үлгісін көрсетіп, онда жіктеу есімдіктері жатыс септіктен басқа септіктерде азатынын, яғни дыбыстық өзгерістерге ұшырайтынын (маған, сені т.б.), сілтеу есімдіктері септелгенде, көптік жұрнағын* қабылдағанда, соңғы дыбысы түсіп қалатынын (о-ның, бұ-дан, мына-лар т.б.); сілтеу есімдіктері есімдерден бұрын келіп, анықтауыш қызметін атқарғанда септелмейтінін; сұрау есімдіктерінің ішінде қайсы есімдігі барыс септігін -ған түрінде қабылдайтынын (қайсыған); қашан есімдігі ілік, табыс септігінде түрленбейтінін айтады;
в) сілтеу есімдіктерінің жекеше түріне тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, негізден кейін н дыбысы қосылатынын әрі сөз басындағы б дыбысы м дыбысына ауысатынын, ал көпше түрде мұндай өзгерістердің болмайтынын ескертеді. Шектеу (определительные) есімдіктерінің ішінде әркім есімдігінен басқалары тәуелдеулі түрде ғана қолданылатынын, ал кей, қайсыбір, ешбір сияқты танықтау есімдіктері тәуелденбей тұрып септелмейтінін, жіктелмейтінін айтады;
г) жіктеу есімдіктерінің анайы, сыпайы, жекеше, көпше түрлері болатынын ескертеді;
ғ) есімдіктерденкейін-шыл, -ша, -лық, -дай, -дағы, -нікі, -сызжұрнақтары ғана жалғана алатынын айтады.
Ғалымдар арасында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін тануда алшақтық болмағанмен, кейінгі зерттеушілер анықтау, танықтау есімдіктерін ұсақ бөлшектерге жіктеуге тырысқан. Яғни А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде танықтау есімдігі нәрсенің жоқтығын (ешкім, ештеңе, ешбір)‚ анық белгілі еместігін (әлдекім, әлдене) немесе түгел еместігін (кейбір, қайсыбір) білдіретіні сөз болса, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын білдіретін сөздер -- болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе, белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдірсе, алалау есімдіктері деп аталып, танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен одан әрі таратыла түскен. Бұлайша жіктеу бүгінгі таңдағы оқулықтарда да үрдіс алып келеді.
Яғни‚ кейінгі оқулықтардағы есімдіктердің берілуі С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев жіктеулеріне ұқсас екенін көреміз. Тәуелдеу есімдігі деген атаудың орнына өздік есімдігі деп аталғаны болмаса, басқа өзгешелік жоқ. Бұл оқулықтардың бәрінде де белгісіздік есімдіктері бір, әр, әлде сөздерінің ұйтқы болуымен жасалатыны сөз болады. Ал А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде әр сөзі анықтау (шектеу) есімдігі ретінде танылады. Дұрысында да‚ кейбір, қайсыбір, әлдекім, әлдене т.с.с есімдіктермен салыстырғанда, әр есімдігімен бірігу арқылы жасалған әркім, әрбір, әрқайсысы сияқты есімдіктерде белгісіздік мәннен гөрі нақтылық басымдау сияқты. Бұл ерекшелік әр сөзінің зат есіммен тіркесуінен айқын көрінеді: әр адам, әр оқушы, әр ай, әр зат т.б. Ендеше, әр сөзінің қатысуымен жасалған есімдіктерді белгісіздік есімдігінің қатарына қосуға келмейтін тәрізді. Оның үстіне болымсыздық есімдігі ретінде танылып жүрген ешкім, ешқайсы, ешбір, ештеңе т.с.с еш сөзінің ұйтқы болуы арқылы жасалған есімдіктердің орнына белгісіздік есімдіктері де жүре алады: ешкім келмеді - біреуі де келмеді, ешқайсысы да айтпады - бірі де айтпады, ештеңе қалмады - бірдеңе қалмады т.б.
Сол сияқты мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерге белгісіздік есімдіктерін де, болымсыздық есімдіктерін де жатқызуға болады. Ендеше, өзара мәндес, шектес мұндай есімдіктерді жіктемей-ақ, топтастырып берген дұрыс сияқты.
Сонымен қатар кейінгі грамматикаларда есімдіктің жеке бір түрі ретінде танылып жүрген өздік есімдігінің жекеше түрі әркім, әрқайсы т.с.с. есімдіктермен, көпше түрі бәрі, барлығы, барша т.б. жалпылау есімдіктерімен мәні жағынан да, түрленуі жағынан да сәйкес келетін сияқты. Өздік есімдіктеріне: сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер түрінде берілген анықтамаға жіктеу есімдіктері де, әркім, әрқайсысы, әрбір т.б. есімдіктер де толық жауап бере алады. Ендеше, сыртқы тұлғасына байланысты өздік есімдіктерін жеке топ ретінде танығаннан гөрі өзара мағыналас есімдіктер қатарына қосқан жөн тәрізді. Осыған байланысты өз тарапымыздан А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді топтастыруымен толық келісе отырып, белгісіздік, болымсыздық есімдіктерін - танықтау; өздік, жалпылау есімдіктерін - анықтау есімдіктері ретінде топтастыра берген дұрыс болуы керек деп ойлаймыз.
Сонымен қатар әлде, әр сөздерінің қатысуымен жасалған әрқалай, әрқашан, әлденеше, әлдеқайда, әлдеқалай, әлдеқашан т.с.с. әрі есімдік, әрі үстеу қатарында аталып жүрген сөздерді тек үстеу ретінде ғана танып, есімдік қатарынан шығару керек сияқты. Себебі бір сөздің екі түрлі категория аясында қарастырылғаны, яғни екі түрлі сөз табы ретінде танылуы дұрыс болмайды. Осыған байланысты әр, әлде, еш сияқты сөздердің қандай есімдіктерге тіркесуін, мәні мен қызметін нақтылап отырған жөн тәрізді.

Қосымшалар турасына келгенде ғалымдардың ішінде Ақымет Байтұрсынұлының, Ахмеди Ысқақовтың, Б.Қ.Момынованың, С.М.Исаевтың еңбектерін басшылыққа аламыз. Осылардың ішінде жалпы пікірталас туғызып жатқан мәселелердің біріде бірегейлері - атау септік турасында, көптік жалғау турасында, жіктік жалғау турасында.
С.М.Исаевтың пікірі бойынша Атау септігінің арнайы грамматикалық формасының болмауы мағыналық, қолданыс-қызметтік, парадигмалық сипаттарын анықтап, айқын сипаттап беруге, екінші жағынан, септік жүйесінен оның алатын орнын дәл айқындап беруге кедергі болған, сондықтан да атау септігінің жалпы септіктер жүйесінен алатын орны, басқа септік түрлерімен қарым-қатынасы дұрыс айқындалмай, шатасып кеткен. "Сырт алып қарағанда, септік жалғауы қатарында аталып отырғаны болмаса, атау септігінің арнаулы жалғауы жоқ. Дұрыстығында атау септік деп отырғанымыз - сөздің септік жалғауын қабылдамай тұрғандағы күйі. Оны атау септік деп септік жалғауының басына қою, сөзге септік жалғауларының грамматикалық табиғатын тану үшін аса қажет, өйткені барлық септік жалғауларына негіз болатын сөз - осы атау күйінде тұратын сөз" "Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан, ол тек белгілі затты атау үшін ғана емес, онан әлдеқайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралады. Осыған орай негізгі септік деп аталады. Сөйтіп, қазақ тіл білімінде атау септік түлғасы септік жүйесінде басқа септік түрлерімен тең деңгейде емес, оларға немесе басқа септік тұлғаларын үстеуде негіз болатын тұлға, демек, зат есімнің түбір (негізгі және туынды түбір) тұлғасы деген ұғыммен барабар екенін байқаймыз. Ол - атау септік тұлғасының қолданылу аясын анықтаудан да көрінеді: атау септіктегі сөз бастауыш қызметінен басқа 1) баяндауыш қызметінде (ол - мұғалім), 2) анықтауыш қызметінде изафет конструкциясында (қол сағат сатып алдым); 3) үшін, арқылы, туралы, сияқты, жөнінде, жайында, бойы, бойынша сияқты септеулік шылаулармен тіркесіп қолданылады. Ең алдымен, атау септігі басқа септік түрлерімен білдіретін грамматикалық мағынасы, сипаты, атқаратын қызметі жағынан теңдес, сыбайлас, ыңғайлас болмай, тек басқа септік түрлеріне "негіз болатын" ғана болса, онда атау септігінің септіктер жүйесіне оның бір түрі ретінде ене алмайтынын естен шығармаған жөн. Яғни белгілі бір парадигмалық түрлену жүйесіне негіз болатын тұлға ол жүйенің бір түрі ретінде сол жүйенің шеңберінде қаралмайды. Мысалы, тәуелдік категориясына (түрлену жүйесіне) негіз болатын зат есімнің негізгі я туынды тұлғасы (мысалы, бала-м, бала-ң, бала-ңыз, бала-сы немесе білім-ім, білім-ің, білім-іңіз, білім-і дегендерге негіз болып тұрған бала және білім тұлғалары) сол түрлену жүйесінің бір түрі болып енбейді. Жіктелуде де, етістіктің шақ, рай т.б. грамматикалық категорияларында да осылай. Екіншіден, атау септік тұлғасын "басқа септіктерге негіз болатын тұлға" деп анықтасақ, онда атау септік ұғымы зат есімнің түбір (негізгі және туынды түбір) тұлғасы деген ұғыммен барабар болып, тек септік түрлеріне ғана емес, сонымен бірге зат есімнің басқа да түрлену жүйелеріне (тәуелдену, көптелу, жіктелу) негіз болатын тұлға болатынын да естен шығармау керек. Онда ол (атау септік) септік жүйесі шеңберінен сырт қалуға тиісті. Рас, атау септігінің басқа септік түрлері сияқты арнайы грамматикалық көрсеткіші (формалары) жоқ. Сондықтан атау септік тұлғасы сырттай зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес, ұқсас келеді. Бірақ бұл екеуі бір емес. Атау септігінің өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмағанымен, зат есімнің түбір тұлғасынан өзгеше болып келетін, басқа септік түрлері білдіретіндей арнайы грамматикалық мағынасы бар және сөз арқылы формасыз атау септік тұлғасы басқа септік тұлғалары сияқты семантикалық мән мен синтаксистік қызмет атқарады, яғни сөз бен сөзді байланыстыруға қатысады. Міне, осы қасиеттері арқылы атау септігі қазақтілінің септік жүйесінде септіктің басқа түрлерімен тең дәрежедегі тұлға және парадигмалық түрленудің бір көрсеткіші болып табылады да, жоғарыда қазақ тілі грамматикалары көрсетіп, танып жүрген атау тұлғасындағы сөздің баяндауыш, анықтауыш болу қызметтері, кейбір септеулік шылаулардың тіркесуі атау септіктегі сөз емес, одан бүтіндей бөлек зат есімнің түбір тұлғасы болып табылады. Айталық, баяндауыш қызметін атқарып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері
Қазақ тілі грамматикалық категорияларының антропоөзектілігі
Қосымшалардың мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін көрнекілік арқылы түсіндіру
МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Қазақ грамматикасы
Етіс категориясы - түбір етістіктен туатын грамматикалық форма
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Етістіктің қазақ тілінде зерттелуі
ҚТС - дағы зат есіммен байланысатын етістікті сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдарын өзге тілдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу
А. Байтұрсыновтың есім сөздерді жіктеуі
Пәндер