Мезгіл мəнді құрмалас сөйлемдер

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Пәні: Қазақ тілінің синтаксисі
Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің функционалды-семантикалық түрлері.
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиетінің 4- курс студенті Жанарбек Қарақат,
Тексерген: Иманалиева Г. К
Алматы, 2024 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
1.1. Құрмалас сөйлемдердің функционалды-семантикалық түрлерін ғалымдар қалай бөліп қарастырды?;
2.1. Құрмалас сөйлемдердің функционалды-семантикалық түрлері және олардың жасалу жолдары;
3.1.Көркем әдебиеттен және публицистикалық мақалалардан мысалдарды функционалды-семантикалық тұрғыдан талдау;
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі тіл білімінде құрмалас сөйлемдер туралы зерттеулердің саны артып келеді, бірақ қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері мен құрылымдық ерекшеліктері әлі толық зерттелмеген. Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінгі күнде қазақ тілінің функционалды және құрылымдық тұрғыдан зерттелуіне қатысты жаңа көзқарастардың қажеттілігінен туындап отыр. Сонымен қатар, құрмалас сөйлемдердің дұрыс қолданылуы тілдің стилистикалық мүмкіндіктерін кеңейтеді және сөйлеу тілін байытады.
Тақырыптың мақсаты: Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін зерттеп, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қолданыс аясын анықтау. Құрмалас сөйлемдер арқылы мағыналық байланыстар мен олардың сөйлем ішіндегі рөлін түсіндіру көзделеді.
Тақырыптың міндеті:
1. Құрмалас сөйлемдердің функционалды-семантикалық түрлерін ғалымдар қалай бөліп қарастырғанын анықтау;
2. Құрмалас сөйлемдердің функционалды-семантикалық түрлері және олардың жасалу жолдарын атап өту;
3.Көркем әдебиеттен және публицистикалық мақалалардан мысалдарды функционалды-семантикалық тұрғыдан талдау.
Жұмыстың тарихнамасы(әдебиетке шолу). Жұмыс Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар атты монография-оқулық бойынша және Есенов Қайырболат Мұқанұлының Құрмалас сөйлем синтаксисі атты оқу құралы жасалады. Сонымен қатар Рақыш Әмір және Жанар Әмірованың Қазіргі қаза тілі құрмалас сөйлемдер жүйесі Ахмет Байтұрсынұлының Тіл құрал еңбегі мен Серғалиев М. Синтаксис және стилистика оқулығы қолданылды.
1.1. Құрмалас сөйлемдердің функционалды-семантикалық түрлерін ғалымдар қалай бөліп қарастырды?
Өткен ғасырда доминант сипатқа ие болған бұл ұстанымның шынайы атауы - семантика-морфологиялық ұстаным. Алдымен морфологиялық ұстаным бойынша салалас, сабақтас құрмаластарға жіктеледі де, одан əрі салаластар жеке, сабақтастар жеке мағыналық қатынас ыңғайында ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы, кезектес, шартты т.т. болып өз ішінде жіктеледі. Бұл ұстаным - қазақ тіл білімінің қалыптасуының алғашқы кезеңінен бастап күні бүгінге дейін қолданылып жүрген ұстаным. Синтаксис мәселелерінде доц. С.Жиенбаев құрмалас сөйлемге тікелей қатысты бірталай ой қозғаған. Ол, негізінен, құрмалас сөйлемді салалас құрмалас және сабақтас құрмалас деп екі бөліп қарайды. Кейбір ғалымдардың басқаша бөлгені де белгілі. Айталық, проф.Н.Сауранбаев бұл екеуіне қоса, "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесінде" іргелес те бар дейді. Ол кейін "Қазіргі қазақ тіліне" (1954) салаластың жалғаулықсыз түрі ретінде енді.
Қазіргі кезде қазақ синтаксисінің барлық мамандары құрмалас сөйлемнің салалас пен сабақтасқа ғана бөлінетіндігі жайлы бір пікірде. Құрмалас сөйлемнің арнайы түріне жатпағанымен, оның негізгі екі түрі қабаттаса келсе, аралас құрмалас сөйлем аталуы да ортақ пікір тапты. Аралас құрмалас "Синтаксис мәселелерінде" де бар. Доц.С.Жиенбаев салаласты алдымен жалғаулықты, жалғаулықсыз деп жіктемейді. Бірден мағыналық жағынан таптастырып, ыңғайласс, Барсылас, талғаулы, себеп-салдарлы деп төртке бөледі де, талғаулы салаластың ескертеді. жалғаулықсыз келмейтінін
Құрмалас сөйлемнің бұл түрі туралы әр түрлі пікірлер бір ізге түсті. Бұларды сабақтастардан ажыратуға болатынына ешкім күмән келтірмейтін сиякты. Мұны доц.С.Жиенбаевтың біраз авторлардан бұрын түсінгендігін батыл айта аламыз. Себебі 30-40- жылдары бұл мәселе даулы болатын. Тіпті бір автордың өзі әр жылғы оқулықта салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін бірде азайтып, бірде көбейтіп жүрді. Бір ғана мысал келтіре кетейік: "С.Аманжолов 1938 жылы мектепке арнап жазған Қазақ тілі программасында және 1939 жылы бірінші рет ресми түрде басылып шыққан мектеп грамматикасының таксис бөлімінде салалас құрмалас жалғаулықсыз және жалғаулықты салаластар болып басты екі топқа бөлінді. "Программада" жалғаулықты салаластың жеті түрі берілді: тіркес салалас (да, де, және), қарсылас (бірақ, сонда да ...), үдетпелі (әрі), талғаулы (я, не, немесе, болмаса), себепті (себебі, сондықтан, өйткені), кезектес (біресе, кейде), бейтарапты (мейлі, құй). Жалғаулықсыз салалас мұндай жіктерге бөлінбейді. "Грамматикада" жалғаулықты салаластың түрлері ықшамдалып, төрт түрі ғана көрсетіледі: 1) ыңғайластық (мезгілдес) салалас, мұның ішінде "программада" көрсетілген тіркесті және үдетпелі салаластар да енген; 2) қарсылықты жалғаулы салалас; 3) талғаулы (жіктемелі), бұған "программада" көрсетілген кезектес, бейтарап салаластар жатқызылған; 4) себептік Салалас. Жалғаулықсыз салалас та төрт түрге жіктеледі: 1) ынғайлас, 2) қарсылықты, 3) себеп-салдар, 4) анықтамалы. "Синтаксис" оқулығының 1946 жылғы басылуында анықтамалы салаласты ыңғайлас салаластың тобына енгізіп, үш түрін ғана сақтаған. 1951 жылғы басылуында калғаулықты салаластың тобына кезектес салалас қосылып, бес түрі көрсетілген. 1953 жылғы басылуында жалғаулықсыз салаластың құрамына төртінші болып іліктес салалас қосылып, бұдан кейінгі басылуларында өзгеріссіз сақталып қалды. Проф. С.Аманжолов лекцияларында салаласты соңғы жылдағы 11 түрге бөліп көрсетеді ... жалғаулықты салаластарды 8 түрге бөледі .. Бұл орайда 1949 жылғы мектеп грамматикасында проф.М.Балақаевтың жіктеуінен басталған дәстүрлі таптастыру дұрыс екенін теория да, практика да дәлелдеп отыр. Ол оқулықта салаластар әуелі жалғаулықты және жалғаулықсыз болып жіктеледі де, жалғаулықты салаластар: мезгілдес (ыңғайлас), қарсылықты, себеп-салдарға бөлінеді. Басқа ғалымдардың ізінше М.Балақаев салаласты іргелес салалас деп те атайды. С.Жиенбаевтың қарсылықты, жалғаулықсыз түрлерін жалғаулық себеп-салдарлы қойып тексеру керектігін ескертуі дұрыс айтылған пікірге жатады. Жалғаулы салаластардың жалғаулықсыз келмейтіндігін де ең бірінші болып есертеді [1, 86-88 бб].
проф.Қ.Жұбанов мағыналық белгісі жағынан өзара тең дәрежеде, бірі тұлғасындағы екіншісіне бағына айтылмаған көсемше баяндауыш құрмаластарды салалас құрмаласқа жатқызған: "Әуеде жыршы құстар Өлең айтып, Киқу салар көлдегі қаз бенен ку (Абай);
М.Балақаев қазақ тіліндегі сабақтас сөйлемдердің дені пысықтауыштық ыңғайда келетінін айтып, оларды алты топқа жіктейді: шартты, қарсылықты, мезгіл, амал, себеп-салдар және мақсат бағыныңқылы сөйлемдер. Бір айта кететін жай қазіргі уақытта да сабақтас сөйлемнің түрлері мектептерде осы ізбен оқытылып жүр.
1950-жылдары ілгеріде аталған тіл мамандарымен қатар, құрмалас сөйлемнің мәселелерін зерттеуде Т.Қордабаев; О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Қ.Есенов, Х.Арғынов сияқты зерттеушілер араласа бастады.
50-жылдардағы зерттеулерден ең алдымен "Қазіргі қазақ тіліндегі" (1954) Н.Сауранбаев жазған "Құрмалас сөйлем синтаксисі" бөлімін атау жөн. Бұл бөлім сөз болған "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесінің" (1948) негізінде жазылған. Алайда автор кейбір мәселелерді қайтадан қарастырып, оларды басқаша түсіндірген. Мәселен, "... құрмалас сөйлем жүйесінде" құрмалас сөйлемді жалпы үш салаға (іргелес, салалас, сабақтас) жіктесе, бұл еңбегінде оны төртке бөледі (салалас, сабақтас, аралас құрмалас, үйірлі мүшелі құрмалас) [1, 111-114 бб].
Ал Ахмет Байтұрсынұлы құрмалас сөйлемдерді сыйыса құрмаласу, қиыса құрмаласу деп бөліп. Сыйысулы құрмаластарды тағы да өз ішінен шұбалаң түрі және ықшам түрі деп екі топқа жіктейді. Қиыса құрмаласуды бүгінгі біз қолданып жүрген салалас және сабақтас деп қарастырады [2, 300 -301 бб].

Ыңғайлас мəнді құрмалас сөйлемдер. Қазақ тiл бiлiмiнде алдымен, жиылыңқы (А.Байтұрсынов), кейiннен ыңғайлас (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев) деген атпен мəлiм болған ыңғайлас салалас деп аталатын құрмаластың түрін соңғы кезде жарық көрген еңбектерде мезгілдес салаластар деп атап жүр.
Функционалдық аспект негізінде теңдік қатынастағы құрмаласқа жататын бұл құрылымның компоненттері, жоғарыда айтылғандай, салаласа да, сабақтаса да байланысады. Мұндай сөйлемдерде мағыналық ыңғайластықты білдіру үшін ыңғайлас терминінің мəнін ашатындай, əр компонентте сөйлем мүшелерінің біртектестігі, жұптаса, үйлесе қолданылуы орын алады.
Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.(М. Әуезов Көксерек)
Мезгіл мəнді құрмалас сөйлемдер. Тіл ғылымында таксис терминімен танымал мезгілдік қатынастар - бір мезгілде не əр мезгілде орындалатын іс-əрекеттерді, үзілісті негізгі жəне жанама қимыл арақатынасы тұрғысында сипаттайтын тілдік санат. Мезгіл мəнін білдіретін құрмалас құрылымдар дəстүрлі грамматикада салалас жəне сабақтас құрмалас сөйлемдер аясында мезгілдес (ыңғайлас) салалас, мезгіл бағыныңқылы сабақтас, мезгілдес сабақтас деген атаулармен беріліп, жеке-жеке қарастырылып жүр.
Аналитикалық тəсіл: мезгіл үстеулері мен мезгіл мəнді сөздер арқылы мезгілдік мəннің берілуі.
Сонымен бірге мезгіл мəнді сөздер (уақытта, кезде, шақта, күнде жəне т.б.) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында болған кезде, екі компонент арасында мезгілдік қатынас түзілуіне ықпал етеді: Бұл басына күн туған кезде, туған жерін шырылдап қорғаған еңіреп туған ерлер шықты. (Бексұлтан Нұржекеұлы Өзендер өрнектеген өлке)
Синтетикалық (грамматикалық) тəсіл: қос компоненттің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы. Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруда жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары қатысады, бірақ септеуліктердің көмегінсіз жеке тұрып, компоненттерді байланыстыру қызметі тек жатыс септіктеріне тəн:
-ған -ген + кезде = Іңірде жұрт саябыр болған кезде, жұрт біздің школға жиналды. (Сәкен Сейфуллин Тар жол тайғақ кешу)
- й тұлғалы болымсыз көсемше = Күнімжанға айтып үлгермей, атып тұрып манағы қол шайған жаққа қарай жүгірді. (Сәуле Досжан "Көрдемшінің қасіреті")
Өткен шақ есімше + жатыс септік жалғауы = Өткенде Алматыға жүргелі жатқанда, жолдас-жоралары мұны ұзатқан қыздай шығарып салған-ды. (Фариза Оңғарсынова Мұнаралар алыстан көрінеді)
- ғаннан - геннен + кейін = Өргенішті монғолдарға бергеннен кейін, қалған әскерімен Үндістанға барып паналаған. (Ільяс Есенберлин Алтын Орда)
- ған -ген + соң шылауының алдыңғы есімшемен ұласып, тұтасып кететін түрі = Біраз бойы үйреніп алғасын, Біржан күндеп жұмыс істеуге кірісті.(Ғабит Мүсірепов Тулаған толқындар) Бұндай сөйлемдер көбіне ауызекі сөйлеу стилінде көбірек қолданылады.
- ыс - іс - с + тәуелдік жалғауы + көмектес септігі = Күн шығысымен, Қараш-Қараштың шаттарында, қара жолдың айналасында қарауылда отырады.(Мұхтар Әуезов Қараш-қараш оқиғасы)
- ыс - іс - с + тәуелдік жалғауы + көмектес септігі = Батырдың даусы шығысымен, Жұмабек пен Тәсібек жақындады.(Софы Сматаев Елім-ай)
-ар -ер + да = Ол Лондоннан шығарда, Мәскеу мейрамханасында кешкі жетіде кездесетін болып келіскенбіз. (Аягүл Мантай Бөтен)
- са шартты рай = Жүгіріп есік алдына шықсам, Меңтай мен Майра күтіп тұр екен. (Әзілхан Нұршайықов Махаббат қызық мол жылдар)
- есімшенің - ған -ген жұрнағы + -ша -ше = Қашан ұйқым келгенше, оның қасына мен де барып отырамын(Сәбит Мұқанов Өмір мектебі) Бұндай сөйлемдерде қашан сияқты сөздер қолданылып, күшейтпелі мағына беріп тұрады.
Қарсы мəнді құрмалас сөйлемдер. Қазақ тіл біліміне бір кездері ереуіл, қайшы салалас деген атпен енген, кейіннен қарсылықты салалас, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас деп аталған бұл сөйлемдердің компоненттері бір-біріне қарама-қарсы келетін əрекеттерді, оқиғаларды баяндайды. Бұл жөнінде филология ғылымдарының кандидаты Б.Қапалбеков: Қарсылықты салалас сөйлем мен қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді сыңарлары қарсы мағынада келетін құрмаластарды жасаудың əртүрлі тəсілдері деп қарауға болады. Болашақта қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі басқа қырынан, мағынадан оны жасаушы тұлғаларға қарай жүретін тəсілмен қарастырылатын болса, онда
қарсы мəндегі сабақтас, салалас сөйлемдер бір деңгейге топтастырылатын болады, - деп көрсетеді [4, 720 б.].
Қарсы мəнді құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары:
а) семантика-грамматикалық тəсілдер немесе аналитикалық тəсілдердің ішінде қарсы мəнді құрмаластарды жасауға актив қатысатыны - ассоциативті антонимдік байланыстар, антоним сөздер;
Лексикалық қайталау, сөйлем мүшелерінің алмасуы арқылы да қарсы
мəнді құрмаластар жасалады;
ə) аналитикалық-синтетикалық тəсілдер арқылы мезгілдік мəннің
берілуі (шылаулар, орын тəртібі мен интонация тəсілдері);
б) грамматикалық (синтетикалық) тəсілдер (құрмалас компоненттерінің баяндауыш формасы):
1) шартты рай тұлғасы арқылы (-са, -се);
2) шартты рай тұлғасына да, де дəнекерi тіркесу арқылы;
3) көмектес септiктi есiмше тұлғасы арқылы;
4) барыс септiктi есiмшеге қарамастан сөзiнiң тiркесуi арқылы;
5) көсемше тұлғасы арқылы (-а, -е, -й).
А.Аманжолов сонымен бірге қарсылықты мəн беруде салыстырмалы
мəні бар, бірақ қарсылықты мəні басым болатын екі тұлғаны көрсетеді:
1) - ғанша;
2) - мақ түгіл.
Қарсы мəнді құрмаластар қарсылықты мағынаның берiлуiне қарай
реалды қарсылықты жəне ирреалды қарсылықты сөйлемдер болып бөлiнедi.
Реалды қарсылықты бағыныңқыда қарсы мəндегi оқиғаның орын-
далғаны не орындалатыны баяндалады.
Ирреалды қарсылықты бағыныңқы сөйлемнiң бағыныңқы сөйлемiнде белгiлi бiр iстi орындау жайында əрекет жасалғанымен, басыңқыда сол əрекеттiң орындалуы терiске шығарылады.
Мәйітті бұрыннан көріп еті үйреніп кетсе де, дәл сонда қатты шошыды. (Софы Сматаев Елім-ай)
Түсіндірмелі мəнді құрмалас сөйлемдер. Түсiндiрмелi салалас алғашында iлiктес, анықтамалы болып əртүрлi аталып келдi. Құрмалас сөйлемнің мұндай түрінің сабақтаса да байланысатынын жəне бағыныңқы сөйлемнің өзге түрлеріндей емес, айқындаушы, түсіндіруші қызмет басыңқының үлесіне тиетіндігін айтқан ғалым - Қ.Есенов.
Түсіндірмелі құрмаластардың жасалу жолдары:
1) Алғашқы компонентiнiң баяндауыштары сол, сондай, сонша есiмдiк,
үстеу сөздерiнiң қатысы арқылы жасалады.
2) Алғашқы компонентiнiң құрамында мынандай жалпылауыш сөзi
қолданылып, келесі компонент оның мəнін ашып тұрса, кейде ол сөз жа-
сырын тұруы да мүмкiн.
3) Алғашқы компонентiнiң баяндауыштарында түсiндiрмелi мəндегi
есiм, етiстiк сөздер де қолданылады.
4) Анафоралық есімдіктер арқылы жасалады. Мұндайда алғашқы
компонент сұраулы сөйлем формасында тұрады да, екінші компонентте
сол сұраудан туындаған нұсқау баяндалады.
5) Алғашқы компоненттің шартты рай формасындағы баяндауышы
келесі компонентке нұсқап тұрады, ал екінші компонент бірінші ком-
понентте нұсқалған ойдың жауабы ретінде қолданылса. Мұндайда
екінші компонент, негізінен, есім баяндауышты болады.
Коньяктың қалғанын сарқып ішіп, бос мойын болып отырған ферма меңгерушісі ойлаған: қайтсем Бөпенің алдын ораймын деп. (Дүкенбай Досжан Қарақұрт тиген)
Себеп мəнді құрмалас сөйлемдер. Н.Сауранбаев себеп бағыныңқыларды мезгіл бағыныңқы сөйлемнің негізінде қалыптасқан құрылым десе, А.А.Кузьмина себептік қатынастардың пайда болуын: Тілде əуелі қатарласа байланысу, мезгілдік ұқсастықтар бекиді. Ал себептік қатынастар грамматикалық жағынан пішімделіп мұнан бұрын қалыптасқан синтаксистік пішіндердің берілу тəсілдерін пайдаланады, - деп түсіндіреді Бұл мезгіл жəне себеп мəнді сөйлемдердің бір негізден шыққандығын дəлелдей түседі. Ғалымдардың бұл тұжырымдарын Қ.Есенов былайша өрбітеді: ...тілдің көне дəуірінде ең алдымен мезгіл бағыныңқы сөйлемдер болған да, кейінірек олар себептік мəнді бергенге ұқсайды. Ал содан кейін бара-бара мезгіл бағыныңқылардан себеп бағыныңқы сөйлемдер өз алдына бөлініп шыққан болу керек [5, 95 б.].
Себеп мəнді құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары:
Тахир өте қатал, қатыгез болған көрінеді, сондықтан қазақ сұлтандары мен елдің игі жақсылары одан теріс қарап кетеді. (Бексұлтан Нұржекеұлы Өзендер өрнектеген өлке)
- ған -ген + соң = Көшерлiк өз көлiгi жоқ болған соң, Қодар ешкiмнен көлiк те сұрамаған. (Мұхтар Әуезов Абай жолы)
- ған -ген + соң = Қос ат та айдаушысының мазалы екендігін сезген соң, бөкең бүлкілмен жеңіл желпіп келеді. (Ш. Құмарова Қазбауыр бұлттар)
Өткен шақ есімше + субстантивтік жұрнақ - дық + шығыс септік жалғауы = Қонақ келетiн болғандықтан, бұл өлке биелерiн де жылдағыдан ерте байлапты. (Мұхтар Әуезов Абай жолы)
болымсыз - й тұлғалы көсемше = Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан ұшып тұрады, біресе отырады. (Бейімбет Майлин Кәдір түнгі керемет)
- ып көсемше жұрнағы = Оразбекке жасаған қатты шабуылдн қаймығып, балалар да бір сәт қыбырсыз қалған. (М. Абдрахманов Қар қылаулап тұр)
Шарт мəнді құрмалас сөйлемдер. Қазақ тіл білімінде шартты бағыныңқылар біршама қарастырылғанымен, шартты салаластар мəселесі кезінде Қ.Жұбанов шарт-жағдай саалас деп көрсетсе де, біраз жылдар бойы құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеушілер назарынан тыс қалып келді. Салаластың бұл түрі тек соңғы жылдары қарастырыла бастады. Шарт мəнді құрмаластардың бұл екі түрі жөнінде Қ.Есенов: Құрмалас сөйлемнің салалас түрі мен сабақтас түрі мағыналық жағынан көбінесе бір-бірімен үйлесіп жатады. Екеуінде де мезгіл, себеп, қарсылықты тəріздес түрлері орын алады. Сол тəріздес шарттылық мəніндегі сөйлемдер салалас пен сабақтас құрмаластардан да кездесіп отырады. Бұндағы айырмашылық - байланысу амалында ғана, - дейді [5, 37 б.].
Профессор Р.Əмірдің еңбектері дəйектей түседі. Ғалым компоненттер арасындағы шартты қатынасты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz