Жүсіптің Құтты білігі жайында бірер сөз


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе . . .

II. Негізгі бөлім

1. 1 Жүсіп және оның білімге толы ғұмыры . . .

1. 2. Жүсіптің жасұрпаққа құтты болған «Құтты білігі» . . .

2. 1. Жүсіптей бабамыздың философиялық ойларының жас ұрпаққа берері . . .

III. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

I. Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі шарықтап дамып бара жатқан заманда

адам баласыныңда құлқыны, ойы, түсінігі өзгерген. Қоғамда тәрбие, салт -дәстүр, ата -бабамыздың мұрасы, ырымы, тыйымы, ұят болады деген құндылықтары жоғалып бара жатыр. Адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы кері қарай домалаңдап жерге түсуді. Басшы өзінің кім екендігін білмейтін, тек қара басының қамы үшін басын алып жүрген заманға жеттік. Қос өрімді қыздарымыз еркекшораға айналып, ұлымыз өз болмысын жоғалтып, бойындағы бұрынғы текті қазақ ерлерінің бірде-бір қасиетін сақтай алмаған. Айналамызда ішсем, жесем деушілер көбейіп, білсем, үйренсем деушілер жоқтың қасына айналған. Міне осынау, бұзылған заманның жүрегіне тура жол салатын бірден -бір дәрумен, менің ойымша, кешегі ғұлама ғалымдарымыздың ішіндегі ең ардақты, дара да дана тұлғамыз Жүсіп атамыз. Бұл ғалымның еңбектерін де айтылған, жазылған сөз жауһарлары қоғамды тек көш басына шығарып, адам баласын білуге, оқуға-тоқуға жетелейді. Шындығына келгенде де тура солай, бүгінде том -том болып жарық көріп жатқан «МОТИВАЦИЯЛЫҚ» еңбектердің барлығы дерлік сонау байырғы заманда қаланып, тек бергі 21 ғасырда өз құндылығын жоғалтып, сандық түбінен орын алған. Ал, біздер, жастарға осы байлықты жаңғыртып, насихаттайтын, сол байлықтың маңызына тереңінен бойлайтын заман туған сияқты. Сондықтанда дәп қазіргі сәтте берілген тапсырманы пайдалана отырып, Жүсіп бабамыздың еңбектерінің оқудағы маңызын барынша ашып, көрсеткім келеді . . .

Тақырыптың мақсаты: Оқырманға Жүсіп Баласағұндай ғұлама ғалымның еңбектерін не үшін оқу керектігін, бұл еңбектердің адам баласын жеке тұлға деңгейіне дейін жеткізе алатындығын дәлелді түрде түсіндіру.

Тақырыптың міндеті:

1. Жүсіп Баласағұн және оның білімге толы ғұмырын талдау

2. Жүсіптің Құтты білігі жайында бірер сөз

3. Жүсіптей бабамыздың философиялық ойларының жас ұрпаққа берерін ашып зерттеу.

Жұмыстың тарихнамасы(әдебиетке шолу) . Дереккөздер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі екі бағыт бойынша қарастырылған.

Дереккөздердің алғашқы бағыты: Қазақ әдебиетінің тарихы: оқу құралы. Бірінші бөлім/ Ж. Дәдебаев. -Алматы: Қазақ университеті, 2021, 18-33 б

Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен ауд. жəне алғы сөзі мен түсінік. жазғ. А. Егеубаев. - Алматы: Жазушы, 1986. 53-595б кітаптарынан

Дереккөздердің екінші бағыты: аналитикалық деректер жинау мақсатында және жан-жақты тұрғыдан негізделген ақпараттардан хабардар болу үшін https://bilimdinews. kz/, https://adebiportal. kz/kz, https://egemen. kz/, ғаламторлық ресми, сенімді сайттарды қолдандық.

II. Негізгі бөлім

1. 1. Жүсіп және оның білімге толы ғұмыры

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Онда жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен, екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы «Азия» журналында Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне тәржіма жасады. [1] https:///kz/referat/3454-jusup. html

1. 2. Жүсіптің жасұрпаққа құтты болған «Құтты білігі»

Жүсіп бұл дастанын бар жоғы он сегіз айдың ішінде жазып бітірген екен. Дастан екі кіріспеден тұрған, яғни бірі қара сөзбен, екіншісі өлең жолымен жазылған. Дастанның соңғы үш бөлімінде автор өзінің өткен жастық шағы мен қартайған шағындағы ойларын жазып, өмірдің өтпелілігін, тұрақсыздығын толғайды, өзінің өмірден көрген, білгенін жаза отырып, оқырманға түйгенін жазады. Ақыр-аяғында ақыл-кеңесін айтып, насихат сөзімен тәмәмдайды. Оның бұл еңбегі Әл- Фарабидіңі еңбектерімен сабақтас сол еңбекті дамытқан теңдесі жоқ даналық кітабы. Негізінен Жаңғара Дәдебаевтың айтуынша: автор «Құтты білік» кітабының маңызы мен мәнін өз заманы өте жоғары бағалағаны туралы мәлімет береді. Олардың жалпы сипаты мынадай деп айықындайды: кітаптың даңқы төрткүл дүниеге жайылды; кітап әр тілде әрқалай аталғанмен, адамзат тілдерінің бәріндеұғынықты және қарапайым халық пен ел басқарған патшаларға бірдей пайдалы; Машынның ғұламалары мен даналары бір ауыздан Шығыс әлемінде, Түркістан мемлекеттерінде бұғрахан тілінде түркі сөзімен жазылған бұл кітаптан жақсы; кітапты ешкім жазбағанын айтты; кітап қандай елдің қандай падишахының, қандай ғұламасыныңқолына түссе, сол елдің даналары мен ғұламаларының бәрі оны сөз жақсысы деп білді; Шын мен Машынның, Иран мен Туранның, әлемнің баршағалымдары мен даналары, әкімдері мен хакімдері бұл кітапты өздерінің баға жетпес асыл байлығы қатарында бағалап, көздерінің қарашығындай сақтады, надандарға бермей, ұрпақтарына аманат етіп, мұраға қалдырды; бұл кітапты қолына алып, көңіл көзімен оқыған адам оның пайдасын екі дүниеде бірдей көреді; кітап қадірін көкірек көзі ашық білімді біледі т. б. Сонда қарап отырсақ, бұл еңбектер сол дәуірдің өзінде жоғары бағаланып, халқы сол кітаптан білім алып, кемелденген, ал біздің бүгінгі тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан ұрпақтарымызға бұл кітаптың берері тіптен молынан. Жалпы өз басым Асқар Егеубай атамыздың аудармасы бойынша жарық көрген Құтты білік кітабының бірінші бетін оқи сала үлкен толғаныс үстінде болдым. Әр сөзінен бір жауһар мағна ала аламыз, бойымызға әр сөзден тәрбие жинақтаймыз. Мысалға келтірсек: Жүсіп атамыз Алла сөзімен бастап, «Алла атымен айттым сөздің әлібін, Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім! Құрметі көп, шүкіршілік мың да бір, Еш зауал жоқ, хаққа лайық кіл қадір . . . Жаратты ол: жасыл көк, ай, күн, түнді, Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді. Тіледі де, жаратты бар болмысты, «Бол!»- деді де, бірден бәрін болғызды. Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп, Ием ғана, жалғыз шері, мұңы жоқ»-, дейді. Қандай керемет сөздер. Алладан басталған сөздердің барлығы ізгілікке, хақ жолына толы болары анық. Әрімен қарай: «Құтты білік» дастаны, автордың өзі көрсеткендей, төрт ұғым, төрт қымбат қасиеттің

сұхбаты түрінде жазылған: Әділет (әділ заң) ; Дәулет (құт, ырыс) ; Ақыл (парасат) ; Қанағат (ұстамдылық) және осы төрт ұғым дастан ішінде кейіпкер деңгейіне көтеріліп, оқырманға көптеген сұрақтардың жауабын береді. Кітап авторы адамзат, қоғам, мемлекет үшін өмірлік маңызы зор, кісінің, мемлекет қызметшісінің ойы мен бойына құт болып даритын білікті бірнеше салаға бөліп баяндайды: адам баласының қадір-қасиеті; тіл өнерінің қадір-қасиеті; бекке лайықты қасиеттер; уәзірге лайықты қасиеттер, қолбасыға лайықты қасиеттер; хас қажыбқа лайықты қасиеттер, елшіге лайықты қасиеттер; қазынашылыққа лайықты қасиеттер; шежіреші-хатшылыққа лайықты қасиеттер; аспазшылыққа лайықты қасиеттер т. б. Осы қасиеттер жүйесінде түрлі тәртіптер, әдеп мен міндет өлшемдері көрсетіледі:бектерге қызмет істеу тәртіптері; бектің сарай қызметшілерімен қарым-қатынас тәртіптері; бұқара халықпен қатынас тәртіптері; әулиелермен қатынас тәртіптері; ғалымдармен қатынас тәртіптері; ақындармен қатынас тәртіптері; диқандармен қатысу тәртіптері; сатушылармен қатысу тәртіптері; малшылармен қатысу тәртіптері; қолөнершілермен қатысу тәртіптері; кедей, пақырлармен қатысу жайы; қоластындағы қызметшілерді ұстау жайы т. б

Біліп сөйле, сөзіңде сөл, өң болсын,

Сөзің түпсіз қараңғыға көз болсын!- деп сөздің киесі жайында, сөзің мірдің оғындай таза болу керектігін айтады.

Білім - байлық, азаймас һәм жоғалмас,

Ұры-қары қол жеткізіп ала алмас, - деп білімнің құндылығынан хабар береді, адам бойынан білім ғана ұрланбас, тек бір адамға ғана тиесілі құндылық екенін жеткізеді. Қарапайым екі жол болсада, түбі терең мағыналы ой маржандары. «Құтты білік» кітабында мынадай жолдар бар:

Өзеурейсің: «Менікі, - деп, - менікі!»

Неге айтасың? Қане, несі сенікі?

Дүниедегі мал-мүлікті, үй-жайды, киімкешекті, құрал-жабдық, жер-суды, алтынкүміс асыл тастарды иеленген, «дүниеге бой алдырған» адамның «менікі» деп өзеуремей өтуі қиын. Соған орай Жүсіп Баласағұн осы сөзінің мәнісін ашып, былай деді:

Жаралғанның бірісің, «Мен!» демегін,

«Мен!» десең, жан орны дегін денені . . . Адам баласының мен, менікідеуінің бұрыстығын ақын нақты суреттер арқылы дәлелдейді. Сол суреттер адамның мен-мен деп езеурейтіні жан орны, жанның мекені екенін көрсетеді. Жанның орны дегеніміз - тән. Жан орнын тастап кеткенде, тән топыраққа айналады. Тәні топырақ жамыларда адам дүние байлығынан екі кез кебін ғана алып кетеді, өмір бойы жинаған, сақтаған мал-мүлкі, үйжайы, киім-кешегі, құрал-жабдықтары, жерсуы, алтын-күміс асыл тастары артында қалады. Адам баласы білетін, біле тұра ескермейтін, ескергісі келмейтін осы шындықтың негізінде ақын даналық ой түйеді. [2, 18-33 б. ]

2. 1. Жүсіптей бабамыздың философиялық ойларының жас ұрпаққа берері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Орта ғасырда Орталық Азиядағы тәрбие туралы ой-пiкiрлердiң қалыптасуының теориялық негіздері
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме
Құтты білік дастаныны
Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік»
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН. ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны Ж.Баласағұн туралы зерттеулер
Түркі халықтарының философиясы
Түркі даласының ұлы ақыны - Жүсіп Баласағұни
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz