Халықаралық терроризмге қарсы күрес


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БӨЖ

Тақырыбы : Халықаралық терроризмге қарсы күрес

Орындаған : Назар М.
Тобы:ЖГА-311
Қабылдаған : Айдарбек А.

Түркістан-2024 ж

Жоспары :
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Халықаралық терроризмнің анықтамасы
Терроризмнің әлеуметтік және саяси сипаты
Террористік ұйымдардың әрекет ету тәсілдері
Қазақстанның терроризммен күресудегі рөлі
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі әлемде халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйеде қалыптасуы, өзара іс-әрекеттердің ғаламдық және аймақтық деңгейде дамуы белсенді түрде жүргізілуде. XX-XXI ғасырлардағы ғаламдық проблемалардың бірі терроризммен күрес қазіргі әлемдік қауымдастықтың даму жолының жаңа бағытына айналды. Сондай-ақ XIX-XX мен XX-XXI ғасырлар аралығында болған террорлық әрекетке назар салғанда екеуінің арасында айырмашылықтың бар екенін байқауға болады. Атап айтқанда, XIX-XX ғасырлардағы террорлық әрекеттерде қылмыскер мен жәбір көруші арасында белгілі бір байланыс бар болса, соңғы кездегі террорлықтан жазықсыз жапа шеккендердің саны өсуде.
Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын іс-әрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру терроризм деп аталады. Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Терроризм, терроршылдық (лат. terror - қорқыныш, үрей), лаңкестік -- саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.
Терроризмнің орталық элементі нақты мақсаттарды, сонымен бірге жалпы, кейде символдық мақсаттарды көздейтін террористік актілер. Нақты мақсаттарға саяси көшбасшыны өлтіру, адамдардың көп жиналған жерінде жарылыстар ұйымдастыру жатады. Ал жалпы, символдық мақсаттарға Шешенстанды Ресейден бөлуді талап етуді жатқызуымызға болады. Барлық жағдайда террористік актілердің мақсаты -- қорқыту, үркіту, хаосты туындату. Терроризм субъектілері жеке тұлғалар, арнайы террористік ұйымдар және мемлекет болуы мүмкін. Террористік актілерді террористер өздерінің талап-тілектерін жеткізу үшін пайдаланады.
Террорлық әрекеттер салдарынан қоғамға көптеген зардаптар келуде. "Соңғы 10-12 жылда терроризмнің қауіп-қатерлері жаһандық деңгейде өсіп келе жатқаны байқалады .
Негізгі бөлім
Бұл ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. Ал қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Адамзаттың иманын үйіріп отырған қазіргі терроризмнің пайда болу себептері қандай деген сұрақтың туындауы заңды. Терроризмнің тамыры тереңде. Саяси терроризмнің саясатпен қатар өмір сүріп келе жатқанына 900 жылдай болды. Билікке таласта қарсыластар террористік әрекеттерге жиі жүгініп отырған. Мысалы, XII ғасырда Иранда исламиттердің шииттік сектаксының көсемі Хасан ибн Саббах деген адам сол заманғы араб мемлекеттрінің 8 басшысының, соның ішінде 3 бағдаттық халиф өлімге бас тіккен жанкетшілер арқылы өлтірткен. Хасан ибн саббахтың ассаиндері (жанкетшілер) келесі өмірдегі жұмаққа сенгендіктен өлімге қорықпастан бас тігіп отырған. Ал Ресейде терроризм XIX ғасырдың аяқ кезінде кең тарады. Фанатиктер Каракозов, Александр Ульянов, Кибальчич, Халтурин, Верв Засулич бүгінгі терроршылардың ұстаздары екені шындық. Итальяндық Қызыл бригадалар, жапондық Аум синрико, арабтық ал-Кайда, палестиналық Хамас, Хисборилах, өзбектік Өзбекстан ислам қозғалысы, ауғанстандық Талибан қозғалысы, Ирландияны азат ету армиясы т.б. сияқты ондаған террористік ұйымдар әр кезде әлем халықтарын лаңкестік әрекеттерімен дүрліктіріп отырды. Соңғы он жылдықта террористік ұйымдардың ең белсендісі және қауіптісі - Усама бен Ладен басқарған араб елдерінен шыққан ал - Кайда лаңкестік ұйымы. Бұл ұйым АҚШ-та, Испанияда, Түркияда, Танзания мен Кенияда адам шошырлық террористік операцияларды іске асырды.
Терроризмнің қазіргі заманда қандай да болмасын мемлекеттің бейбіт өміріне қауіп төндіре алатын ғаламдық қауіпке айналуының түрлі саяси - әлеуметтік, экономикалық алғы шарттары бар. Жалпы айтқанда, терроризмнің пайда болуының негізгі тамыры әлемдік қатынастар тәртібіндегі теңдіктің бұзылуына байланысты. Әлемдік әділетсіздік оған қарсы жауапты тудыруда. Оның себебі: әлемдік державалар АҚШ, Ресей, Германия, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Франция т.б. мемлекеттер үнемі әлемдік басымдыққа ұмтылған, әлі де ұмтылуда. Олардың дамушы елдерге көрсеткен қысымына жауап ретінде қазіргі әлемдік терроризм өмірге келді. Сонымен қатар, артта қалған елдердің өз ішіндегі билікке жетуді көздеген экстремистік топтарда террористік әдістерді көкейтесті мақсаттарға жету үшін пайдаланады.
Бірінші топ, дамыған державалар саясатына жауап беру мақсатында әрекет ететін, мемлекеттік шеңберден шығып, әлемнің кез келген нүктелерінде қызметін жүргізе алатын интернационалистік байланыстары бар лаңкестер.
Екінші топ, үшінші дүние мемлекеттеріндегі нақты саяси басшылыққа немесе саяси бағытқа қарсы әрекет ететін, сол елдегі билікті иемденуді немесе бөлісуді мақсат тұтатын топтар.
Қазіргі кезеңде әлемдік шеңберге шыққан интернационалистік лаңкестер әрекеттері тіптен қауіпті бола түсуде. Террористік топтар түрлі елдерден өздеріне жақтастар және қолдаушылар табуда. Мысалы, араб мемлекеттеріне шыққан террористік топтар өздерінің идеялық жақтастарын мұсылман елдерінің көпшілігінен тапты. Ауғанстандағы талибан режимі әлемдік мұсылман экстремизмнің Отанына айналды. Ал Өзбекстандағы биылғы сәуір айының бас кезінде болған лаңкестік әрекеттер осы елдегі билікке қарсы. Елдің басқарушы тобының экономикалық және саяси-әлеуметтік ұстанымымен келіспейтін топтардың билікті шайқалтуға бағытталған әрекеттері.
Бұл кезеңдегі Лаңкестік әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне, халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды. Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20 ғасырдың 70 -- 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 -- 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді.
Б.з. 1 ғасырында Иудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті "қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету" деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы "қызыл террор" мен фашистік Германиядағы "ұлтшылдық террор" өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратистер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды.
Саяси терроризм -- [лат. terror -- қорқыныш] -- қаталдықпен сипатталатын саяси зорлықтың ерекше түрі; тұрғындар мен өзінің қарсыластары арасында қорқыныш пен үркіту тудыру мақсатында бұзақылық әрекеттерді жүзеге асыру, тіптен олардың көзін жою немесе материалдық шығындарға ұшырату. Терроризм мемлекет, ұйымдар, топтар мүддесін қорғау мақсатында саяси күрес құралы ретінде пайдаланылады. Терроризм қарсыластардың бірін-бірі жоюдан басқа амалы қалмаған, қарама-қайшылықтар шиеленіскен жағдайларда дамиды. Терроризмге күрестің басқа жолы қалмаған немесе адамдардың мінез-құлқын түбегейлі өзгерткілері келген жағдайда баруы мүмкін. Терроризмнің психологиялық негізі -- радикализм, экстремизм.
Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады
Күн өткен сайын терроризм мен діни экстремизмнің қаупі жаһандық ауқымға жайылып бара жатқаны рас. Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс - діни экстремизм мен терроризм деп айтуға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың санасын айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл тек Қазақстанға емес, дүниежүзіне айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Соңғы жылдары әлемде террористік әрекеттердің жүздегені болып, оның салдарынан мыңдағаны қаза тауып, тағы мыңдағаны ауыр жарақаттар алуда. Террористік актілер тек шиеленіс аймақтарында ғана емес, сонымен қатар дамыған елдерде де орын алуда. Терроризмнің басқа жаһандық проблемалармен байланысы ашық түрде болуда. Сондай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Халықаралық терроризмнің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Пәндер