Несиенің қатынастарының пайда болуы және дамуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Кіріспе
:
:
Мазмұны:
:
: 1
Мазмұны: Несиенің қатынастарының пайда болуы және дамуы
:
: 1. 1
Мазмұны: Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы
:
: 1. 2
Мазмұны: Несиенің формалары мен түрлері
:
: 1. 3
Мазмұны: Несиелік қабілетті бағалаудағы шетел тәжірибесі
:
:
Мазмұны:
:
: 2
Мазмұны: Қазақстанның несие жүйесінің қызметін бағалау
:
: 2. 1
Мазмұны: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің несие жүйесін басқару
:
: 2. 2
Мазмұны: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің несиелеуді ұйымдастырудың 2009-2011 жылдардағы көрсеткіштері
:
: 2. 3
Мазмұны: Туран Алем банк қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы банктің несиелік саясаты
:
:
Мазмұны:
:
: 3
Мазмұны: Қазақстан Республикасындағы банктік несиенің өзекті мәселелері және оларды жетілдіру жолдары
:
: 3. 1
Мазмұны: Банктегі несиелік тәуекелді төмендету мәселелері
:
: 3. 2
Мазмұны: Несиелік тәуекелді төмендету мәселелерін шешу жолдары
:
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Қорытынды
:
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Пайдаланылған әдебиеттер
:
:
Мазмұны:
:
:
Мазмұны: Қосымшалар
:

Кіріспе

Нарық - күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет арығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды.

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар:

-меншік қатынастары;

-шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі;

-олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары,

-қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесінде мүдделігінің дәрежесі.

Сонымен қатар, еліміздегі мол табиғат ресурстары қоғам мен экономиканың дамуының мемлекеттік стратегиялық мақсаттарын қорландыру және қор жинау механизмдерін жоғалтып, бүгінгі күнгі ауадай қажет болып отырған қаржы тапшылығын жауып отыр.

Нарықта қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі шартқа қол қойып, өздеріне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері экономикалық механизмнің тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйенің төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық және тағы басқа операцияларды орындайды.

Несие түрі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені - банктік несие деп аталады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Несиенің қажеттілігі және оның формалары» деп алдым.

Курстық жұмыстың өзектілігі, несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Несие өз кезегінде шаруашылық қызмет салаларында қаржының дұрыс бөлінуін, осының негізінде шаруашылық қызмет етуші субъектілерді экономикалық қызмет етуге ынталандыру, мемлекеттің экономиканы несие арқылы реттеу құралы болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Несиенің экономикалық категория ретінде мәнін ашу және оның нарықтық экономикада қызмет етуін таладау;
  2. Несиенің экономикалық қатынастардың дамуына қажеттігі мен қызметтерін анықтау;
  3. Несиенің әр түрлі формаларын және оның түрлерін, осыған баәланысты жіктелу ерекшелігін талдау;
  4. Елімізде бүгінде маңызды болып отырған несие түрінің бірі болып табылатын ипотекалық несиенің әлемдік үлгілері және оның Қазақстандағы қолданысы туралы тоқталып өту.

1 Несиенің қатынастарының пайда болуы және дамуы

1. 2 Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарды. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алу, а мүмкіндігі туады.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымынң бай отабасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталды.

Өсімқорлық несиеге тән белгілер: берушілер - көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен діни ордалар, ал қарыздар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иенленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауызыдқ іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақаның деңгейінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбір еттіү Мысалы, феодализм тұсындағы Германия әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200%-ке жеткізугерұқста етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.

Ал капиталистік несие капиталитік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:

Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен фоедалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.

Екіншіден, қарызға берегн ақшаны пайдалану әдісі бойынша. Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.

Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасады.

Төртіншіден, өсім ақаның шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.

Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. Өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.

Несие - ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай формасы және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысуы тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.

Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнда кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу - несиенің алғашқы қызметі. Несиенің қайта бөлу қызметі: аймақтықаралық, салалықаралық, салалық және шаруашылық түрлерге бөлінеді.

Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айырықша белгілері бар:

1. несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық игіліктерінің, өндіріс құра-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны, яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілегн өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының ұүны қайта бөлінеді;

2. несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, соныымен бірге ұлтық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;

3. несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі - уақытша қолдануға уақытша бөлініп шыққан құнды бөлу;

4. несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Несиенің келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру.

Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын ала жасалған жағдайлар болуы шарт:

1. дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы;

2. экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем құжаттарының еркін айналуы;

3. орталық банктердіңнесие ақшаларын эмиссиялауы.

Несиенің қызметтерін айта келіп кейбір экономистер оның бақылау қызметін де атап өтеді. Бірақ, бізідң тұжырым бойынша, бақылау банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық категория (несие) сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады.

Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру (несиенің қайтарылуы), белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі), пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылығы жатады) жатады. Несиенің бұл ерекшкліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі де өзгерді.

Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы, бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейту бағалы қағазадр мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырды. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі (лимит) сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.

1. 2 Несиенің формалары мен түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша тәуелді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.

Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:

-бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі;

-бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;

-бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін - комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.

Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.

Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие ен банктік несиенің бір-бірінен бінеше айырмашылықтары бар. (Қосымша А)

Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық әне банкиік несиелер - әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысыт бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т. б.

Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып, тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әр түрлі өніріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында және банктік несие формасында беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін.

Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп маманданған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизингкомпаниясы оның құнын төлеп, мүлікті меншіктеу құқығына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез келегн экономикалық дербес объектіні алуға болады. Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен айналымы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айнымалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.

Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі. Ол - жоғары басшы органдардың өздеріне әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанл ол несиенің көлемі және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана беріледі.

Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді - жерді, өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие.

Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды ұйымдар, несие алушы -тмемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облтгациялар түрінде шығарылып, көптеген жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар, мемлекеттік шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т. с. с. өндірістік емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.

Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын айтады. Халықаралық несие 14-15 ғғ. Әлемдік сауда-саттықта пайда болып, одан әрі Еуропадан - Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз жолдарын игергеннен кейін дамыды, беретін келе Америка мен Үндістанды ашқан соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.

Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей жіктеледі:

-берілетін мерзіміне байланысты - мерзімнен тыс, орта мерзімді, ұзақ мерзімді несие;

-қызметіне байланысты - коммерциялық несие - тікелей сыртқы сауда мен көрсетілген қызметке байланысты беріледі; қаржылық, яғни күрделі қаржы, объектілер салу, бағалы қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу; аралық - аралас істелетін қызметтерге берілетін несие;

-несие түріне байланысты - ол тауарлы, имортшыға экспортшы сатылған тауарды көлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық - банктердің ақша түрінде беретін несиесі;

-несие валютасы бойынша - қарыздар-мемлекеттің валютасымен, несие беруші-мемлекеттің валютасымен, үшінші мемлекеттің валютасымен және халықаралық ақша өлшемімен берілетін несие;

-қамтамасыз етілуі бойынша - қамтамасыз етілген бланктік, яғни қарыздардың міндеттемесімен несие;

-берілуі бойынша - қолма-қол, акцепті, депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар.

Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-нышандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін

Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:

-несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім өндіретін шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға және т. б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын алуға пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;

-экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген несие өнеркәсіпітік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие түрлері болады;

-несиенің қамтамасыз етілуіне байланысты. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге, мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие;

-несие үшін төлем. Несие арқылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие алушы оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде қарызға алған сомасын процент түріндегі өсімімен қайтару керек. Сондықтан несие ақылы құн категориясы.

Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге беріледі. Достық несие де - ақысыз несие түрі.

Несиенің қамтамасыз етілуіне байланысты. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге, мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз капиталынның құрылымы және қажеттілігі
Несие жүйесінің нарықтық қатынаста жетілдіру
Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Еңбекақы төлеуге арналған сомада - уақытша бос ақша капиталы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Мемлекеттің қаржы жүйесі және несие формалары
Қаржының экономикалық рөлі мен маңызы
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
Қазақстан Республикасында несиелеу жүйесін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz