Ясауи іліміндегі адам мәселесі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Экология және химия кафедрасы
БӨЖ
Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи ілімінің қалыптасуы
Қабылдаған: Бахтиярұлы Сұлтан
Орындаған: Назар Меруерт
6В01514-География
Түркістан-2025
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ясауи іліміндегі адам мәселесі
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Жалпы, дәс - түр - лі исламның қазақ даласындағы та - рихи негіздері
Дәстүрлі исламды дамы - ту - дың жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі - егемендік жолындағы ерлік күрестерден тұратын азаматтық тарих, ал екіншісі - ұлттың идеоло - гия - лық бағдарын орнықтыру жолында жа - сал - ған рухани тарих. Біздің аза - мат - тық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар ау - дарылмай келе жатқан үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз дер едік.
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көте - рілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқ - ты тұлғалар болды. Ұлтымыздың бол - мысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі - Қожа Ахмет Ясауи ілімі.
Ясауи ілімін бірыңғай діни-мисти - ка - лық ілім ретінде бағалау орынды емес. Ясауи ілімі - ең алдымен рухани-мо - ральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Ясауи жасаған ілім өз бас - тауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықта - рынан алады. Қожа Ахмет Ясауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қо - ры - тып, оны ислам дінінің қағидалары - мен үйлестіріп, біртұтас ілімге айнал - дыр - ды. Ол өз ілімінің барлық қағидал - а - рын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты.
Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі - қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды.
1. Ясауи іліміндегі адам мәселесі
Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Ясауи ілімінің аясында қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі рөлін атқарған Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрі - ніс тапты. Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүр - ле - рі - нен, жыр-аңыздары мен мақал-мә - телдерінен, кешегі жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыла - ры - нан айқын аңғарамыз.
Сондықтан халқымыздың ұлт болып қалыптасуы мен дамуына, ұлттық ерек - шеліктерінің берік сақталуына Ясауи ілімі тікелей әсер етті деп біз сеніммен айта аламыз. Соңғы кездері айтылып жүрген: Қытай халқы үшін Конфуций ілімінің мәні қандай болса, Қазақстан қоғамы үшін Ясауи ілімінің маңызы да сондай ерекше, деген пікір осындай келелі ойлардан түйінделген тұжырым.
Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясауи жан тазалығы, ар тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. Жаным - арымның садағасы, Жарлы болсаң да арлы бол деген қазақ халқы да осы ілімді жан-жүрегімен қабылдаған.
Ясауи ілімінің негізгі ұстанымда - ры - ның бірі - толеранттылық. Бөгде дін өкіліне де азар бермеу - Пайғамбар сүннеті (Сүннет ерміш кафир олса берма азар) деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат еткен. Адамзаттың бәрін сүй бауы - рым деп деген Абай сөздері де осы ақи - қатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеу - ге, өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді.
Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: Еңкейгенге еңкей - атаңнан қалған құл емес, шалқайғанға шалқай - пайғамбардың ұлы емес деген ұстаныммен түйіндеген.
Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: Адамды ақи - қатқа жеткізетін бірден-бір жол - ғылым жолы деп жазған. Ясауи ең - бектерінде ғылымға ұмтылу, надандық - тан қашу мәселелері жиі көтеріледі, шынайы ғалымдар ерекше құрметте - ле - ді. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар, Ақыл - азбайтын тон, білім - таусылмайтын кен, Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да осы қағидалардан қиыс кетпейді.
Ясауи ілімінде Халыққа қызмет ету - Хаққа қызмет ету деген ұстаным бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді сүю - ге, бауырмалдық пен жанашыр - лық - қа, өзара құрмет пен сыйластыққа тәр - биелейді. Осы бір қағида өзгеге қол - ұшын беруге қашанда құлшынып тұра - тын біздің халқымыздың болмысына сің - ген деуге болады. Өз үйінде ою ой - мағанның кісі үйінде сырмақ сыраты - ны да осыдан болса керек.
Қожа Ахмет Ясауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмал - дық сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынас - тарға негізделген рулық-тайпалық құ - ры - лымымен етене таныс болған. Ясауи ілімінің осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қа - уымындағы әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.
Ясауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде суфра тұту, яғни дастарқан жаю дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді жолаушыларға арнап жайылған дастар - қан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі - Қызыр келіп қатысады деп санал - ған. Қазақ халқының Қонақ келсе, Қыдыр келеді, Қырықтың бірі - Қы - дыр деген мақалдары осы дәстүрден туындаған. Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ дүниетанымының, ұлт ментали - тетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден өткізіп берді.
Біз Ясауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып қалып - тасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі арқылы қалыптасты.
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Ясауи ілімі тек тарихи рөл атқарып қана қойған жоқ. Бұл ілімде қазіргі қоғамға қажетті идеологиялық ұстаным - дардың барлығының негізі қаланған. Қазіргі зайырлы, өркениетті Қазақстан қоғамына зәру парасатты идеология мен қастерлі қағидалар Ясауи ілімінде кө - рініс тапқан. Рухани тәжірибесі аса бай қазақ халқы өзінің ұлттық бастау - ла - рындағы осындай табиғи, тұнық ілімдерді жаңғырту арқылы жаһандану жағдайында да өзінің бірегей болмысын сақтап қала алады. Тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде ұлтты ұйыстыра білген Ясауи ілімі қазіргі қазақ қоға - мына да рухани бағдар болмақ.
Тамы - рын туған топырағымыздан алатын, ұлт - тық болмысымыз бен ділімізге етене жақын Ясауи ілімін бүгінгі Қазақстан мемлекетінің идеологиялық тұғырнама - сы ретінде орнықтыруға барлық негіздер бар.
Ясауи ілімін ел игілігіне жаратып, ақыл-ойының өзегіне айналдыратын тетіктерді жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырсақ, ұтарымыз көп болмақ.
Ең ал - дымен Ясауи ілімі өзінің кең мазмұн - дылығымен қазіргі өскелең буынның рухани сұраныстарын жан-жақты қана - ғаттандыра алатынын ескеруіміз керек. Аталмыш ілімнің негізгі қағидаларын заманауи өмірге бейімдеп қайта жаң - ғыр - ту арқылы қазіргі қазақ қоғамын - дағы көптеген рухани проблемалардың алдын алуға болады. Бұл, әсіресе, идео - логиялық бос кеңістікті жаппай толты - рып жатқан экстремистік жат ағымдар мен деструктивті діни қозғалыстар идео - логиясының ықпалын сөзсіз төмендетеді.
Осы орайда алғашқы кезекте Ясауи еңбектерін аудару, жариялау, қайта жариялау жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Оның шығармашылығы поэзия - лық туындылардан, яғни хикметтерден ғана тұрмайды. Ясауи ілімінің негіздерін танытатын Жүректің айнасы, Па - қырнама секілді трактаттар да шәкірт - тері арқылы хатқа түскен ақынның өз шығармалары болып табылады. Соңғы кездері ғалымдар Оның Рисала-и дәр әдәби тариқат атты еңбегін ғылыми айналымға қосты. Ясауидің ататегіне қа - тысты шежірелер мен оның шәкірт - терінің еңбектерінде де осы ілімнің негіздерін танытатын тағылымды дүние - лер мол. Аталған еңбектердің барлығын аудару, қайта жариялау, Ясауи ілімі мен шығармашылығына қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың таңдамалы зерттеулерінің жинағын жарыққа шыға - ру, жаңа танымдық басылымдардың жа - рық көруіне, таралуына жағдай туғызу қажет.
Түркістан қаласында жиі өткізіліп, дәстүрге айналып үлгерген Ясауитану байқауына, Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен шығармашылығын зерттеудің өзек - ті мәселелері атты ғылыми-тәжіри - бе - лік конференцияға қолдау көрсету, Ясауи әлемі деген атпен жарық көріп отырған ғылыми-көпшілік, тарихи-та - ным - дық журналдың таралымын көбей - ту керек. Ясауи ілімін халыққа кеңінен таратып, түсіндіру үшін бұқаралық ақ - парат құралдарында арнайы айдарлар, бағдарламалар ашуға болады. Жоғары оқу орындарында Ясауи атындағы ар - найы шәкіртақы, руханият саласына ең - бек сіңіргендерге оның атындағы сый - лық тағайындаған жөн.
Халқымыздың рухани мәдениетінің барлық саласында терең із қалдырған Ясауи ілімін зерттеу ұлтымыздың түп негізін тану болып табылады. Ясауитану ілімі - қазақтану, түркітану ілімі. Ясауи ілімі тарихи дәуірлерде түбі бір түркі халықтарын ортақ дүниетанымға ұйыстыра білді. Қазіргі татар, түркімен, қарақалпақ, қырғыз, түрік халықтары - ның қазақ жұртымен рухани тұтастығы - аталған халықтарға да Ясауи ілімінің кеңінен тарағандығының нәтижесі. Сон - дықтан Ясауи ілімінің бүгінгі әлемдік қоғамдастықта түркі халықтарын ынты - мақтастырушы басты факторға айнала алатынын да ұмытпауға тиіспіз. Осы бағыттарда арнаулы ғылыми-зерттеу орталықтарын ашып, кең көлемде жұмыс жүргізу қажет.

Дәстүрлі ислам, дәстүрлі қазақ мұсылмандығы деген ұғымдардың негізсіз еместігіне дәлел бола алатын екі қайнар көз бар: біріншісі - ислам ілімін жетік меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген, қазақы мұсылман - дық - қа негіз болған бірегей ілімдер қалып - тастырған ұлтымыздың көрнекті тұл - ға - ла - рының еңбектері; екіншісі - халқы - мыздың діни танымын, рухани құнды - лық - тары мен ұстанымдарын танытатын шығармашылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz