Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз әфсаналар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану факультеті

Экология және химия кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз әфсаналарға талдау жасау

Қабылдаған : Бахтиярұлы Сұлтан

Орындаған: Мырзабек Бақжан

6В01514-География

Түркістан-2024

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Өмірбаяны . . . 3
  2. Диуани Хикмет . . . 4
  3. Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз әфсаналар . . . 5

3 . Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Өмірбаяны

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Қанша жыл ғұмыр кешкені жөнінде әр түрлі деректер бар. Бір деректе 73 жыл, келесілерінде 85 жас деп берілген. Ж. Аймауытов ақынның 149-шы хикметіне сүйеніп, Ясауиды 125 жас жасаған дейді.

2. Диуани Хикмет

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалары өте көп. Олардың көбі Ыстамбұл, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.

«Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

3. Қожа Ахмет Ясауи туралы аңыз әфсаналар

Халық арасындағы әңгімелер мен тарихи деректерге жүгінсек, Арыстан бап Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы деген тұжырым бар. Соның бір айғағындай, Арыстан баптың есімі Қожа Ахметтің «Хикмет» атты өлендер жинағында бірнеше рет аталады.

Ал бұл туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелер былай өрбиді: Мұхаммед [с. а. у. ] дүниеден өтерде өзінің дінін ұстаушы, исламға адал берілген мүриттерін жинап: «Мен көз жұмғасын, бірнеше жүз жылдан кейін менің ілімімді жалғастырушы бір әулие дүниеге келеді. Соған менің аманатымды кім сақтап, еш қиянат жасамай, жеткізіп береді?»-деп сұраған екен. Сонда топ ішінде тұрған Арыстан бап: «Уа, аса қадірлі пайғамбарым, егер маған сенсеңіз, аманатыңызды мен жеткізіп берейін!» - депті басын ие тағзым етіп.

Сол кезде Мұхаммед [с. а. у. ] Арыстан бапқа бір түйір құрма жемісін беріпті. Осы құрманы Арыстан бап бес жүз жыл тілінің астына салып, бойтұмардай сақтаған екен.

Бұл екі арада Арыстан бап әбден қартаяды. Бірақ аманатты сұрап ешкім келмейді. Содан Арыстан бап, бәлкім, кездесіп қалармын деген үмітпен ел аралап шығады.

Талай-талай елдерді кезіп, жер-жаһанды шарлайды. Содан Отырар өлкесіне жеткенде, Арыстан баптың жанына бір бала жақындап келіп: «Ата, менің аманатымды бермейсіз бе?» - дейді.

Сол жерде Арыстан бап: «Қарағым, іздегенім сен едің, міне аманатың», - деп, тілінің астындағы құрманы алып беріпті. Ал ол бала Қожа Ахмет екен.

Пайғамбардың аманатын тапсырған Арыстан бап сол жерде қаза болып сонда жерленіпті. [1 Аңыз] .

Бір күні Ясауи шәкірттеріне дәріс беріп отыр еді, кенеттен көшеде өтіп бара жатқан бір дуананы көріп «Ұстаз» деп алдынан шығып, қолын беріп амандасты. Сонда шәкірттері: «Біз мұны әулие деп жүрсек, өзі қайдағы бір дуананы ұстаз деп қолын алып жүр ғой», - деген ойға қалады. Мұны сезген Ясауи шәкірттеріне: «Бұл кісі маған иттің балиғатқа толғанын айыруды үйретіп, біліміме білім қосып еді. Сондықтан мен оны құрметтеп, өзіме ұстаз санаймын», - деп, шәкірттеріне ұстазды қалай құрметтеу керектігінің үлгісін көрсетеді. [2 Аңыз] .

Ахметтің есімін естігенде сырқаты барлар Түркістанға қарай ағылыпты, әулие олардың кеселдерін жазып жібере беріпті. Оның даңқы шартарапқа таралады.

Қожа Ахмет азандағы намазының екі бас сүндетін Түркістанда, екі бас парызын Меккеде оқиды екен. Ол әрдайым ақ атанына мініп, бұлттың үстімен ұшып баратын көрінеді. Бірде әулиенің ғажайып қасиеттеріне күмәнданған бір жігіт оған келіп: «Сен әулие емессің, алдаушысың», - деп әжуалайды. Қожа Ахмет оның сөзін сабырлы қалпымен тыңдап шығады да:

- Ертең азанда маған кел, екеуміз Меккеге барып намазды сонда оқимыз, - деп жауап қатады. Уәде бойынша әлгі жігіт ертеңіне Қожа Ахметке келеді. Кенеттен аппақ қардай ақ атан пайда болып, әулиенің алдына келіп шөгеді. Қожа Ахмет жігітке:

- Артыма мінгес, жол үстінде қашан қонғанша көзіңді апша, - дейді. Жол үстінде әлгі жігіт шыдамсыздық танытып, айналасына қарамақшы болғанда, сол күйінде жолға құлап түседі. Ол Жолбарыс патша ордасының үстіне түскен екен. Патша оны ағашқа байлап өртеп жіберуге әмір қылады. Енді өлтірмекші болғанда, Меккеден оралып келе жатқан Қоха Ахмет оны ағашымен бірге көтеріп кетеді. Бұл кереметке таңданған Жолбарыс патша Қожа Ахметті іздеп келіп, өлгенше қызмет етіп өтіпті. [3 Аңыз] .

Қожа Ахмет Ясауи және Әмір Темір

Тарағай би түсінде көзге түрткісіз белгісіз қап-қараңғы түнде бір жартастың төбесіне шығып тұрады. Сол кезде оған қаз мойын, қамыс құлақ ақбоз атқа мінген ақ сәлделі, ақ шапанды, ақ сақалды бір қария келіп; «Тарағай балам, мен Қожа Ахмет Ясауи деген атаң боламын. Әдейі өзіңмен жолыкқалы келдім, мына қылышты қасыңа алшы», - деп, Тарағай бидің қолына алмастан соғылған қылышты ұстатады.

- Ал енді қылышты онды-солды сілте, - дейді қария. Тарағай қылышты оң қолына алып, онды-солды сілтей бастағаны сол-ақ екен қылыштың жүзінен шыққан от жалынға айналып, бүкіл төңіректі жап-жарық етіп жіберіді. Тарағай би оянып кетіп, түсін бір ғұламаға жорытады. [4 Аңыз] .

Күндердің күнінде Ақсақ Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде Қожа Ахмет Ясауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді», - депті. Сонда Ақсақ Темір: «Мен сені қайдан табамын?», - дегенде, «Жолды мен өзім көрсетіп отырамын», - деген екен. Сонымен [тәуекелге] бел байлап, Ақсақ Темір Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп, Түркістан шаһарына келгенде, түсінде аян беріп, жатқан жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында да, кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен, таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қарауыл қояды. Таң алдында ұйықтап кетіп, кімнің бүзғанын білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады. Таң алдында ұйқы қысады, ұйқыға бой алдыра берген соң қолын қанжармен тіліп жіберіп, ұйықтамау үшін тұз сеуіп қояды. Сонымен бір кезде қараса, үлкен өгіз келіп, дуалды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Ақсақ Темір ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп, былай депті: «Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы, саған қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол - менің ұстазым, сен оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің», - депті. «Мен оны қалай табамын?» - дегенде, «Мен өзім жол сілтеп отырамын», - деп жауап береді. Сонымен ерте тұрып, Отырарға бет алады. Кешке сонда жетіп, ұйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан жерін көрсетеді. Таң ата, ерте басына барып, Құран оқып, құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағыдай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян беріп: «Міне, енді сәтті болды, енді келіп менің басыма ғимаратыңды салдыра бер», - дейді. Сонымен Түркістанға қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін (кесенесін) салуды бастаған екен. Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүріп жатқанда, Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс салып жатқан ұста сол жаққа кетіп, көптеген себептермен қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық бітпей қалады. Сол кезден бастап Ақсақ Темір жорыққа шығар кезінде үнемі Түркістанға келіп, Ахмет Ясауидің басына зиярат етіп, ас беріп, тайқазаннан дәм тату әдетке айналған екен. Сондай бір сапармен келгенде, қатты сырқаттанып, осы жерде қайтыс болған деседі. Оның айтқан өз өсиеті бойынша, ол Самарқанға қайтуы керек еді. Бірақ халық арасында шу шықпасын деп, білдірмей, «әмір науқас» деп, жол жүріп кетеді. Сол жолда Отырардан бері жайласқан Темір стансасына келгенде, бір демалыс жасаған көрінеді. Соның құрметіне «Темір» аталып кетіпті. Содан Темірлан деген жерге барғанда, халық Ақсақ Темірдің қайтыс болғанын біліп қойып, сыр ашылған көрінеді. Міне «Темірлан» аталуы содан шыққан екен деп ел аңыз етіседі. Ол Темір арқылы лаң шықты деген ұғымды білдіреді. Бұған қосымша, парсы тілінде ақсақ дегенді «ланг» немесе «ләң» дейді, содан қалған «Темірлан» аталуы да мүмкін ғой. «Темірләң», яғни Ақсақ Темір, қалай болғанда да, осы әңгімелердің бір шетінде шындық жатқаны ақиқат. [5 Аңыз] .

Ақсақ Темір әулиенің қабірі басына үлкен мазар тұрғызуға әмір береді. Мазар қабырғасын қалай бастағанда, ойда жоқта көк өгіз пайда болып, мүйізімен әлгі құрылысты қиратып кетеді. Ашуланған әмір қызметшілерін шақырып, мазар құрылысын қайта бастауға пәрмен қылады. Мазарды көк өгіз тағы да құлатып кетеді.

Әмір түс көреді. Түсінде ақ сақалды шал аян береді: «Әуелі мазарды Арыстан баптың басына тұрғыз. Ол - менің ұстазым». Ақ сақалды қарттың Қожа Ахмет екенін сезген әмір мазарды алдымен Арыстан бапқа салдырған екен. [6 Аңыз] .

Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті: «Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дегендей енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек» депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетемін, деп Ясы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт өткен соң ата-анасына сөлем берейін деп Сайрам қаласына келгенде, әке-шешесі: «Е, қарағым, қайда болдың, қай жерден қоныс таптың деп сұрапты. Сонда, ол Ясы қаласын, яғни кейіннен өзіне ғимарат салынған жерді атапты. «Балам, сен ол жердің халқымен сұхбаттастың ба? Не байқадың?» - деген Ибраһим шайыққа Ахмет: «Иә, ата, сұхбаттастым. Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғынан шалып тұрады. Соны біле тұра неге қоныс тептің дерсіз, жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін» деген екен.

[7 Аңыз] .

Әмір Темірдің жорықтарда жолы болмай жүреді. Бір істермен Түркістанға келгенде әулие түсіне еніп: «Менің басыма кесене салдыр. Әлемге атың кетеді, - дейді. Патша құрылысқа кіріскенде жұмыс өнбей, күндіз біткен істер түнде бүлініп, қабырға-дуалдарды мал құлатып, ұста-шеберлерден маза кетсе керек. Тосын қырсыздыққа қапаланып, ренжіп жүрген Әмір Темірдің түсіне тағы Әзірет Сұлтан кіріп: «Кесене-мазарды аддымен Отырарда жатқан менің ұстазым Арыстан баптың басына салдыр, содан соң Түркістандағы маған кел», - дейді. Патша әулие аян-өсиетін орындап, Арыстан бапқа мазар тұрғызған соң, Ясауидің қазіргі ұлы кесенесін салуға кіріседі. [8 Аңыз] .

Зиярат тәртібі және Әзірет Сұлтан кесенесі мен ондағы жәдігерліктердің қасиеттері туралы

Әулиенің күмбезінің есігі оңтүстік есігінен қазан тұрған күмбезге кірген соң, құбыла жағы шетінде Жолбарыс хан[ға] (Сағд әулиеге) зиярат қылады. Онда мүйізді бастар қойылған, үстіне жолбарыс терісі жабылған. Бұдан кейін намаз үкімі орындалатын орынға кіріп, бәріне бас иіп, екі бас намаз оқып, сауабын әзіздердің рухтарына бағыштап, Бағдизан (Азизан) Ақ топырақ Әулие тұрған сарайға кіріп, көңілге алған паруардигарларға шын ниетімен топырақ үйгеннен кейін, ләмқана есігінен кіріп, Қазіреттің құбыла жағына жатқан орнынан бері бұрып, «Фатиха», «Ыхлас», «Айат ал-Курси», «Мүлк» сүрелерін оқығаннан кейін, ғимараттың қазан тұрған үйіне шығып, барлық бөлігін айналып, Сұлтанымызға зиярат қылып, оның рухына арнаған нәзір-нияздарды қожаларға таратып, ада қылғаннан кейін Марқади Мунаууара Пәклер жатқан жайға барып, дегдар, мүбарак құлдар ұстаған тәспілерді көзге сүртіп, бетті топырақпен сүрткеннен кейін, ғылымға әйгілі болған, уәлилер қатарында болған Әбділдә ханға зиярат қылғаннан кейін, арғынның ақ сарайына кіріп, орта жүз қазақ халқының арғын, найман, қоңырат тайпаларының өткен әзіздеріне дұға қылып, Сұлтанның шығыс жағындағы Қоқырас хан, Шорнағат хан, Ілияс хан, Сүйінші қожа хан, Бибі Хисаб, тоқсан тоғыз мың машайық, сексен сегіз мың саруар, жетпіс мың абдал, жиырма екі мың мүфти-қазылар, жүз жиырма мың мударрис, муддайық, он екі мың көшхи, он алты букадил - бұлардың бәрі де осы күмбезде болғандар, бәрі де зиярат қылып кеткен сахабалар. Қазаққа аты шыққан, арғын ұрығынан Қазыбек би (шешен), Жәнібек батыр, керей Жәнібек шоң (ірі) би, бұларға зиярат еткен соң, күмбездің асты-үстінде қырық сегіз құжыра - үш жүз алпыс дәрежелік, барлығын түгел аралап, алты мың алты жүз алпыс алты аят түгел жазылған күмбезді көріп болған соң, Сұлтанның зәмзәм-шарап құдықтарынан су ішіп, бұдан ас қазандар[ы] тұрған үйге кіріп, бұдан кейін алпыс үш жыл жер астында жатқан хилуетханаға кіріп, зиярат қылғаннан кейін, тоқсан тоғыз [мың] машайықпен жахр зікірін салған Фам ғашыққа зиярат қылып, мұнан соң Қазіреттің пірі һәм ұстазы шайық Шихаб ад-дин саруар әулиеге зиярат қылып, бұдан соң Сұлтанымыздың Гауһар атты қызын алған Әли қожа атаға зиярат қылып, мұнан кейін Шайық Наджим ад-дин әулиеге зиярат еткеннен кейін, батыстағы Баба Ғарибға барып, жеті атаға зиярат қылып, Үшбас атадан айналып, Тақаниға жеткен адам, жеті атаның бір ұші Сұлтанның Ибраһим[і] нің шахид болған жерінен шығып, күн шығысында тоқсан тоғыз мың қашырға кітап артып, сексен сегіз мың әскермен келген Имам Марғуз - Көктонды атаның орнына зиярат қылып, он екі шақырым жердегі Құшшы атаға зиярат ету керек. Бұларды бітіріп болғаннан кейін, күн батыстағы қырық сегіз шақырым жерде Арслан бап әулиеге барғанда Сұлтанның айтқаны: «Барып Арслан бапқа түнесін, менен келіп тілесін, Арслан бапқа түнемесе, менен нәрсе тілемесін», - деген. Бұл Арслан бап әулиенің кім екенін баян қылдық. Түркістанда - түмен бап, Отырарда - отыз бап, Сайрамда - сансыз бап, баптардың бабы - Арслан бап.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала Ахметтен Қожа Ахмет Яссауиға дейін
Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы
АХМЕТ ИАССАУИ ЖӘНЕ ХІ-ХІҮ Ғ.Ғ. ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ АҒЫМ
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар. Ислам діні
Қожа Ахмет Ясауидың үш маңызды аймағы
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
Түркістан қаласының шығу тарихы
Қожа Ахмет Ясауидің ұстаздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz