Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ АҚ Педагогикалық және жаратылыстаану ғылымдары факультеті
Педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі кафедрасы

ДӘРІС КОНСПЕКТЕРІ (ТЕЗИСТЕР)

Пәннің коды, атауы: STOA 2216Сабақтан тыс оқытудың әдістемесі
Білім беру бағдарламасының шифры, атауы:6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Курс 2, семестр 4
Дәріс сабақтарының сағат саны: 15

Шымкент, 2024

Дайындаған(дар): п.ғ.д., профессор Ахметова Г.Б

(оқытушының ғылыми дәрежесі мен атағы, аты-жөні

Кафедраның мәжілісінде талқыланып, бекітілген.
Хаттама № __ ___ _______ 20_жыл

Кафедра меңгерушісі _________ ________________
(қолы) (аты-жөні)

Дәріс 1 тақырыбы:Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы

Дәріс №1 тақырыбы:Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

Жоспары:
1.Тәрбие туралы түсінік
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының балаға ететін тәрбиелік ықпалы
3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының балаға көрсететін әсері

Дәріс мақсаты мен міндеттері:Студенттерге сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы туралы түсінік беру.
Дәріс мазмұны: Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Дәріс оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: әңгімелесу
Бақылау сұрақтары:
1.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы туралы түсіндіріңіз?
2. Тәрбие әдістерін сипаттаңыз.
3. Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы. - Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж
3.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
4.Педагогика тағылымы. Табылдиев А.
5.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

Дәріс 2 тақырыбы: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері

Жоспар:
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері.
Дәрісның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Дәріс мазмұны: Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей қиын балада өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Дәріс 3 тақырыбы:Тәрбие жұмысының формасы

Жоспар:
1. Тәрбие жұмысының формасы түсінігі
2. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
Дәрісның мақсаты мен міндеттері: Студенттерге тәрбие жұмысының формасы және тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттеріне түсінік беру.
Дәріс мазмұны: Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: тәрбие жұмысының формасы, тәрбие шаралары, тәрбие ісі т.б. Соған орай Педагогикалық энциклопедия сөздігінде форм ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы тәрбие жұмысының формасы және тәрбие процесін ұйымдастыру формасы деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп - бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады.
Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
Тәрбие шарасы топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие ісі ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар,жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді.
Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, Қайырымдық акциясы, Ғылыми апталық т.с.
Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды.Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді.Мысалы, Адамға музыка не үшін керек? тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама,әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы);
2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу,кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
1. Шараның басталуы, психолгиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби - музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;
2. Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
3. Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;
4. Қорытынды бөлім:шарны қорытындылау,оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;
5. Педагогикалық талдау жұмысы : шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу.Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Дәріс оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: әңгімелесу

Бақылау сұрақтары:
1.Тәрбие жұмысының формасы дегеніміз не?
2.Педагогикалық талдау жұмысы туралы түсінік беріңіз?
3.Сыныптан тыс тәрбие міндеттерін атаңыз.
4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметтеріне анықтама беріңіз.
5.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына анықтама беріңіз.
6.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттерін анықтаңыз.

Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы. - Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

Дәріс 4 тақырыбы: Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары

Жоспар:
1. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары
Дәрісның мақсаты мен міндеттері:Студенттерге тәрбие сағаттардың ұйымдастыру жолдары туралы толық мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны: Пікірталас
Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікір талас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс - бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс - бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады.
Пікірталас - оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы лоардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралдары. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарасы кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауға үйретеді.
Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды лолардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қортындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастыың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын - жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет.Ондай адам біреу немесе екеу боғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн.Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. П.Т. мәдениетті түрде оған қатысушылардың бір-біріне көңілі қалмау керек.
Әңгіме
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып - адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік , қарапайымдылық және озбырлық , жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
· Өз Отанына адал берілгендігі;
· Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;
· Шыншылдығы;
· Қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;
· Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;
· Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;
· Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі;
· Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы;
Мұғалім әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе.Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау керек.Бірақ мұғалім дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес. Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде: оқуда жолдастарымен қары-қатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағ да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек
Конкурстар
Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс- инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет.Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді. Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі. Мұның өзі командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып есептеледі.Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Дәріс оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: әңгімелесу

Бақылау сұрақтары:

1.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы туралы түсіндіріңіз?
2.Тәрбие әдістерін сипаттаңыз.
3. Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
4.Конкурстар туралы түсіндіріңіз?

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы. - Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж
3.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
4.Педагогика тағылымы. Табылдиев А.

Дәріс 5 тақырыбы: Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру және тәрбие жұмысының формасы.
Жоспары:
1.Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
2.Тәрбие жұмысының формалары.
Дәрісның мақсаты мен міндеттері: Тәрбие процесінде сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығын айқындау.

Дәріс мазмұны:Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте ыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып елетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық ікерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбиие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған беленді қатыуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өтізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерңін, құралдары мен мазмұныны және бағытын таңдауда ерікті.
Алтыншыдан сыныптан ты тәрблие жұмыының нәтижесіне күнделікті бақылау мүміндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүміндік береді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады.
Сыныптағы тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асатын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым терең ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқараы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектеу білітілігі қалптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада көркемөнер әрееттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптатыру.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілі, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс тәрбие мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді - білімдік, тәрбиелік және дамытушылық.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігіне сай анықтайтын талаптар:
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын дайындау және өткізу барысында, бірінші кезекте оның мақсатын анықтау міндетті. Мақатты белгілемеу немесе оның оның нақтылы жағдайға байланысты анықталмауы немқұрайлықты, жалғандықты тудырады.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ондағы қол жеткізетін нәтижені алдын ала болжау.
3. Сабақтан тыс тәрбие жұмысына оптимисттік көзқарастың болуы.
4. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс.
5. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жаңа формалар мен тәсілдерді үнемі ойластыру және оларды қолдануға бағытталған тұрақты шығармашылық ізденістің болуы шарт.
6. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға оқушыларды түгелдей қатыстыру, әрқайсысының талап-тілектерін ескеру.
7. Оқушыларға белгіленген шараның тақырыбын, мақсат-міндеттерін алдын-ала таныстырып, оларға қажетті материалдар табу үшін тапырма берілуі тиіс.
8. Тәрбие жұмысының барлық түрінде оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді аралауына, олардың қоғамдық беленділігі мен өздігінен жұмыс істеуге құштарлығын тәрбиелеу.
9. Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғалық қалыптастыруда, ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдер мен оқушылардың ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.
Талаптарды практикалық әрекетте жүзеге асыру, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда белгілі бір жүйеліктің болуын қажет етеді. Ол жеке дара немесе көпшілік жұмыстарда қолданылуы мүмкін.
1. Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу.
2. Болашақта атқарылатын сыныптан тыс тәрбие жұмысын үлгілеу.
3. Үлгіні практикада жүзеге аыру.
4. Атқарылған тәрбие шарасын араптау, талдау.
Тәрбие міндеттерін зерттеп тану және оны белгілеу кезеңінің мақсаты - педагогикалық жағдайды шындық тұрғысынан бағалау және ең қажетті міндеттерді таңдауда және оны қалыптастыруда өзгеріс енгізуді қажеттігін анықтауға септігін тигізеді.
Зерттеп тану жұмыстары, бізге мәлім педагогикалық зерттеу әдістері арқылы жүргізіледі (бақылау, әңгіме, сауалнама, тәжірибе жүргізу т.с.с.)

2.Педагогикалың ғылымда тәрбие жұмысының формаларын түсіндірудің бірнеше нұсқалары бар.Форма - бұл іщкі мәннің сыртқы пішіні. Тәрбие жұмысының формасы дегеніміз мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір қарым-қатынастыр арқылы көрінетін тәрбие жұмысының мазмұны. Тәрбие жұмысының формасы мына қызметтерге ие:
oo ұйымдастырушылық. Кез-келген тәрбие жұмысы белгілі бір ұйымдастырушылық міндетті шешуге бағытталған. Ұйымдастырушы ролінде мұғаліммен қатар оқушылар да бола алады. Тәрбие жұмысының түрлі формаларын ұйымдастырудың жалпылама әдістемесі (алгоритмі) бар. Олар бүгінгі күні дәстүрлі формаларға (әңгіме, ұжымдық шығармашылық жұмыстар, конкустар және т.б.) айналып, көптеген педагогтардың тәжірибесінде қолданылады.
oo реттеуші. Тәрбие жұмысының белгілі бір формасын қолдану педагогтар мен оқушылар, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге мүмкіншілік береді. Формалардың нақты түрін қолдану оқушылар тобын біріктіруге де өз әсерін тигізеді.
oo ақпараттық. Бұл оқушыларға тек жаңа ақпаратты беру ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өздерінде бар білім мен тәжірибесін белсендендіреді.
Форма шын мәнінде балаларды тәрбиелеудің мақсатын, мазмұнын, ұстанымдары мен әдістерін белгілейді. Педагогикалық теория мен практикада тәрбие жұмысының формаларын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Өткізілу уақыты бойынша барлық формаларды қысқамерзімді (ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін), ұзақмерзімді (ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше жұмаға дейін), дәстүрлі (әрдайым қайталанатын) түрлерге ажыратады.
Тәрбие жұмысының жеке формасы сабақтан тыс уақыттың бәрін алады, олар топтық және ұжымдық формаларға араласа отырып, басқа формалардың жетістігін белгілеп отырады. Жеке формаларға әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, пікір алмасу, біріккен тапсырманы орындау, жеке тапсырма беру, көмек беру, нақты проблеманы, міндетті шешуде ізденіс. Олардың әрқайсысына өзіндік әдіс-тәсіл, құралдар тән. Жеке жұмыс жасау формасындағы педагогтың басты міндеті - оқушыны танып-білу,оның дарынды қасиеттерін ашу, оқушыға тән қасиеттерді анықтау. Оқушылардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасау түрліше жүруі тиіс.
Топтық жұмыс жасау формаларына шығармашылық топтар, өзін-өзі басқару органдары, шағын үйірмелер және т.б. жатады. Жұмыс жасаудың бұл формасында педагог қатысушы немесе ұйымдастырушы ретінде танылады. Педагогтың басты міндеті - бір жағынан, әрбір оқушының өзін көрсетуіне жағдай жасау, екінші жағынан, ұжымның барлық мүшелері үшін маңызды болып табылатын дұрыс нәтиже алуға мүмкіндік туғызу. Топтық формада педагогтардың әсері балалардың өзара әрекеттесуі ізгіліктік тұрғысынан дамытылуына бағытталған.
Ұжымдық жұмыс жасау формаларына педагогтар мен оқушылардың түрлері шаралары, конкурстары, концерттері, қойылымдары, серуендері, спорттық жарыстары енгізіледі. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және басқа да жағдайларға байланысты бұнда педагог жүргізуші, ұйымдастырушы, қатысушы, кеңесші, көмек беруші рольдерін атқара алады.
Тәрбие жұмысының формаларын таңдауда педагог мына қағидаларды басшылыққа алғаны жөн:
oo жұмыстың тәрбиелік міндеттерін есепке алу; жұмыстың формасы осы міндеттерід шешуге бағытталуы тиіс;
oo міндеттер негізінде жұмыстың мазмұнын,іс-әрекет түрлерін нақтылау;
oo тәрбие жұмысын ұйымдастыру ұстанымдарын, балалардың мүмкіншіліктерін, дайындық деңгейін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, мектептің материалдық базасын, сыртқы жағдайларды, педагогтар мен ата-аналардың мүмкіншіліктерін есепке ала отырып белгіленген міндеттерді шешу үшін әдіс-тәсілдердің жиынтығын жасау;
oo ұжымдық мақсат қою негізінде жұмыс жасау формасын таңдау.
Осылайша, педагог балалармен, ата-аналармен жұмыс жасау формаларын белгілей алады. Жаңа форманы құру былайша жүруі мүмкін: белгілі бір форма таңдалып, содан соң іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдері анықталады. Мысалы, сайыс немесе тақырыптық кеш өткізу идеясы пайда болса, олардың неге арналатыны, оның мазмұны қандай болатыны содан кейін белгіленеді. Немесе алдымен мазмұндық идея алынып, содан соң оны ұйымдастыру формасы ізделіп, жүзеге асырылады. Мысалы, педагогтар мен оқушылар сынып ұжымындағы қарым-қатынастар проблемасын талқылауды шешсе, оны өткізу формасы, құрылымы, ұйымдастыру ерекшеліктері соңынан белгіленеді.
Тәрбие жұмысының түрлі формаларын есепке ала отырып, ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістемесін меңгеру аса маңыздылыққа ие. Тәрбие жұмысының формасы егер ол оған қатысушылардың біріккен қызметі негізінде пайда болса, ұжымдық және шығармашылық сипатта бола алады. Онда
1. әрбір адамның қызығушылықтары мен қажеттіліктері есепке алынуы керек;
2. жеке мақсаттар топтың жалпы мақсаттарына қарама-қайшы болмауы тиіс;
3. ұжымдық жұмыс әрбір адамға жалпы істен өз орнын табуға мүмкіндік береді;
4. бұл форма орындалғаннан кейін қайталанбайды.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс формалары басқа формалардан тәрбиелік міндеттерді қоюмен, оқушылардың тәжірибені меңгеруімен ерекшеленеді. Тәрбиелік шарада тәрбиеші нақты міндетті ашық түрде балаларға ұсынса, ұжымдық шығармашылық жұмыста тәрбиеші міндеттерді білдіртпей жасайды. Оқушылар бұл міндеттерді өздері тауып, ашуы керек, ересектермен бірге жаңа тәжірибе жинақтайды, алынған тәжірибені практикада қолдануға үйренеді.
Бұл әдістеменің негізі - ынтымақтастық педагогикасы, біріккен іс-әрекет. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекет формалары - ұжымдық шығармашылық жұмыстар, дәстүрлі тапсырмалар, сюжеттік-рольдік ойындар, ұжымдық жоспарлау, ұжымдық талдау және .тб.
Ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру кезеңдері:
1. Алдын-ала жұмыстану. Педагогтар ата-аналармен, оқушылармен бірге жоспарланған ҰШЖ-тың орнын, мақсат-міндеттерін, өткізу ерекшеліктерін, уақытын белгілейді.
2. Ұжымдық жоспарлау. Бұнда балалар өздері ізденеді.
3. Жұмысты ұжымдық дайындау. ҰШЖ даярлау, өткізу жоспары нақыталнып, ұйымдастырылады.
4. ҰШЖ-ты өткізу, дайындықты қорытындылау.
5. ҰШЖ-ты ұжымдық қорытындылау.
6. ҰШЖ-тың жақын арадағы нәтижесі.
ҰШЖ-тар түрліше ұйымдастырлады, олардың әрқайсысы қайталанбайды.

Тәрбиелеу әрекетінің түрлері мен формалары
Іс-әрекеттің түрлері
Мақсаты
Іс-әрекетті ұйымдастырудың белсенді формасы
Танымдық
Оқушылардың қоршаған орта жайындағы түсініктерін толықтырады, білім алу қажеттілігін қалыптастырады,
интеллектуалды дамуды қамтамасыз етеді . .
Ауызша журнал,баспасөздегі ғылыми мақалаларға шолу, экскурсиялар (музейге, көрмелерге, өндіріске, кітапханаға және т.б.), конкурстар, турнирлер,олимпиадалар, лекторий,оқу конференциялары.
Еңбек
Материалдық құндылықтарды сақтауға және көбейтуге, материалдық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтағы оқу еңбегі, өндірістегі оқу-өндірістік еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек, ойын формалары (еңбек десанттары, іс-шаралар, рейд).
Қоғамдық
Оқушылардың әлеуметтенуіне көмектеседі, оларды қоғамның мәселелеріне енгізеді.

Пресс-орталық, саяси қайраткерлерімен, журналистермен кездесу, дөңгелек үстел, пікірталас.
Құндылықты- бағдарлы.

Дүниенің жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарын шынайы ұғынуға, дүниеге өзіндік қатынасын ұғынуға, өз Менін сезінуге, рефлексияны дамытуға бағытталған.
Өзін-өзі талдау және өзара талдау практикумдары Біз өзімізді экскурсия кезінде қалай ұстадық?, Достық заңдары, Қандай болу керек немесе кім болу керек?; адамгершілік тақырыптарындағы пікірталастар, мысалы оқу адамға неге керек?; іс-әрекет мәдениеті сабақтары.
Көркемөнер
Сезімталдықты, әдемілікке қажеттілікті, көркемше ойлау қабілетін дамытады, жеке нышандар мен қабілеттерді іске асырады.

Концерт, көркемөнер сайыстары, Бір сағат өнермен бірге, Әртіспен кездесу, Жаңа дискілер көрмелері; театрға бару, көркемөнер музейлеріне экскурсияға бару; кештер, мектеп фестивальдары, мейрамдар. Жасау.
Спорт-сауықтыру.

Салаутты өмір салтын дәріптейді,адам денесінің күшін төзімділігін,сымбаттылығын,әдеміліг ін арттырады

Спорттық ойындар, жарыстар, мектеп олимпиадалары, спорт секциялары.
Еркін қарым-қатынас
Оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауын бос уақытта ұйымдастыру
Сынып мейрамдары , туған күндер, серуендер, демалыс кештері; концертке, театрға бару, достар кездесулері және т. б.

1. Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
2. Дәріс оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: әңгімелесу

Бақылау сұрақтары:
1.Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы қандай?
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәрбиелік ықпалдары қандай?
3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының бағыттарын ата?
4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны?
5.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының ерекшеліктері?
6.Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі танымдық әрекеті қандай?
7.Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі көңіл көтеру әрекетінің мәні?
8.Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі спорттық-сауықтыру әрекеті?
9.Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі еңбек әрекетінің мәні?
10.Баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі шығармашылық әрекетінің мәні?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.
Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы, 1990.
Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, 1996.
Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы, 1992.
Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.
Қожахметова Х. Мәнерлеп оқу. Алматы, 1982.
Әдебиет. (оқулы) 5 - 9 сынып.
Әдебиет оқу кітабына қосымша материал. Алматы, 1997.

Дәріс 6 тақырыбы:Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары
Жоспары:
Оқушылардың сынып жиналысы
1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысының формалары мен әдістері

Дәрістің мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.Сынып жиналысы және оның хаттамасы ұғымын қалыптастыру.

Дәрістің мазмұны:Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұысының негізгі формасы (түрі) - сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік, жауапкершілік қағидасын меңгереді.
Сынып жиналысы - оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті - ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай оның негізгі қызметі - ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы - ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.
Сынып жиналысы тек бір мәселе жөнініде, болмаса бірнеше мәселені талқылауы жайында өткізілуі мүмкін.
Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Ол үшін әрбір ұжым мүшесі өз пікірін ашық айтып, жоспарда көрсетілген мәселелерге байланысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізіп отыруы тиіс. Жиналыс барысында шешуге тиісті мәселелер ұсынылады, талқыланады, соған сәйкес міндеттері анықталады. Сондықтан жиналысқа қатысты мәселелерді анықтау барысында алдын-ала сауалнама жүргізіп, оқушылардан қандай сұрақтарды талдау қажеттілігі сұралуы да мүмкін. Жиналыс шешімі бойынша жауапты адамдар немесе топтар анықталып, атқарылатын шаралардың мерзімі, уақыты белгіленеді.
Сынып жиналысы айына бір мәрте өтізіледі. Соған қарамастан оқу жылына қатысты барлық мәселелерді алдын ала бір жиналыста қарастыру мүмкін емес. Кейде оның тақырыбы күнделікті жұмыс барысында да туындап отырады.
Сынып жиналысының хаттамасы
Айы, күні, жылы
Кімдер қатысты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Немесе Күн тәртібі:
1) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жарыс сөзге қатысқандар: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қабылданған шешім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Төраға ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Хатшы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруда клуб жұмысының маңызы. Тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы адамдардың өмірі мен әрекеттерінің барлық салаларын қамтыған олардың тұрмыс, демалыс және отбасылық қатынастардың маңызы ерекше болмақ. Сондықтан, оқушылар оқу орындарында өткізген өмірлерінде тек белгілі бір бағытта ғана, яғни теориялық білім алуымен шектелмей, ой-өрісін жан-жақты кеңейтіп, тәрбие алуы тиіс. Ол үшін қандай да бір оқу орыны болмасын, олардың дүниетанымдарының қалыптасуына жан-жақты әсер ете отырып, толыққанды дамуына толық мүмкінді жасауы тиіс.
Бұл міндетті шешуде оқушы жастардың қолы бос уақытын тиімді пайдалану барысында тәрбие жүйесінде клуб жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Тәрбиедегі осындай көзқарас барлық қоғамдық институттардың оқушы жастарға тәрбиелі ықпалында бірыңғай әрекетінің болуын қамтамасыз етуді де мақсат тұтады. Сондықтан да, оқушы жастармен клуб жұмыстарын ұйымдастыру, оқу орындарының мәдени-ағартушылық жұмыстарының құрамдас бөлігі болып табылады.

2.Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқтаған орынды.
Бірінші ереже: Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік, көсемдік сөз саптауы, өкпе, реніш, ыңғайсыздыққа негіз болады. "Міндетті", "қажетті" деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады. Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жап-жақсы түсінеді, бірақ тәрбие практикасында өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керек екендігін білу де маңызды. Мұғалім мен ата-ананың арасындағы бірден-бір дұрыс норма - ол бірін-бірі құрметтеу. Осындай жағдайда бала тәрбиесін қадағалау, тәжірибе алмасу, ақыл кеңес, бірлесе шешім қабыладау сияқты екі жақты да қанағаттандыратын формаға ауысады. Бұндай қатынастың маңыздылығы сол - мұғалім мен ата-аналарды жеке жауапкершілік, азаматтық парыз, өзіне деген талапшылдық дамып нығаятын болады.
Ата-аналардың жұмыс орнына "Үлгерім экраны", "Ашық журнал" сияқты тәрбие құралдарын ілу нәтиже бермейді. "Қара тізімге"ілінген әкелер мен аналар ондай форманың тиімсіздігін айтады. Өйткені, сол арқылы олардың балаға көңілі толмауы оны жазалауға, мектепке деген теріс көзқарастың қалыптасуына алып барады. Көп жағдайда осы негізде әке мен шешенің ара қатынасы бұзылады. Осының бәрі түптің-түбінде баланың мұғалімді, мектепті жек көруіне ұласады. Мұғалім,сынып жетекшісі осы жағдайды ескеріп, жұмыс әдістері мен түрлерін таңдағанда баланың көз алдында ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуды басшылыққа алуы тиіс.
Екінші ереже: Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдануға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, жоғарғы білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсінікпен және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже: Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі - ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден "жасыратын" құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сенім сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандей болса да, ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс.Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Төртінші ереже: Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымды қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды. Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса (бала мінезінің тұрақсыздығы, соқтықпалы сипаты т.б) онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс. Қалыптасқан педагогикалық міндеттерді шешудің ондаған тәсілдері болғанымен, солардың біреуі ғана нақты жағдайға толық нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан педагогика ғылымына дайын рецент беретін анықтама емес, тұлғаға тиімді ықпал жасайтын жалпы заңдылықтар туралы ғылым деп қарау қажет.
Ата-аналармен, оқушы отбасымен байланыс орнату мұғалімнің ең басты міндеті. Ондай байланыс орнатудың бір формасы оқушы отбасында болу. Бұл форма мұғалімдер мен ата-аналарға жақсы таныс болғандықтан оның екі кезеңіне тоқталайық.
Отбасында болу, шақыру арқылы іске асқаны жөн. Статистикалық мәліметтер бойынша балалардың 80 пайыздан астамы әкесі де, шешесі де жұмыс істейтін отбасыларында тәрбиеленеді. Демек, кез-келген уақыт мұғалім үшін қолайлы бола бермейді. Мұғалімнің кенеттен үйге ата-аналарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызы
Сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік,олардың түрлері
Тәрбие процесын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz