Мейірбике ісі мамандығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ» АҚ

ӘОЖ 614. 253. 52:614. 88 Қолжазба құқығында

БАЙДАЛИЕВА МЕЙРАМКҮЛ ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ

«Мейіргер ісі бакалаврларын дайындауда енгізілген озық клиникалық тәжірибелердің нәтижелерін бағалау»

6М110300 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін ізденуге арналған диссертация жұмысы

Ғылыми жетекші:

м. ғ. к., доцент А. А. Сейдахметова

Шымкент, 2018

МАЗМҰНЫ

Нормативтік сілтемелер
3
:
Нормативтік сілтемелер: Анықтамалар
3: 4
:
Нормативтік сілтемелер: Белгілер мен қысқартулар
3: 6
:
Нормативтік сілтемелер: Кіріспе
3: 7
: 1
Нормативтік сілтемелер: Теориялық бөлім
3: 11
: 1. 1
Нормативтік сілтемелер: Мейіргерлік іс және оның дамуы
3: 11
: 1. 2
Нормативтік сілтемелер: Болон процесінің маңыздылығы
3: 16
: 1. 3
Нормативтік сілтемелер: Құзырет және құзыреттілік
3: 22
: 1. 4
Нормативтік сілтемелер: Болон процесі аясындағы құзыреттерге негізделген білім беру бағдарламалары
3: 25
: 1. 5
Нормативтік сілтемелер: «Мейіргер ісі» мамандығы бакалаврларының негізгі құзыреттеріне қойылатын талаптар
3: 28
: 1. 6
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды нәтижеге бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу
3: 31
: 2
Нормативтік сілтемелер: Аналитикалық бөлім
3: 34
: 2. 1
Нормативтік сілтемелер: Зерттеу материалдары мен зерттеу әдістері
3: 34
: 2. 2
Нормативтік сілтемелер: Клиникалық бағыттағы пәндер енгізілгенге дейін оқуды бітірген студенттерде қалыптасқан құзыреттіліктер деңгейін бағалау
3: 35
: 2. 3
Нормативтік сілтемелер: Әзірленген білім беру бағдарламалары
3: 36
: 2. 4
Нормативтік сілтемелер: Құзыреттердің негізгі бағыттары. Құзыреттер матрицасын әзірлеу және аяқтау
3: 38
: 2. 5
Нормативтік сілтемелер: Мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері
3: 50
: 2. 6
Нормативтік сілтемелер: «Мейіргер ісі» мамандығы бакалаврларын оқытудың соңғы нәтижелерін және құзыреттіліктерін зерттеу нәтижесі
3: 50
: 2. 7
Нормативтік сілтемелер: 2012ж. ҚР МЖМБС бойынша 2016 - 2017 оқу жылындағы студенттердің құзыреттерін бағалау матрицасы
3: 51
: 3
Нормативтік сілтемелер: Ұсыныс бөлімі
3: 63
: 3. 1
Нормативтік сілтемелер: «Мейіргер ісі» мамандығы бакалаврларының құзыреттіліктерін қалыптастыруға ұсыныс
3: 63
:
Нормативтік сілтемелер: Қорытынды
3: 66
:
Нормативтік сілтемелер: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3: 67
:
Нормативтік сілтемелер:
3:
:
Нормативтік сілтемелер:
3:

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Берілген магистрлік диссертацияда келесі негізгі нормативтік құжаттық сілтемелер қолданылды:

  1. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.
  2. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы.
  3. ҚР мейірбикелік істі 2020 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары.
  4. ҚР МЖМБС 5. 03. 001-2004 «Жоғарғы кəсіптік білім. Бакалавриат. 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы магистрлік диссертацияда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылды:

Біліктілік - алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындау дайындығының деңгейі.

Білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығы - кредит немесе байланыс сағатымен көрсетілген білім беру бағдарламаларын (оқу пәндерін, емтиханды, практикаларды, қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындық пен өткізуді, оқу семестрін, оқу жылын, модульді) жүзеге асыруға жұмсалған қаражат.

Докторантура PhD - бұрынғы ғылыми - зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.

Жоғары базалық білім/жоғары арнайы білім: бакалавриат - «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы.

Жоғары ғылыми - педагогикалық білім: магистратура - «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми - педагогикалық бағдарлама.

Кредит - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі.

Құзыреттілік тәсілі (Competence - Based Approach) - бұл құзыреттілікке негізделген, оқыту нәтижелерін жобалау тәсілдемесі.

Құзыреттілік (Competence) - білім бағдарламалары бойынша оқу нәтижелерін сипаттайтын (біліміне және оны қолдануға, машықтарына, дағдыларына, мүмкіндіктеріне, құндылықтарына және тұлғалық сапаларына қатысты), яғни, жоғары оқу орнының бітірушісіне меңгеруі және көрсете алуы міндетті тиімді кәсіби қызметі, әлеуметтік белсенділігі және тұлғалық дамуы үшін оған қажетті мінездемелердің динамикалық комбинациясы.

Модуль - білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі.

Модульдік білім беру бағдарламасы - білім алушылардың қандай да бір академиялық дәреже және/немесе біліктілік алуы үшін қажетті негізгі құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы.

Модульдік оқыту - нақты кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған жеке өзара байланысты блоктар түрінде материалдарды құрылымдық зерттеуді көздейтін оқыту жүйесі.

Мониторинг - белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті, белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі, нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.

Негізгі құзыреттіліктер - күнделікті, кәсіби немесе әлеуметтік өмірлік жағдайларда қолданылатын, өмірдегі әралуан проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін білім, шеберлік, дағды, қабілет жиынтығы.

Оқу модулі - білім алушылардың құзыреттіліктері тұтас немесе жартылай қалыптасатын олардың нақты оқыту нәтижелерін меңгеруіне бағытталған білім беру бағдарламасының құрылымдық элементі.

Студент (Student) - бакалавриат, магистратура және/немесе докторантура білім бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнында білім алушы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АДДК - Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек

АҚ - акционерлік қоғам

ECTS - (European Credit Transfer System) Кредиттерді жинақтау және аударудың Еуропалық жүйесі

ДД - Дублиндік дескрипторлар

ЖОО - Жоғары оқу орны

АКТ - ақпараттық - коммуникациялық технологиялар

ҚР - Қазақстан Республикасы

МІ - Мейіргер ісі

МЖМБС - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

ОҚМА - Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

ТжКББ - Техникалық және кәсіптік білім беру

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі . Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стартегиялық мақсаты - экономиканың инновациялы дамуының талаптарына, қоғамның және әрбір азаматтың заманауи қажеттіліктеріне сай сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру. Сондықтан білім беру саласының сапасын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр [1] .

Бүгінгі күні инновация - білім берудің мақсатына, мазмұнына, оқу - тәрбие түрлері мен әдістеріне, оқытушы мен студенттің бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыруға жаңалықтар енгізіп, кәсіби педогогикалық ойлау стилін өзгертуде. Инновациялық білім беру технологиялары студенттердің шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға, олардың оқу, тәжірибелік немесе шығармашылық тапсымаларды орындау қабілеттерін, сондай - ақ болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған [2] .

Қазіргі таңда шығармашыл ойлай алатын, әлеуметтік және кәсіби белсенділікке, жаңа заманғы еңбек нарығында бәсекелестікке және ұтқырлыққа ие мамандарға сұраныс өте жоғары. Жоғарғы оқу орындарында білім алушы мейірбикелердің кәсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесі қазіргі уақытта ғылыми пайымдаудың негізі болып табылады [3] .

Мейірбике ісін дамыту үрдісі мен мейірбике кәсібі денсаулық сақтаудың заманауи жүйесінде олардың рөлін барынша күшейтеді. Басында мейірбике орта медициналық қызметкерге жатқызылған, дәрігердің көмекшісі саналып, дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбикелік күтімін жасады, ал қазіргі уақытта ғылыми тәсілдер мен дәлелді тәжірибеге негізделген мейірбике ісінің заманауи теориялары мейірбикені мейірбике шешімдерін дәрігерге тәуелсіз қабылдайтын, дәлелді мейірбике күтімін, оны мейірбике құжаттамасында көрсетіп, жоспарлайтын және жүзеге асыратын, дәрігердің тең әріптесі ретіндегі мейірбике. Дәрігерлердің көмекшісі ретінде мейірбикенің дәстүрлі рөлі біртіндеп өзгеріп келеді және денсаулық сақтауды реформалау саясатында қажеттілердің бірі болып табылады [4] .

Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалау үдерісі мен науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мейірбикеге жоғары біліктілікті, терең білім мен икемділікті, белгілі коммуникативтік дағдыларды, сонымен қатар қажетті кезде ұйымдастырушы және жауапты орындаушы ретінде, техникалық тұрғыда күрделі медициналық аппараттармен жеңіл жұмыс жасай білуді, жоғары мәдени дәрежедегі және әрдайым шығармашылық ізденісте болуды талап етеді. Мейірбике ісі маңызды кадрлық ресурстармен және халықты нақты потенциалды мүмкіндіктер мен қолжетерлік медициналық көмекпен қамтамасыз ететінін ескерсек, оның жұмысын жақсарту мақсатында мейірбикенің қызметін оңтайландыру жолдарын қарастыру қажеттігін қазіргі негізгі мәселе ретінде көтеру керек [5] .

Қазақстанның Болон процесіне енуі білімді, кәсіптік стандарттарды, біліктілік пен лауазымдық ұстанымдарды Еуропалық директиваларға, оның ішінде мейірбике ісі бойынша да, сәйкестікке келтіру қажеттілігін ұсынады. Мейірбике көмегі денсаулық сақтау жүйесінде бүгіндері кәсіптік қызметтің жеке саласы болып табылуда [6] . Ғылыми зерттеулердің сараптамасы жоғарғы білімді мейірбикелердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мейірбике ісінің дамуында маңызды рөл атқаратынын дәлелдеп отыр [7] .

Жұмыстың мақсаты. ОҚМА - да «Мейіргер ісі» бакалаврларын дайындауда енгізілген озық клиникалық тәжірибелерді және олардың нәтижелерін нақты бағалау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. «Мейіргер ісі» мамандығын 2014 - 2016жж. бітірген бакалаврларда оқытудың нәтижелерін және құзыреттіліктерін анықтау.
  2. «Мейіргер ісі» мамандығын 2017 жылы бітірген бакалаврлардың құзыреттіліктері мен оқытудың соңғы нәтижелерін зерттеу.
  3. «Мейіргер ісі» мамандығын 2014 - 2016жж. аралығында және 2017 жылы бітірген бакалаврларда оқытудың нәтижелерін және құзыреттіліктерін салыстыру.

Зерттеудің материалдары мен әдістері. Зерттеу объектісі - «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасы. Зерттеуге «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының 7 оқытушысы және «Мейіргер ісі» мамандын 2014 - 2016жж. аралығында оқыған және 2017 жылы оқуды бітірген 110 студент қатысты. Зерттеу барысында оқытушылар мен студенттер арасында мониторинг және бағалау жұмыстары жүргізілді. 5В110100 «Мейіргер ісі» мамандығы бакалаврларының білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің оқу - тәжірибелік қабілеттерін, негізгі және кәсіби құзыреттіліктерін анықтау мақсатында 2009 - 2012жж. ҚР МЖМБС бойынша құзыреттер матрицасы қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде Еуропалық біліктілік жүйесінің 6 деңгейіне сәйкес келетін құзыреттерді анықтау, олардың мақсаттары, міндеттері, құрылымы мен оқыту стратегиясы, бағалау стратегиясы және «Мейіргер ісі» мамандығын оқыту бойынша бағдарламаны жетілдіру әдістерін анықтау жүргізілді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бакалаврлардың білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің негізгі құзыреттері әзірленді.
  2. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша құзыреттер матрицасы жасалды.
  3. «Мейіргер ісі» мамандығы бакалаврларының білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында 20 негізгі құзыреттер ұсынылды.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы.

5В110100 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 2016 - 2017 оқу жылының білім беру бағдарламасына енгізілген клиникалық бағыттағы пәндер бойынша нәтижелерді зерттеуде мониторинг және бағалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстың нәтижелерін жүзеге асыру. Магистрлік диссертация материалдары «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасында студенттерді оқытуда клиникалық бағытты одан әрі дамыту және тереңдетуге септігін тигізді.

Нәтижелерді апробациялау:

  1. Баяндама: «Мейіргер ісі бакалаврларын дайындауда енгізілген озық клиникалық тәжірибелердің нәтижелерін бағалау», «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің IV халықаралық ғылыми конференциясы. Шымкент, 2016.
  2. Баяндама: «ОҚМФА - да болашақ жоғары білімді мейірбикелердің құзыреттіліктерінің даму деңгейін бағалау», «Заманауи фармация мен медицинадағы инновациялық жетістіктер» атты Халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы. Шымкент, 2017.
  3. Баяндама: «MODEHED халықаралық бағдарламасы аясында симуляциялық оқытуды қолдану», «MODEHED - ЖОО - денсаулық сақтау бойынша оқу курстарын модернизациялау» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы. Шымкент, 2017.
  4. Баяндама: «ОҚМФА - дағы жоғары білімді мейірбикелерге білім берудегі құзыреттілік тәсілдерінің маңызы», «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің V халықаралық ғылыми конференциясы. Шымкент, 2017.

Жұмыс нәтижелерінің нақтылығы. «Мейіргер ісі» мамандығы студенттері клиникалық бағыттағы пәндерді өткенге дейін «құзырет» және «құзыреттілік» терминдерін білген жоқ және құзыреттілік деңгейі төмен нәтиже көрсеткен еді. Енгізілген клиникалық бағыттағы элективті пәндерді өткеннен кейін студенттерде «құзырет» және «құзыреттілік» терминдері туралы түсінік қалыптасып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндіктері артты.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдар:

  1. Мақала: «Мейіргер ісі бакалаврларын дайындауда енгізілген озық клиникалық тәжірибелердің нәтижелерін бағалау», «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің IV халықаралық ғылыми конференциясы. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Хабаршысы (Вестник) » республикалық ғылыми журналы №4(77) -2016ж. ТОМ II, 14 - 15б.
  2. Тезис: «Комплаенс больных с артериальной гипертензией города Шымкента как один из путей достижения эффективного лечения», «Ғылым әлемі және жастар: дамудың бағыты мен жаңа мүмкіндіктері» Жас ғалымдардың халықаралық конференцияның материалдары 12 сәуір 2017 жыл, 97б.
  3. Мақала: «ОҚМФА - дағы жоғары білімді мейірбикелерге білім берудегі құзыреттілік тәсілдерінің маңызы», «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің V халықаралық ғылыми конференциясы. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының «Хабаршысы (Вестник) » республикалық ғылыми журналының № 4 (81), 2017. Том III, 28 - 29б.
  4. Мақала: «Оценка компетентности бакалавров специальности «Сестринское дело» в ЮКГФА», «Современное состояние, проблемы и перспективы медицинского образования» международная учебно-научно-практическая конференция. Бухара 12 апреля 2018, с. 33.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 70 бет, кіріспе, теориялық бөлім, аналитикалық бөлім, ұсыныс бөлімі, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады. Жұмыста 3 кесте, 4 сурет көрсетілген. Қолданылған әдебиет 86 тізімнен тұрады.

  1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІММейіргерлік іс және оның дамуы

Мейірбике ісінің тарихын зерттеу әр түрлі кезеңдерден тұрады. Бірінші кезең 1859 жылғы ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейл жасаған зерттеулер. Бұл зерттеулерде адамның денсаулығына қоршаған ортаның әсерлері келтірілген. Ф. Найтингейл адам табиғатын жан - жақты зерттеу арқылы (ауру адамды күту тәжірибесіне сүйене отырып) методикалық әдістерді жетілдірді.

  • үй жұмысындағы әйелдердің балаларына және сырқаттанған жанұя мүшелеріне қарау;
  • осы жұмыстарды теориялық және ғылыми принциптерге байланыстырып, кәсіби деңгейге шығару.

Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Ф. Найтингейл таза ауаға, тыныштыққа және дұрыс тамақтануға үлкен мән беріп, мейірбикелік іске сипаттама берді [8] .

Ф. Найтингейл бүкіл әлемдегі мейірбике кәсібінің негізін қалаушы болып саналады. XIX ғасырдың өзінде ол былай деді: «Мейірбике ісі - бұл өнер. Мейірбике үш деңгейлі біліктілікке ие болуы керек: ғылыми - ауруды түсіну үшін, мейірімді - науқасты түсіну үшін, техникалық - науқастарға күтім жасау үшін» [9] .

Мейірбикенің алдына қойған мақсаты Ф. Найтингейлдің ойы бойынша, науқастарға табиғаттың өз емдік қасиетін көрсете алатындай жағдай жасау керек. Ф. Найтингейл мейірбикелік істі екі бағытта қарастырды:

  • Науқастарды күту, науқасқа өз ауруын жеңу үшін көмек көрсету.
  • Дені сау адамдарға күтім жасау, ол дегеніміз адамдардың жалпы жағдайын қолдау.

Ф. Найтингейлдің айтуы бойынша мейірбикелік іс кәсіби тұрғыда дәрігерлерден айырмашылығы бар және арнайы дайындықтан өтуді қажет ететін үрдіс. Тарихта бірінші рет Ф. Найтингейл мейірбикелік істің өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми әдістерді қолданды. Европада және Америкада құрылған мейірбикелік істің бірінші модельдері жеке және жоғары санатты болып есептеледі. Бұл ұйымдарда мейірбикелік оқытуды мейірбикелердің өздері жүргізді.

Мейірбикенің кәсіби деңгейі - науқастың жеке өмірін сыйлау және олар туралы құпияны сақтауын көрсетеді. Осы жағдайларға байланысты мейірбикелік қызметтің сапасын жетілдіру жолға қойыла бастады [10] .

Қазіргі кезде мейірбике ісі денсаулық сақтау жүйесінде функционалды міндеттерді жүзеге асыратын жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Мысалы, медициналық көмек көрсету сапасының жүйесі жақсы дамыған елдерде созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық бақылауда ұстау мейірбикелік көмек арқылы жүзеге асырылады.

Көптеген Европалық елдерде мейірбикелер денсаулық сақтау жүйесінің негізгі звеносы ретінде қарастырылады. Онымен қоса, мейірбикелер науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсетеді, мысалы, қант диабеті, бронх демікпесі, жүрек жетіспеушіліктері бар науқастарды бақылаумен қамтамасыз етеді.

Швед медициналық орталығында науқасты бірінші мейірбике қарайды, содан соң дәрігерге жіберуін қамтамасыз етеді. Финляндияда науқастардың 80% - ы мейірбикелік қараудан өтеді, қалған 20% - ы дәрігер бақылауына жүгінеді. Скандинавия елінде де денсаулық сақтауды бақылау мейірбикенің қолында болып табылады. Ал Нидерландияда дәрігердің жұмыс уақыты аяқталғанда науқастарға белгілі бір критерий негізінде мейірбикелер көмек көрсетеді. Өз жұмысында мейірбикелер клиникалық протоколдармен жұмыс жасайды, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіп отырады.

АҚШ және Германия елдерінде науқастың жағдайына байланысты құрылымдық бағдарламасы негізінде жүзеге асады. Мейірбикелер көп жағдайларда науқастарды тексеруден өткізіп, қажет болған кезде ғана дәрігерге жібереді, онымен қоса, ереже бойынша жалпы тәжірибелік дәрігер науқастың үйіне бармайды, оның орнын мейірбике басады.

Медициналық көмек дамыған елдерде мейірбике жұмысының негізі 75% құрайды, ал 25% дәрігерлер жұмысын құрап отыр [11] .

Қазақстандағы мейірбике ісі ғылыми негізде жеке дисциплина ретінде емес, дәстүрлерге негізделген медицинаның қосалқы бөлігі ретінде дамып келеді [12] . Кадрлық дисбаланс өзара байланысты теріс процестермен бірге жүреді: денсаулық сақтау саласында білікті мейірбике қызметкерлері жүргізетін медициналық қызметтердің үлесін арттыру; негізгі қызметі дәрігерлердің медициналық тағайындауларын жүзеге асырумен шектелетін мейірбике қызметкерлерінің рөлін төмендету [13, 14, 15, 16] .

Қазақстанда мейірбике ісін дамытудың өзектілігі: медициналық - демографиялық процестердің өзгеруі, оның ішінде: аурушаңдық деңгейі мен құрылымы, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық құрылымның теңсіздігі; медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру қажеттілігі; медициналық - әлеуметтік көмектің неғұрлым үнемді және тиімді түрлерін қолдану; медициналық қызмет көрсетудің дәстүрлі және жаңа түрлеріне халық сұранысының артуы [17, 18, 19] .

ҚР президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан - 2050» Стратегиясы мемлекеттің жаңа саяси бағытын береді, онда негізгі басымдықтардың бірі сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық экономикадағы медициналық қызметтерді көрсету жүйесін жетілдіру мейірбикелік қызметке қойылатын талаптардың артуына әкеледі [20] .

Қазақстанда арнайы педагогикалық дайындықтан өткен жоғары білімді мейірбике ісінің мамандары жоқтың қасы. Сондықтан мейірбикелерді оқытуға дәрігерлік білімі бар медицина қызметкерлері шақыртылады, ал бүкіл әлемде мейірбикелерді арнайы кәсіби - педагогикалық дайындықтан өткен жоғары білімді мейірбикелер дайындайды.

Мейірбике ісі барлық жастағы адамдарға, отбасыларға, науқастарға немесе сау адамдарға және барлық жағдайларда (дербес мейірбикелердің халықаралық кеңесі, 2009) дербес және бірлескен медициналық көмек көрсетуді қамтиды.

Қазақстанда жоғары білімді мейірбикелерді оқытуды алғаш рет жоғары білімді мейірбикелерді дайындау Ұлттық стандарттарына сәйкес, 1999 жылы «Эмили» медициналық орталығы іске қосты.

Еңбек нарығындағы мейірбикелерге деген сұраныс дүние жүзінде үнемі жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселе, сапалы және қол жетімді медициналық қызметтерді ұсыну үшін қанша мейірбике болуы керектігінде емес, мәселе олардың қандай болуы керектігінде. Осындай күрделі міндеттерді шешу үшін денсаулық сақтау саласы және мейірбикелерді дайындайтын білім беру мекемелері бірге күш біріктірулері қажет. Бүгінде денсаулық сақтау саласы жалпы еңбек нарығында әлеуметтік және кәсіби белсенділікке ие, ұтқырлық пен бәсекеге қабілеттілігі бар шығармашыл ойлай алатын мейірбикелерге мұқтаж.

Қазіргі уақытта ғылыми көзқарас пен дәлелді практикаға негізделген мейірбике ісінің заманауи теориялары мейірбикені мейірбике шешімдерін дәрігерге тәуелсіз қабылдайтын, дәлелді мейірбике күтімін, оны мейірбике құжаттамасында көрсетіп, жоспарлайтын және жүзеге асыратын дәрігердің тең әріптесі ретіндегі мейірбике [21, 22, 23] .

Дәрігерлердің көмекшісі ретінде мейірбикенің дәстүрлі рөлі біртіндеп өзгеріп келеді және денсаулық сақтауды реформалау саясатында қажеттілердің бірі болып табылады [24] .

Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалау үдерісі мен науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің жаңа түрлерін енгізу мейірбикелік қызметкерге жоғары біліктілікті, терең білім мен икемділікті, белгілі коммуникативтік дағдыларды, сонымен қатар қажетті кезде ұйымдастырушы және жауапты орындаушы ретінде, техникалық тұрғыда күрделі медициналық аппараттармен жеңіл жұмыс жасай білуді, жоғары мәдени дәрежеде және әрдайым шығармашылық ізденісте болуды талап етеді [25] .

Қазақстанның Болон процесіне енуі білімді, кәсіптік стандарттарды, біліктілік пен лауазымдық ұстанымдарды Еуропалық директиваларға, оның ішінде мейірбике ісі бойынша да сәйкестікке келтіру қажеттілігін ұсынады. Мейірбике көмегі денсаулық сақтау жүйесінде бүгіндері кәсіптік қызметтің жеке саласы болып табылуда [26, 27] .

Қазақстан үшін мейірбике ісі жүйесінің дамуы барлық деңгейдегі білім беруді, халықаралық стандарттар деңгейінде білім сапасын бақылауды, жоғары оқу орнының тәжірибесіне мейірбике ісі мамандарын білім деңгейіне сәйкес, әртүрлі қызмет салаларын енгізуді білдіреді. Кəсіби білім беруде уақыт пен қоғамның саналы түрде қажетті жəне негізделген құзыреттілік тәсілін жүзеге асыру, іргелі теориялық - əдістемелік дайындық пен іс жүзінде орындауды талап етеді [28, 29, 30, 31] . Оқытудың нәтижелері жүйе сипатына байланысты білім беру бағдарламаларының мақсаттарын еңбек нарығының талаптарымен біріктіретін механизмді білдіреді [32] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау
Қауіп факторларының мейіргер денсаулығына әсері
БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫ БАР ҰЙЫМДАР
Босану бөлмелері
Мейірбике және пациенттер
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Бас медбике
Мейіргер денсаулығына әсер ететін қауіп факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz