Дезинфекцияның химиялық заттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 304 бет
Таңдаулыға:   
:
:
:

Оқулық жалпы эпидемиология, жеке эпидемиология және паразитология бөлімдерінен тұрады. Жалпы эпидемиология бөлімінде эпидемиологияның жалпы теориялық негіздері, эпидемиологиялық зерттеу әдістері, эпидемиялық процесс сипаттамасы, індетке қарсы шаралар мен дезинфекция, стерилизация, дезинсекция, дератизациясы әдістері және олардың сапасын бағалау тәсілдері көрсетілген. Жеке эпидемиология бөлімінде ішек, ауа тамшы, қан, сыртқы қабат инфекцияларының және паразитарлы аурулардың этиологиясы, эпидемиологиялық ерекшеліктері, атқарылатын індетке қарсы шаралар мен тақырыптың толық игерілгендігін сараптауға және өзін өзі тексеруге мүмкіндік туғызатын жағдайлық мысалдар берілген.

Қысқарылған сөздер тізбесі

АДА-СВА- Ауылдық дәрігерлік амбулатория

АДС-Адсорбирленген дифтерия -сіріспе анатоксині

АДС-М Адсорбирленген дифтерия -сіріспе анатоксині(аз мөлшерде)

АИТВ Адамның иммунды тапшылық вирусы

АКДС Адсорбирленген көкжөтел дифтерия -сіріспе вакцинасы

АСТ-АЛТ Аспартат және Аланин аминотрансфераза

БЦЖ Туберкулезге қолданылатын вакцина

ВГА Вирусты гепатит А

ВГВ Вирусты гепатит В

ВГЕ Вирусты гепатит Е

ВГД Вирусты гепатит Д

ВГС Вирусты гепатит С

ГАЕР Гемаглютинация енжар реакциясы

ГАТР Гемаглютинация тежеу реакциясы

ГАТРӘ Гемаглютинация тежеу реакциясы әдісі

ГАЕТР Гемаглютинация енжар тежеу реакциясы

ДСМ Денсаулық сақтау министрлігі

ДДҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ЖІИ Жіті ішек инфекциясы

ИТШ Инфекциялық токсикалық шок

ИФА Иммунды ферментті анализ

ҚҚП Қызылшы, қызамыққа паротит іліктестірілген вакцина

ҚКГҚ Қырым Конго геморрагиялық қызбасы

ПТР Полимераздық тізбе реакциясы

СЭҚБ Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

СЭҚД Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті

СЭС Санитарлық эпидемиологиялық станция

ТЭҚК Төтенше эпидемияға қарсы комиссия

ТҚМ Туберкулезге қарсы мекеме

ТҚҰ Туберкулезге қарсы ұйым

ЭИЭ Энтероинвазиялық эшерихоз

ЭПЭ Энтеропатогенді эшерихоз

ЦМВИ Цитомегаловирусты инфекция

Мазмұны

Қысқарған сөздер тізбесі . . . 2

Мазмұны . . . 4

Кіріспе . . . 10

Ібөлім. Жалпы эпидемилогия

1тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы

1. Эпидемиология пәнінің даму тарихы . . . 12

2. Эпидемиологиялық әдістердің құрылымы . . . 13

3. Эпидемиологиялық процестің белгілері . . . 14

4. Л. В Громашевскийдің инфекциялық аурулардың беріліс механизмі туралы ілімі . . . 16

5. Инфекциялық аурулардың берілу факторлары . . . 17

6. Инфекциялық арулардың жіктелу түрлері . . . 18

7. Эпидемиялық процестің көрінуі, сипаттамасы . . . 22

8тест . . . 30

2 тарау Эпидемиялық процестің 3 буынына бағытталған шаралар.

9. Иммунды әдіспен алдын алудың тарихы . . . 36

10. Инфекциялық ауруларды арнайы алдын алуын ұйымдастырудың негізгі қағидалары, егу көрсеткіштері . . . 37

11. Иммунитет және қабылдағыштық . . . 39

12. Иммунитет пайда болуына әсер ететін факторлар . . . 40

13. Инфекциялық ауруларды иммунды алдын алуын ұйымдастыру . . . 42

14. Тест . . . 45

З тарау. Дезинфекция ісі негіздері

15. Дезинфекция туралы ұғым, даму тарихы . . . ……. . 50

16. Дезинфекция ісін ұйымдастыру . . . 51

17. Дезинфекция әдістері . . . 52

18. Дезинфекцияның химиялық әдісі . . . 53

19. Жеке заттарды және объектілерді дезинфекциялау . . . 54

20. Алдын алу дезинфекциясы . . . 55

21. Ошақтық дезинфекция. Күнделікті дезинфекция . . . 56

22. Қорытынды дезинфекция . . . 58

23. Денсаулық сақтау және балалар мекемелерінде дезинфекция ерекшеліктері . . . 59

24. Медициналық ұйымдарда қалдықтарды жинау, жою . . . 60

25. Дезинфекция сапасын бағалау . . . 60

26. Стерилизация . . . 61

27. Стерилизацияның химиялық әдісі . . . 62

28. Орталық стерилизациялау бөлімінің жұмысы . . . 64

29. Дезинфекция камералары . . . 66

30. Дезинфекция құралдары . . . 69

31. Дезинсекция және оның сапасын бағалау . . . 72

32. Дератизация және оның сапасын бағалау . . . 79

33. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі . . . 82

34. Тест . . . 84

ІІ Бөлім. Жеке эпидемиология

4Тарау. Ішек инфекциялары

35. Іш сүзегі . . . 90

36. Парасүзек А және В . . . 95

37. Дизентерия . . . 96

38. Сальмонеллез . . . 100

39. Шигеллез . . . 104

40. Эшерихиоз . . . 107

41. Вирусты гепатитттер . . . 108

42. Тырысқақ . . . 112

43. Лептоспироз . . . 126

44. Тест . . . 142

5 Тарау. Ауа тамшылы инфекциялар

45. Жедел респираторлы вирусты инфекциялар және тұмау . . . 147

46. Дифтерия . . . 149

47. Қызылша . . . 151

48. Қызамық . . . 153

49. Паротитті инфекция . . . 155

50. Желшешек . . . 156

51. Скарлатина . . . 158

52. Көкжөтел және паракөкжөтел . . . 158

53. Менингококты инфекция . . . 160

54. Герпес инфекциялары. I және II типті герпес инфекциясы . . . 162

55. Цитомегаловирусты инфекция . . . 165

56. Мононуклеоз . . . 166

57. Туберкулез . . . 167

58. Тест . . . 171

6 Тарау. Қан инфекцияларының эпидемиологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу шаралары

59. АИТВ-инфекциясы . . . 175

60. Паренхималық механизмдермен берілетін вирусты гепатиттер . . . 180

61. Вирусты В, С, Д гепатиттер . . . 181

62. Туляремия . . . 188

63. Геморрагиялық қызба . . . 191

64. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы . . . 194

65. Кене энцефалиті . . . 195

66 Тест . . . 200

7 Тарау. Сыртқы қабат инфекциялары.

67. Күйдіргі . . . 202

68. Сіреспе . . . 209

69. Газды гангрена . . . 211

70. Құтыру . . . 214

71. Қышыма . . . 217

72. Дерматомикоздар . . . 222

73. Аурухана ішілік инфекциялар . . . 225

74. Тест . . . 228

8 Тарау. Протозойлы инвазиялар

75. Медициналық паразитология тарихы . . . 233

76. Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері . . . 234

77. Геогельминттер . . . 236

78. Е. Н. Павловский табиғи ошақтық аурулар ілімі . . . 237

79. Қарапайымдылар типі . . . 239

80. Лямблиоз . . . 240

81. Амебиоз . . . 243

82. Токсоплазмоз . . . 245

83. Лейшманиоз . . . 246

84. Безгек . . . 249

85. Эпидемиологиялық қадағалау . . . 254

86. Тест . . . 256

9 Тарау. Медициналық гельминтология

87. Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы . . . 261

88. Жалпақ құрттар . . . 265

89. Опистархоз . . . 265

90. Клонорхоз . . . 268

91. Тениаринхоз . . . 269

92. Эхинококкоз . . . 272

93. Гименолепидоздар . . . 276

94. Дифиллоботриоздар . . . 279

95. Жұмыр құрттар . . . 282

96. Трихинеллез . . . 283

97 . Аскаридоз . . . 285

98. Энтеробиоз . . . 289

99. Тест 294

10 тарау. Медициналық арахноэнтомология

100. Арнайы және арнайы емес таратушылар . . . 299

101. Өрмекшітәрізділер класы . . . 300

102. Кенелер және оларды жою әдістері . . . 303

103. Жәндіктер класы . . . 309

104. Тарақандар отряды (Blattodea) . . . 310

105. Қандалалар отряды (Heteroptero) . . . 312

106. Биттер және оларды жою әдістері . . . 313

107. Бүргелер және оларды жою әдістері . . . 315

108. Масалар және оларды жою әдістері . . . 317

109. Шыбындар және оларды жою әдістері . . . 320

110. Шіркейлер және оларды жою әдістері . . . 323

111. Тест . . . 325

112. Қорытынды . . . 331

113. Тест тапсырмалары жауаптары . . . 332

114. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 333

Кіріспе.

Инфекциялық аурулармен күресуде айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдары олардың алдын алу мен күресуде шешімі табылмаған мәселелер әліде орын алып отырғаны мәлім. Дүние жүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап бара жатқаны байқалып отыр. Мәселен, ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын жаңадан туған 130 миллион баланың12 милионы өледі. Олардың 9 миллионы инфекциялық аурулардың себебінен шетінегендер. Жалпы дүние дүзі бойынша жыл сайын қайтыс болатын 51 миллион адамның үштен бірінің себебі инфекциялық аурулар болып табылады.

Эпидемиология термині (гр. ері- ел іші, demos- халық, logos- ғылым) халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінік береді.

Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір тармағы ретінде індет туралы ғылым.

Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:

1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.

2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын биология және медицина ғылымдарының микробиология, вирусология, гельментология, т. б. бөлімдері зерттейді. Бірақ микроорганизмдер қалайша және неге адам ауруының қоздырғышы болады, оның таралу аспектілерін эпидемиология ғылымы зерттейді.

Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады. Бұл құбылыс инфекциялық процесс деп аталады. Осыны медицинаның жалпы потология, имунология, инфектология және басқа салалары зерттейді.

Эпидемиология - адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым.

Эпидемиология ғылымының қалыптасуы барысында және әртүрлі теориялық көзқарастардың пайда болуына байланысты оның анықтамасы да өзгеріп, жаңа мағына алып отырады.

Белгілі ғалымдардың тұжырымдаған анықтамалары:

  1. К. Д. Заболотный (1927) - «Эпидемиология - індет туралы ғылым. Ол ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, індеттің пайда болу, даму себептерін, оның таралуына ыңғайлы жағдайларды және күресу шараларының бағытын зерттейді. »
  2. Л. В. Громашевский (1941) - «Эпидемиология - індет туралы ғылым немесе эпидемиологиялық процестің заңдылықтары туралы ілім. »
  3. И. И. Елкин (1979) - «Эпидемиология - адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, тоқталуы туралы объективті заңдылықтар және осы ауруларды жою мен алдын алу шаралары туралы ғылым. »

Эпидемиология пәнінің зерттейтін объектісі - бұл эпидемиологиялық процесс.

«Тек эпидемиологиялық процесс және оған тиісті зағдылықтар ғана эпидемиологияның объектісі болады» - деп осы ілімнің негізін қалаушы Л. В. Громошевский айтқан.

Эпидемиология мақсаты - халық арасындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін білу үшін эпидемиялық процестің теориялық және тәжірибелік жақтарын толық түсіндіру арқылы аурудан сақтану мен күресу шараларын дәлелдеп көрсету.

Эпидемиология міндеті - инфекциялық аурулардың пайда болуын, дамуын, таралуын және реттелуін зерттеу және аурудың алдын алу мен күресу әдістерін іздестіру жіне оларды іс жүзінде пайдалану.

І бөлім. Жалпы эпидемиология

1тарау. Эпидемиологиялық процесс сипаттамасы

Эпидемиология пәнінің даму тарихы

Ертедегі Шығыс Азия халықтары инфекциялық аурулардың мәні туралы кейбір мағлұматтардан хабардар болған. мысалы, олар алапес ауруының жұқпалы екенін білген, ондай ауруларды халақ арасынан аластаған немесе ерекше алапестер қорасына қамаған. Қытайда осыдан 3 мың жылдан астам уақыт бұрын халықты шешекке егу әдісі қолданылған. Қазақстан жерінде Өтебойдақ Тілеуқабылұы деген халық емшісі шешекке егуді осыдан 500 жыл бұрын шамасында, ал Дженнерден 350 жыл бұрын жасап, іс жүзінде пайдаланып көрген.

Инфекциялық ауруларды тірі қоздырғыштардың тудыратындығы алғаш рет Гиппократтың (біздің дәуірге шейінгі 460-372ж. ) және басқа да Греция және Рим ғалым -философтарының еңбектерінде болжам ретінде айтылған . Тек қайта өркендеу дәуірінен бастап медицина ғылымы дами түсті. Соның әшәнде инфкциялық аурулардың мәні туралы еңбекердің ғылыми негізі қалыптаса бастады. Эпидемиялардың пайда болу себептерін түсіндіруде 2 түрлі бағыт пайда болған:миазматикалық және контагиялық болжамдар

Миазматикалық болжам бойынша эпидемиялардың себебін қоршаған ортаның ластануымен түсіндірген:түрлі комета, метерит және вулкан.

Контагиоздық (жанасу, инфекция) болжаушылар

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМИ- ТЕХНИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРДЕ ПАЙДАЛАНАТЫН КӨПТЕГЕН ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ.

МЫСАЛЫ; КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНЫП, ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҮЛГІЛЕРІН ЖӘНЕ ОҒАН БОЛЖАУ ЖАСАУДЫ ОНЫҢ КӨРІНІСТЕРІН ҚАДАҒАЛАУДЫ ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖАСАУДЫ: НӘЗІК ЖӘНЕ ӨТЕ ДӘЛ БИОХИМИЯЛЫҚ ИММУНОГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП, ҚОЗДЫРҒЫШТЫҢ ЖАН -ЖАҚТЫ ҚАСИЕТТЕРІН СУБМОЛЕКУЛЯРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУДІ ГЕНДІК ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНЫП, ЖАҢА ИММУНДЫҚ ЕГУЛЕР ЖАСАУДЫ. Т, Б ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС-ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ САБАПТЕРІН, БЕРІЛУ МЕХАНИЗМДЕРІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТІҢ ЖИНАҚЫ.

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1

2

3

4

5

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДІСТЕР

Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау

а) инфекция ошағын тексеру

б) аумақты барлаумен сараптау

в) микробиологиялық. Серологиялық. Иммунологиялық. Паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлық-химиялық әдістер

Аналитикалық әдістер

а) оқиға - бақылау түрінде зерттеу

б) когортты зерттеу(біркелкі топты зерттеу)

Статистикалық әдістер

Эксперименталдық әдіс

Математикалық үлгілеу

Зерттеу мақсаты

Инфекциялық аурулардың пайда болу жағдайын мен себебін анықтау:қауіп- қатердің алдыңғы себебін анықтау:эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу, эпидемиялық процеске қатынасатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер: аумақта инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін, эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын анықтау.

Қауіп қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау. Эпидемиологиялық дигноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты індетке қарсы шаралардың бағытын анықтау

Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыс дәрежесін сандық бағалау; індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау

Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау

Эпидемиялық процестің көрінісін болжау

1 Эпидемиологиялық тексеру мен бақылау . Инфекциялық аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру әдісі ең алғашқы және маңызды болып саналады. Бұл әдіс ошақтың пайда болу жағдайы мен себебін, инфекция қоздырғышының көзін. Берілу факторлары мен жолдарын, сонымен қатар жұқтыру қауіп- қатеріне ұшыраған адамдарды анықтау үшін пайдаланылады.

2 Аналитикалық эпидемиолгиялық әдістер : Аналитикалық эпидемиолгиялық зерттеудің мақсаты- эпидемиолгиялық тексерумен қадағалау барысында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуы туралы дигностикалық болжауды бағалау үшін тексеру жүргізу.

3 Эксперименталдық эпидемиологиялық әдістер . Инфекциялық аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуге қлоданылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды.

4 Математикалық үлгілеу . Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады

5. Статистикалық зерттеу әдістері . Сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштері және оны есептеу әдістері. Статистикалық зерттеу әдісінің мақсаты- эпидемиологиялық жағдайды атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін сан арқылы бағалау.

Эпидемиологиялық процестің белгілері

Эпидемиологиялық процестің белгілері «симптомдары» интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер болып саналады, яғни уақыт боиынша, аумақтағы таралу бойынша және әрбір халық топтары арасында көріністері бойынша сипатталады. Статистикалық көрсеткіштер эпидемиялық процестің сандық және сапалық белгілері арқылы сипатталады.

Эпидемиялық процестің сандық белгілері:

-Сырқаттанушылық деңгейі (өлім-жітім, тасымалдаушылық)

-Сырқаттанудың даму динамикасы;

- Жыл ішінде таралуы(маусымдық жоғарылауының қарқыны)

-Инфекцияның ошақтық көрінісі(пайда болған уақыты, ошақтардың саны, олардың даму мегілдері, бір немесе көп науқасты болып бөлінуі)

Эпидемиялық процестің сапалық белгілері:

  1. Аумақтар бойынша(әлем, мемлекет деңгейі немесе жеке аймағы, республика, облыс, аудан)
  2. Қала және ауыл тұрғындары арасы бойынша;
  3. Әр түрлі жас топтары бойынша;
  4. Жынысына қарай;
  5. Әр түрлі кәсіптік топтар бойынша(жұмыс орнында науқастардың саны, ұйымдастырылған балалар мемкемелерінде)

Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты эпидемиялық процеске әсер ететін факторларды, оның таралу заңдылықтарын және індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтау. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысына қарай инфекциялық ауруларға қарсы шаралардың жоспары жасалады. Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін аймақтағы табиғи жағдай, санитарлық жағдай, экономикалық, демографиялық даму туралы, инфекциялық аурулармен сырқаттану, қоздырғыштардың патогенділігі, атқарылған эпидемияға қарсы шаралар туралы мәліметтер қажет.

Ауылшаруашылық жануарларының саны, инфекциялық аурулар туралы мәліметтерді ветеринарлық қызметкерлерге береді. Халық саны, жасы, кәсіптері туралы мәліметтерді статистикалық бөлімдер береді.

Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін жергілікті аймақтың картасы әр бөлшектердің кесіндісі керек. Дәрігер эпидемиологтың көмекшілері мәліметтерді жинауға, Эпидемиологиялық талдауды жасауға, қауырт құжаттарды сақтауға белсенді түрде қатысады.

Инфекциялық аурулардың берілу факторлары

Берілу факторлары-қоздырғыштық бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері және буынаяқтылар.

Берілу факторларына жатады; ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары және буынақтылар.

Су арқылы-егер су арқылы инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен ластанған болса, инфекцияның су арқылы таралуына мүмкіндік туады. Ашық су қоималарының сулары қалдық сулармен жаңбыр суларымен, қардың еріген суларымен малды суарудан болуы мүмкін.

Инфекциялық аурулардың су арқылы таралуы ластанған суды ішкенде, ыдыстарды қолданғанда, кір жуғанда болуы мүмкін. Су арқылы көбіне ішек инфекциялары таралады, мысалы, тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, вирусты А, Е гепатит.

Тағам арқылы-Инфекциялық аурулардың таралуы да өте жиі кездеседі;

_сүт және сүт өнімдері(қаймақ, ірімшік, балмұздақ)

_жұмыртқа

_ет және ет өнімдері

_жеміс -жидектер

_нан, ұн тағамдары.

Тамақ өнімдерінде ішек инфекцияларының қоздырғыштары көпке деиін сақталып қана қоймай, онда көбеюі де мүмкін, сондықтан ауру өте ауыр немесе орташа ауыр түрінде өтеді, аурудың инкубациялық кезеңі қысқа болады.

Тамақ өнімдері Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен бастапқыда және кейіннен ластануы мүмкін.

Бастапқыдан ластану - ауру малдың сүті, еті, жұмыртқасы арқылы таралады. Мыс; туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, күйдіргі.

Кейіннен ластану-ауру адамның лас қолы арқылы немесе ластанған ыдыс арқылы. Кейіннен ластану тамақ өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау, тарату барысында болуы мүмкін.

Тұрмыстық заттармен-қоздырғышпен ластанған қол арқылы және түрлі тұрмыста қолданылатын заттар арқылы жұғуы мүмкін.

Тікелей жанасу-арқылы тері венерологиялық аурулары, қотыр және кейбір зоонозды инфекциялар таралады.

Ауа - тамшылы жолмен инфекциялық аурулардың қоздырғыштары түшкіру, жөтелу, сөйлесу, тыныс шығару арқылы таралады.

Ауа шаң арқылы қоршаған ортада төзімді қоздырғыштар таралады, өйткені тамшылар түрлі заттардың үстінде кеуіп шаңмен таралады. Еден сыпырғанда төсек ауыстырғанда, киім қаққанда шаңдар көтеріліп тыныс алу жолдарына түседі. Ауа шаң арқылы туберкулез, дифтерия, туляремия, аурулары таралады.

Топырақ арқылы көбіне ішек құрт аурулары таралады. Олар 2жолмен таралады.

1нәжіс-топырақ-жеміс-жидек-адам

2нәжіс-топырақ-ашық сулар-адам

Инфекциялық аурулардың жіктелу түрлері, сипаттамасы.

Қазіргі кезде 250-ден артық Инфекциялық аурулардың нозологиялық түрлері белгілі. Олардың қоздырғыштары әртүрлі түрлермен топтарға жататын микроорганизмдер.

Инфекциялық ауруларды тудыратын қоздырғыштар топтары

Қоздырғыш топтары
Қоздырғыштардың топтары
Ауру топтары
Қоздырғыш топтары: Вирустар
Қоздырғыштардың топтары: Вирустар
Ауру топтары: Инфекциялар
Қоздырғыш топтары: Прокариоттар
Қоздырғыштардың топтары:

МИкоплазмалар

Хламидийлар

Риккетсиялар

Бактериялар

Спирохеттер

Ауру топтары:

Кандидоз

Хламидоз

Бөртпе сүзегі

Іш сүзегі

Мерез

Қоздырғыш топтары: Эукариоттар
Қоздырғыштардың топтары:

Саңырауқұлақтар

Қарапайымдылар

Гельминттер

Буынаяқтылар

Ауру топтары:

Инвазиялар

Микоздар

Протозооздар

Гельминтоздар

Инфестициялар

Л. В. Громашевский бойынша қоздырғыштардың организмде тәндік орналасуы және беоілу механизмі топтастырудың негізін құрайды, соған сәйкес игфекциялық аурулар бес топқа бөлінеді.

1 ішек инфекциялары

2 тыныс жолдар инфекциялары

3 қан инфекциялары

4 сыртқы қабат инфекциялары

5 әртүрлі механизмдермен берілетін инфекциялар

И. И. Елкиннің топтастыруына сәйкес инфекциялық аурулар лкиннің топтастыруына сәйкес инфекциялық аурулар топқа бөлінеді 3топқа бөлінеді:

1 Антропоноздар тек адамдарға тән аурулар

2 Зооноздар хайуанаттарға тән аурулар

3 Антропозооноздар адамға да, хайуанат топтарына да бейімделген аурулар.

Инфекциялық аурулардың экологиялық эпидемиологиялық жіктелуі.

Инфекциялық аурулар
Инфекция топтары
Қоздырғыш қоры
Таралатын аурулар
Инфекциялық аурулар: Антропоноздар
Инфекция топтары:

Ішек

Респираторлы

Қан

Сыртқы қабат

Қоздырғыш қоры: Адам
Таралатын аурулар:

Іш сүзегі, тырысқақ, А, Е вирусты гепатиті,

Қызылша, қызамық, дифтерия

Бөртпе сүзегі, безгек, қайталама сүзек

Мерез, қышыма

Инфекциялық аурулар: Зооноздар
Инфекция топтары:

Үй және синантропты хайуанаттар

Жабайы хайуанаттар

Қоздырғыш қоры:

Хайуанат

Хайуанат

Таралатын аурулар:

Бруцеллез, аусыл, Ку қызба, орнитоз

Туляремия, құтыру, оба, Ласса қызбасы

Инфекциялық аурулар: Сапроноздар
Инфекция топтары:

Топырақтық

Сулы

Сапрозооноздар

Қоздырғыш қоры:

Топырақ

Су

Сыртқы орта хайуанаттары

Таралатын аурулар:

Клостридоз, актиномикоз,

Легионеллез, тырысқақ, мелиоидоз

Күйдіргі, лептоспироз, иерсиниоз, листериоз

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық топтастыру(Б. ЛЧеркасский1993)

Вирустар
Бактериялар
Протозойлар
Микоздар
Гельминтоздар
Вирустар: 1
Бактериялар: 2
Протозойлар: 3
Микоздар: 4
Гельминтоздар: 5

Антропоноздар (ішек инфекциялар) :

Гепатит А
Парасүзектер
Амебиаз
Африкалық гистоплазмоз
Аскаридоз
Гепатит А: Гепатит Е
Парасүзектер: Іш сүзегі
Амебиаз: Лямблиоз
Африкалық гистоплазмоз:
Аскаридоз: Гименолепидоз
Гепатит А: Норволк инфекциясы
Парасүзектер: Шигеллездер
Амебиаз:
Африкалық гистоплазмоз:
Аскаридоз: Дракункулез
Гепатит А: Ротавирус инфекциясы
Парасүзектер: Зонне дизентериясы
Амебиаз:
Африкалық гистоплазмоз:
Аскаридоз: Трихоцефалез
Гепатит А: Энтеровирус инфекциясы(Коксаки)
Парасүзектер:

Флекснер дизентериясы

Эшериохозды тырысқақ

Амебиаз:
Африкалық гистоплазмоз:
Аскаридоз: Энтеробиоз
Гепатит А: Полиомиелит
Парасүзектер:
Амебиаз:
Африкалық гистоплазмоз:
Аскаридоз:

Тыныс алу жолдары инфекциялары

Тұмау
Дифтерия

Акантамебты

Менингит

Тұмау: Аденовирусты инфекция
Дифтерия: Гемофилус
АкантамебтыМенингит: Пневмоцистоз
Тұмау: Герпес инфекциясы
Дифтерия: Инфлюэнца инф
АкантамебтыМенингит:
Тұмау: Реовирусты инфек
Дифтерия: Стрептококк инф
АкантамебтыМенингит:
Тұмау: Риновирусты инфе
Дифтерия: Көкжөтел
АкантамебтыМенингит:
Тұмау: Қызылша
Дифтерия: Алапес
АкантамебтыМенингит:
Тұмау:

Мононуклеоз инф

Парагрипп

Дифтерия: Респираторлық микоплазмоз
АкантамебтыМенингит:
Тұмау: Эпидемиялық
Дифтерия: Респираторлық хламидиоз
АкантамебтыМенингит:

Қан инфекциясы

Гепатит В ГепатитG
Бүргелермен берілетін
Масалармен берілетін безгек
Шыбындармен берілетін лоаз
Гепатит В ГепатитG: Гепатит С ГепатитF2
Бүргелермен берілетін: Бартонеллез
Масалармен берілетін безгек:
:
Шыбындармен берілетін лоаз:
Гепатит В ГепатитG: Гепатит Д Гепатит TT V
Бүргелермен берілетін: Битпен берілетін
Масалармен берілетін безгек:
:
Шыбындармен берілетін лоаз: Масалармен берілетін
Гепатит В ГепатитG: Цитомегаловирусты инф
Бүргелермен берілетін: Окопты қызба
Масалармен берілетін безгек:
:
Шыбындармен берілетін лоаз:
Гепатит В ГепатитG: Вирусты сүйелдер
Бүргелермен берілетін: Қайталама бөртпе сүзгек
Масалармен берілетін безгек:
:
Шыбындармен берілетін лоаз: Бругиоз
Гепатит В ГепатитG: Москиттермен берілетін
Бүргелермен берілетін: Бөртпе сүзгек
Масалармен берілетін безгек:
:
Шыбындармен берілетін лоаз: Вухерериоз

Сыртқы қабат инфекциялары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Дезинфекция: анықтамасы, түрлері, әдістері. әртүрлі топтардағы инфекциялар кезіндегі дезинфекцияның ерешеліктері.»
Дезинфекция. Дезинфекция жүргізілетін камералар, типтері. Камерлі дезинфекцияны бақылау
Дезинсекция әдісі
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Мемлекеттік стандарт
Індетке қарсы санитариялық шаралар
Дезинфекцияның, дезинсекцияның, дератизацияның техникалық құралдары
Дезинфекцияның,дезинсекцияның,дератизацияның техникалық құралдары.Дефинфекциялық дезинсекциялық аппаратура
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және олардын алдын алу шаралары. карантин және бақылау
Дезинфекциялық камералар.Дезинфекция жүргізетін камералар типтері .Камерлі дезинфекцияны бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz