Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
1 АГРОИНЖЕНЕРИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.1 Кәсіпорынның тарихы мен басқару құрылымының сипаттамасы ... ... ... ... 3
1.2 Агроинженерия кәсіпорнының қызмет саласының ерекшелігі ... ... ... ... ... .5
2. АГРОИНЖЕНЕРИЯ КӘСІПОРНЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... 7
2.1 Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Көлік бөлімінің қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері ... ... ... ... ... ... . ..8
2.3 Агроинженерия кәсіпорын бөлімдерінің өзара байланысы ... ... ... ... ... ... .. .9
3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШИНА МОНТАЖДАУ УЧАСКЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК КӘСІПОРНЫҢ ЖАҢҒЫРТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.1 Кәсіпорындағы шина монтаждау учаскесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3.2 Автокөлік кәсіпорның жаңғыртудың тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...11
3.3 Технологиялық процестерді автоматтандыру ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..15
3.4 Техникалық қызмет көрсетудің түрлері мен мерзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ..15
3.5 Техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу технологиялық процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.6 Техникалық жабдықталуды жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2
4 КӘСІПОРЫНДАҒЫ КӨЛІК БӨЛІМІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ... ... ...24
4.1 Көлік құралдарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері (жүрілген жол, жанармай шығыны, техникалық дайындық коэффициенті) ... ... ... ... ... .. ... ... .24
4.2 Көлік процесінің тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ
Агроинженерия ҒӨО - көлік және көлік техникасы саласында маңызды кәсіпорын болып табылады. Бұл жерде ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу сияқты көлік техникасына қатысты нақты тәжірибе жинауға болады. Бұл тәжірибе жоғары оқу орнындағы оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл кезеңде студенттер теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік алады, кәсіби дағдыларын дамытады және таңдалған мамандық бойынша нақты өндірістік процестермен танысады. Дипломалды тәжірибенің негізгі мақсаты - көлік және көлік техникасы саласында өндірістік процестерді жан-жақты зерттеу, көлік құралдарының техникалық жағдайын талдау және тәжірибе барысында жинақталған мәліметтер негізінде дипломдық жұмысты жазуға қажетті ақпаратты алу. Мен Агроинженерия ЖШС-де тәжірибеден өттім. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында қызмет атқарады. Тәжірибе барысында көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету (ТО), жөндеу процестері және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелерімен таныстым.
Қазіргі заманғы өндірісті ұйымдастыру әдістері еңбек өнімділігін арттыруға, орындалатын жұмыстардың сапасын жақсартуға және олардың еңбек сыйымдылығын төмендетуге бағытталған. Бүгінде автокөлік кәсіпорындары жөндеу аймақтарын, желілерін және учаскелерін кешенді механикаландыруға мұқтаж. Бұл процестердің механикаландыру деңгейін арттыру еңбек өнімділігінің айтарлықтай өсуіне, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеу (ТҚ және ТЖ) сапасының жақсаруына ықпал етеді.
Автомобиль көлігі кәсіпорындары жұмыс күшін оңтайландыру арқылы елеулі экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Механизацияны енгізу орындалатын операциялардың еңбек сыйымдылығын төмендетіб, қол еңбегінің үлесін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жөндеу (Ж) үдерістерінің механизациялау деңгейі жеткілікті дәрежеде дамымаған, бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне және жұмыстардың жоғары еңбек сыйымдылығына алып келеді. Сонымен қатар, елдің көлік жүйесіндегі автомобиль көлігінің маңызы арта түсуде. Қазіргі заманғы үрдістер жылжымалы құрамды жалпы пайдалану жүйесінде шоғырландыруды, автокөлік кәсіпорындарының іріленуін, сондай-ақ оларды тасымалдау түрлері немесе жылжымалы құрам типтері бойынша мамандандыруды қамтиды, мысалы, таксомотор парктерінде.
Қазақстанда автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жоспарлы негізде жүзеге асырылады және өзара байланысты қағидаттар мен нормативтік актілер кешенін қамтитын жүйе болып табылады. Бұл жүйе көлік құралдарын пайдалану барысында қажетті сапа деңгейін қамтамасыз ету мақсатында техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібін регламенттейді. Көптеген елдерде де жоспарлы-алдын алу жүйесі қолданылады, оған сәйкес автомобильдер белгілі бір жүріс аралығынан кейін немесе техникалық ақаулар анықталған жағдайда техникалық қызмет көрсету және жөндеу шараларынан өтеді.
Дипломалды тәжірибенің мақсаты мен міндеттері. Дипломалды тәжірибенің мақсаты - автокөлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы негізгі технологиялық процестермен танысу, сондай-ақ автомобильдерді диагностикадан өткізу, жөндеу және қызмет көрсету бойынша тәжірибелік дағдыларды тереңдету.
Осы мақсәтқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
кәсіпорынның жұмыс ұйымдастыруымен танысу: кәсіпорынның құрылымы мен функционалдық бөлімдерін, сондай-ақ автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу үдерісіндегі өзара әрекеттестігін зерттеу;
ақауларды диагностикадан өткізу әдістерін меңгеру: автокөлік техникалық ақауларын анықтаудың заманауи әдістерін зерттеу, арнайы диагностикалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;
автомобильдерді жөндеу бойынша практикалық дағдыларды игеру: әртүрлі ақауларды жою, автокөлік бөлшектерімен жұмыс істеу, сондай-ақ көліктерге профилактикалық қызмет көрсету дағдыларын дамыту;
нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттармен танысу: автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу саласын реттейтін қолданыстағы нормалар мен стандарттарды, сондай-ақ экологиялық және қауіпсіздік талаптарын зерттеу;
клиенттермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту: көлік иелеріне қызмет көрсету тәжірибесін игеру, оның ішінде автокөліктерді күтіб ұстау, жөндеу және профилактика мәселелері бойынша кеңес беру;
автосервис басқару әдістерін меңгеру: қосалқы бөлшектермен жұмыс ұйымдастыруды, бизнес-процестерді оңтайландыруды қоса алғанда, автосервис жұмысын жоспарлау және басқару үдерістерімен танысу.
Тәжірибе кезінде келесі міндеттер қойылды:
Кәсіпорынның құрылымы мен қызметін зерттеу.
Көлік құралдарының техникалық сипаттамаларын және олардың жұмыс тәртібін талдау.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын бақылау.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптарын зерделеу.
Көлік бөлімінің жұмысын тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Бұл есепте дипломалды тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар, зерттелген материалдар және жинақталған мәліметтер жүйеленіп, талданады. Есептің нәтижелері дипломдық жұмысты орындау үшін негіз болады.
1 АГРОИНЖЕНЕРИЯ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Кәсіпорынның тарихы мен басқару құрылымының сипаттамасы
Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қарамағында; ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру саласындағы ғылыми-зертеулер жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. 1948 ж. Алматы қаласында құрылған.1978 ж. қарамағына Аймақтық конструкторлық бюро мен тәжірибелік зертеулер беріліп, Қазақ ауыл шаруашылығын жарақтандыру ғылыми-өндірістік бірлестігі болып құрылды. 2002 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығының құрамындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Институт құрамында: - ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинауды механикаландыру қой шарушылығы процестерін механикаландыру мал фермаларын жобалау жемшөп дайындау және шабындықты механикаландыру ауыл шаруашылығында электр қуатын пайдалану ауыл шаруашылығы дақылдарын жинаудан кейінгі өңдеуді механикаландыру табиғи қуат көздерін (жел, су, күн сәулесі) пайдалану ауыл шаруашылығы нормативтерін жасау және машина-трактор станцияларын құруды ғылыми-зерттеулермен негіздеу ауыл шаруашылығы машиналарын сынақтан өткізу зертханаларын және тәжірибелік машиналарды жобалап жасайтын цех сынақтан өткен машиналарды шығаратын тәжірибелік зуыт бар (2008). 1950 жылдан аспирантура жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыты - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіруде жаңа технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды ұсынып, техниканың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өнім түсімділігін көбейту. Институтта топырақты жел эрозиясынан қорғау бағытындағы технологиялар жетілдіріліп, машиналар кешені жасалды, дәнді дақылдарды және жүгері дақылын жинау, шөпті желдеткіш арқылы тез кептіру, шөл және шөлейт аймақтардағы жайылымдардың құнарлылығын арттырудың машиналы технологиялары ұсынылды. Қой шаруашылығындағы өндірістік процестерді жабдықтау, технология процестерде электр қуатын кеңінен пайдалану жұмыстары табысты жүргізілді. Жер өңдеу механикасының теориялық негіздері жетілдірілді. Ірі қара мал, қой фермаларында қолдануға арналған, мал азықтарын ұсақтайтын, көп құрамды қоспа жем әзірлейтін азық цехтары, қаракөл өнімдерін өңдеудің қалдықсыз технологиялары мен түрлі құрал-жабдықтан тұратын машиналар кешені жасалды. Жаңа техниканы жасап, өндіріске енгізуде қол жеткізген табыстары үшін институт Қазақ КСР-інің Алтын кітабына жазылған (1976). Институт мамандары жасаған жаңа машиналар мен қондырғыларға 450-ден астам авторлық куәліктер, 25 Қазақстан Республикасы патенттері берілді. Институт ғалымдарының 30-ға тарта ғыл. басылымдары, 50-ден аса ұсыныстары, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіруге арналған 20 ғыл. жинақтары жарық көрді.
Кәсіпорынның басқару жүйесі көпсатылы және әр деңгейдің өзіне тән міндеттері бар. Басқару құрылымы келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
Бас директор - кәсіпорынның стратегиялық дамуы мен жалпы басқару қызметіне жауап береді.
Бас инженер - өндірістік процестердің техникалық жағынан орындалуын бақылайды, жаңа технологияларды енгізуге жетекшілік етеді.
Ғылыми жетекші - ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды басқару.
Қаржы және әкімшілік бөлімінің басшысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын бақылап, әкімшілік мәселелерді шешеді.
Көлік және көлік техникасы саласында өндірістік процестерді дұрыс ұйымдастыру - заманауи кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуінің басты шарты. Ауыл шаруашылығы саласында көлік құралдарын тиімді пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын сапалы ұйымдастыру өнімділікті арттырып, шығындарды азайтуға ықпал етеді.
"Агроинженерия" ЖШС - ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарына қызмет көрсететін мекеме. Бұл кәсіпорында тәжірибеден өту арқылы көлік техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласындағы өзекті мәселелермен танысу мүмкіндігі беріледі.
Тәжірибенің өзектілігі келесі факторлармен байланысты:
Теорияны практикамен ұштастыру: Студенттер оқу барысында алған теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайда қолдануды үйренеді. Бұл көлік техникасының құрылымы мен жұмыс принциптерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Көлік процестерін оңтайландыру қажеттілігі:
Көлік құралдарының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін олардың техникалық жағдайын тұрақты бақылау және қызмет көрсету жүйесін жетілдіру қажет. Тәжірибе барысында осы процестерді зерттеу көлік бөлімінің жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге көмектеседі.
Заманауи технологияларды меңгеру: Кәсіпорында қолданылатын жаңа диагностикалық құралдар мен техникалық қызмет көрсету әдістерін меңгеру - бәсекеге қабілетті маман болудың маңызды бөлігі.
Еңбек қауіпсіздігі мен техникалық талаптардың маңыздылығы:
Өндірістік процестерде еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау маңызды рөл атқарады. Тәжірибе барысында қауіпсіздік шараларын сақтау мен бақылау әдістерін игеру - болашақ жұмыстың ажырамас бөлігі.
Дипломдық жұмысқа қажетті мәліметтерді жинау:
Дипломдық жұмысты сапалы дайындау үшін нақты өндірістік процестер мен көрсеткіштерге негізделген тәжірибелік материалдар қажет. Бұл тәжірибе барысында алынған ақпарат дипломдық зерттеудің негізін құрайды.
Осылайша, дипломалды тәжірибе көлік техникасын тиімді пайдалану мен техникалық қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерді шешуге, практикалық дағдыларды дамытуға және дипломдық жұмысты жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.
1.2 Агроинженерия кәсіпорнының қызмет саласы және негізгі бағыттары
Қызмет саласы: "Агроинженерия" ғылыми-өндірістік орталығы ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын зерттеу, әзірлеу және жетілдіру саласында қызмет атқарады. Орталықтың негізгі мақсаты - аграрлық сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заманауи, тиімді және экологиялық таза техникалық шешімдерді ұсыну.
Құрылымы: Кәсіпорын құрылымы бірнеше негізгі бөлімдерден тұрады:
Ғылыми-зерттеу бөлімі: жаңа технологиялар мен техникаларды зерттеу және әзірлеумен айналысады.
Өндірістік бөлім: әзірленген жобаларды өндіріске енгізу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді .
Сынақ және бақылау бөлімі.
Жаңа техниканың сапасы мен тиімділігін сынақтан өткізіп, бақылау жасайды.
Маркетинг және сату бөлімі: дайын өнімдерді нарыққа шығару және тұтынушылармен байланыс орнатумен айналысады. Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы 1 суретте келтірілген.
Сурет 1 - Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы
Агроинженерия ҒӨО ЖШС - Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенге арналған ғылыми-зерттеу, жобалау және инновациялық қызметтерді жүзеге асыратын жетекші ұйымдардың бірі. Компанияның басқару құрылымы тиімді басқару жүйесін қамтамасыз етіб, ғылыми зерттеулер, инновациялық әзірлемелер және өндірістік қызметті үйлестіруге бағытталған.
Кәсіпорынның негізгі бағыттары.
Ауыл шаруашылығы техникасын әзірлеу: топырақ өңдеу, егін егу, жинау және басқа да агротехникалық жұмыстарға арналған заманауи машиналар мен жабдықтарды жасау.
Көлік құралдарын жетілдіру: ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған арнайы көлік түрлерін жобалау және олардың тиімділігін арттыру.
Инновациялық технологияларды енгізу: аграрлық секторға цифрлық шешімдер мен автоматтандыру жүйелерін енгізу арқылы өндіріс процестерін оңтайландыру.
Экологиялық таза шешімдер: қоршаған ортаға зиянсыз, энергия үнемдейтін және тиімді техникаларды дамыту.
"Агроинженерия" орталығы аграрлық сектордың заманауи талаптарына сай келетін жоғары технологиялық өнімдер мен қызметтерді ұсына отырып, ауыл шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосуда.
2 АГРОИНЖЕНЕРИЯ КӘСІПОРНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ұйымдастырушылық құрылымы және негізгі бөлімдер
Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы күрделі ұйымдастырушылық құрылымға ие және ғылыми-зерттеу мен өндірістік қызметтерді тиімді үйлестіруге бағытталған. Кәсіпорын құрылымы басқару деңгейлері мен негізгі бөлімдерден тұрады.
Басқару құрылымы
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кәсіпорындарындағы басқару құрылымдары бас директор кәсіпорынды жалпыи басқаруға, стратегиялық жоспарлауға және бақылауға жауап береді. Негізгі шешімдер қабылдайды, барлық бөлімдердің тапсырмаларды орындауын бақылайды. Бас директордың орынбасары. Бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Жезел басқару және жаңа қызметтерді енгізу үшін жауап береді. Функционалдық бөлімшелер техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімі диагностикаланғандар, автомобильдерді жөндеуді, шанақ жұмыстарын орындайды [1].

Кәсіпорын келесі негізгі бөлімшелерден тұрады:
Жаңа ауыл шаруашылығы техникасын әзірлеу, сынау және жетілдірумен айналысады. Ғылыми жобаларды жоспарлап, олардың нәтижелерін өндіріске енгізуді қадағалайды.
Өндірістік бөлім
Жаңа технологияларды қолдану арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру және жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жабдықтарды сынақтан өткізіп, өндіріс процесінің сапасын қамтамасыз етеді.
Техникалық бақылау және сынақ бөлімі
Өндірілген өнімдерді сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді. Жаңа техниканы тәжірибелік сынақтан өткізіп, нәтижелерін талдайды.
Логистика және жабдықтау бөлімі
Қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді жеткізуді ұйымдастырады. Өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімі
Қауіпсіздік ережелерінің орындалуын және еңбекті қорғау стандарттарының сақталуын бақылайды.
Қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар өткізеді.
Маркетинг және сату бөлімі
Өнімдерді нарыққа шығару стратегиясын әзірлейді.
Клиенттермен келісімшарт жасасып, қызмет көрсету сапасын бақылайды.
Кадрлар бөлімі
Қызметкерлерді қабылдау, оқыту және жұмысқа бейімдеу процестерін жүргізеді. Кәсіпорындағы бөлім басшыларының лауазымдары туралы 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1 - Кәсіпорындағы бөлім басшылары
Лауазым
Тікелей бағынышты бөлімдер
Бас директор
Бас инженер, Ғылыми жетекші, Қаржы бөлімінің басшысы, Маркетинг және сату бөлімі
Бас инженер
Өндірістік бөлім, Техникалық бақылау бөлімі
Ғылыми жетекші
Ғылыми-зерттеу бөлімі
Қаржы және әкімшілік бөлімінің басшысы
Логистика және жабдықтау бөлімі, Еңбекті қорғау бөлімі, Кадрлар бөлімі
Маркетинг және сату бөлімі
Сату бөлімінің қызметкерлері
2.2 Көлік бөлімінің қызметкерлерінің лауазымдық жауапкершілігі мен міндеттері.
Көлік бөлімінің басшысы:
- Көлік бөлімінің басшысы көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жұмысын ұйымдастыруға жауап береді.
Көлік жүргізушілері жүктің қауіпсіз және уақтылы тасымалдануын қамтамасыз етеді. Жөндеу шеберлері көлік құралдарының техникалық жағдайын қамтамасыз етуге жауап береді. Логистикалық маман жүктерді тасымалдауды жоспарлау және ұйымдастырумен айналысады. Механик көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап, алдын алу шараларын жүзеге асырады [2].
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу кәсіпорындарындағы басқару құрылымдары бас директор кәсіпорынды жалпыи басқаруға, стратегиялық жоспарлауға және бақылауға жауап береді. Қызметкерлердің негізгі атқаратын міндеттері туралы ақпарат 2 кестеде келтірілген.
Кесте 2 - Қызметкерлердің негізгі атқаратын міндеттері
Лауазым
Міндеттері
Көлік бөлімінің басшысы
Көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызметті бақылау, тасымалдау кестесін жоспарлау
Көлік жүргізушілері
Көлік құралдарын басқару, жүктің қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ету, көліктің техникалық жағдайын бақылау.
Жөндеу шеберлері
Көлік құралдарын техникалық тексеру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, ақауларды анықтау және жою.
Логистикалық маман
Жүктердің жеткізілуін жоспарлау және бақылау, құжаттарды рәсімдеу, көлік қозғалысын үйлестіру.
Механик
Көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеру, алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу, техникалық ақауларды жою.
Бас директордың орынбасары. Бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді. Жедел басқару және жаңа қызметтерді енгізу үшін жауап береді. Функционалдық бөлімшелер техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімі диагностикаланғандар, автомобильдерді жөндеуді, шанақ жұмыстарын орындайды.
Жабдықтау және логистика бөлімі қажетті бөлшектер мен материалдарды жеткізуді қамтамасыз етеді. Сату және клиенттермен жұмыс бөлімі өтінімдерді қабылдауды ұйымдастырады, клиенттерге кеңес береді, келісімшарттық жұмыс жүргізеді. Маркетинг бөлімі нарықты талдаумен, жарнамалық науқандарды әзірлеумен, бөлімі шығындарды есепке алуды, рентабельділікті есептеуді, бюджетті жоспарлауды жүргізеді. Кадрлар бөлімі: қызметкерлерді іріктеуге, оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жауапты.
Қорытындылай келе, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу олардың ұзақ мерзімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Автокөлік иелері техникалық қызмет көрсету регламентін сақтай отырып, жөндеу шығындарын азайтып, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады
2.3. Көлік бөлімінің басқа бөлімдермен өзара байланысы
Көлік бөлімі кәсіпорынның барлық негізгі құрылымдық бөлімдерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Әр бөліммен өзара әрекеттесу көлік құралдарының тиімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Көлік бөлімінің өндірістік бөліммен байланысы көлік құралдарын өндірістік қажеттіліктерге сәйкес пайдалануды ұйымдастыру, өндірістік процестер үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды уақытылы жеткізу және өндірісте қолданылатын техниканың техникалық жағдайын бақылау арқылы жүзеге асады. Өндірістік бөлімнен алынатын мәліметтер негізінде көлік бөлімінің жұмысы жоспарланып, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу процестері жүргізіледі.
Логистика және жабдықтау бөлімімен өзара байланыс көлік құралдарын пайдалану үшін қажетті қосалқы бөлшектерді уақытылы алу, тасымалдау процесін оңтайландыру және жүктердің жеткізілуін ұйымдастыру арқылы іске асады. Көлік бөлімі логистика және жабдықтау бөліміне қажеттіліктер туралы ақпарат беріп, олардан алынған мәліметтер бойынша тасымалдау кестесін әзірлейді.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімімен байланыс көлік жүргізушілерінің еңбекті қорғау талаптарын орындауын бақылау, көлік құралдарының техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру бағытында жүзеге асады. Көлік бөлімі қауіпсіздік бөліміне техникалық жағдай және жұмысшылардың еңбекті қорғау бойынша мәліметтерді жеткізіп отырады.
Қаржы бөлімімен байланыс көлік құралдарын ұстауға, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындарды жоспарлау мен бақылауға негізделеді. Көлік бөлімі қаржы бөліміне шығындар сметасын дайындап, қажетті қаржыландыруды сұратады, ал қаржы бөлімі шығындарды талдап, бекітеді.
Кадрлар бөлімімен өзара байланыс көлік жүргізушілері мен басқа қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, олардың біліктілігін арттыру және еңбекті бағалау арқылы жүргізіледі. Көлік бөлімі кадрлар бөліміне қажетті мамандар туралы ақпарат береді, ал кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау және оқыту процестерін ұйымдастырады.
Көлік бөлімінің барлық құрылымдық бөлімдермен үйлесімді әрекеттесуі кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттырады және өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді [3].
3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШИНА МОНТАЖДАУ УЧАСКЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ АВТОКӨЛІК КӘСІПОРНЫҢ ЖАҢҒЫРТУ
3.1 Кәсіпорындағы шина монтаждау учаскесі
Шиналарды монтаждау учаскесін жетілдіру өндірістік процестерді оңтайландыру, жаңа жабдықтарды енгізу және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңғыртудың негізгі мақсаты - жұмыс өнімділігін арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, қауіпсіздікті күшейту, шығындарды азайту және экологиялық талаптарға сәйкестендіру.
Технологиялық процестерді автоматтандыру үшін заманауи шиномонтаж жабдықтары енгізіліп, балансировка мен шинаны құрастыру процестері автоматтандырылады. Сандық диагностика жүйелерін қолдану жұмыстың дәлдігін арттырады.
Құрал-жабдықтарды жаңарту аясында гидравликалық көтергіштер, автоматты шиномонтаж қондырғылары, доңғалақ балансировка станоктары және жаңартылған компрессорлар орнатылады.
Жұмыс орнының ұйымдастырылуын оңтайландыру қауіпсіздік стандарттарына сай жабдықтау, эргономикалық жағдай жасау және қосалқы бөлшектер мен құралдардың оңтайлы орналасуын қамтамасыз етуді қамтиды.
Экологиялық тиімділікті арттыру үшін ескі шиналарды қайта өңдеу немесе утилизациялау жүйесі енгізіліп, қуат үнемдейтін жабдықтар пайдаланылады. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін майлау және тазарту құралдары қолданылады.
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында заманауи шиномонтаж технологиялары бойынша оқыту, қауіпсіздік техникасы курстарын өткізу және жаңа жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру қарастырылады.
Күтілетін нәтижелер - жұмыс өнімділігінің артуы, операциялық шығындардың төмендеуі, техникалық ақаулар мен өндірістік қателіктердің азаюы, клиенттерге қызмет көрсету сапасының жақсаруы және экологиялық талаптарға сәйкестік [4].
3.2 Автокөлік кәсіпорнын жаңғырту
Автокөлік кәсіпорнын жаңғырту - өндірістік тиімділікті арттыру, шығындарды азайту, экологиялық талаптарға сәйкестендіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жүргізілетін кешенді шаралар жиынтығы.
Жаңғырту аясында ең алдымен кәсіпорынның техникалық жабдықталуын жетілдіру көзделеді. Жаңа технологиялар мен заманауи жабдықтарды енгізу көлік паркін тиімді басқаруға, техникалық қызмет көрсету уақытын қысқартуға және жөндеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өндірістік процестерді автоматтандыру жұмысты оңтайландырып, адам факторынан туындайтын қателіктерді азайтады. Автоматтандырылған жүйелер көлік диагностикасын, техникалық тексеруді және жөндеу жұмыстарын жылдам әрі дәл орындауға көмектеседі.
Энергия тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынға қуат үнемдейтін жарықтандыру жүйелері, заманауи жылыту және желдету құрылғылары орнатылады. Сондай-ақ жанармай шығынын азайтуға бағытталған технологиялар енгізіледі.
Қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту үшін жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған жұмыс орындары жасақталады. Еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қауіпсіздік жүйелері күшейтіліп, қызметкерлерді кәсіби оқыту ұйымдастырылады.
Көлік бөлімі кәсіпорынның өндірістік қызметін жүзеге асыру үшін әртүрлі көлік құралдары мен арнайы жабдықтарды пайдаланады. Көлік құралдарының сипаттамасы олардың түріне, техникалық мүмкіндіктеріне және қолдану саласына байланысты ерекшеленеді.
Кәсіпорындағы негізгі көлік құралдарына жеңіл автокөліктер, жүк көліктері, арнайы техника және ауыл шаруашылығы техникалары жатады. Жеңіл автокөліктер қызметкерлердің жұмысқа қатынауын және шағын жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Жүк көліктері үлкен көлемді жүктерді тасымалдауға арналған, олар әртүрлі жүк көтергіштікке ие және ұзақ қашықтыққа тасымалдауға бейімделген.
Ауыл шаруашылығы техникасына тракторлар, комбайндар, сеялкалар және басқа да мамандандырылған жабдықтар кіреді. Тракторлар топырақты өңдеу, жер жырту және өнім жинау жұмыстарын атқарады. Комбайндар егін жинауға пайдаланылады, ал сеялкалар дәнді дақылдарды себуге арналған.
Жабдықтардың тұрақты техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуі көлік бөлімінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл көлік құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және апаттық жағдайлардың алдын алады. Техниканың техникалық жағдайын бақылау үшін арнайы диагностика құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады.
Көлік құралдарының техникалық сипаттамалары мен жағдайы
Кәсіпорындағы көлік құралдары өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін кеңінен қолданылады. Олардың техникалық сипаттамалары мен жағдайы көлік бөлімінің тиімді жұмысын және өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Әрбір көлік құралының техникалық жай-күйін тұрақты түрде бақылау және жоспарлы техникалық қызмет көрсету 3 кестеде келтірілген.
Көлік бөлімінің негізгі міндеті - көлік құралдарының техникалық жарамдылығын қамтамасыз ету және олардың үздіксіз жұмысын қолдау. Техникалық қызмет көрсету жоспары барлық көлік құралдарына қатысты жасалады және жоспарлы диагностикалық жұмыстар үнемі жүргізіледі. Бұл өндірістік процестердің үздіксіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Экологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында кәсіпорында қалдықтарды өңдеу және қайта пайдалану жүйесі енгізіледі. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендету үшін фильтрлеу және газ тазарту жүйелері қолданылады.
Жаңғыртудан күтілетін нәтижелер - қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасының артуы, шығындардың азаюы, көлік құралдарының пайдалану мерзімінің ұзартылуы, экологиялық талаптарға сәйкестік және жалпы өндірістік тиімділіктің жақсаруы [5].
3.3 Технологиялық процестерді автоматтандыру
Технологиялық процестерді автоматтандыру автокөлік кәсіпорнын жаңғырту мен шиналарды монтаждау учаскесін жетілдірудің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жұмыс өнімділігін арттырып, қателіктерді азайтуға, уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сандық шиномонтаж және балансировка жабдықтарын енгізу арқылы дөңгелектердің тозуын автоматты түрде анықтау мүмкіндігі артады. Автокөлік жағдайын бақылау жүйелері техникалық қызмет көрсету сапасын жақсартады.
Роботтандырылған шиналарды орнату және монтаждау жабдықтары жұмыс жылдамдығын арттырады. Доңғалақтарды автоматты түрде реттейтін құрылғылар дәлдікті қамтамасыз етеді. Автокөлік диагностикасын жүргізетін компьютерлендірілген жүйелер жөндеу процестерін оңтайландырады.
Автоматтандырылған қойма жүйелері қосалқы бөлшектер мен құралдарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Шығын материалдарының автоматты есеп-қисабы өндірістік шығындарды азайтады. Тапсырыстарды басқару және қызмет көрсету уақытын оңтайландыру клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Технологиялық процестерді автоматтандыру өндірістік тиімділікті арттырып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады, қызмет көрсету сапасын жақсартады және шығындарды төмендетуге ықпал етеді [6].
3.4 Техникалық қызмет көрсетудің түрлері мен мерзімділігі
Кәсіпорындағы көлік құралдарының ұзақ мерзімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсету (ТҚК) жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Бұл жүйе көлік техникасының техникалық жағдайын бақылап, ақаулардың алдын алуға және олардың сенімділігін арттыруға бағытталған.
Техникалық қызмет көрсетудің негізгі түрлері
Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бірнеше негізгі түрге бөлінеді:
Күнделікті техникалық қызмет көрсету (КТҚ)
Күнделікті техникалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz