Антропогендік төтенше жағдайлары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІС № 14

Тақырып: Адам тіршілік ортасындағы төтенше жағдайлар

Мақсаты: Адам тіршілік ортасындағы төтенше жағдайлар түрлері, қауіптілік деңгейлері мен алдын-алу жолдары және құтару шаралары бойынша білім мен дағды қалыптастыру.

Жоспары:

  1. Төтенше жағдай түсінігі
  2. Табиғи төтенше жағдайлар
  3. Антропогендік төтенше жағдайлары
  4. Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын-ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі
  5. ҚР Төтенше жағдайларды алдын-ала ескерту мен оларды жою жүйе

Негізгі түсініктер: Төтенше жағдай, табиғи және антропогендік төтенше жағдайлар, төтенше жағдайлар бойынша Қазақстанның саясаты.

Төтенше жағдай - адам және қаражат шығынға әкелетін апаттармен, катастрофамен, стихиялы мен экологиялық апатпен, сонымен қатар инфекционды науқастармен пайда болған анықталған территорияда адамдардың жағымды жағдайының бұзылуы.

ТЖ негізінді қоршаған орта мен адам шаруашылығы арасындағы дисбалансында, бақылау жүйелердің дестабилизациясында, қоғамдық қатынастарының бұзылуында жатыр.

Табиғи төтенше жағдайлар

1 Метеорологиялық қауіпті құбылыстар:

- дауылдар, теңіз дауылдары, құйындар, кенет соққан дауыл, торнадо, циклондар;

- iрi бұршақ, жауын, қар жауу, күштi тұман, күштi суыққалар, адам айтқысыз қызу, құрғақшылық;

- төтенше өрт қауіпі, орман өрттері, торфтық өрттер, нан массивтерінің өрттері, жанармай қазбаларының жер асты өрттері.

2 Тектоникалық және теллургиялық қауіпті:

- жер сілкінісі (теңіз сілкінісі) ;

- жанар таулардың атылуылары.

3 Топологиялық қауіпті құбылыстар:

- су тасу, тасқындар, желдiң айдаулары, су басу;

- көшкiндер, селдер, құлаулар, көшкiн, үйiндiлер, жер бетiнiң құлауы, цунамилер.

4 Ғарыштық қауіпті құбылыстар:

- метеориттер, кометтарлар қалдықтарының құлауы;

- басқа да ғарыштық апаттар.

Табиғи апаттар ішінде өте жиі кездесетін (90%) түрлері: су тасулары - 40%, тайфундар - 20%, жер сілкінісі мен құрғақшылық - 15%-дан.

Антропогендік төтенше жағдайлары

Көліктік - автомобильдік, теміржолдық, авиациялық, сулы, құбырлы.

Өндірістік қауіпті құбылыстар

- жарылыстар, механизмдердің, агрегаттардың, коммуникациялардың зақымдануы мен қирауы, ғимарат конструкциясының құлауы;

- өрттің әртүрлілігі;

- кәсіпорындағы радиоактивті заттардың (РЗ) шығарылуымен байланысты апаттар;

- ҚӘУЗ шығырылуымен байланысты апаттар.

Табиғи мен техногенді апаттардың қатынасы шамамен 1:4 тең. Техногенді апаттар арасында авиациялық, автомобильді, теміржолдық, теңіздік, өзендік көліктегі құбылыстар басым болып келеді. (65, 7%)

ТЖ мынандай түрлерге бөлінеді:

- локальдік - зардап шеккендер саны - 10 адамнан аспайды; тіршілік ету шарттары бұзылғандар - 100 адамнан аспайды. ТЖ зонасы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы обектілер шегінен аспайды;

- жергілікті - зардап шеккендер саны 10 нан 50 адамға шейін; 100 ден 300 адамға дейін тіршілік ету шарттары бұзылған. ТЖ зонасы елді мекен шегінен аспайды;

- территориялық - зардап шеккендер саны 50 ден 500 адамға шейін, 300 ден 500 адамға дейін тіршілік ету шарттары бұзылға. ТЖ зонасы ҚР субъектісінің шегінен аспайды;

- аумақтық - зардап шеккендер саны 50 ден 500 адамға дейін, 500 ден 1000 адамға дейін тіршілік ету шарттары бұзылғаны. ТЖ зонасы ҚР-ның 2 субъектісін қамтиды.

- федералды - зардап шеккендер саны 500 адамнан асады; 1000 адамнан тіршілік ету шарттары бұзылған. ТЖ зонасы ҚР-ның 2 субъектісінен асатын жерді қамтиды

Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын-ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі

Табиғи, антропогенды, техногенды сипаттамасы бар төтенше жағдайы және зардап шегетін қазіргі заттарды қолдануы кезінде Қазақстан Республикасында территорияны, экономика объектілерді, халықты қорғау үшін төтенше жағдайды жою мен алдын-ала ескерту бойынша мемлекеттік жүйесі (Азаматтық қорғау жүйесі) жұмыс жасайды.

Мемлекеттегі азаматтық қорғанысты жүргізу мен ұйымдастыру бойынша бүкіл қызметі «Азаматтық қорғаныс туралы» 7. 05. 1997 жылынан ҚР Ережесімен анықталған. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныстың жалпы басқармасы премьер-министрге жүктелген (ол - Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныстың бастығы) . Азаматтық қорғаныспен тікелей басқару үшін ортаңғы атқарушы органы - Төтенше жағдай бойынша Қазақстан Республикасының агенттігі құрылған. Агентігінің ортанғы аппараты құрылымдық бөлімшелерден және департаментінен тұрады. Департамент құрамы Республика үкіметінде тағайындалады. Агенттігімен тағайындалған Департамет басымдылығы болады. Агенттігінің төрағасы лауазымы бойынша ҚР азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары және бір мезгілде жол жүрудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ведомствоаралық комиссиясының, Республикалық төтенше эпидемиялық қарсы комиссиясының және Жарылыс жұмыстары бойынша Ведомствоаралық комиссиясының төрағасы болу керек.

Агенттігінің территориады (ТЖ бойынша областы, регионалды, қалалы, ауданды басқармалар) органдарының жетекшісі, олардың төрағалары Әкімшілік- территориалды бірлігіне тиісті әкімімен келісу нәтижесінде Агенттігінің төрағасымен тағайындалады.

Агенттігінің тәжірибе қызметі ҚР қабылданған келесі заңдарымен тағайындалады:

5. 07. 1996 жылынан «Табиғи және техногенды төтенше жағдайлары туралы», . 05. 1997 жылынан «Азаматтық қорғаныс туралы», 31. 03. 1997 жылынан «Апатты-қорғаушы қызметі және құтқарушы мәртебесі туралы», 15. 10. 1993 жылынан «Төтенше ереженің құқықтық режимі туралы», 22. 11. 1996 жылынан «Өрт қауіпсіздігі туралы», 23. 04. 1998 жылынан «Халықтың радиационды қауіпсіздігі туралы». Осы заңдар төтенше жағдайларды жою және алдын-ала ескерту кезінде ҚР территориясында қоғамдық қатынастарды реттейді, төтенше жағдай облысында ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтарын, ұйымдар, өкілді, ортаңғы жергілікті және атқарушы органдарының негізгі міндеттерін және өкілдерін анықтайды.

ҚР Заңына сәйкес «Азаматтық қорғаныс туралы» төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мен алдын-ала ескерту үшін азаматтық қорғаныс күштері, оның құрамы, тағайындалуы және қолдану тәртібі анықталған. Олар ҚА АҚ әскери бөлімшелерден, АҚ территориалды құрылуынан, АҚ объектілі құрылуынан, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрылуынан, жедел құтқару отрядтарынан тұрады. Үкіметтің шешімі бойынша құтқару жұмыстарды өткізу мезгіліне ҚР ІІМ және Минқорғаныстың әскери бөлімшелері тағайындалады.

Меншік формасына тәуелді болмайтын ҚР қазіргі заңнамасына сәйкес областарда, қалаларда, райондарда және ұйымдарда АҚ құрылуы әкімнің шешімімен территориалды-өндірістік принципы бойынша құрылады, ал меншік формасына тәуелді болмайтын ұйымдарда және өндірістерде жергілікті құрылуы - ұйымның басқармасының бұйрығымен құрылады.

АҚ құрылуының саны, жалпы мөлшері, структурасы мамандықтар, техника және жергілікті жағдайларының қажеттілігіне, адам ресурстарының болуына, жасалынған жұмыстардың көлеміне және сипаттамасына сәйкес халықтың сенімді қорғауын қамтамасыз ететін қажеттілігімен анықталады.

Төтенше жағдайлар зардаптарын жою үшін АҚ және мамандандырылған штаттық бар құрылуының санынан тұрақты даярлықта тұратын шұғыл әрекет ету отрядтары құрылады.

- облыста - 150 адамнан кем емес;

- қалада - 100 адамнан кем емес;

- ауданда - 50 адамнан кем емес.

Құрылымдарды дайындыққа келтіруге мүмкін максималды уақыты қойылады:

- шұғыл әрекет ету отрядына - 2 сағаттан аспайды;

- негізгі қорғау құрылымдарына - 4 сағаттан аспайды;

- барлық қалған құрылымдарға - 6 сағаттан аспайды.

Табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жою кезінде апатты-қорғау құрылымдарынан басқа дереу түрде дереу медициналық көмек қызметі іске қосылады. Бұл қызметке тұрақты дайындықтағы мобильді құрылымдар, мамандандырылған дружиналар, алғашқы дәрігерлік жәрдем отрядтары кіреді.

Төтенше жағдай кезінде маңыздысы байланыс мен хабарландырудың құралдарының тұрақтылығы мен тоқаусыздығы болып табылады. Сенімді болу үшін байланыстың барлық түрі қолданылады: желілік, теле-, радио-, компьютерлік, ғарыштық және тағы басқалары. Сонымен қатар азаматтық қорғаныс штабы ретрансляциялық радиожеліге тікелей шыға ала алады. Сонымен бірге қала сыртына шығатын байланыс пунктілері мен резервті құралдар қарастырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны болдырмау
Төтенше жағдайдың психологиялық аспектілері
Халықтың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Төтенше жағдайдын топталуы
Топырақ - өсімдік қорлары
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Қазақстан аймақтарының экологиялық жағдайлары
Химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Химиялық жағдайды бағалау және болжау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz