Сөйлеу тілінің мәтіндері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ
ИНСТИТУТ ЯЗЫКОЗНАНИЯ ИМЕНИ АХМЕТА БАЙТУРСЫНУЛЫ
КОМИТЕТА НАУКИ МИНИСТЕРСТВА НАУКИ И ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
AKHMET BAITURSYNULY INSTITUTE OF LINGUISTICS OF THE COMMITTEE OF SCIENCE OF THE MINISTRY OF SCIENCE AND HIGHER EDUCATION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
АСҚАР ЖҰБАНОВ ОҚУЛАРЫ
«Цифровизация и формирование языка национальной рекламы в Казахстане» и «Опыт создания Национальных корпусов как научно-исследовательский(тұрақты ғылыми тілтанымдық алаң)
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ЖАРНАМА ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ»
және
«ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТАР ӘЗІРЛЕУ ТӘЖІРИБЕСІ»
«Асқар Жұбанов оқулары» аясында ұйымдастырылған
«Қазақстандағы ұлттық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» және «Ғылыми-зерттеу және оқыту интернет-ресурсы ретіндегі
Ұлттық корпустар әзірлеу тәжірибесі»
атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның
МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ
СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ
международной научно-теоретической конференции
и обучающий интернет-ресурс» в рамках регулярной научно-языковой площадки «Аскар Жубановские чтения»
Алматы, 2023
ӘОЖ 811. 512. 122
КБЖ 81. 2 Каз.
А 88
Бас редактор
А. Фазылжан - А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры
Пікір жазғандар:
Н. Уәли - филология ғылымдарының докторы, профессор
Э. Сүлейменова - филология ғылымдарының докторы, профессор
Редакция алқасы:
ф. ғ. д., профессор Н. Уәли, ф. ғ. д., профессор Р. Шойбеков, ф. ғ. д., профессор З. Базарбаева, ф. ғ. д., профессор Ж. Манкеева, ф. ғ. д., профессор А. Алдаш, ф. ғ. д., профессор М. Малбақов, ф. ғ. д., профессор Б. Момынова, ф. ғ. д., доцент Қ. Рысберген, ф. ғ. д., профессор Қ. Күдеринова, ф. ғ. к., доцент С. Құлманов, ф. ғ. к. Г. Исаева
Жауапты шығарушылар:
А. Жаңабекова, А. Қожахметова, Г. Тлегенова, А. Махамбетова
А 88 «Асқар Жұбанов оқулары» тұрақты ғылыми тілтанымдық алаң аясында ұйымдас тырылған халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары. - Алматы: «ЖК Асыл», 2023. - 288 бет.
ІSBN 978-601-7288-18-1
Бұл жинаққа «Мемлекеттік тілдің ақпараттықинновациялық базасы ретіндегі Қазақ тілінің ұлттық кор пусын әзірлеу: ғылымизерттеу және оқыту интернетресурсы» (BR11765619) және «Мәденирепрезентативті және жарнама мәтіндерінің ішкорпусын әзірлеу» (BR18574132) ғылыми жобалары бойынша «Асқар Жұбанов оқулары» тұрақты ғылыми тілтанымдық алаң аясында ұйымдастырылған «Қазақстандағы ұлттық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» және «Ғылымизерттеу және оқыту интернетресурсы ретіндегі Ұлттық корпустар әзірлеу тәжірибесі» атты халықаралық ғылымитеориялық конференция материалдары енді.
Конференция материалдары жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми зерттеу институтта ры қызметкерлеріне, PhD докторанттар мен магистранттарға арналады.
ӘОЖ 811. 512. 122
КБЖ 81. 2 Каз.
ІSBN 9786017288181 © А. Байтұрсынұлы атындағы
АЛҒЫ СӨЗТіл білімі институты, 2023
Бұл ғылыми жинаққа Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Асқар Жұбанов оқулары» тұрақты ғылыми тілтанымдық алаң аясында өткізген «Ғылымизерттеу және оқыту интернетресурсы ретіндегі Ұлттық корпустар әзірлеу тәжірибесі» және «Қазақстандағы ұлт тық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» атты халықаралық ғылымитеориялық конференциялар материалдары еніп отыр.
Асқар Жұбанов - қазақ тіл білімінің ғылыми негізін қалаған белгілі ғалым, қоғам қайратке рі, профессор Құдайберген Жұбановтың ұрпағы, қазақ тіл білімінің қолданбалы саласының қарыштап дамуына ерекше үлес қосқан, саналы ғұмырын қазақ лингвостатистикасы, корпус тық лингвистикасы сияқты заманауи бағыттарды қалыптастыруға арнаған әлемдік деңгейдегі ғалым, Қазақ тілінің ұлттық корпусының негізін қалаушы.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Асқар Жұбанов бастамашы болған қазақ тіл білімінің қолданбалы бағытын әрі қарай дамытуды мұрат етеді. Өйткені мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейту тіліміздің осы қолданбалы бағытымен де тығыз байланысты. Осы ретте 2022 жылы қараша айында Асқар Жұбановтың 85 жылдық мерейтойына орай «Асқар Жұбанов оқулары» тұрақты тілтанымдық алаңы ашылып, іске қосылған болатын. Биыл «Асқар Жұбанов оқулары» тұрақты тілтанымдық алаңы өз жұмысын екінші жыл жалғастырып отыр. Институт 20222023 жж. «Мемлекеттік тілдің ақпараттықинновациялық базасы ретіндегі Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу: ғылымизерттеу және оқыту интернетресурсы» (BR11765619) бағдарламалықнысаналы қаржыландыру зерттеу жобасы (20222023 жж. ) бойынша Қазақ тілінің ұлттық корпусының жаңа 3 ішкорпусын (Параллель, Ауызша, Тарихи корпус) және 3 лингвистикалық белгіленімін (лексикасемантикалық, мәденисемантикалық, просодикалық) әзірледі. Аталмыш конференцияда осы ішкорпустарды әзірлеу барысындағы нәтижелер баяндалып, Ұлттық корпустар жасау тәжірибесі таныстырылды. Конференцияда Орыс тілінің ұлттық корпусын (профессор Е. Рахилина), башқұрт тілінің мәшинелік қорын
жасаушы ғалымдар (З. Сиразитдинов және т. б. ) зерттеулері ұсынылды.
Сонымен қатар Институтта «Мәденирепрезентативті және жарнама мәтіндері ішкорпус тарын әзірлеу» (20232024 жж. ) атты бағдарламалықнысаналы қаржыландыру зерттеу жобасы бойынша қазақ тіліндегі жарнама ішкорпусы әзірленіп жатыр. Осы ретте конференцияда қазақ жарнамасының бүгінгі тілдік келбеті, құрылымы мен құрылысы, түрлері мен типтері мәселесі көтеріліп, осы ішкорпусты әзірлеуші мамандардың жарнама мәтіндерін жинақтау мен жүйелеу барысында шығарылған қорытынды тұжырымдары ортаға салынды. Ісшараға қоғам қайраткерлері, ғылыми қауым өкілдері және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары мен БАҚ қызметкерлері қатысты.
«Асқар Жұбанов оқулары» тілтанымдық алаңы - қазақ тіл білімінің қолданбалы бағытын дағы өткен тарихтан сабақ алушы, бүгінгі қол жеткізген нәтижелер мен өнімдерді насихаттау шы, қолданбалы лингвистиканың келешек бағытын айқындаушы ақпараттық қоғамның өзекті мәселелерін тілтанымдық аспектіде зерттеудің нәтижелерін апробациядан өткізуші мықты орта қатыптастыратын құрал болуына осы конференция да өз үлесін қосты. «Асқар Жұбанов» оқулары жыл өткен сайын ақпараттық қоғам сұранысына қажет тілтанымдық ізденістер мен өнімдерді сынамадан өткізетін жоба ретінде көкжиігін кеңейтіп, жетіле беретініне сенімдіміз.
«Ғалым мен Ғылым» тоғысында өткізілген аталмыш конференцияның жас ғалымдарды тәрбиелеуге, мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістігін нығайтуға, Цифрлық қазақ тілінің әлеуетін арттыруға және қазақтілді жарнама мәселесін жолға қоюға септігі мол болды деп бағалаймыз.
Анар ФАЗЫЛЖАНІ. ПРОФЕССОР АСҚАР ЖҰБАНОВТЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ МҰРАСЫ Н. А. САДУАҚАСАхмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры
ҒАЛЫМ АСҚАР ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ТІЛ БІЛІМІфилология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті,
Ақтөбе, Қазақстан
Аңдатпа. Мақалада қазақ тіл білімінің қолданбалы саласында танымал ғалым Жұбанов Асқар Құдайбергенұлының өмір жолы, ғылыми және педагогикалық еңбектері туралы баян далған. Ғалымның қазақ тілінің статистикасы, жиілік сөздіктер, компьютерлік және корпустық лингвистиканың ғылыми мәселелері жөнінде жүргізген зерттеу жұмыстарына талдау жасалған. Тірек сөздер: Қолданбалы тіл білімі, машиналық аударма, статистика, формалды модель дер, мәтін лингвистикасы, компютерлік лингвистика, корпустық лингвистика, жиілік сөздіктер.
Аннотация. В статье рассказывается о жизненном пути, научных и педагогических тру дах известного ученого в прикладной области казахского языкознания Жубанова Аскара Кудайбергеновича. Проведен анализ исследовательской работы ученого по статистике казах ского языка, частотным словарям, научным проблемам компьютерной и корпусной лингвис тики.
Ключевые слова: прикладное языкознание, машинный перевод, статистика, формальные модели, лингвистика текста, компютерная лингвистика, корпусная лингвистика, частотные словари.
Abstract. The article tells about the life path, scientific and pedagogical works of the famous scientist in the applied field of Kazakh linguistics Zhubanov Askar Kudaibergenovich. The analysis of the scientist’s research work on statistics of the Kazakh language, frequency dictionaries, scientific problems of computer and corpus linguistics is carried out.
Key words : applied linguistics, machine translation, statistics, formal models, text linguistics, computer linguistics, corpus linguistics, frequency dictionaries.
Қазақ тіл білімінің қолданбалы саласын дамытуға, дәлірек айтқанда, қазақ цифрлық тіл білімін, қазақ инженерлік лингвистикасын, корпустық лингвистиканы қалыптастыруда, айтар лықтай қомақты үлес қосқан ғалым, есімі бүкіл түркі жұртына аты әйгілі маман, филология ғылымдарының докторы, профессор А. Қ. Жұбанов еңбектерінің маңызы зор. Есімі елге таны мал профессор Құдайберген Жұбановтың бел баласы, сүт кенжесі болған Асқар Жұбановтың математик маман болып, еңбек жолын жаңа бастаған кезеңіне ойша зер салар болсақ, сол тұста ғылым салаларындағы ізденістердің алға басуы әртүрлі ғылым салаларының да тоғысып, за ман талабына қарай жаңа бағыттағы зерттеулерді талап ете бастағанын байқатқан еді. Бұл жылдары ел басына төнген талай қиындықтардың бұлты сейіліп, өнермәдениет, ғылым мен техниканың дамуы жаңаша сипат алып, елдің де еркін тыныстай бастаған кезі еді. Осы кезде тілге де математика жағынан келіп, тілдік бірліктердің сандық өлшемін есептеп, оны алго ритмдік негізде жүйелеуге, мәтінді электронды есептеуіш машина арқылы қарастырып, аудар ма жасау ісін де компьютерлік техника көмегімен жүзеге асыруға бағытталған жаңа ғылыми сала ретінде «қолданбалы тіл білімі» ғылымының аясында «математикалық лингвистика» бой көтере бастаған болатын [1, 108] . Осы тұста жас математик Асқардың бірбірінен алыс жатқан екінші бір сала - лингвистикаға келуін бір жағы күтпеген жағдай десек, екіншіден тағдырдың жазуы деуге болады. Себебі әкесі профессор Құдайберген Жұбанов өзінің қысқа өмірінде тілдің сансалалы бағытына қалам тербеген болса, ғылым дамуына байланысты дүниеге келген қазіргі тіл білімінің жаңа салаларының алғашқы ұшқындары да ғалым Құдайберген
Жұбановтың еңбектерінен бастау алып жатқанын бүгінгі жас ғалымдар өз зерттеулерінде көрсетіп келеді. Осындай жаңаша зерттеу әдістерінің бірі тілдік бірліктерді санмен байла ныстыра зерттеудің алғашқы үлгісі Құдайберген Жұбанов еңбектерінен табылған болатын [1, 109] . Қолданбалы тіл білімінің «Статистикалық лингвистика» деп аталып жүрген жаңа саланың бастауында профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың тұрғаны жайында белгілі тілшістатист ғалымдар - Қ. Б. Бектаев, С. Мырзабеков т. б. қазақ тілінің статистикасы туралы зерттеулері мен мақалаларында арнайы атап көрсеткен болатын.
Асқар ағамыз өзінің әке жолын ұстап, осы бір жалынның ұшқынын үрлеп, одан әрі лаулата жандыруына, математикалық тіл білімі жолына түсуіне өзінің ағасы, ғалым Есет Жұбановтың да ағалық ақылының қозғау салғанын айтып отыратын еді. Алғашқы уақытта тілді тек тілдік тұрғыдан зерттеу керек деген көзқарастағылар тілді математикалық есептеулермен байланыс тыра қарастырудың қажеттілігін дұрыс сезіне алмай жатқан кезінде, яғни, бүгінгі таңда керекті ақпараттарды алу, не өз ақпаратымызды екінші бір жерге жіберу сияқты толып жатқан барлық ісәрекетімізді автоматты түрде үйде отырыпақ жүзеге асыратынымызды ойласақ, Асқар Жұбановтың бүгінде цифрлық технология деген жаңа атаумен бүкіл адамзаттың қажеттілігіне айналып отырған осы салаға қарай бұрылуын ғылыми көрегендік, батыл қадам, ғылымдағы сирек құбылыс деп те бағалауға болады. Себебі жаңа салаға сол саланың мамандары да ба тыл бара бермейтінін ескерсек, тіл саласына математик маманның келуі, сонымен бірге өз жұмысында бір елге жүк болатындай пайдалы іс жасау екінің бірі қолынан келе бермейтін шаруа деп есептейміз. Сонымен бірге әкесі Құдайберген Жұбановтың өзінің өлшеусіз ғылыми мәнді еңбектерімен қазақ тіл білімін биікке көтергенін, одан кейін туған ағасы ғалым Есет Жұбановтың да қазақ фольклорының тілін зерттеуді алғашқы болып қолға алып, өзінің өзгеге ұқсамайтын терең білімімен ғылымға өшпестей үлес қосып кеткенін ескерсек, қазақ тіл білімінде алғашқы болып жаңа бір саланың іргесін қалап, оның ғылыми нәтижелерін ел игілігі не ұсынып, соңына ерген ізбасар ғалым шәкірттеріне жол көрсете білуі Асқар Жұбановтың ғылымдағы өзіндік дара жолын көрсетеді.
Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы 1937 жылғы күз айының 13 қарашасында Алматы қала сында дүниеге келді [2, 382] . Әкесі халқымыздың тарихындағы тіл ғылымының тұңғыш про фессоры, қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаушылардың бірі, алғашқы кәсіби лингвист, ағартушы, түркітанушы ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбанов болатын. Әкесі Құдайберген солақай саясаттың құрығына іліккен кезде Асқар үш айлығындаақ жер аударылып, туған қаласы Алматыдан әкешешесінің туған жері Ақтөбедегі Мұғалжар өлкесінен бірақ шығады. Құдайберген Жұбановтың жөргектегі нәрестесі Асқардың жарық дүниеге келгеніне небәрі үш ақ күн болғанда «жапон шпионы» деген жалған жаламен қамауға алынған сәтінен інілерінің тағдырына алаңдап, ағалық көмек көрсетіп, ақылкеңес беріп келген Ахмет Жұбанов 1949 жылы бала Асқарды Алматыға алдырып, №18 қазақ орта мектепинтернатының төртінші сыныбына оқуға береді. Бір жыл өте үлкен ағасы Ақырап Алматыдағы 1950 жылы көркемсурет учили щесін бітіріп, жолдама бойынша Петропавл қаласына жұмысқа тұрып, анасы мен бауырларын көшіріп алған кезде, отбасының сүт кенжесі Асқар да осы басқа жерде оқуын жалғастырады. Шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан тағдырдың тепкісін көрген кенже бала Асқар өзінің екі аға, үш апасы, «халық жауының әйелі» атанған Раушан ансымен қалып, сол кезеңдегі қызыл саясаттың кесірінен әке есімі «ақталғанша» талай жерде қиындықты көріп өседі.
Бала кезінен техника, математика бағытындағы салаларға ерекше қызығушылық таны тып өскен Асқар Құдайбергенұлы орта мектепті бітірген соң 1955 жылы Алматы қаласындағы Таукен (политехникалық ) институтына ең жоғары балл жинап, оқуға түсіп тұрған сәтінде, сол қатал заманның «Халық жауының баласы!» деген айыптауы тағы да алдын орап, білім қуған талапты жастың арманының тауы шағылған еді. Қай заманда да үлкен жүректі, адал азамат тар болды десек, алаштың атақты перзенттерінің бірі, сол кезде ҚазПИдің ректоры, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің: «Сенің әкең - ұлы кісі» деп, сол сәтте жас жігіттің жарым көңіліне жарық нұр сепкендей болып, бауырына басып, 1955 жылы Абай атындағы ҚазПИдің физикаматематика факультетіне оқуға түсуіне қол ұшын бергенін Асқар Жұбанов әр кез айтып отыратын [3, 6] .
Әке жолын қуып, әке рухына табына жүріп, тіл саласына келген математика маманы Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы 19671970 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының күндізгі бөлімінің аспиранты болып, Минск қаласындағы Шет тілдер институ ты жанында ғылыми тәжірибеден өтіп, МәскеуЛенинградтың осы саладағы ғалымдарымен байланыс жасап тұрады. Тіл білімі институтындағы тілді зерттеуде математика мүмкіндігін пайдалануды іске асыратын жаңа бағыттағы «Статистикалингвистикалық зерттеу және авто маттандыру» тобының кіші, кейіннен аға ғылыми қызметкері бола жүріп, тілдің сөз байлығын жаңа қырынан зерделеу жолында лингвистикалық сөздіктерді сандық және сапалық белгі леріне қарай математикалық статистика тәсілімен зерттеуді қолға алған алғашқы белгілі математикғалым Қалдыбай Бектаевпен бірлесе еңбек етеді. Асқар Құдайбергенұлы 1973 жылы физикаматематика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докто ры Қ. Б. Бектаевтың және академик І. Кеңесбаевтың ғылыми кеңесшілігімен «ЭЕМ көмегімен қазақ мәтінін статистикалық зерттеу» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, қазақ тілін математикалық әдіспен, яғни статистика мен ықтималдылықтар теориясы әдісте рімен зерттеу жұмыстарын жүргізді [2, 382] . Қазақша мәтіндерді электронды есептеу машина сының көмегімен зерттеп, тұңғыш рет сөзформа, негіз сөз, әріп, әріп тіркесі, т. б. тілдік бірлік тердің автоматтанған жиілік сөздіктерін құрастырудың алгоритмі мен бағдарламасын жасап шығарады. Осындай зерттеулер нәтижесінде заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов
«Абай жолы» эпопеясында 465691 сөзқолданысты пайдаланғанын, онда сөз саны - 16983, ал сөзформасы - 61424 екенін ғылыми түрде анықтайды [4. 68] . Ал 2002 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Қолданбалы лингвистика» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, сол мекеменің ғылыми кеңесінде «Қазақ мәтіні мазмұнын формалдаудың негіз гі ұстанымдары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми атағын алады. Ол қазақ тіл білімінің корпустық лингвистика деп аталған жаңа бағыттағы саласының бірденбір білікті маманы ретінде өзіне ізбасар ғалымшәкірттер дайын даумен шұғылданып, 1991 жылдан бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
«Қолданбалы лингвистика» бөлімінің меңгерушісі, кейіннен жаңаша аталымдағы «Компью терлік лингвистика» ғылыми тобының бас ғылыми қызметкері міндеттерін атқарды.
Адам бойында ата сүйегімен біткен, ана сүтімен сіңген тектік сипатымен қатар, әркімнің өзіне ғана тән табиғатына біткен қарымқабілеті болады десек, әкесі Құдайберген Жұбановтан келген тума талантылығы, дарынды ғалым ағасы Есет Жұбановтан алған үлгіөнегесі бар Асқар Жұбанов та ерекше қабілетті, білімді азамат еді. Асқар Жұбанов « М. О. Әуезовтің толық шығармалар жинағы мәтінін ЭЕМге енгізуге дайындау және сөзнұсқағышсөздіктерді құрас тыру», «М. Әуезовтің 20 томдық шығармалары бойынша автоматтанған картотекалық қор жа сау», «М. Әуезовтің шығармалары бойынша сөзформалар мен сөздердің жиілік сөздіктерін ЭЕМ арқылы құрастыру» атты ғылыми тақырыптарға жетекшілік етеді. «Профессор» ғылыми атағын алған ғалым Асқар Жұбанов корпустық лингвистиканың еліміздегі алғашқы ірі мама ны ретінде әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филолог магистранттары мен студенттеріне математикалық және компьютерлік лингвистика пәндері бойынша дәріс беріп, осы салаға арналған жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарын дайындап шығарады [5] . Корпустық лингвистика маманы ғалым Асқар Жұбановтың жетекшілігімен осы саланың 5 кандидаттық және бірнеше магистрлік диссертациясы қорғалды.
Көпшілікке жете таныс емес «формалды логика» дегенді тіл ғылымына қарай бұру, қазақ тілін зерттеуде математикалық әдістерді қолдануда, сол арқылы «машиналық аударма» жа саумен айналысатын ғылыми саланың дүниеге келіп, оның статистика, формалды модель дер, мәтін лингвистикасы, қолданбалы лингвистика, компютерлік лингвистика, корпустық лингвистика деген атаулармен дамуында осы бағыттың алғашқы мамандардың бірі ретінде Асқар Жұбановтың көп еңбегі сіңген еді [6] . Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде аталған саланың сандық технологиялармен үндесе жаңа қырынан дами бастағанын ескерсек, Асқар Жұбанов еңбектерінің заман көшімен бірге ілесіп, жаңа леппен дамып бара жатқанын көріп, ғалым ның осы жаңа саланың алғашқы бастаушылардың бірі ғана емес, оны әрі қарай алып ба рушы да болғанын мақтан етеміз. Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы өзінің ғалымдық еңбегі
үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2013) медалі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен
«Жұбанов» медалімен (27. 11. 2017 ж. №3 хаттама), Қазақстан Республикасының «Құрмет гра мотасы» (5. 12. 2017 ж. ), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2017) медалі, «Еңбек ардагері» медалімен (2018) марапатталды. Корпустық лингвистиканың білгір маманы ретінде Асқар Жұбанов «Квантитативная структура казахского текста» (1987),
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz