Сөйлем синтаксисі


1- дәріс. Синтаксис туралы түсінік. Сөз және оның формасының синтаксисі. Сөз тіркесі синтаксисі. Сөйлем синтаксисі.
Дәріс жоспары:
- Синтаксис және оның зерттеу нысаны
- Синтаксис саласының зерттелу тарихы
Синтаксис - (грекше syntaxis) - грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі мен тіркесу тәсілдері, формалары, сөз тіркесінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түрлері қарастырылады. Сөйлем синтаксисі іштей екі салаға бөлінеді: жай және құрмалас сөйлем синтаксисі. 3. Мәтін синтаксисі. Күрделі синтаксистік тұтастық. Мұны синтаксистің обьектісіне жататын синтаксистік категориялардың барлық жиынтығының шоғырланған тобы деп берген.
Синтаксис грек сөзі. Қазақшасы қоспа деген. Сөздерді бір-біріне қосып барып сөйлем жасалатын болғандықтан, қоспа деп аталған дейді Қ. Жұбанов.
Жай пікірді айтуға жай сөйлем қызмет етеді. Күрделі пікірді айтуға құрмалас сөйлем қызмет етеді. Мазмұны бұдан күрделі лебізді айтуға синтаксистік шалым, текст деп аталатын тұлғалар білдіреді. Тіл білімінінің, оның синтаксис бөлімінің зерттейтін обьектісі - осы тұлғалар, тұлғалардың құрылысы.
Синтаксис сөйлемдердің құрамындағы сөздердің функциялық қарым-қатынасын зерттейді. Сөйлем құрамына енетін сөздер қалыптасқан ереже бойынша өзара тіркесіп, грамматикалық байланысқа түседі. Сөздердің өзара байланысу ережесін сөз тіркесінің синтаксисі зерттейді. Синтаксис зерттейтін басты және ең келелі мәселе - сөйлемнің құрылысы - сөйлемнің құрылысы. Синтаксистік тұлға - лебіздің (сөйлеудің) құрылымдық сипатқа ие болған көрінісі. Ол тұлғалар - сөз тіркесі, сөйлем мүшесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін.
Синтаксистік тұлғалардың екі түрі бар.
1. Құрылымдық, коммуникативтік дербестігі бар тұлғалар. Бұлар - жай сөйлем, құрмалас сөйлем - пікір алмасуға қатысатын тұлғалар.
2. Құрылымдық (дербестігі жоқ) элемент ретіндегі тұлғалар. Бұлар - сөз тіркесі, сөйлем мүшесі т. т. Сөз тіркесі, сөйлем мүшесі құрылымдық, коммуникативтік дербестігі бар тұлғаларды ұйымдастыруға қатысады.
Синтаксистік тіркестің екі түрі бар: негізгі сөздер мен көмекші сөздер тіркесіп, бірі-бірінің грамматикалық мағынасын толықтырады (мысалы: үйге таман, оқи бастады ), ал толық мағыналы екі сөз тіркесіп, жаңа грамматикалық мағына пайда болады (мысалы: ашық аспан, жолдасына көмектесу ) .
Осындай, екі сөзді тіркестіріп жаңа сөз жасау үшін емес және де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлелдеу, толықтыру үшін емес, қосымша, жаңа грамматикалық мағына тудыру үшін тіркескен сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі де, басқалары «түйдекті тіркес» деген топқа енеді. Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды.
Лексика-грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі.
Сөздер синтаксистік топ құрап сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Ол сөздер түрлі-түрлі морфологиялық тұлғаларда айтылады. Сөздердің ол тұлғалары, лексика-грамматикалық мағыналары тіркескен сөздердің қарым-қатынасына үйлесімді айтылады.
Сөйлем - синтаксис зерттейтін басты тіл тұлғаларының бірі. Ол атқаратын қызметі тұрғысынан да, мазмұны жағынан да, грамматикалық белгілерін ескергенде де синтаксистік форма ретінде алынған сөзден, сөз тіркесінен түгелдей өзгеше категория болып саналады.
Сөйлем - коммуникативтік тұлға, яғни пікір білдіру үшін, информация беру үшін жұмсалатын тұлға. Сөз, сөз тіркесі өз беттерімен бұл қызметті атқара алмайды.
Жеке сөз де, сөз тіркесі тәрізді боп келген конструкциялар да сөйлемге тән грамматикалық форма алып, коммуникативтік тұлға - сөйлемдік сапаға ие бола алады екен. Осыдан шығатын қорытынды - сөйлем өзіне тән грамматикалық құрылысы бар, грамматикалық формасы бар категория. Сөйлемді сөйлем ететін, сөйлемнің грамматикалық формасын құрайтындар мыналар: сөйлем сөйлеу практикасында түрлі-түрлі құрамда жұмсалады. Ол бір немесе екі сөзден, тіпті көптеген сөзден де құрала береді.
Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын бірлігі деп сөйлемді айтамыз. Сөйлем адамның ең күрделі ойлау жұмысымен, пікір құрау ісімен байланысты. Сөз затты, құбылысты атайды, бұл да күрделі ой нәтижесі. Бірақ бұнысына қарамай сөз және сөз тіркесі де пікір алысу үшін жұмсалатын негізгі тілдік единица қатарына жатпайды. Пікір алысу, қарым-қатынас жасау үстінде ылғи сөйлем жұмсалады. Өйткені қарым- қатынас пікір білдіру арқылы жүзеге асады. Сөйлем тілдің ең маңызды қызметтерін білдіретін, жүзеге асыратын бірден-бір құрал. Ондай қызметтердің біріншісі - ойлау - танымдық, екіншісі - қарым- қатынас құралы болу қызметтері. Бұл қызметтер өзара тығыз байланысты. Яғни, қарым- қатынас ретінде қолданылған сөйлемде де танымдық мағына қосылып жүретіні белгілі.
Сөйлемнің өзара тән белгілері болады. Олардың бірі - құрылымдық белгі. Синтаксистің ең негізгі бірлігі ретіндегі сөйлемнің өзінің арнайы құрылымы болады. Бұл құрылым өзін құрайтын ішкі бөлшектерден тұрады. Сөйлемді құраушы өзінің грамматикалық мағыналары бар ішкі бөлшектер синтаксистік байланыстар мен қатынастар арқылы бірігеді. Бұлар сөйлем мүшелері деп аталады.
Сөйлемнің екінші белгісі - семантикалық белгі. Бұл семантикалық белгіні предикативтілік деп атайды . Предикативтілік - сөйлемді сөйлем ететін ең басты синтаксистік категория. Предикативтіліктің мағынасы мен қызметі сөйлем мазмұнын шыңдық болмысқа теңестіру болып табылады. Бұл предикативтіліктің ажырамас қасиеттері - модалдылық, шақтылық, жақтылық тәрізді синтаксистік категориялары арқылы жүзеге асады.
Сөйлемнің құрылымдық және семантикалық екі белгісінің өзара қарым- қатысы қандай болады? Бұлардың қарым -қатысы өзара тығыз байланысқан. Яғни, сөйлемнің белгілі бір құрылымы болуы қандай міндетті болса, ол құрылымның мағынасы, мазмұны болуы да сондай міндетті екені белгілі. Олай болса сөйлемнің бұл екі белгісі бірінсіз-бірі жеке дара өмір сүре алмайды. Бұл таңбаланушы шыңдық болмыс - денотаттың санадағы көшірмесі мен таңбалаушы тіл құралдарының бірлігі болып табылады.
Зерттеу әдістері.
1. Тіл фактілерінің мағына, форма көрінісіне қарай даралай, оларды басқа формаларға қарсы қойып салыстыру арқылы ерекшелігін табу. Бұл - тіл білімінде ең жиі жұмсалатын әдіс.
2. Тіл фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен және туыс тілдердің фактілерімен салыстыру арқылы оның құрылу, жұмсалу ерекшелігі ашылады. Тарихи-салыстырмалы әдіс.
3. Типологиялық әдіс. Бұл - туыс емес тілдердің фактілерін салыстырып зерттеу. Бұл әдіс тіл-тілдердің шығу тарихы бір болмаған күйде де ұқсас жайларын байқатады, ондай ұқсастықтың себептерін білдіреді.
4. Статистикалық әдіс. Бұл әдіс арқылы синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясы, өрісі, тұлғалардың мөлшер, көрінісі зерттеледі.
Сөз - синтаксистің де нысаны. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Синтаксис сөзді өзіне тән ерекшеліктері тұрғысынан қарастырады. Ол ерекшелік - тіркесімділік, яғни сөз синтаксистің қарауына түскенде, екі немесе бірнеше сөздің бағыныңқы-басыңқылық байланыс ыңғайынан зерттеледі.
1894-1897 жылдары орыс тілінде шыққан П. М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казак-киргизского языка” деген екі кітабы, олардан бұрын шыққан Казембектің және миссионерлер жазған “Алтай тілінің грамматикаларына” негізделгенмен, онда да фонетика грамматиканың бір бөлігі болып, морфологияны “Этимология” деп атап, оған синтаксис мәселелері де енгізіліп, синтаксиске арналған кітабында морфологияға қатысты мәселелер араластырылады. Ол - қазақ тілі жайында шыққан ең бірінші, әрі көлемді грамматика.
1920-жылдары А. Байтұрсыновтың ”Тіл - құралы” оқу орындарында оқулық есебінде жұмсалған елеулі еңбек болды. Онда грамматикалық атаулар мен дыбыс, буын, сөз, сөйлем құрылыстары жайында жүйелі түрде
мағлұматтар берілген. 1925 жылы шыққан “Тіл құралында” А. Байтұрсынов сөйлем, сөйлем мүшелері, жай сөйлемнің түрлері, құрмалас сөйлем, тыныс белгілеріне байланысты мәліметтер береді.
1936 жылы проф. Қ. Жұбановтың, 1939 жылы С. Аманжолов пен Н. Сауранбаевтың бірігіп жазған оқулықтары шықты. Бұларда сөйлем мүшесінің тіркесі жайында айтылғандарды сөз тіркесіне де қатысы бар деп қарауға болар, бірақ синтаксистің еленбей жүрген келелі саласы сөз тіркесі екенін де, оның жекелеген мәселелерін де ол авторлар ғылыми зерттеудің обьектісі деп танымайды, танымағаны былай тұрсын, сөз тіркесі мүлде ауызға алынбайды.
Қ. Жұбанов орта мектепке арналған 1936 жылы грамматика оқулығын шығарды. Кітапта сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тәртібінің ертеде өзгеше болғанын дәлелдейді. Қ. Жұбанов қазақ тілінің грамматикасын жаңаша құрастырып, бірқатар грамматикалық атауларды жаңаша атап, көптеген мәселелерді өзінше дұрыс бағдарлап баяндауға тырысты. Қ. Жұбанов сөйлем мүшелерінің бұл күндегі орналасу тәртібінің ертедеөзгеше болғанын дәлелдейді.
1953 жылы шыққан орта мектеп синтаксисінде (С. Аманжолов, Н. Сауранбаев) авторлар сөйлемге мынадай анықтама береді: “Тиянақты ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз” .
Сөйтіп, қазақ тілі оқулығында “сөз тіркесі” деген термин 1950 жылдардан кейін ғана аталды. С. Жиенбаевтың жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған зерттеулерінде сөз тіркесі талданбайды. Бірақ “үйірлі мүше” деген атпен қай сөздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының, сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.
1939 - 1957 жылдар арасында жай сөйлем методикасынан көлемді монографиялық еңбек жарық көре қойған жоқ, тек әр кезде жазылған бірен - саран шағын мақалалар, кішігірім методикалық кітапшалар жарияланды. Солардың ішінде назар аударуға тұратындары мыналар: С. Жиенбаевтың «Сөйлемнің тыныс белгісі», Х. Басымов «Сөйлем мүшелері туралы; Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік», Ә. Ермековтың «Грамматикалық талдау», Ә. Хасеновтың «Пунктуацияны оқыту жолдары; Жай сөйлемдер синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері». Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері (тыныс белгісі, грамматикалық талдау, бірен-саран синтаксистік бірліктер жайында) ғана әр автордың өз көзқарастары, байымдаулары негізінде баяндалады.
1. Лингвистикалық тұрғыдан жай сөйлем синтаксисі әжептәуір зерттелініп, белгілі бір жүйеге салынды. Сондықтан да ол қазақ тіл білімінің арнаулы курсы болып орта мектептерде де, жоғары оқу орындарында да оқытылып жүр.
2. Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі методикалық тұрғыда соңғы он шақты жыл ішінде ғана зерттеу обьектісіне айнала бастады. Негізінен, синтаксис жайлы алғаш сөз еткен де - А. Байтұрсынов. Автор «Тіл құрал» (III кітап) сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлемнің түрлерін нағыз тілдік факт ретінде көрсете білді. Автордың зерттеуі қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі халықтары үшін үлкен бастама болды. Басқа тілдегі зерттеулер А. Байтұрсыновтың ғылыми ойларын басшылыққа алып отырады. Сөйлем мүшелерінің жасалуында сөйлемнің де сөйлем мүшесі болудың негізін А. Байтұрсынов бір мысал арқылы бергенін таңқаларлық білімділіктің көрінісі деу керек. Ғалымның синтаксистегі жай, құрмалас сөйлемдер туралы ойлары бұл саланың 1917 жылдан бұрын қалыптасқанына дәлел. Ол мақтануға боларлық жайт. Сол сияқты С. Аманжоловтың сөйлем мүшелерін жаңаша, ескіше топтаудағы әр түрлі пікірлерін енді ғана түсінудеміз. 1900 - 1939 жылдар арасындағы кейбір синтаксист ғалымдар таныла бастады. Мәселен, 1929 жылғы латын алфавитіне көшу туралы жиында он жеті тілші сөйлеген екен. Сөз сөйлеудің он екісі А. Байтұрсынов еншісіне тиген. Басқа ғалымдар кімдер, олардың еңбектері қандай екені беймәлім. Ол еңбектердің тілші қауымға жетпеуі аз тарихымыз үшін көп жоғалған мұра іспетті. Армян, грузин сияқты ерте дамыған тілдерде әр ғасырдағы синтаксис жаңа авторымен белгілі, ал біз бір ғасырға жетпейтін уақытымыздағы жетістіктердің бәрін талан - таражға салып отырғандаймыз.
Қ. Жұбанов - синтаксис туралы біраз еңбек еткен ғалым. Автор «Из порядка слов в казахском предложении», «О построении речи в казахском языке», «О формах сочетаний слов в казахском языке» еңбектері арқылы едәуір еңбек сіңірді. Сондай - ақ, С. Аманжолов 1932 жылдардан бастап елеулі еңбек етті деуге болады. Автор ең алдымен мектеп грамматикасын (1939), онан кейін жоғарғы оқу орындарына «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсын » (1940) жазды. Автор сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі туралы сөз қозғады. Академик Н. Сауранбаев жай сөйлем туралы ойлармен бірге құрмалас сөйлемдерге тоқталса, С. Жиенбаевтың құрмалас сөйлем, тыныс белгілері туралы ойлары әлі күнге дейін құнын жоймағанын білеміз. Профессор М. Балақаев зерттеулерінің алатын орны ерекше. Автор 1949 жылы мектеп грамматикасы, 1954 жылы академиялық грамматикада сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі жайлы жүйелі түрде жазып кетті. Ол бүкіл түркологияның сөз тіркесі синтаксисінің негізін қалады.
Ш. Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткішінде тілші - ғалымдар Т. Шонанов, М. Жұмабаев, Т. Ахметов, Ж. Барқыұлы, Н. Төреқұлов, К. Төлебаев, Н. Залиұлы, К. Әлімұлы, Қ. Кемеңгеров есімдері орын алған. Ғалымдар еңбектерінің қазақ тіл білімі үшін белгісіз жылдар мерзімін толықтыратыны және қазіргі зерттеулерге негіз болатыны айдан анық. Аталған ғалымдардың ішінде синтаксис, оның теориясын жазуда Е. Омаров еңбегі ерекше. Әзірше ғалымның 1935 жылғы «Сөйлемдегі сөздің орын тәртібі», «Есімдіктерге қатысты приставка» деген екі мақаласы ғана белгілі болып отыр. Бұл сияқты еңбектер әлі де жарық көретін болса, біздің ғылымымызға қосылған үлкен үлес болар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz