Сөз тіркесінің зерттелу жайы


2-лекция . Сөз тіркесі
Жоспар:
1. Сөз тіркесінің зерттелу жайы
2. Сөз тіркесіне тән белгілер
3. Сөздердің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары
Ешбір байланыссыз синтаксистік конструкциялардың болмайтындығы белгілі. Жеке сөздің екінші сөзбен тұлғалық жағынан байланысуы, негізінен, сөз тіркесінде болатын құбылыс.
Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанымен, олардың басты ерекшелігі бір тұтастығы деп есептеді.
Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан-жақты зерттеушілердің бірі - Е. И. Убрятова. Ол “Исследования по синтаксису якутского языка” деген кітабында сөз тіркестерінің түрлерін, негізінде, байланыс формаларының ізімен қарастырады. Сөйлей отырып, сөз тіркесін “бір бүтін мағыналық единица” деп танып, екінші жағынан, сөз тіркестерін “предикативті“, ”предикативті емес” деген тұрғыдан қарастырады. Е. И. Убрятова да сөз тіркестерін, сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп, жан-жақты қарастыруды көздеген.
Қазақ тіл білімі тарихында Қ. Жұбанов пен А. Байтұрсынов ерекше орын алады. Тілдік тәсілдердің жұмсалу жүйелерін айқындап, оларға өзінше ат қойып, айдар таққан кісі А. Байтұрсынов болса, олардың жұмсалу, даму, қалыптасу заңдылықтарын айқындауға ерекше күш жұмсаған проф. Қ. Жұбанов болды. Қ. Жұбанов: “Сөйлем ішінде сөздер бірін-бірі ерте де, біріне-бірі ере де байланысады. Еруші сөзді жетек сөз, ертуші сөзді жетекші сөз дейміз. Біздер мектепке келдік деген сөйлемде біздер деген сөз келдік сөзін ертіп тұр, келдік деген сөз мектепке деген сөзді ертіп тұр. Қайсысының ертіп, қайсысының еріп тұрғанын жалғауынан білуге болады. Біздер деген сөздің орнына мен деген сөзді қойсақ, келдік сөзіне -к жалғауы тұра алмайды… -к -нің орнына -м жалғауын қойып айту керек. Өйткені -к жалғауын керек қылып тұрған біздер деген сөз еді, -м жалғауын керек қылған мен деген сөз. Келді деген сөз тура күйінде біздер деген сөзбен қиындаспайды. Оны қиындастыру үшін келді сөзіне -к жалғауын жалғап, бұрып әкелу керек. Тура күйінен айрылып, бұрма күйде түскен сөз басқа бір сөздің жетегіне ерген жетек сөз болады. Оны жетектеген сөз жетекші сөз болады. Мұнда келдік - жетек сөз, біздер - жетекші сөз. ” деген. Мұндағысы басыңқы сөз бен бағыныңқы сөз.
С. Аманжолов: Сөз тізбегі, яки сөздердің тізбектелуі деген мәселенің өзі екі түрлі ұғымды ішіне алады. Бірі - сөйлемнен тыс, жалпы сөздікте кездесетін бірнеше сөздің бір ғана мағына беретін болып тізбектелуі. Бұлардың кейбірі бірге жазылатын болып кеткен де, кейбірі әлі бірге жазылмай, қатар түзеп, екеуі я үшеуі бір, жалпы мағынасы жақын сөздер, бұлар бара-бара бірігіп бір сөз болып кетуі сөзсіз. Бірақ әзірге таңды бұлардың көбі-ақ біржола бірікпей, қатарласып, біріне-бірі жалғас айтылып жүр. Мұндай қатарласып, бірнеше сөз бір мағынаға ие болып жүруін сөз тізбегі дейді.
Қазақ тіліндегі сөздер тізбегі қызметіне, мағынасына, тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
- Лексикалық тізбектер. Бұған екі я одан да көп сөзден құралған түрлі сөз топтары кіреді. Мысалы: ат қора, Алакөл, он бес т. б.
- Синтаксистік тізбектер. 1. Идиомалық қасиеті бар сөзтізбектері:
құлақ қоймады, көз салмайды, сөз өтпейді; 2. Фразалық тізбектер: қолы қысқа, көзі қткір, басы бос т. б. 3. Үйірлі мүше болатын сөз топтары: аузы күйген, таң ата, күн бата, . 4. Сөйлемде күрделі мүше болатын сөз тізбектері. Бұлар екі түрлі жолмен жасалады: а) шылаусыз жеке сөздерден құралатын күрделі мүшелер. Мұқаш колхозда бригадир болды. Бригадир болды - күрделі мүше.
Сөздердің осылай тізбектелуін синтагмалық тізбектеу деу дұрыс. Бұлай тізбектелуге анықтауыш пен анықталғыш сөз қатары, толықтауыш пен толықтанушы сөз тобы, пысықтауыш пен пысықтанушы сөз тобы, бастауыш пен баяндауыштың екеуінен ғана құралған сөздер қатары синтагмалы тізбектер саналуы керек.
Сөздерден сөз тіркесі, сөз тіркестерінен сөйлем құралады. Сөз де, сөз тіркесі де - сөйлем құраудың негізгі материалдары. Сөз айналадағы обьективтік шындықтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе, сөз тіркесі олардың грамматикалық қарым-қатынасын және мағыналық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымдардың синтезі ретіндегі байымдауды, хабарлауды, сұрауды, модальділікті білдіреді.
В. В. Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір обьектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі жайындағы еңбектердің барлығында синтаксистің басты обьектісі ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр.
Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі - сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі - оның басыңқы сыңары , екіншісі - оған қатысты және тәуелді бөлігі - оның бағыныңқы сыңары .
Осыған сәйкес Р. С. Әміровтің еңбегінде былай делінген: «Біз сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып отырмыз. Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста болуға тиіс, яғни екі сөздің бірі екіншісіне грамматикалық формасы, қызметі жағынан бағыныңқы қатынаста тұруға тиіс. Екіншіден, сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден құралады».
Басыңқы компоненттің лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компонентті түгелдей өзіне лайықты етіп, бағындырып тіркестіреді. Бағыныңқы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды толықтырады: анықтайды, мекенін, мезгілін білдіреді, объектісін атайды. Осынысына орай сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы компонент пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық деп топтап, жинақтап атауға болады.
Сөз тіркесінің грамматикалық бітімін басыңқы сөздің сипаты белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері былай топталады: етістікті тіркестер, есімді тіркестер (зат есімді тіркестер, сын есімді тіркестер, сан есімді тіркестер, есімдікті тіркестер) .
Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады. Көркем әдебиетте асау жел, асау қиял, есалаң тілек тәрізді тіркестер кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз.
Енді бірқатар тіркестер құрамы мызғымайтын берік болады, мысалы: қаһарын төгу, тілін тигізу т. б. Бұлардың құрамын өзгертіп айтуға болмайды. Мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз Сөз тіркесі мен сөйлемнің әрқайсысының өзіндік қызметі бар. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі - сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативті (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса жақсы кісі, бес оқушы, кітаптың беті деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің өзіндік номинативтік мәні бар екендігі белгілі.
Сөйлемдегі сөздер салаласа да, сабақтаса да байланысады. Сөздер сабақтаса тіркесу нәтижесінде жаңа грамматикалық мағыналар пайда болады. (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық) . Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады. Ондағы сөздер бір-біріне бағынады. Ал салаласа байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтан да ондай топ сөз тіркесі емес. (Т. Сайр. 10-б. )
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен қалай болса солай қатарласа бермейді. Олардың бір-бірімен мағыналық және синтаксистік байланысы болуы қажет.
М. Балақаев: “Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек, - дейді;
- сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады;
- ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады;
Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
- Тіркескен сөздер анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысу нәтижесінде пайда болады”.
Алайда, сөйлемдегі бірқатар сөздер басқа сөздермен тек сыртқы байланыста болады да, олармен сөз тіркесін құрай алмайды. Олар - сөйлемдегі қаратпа, қыстырма, одағай сөздер . Сөйлемдегі ондай оқшау сөздер сөз тіркестерінен құралуы мүмкін, бірақ олар сыртқы байланыс негізінде басқа сөз тіркесінің құрамына ене алмайды.
Түркі тілдерінің бір саласы, қазақ тіл білімінде сөз тіркесін басыңқы сыңардың мағыналық қасиетіне қарай топтастыруда кейбір ерекшелік те байқалады. Мәселен, К. Аханов пен М. Серғалиев есімді, етістікті сөз тіркестерінің үстіне «үстеулі сөз тіркестерін» қосса, ал Т. Сайрамбаев, М. Балақаев « Ортақ меңгеру » деген пікірін негізге алып, есімді, етістікті сөз тіркестерінің қатарына « Ортақ басыңқы сөз тіркестерін » қосқанды құптайды. М. Балақаевтың пікірінше, «Ортақ меңгеру» түптеп келгенде, есім мен көсемше етістіктің табыс септікті сөзді меңгерген түріне тән.
Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркес болады.
Түйдекті тіркестер былай бөлінеді:
1. Лексикалық. Екі, одан да көп сөз тіркесі бар заттың не оның сапасының атауы болады. Мысалы: мысық құйрық (шөп атауы) .
2. Грамматикалық. Екі не одан да көп сөздер тіркесу арқылы сөздердің бұрынғы грамматикалық мағыналары түрленуі мүмкін. Мысалы: айтып берді .
Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бәрінің не біреуінің лексика - семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тіркесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Мысалы, көз тігеді, жана бастады, шапқан сайын деген тіркестер екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы жеке сөздердің, бөлек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобын жазып, әр сөзді сөйлемнің жеке мүшесі деп қарауға болмайды.
Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Пештегі отын лаулап жана бастады. Қаракер шапқан сайын үдейді.
Бұл сөйлемдердегі көз тігеді - идиомалы тіркес, баяндауыш, ол күлімсіреп дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында айтылып тұр, жана бастады - күрделі етістікті тіркес, баяндауыш, онымен лаулап деген сөз тіркескен, шапқан сайын - күрделі есімді тіркес, ол үдейді етістігімен тіркесіп пысықтауыштық қатынаста айтылған.
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік қызмет атқару үшін өзара берік байланыста болулары керек. Мысалы: Мыстау, мен, басқа, мүсінші, жоқ дегендер - бытыраңқы сөздер. Бұл сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына енгенде Мыстауда менен басқа мүсінші жоқ (І. Е. ) дегендей синтаксистік байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда Мыстауда деген сөз жоқ деген сөзбен жатыс септігінің жалғауы арқылы байланысып, бір тіркес болса, менен деген сөз шығыс септігінің жалғауы арқылы басқа деген сөзбен байланысып, екінші тіркес болады.
К. Аханов: Сөз тіркесі - мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өзара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесі де не затты, не іс-әрекетті атап, номинативті қызмет атқара алады. Бірақ СТ (сөз тіркесі) затты немесе іс-әрекетті атағанда, оларды жеке-дара күйінде емес, өзара байланысында, қарым-қатынасында атайды. СТ-нің сыңарларының бірі сапа-белгіні немесе іс-әрекетті білдіру қасиетінен айрылса, ондай тіркес СТ болудан қалып, күрделі сөзге айналады.
СТ сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Сөз бен СТ тілдің номинативті құралдарының қатарына енгенмен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес. Біріншіден, сөз дара ұғымның атауы болса, СТ кемінде екі ұғымның, бірақ бір-біріне қатысты, өзара байланысты ұғымдардың атауы, екіншіден, затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті бір-біріне қарым-өатынассыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі олардың бір-бірімен байланысында атайды, үшіншіден, сөз тілде бұрыннан бар, қалыптасқан, даяр тұрған атау болса, еркін СТ даяр тұрған бұрыннан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы сөздердің тіркесуінен жасалатын, олардың грамматикалық және мағыналық бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұғынылады.
Синтаксистік СТ - сөздердің емін-еркін тіркелуінен жасалатын тіркестер, яғни еркін СТ. Еркін СТ құрылымы жағынан фразеологиялық единицалармен ұқсас келеді. ФЕ-дың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа мағынаны емес, барлығы жиналып келіп біртұтас, бір бүтін мағынаны білдіреді де, осыған орай, белгілі бір ФЕ сөйлемде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарады. Ал еркін СТ - нің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы сөйлемнің әр басқа және дербес мүшелері ретінде қызмет атқара алады.
Синтаксистік еркін СТ құрамындағы сөздердің өзі тектес басқа сөздермен емін-еркін алмаса алатындығы ескеріліп, еркін СТ деп аталады. Осы мағынады ФЕ-ға қарсы қойылып қарастырылады.
Сонымен, СТ жайында мынадай қорытынды жасауға болады:
- СТ - кемінде екі дербес (толық мағыналы) сөздердің басыңқы
бағыныңқы гармматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасалған синтаксистік единица.
2. Сөздің, соның ішінде күрделі сөздің бөлшектерінің арасындағы
байланыс СТ-нің сыңарларының арасындағы байланыстан анағұрлым басым және бекем болады.
3. Сөз заттарды, құбылыстарды, спа-белгіні, іс-әрекетті және т. б. жеке
дара күйінде атаса, СТ оларды бір-бірімен байланысында, өзара қарым-қатынасында атайды. СТ-нің арасында анықтауыш+анықталғыш, толықтауыш+толықталғыш, пысықтауыш+пысықталғыш тәрізді синтаксистік қатынастар сақталса, күрделі сөздің сыңарларының арасында мұндай синтаксистік қатынастар жойылады да, күрделі сөздің әрқайсысы бір бүтін лексикалық единица ретінде ұғынылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz