Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

13-лекция. Сабақтас құрмалас сөйлем

Жоспар:

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы.

2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері, салалас сөйлемнен айырмашылығы.

3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары. Бағыныңқы компоненттің баяндауыш формасы (есімше, көсемше, шартты рай тұлғасы арқылы жасалуы, ұласпалы интонация арқылы жасалуы) .

Жай сөйлемдердің құрмаластан айырмашылығы жайында айтар болсақ, яғни тиянақты ойды білдіру үшін сөздердің өзара байланысып бір фонациямен айтылып тынған тобын жай сөйлем дейміз. Ал, қазіргі тіліміздің сөйлем құрылысын зерттеп қарасақ, сөйлемдердің әрқашан жеке айтылмайтынын көреміз. Жеке сөздердің бір - бірімен байланысып жеке сөйлем құрауы сияқты жай сөйлемдер де өзара байланысып, ұласып айтылатынын көреміз. Оның ойында Кәсен ұсынысының жалғасы жатыр еді, өлшеп - пішіп айтуға үйренген қарт өз ойын тағы бір салмақтап алғысы келді. (Ғабит) . Бұл мысалда екі сөйлем жалғасып айтылған. а) оның ойында Кәсен ұсынысының жалғасы жатыр еді, ә) өлшеп - пішіп айтуға үйренген қарт өз ойын тағы бір салиақтап алғысы келді. Бұл екеуінің жалғасынан құранды, күрделі ой білініп тұр, бұл сөйлемдегі ой екі түрлі оқиға туралы айтылған. Бірі қарттың ойында Кәсеннің ұсынысының жалғасы жатқандығы туралы, екіншісі осымен байланысты қарттың өз ойын салмақтап байқағысы келгендігі туралы. Бұл екі сөйлемнің жеке - жеке айтылмай, бір - бірімен ұласып тұрған себебі, екі сөйлемдегі екі оқиға бір - біріне байланысты болғандығынан. Жеке сөйлемдердің өзара байланысуы - жеке оқиғаларды, олардың ішкі байланысына қарай, айтушының ұластырып айтуымен байланысты. Жеке сөйлемдер күрделі ойды білдіру үшін өзара байланысқанда яғни құрмаласқанда, олар өздерінің бүтіндік шамасын, айтылудағы фонациялық өзгешелігін, мүшелік құрылысын сақтайды. 1) сиыр жүнді жеп жатқан уақытта, (2) жел шығып, (3) сиырдың алдындағы біраз жүн қшып кетті. («Екі жетім», ертегі) . Бұл құрмаласқа енген үш сөйлемнің үшеуі де өз ерекшеліктерін сақтап тұр: а) әр сөйлемнің арасы жеке айтылғандағыдай интонациямен ажыратылып тұр, тек бірінші сөйлем ғана өзінен соңғы екінші сөйлеммен екі ағысқа бөлінген бір фонациямен айтылып тұр. Ал екінші, үшінші сөйлемдердің арасы жеке - жеке фонацияның дара ырғағымен айтылып тұр . ә) Әр сөйлемнің мүшелері өз орындарында қалып бір - бірімен байланысып тұратындықтын, олар өзінің мағыналық, тұлғалық бүтіндігін сақтаған. Сондықтан, бұлардың әрқайсысын бөлек айтуға болады. Мұнымен қатар, жеке сөйлемдер өзара құрмаласқанда, олардың жекелік, бөлікік белгісін сақтай алмайтындығы да болады. Мысалы, жоғарыда келтірілген мысалдағы жеке сөйлемдердің біріншісі ( сиыр жүнді жеп жатқан ), екіншісі ( уақытта жел шығып ), үшінші сөйлемге қарағанда тиянақсыздау, бағыныштылау. Бұл тиянақсыздық, бағыныштылық олардың баяндауыштарының тиянақсыз формада тұруының да өз алдына себебі бар. Ол алдыңғы екі сөйлемді соңғы сөйлеммен байланыстырудың керектігі. Егер де осы үш сөйлемді бір - бірімен байланыстыру қанша керек болса, алдыңғы сөйлемдердің баяндауышын тиянақсыз формаға қою соншалық қажет. Сөйлемдерді өзара байланыстырудың қазақ тіліндегі негізгі заңы - осы. Бағыныңқы, басыңқы компоненттерде болатын айырым ойлар грамматикалық амалдардың және мағыналық тұтастықтың арқасында өзара желілік байланысқа түсіп, күрделі ойдың бір жерде шоғырлана айтылуына мүмкіндік алады. Мұндай күрделі ойды жай сөйлемнің күрделенген түрі де білдіре алады. Алайда олардағы (жай сөйлемдегі) күрделі ой бір предикаттық орталыққа негізделсе, құрмаластағы күрделі ой ең кемінде екі предикаттық орталыққа негізделе алады. Ал мұның өзі (предикаттық орталыққа негізделу) сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жеке компоненттердің сөйлемдік мәнге ие бола алуын аңғартса керек. «Құрмалас» деген сөз практикалық тілде қолданылмайды, тек лингвистикалық әдебиеттерде грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Бұл термин - «құра», «құрау» деген сөздердінде туған туынды сөз. «Құрмалас» деген сөздің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені «құрмалас» деп аталатын - сөйлем екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құранды категория. Функциялары жағынан алғанда, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір - бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ: екеуі де ойды жарыққа шығарудың (рас, алдыңғысы жеке бір ойды, соңғысы құрамды күрделі ойды), оны басқаларға білдірудің құралы. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір - бірінен өзгешеліктері - олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында. Бқл өзгешеліктерді байқау үшін төменде келтірілген екі мысалды талдап көрелік. Өзінің олақтығына ыза болған Сейіт ауылға қарай тез аяңдап кетті. Аяқ басысы біржола түзеліп, тізесі бүгілмей, бөксесі боқшаланбай, көлеңке сымбаты да түзеле қалыпты. (Ғ. М. ) . Бұл мысалдың алдыңғысы - жай сөйлем де, соңғысы - құрмалас сөйлем. Құрамы жағынан алғанда алдыңғы жай сөйлем жеке сөздерге ғана, яғни сөйлем мүшелеріне ғана, жіктеле алады. Сөйлем мүшесінен күрделірек бөлшек оның құрамында жоқ. Ал соңғы құрмалас сөйлемді алатын болсақ, ол әрқайсысы өз ішінен жеке сөйлемге жіктеле алатын төрт түрлі сөйлемдік бөлшектерден құралған. Оның бірінші сөйлемі - Аяқ басысы біржола түзеліп, екінші сөйлемі - тізесі бүгілмей, үшінші сөйлемі - бөксесі боқшаланбай, төртінші сөйлемі - көлеңке сымбаты да түзеле қалыпты.

Бұл арада ескерте кететін бір жай - құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің бір - бірінен өзгешелігі - олардың бірінің көлемді, екіншісі көлемсіз болуында, яғни олардағы сөз санына байланысты емес. Көлемі, сөз саны жағынан жай сөйлемнен әлдеқайда шағын болып келетін құрмалас сөйлемдер жиі кездесе береді. Мысалы: Түн ортасы боп қалды, бірақ Әсияда әлі ұйқы жоқ. (М. Ә. ) . Яғни, бұл сөйлем кішкентай көлеміне қарамастан құрмалас сөйлем. Өйткені әрқайсысы өзіне тән бастауыш, баяндауышы және басқа да тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдік бөлшектерге жіктеле алады. Бұл - жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір - бірінен құрамдық - структуралық өзгешелігі. Және де, жай сөйлем қаншама жайылма болғанмен, ол жалаң бір ғана ойды білдіреді де, ал құрмалас сөйлем өзара байланысты екі немесе одан да көп жеке ойлардан құралған күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап, оны кез келген жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркеле салған тобы деп түсінуге тағы да болмайды.

Жалпы тіл білімінде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу жолдары мен жасалуына қарай әр түрлі көзқарастар болды. Соның бір көрінісі - А. П. Рифтиннің «Аккад тіліндегі құрмалас сөйлемнің дамуындағы екі жол» мақаласы. Бұл мақалада құрмалас сөйлемнің пайда болуындағы екі жолдың біріншісі - екі жай сөйлемнің салаласа құрмаласуы (кейінірек бұдан сабақтаса байланысу шығады) болса, екіншісі - жай сөйлемнің өз ішінен оралымдар арқылы жетіліп, қорытындысына екі сөйлемнің қосындысын беруі көрсетіледі. Ғалым бұл жолдар көптеген тіл құрылысына тән деп есептейді. Осы мақаладағы пікір қазақ тіл білімі тарапынан, атап айтқанда, профессор А. Ысқақовтың арнайы жазылған мақаласынан қолдау тапты.

Профессор А. Ысқақов (Қазақ тіліндегі сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлемнің даму жолы туралы. Изв. АН КазССР, серия лингв. вып 5. 1948) А. Рифтиннің құрмалас сөйлемнің дамуындағы екі жолды қолдай отырып, соның екінші жолына қазақ тілінен тілдік деректер келтіре дәлелдейді: «Бұл жердің адамында сіз білмейтін тағы бір мінез бар» деген сөйлем құрмалас сөйлем деп таниды Сөйлемнің ішінен бір мүшенің күрделеніп (Сіз білмейтін) өз алдына сөйлем құрауы, «сөйлемнің ішінен сөйлем шығуы» себепті құрмалас сөйлемге жатқызады. Ал қазіргі қазақ тілінде бұндай сөйлемдерді профессор Қ. Есенов жай сөйлемнің күрделенуі деп атайды. А. Рифтинннің құрмалас сөйлемнің дамуындағы көрсеткен екінші жолы қазақ тіліне сәйкес келмейтінін, сөйлем мүшелерінің (оралым) күрделенуінен жеке сөйлем шықпайтынын кейінгі ғылыми еңбектер дәлелдеді. Әйтсе де қазақ тілінің құрмалас сөйлемдерін түрлеріне қарай ажыратуда жоғарыдағы пікірдің біршама уақыт орын алғанын байқаймыз. Соның салдарынан болса керек, профессор Н. Сауранбаев алғаш құрмалас сөйлемдерді екі түрге (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас) жіктесе, кейін үшке іргелес құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас құрмалас деп, соңында салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас, үйірлі мүшелі сабақтастар деп төртке бөліп көрсетеді. Осындағы үйірлі мүшелі сабақтас деп отырғаны - профессор А. Ысқақов көрсеткен құрмалас сөйлем дамуының екінші жолы арқылы жасалған сабақтастар.

Cалалас сөйлемдер бірімен-бірі я мағына жапқындығымен, я шылаулардың дәнекерлігімен жасалса, сабақтас сөйлемдердің жасалуы олардан басқа; бұлар өзара біріне-бірі бағыну арқылы жасалады. Мұнда да күрделі ой жай сөйлеммен берілуі мүмкін болмағандықтан, бірнеше жай сөйлемнің комплексі бір бүтінге айналады, деп көрсетеді С. Аманжолов.

А. Байтұрсынов: Сабақтас сөйлемнің белгісі - бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне-бірі сабақталып, байланысып айтылуы. Сөйлемдер сабақталып біріккенде, бірі басыңқы болып, екіншісі басыңқы болып бірігеді.

Басыңқы сөйлемді өз алдына оңаша алып айтқанда да, мағынасы толық, ой тыңғылықты айтылып біткен болып тұрады. Бағыныңқы сөйлем - бітпеген шала сөйлем.

Сабақтас сөйлем деп компоненттері өзара тең болмай, бір-біріне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Бағынушы компоненттің баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетінше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыныңқы сөйлемсіз бір компоненті бағынушы, тәуелді болып тұрса, екіншісі тәуелсіз, өз бетінше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыныңқы сөөйлем деп аталады да, өз бетінше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы деп аталады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі негізгі ой көпшілік жағдайда басыңқы жай сөйлемде беріледі де, басыңқы компоненті көбіне сол басыңқыдағы ойды түрлі жағынан айқындап, дәлелдеп түсіндіру үшін бір мүше ретінде қолданылады. Мысалы: Ұйқың бұзылмасын деп, күзетіңде біз тұрмыз. (Б. Б. ) .

Егер сөйлемде қимыл иесі ортақ болса, ондай сөйлемді жай сөйлем құрамында қарау керек екендігін көрсетеді. Қазақ тілінде мұндай сөйлемдерді Қ. Есенов күрделенген сөйлем деп атайды. Бұл жайт қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда тек предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бір жақты екендігін көрсетеді, сондықтан бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негізделуі керек. Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бұл басты меже болып саналады. Мысалы: Абай есіктен кіре үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын етіп сәлем берді. (жай сөйлем) . Абай балаларын орысша оқытты деп, Тәкежан, Әзімбай да он бір ұлдың біреуін қалаға шетке шығарған (М. Ә. ) . (құрмалас сөйлем) .

Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентін айқындауда мынадай белгілер негізге алынады:

1. Компоненттің белгілі шамада сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғнт бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанмен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады.

2. Баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы бастауыштармен жақтаспайды.

3. Бағыныңқы компонент дербес бастауышты болады.

4. Бағыныңқы компонентке тән тиянақталмаған интонация болады.

Кешегі түн аяз қатты болып, жылқылар күндегідей еркін жайыла алмады. (М. Ә. ) .

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Сабақтас сөйлемді ұйымдастыруда ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып табылады. Осы баяндауыштардың түрлі өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалады.

Есімше формалы сабақтастар . Қазақ тілінде сабақтастардың құрылуында және синтаксистік қатынастың түзілуіне есімшенің барлық түрі қатыспайды. Бұл қызметті көбінесе әр түрлі көмекші сөздермен бірге келетін немесе қажетті жалғаулар қосылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын құрайтын -ған/ген, -қан/кен есімше формасы атқарады. Есімшелер барыс, жатыс, шығыс, көмектес сияқты көлемдік септіктерде келіп қана бағыныңқының баяндауышы қызметін атқара алады. өйткені осы тұлғадағы есімшелер ғана етістік сөз табының қасиетін, шақтық қызметін, предикативтілігін, басқа мүшелерді меңгеру қабілетін сақтайды. Мысалы: Жастар жиыны тарқағанда, Абай Шүкіманға қайта-қайта бір сөзбен алғыс айта берді . (М. Ә. ) .

Есімшеге я тұйық етістікке жалғанған жалғау үстіне қосылатын жалғаулар мыналар: көрі, бұрын, бері, басқа, кейін, соң (бұлар шығыс жалғаудан кейін келеді), қарай, лайық, таман, бола, шейін, дейін (бұлар барыс жалғауды керек қылады), бірге (көмектес жалғауды керек қылады) (С. Аман. 194-б ) . Ауыл қыстауға қонғаннан бері, Абай өзі Некрасовты ерекше бейіл бере оқыды. Шаруа біткен соң, Қарабас ертеңгі салқынмен қайтайық деп байлаған. Құнанбай жүргеннен кейін, Тінібек үйін көптен басып жатқан қонақтар тарады. (М. Ә. ) .

Есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы функциясында мынадай формаларда және мағыналық қатынастарда қолданылады:

1. Жатыс септік жалғаулы а) шарт:

ә) мезгіл: Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да қасына кеп қалып еді. (М. Ә. ) .

2. Көмектес септік, қарсылықты: Осы сырды Құнанбай өз ойында сақтағанымен, ел ішінде сезгенде болды. (М. Ә. ) .

3. -ша, ше жұрнақты формада а) мезгіл: Тұмсық асып келе жатқан Қамысбайлар келгенше, мұндағы барлық жиын бір араға қарай екшеліп, ауылдың сыртына барып топталды. (М. Ә. ) .

ә) Салыстыру мәні:

Есімше формасы арқылы құрмаласатын сабақтастардың негізгілері: мезгіл және себеп бағыныңқылар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары
Түсіндірмелі салалас сөйлем құрмалас сөйлемнің бір түрі ретінде
Қазақ ертегілеріндегі құрмалас сөйлемдер
Қазақ және орыс тілдеріндегі салалас құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Құрмалас сөйлемнің ғылым ретінде даму, қалыптасу жолы
Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы
Салалас құрмалас сөйлем
Ағылшын тіліндегі құрмалас сөйлемдерді қолдану
Есімді сөйлемдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz