Жердің ғарыштағы орны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жердің әлем кеңістігіндегі орны

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2
1. Жердің ғарыштағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
2. Жердің Күн жүйесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3. Жердің ғаламдық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
4. Жердің экологиялық мәселелері және қорғау ... ... ... . 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

Кіріспе
Жер шексіз әлем кеңістігінде толып жатқан сансыз көп ғарыштық денелердің бірі ғана. Жерді планета ретінде астрономия зерттейді. Ал геология - жер қыртысын және Литосфера қабатын зерттейтін ғылым ретінде, жердің жаратылысын және оның даму тарихының алғашқы шағында болған геологиялық оқиғалардың құпия сырларын дұрыс түсіну мақсатында астрономия ғылымының жетістіктерін пайдаланады. Өйткені, жер бетінде және оның терең қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан геологиялық процестердің көпшілігі сыртқы ортаның әсерімен, басқаша айтқанда, ғарыштық әрекеттермен тығыз байланысты.
Жердің Ғарыш әлемінде алатын орны және оның басқа планеталармен байланысы жөніндегі алғашқы ұғым өте ерте кезден бастап - ақ қалыптасты. Солардың ішінде александриялық ғалым Птоломей (біздің эрамыздың II ғасырында ) геоцентрлік жүйенің негізін қалайды.
Птоломейдің түсінігі бойынша бүкіл әлемнің орталығы Жер, ал басқа планеталар, солармен қатар Күн де Жерді айнала қозғалады деген ұғымда болды. Кейінірек (XVI ғ.) Жердің күн жүйесінде алатын орны анықталып, оның Күнді айнала қозғалатындығы Польшаның ұлы ғалымы Коперниктің гелиоцентрлік жүйесінің негізінде дәлелденеді. Коперниктің ашқан жаңалығы адамдардың дүниеге деген көзқарастарында үлкен төңкеріс жасап, астрономия ғылымының жаңа бағытта дамып жетілуіне көп әсерін тигізді.
Жерді қоршаған орта (шексіз - шексіз әлем кеңістігі) - Ғарыш (грекше ғарыш - бүкіл әлем) деп аталады. Ғарыш кеңістігін құрайтын материя әр түрлі мөлшердегі ғарыштық денелерден (жұлдыздар, планеталар, жұлдызаралық шаң - тозаңдар мен газдар, кометалар және метеориттер) тұрады. Ғарыш кеңістігінің зерттеуге мүмкін деп саналатын бөлігі - Метагалактика деп аталады. Метагалактика миллиардтан астам жұлдыздан тобын немесе галактикаларды ( грекше галактика - құс жолы) біріктіреді.
Біздің Галактика (құс жолы) 150 миллиардтан астам жұлдыздардан тұрады. Күн және Күн тектес жұлдыздар галактика орталығын - 200 - 250 млн. жылда бір рет айналып шығады. Күн өз орбитасында 250 кмс жылдамдықпен қозғалады. Галактика жасы 12 млрд. жыл шамасында деп саналады.
Жұлдызаралық немесе галактикааралық қашықтықты өлшеу үшін жарық жылы және парсек атты өлшемдер қолданылады. Жарық жылы дегеніміз жарықтың таралу жылдамдығын 300000кмс есебімен санағанда бір жыл ішінде өтетін қашықтық (9,46 * 1012км немесе 10000 млрд. км). Ал 1 парсек 3,26 жарық жылына тең болып есептелінеді (1 пс = 3,26 ж. ж.). Құс жолының диаметрі 25 - 27 килопарсек (кпс), ал қалыңдығы 3 кпс немесе 10000 жарық жылы шамасында деуге болады.
Галактиканың жаратылысы бұдан 12 - 15 млрд. жылдар бұрын ғарыш кеңістігінде болған үлкен қопарылыс заттарының бір орталыққа шоғырланып, жиналуымен байланысты деп саналады.
Күн Галактика (құс жолы) орталығына дейінгі қашықтықтың 35 бөлігінде орналасқан. Күннің беткей жағындағы температура - 60000С шамасында, ал ішкі қабатында млн. градусқа дейін көтеріледі.
Әрбір жұлдыз сәуле шығару кезінде көп энергия жоғалтады. Соған сәйкес, жұлдыздың массасы да кеміп отырады. Мысалы, Күн әрбір секунд сайын 3,8 * 1033эрг энергия (1 * 1026 кал) бөліп шығарады. Соның нәтижесінде ол өз массасының 4 * 1012 г бөлігін жоғалтады. Мұндай энергияны 100 млн - нан астам ең ірі деген жер сілкінісі кезінде бөлініп шығатын энергиямен салыстыруға болады.
Жұлдыздардың беткі қабаттарындағы температура бірдей болмайды. Кейбір жұлдыздарда температура 10000 - 300000С - қа (сирегірек 1000000С ) дейін жетеді. Мұндай жұлдыздар ақ немесе көгілдір түсті сәуле шығарады. Сондықтан да олар - ақ жұлдыздар деп, ал температурасы 60000С - қа дейін жететін жұлдыздар сары жұлдыздар деп аталады. Күн - сары жұлдыздар қатарына жатады. Бұлардан басқа суық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей философиясы ежелден бүгінгіге дейін
Ғарыш кеңістігін ғарыш қалдықтарынан тазарту — өзекті мәселе
Халықаралық ғарыш құқығы
Философия - Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі
Ғарышты игеру
Ғарыш объектісін орбитада сақтандыру
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық-құқықтық қорғау
Ғарышты игеру туралы
Жер планетасының өзіндік ерекшеліктерін және жердегі тіршіліктің пайда болуына қолайлы жағдайлары
Оқушыларға Жер ғарыш денесі туралы жалпы түсінік беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz