Туғаннан кейінгі кезеңдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Пән: «Педиатрия»

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. ҚР балалар ауруханасының қызметінің ұйымдастыруы. Баланың физикалық дамуы. Нерв жүйесінің АФЕ. Баланың нервтік-психикалық дамуы.

Модуль 1, 4, 13, 14

Сабақтың түрі - дәріс

Сұрақтар:

1. Балаларға көмек көрсетудің негізгі қағидалары. ҚР балалар ауруханасының қызметінің ұйымдастыруы.

2. Баланың бой-салмақ көрсеткіштері. Антропометрия. Акселерация туралы түсінік.

3. ЖЖ АФЕ.

4. Баланың жүйке-психикалық көрсеткіштері.

5. Бұзылыстар семиотикасы.

Педиатрия (балалар аурулары) және кіріспе

Педиатрия деген “РАІS - бала”, “ятрия” - емдеу деген 2 сөзден тұратын, яғни баланы емдеу деген түсінік. Медицинаның терапия, хирургия, акушерия салаларына қарағанда кеш қалыптасқан ғылым саласы, балалар үлкен адамдардың кіші көшірмесі деген оймен, оларды үлкендердің мамандары емдеген, ол мамандар бала неғұрлым жас болса, соғұрлым олардың барлық мүшелері мен жүйелерінде анатомиялық ерекшеліктері барлығын білмегендіктен балалар өлімі көрсеткіштері жоғарғы деңгейде болған (бір жасқа толмай әрбір үшінші нәресте мен сәбилер өле берген) . Қазіргі кезде педиатрия басқада медицина ғылымдарының қатарынан ерекше орын алады. Балалардың ауруларының себебтері, түрлері, барыстары, асқынулары баланың жасына байланысты болғандықтан біз балалардың өсіп-жетілуін кезеңдерге бөлеміз.

Балалар жасы кезеңдері (өсіп - жетілуі)

І. Құрсақтағы кезең - 280 күн

1. Эмбрионды фаза - ұрықтанғаннан 3 айға дейін

2. Фетальді фаза - 3 айдан - туғанға дейін

ІІ. Туғаннан кейінгі кезеңдер:

  1. Нәресте кезеңі 28 күн (неонатальды кезең)

А) ерте - 7 күн (ерте неонатальды)

Б) кеш 8 - 28 күн (кеш неонатальды)

  1. Омырау жасы кезеңі 29 күннен - 1 жасқа дейін
  2. Сәбилік кезең - 1 - 3 жас (бау бақша)
  3. Мектеп алды жасы кезеңі - 4 - 6:7 жас (бала бақша)
  4. Бастауыш мектеп кезеңі - 7 - 11 жас
  5. Жоғарғы мектеп кезеңі - 12 - 17:18 жас
Құрсақтағы кезең

Интранатальды

Туғаннан кейінгі кезеңдер
Эмбрионды жетілу фазасы
Планцетарлы фаза
Неонатальды

Омырау жасы кезеңі

Сәбилік кезең (бау бақша)

Мектепке дейін (бала бақша)

Бастауыш класс оқушылары

Жоғарғы класс оқушылары

Ерте фетальді

Кеш фетальді

Ерте фетальді

Кеш фетальді

Балалардың жасына шақ кезеңдер - дегеніміз шектелген мерзімдегі өсу мен даму процессі (үрдісі) және ағзаның морфологиялық, функционалдық ерекшеліктерінің ұқсастығына байланысты бала өмірінің уақыт үзіктері (кесінділері) Әрбір кезеңдерге сипаттама бергенде өсу мен дамудың заңдылықтары ағзалар мен жүйелердің морфологиялық, функционалдық жүйелері; орталық нерв жүйесі ерекшеліктері (ОНЖ), нервті - психикалық дамулары, негізгі даму деңгейлері, эндокрин жүйесі, иммунологиялық ерекшеліктері бағаланады; әр кезеңдерге сәйкес патологиялық сипаттамалар; аурулардың инфекциялық қоздырғыштары, бала ағзасына әсері тиетін жағымсыз жағдайлар (факторлар) баланың жасына сәйкес дұрыс өсіп-жетілулеріне және тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар тудыру анықталды. Сонымен балаларға, өсіп-жетілу кезеңдеріне сәйкес көзқарас пен жағдай тудыру. Балалардың өсіп-жетілуінде ерекше кезеңдерді олардың ағзалары мен жүйелерінің жетілулерімен қалыптасуларына, өсіп және дамуына сәйкестігіне көңіл аударылады.

1999 жылғы бала құқығын қорғаудың Халықаралық конвециясына сәйкес, бала деп туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі пенделерді айтамыз. Осыған сәйкес келесі жас кезеңдері бөлінген:

І. Құрсақтағы кезең - ұрықталғаннан туғанға дейін, ұзақтығы 280 күн

(10 акушерлік ай, 40 апта)

ІІ. Нәресте кезеңі - кіндікті өңдеп кескеннен бастап - 28 күндік жасына

дейін, осы кезеңнің 7 тәулікке дейінгісі ерте неонатальді кезең. 8 - 28 күнгі нәрестелер кеш неонатальді кезең; перинатальді кезең деп жүктіліктің 24 апталығынан туғаннан соң бірінші апта біткенге дейіні мерзімді айтамыз.

ІІІ. Омырау жасы кезеңі - бала өмірінің 29 күнінен бастап - 1 жасқа

дейін.

ІҮ. Сәбилік кезең - 1 жастан - 3 жасқа дейін.

Ү. Мектеп алды жас кезеңі - 3 жастан 6 - 7 жасқа дейін.

ҮІ. Бастауыш класс оқушылары - 6 - 7 жастан 11 жасқа дейін.

ҮІІ. Жоғарғы класс оқушылар кезеңі - 12 жастан 17 - 18 жасқа дейін.

Құрсақтағы кезең - денсаулықтың жағдайын, адаптациялық реакциялар, аурудың даму күдігін, адам ағзасының кейінгі жылдардағы биологиялық тағдырын анықтайтын ең маңызды кезең. Осымен байланысты оны пациент ретінде санауымыз керек. Бұл кезеңдегі ең қауыпті мезгілдер:

  • ұрықтың имплантация кезеңі, алғашқы 7 - 9 күндер;
  • ерте фетальді кезең 3 - 12 апта - ткандердің тез өсіп қалыптасуы;
  • 28 аптадан туғанға дейін - кеш фетальді кезең - бұл кезеңде де ағзалардың тез өсіп қалыптасуы, кальций, темір, фтор, мыс, Д мен В12витаминдерінің қоры қалыптасып, тыныс алу мүшесінің жетілуі, иммунитеттің жоғарылауы мен ферменттер жетіледі. Өте маңызды ана-бала жолдасы - бала жүйесінің қан айналымы, гемодинамикалық көрсеткіштер болады. Нерв жүйесі мен эндокрин жүйелерінің функцияларын атқарулары болады.

Осы айтқандарымды ескере отырып, құрсақтағы баланы белсенді түрде қорғау шаралары өте маңызды теріс әсерлерді болдырмау: инфекциялар (вирустар мен микроб), зиянды сәулелер (рентген, радиация), токсикалық әсерлер (темекі, нашақорлық, алкоголь), жүкті әйелдердің аурулары (анемия, диабет), өте қауыпті қызамық, цитомегалвирустары, токсоплазмоз, герпес-вирустары.

Осы кезде І мен ІІ жүктілік триместірінде УЗИ, ДНК - зонд, кордоцентез, амниоцентез, хорион биопсиясы тексерулері керек болса өткізудің маңызы зор.

Нәресте кезеңі - туғаннан бастап 4 апта (28 күн), бала өмірге келгеннен кейінгі, сыртқы ортаға баланың бейімделуінің ең жауапты кезеңі. Ана мен бала қатынасын күшейту үшін өте маңызды:

  • баланы ананың ішіне жатқызу;
  • босану бөлмесінде нәрестеге анасының омырауын беру.
  • ана мен баланың бірге болуын қамтамасыз ету. өмірінің алғашқы 30 минутында - жедел респираторлы - гемодинамикалық бейімделуі (адаптациясы) ; 1 -6 сағат аралығында барлық функционалды жүйенің бірыңғайлануы (синхрондаму) ; 3 -4 нәрленудің лактотропиялық түрімен зат алмасудың анаболитикалық түріне байланысты метаболикалық адаптацияның қиындауы.

Ерте неонаталды кезеңде жиі кездесетін жағдайлар: даму аномалиялары, фетопатиялар, тұқым қуатын аурулар, резус, топ қайшылықтары. Туу процессімен байланысты жарақаттар, асфиксия, гипоксия, аспирация, инфекциялар.

Кеш неонаталды кезеңде - тері мен кіндік аурулары, нәрестенің іріңді - септикалық ауралары, тыныс алу мен асқаорту жүйелері және бүйректің вирус пен бактериалық аурулары. Сондықтан нәресте кезеңінде осындай жағдайларды болдырмауға шаралар жүргізіледі, себебі бұл кезеңнен, кейінгі кезеңдерде физиологиялық, әсіресе нервті - психикалық және интелектік түйсіктің дамулары қалыптасуы тығыз байланысты.

Омырау жасы кезеңі - бұл кезеңде баланың салмағы, бойы, физикалық, нервті - психикалық түйсіктің қарқын дамуымен сипатталады, бұл кезеңде адам денсаулығының негізі қалыптасады. Бұл кезеңде жиі кездесетін тыныс мүшелері, жедел асқазан-ішек аурулары, тағам аллергиясы, мешел, дистрофия, теміртапшылық анемия, вирусты инфекциялар, балалардың жұқпалы аурулары жедел және созылмалы түрлері ауруларынан сақтау шараларын жүргізуіміз қажет. Ересек адамдардың, әсіресе анасының физикалық, психикалық жағдайлары, баланың қалыпты жетілуіне және бала денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз ету қажет. Ана - бала жүйесі үлкен роль атқарады, ананың сүйіспеншілік әлпеші, баланың қоршаған ортаға өзін сенімді сезінуін қалыптастырады.

Сәбилік кезең (1-3 жас. ) Бұл кезеңде физикалық және психикалық даму деңгейі қалыптасу арқылы, ағзаның даму бағдарламасы қалыптасады. Сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларына төзімділігі қалыптасады. Танымдық әрекеттің бұзылуын ерте анықтаудың маңызы зор. Психикалық дамуда қоршаған орта мен жан дүниесінің қалыптасуына ынталандырады, дұрыс сөйлеу, қимыл әрекеттері, ойнауы, дербестік дағдылары мен әдеттері, ойнауына көңіл бөлу. Тәрбиелік ережені сақтаудың, себебі адамның ақыл ойының негізі қалыптасады. Бұл кезеңде жиі кездесетін патологиялар - тыныс мүшелері аурулары, асқортудың ауруларының жедел түрлері, аллергиялық аурулардың қалыптасуы, вирусты, ішек және балаларда жиі кездесетін инфекциялар, туберкулез.

Мектеп алды кезеңі (3-7жас) . Бұл кезең балалардың ары қарай жетілуіндегі өзгеріс туатын кезең, басқа кісілермен өзін салыстырып, әлемді белсенді танумен, жаңа әдеттердің қалыптасуына жағдай тудыру қажет. Ақыл - ойы мен парасаты тез дамиды, сезімі тереңдейді, қиялдау пайда болып, өзін жақсы көргіндіктен, мақтағанды жақсы көреді. Логикалық ойлануының 80% қалыптасады. Дұрыс тәлім берумен шынықтырудың маңызы өте зор (ауа, күн сәулесі, сумен) . Кездесетін патологиялар: тыныс мүшелер аурулары, ас қорту жүйесінің ауруларының жедел түрлері, аллергия, жарақаттар, балалар инфекциясы.

Бастауыш класс оқушы кезеңі (6, 7 - 11 жас) . Бастауыш класстағы тұлғаның дамудың шешуші маңызы зор, осы кезде игергендері ұзақ уақыт сақталады. Барлық ағзалар мен жүйелердің функцияларының жетілуі кемеліне жетеді. Патологиялар: респираторлы вирусты инфекциялар, балалар инфекциялары, лор-патология, асқортудың созылмалы аурулары, аллергиялық аурулар, бронх демікпесі, ревматизм, туберкулез, зақымдану, көз, мүсін патологиялары кездеседі.

Жоғарғы класс оқушы кезеңі (12 - 17, 18) . Бұл кезең балалық жастан ержеткен жасқа бірте-бірте өту мерзімі. Бұл кезде сапалы жаңа өзгеріс қалыптасады - жыныстық жетілудің, қалыптасуы. Қарым-қатынас пен өнімді еңбектену қалыптасуының маңызы зор. Эндокрин жүйелерінде (гипофиз, бүйрек үсті бездері, жыныс бездерінің) қалыпты функцияларының маңызды рөлдерін есте сақтау қажет. Патологиялар: невроздар, вегетативті дистониялар жүрек, бүйрек, эндокрин бездері аурулары, толықтық, тапшылық анемиялар, ювенильді остеопороз, венерологиялық аурулар, микоплазма, хламидиялар.

Баланың өсуі, антропометриялық көрсеткіштері

Баланың антропометриялық көрсеткіштері (салмақ, бой, аумақтары) баланың жасына, денсаулығына байланысты. Жас балалар тез-өсіп жетіледі. Құрсақта өте тез өсумен қатар, тіндердің дифференциясы қалыптасады. 8 апталық кезде негізгі мүшелердің, жүйелердің қалыптасуы басталады. Екінші триместрде салмағы 1000, 0 бойы 35 см болса туғандағы салмақ орта есеппен 3200, 0-3350, 0 қыздарда, 3400, 0-3500, 0 ұлдарда болса, бойы 48-52 см. тең.

Салмақ көрсеткіштері

І. Бір жасқа дейінгі балалардың салмақ көрсеткіштері:

туғандағы салмағы орта есеппен 3200, 0 - 3500, 0

1 айда 600, 0 қосады

2 айда 800, 0 қосады

3 айда 800, 0 қосады

4 айдан бастап алдыңғы айға қарағанда 50, 0 кем қосып отырады.

4, 5 айда туғандағы салмағы 2 есе ұлғаяды.

12 айда туғандағы салмағы 3 есе ұлғаяды.

Бір жылдың ішінде 7 кг артық салмақ қосады.

Бірге толған баланың салмағы 10 - 11 кг.

ІІ. Бірден асқан баланың салмақ көрсеткіштері.

Екінші жылда 4 кг қосады

Үшінші жылы 3 кг қосады

Төрт жасынан бастап жылына 2 кг қосылып отырады

Әр жастағы баланың салмағын төменгі формалармен табуға болады.

Р = 10 + 2 · n. Р-салмақ; “10” = 1 жастағы бала салмағы;

“n” - бала жасы; “2” - жылына қосылатын салмақ.

Бойдың өсу көрсеткіштері

І. Бір жасқа дейінгі баланың бой көрсеткіштері: туғандағы нәрестенің

орта есеппен бойы тең болады 48-52 см.

1 кварталында - 3 см қосылып отырады (ай сайын)

2 кварталында - 2, 5 см қосылып отырады (ай сайын)

3 кварталында - 2, 0 см қосылып отырады (ай сайын)

4 кварталында - 1 - 1, 5 см қосылып отырады (ай сайын)

Бір жылдың ішінде баланың бойы орта есеппен 25 см өседі.

Бірге толған баланың бойы орта есеппен 75 см тең.

ІІ. Бірден асқан баланың бойының көрсеткіштері:

Екінші жылы 11 см қосады

Үшінші жылы 8 см қосады

Төрт жасынан бастап жылына орта есеппен 6 см қосылады.

Әр жастағы баланың бойын төменгі формуламен табуға болады.

Z = 75 + 6 · х n;

Z - баланың бойы, “75” бірге толған баланың бойы, “6” жылына қосылатын көрсеткіш, “n” - бала жасы.

Баланың бас аумағы

Туған нәрестенің бас аумағы 34 - 36 см

6 айға дейінгі ай сайын 1, 5 см-ге ұлғаяды

6 айдан соң ай сайын 0, 5 см-ге ұлғаяды

5 жасқа дейін жыл сайын - 1 см

15 жасқа дейін жыл сайын - 06 см

Баланың кеудесінің аумағы

Туған нәрестенің кеуде аумағы 32-34 см.

1 толған баланың кеуде аумағы 47 - 49 см.

6 айға дейін 1, 5 см ұлғаяды.

6 айдан соң 1, 0 см ұлғаяды.

9 жастан кейін қыздар тез өседі. 10-11 жаста жылына 7- 8 см өссе. Ұлдар 10 жастан бастап тезірек өседі. 13 - 15 жаста - 8 - 10 см жылына өсіп отырады, бой өсуімен қатар бұлшық еттердіңде көлемдері мен күштері ұлғаяды. Пубертатты кезеңде, 12 жастағы қыздар 9 см өседі. 14 жастағы ұлдар 10 см өседі. 16 - 17 жастан қыздардың, 18 - 19 жастан ұлдардың бойларының өсуі тежеледі.

Нерв жүйесінің ерекшеліктері

Бас миы, функциясы мен ерекшеліктері.

Нерв жүйесінің маңызы өте зор физиологиялық және метаболикалық процесстерді үйлестіре отырып организмді бүтіндей сыртқы ортамен байланыстырып отырады, бейімдейді. Әрбір жүйелермен, әсіресе эндокриндік жүйелермен бірге сыртқы және ішкі өзгерістердің бәрін бақылап, реттеп отырады. Сөйтіп біріншіден физиологиялық процесстерді бақылап, екіншіден сыртқы ортаға бейімдейді. Нерв жүйесі жүктіліктің 2-3 апталығынан бастап үздіксіз дами береді, алғашқы жылдары өте тез дамып, 20-22 жасқа дейін толық жетіліп болады. 3 жаста ақыл ой тұжырымының 50 % қалыптасады.

4-7 жас арасында30%, ал қалған өмірінде - 20% құрайды. Сондықтан 3 жасқа дейін тәрбиелеп, сонан соң қайта тәрбиелейміз деген осы мен байланысты

Бас миы 400, 0 дейін, су көп, иірімдері мен үлкен өзектері кішкене және таяз, ұсақ өзектер 4 - 6 жаста қалыптасады. Ми қыртысының 7 қабаты бар, бірақ, толық бөлшектенбеген (дифференциаланбаған), пирамидалық жол қалыптаспаған қарыншалар кең, мишық жоғары орналасқан миелинделмеген. 5 жаста мидың сыртқы көрінісі ұқсас болады.

Жұлын - нәрестенікі 2-6 грамм, 5 жаста үш есе өседі, 20 жаста 5-8 ретке өседі, ұзындығы негізінде кеуде бөлігінде ұзарады, төменгі сегмент 3 бел омыртқа тұсында, 4-5 жаста 4 омыртқа тұсында.

Атқаратын функциялары:

  • рефлекторлы;
  • трофикалық;
  • симпатикалық пен парасимпатикалық нейрондар вегетативті нерв жүйесін реттейді;
  • нәжіс пен зәр бөлу орталығы.

Құрсақтағы балада - 12 - 16 аптада бас миы қыртыстары жетіледі. 17 аптадан бастап рефлекстер (ұстау), 27 аптада қозғалыс рефлекстері, 28 аптада моторлы-кардиальды рефлекс. 32 аптада дыбысқа реакция беру; 20-40аптада мишық жетілуіне байланысты моторикамен белсенділік қалыптасып, туғанда сыртқы ортаға бейімділікті қаблетті етеді. ІІІ-ші триместрде нервті-психикалық белсенділік қалыптасып дамиды. Есту мен вестибулярлы жүйе 6 айда жетіледі, дыбыстарға жағымды, жағымсыз реакциялар беру қабілеттері пайда болады. Бұл кезде ана мен бала қатынасы, ананың сезімі өте қажет, ол үшін жақсы, қолайлы жағдай тудыру қажет.

Нәресте кезеңінде - ми салмақтың 10% құрастырады. Мидағы иірімдер айқын анықталады, бірақ терең емес, дифференциясы жеткіліксіз, балалар шартсыз рефлекстермен туады. Суықты сезетін рецепторлар, жылудан 10 есе артық болғандықтан, тоңдырмау қажет. Дәм мен иіс сезу анализаторлары жақсы жетілген. Көру мен есту анализаторлары тез дами бастайды. Тактильді және эмоциялық қатынас анасымен жақсы дамыған. Барлық шартсыз рефлекстер бар, еңбектеу рефлексі айқын (табынға алақан қойсаң еңбектеу қимылын жасайды. Омырау іздеу, сору рефлекстері жақсы жетілген. 2 аптада дыбысқа, 4 аптада көруге көңіл бөле алады. 2 аптада көмей дыбыстары шығады, 8 аптада -гуілдейді.

Омырау жасындағы бала - ми тез жетіледі, 2 есе өседі бас миы нерв клеткалары алғашқы 5-6 айлықта тез, күрделі қалыптасады. Сезім мүшелерінің дамуына байланысты, сыртқы ортаға көңіл бөлу, дыбыс пен бет жыбырлату арқылы сезім мүшелерінің қалыптасуымен бас миы да ары қарай жетіле береді.

Қимыл іс - әрекеттер: 1, 5-2 айда мойны қатайады, қол қимылдары да жетіліп бағытталған, мақсатты болады (ойыншыққа ұмтылады) .

3 жасқа толғанда мидың салмағы 3 есе ұлғаяды. Миелинденуі жақсарады, ішкі мүшелердің функциясын реттеп отырады, түскен мәліметті сараптап, қайта өңдеу, ойда сақтап, әсерлеу қабілеттері қалыптасады.

7 жасқа дейін ми салмағының қосылуы тежеледі, өткізгіш жолдардың миелинденуі аяқталады, шартты рефлекстер тез қалыптасады, образды анықтау толықтап, образдың ойлану формасы қалыптасады.

11 жасқа дейін морфологиялық қалыптасу аяқталып, өткізгіш жүйе мен клеткалық құрылыстар толық жетіліп болады, парасат пен ойы жақсарады.

Нервті психикалық даму. Қалыпты туған нәресте алғашқы 1-2 сағаттан соң тіксіну жағдайында болады, геометриялық фигураларды сканирлауға икемді, алғашқы айда адамның көзіне көңіл бөледі. Негізгі уақытты ұйықтау мен өткізеді, 5-7 күндері қарны ашып мазасыздану пайда болады, анасының омырауды іздейді. 2 аптадан бастап көру арқылы омырауды сезеді. Дыбысқа көңіл бөлу 2 аптадан кейін, ал көру зейінділігі 1-ші айдың аяғында қалыптасады. 4 аптада әлсіз көмей дыбысы, 8 аптада “гуілдеу”, жымиады, бір нәрсеге көз қарасын тоқтатады, 3 айда дыбысты ажыратып, қимыл кешені қалыптасады, 4 айда көрген затты ұстау қимылы пайда болады, 5 айда қимыл қозғалыс мақсатпен бағытталған (ұмтылады), 6 айда буындар айтады, 8 айында қарапайым сөздер айтады, 9 айлықта пинцет сияқты ұстаса, 10 айда шымшып ұстайды. 4-5 айлықтағы бала, анасы мен туыстарын таниды, бөтендерді жатырқайды.

6-7 айда заттардың атын түсініп қайда? Деген сұраққа көзбен іздей бастайды.

8-9 айда негізгі ойыншықтардың айтылуын біледі, өзін айнадан көргенді қызықтайды.

Бірге толған баланың сөз қоры 8-10 болса, екінші жылы фраза, сөйлем, ойлану қаблеттері қалыптасады. Сөздің қоры 300 ден артады. 3 жасында абстракты ойлану қаблеті, сөзді қимылмен, жалғастыру, сюжетті ойындар ойлану қаблеттері қалыптасады. Сөздің қоры 1200 ден артады. Мінез құлық қалыптасады, тақпақтарды, өлеңдерді тез үйреніп, рөлдік ойындар, ойнайды. Психикалық даму тұқыммен емес, тәрбиемен байланысты, сондықтан, дұрыс тәрбиенің осы кездерде маңыз даму үшін өте зор, олар:

  • биологиялық фактор;
  • мидың дұрыс қалыптасуы;
  • О. Н. Ж. жетілуі;
  • Ағзаның туа біткен қасиеттерінің маңыздары бар.

3-7жастың арасында, эмоция дамиды, ойда сақтау қаблеті жетіле түседі, парсаты қабілеті жетіле түседі, парасаты қаблетті дамиды. Сезімдері жетіліп (табиғатқа творчестваға, фантазия көңіл бөледі, өзін сезіну, өзін жақсы көру) қаблеттері қалыптасады.

Мектеп жасында: теориялық қортындылау әлеуметтік-психиканың дамуы, сана-сезімнің өсуі, жігерлік, саналылық, өнегелілік қалыптасады.

Қимылдың қалыптасуы . 1 - 2 айда мойны қатайады, 3 айда басын көтере алады, 4-5 айында аунайды, 6 айдан бастап отырады, 7 айда жағалап тұрады 7 айна айнала, 7 айда артқа қарай, 8 айда төрт аяқтап еңбектейді. 8-9 айында ойыншықтарды жақсы ұстай алады, құрастырады. 10 айда жағалап жүреді. 11-12 айда жүреді.

Сезім мүшелерінің ерекшеліктері.

Көру: көз жүктіліктің 3-ші аптасынан бастап дами бастайды. Туғанда көз толық дамып болған жоқ. 3-5 жастағы бала көзі ұлғаяды, пубяртата кезде даму толық аяқталады. Нәрестенің фотофобиясы сәл жетілген, қарашығы қысылған, корнеилді рефлексі жақсы, нистагм айқын. Жас шығаратын без жетілмеген. Басында монокулярлы 3 аптадан кейін бинокулярлы көру қалыптасады. 6 айдан бастап түс ажырату қабілеті қалыптаса бастайды, 2-3 жасында түрлі-түсті толық ажырата алады.

Есту: құлақ морфологиялық жеткілікті дамыған Евстахиев түтікшесі қысқа, әрі кең. 3 айдан бастап дыбысты ажырата алады. 7-8 айда дыбыс шыққан жақты іздейді.

Иіс сезу туған кезде иіс сезу жақсы жетілген, күрделі сезіну мектеп жасына дейін қалыптасады.

Дәм сезу туғаннан бастап жақсы жетілген ашты мен тәттіні бірден ажыратады.

Тактильді сезім - тері арқылы сезу, ет сезімі, туғаннан бастап жақсы жетілген.

Жүйке жүйесі ерекшеліктері

І. Қимыл іс-әрекеттердің қалыптасу мерзімдері:

  1. туғандағы қимыл мақсатсыз, хаосты;
  2. 1, 5 - 2 айда мойны қатайады (мойын лордозы) ;
  3. 3 - 4 айлықта еркін аунайды,
  4. 6 айынан бастап өздігінен отырады;
  5. 7 айынан бастап өздігінен отырады;
  6. 8 айынан бастап өздігінен жағалайды;
  7. 10 - 12 айынан бастап жүреді

ІІ. Сезім мүшелердің дамуы:

  1. туғаннан бастап тері арқылы сезу және дәм сезу қабілеттері жақсы дамыған;
  2. көру сезім мүшесі;

а) туғанда физиологиялық қылилық, тұрақты қарай алмайды (заттар мен қимылға қарайды) ;

б) 1 - 2 айдан бастап көз қарастары қалыптаса бастайды (заттар мен қимылға қарайды) ;

в) 3 - 4 айда анасы мен туыстарын ажыратады;

г) 6 айдан бастап түсті заттарды ажыратады.

  1. Есту сезім мүшесі:

а) туғанда дыбыстарға реакция жоқ;

б) қатты дыбысқа реакция 1 жұмадан кейін;

в) сөйлегенде реакция бере бастайды 1 айдан соң;

г) жағымды, жағымсыз дыбыстарды ажыратады - 3 - 4 айдан бастап;

д) дауыстап таныйды - 5 - 6 айдан.

ІІІ. Рефлекстер:

Шартсыз, шартты рефлекстер қалыптасу.

ІҮ. Түйсіктер:

Алғашқы түйсік: шартты және шартсыз рефлекстер;

Екінші түйсік: сөз.

Екінші түйсіктің қалыптасу кезеңдері:

  • алғашқы күндер мен жұмада түсініксіз дыбыстар шығарады.
  • 1 айда гуілдейді;
  • 2 - 3 айда әндетіп гуілдейді;
  • 6 айдан бастап буындар айта бастайды.
  • 8 - 12 айда қарапайым сөздер айту (орташа 8 - 10 сөз) ;
  • 12 - 18 айда қарапайым сөйлемдер;
  • 18 - 24 айда күрделі сөйлемдер;
  • логикалық ойлану, есте сақтау қабілеттің күшеуі.

Баланың даму күнтізбесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онтогенез сатылары
Дамудың қатерлі кезеңдері
Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Бала психологиясы туралы
Анасының соматикалық аурулары
Тәуліктік ырғақтар
Д. Б. Элькониннің баланың психикалық даму теориясы
Мектепке дейінгі жастағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық
Жасушалардың жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz