Спорттық медицинаның клиникалық мәселелері


КІРІСПЕ
Спорттық медицина - дене шынықтыру және спортпен айналысуға байланысты адамның денсаулық қалпының динамикасын, дене-бітімінің дамуы мен қызмет ету мүмкіндіктерін, сонымен бірге қимыл-қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастырмағанда туындайтын ағзадағы ауытқулар мен өзгерістерді зерттейтін медицина саласы. Әрі ол ағза қызметін бағалаудың, адамға түскен қосымша салмақтардан кейінгі қайта қалпына келу үрдістерін оңтайландыру қүралдарын, спорттық қабілеттілікті арттырудың өзіндік әдістерін қалыптастыру мәселелерін зерттейді.
Оқу жоспарының теориялық медицина, биологиялық пәндеріне негізделе отырып, болашақ маманның кәсіби даярлығына тікелей бағытталған спорттық медицина қолданбалы пәндер қатарына кіреді.
Жоғары оқу орындары «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмамдаған студенттер спорттық медицина курсын аяқтағаннан кейін төмендегілерді білулері тиіс:
Спорттық медицинаның басты мақсаттарын;
Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын тұлғалардың әртүрлі контингентін медициналық тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Спортшылардың диспансерлік бақылауының мақсаттары мен маңызын;
Жалпы патология негіздерін (денсаулық және ауру, дене бітімін, арнаулы және бейарнаулы реактивтілік, иммунитет, аллергия және т. б. туралы ұғымдарды) ;
Тексерілудің негізгі клиникалық және параклиникалык әдістерінің диагностикалық мүмкіндіктерін;
Алғашкы дәрігерлік тексерілудің, сонымен бірге жыл сайынғы толық, қосымша, кезеңдік, ағымдық және шұғыл дәрігерлік тексерудің мақсаттары мен мәнін;
Спорттық медицина тәжірибесіндегі денсаулық жағдайы және физикалық дамуды бағалаудың ерекшеліктерін;
Ағзаның реттеуші жүйелерінің қызметтік күйін, сонымен бірге жалпы дене еңбегіне қабілеттілік пен энергетикалық әлеуметті зерттеу мен бағалаудың қағидаларын;
Әртүрлі спорттық бағыт өкілдеріне кезеңдік, ағымдық және жедел дәрігерлік-педагогикалық бақылау ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын;
Жас спортшыларды дәрігерлік-педагогикалық бақылау ерекшеліктерін;
Әйел-спортшыларды дәрігерлік-педагогикалық бақылау ерекшеліктері;
Өзіне-өзі бақылау жүргізу қағидаларын;
Сайыстарды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын;
Допингке қарсы және жыныстық-бақылауды ұйымдастыру қағидаларын;
Спортшылар ағзасының басты жүйелеріне шамадан тыс күш түсу себептерін, клиникалық сипаттамаларын және алдын алу шараларын;
Спортпен шұғылдану кезіндегі тірек-қимыл аппараттары қатты жарақаттарының және өзіне тән зақымдардың себептері, алғашқы көмек;
Спорттык медицина тәжірибесінде ең жиі кездесетін аурулардың себептері мен клиникалық сипаттарын;
Спорттық медицина тәжірибесінде кездесетін шұғыл жағдайлардың себептері, алғашқы көмек және алдын алу шараларын;
Ағзаның күш түскеннен кейінгі қалпына келу процестерін оңтайландыратын құралдар мен әдістерді қолдану қағидаларын;
Орта жастағы және жасы үлкен тұлғаларды сауықтыру дене шынығумен айнатысуға рұқсат беру қағидаларын;
Сауықтыру дене шынығумен айналысатын әртүрлі жастағы ЖСШС жыныстағы тұлғалардың физикалық жағдайын зерттеу әдістері мен бағалау қағидаларын;
Сауықтыру арқылы дене шынықтырумен айналысатын егде жастағы тұлғаларды дәрігерлік-ұстаздық бақылау ерекшеліктерін;
Дене шынықтыру мен сауықтыру топтарында жаттығулар құрылымын жасау қағидаларын;
Қозғалыс белсенділігінің әртүрлі болған жағдайларында сауықтыру арқылы дене шынықтыру жаттығуларының қарқындылығын бағалау қағидаларын;
Мектептегі дене шынықтырудың медициналық бақылауын ұйымдастырудың ерекшеліктерін (денсаулыққа байланысты медициналық топтарға жіктеу, аурудан кейінгі жаттығуларға жіберілу мерзімін аныктау, арнайы дәрігерлік топтарда жаттығулар жүргізу ерекшеліктерін көрсету, т. б. ) .
Сонымен қатар жоғары оқу орындарының дене шынықтыру мамандығы бойынша бітірген түлектері төмендегілерді жасай білулері қажет:
Тірек-қимыл аппаратының функционалдық күйін көзбен бағалау арқылы диагностика жасау;
Антропометрикалық өлшеулерді жүргізу;
Ұйқы, шыбық артерияларының және жүрек ұшы түрткісін кеуде қуысы аумағында тауып, ЖСЖ-сын анықтау;
Коротков әдісі бойынша артериалды қан қысымын өлшеу;
Жалпы дене-күш жұмыстарына қабілеттілікті, энергетикалық күш-қуатты және спортшы ағзасының ағымдағы қызмет күйін бағалауда қолданылатын сынамаларды орындау;
Кезеңдік, ағымдық және шұғыл дәрігерлік-ұстаздық бақылау жүйесінде қолданылатын тексерістердің түрлі әдіс нәтижелерін талдау;
Жедел жәрдем көрсету.
Спорттьщ медицинаның мынадай негізгі бағыттары бар:
Тиісті контингентті диспансерлік тексеру.
Тереңдетілген медициналық-биологиялық зерттеу.
Дәрігерлік-ұстаздық бақылау.
Спорттық медицинаның клиникалық мәселелері.
Спорттық жарыстарды медициналық жағынан қамтамасыз ету.
Осы бағыттардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері, әдістері және әдістемелік жолдары бар. Спорттық медицинаның ғылыми және тәжірибелік бағыттары тек спортқа ғана қатысты емес, сондай-ақ дене жаттығуына тән дене жаттығуына да байланысты болады. Ағза тіршілігінің әртүрлі жағдайларындағы қалыпты деп аталатын диапазон мен нұсқалары туралы, оған жоғары талап қойған кездегі оның кызметтік корлары мен бейімделу мүмкіндіктері туралы, клиникалық тәжірибеде әлі жиі бекітілмеген кызметтік бұзылыстардың ерте туындауы және қалып пен патология арасындағы шекті күйлер тураты материалды жинай келе, спорттық медицина дені сау адам туралы ғылымның, бейімделу теориясының қалыптасуына айтарлықтай үлес коса отырып, теория мен клиникалык пәндердің дамуына айтарлықтай септігін тигізеді.
Заманауи спорттық медицина келесі мәселелердің шешілуіне багытталган:
1. Спорттық медицина жэне емдік дене шыныктыру, физио-емдеу саласындағы нормативтік реттеудің заманауи күйі: қызметтерді үйымдастыру, лауазымдық міндеттер, біліктілік сипаттамалары, қызметтер мен кадрларды лицензиялау, мамандарды аккредиттеу, аттестаттау, сертификаттау.
2. Спорттық медицинадағы қызметтік диагностиканың заманауи әдістеріне.
3. Спортшылардың тамактануы туралы заманауи пікірлер. Тамақтану бағдарламаларын алгоритмдеу және жаттығу процесінің әртүрлі деңгейлерінде жеке емдеуді құрастыру. Биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қолдану.
4. Спорттық медицинаның допингтік емес фармакологиясы. Негізгі үрдістер, клиникалық аспектілер, қолдану тәжірибесі, алгоритмдер.
Спорттағы допинг фармакологиясының қүқыктық және клиникалық аспектілері. Допинг-бақылау.
Остеопатиялық медицина, мануальді емдеу, медициналық Массаж саласында жұмыс істейтін дәрігерлердің қызметін реттеу құқықтық аспектілері.
Тірек-қимыл аппаратыныц аурулары мен жарақаттары бар спортшылардыоңалту бағдарламаларындағы остеопатиялық медицинаның рөлі мен орны.
Әртүрлі жас шамасындағы спортшылардың тірек-қимыл аппаратының жарақаты мен аурулары кезіндегі оңалту бағдар- ламалары. Оңалтудың әртүрлі кезеңдерінде қызметтік және ортопсдиялық көмек құралдарын (сыртқы фиксация) қолдану алгоритмі. Дене жаттығуларын орындау және спортпен шұғылдану кезіндегі жарақаттардың алдын алу.
Спортшылардың өкпе аурулары (қабынбалы, обструктивті, қатты күш салу кезіндегі демікпе) . Диагностика мен емдеуге заманауи тұрғыдан келу. Пульмонология бойынша негізгі қағидалары және олардың спорттық медицинадағы мәні.
Спортпен шұғылдану кезіндегі жүрек-қан тамырлары аурулары («спорттық жүректің» ерекшеліктері, тонзилло- кврдиальды синдром, жүрек соғу ырғағының бұзылуы, АҚ өткеруі, миокард дистрофиясы) .
Спортшылардың қан-жүйе аурулары.
Спортшылардың аллергиялық ауруларына диагноз қою жене емдеу.
Өйелдер және спорт. Ұрпақ өсіру денсаулыққа байланысты.
Спортпен айналысуды тоқтатқан спортшыларды диспансерлік қадағалау ерекшеліктері.
Балалар спорттық медицинасының өзекті мәселелері.
ІІІынығу процесінің бағытын ескере отырып, спортпен шұғылдану кезіндегі қалпына келу шараларын ұйымдастыру.
Дене шынықтыру мен спорттық медицинаның сауықтыру бағдарламалары (фитнес, рекреация, аэробика, шейпинг, т. б. ) . Спорттық медицина жөніндегі спорт дәрігері жұмысының мазмұны .
Спорттық медицинаның негізгі мақсаты - дене шынықтыру мен спортпен айналысатын адамның денсаулығын сақтау және нығайту, патологиялық күйі мен ауруларын емдеу және алдын алу, дене тәрбиесі мен спорт құралдары, оның әдістерін тиімді пайдалану, жүктемеден кейінгі калпына келу процестерін оңтайландыру және жұмысқа қабілеттіліктің артуын, белсенді шығармашылық кезеңін ұзартуға ықпал жасау.
Оқу-шынықтыру процесін жоспарлау және түзету бойынша жаттықтырушы мен дәрігердің бірлескен жұмысы, жаттық- тырушының дәрігерлік бақылау мәліметтерін күнделікті өз жұмысында қолдана білуі - сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы мен тиімділігі үшін қажетті талаптар болып табылады.
Спорттық медицинаныц негізгі міндеттері:
Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдері ескерілген рұқсатпен қамтамасыз ету.
Спорттық бағдар және іріктеу мәселелерін шешуге қатысу.
Жаттығулар мен жарыстар барысында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адам ағзасы қызмет күйінің жүйелі бақылауларын жүзеге асыру.
Дене шынықтыру және спортпен тиімсіз шұғылданудан туындайтын ауруларға, жарақаттарға және спецификалық жарақаттарға талдау жасау: олардын диагнозын ертерек қою, емдеу, оңалту және алдын алу әдістерін әзірлеу.
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын түрлі топтар құрамына арналған сабақтар мен жаттығулардың тиімді тәртібі арқылы жұмысқа қабілеттілікті арттыру және калпына келтіру құралдарының негіздемесі.
Жүктемелерден кейінгі қалпына келу процестерін оңтайландырудың және спорттық жұмысқа қабілеттіліктің артуына медициналық-биологиялық құралдарды және әдістерді тәжірибе жүзінде әзірлеу, мақұлдау және енгізу.
Қазақстан ғылымы халықтың заманауи дене шынықтыру жүйесіне, кәсіби және әуесқой спорттың дамуына мол үлес қосты.
1999 жылы 2 желтоқсанда №490-1 «Дене тәрбиесі және спорт туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануымен (06. 01. 2011 жылғы өзгерістер және толықтырулармен бірге) заңнамалық тәртіп пен дене тәрбиесі, спорт, әуесқой спорт, жоғары жетістік спорты туралы ұғымдар енгізілді, кәсіби спорттың дене тәрбиесі мен спортты медициналық тұрғыдан қамтамасыз етілуінің маңызды ілгерілеулері байқалды. Және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері енгізіліп, іске асырыла бастады, бұл медициналық ұйым медициналық қамсыз- даидыруға, дәрігерлік бақылау, емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдарды оңалтуға арналған. Заңда дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі жаңа ұғымдар мен туындылар туралы кешенді ғылыми топ ретінде жазылған - ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргізу, спортшының қызметтік күйін және дайындығының техникалық деңгейін анықтау үшін құрылған білікті мамандар тобы; спорттық медицина және оңалту орталығы; допингке қарсы комиссиялар және т. б. Яғни еліміздегі спорттық медицинаны осындай заңнамалық негізде жүргізу арқылы халқымыздың денсаулығын арттыру әрі ҚР спортшыларының түрлі жарыстарын ең жоғары деңгейлерде өткізуге мүмкіншіліктер берді деуге болады.
Еліміздегі спорттық медицинаның дамуы, ең алдымен, Қазақ cпорт және туризм академиясы ғалымдары - А. Б. Өтешев, Г. К. Мұстафина, Р. Р Амангелдиева, З. К. Дунаева, сонымен бірге республикамыздың басқа да көптеген ЖОО-лары мен ғылыми- зерттеу мекемелерінде қызмет атқаратын ғалымдардың ғылыми- зерттеу жұмыстарына байланысты.
Ел спортшыларын даярлау процесіне ҚР ҰҒА Физиология институты және академик Т. Ш. Шарманов басшылық етіп отырған Тағамтану академиясы, сонымен қатар Республикалық доиингке қарсы зертхана ғалымдары (жетекшісі профессор Т. Б. Талбаев) өз үлестерін қосуда.
Дәріс № 1
Дәріс тақырыбы: Жалпы потология негіздері
Дәріс жоспары:
- Адамның патологиясының негіздері, дене тәрбиесі және спортпен ойланысатындардың патологиялық аурулары туралы жалпы спорттық мәлімет.
- Аурулар туралы медициналыќ теориялар.
- Саулық және патология.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
- Мұстафина Т. Қ. Спорттық медицина /оқу құралы / Алматы-1992. -65 б.
- Мұстафина Т. Қ. Дунаев З. Қ. Спорттық медицина. /спорттық аурулар мен жарақаттар/. Оқу құралы Алматы-1994. -65 б.
- Мұстафина Т. Қ. Дунаев З. Қ Студенттердің спорттық медицинадан лабараториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. Алматы-1993. 50 б.
Қосымша
- Мұстафина Т. Қ. Спорттық медицина /оқу құралы/ Алматы - 1996. 360 б.
- Мұстафина Т. Қ. Дунаев З. Қ, Амангелдиева Р. Р., Жумабекова Л. А., Врачебно - педагогические наблюдения при занятях физической
Аурулардың түрлері адамзатқа ілгергі ғалымның белгілі болған. Олар біздің дәуірімізге түрлі ескерткіштерге қабірлерге жазып қалдырылғаны мәлім. Нәтижеде бізден алдын өткен ата - бабаларымыз қандай аурулармен кеселденгені олардан қайсыбірлер бүгінгі күнде бар қайсы бірі жоғалғандары белгілі. (Мысалы Лейтманоз, қызылша, тип аурулары) . Айнықса Қытай медицинасы гүлдеп дамыған дәірде оларды дауалау жолы, және олардың келіп шығуы туралы мәліметтер көптеп ұшырайды.
Аурулардың түрлері, олардың түрлеріні үйренетін пән (ғылым) “патологиясы” патос -грекше- ауру “Логас-пән.
Петология тірі организмдегі (табиғаттағы ) нормадан шыққан өзгешеліктерді өз-ішіне алады. Мұндай өзгерістер түрлі формада болып, патологияның мазмұныда кем көлемде болады. Патологияның түрлері меншікті патология патологин физиологин патологин гистрологин, патологин анотомияларға бөлінеді.
Жалпы патология кейбір ауруларды, олардың барлық белгілерін тексереді. Мысалы, ас-қазан, аяқ-сыну, гепотит меншікті патология. Кейбір аурулар мен олардың белгілерін тексерумен шұғылданады.
Ауру организмдердің фуекцияларын - патологин физиология тексереді. Әрқандай ауру организм функциясыны түрлі дәрежеде бұзызылуына алып келеді. Мысалы, асқазан системасының ауруы ас қорытудың бұзылуын, жүрек аурулары қан - айналу системасының бұзылуына, бүйректердің ауруы, зәр шығару фуекциясының бұзылуына алып келеді.
Патологин гитология . Организмдегі клеткалармен толарда болады, өзгерістерді микроскоп арқылы тексереді.
Па тологиялы анотолия патологияның аурулар нәтижесінде органдар, толалар клеткалар, түзілісіндегі өзгерістерді тексертіп пән. Қазіргі уақытта патология өлген мүрделер үстінде кесу әдісімен тексереді.
2. Аурулар туралы медициналық теориялар.
Кәдімгі заманнан бері адамзат аурулардың себебін білуге ынтылып келген. Медицина ғылымы белгілі дәрежеде дамығанға дейін аурулардың пайда болу себебін идеалистік пікірде болып, адам организміне жын-жыбыр, ібилистерден, тәуіптер, дуагерлер арқылы болған.
Гуморал теориясы- негізгі салушы грек врачы болып /медицина атасы / . Бұл ғылым түрлі аурулар себебі организмдегі сұйықтың заттардың өзгерісіне байланыстырадЫ. Оның пікірі бойынша организм құрамында сұйықтықтар болып олар: қан, қара, сары өт.
Целюлар теориясы- мұның негізгі қалаушы Вирхов. Ол организмдегі патологин прцесстерді клеткалардың өзгерісімен байланыстырады. Бұл әлі организмдегі клетка, толаларды тереңірек үйренудіталап етеді.
Кейінгі уақыттарда патологин процестерді тереңірек үйренген ғалымдар. С. П. Боткин, И. М. Сечеков, И. П. Павлов, Н. Е. Выденискілер патологияның бірқанша заңыдылықтарын ашты олар:
- Аурулардың сыртқы және ішкі факторларыны бір - біріне байланысты деп білу. Мұндай қарау биологын заңдылық болып организм және сыртқы ротса бірлігінен келіп шығады.
- организмді бір бүтін деп қарау.
- Патологи процестердің физиологын процестермен байланысты.
3. Саулық және патологин.
Саулық бүтіндей организмде түрлі орган және системалар функцияларының сыртқы ортамен әсерлер нәтижесінде өзгеріп тұруы түсініледі. Мысалы, жүрек қан тамыр системасы тыныштық дәірде жүрек орташа минутына 70-75 рет қықарады. Мүскіл қысқарғанда минутына 180-200 ретке дейін қысқарады.
И. П. Павлов пікінше патология организмінің сыртқы ортаның артықша әсерлерімен ұшырасуы. Мысалы, механи әсер, ыстық-суықтық патоген микроорганизмдер нормадан жоағары дәрежесіне душар болу нәтижесіндегі өзгерістер. Адамдардың сыртқы ортаға үйренуі қабілеті оларға организмдердің үйрене алған адам саулығы бар адам делінеді. Спортсмендер шынығуы саулыққа үлкен әсер етеді.
Дәріс № 2
Дәріс тақырыбы: Дене дамуы туралы ілім
Дәріс жоспары:
1. Дене дамуы мен денсаулық.
2. Дененің даму дәрежесін зерттеу әдістері.
1. Дене дамуы мен денсаулық. Дене дамуы деп өмірлік жағдайлар мен тәрбие әсерінен адам ағзасының түрі мен қызметінде байқалатын өзгеру процесін айтады. Дене дамуының үш түрлі деңгейі бар: жоғары, орташа және төмен, сондай-ақ орташадан жоғары әрі орташадан төмен екі түрі де бар.
Қысқаша айтар болсақ, дене дамуы антропометриялық көрсеткіш дегенді білдіреді (бойы, салмағы, кеуде қуысының көлемі, табан өлшемі және т. б. ) .
Дене дамуының дәрежесі нормативтік кестемен салыстыру арқылы анықталады.
Дене дамуы - бұл тұлғаның жаралуы, қалыптасуы және өмір бойғы өзгеру процесі, оның ағзасы мен соған негізделген дене жағынан қалыптасу қасиеттері мен қабілеттерінің морфо- функционалдық ерекшеліктері.
Дене дамуы үш топ көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады:
1. Адам қүрылымын сипаттайтын дене бітімінің көрсеткіштері (дененің ұзындығы, салмағы, мүсіні, дененің жекелеген бөліктерінің көлемдері мен түрлері, май ұлпаларынын шамасы және т. б. ) .
2, Адам ағзасының физиологиялық жүйелерінің құрылымдық және функционалдық өзгерістерін айқындайтын дене цулық көрсеткіштері.
Адам денсаулығы үшін келесі аталғандар қызметінің маңызы зор: жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және орталық жүйке, ас қорыту және зәр шығару жүйелері, жылуды реттеу тетіктері, т. б.
Дененің дамуы жағынан қалыптасуының көрсеткіштері (күш, жылдамдық қабілеті, тезімділік, т. б. ) .
Шамамен 25 жасқа дейін (қалыптасуы және өсу кезеңі) құрылымдық көрсеткіштердің басым бөлігі өлшемі жағынан артады және ағзаның қызметтері кемелдене түседі. Ал 45-50 жасқа дейін дененің дамуы белгілі бір дәрежеде тұрақталғандай бедады. Кейіп, жас ұлғая келе, ағзаның функционалдық қызметі бірте-бірте әлсіреп, нашарлай береді, адамның бойы қысқарады, бұлшык ет салмағы азаяды, т. б.
Дене дамуының сипаттамасы аталған көрсеткіштердің өзгеруі ретінде бірқатар себептерге де байланысты және кейбір тдылықтар бойынша анықталады. Егер осы заңдылықтарды білген жағдайда және оларды дене шынығу процесін құру кішіде ескергенде ғана дене дамуын дұрыс басқаруға болады.
Адамның дене жағынан дамуының жетілуіне оң ықпал ететін немесе керісінше, оған кедергі жасайтын факторлар ретінде тұкым қуалаушылық заңдарының ескерілуін ұмытпаған жөн. Тұқым қуалаушылық мәселесі де адамның спорт саласындағы мүмымдікгері мен жетістіктерін болжау барысында назардан іыс калмауы тиіс.
Діііе дамуы процесі жас сатысы заңына да бағынады. Адам денесі даму процесіндегі әртүрлі жас кезеңдерінде болатын ағза ерекшелікгсрі мүмкіндіктері негізінде, яғни қалыптасу мен өсу мроцесінде, оның формалары мен қызметтерінің жоғарғы дамуы мен қарттық кезеңінде ғана араласуға болады.
Дсне дамуы процесі ағзаның және ортаның бірлігі заңына бағынады, нәтижесінде адам өмірінің шарттарына байланысты дамиды.
Өмір шарттарына, ең алдымен, әлеуметтік жағдайлар жатады. Тұрмыс, еңбек, тәрбие және материалдық қамтамасыздандыру шарттары белгілі бір шамада адамның физикалық күйіне ықпал етеді және ағзаның түрлері мен қызметінің дамуы мен өзгеруін анықтайды. Дене дамуына географиялық орта да ықпал етеді.
Дене шынықтыру процесі кезінде күш жұмсалатын басқару үшін жаттығудың биологиялық заңы мен оның қызметіндегі ағзаның және ортаның бір тұтастық заңының маңызы зор. Бұл заңдар әрбір нақты жағдайда дене шынықтыру тәрбиесінің құралдары мен әдістерін таңдау кезінде жөнелтуші болып табылады.
Дене жаттығуларын таңдап және олардың жүктеме шамаларын анықтай отырып, жаттығу заңына сәйкес шұғылданушылардың ағзасының қажетті бейімделушілік өзгерістеріне сенуге болады. Сонымен қатар ағзаның бір бүтін құрылым түрінде қызмет атқаратыны ескеріледі. Сондықтан жаттыгулар мен жүктемелерді тандаған кезде, олардың ағзаға әсер ететін барлық жақтарынан хабардар болу қажет.
Дене шыныңтыруға даярлық және дене жағынан дайын болу. «Дене жағынан даму» және «дене шынықтыруға даярлық» ұғымдарын жиі шатастыратындықтан, дене шынықтыруға даярлық - бұл адамның кәсіби немесе спорттық қызметті меңгеруі немесе орындауы үшін қажетті жаттығуларды орындау кезінде қол жеткізілген дене жағынан дайындықтың нәтижесі екенін атап өту қажет.
Дене шынықтыруға тиімді даярлық дене жағынан даярлық деп аталады. Дене шынықтыруға даярлық ағзаның түрлі жүйелерінің (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бұлшық ет жүйелері) қызметтік мүмкіндіктерінің және негізгі дене-күш қасиеттерінің (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік, иілгіштік) даму дәрежесімен сипатталады. Дене шынықтыруға даярлық дәрежесін бағалау күшті, төзімділікті және т. б. бақылауға арналған жаттығулардын (сынақтамалардың) көрсетілген нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Дене шынықтыруға даярлықтың дәрежесін бағалау үшін оны өлшеу қажет. Дене шынықтыруға жалпы даярлық сынақтар арқылы өлшенеді. Сынақтардың құрамы және жинағы жасына, жынысына, кәсібіне, сондай-ақ қолданыстағы дене шынықтыру-емдік бағдарламасы мен оның мақсаттарына байланысты әртүрлі болуы қажет.
Дене күш жұмыстарына қабілеттілік. Адаммың жұмысқа қабілеттілігі - адамның берілген қызметті қандай да бір тиімділікпен орындай білуі.
Антропометриялық көрсеткіштерге ықпал ететін факторлар. Адам ағзасында үзіліссіз болатын зат және қуат илмагу процестері оның даму ерекшеліктерін анықтайды. Дене салмағының, бойының, көлемінің өзгеру қарқындылығы әртүрлі өмір кезеңдерінде бірдей емес. Бұл туралы өзінің мектебіне дейінгі және мектеп жылдарындағы дамуын есіне түсірген әрбір адам айталады. Ерекше өзгешеліктер жасөспірімдер мен бойжеткеидерде, егде жастағы және қарт адамдарда бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz