Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері


Кіріспе
Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл және сауатты тұлғаны қалыптастыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады. Сондықтан қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасау заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында [1] (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) және «2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатында [2] «білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу, білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына сын тұрғысынан ойлай алатын, коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру, топпен және жеке жұмыс істеу сияқты кең ауқымды дағдыларды дамыту» отандық білім берy жүйесінің негізгі міндеттері ретінде көрсетіледі.
Функционалды сауатты тұлға дегеніміз - бұл қоғамдық құндылықтарға сәйкес әрекет ететін, таңдау және шешім қабылдау жағдайында тәуелсіз бола алатын, өз шешімдеріне жауап бере алатын, өзгермелі қоғамға оңай бейімделетін, адамдар арасындағы өзара әрекеттесу құралы ретінде айтылым және жазылым дағдыларын жақсы меңгерген адам. Сондай-ақ фунционалдық сауаттылық білім алушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Мұндай бағыт Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының жекелеген ережелерінен туындайтын талаптарға да негізделген, бiлiмнің базалық мазмұны жалпыазаматтық, ұлттық мәдениеттiң құндылықтары мен дүниетанымдық ұстанымдар негізінде білім алушылардың зияткерлік, жалпымәдени дамуына, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасайды [3] .
Қазіргі жаhандану жағдайындағы қоғам дамып келе жатқан постиндустриалды әлемде болып жатқан динамикалық өзгерістерге тез бейімделе алатын сауатты адамдарға өте мұқтаж. Сондықтан бастауыш білім беруді дамытудың объективті заңдылығы қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейіне жоғары талаптар қояды. Бастауыш саты білім, дағды іскерліктің қалыптасу бастамасы болып табылады. Бастауыш мектеп жасында балалардың айтарлықтай даму резервтері бар. Оқу әсерінен баланың мектепке баруымен оның барлық танымдық процестерін қайта құру басталады. Бастауыш мектеп білім алушының фунционалдық сауаттылығын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені фунционалдық сауаттылық, кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеріп, өмірде қолдануға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу мәселесіне айналып отыр. Отандық және шетелдік ғылыми зерттеулерге шолу: функционалдық сауаттылық мәселесі бойынша теориялық және практикалық зерттеулер бірқатар ғалымдардың жұмыстарында қарастырылғанын көрсетті. (F. J. Troyan, J. D. Herazo, M. Ryshina-Pankova [4], А. А. Леонтьев [5], Н. Ф. Виноградова, О. А. Рыдзе, И. С. Хомякова [6], В. В. Мацкевич, С. А. Крупник [7], А. В. Хуторской [8] ) . Т. И. Акатова [9] бастауыш сынып оқушыларының тілдік мәдениетімен өзара байланыста тілдік функционалдық сауаттылық аспектілерін; оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру технологиясын (Л. М. Перминова [10], О. Е. Лебедев [11] ) ; арнайы орта білім беру мекемелерінде технологиялық үлгідегі функционалдық сауаттылықты қалыптастыру Л. Н. Полищук [12] ) ; жалпы, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру технологиясы (Réka Vágvölgyi, Andra Coldea, Thomas Dresler, Josef Schrader and Hans-Christoph Nuerk [13], Николина В. В. [14] ) ; бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары (Медеубаева К. Т. [15], Жумабекова А. А. [16], Елубаева А. Н., Билялова К. К [17], Слямхан М. М., Кайынбаев Ж. Т. [18], Байзаков Ж. А. [19] ), Н. Оразахынова, Г. М. Кенжебаева, А. К. Рауандина қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту мәселесін әдістемелік тұрғыдан зерттеп, оқу пәндеріндегі рөлін айқындап негіздеген, Абильдина С. К., Сарсекеева Ж. Е., Мухаметжанова А. О. [20] білім беруді цифрландыру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелерін қарастырады.
Сонымен бірге сауаттылықты қалыптастыру жолдары, оның теория мен практикадағы тереңдігі мен мәні шетелдік ғалымдардың B. V., Hamilton M., Burgess A. бірнеше онжылдықтардағы зерттеу тақырыбы болды. ЮНЕСКО-ның «Education for all» халықаралық бағдарламасы функционалдық сауаттылықтың жаһандық маңыздылығын анықтайды (UNESCO, 2015) [21] .
Алға қойылған міндеттерді шешу кезінде білім беруді дамытудағы халықаралық тенденцияларды ескеру білім берудің қазіргі жағдайында өзекті мәселе болып отыр. Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту проблемасын зерттеу контекстінде халықаралық рейтингтердегі елдердің білім сапасын бағалау PIRLS, TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерінің деректеріне негізделеді. PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) және TIMSS (Third International Mathematic and Science Study) сауалнамасы жалпы білім мен оқу жетістіктерін бағалайды. PISA (Programmer for International Student Assessment) оның бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық және компьютерлік сауаттылық [22] . TIMSS жалпы бастауыш, негізгі және орта білім деңгейлеріндегі математикалық және жаратылыстану білімінің сапасын бағалайды (4, 8 және 11 сыныптар) . TIMSS-те қазақстандық оқушыларға тән үлгі бойынша көбейту және қолдану деңгейінде базалық білім мен дағдыларды игеру тексеріледі. PISA тапсырмаларында игерілген пәндік білім мен оқу әрекеттерін жаңа жағдайда қолдану қабілеті, ұсынылған мазмұндағы жаңа ақпаратты анықтау, оны түсіну және талдау тексеріледі. [23] . PIRLS тестілеу (Progress in International Reading Literacy Study) бес жылда бір рет өткізіледі және оның бағыты бастауыш мектеп оқушыларының оқу және мәтінді түсіну сапасын бағалау болып табылады. [24] .
Қазақстан TIMSS зерттеуінің төрт циклінде қатысқан (2007, 2011, 2015, 2019) және білім беру жағдайының проблемаларын анықтауға бағытталған (TIMSS, PISA және PIRLS) халықаралық салыстырмалы зерттеудегі жалпы және жаратылыстану-ғылыми, оқу сауаттылығы әлемдік рейтингте Қазақстан келесі көрсеткіштерді көрсетті: Қазақстандық білім алушылардың жартысынан астамы оқу (64, 2%) және жаратылыстану сауаттылығының (60, 3%) және жартысы (49, 1%) математикалық сауаттылықтың 2-ші минималды деңгейіне жете алмады. Математикалық сауаттылық бойынша үлгерімі төмендердің үлесі (2-деңгейден төмен) 2009 жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеді, ал оқу және жаратылыстану сауаттылығы 5%-ға өсті. Қазақстандық 15 жастағы білім алушылардың нәтижелері математикалық сауаттылық бойынша әлемнің 79 елінің 52-сінен, оқу және жаратылыстану сауаттылығы бойынша 68-інен төмен болды [25] . Халықаралық зерттеулер нәтижелері тілдік пәндер, математика және жаратылыстану т. б негізгі пәндер бойынша білім алушылардың жетістіктері, сондай-ақ оларға қандай факторлар әсер ететіні туралы ақпарат береді. Сонымен қатар салыстырмалы халықаралық зерттеулер отандық және халықаралық контексте білім беру жүйесінің жағдайын бағалап, қазақстандық білім берудің жетістігі мен осал тұстарын анықтауға және алға қойған мақсаттардың ең тиімді жолдарын белгілеуге жағдай жасайды.
Жоғарыда көрсетілген дереккөздерге сүйенетін болсақ халықаралық бағдарламалар бойынша Қазақстан функционалдық сауаттылық бойынша әлемдік рейтингте соңғы орындардың қатарынан табылып отыр. Осы нәтижелерді талдау және бағалау Қазақстандағы білім беру бағдарламалары білімді меңгеру деңгейіне ғана басымдық танытып, білім алушылардың мектепте алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдану қабілетін бағалауға бағытталмағандығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру нәтижелерін оңтайландыруды қажет етеді. Сондай-ақ ғылыми-педагогикалық еңбектер мен әдебиеттерге жасалған талдаулар білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мәселесі Қазақстандық педагогика ғылымы мен практикасында әлі де болса жеткілікті деңгейде зерттелмегендігін байқатады. Анықталған қарама-қайшылықтар бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуды, оның теориялық негіздерін анықтап, зерттеу мәнмәтіні бойынша қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, жүзеге асырудың қажеттілігін көрсетті. Аталмыш мәселе біздің зерттеy жұмысымыздың өзектілігін анықтап, зерттеy тақырыбын « Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары » деп таңдаyымызға негіз болды.
Зерттеy мақсаты: қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық негіздеy және оны тәжірибелік-эксперимент арқылы сынақтан өткізу.
Зерттеy объектісі: бастаyыш мектептің оқy үдерісі.
Зерттеy пәні: қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зерттеyдің ғылыми болжамы: егер қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалып, жүзеге асырылатын болса, онда қазақ тілі сабағында оқытудың негізгі мақсаттарына қол жеткізіліп, оқушылардың өмірде болып жатқан түрлі құбылыстар мен процестерді өз бетінше зерттеу дағдылары қалыптастып, білім сапасы артады, өйткені бұл жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқyшылардың білімдерінің сапасында тікелей оң әсер ететін болады.
Зерттеyдің мақсатын іске асырып, болжамды тексерy үшін төмендегі зерттеy міндеттері анықталды:
- әлемдік және қазақстандық тәжірибені зерделеу арқылы зерттеу мәселесі бойынша негізгі ұғымдардың мәнін нақтылау;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық ерекшеліктерін анықтаy;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, ғылыми негіздеу, жүзеге асыру және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерy.
Зерттеyдің әдіснамалық және теориялық негіздері: тұлға дамyының жалпы диалектикалық теориясы; таным теориясы; біртұтас педагогикалық процесс теориясы; аксиологиялық және жүйелілік қатынас теориясы; оқытуды бағалау, саралау және даралау, білім беруді ізгілендіру ұстанымдары; зерттеy проблемасы бойынша философиялық, психологиялық-педагогикалық ілімдер, қазіргі білім берy теориялары.
Зерттеyдің көздері: Қазақстан Респyбликасының «Білім тyралы» Заңы, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтердің, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру саласының ресми құжаттары, жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, алдыңғы қатарлы бастаyыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi.
Зерттеу әдістері: теориялық (ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау, салыстыру, нәтижені жобалау) ; эмпирикалық (сауалнама, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, тестілеу, тәжірибелік жұмыс жүргізу, зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау әдістері) .
Зерттеy кезеңдері:
- бірінші кезеңде (2022-2023 ж. ж. ) зерттеyдің ғылыми аппараты (болжам, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні) анықталды, негізгі ұғымдар нақтыланды, қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық моделі жасалып, айқындаyшы эксперимент өткізілді, оқy жоспарлары, бағдарламалар, педагогикалық, оқy-әдiстемелiк құралдар талданды, алынған нәтижелер сарапталынып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мазмұны нақтыланды.
- екінші кезеңде (2023-2024 ж. ж. ) мектепте эксперимент іске қосылды, алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеy материалдары рәсімделді.
Зерттеyдің тәжірибелік-эксперименттік базасы: Қарағанды қаласының «Жұмабек Тәшенов атындағы ЖББМ» КММ
Зерттеyдің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
- әлемдік және қазақстандық тәжірибені зерделеу арқылы зерттеу мәселесі бойынша негізгі ұғымдардың мәні нақтыланды;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық ерекшеліктері анықталды;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықталды, ғылыми негізделді, жүзеге асырылды және оның тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.
Зерттеyдің практикалық мәнділігі: бастауыш қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының анықталуы; бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері; бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған қазақ тілі оқу пәні бойынша құрастырылған тапсырмалар жүйесінен тұрады.
Зерттеy нәтижелерінің дәлелдігі және негізділігі: талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеy пәніне сәйкес әдістерді қолданyмен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеy бағдарламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелерін салыстырып қорытындылаyмен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, бастаyыш мектептің оқy процесіне ендірілyімен қамтамасыз етіледі.
Қорғаyға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының теориялық тұрғыдан негізделyі;
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық- мазмұндық моделі.
- қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері.
Зерттеy нәтижелерін сынақтан өткізy және енгізy эксперимент жүргізy барысында жүзеге асты және халықаралық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды, басылым көрген мақалаларда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараyдан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1 Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Әлемдік және Қазақстандық тәжірибеде бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелерінің зерделенуі
Бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру проблемасын зерттеуді теориялық-әдіснамалық негіздеу үшін:
- «сауаттылық», «оқу сауаттылығы», «функционалдық сауаттылық» ұғымдарының мәнін нақтылау;
- бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығының мәні мен құрылымын анықтау;
- оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бойынша Әлемдік және Қазақстандық тәжірибені талдау және оның негізгі тенденциялары мен принциптерін анықтау;
- бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру шарттарын анықтау қажет.
Білім берудегі сауаттылық мәселесі, біріншіден, нақты бір елдегі халықтың әлеуметтік жағдайына, екіншіден, мемлекеттің экономикалық дамуына, үшіншіден, елдегі мәдени ахуалға тәуелді болатындығы айқын. Бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын іздестіруді қажет етіп отыр.
Ғылыми еңбектерде сауаттылық ұғымының белгілі бір деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын игеру екені байқалады. Әйтсе де адамның өмір сүруіне қажетті деп танылып, меңгеруге ұсынылған бастауыш мектеп деңгейіндегі белгілі бір білім, білік пен дағдылардың жиынтығы (оқу, жазу, санау, сурет салу және т. б. ) ретіндегі тілдік сауаттылық қазіргі кездегі әлеуметтік сұраныс талаптарымен сәйкес келе бермейді.
Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.
Сауаттылық - педагогикалық аспект. Педагогика ғылымында сауаттылыққа білім беру саласында жаппай білім беру мәселесін шешуде бір қалыпты жағдайға қол жеткізгенше қайта-қайта оралып отырды. ХХ ғасырдың 80-жылдарының басына дейінгі сөздіктерде сауаттылық терминін бір ғана мағынада - ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгеруге байланысты белгілі бір көлемде ана тілінен алған білімі мен ережелерін сипаттауға қолданып келгенін байқауға болады. Осы кезеңнен бастап сауаттылық ұғымы кеңейе бастады. С. И. Ожеговтың сөздігінде «1. Грамота: Умение читать и писать. 2. Грамотный: 1) Умеющий читать и писать, а также умеющий писать грамматически правильно, без ошибок. 2) Обладающий необходимыми знаниями, сведениями в какой-н. области. 3) Выполненный без ошибок, со знание дело» [26] деп, түсінік береді.
Ал «Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде» «сауаттылық: хат тани білетіндік, әржайдан хабары барлық, көзіашықтық», «сауатты: дұрыс оқып, дұрыс жаза білетін, білімді, жан-жақты хабардар, көзі ашық», «сауат: оқып жаза білетіндік, хат танығандық. Сауатсыз - хат танымайтын, оқымаған» деп, «сауаттылық», «сауатты», «сауат», «сауатсыз» сөздерінің мағынасы анықталған [27] .
Жоғарыда аталған барлық жағдайларда сауаттылық мәселесі қарапайым сауаттылыққа қол жеткізу мәселесі ретінде түсініледі. Сонымен қатар, сауаттылық оқу қабілеті ретінде дербес жазу қабілетінен бөлек қарастырылады. Адамның білімінің құрамдас элементтері ретінде оқу мен жазуды бөлек бағалаудың бұл тенденциясы бірнеше ғасырлар бойы жалғасты: XIX ғасырдың аяғына дейін сауатты адам оқи және жаза алатын адам деп аталды, ал тек оқи алатын адам сауатсыз, сауатсыз немесе жартылай сауатты деп аталды, мұндай түсінік «орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» көрініс тапты [28] .
Қазан төңкерісінен кейін халықтың жаппай сауатсыздық мәселесі шұғыл практикалық шешімді қажет ететін өткір әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылады. 1919 жылы Халық Комиссарлары Кеңесінің Жарлығы Кеңес одағының барлық тұрғындарын 8 жастан 50 жасқа дейін сауаттылыққа үйретуге міндеттейді. Комиссия қызметі шеңберінде сауатсыздықты жоюшы мұғалімдерге арналған курстар ашылады, ересектерді оқыту үшін алғашқы кеңестік праймер құрылады, қалалар мен ауылдарда сауатсыздықты жою бойынша пункттер құрылады, жалпыға бірдей бастауыш оқыту жүйесі енгізіледі. Елде сауатсыздықтың болуы өндірісті индустрияландыруды тежейтін құбылыс ретінде қабылданады.
Функционалдық сауаттылық ұғымы туралы алғаш рет өткен ғасырдың 1957 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында «сауаттылық» жəне «минималды сауаттылық» деген мағыналарда енгізілді[29] :
- сауаттылық -бұл оқу дағдысы, жазу, санау жəне құжаттармен жұмыс жасай алуы;
- минималды сауаттылық -бұл қарапайым хабарламаларды оқи жəне жаза білу қабілеті;
- функционалдық сауаттылық - адам өзінің оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. деп қарастырылды.
1978 жылы ЮНЕСКО білім беру саласындағы статистикалық деректерді Халықаралық стандарттау туралы бұрын ұсынылған ұсынымдардың мәтінін өңдейді. Осы құжаттың жаңа редакциясында «өз тобының тиімді жұмыс істеуі үшін сауаттылық қажет болатын барлық іс-шараларға қатыса алатын және оған оқуды, жазуды және есепшотты өзінің дамуы үшін және қоғамдастықтың (әлеуметтік ортаның) одан әрі дамуы үшін пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік беретін адам ғана функционалды сауатты болып саналады». Сауаттылықты қабылдаудағы гетерогенділік мәселесін түсіну халықтың сауатсыздығы дамушы елдерде ғана емес, дамыған елдерде де байқалатынын көрсететін көптеген фактілерді талдаумен байланысты. Индустриалды қоғамнан постиндустриалды қоғамға көшудің басталуы сауаттылықты екіұшты құбылыс ретінде, біріншіден, дамушы елдердегі халықтың көпшілігінің қарапайым сауаттылыққа қол жеткізу проблемасы ретінде, екіншіден, халықтың жеткілікті үлкен топтарында байқалған функционалдық сауатсыздыққа қарсы индустриалды дамыған елдерде функционалдық сауаттылыққа қол жеткізу проблемасы ретінде қарастыру қажеттілігін анықтады.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап функционалдық сауаттылық мәселесі халықаралық ұйымдардың назарына түскені заңды, 1990 жыл ЮНЕСКО-ның Халықаралық сауаттылық жылы деп жарияланды, БҰҰ 2003-2012 жылдарды осы тұжырымдаманы кеңінен түсіндіруде сауаттылықтың онжылдығы деп жариялады. БҰҰ-ның негізгі тұжырымдамалық ережелеріне сәйкес, бұл мәселені алғаш рет онжылдықтың проблемасы ретінде анықтаған, сауаттылықтың төмендігі адамдардан мүмкіндікті алып тастайды, олардың әлеуетін шектейді, саяси және экономикалық белсенділікті азайтады.
С. И. Ожеговтың сөздігіне мән берсек, ол «функционалдық сауаттылық» терминіндегі «функция» сөзінің мәнін: бір нәрсенің құрамы немесе оның құрылысына емес, қызметінің нәтижесіне байланысты болады, -деп көрсетеді [26, 256] .
Сонымен қатар, жоғары дамыған елдерде функционалдық сауаттылық деңгейіне алғашқы зерттеулер жүргізіле бастады. С. А. Тангянның еңбектері функционалдық сауаттылықты зерттеудің жалпыланған нәтижелерін байқауға мүмкіндік береді, бұл халықтың білім деңгейі көбінесе функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ете алмайтындығын (кепілдік бере алмайтындығын) көрсетеді, өйткені қазіргі қоғамдағы жеке адамның өмірі технологиялық әзірлемелердің, идеялардың, өмірдің жекелеген пәндерінің тез өзгеруімен, жаңа білімнің пайда болуымен бірге жүреді. Функционалдық сауаттылық туралы алғашқы зерттеулер жасаған С. А. Тангянның зерттеулеріне сүйенсек, қазіргі таңдағы технологияның, идеялардың қарқынды дамуы халықтың функционалдық тұрғыдан сауатты болуының кепілі емес. Осындай жағдайларда кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі өзгермелі заманға сай ел азаматтарын дер кезінде дайындай алмайды. Қоғаммен бірге өзінің де азаматтық, экономикалық, саяси-әлеуметтік тұрғыдан болсын алға жылжуы үшін дамудың қаншалықты маңызды екенін айтады [30] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz