Күздік дәнді - дақылдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс-5 Ауыспалы егіс және оны белгілеу. Ауыспалы егіс, схемалар, құрылым, байланыстар, қайталанған ауысымдық мәдениет және монокультура туралы түсінік.

Ауыспалы егіс дегеніміз - ауылшаруашылық дақылдары мен бос танаптарын уақыт және территория бойынша ғылыми негізде кезектестіріп отыру. Танаптардағы ауылшаруашылық дақылдарының ауыспалы егісте кезектесу ретімен ауысып келіп отыру тәртібін ауыспалы егіс сызбасы (схемасы) деп атайды.
Онда ауыспалы егістегі дақылдар мен танаптардың кезектесу реті орнатылады. Дақылдар мен бос жерлер ауыспалы егіс сызбаасында көрсетілген әр танаптан өз кезегімен өту кезеңі - ротация деп аталады. Ротация ұзақытылығы ауыспалы егіс танаптарының санына тең болады. Ауыспалы егістегі танаптар саны дақыл құрамына және олардың, қатынасына, сонымен қатар жер бедеріне, топырақ ерекшеліктеріне және т.б. жағдайларға байланысты болады.
Ауыспалы егісте дақылдардың ауысуы жылдық немесе кезеңдік болуы мүмкін. Д. И. Прянишников дақылдарды кезектестіру қажеттілігінің негізгі химиялық, физикалық, биологиялық, экономикалық сияқты 4 түрлі себебін атап көрсеткен.
Ауыспалы егіс сызбасын құру кезінде топырақтың құнарлығына әсер ету дәрежелері бойынша барлық алғы дақылдар: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық болып бөлінеді және мынадай топтарды құрайды:
1. Таза (бос) және бос емес парлар. 5. Техникалық
2. Көпжылдық шөптер. 6. Күздік дәнді-дақылдар.
3. Дәнді бұршақ тектес. 7. Жаздық дәнді-дақылдар.
4. Отамалы. 8. Біржылдық шөптер.
Таза пар деп бүкіл вегетация кезеңіндегі ауылшаруашылық дақылдары өсірілмейтін танапты айтады. Таза пар ылғалдылық, қоректік заттардың жинақталуын қамтамасыз етеді және оған кейін өсірілетін дақылдар үшін жақсы фитосанитарлық жағдай туғызады.
Көпжылдық шөптер жоңышқа, люцерна, эспарцет топырақты органикалық заттармен және азотпен байытады. Олар топырақ құрамын жақсартып, санитарлық қызмет атқарады. Ауру тудырушы микроорганизмдердің дамуын тежейді.
Бұршақ тұқымдас дақылдар - бұршақ, ноқат, қытай бұршақ, үрмебұршақ, атмосферадағы ауаны жұтып, оны топыраққа жинақтайды, топырақ құрамын жақсартады.

Отамалы дақылдар - картоп, жүгері, күнбағыс, мақта, бақша дақылдары, қант қызылшасы жақсы арамшөптерден тазартушылар болып табылады. Топырақта олардан кейін қоректік заттардың жылжымалы түрлері көп жинақталады.
Алғы дақыл ретінде дәнді дақылдарды: күздік және жаздық дәнді дақылдар деп 2-топқа бөлуге болады.
Күздік дәнді дақылдардан кейін топырақта көптеген тамырлар және өсімдік қалдықтары қалатындықтан және танапты ерте босататындықтан, топырақты келесі дақылдар үшін жақсы дайындауға мүмкіндік береді.
Жаздық дақылдардың арамшөптермен күресуі әлсіздеу болады. Олардан тамыр және өсімдік қалдықтары аз қалады.
Мол өнім алу үшін ауыспалы егістігінде дақылдардың кезектесуін, олардың әрқайсысына да жақсы алғы дақыл келетіндей етіп ұйымдастырады. Яғни ол бағалы, алғы дақылдарға қоятын талаптары өзінен кейінгі дақылға жақсы алғы дақыл болуы керек.
Кезектестіріп орналастыру кезінде әр дақылдың биологиялық ерекшелігін, олардың тіршілік факторларына әсерін, топырақтың физикалық, химиялық қасиеттеріне су және қоректену режимдеріне әсерлерін, танапты ластау ерекшеліктерін ескереді. Кез келген ауыспалы егістің негізі - жыл сайын немесе белгілі бір кезең аралығында дәнді дақылдарды - отамалы, дәндібұршақ тектес, көпжылдық немесе біржылдық шөптермен, күздік дақылдарды жаздық дақылдармен кезектестіріп отыру.

Ауыспалы егісті ең жақсы алғы дақылдан бастау керек. Дәнді дақылдардың 2 жылдан артық егілуін болдырмау керек.
Күнбағыс, қант қызылшасын 2 жыл қатарынан себуге және бастапқы орнына жиі қайталап егуге болмайды.
Күнбағыс пен көпжылдық шөптерді қант қызылшасы қатарына жағалай отырғызуға болмайды, өйткені бұл дақылдар топырақты кептіріп жібереді. Қант қызылшасын күнбағыстан кейін отырғызуға болмайды.
Бұршақ тектес дақылдарды 2 жыл қатарынан еккен дұрыс емес, өйткені жинақталған азот қорын екінші жылға дақыл пайдаланбайды. Ал дәнді дақылдар азот қорын мол қажет етеді.
Отамалы және бұршақ тектес дақылдар - барлық өсімдіктер үшін жақсы алғы дақылдар болып есептеледі, сондықтан олардан соң ешқашан таза пар қалдыруға болмайды. Ал таза парларға бұларды отырғызуға болмайды.
Көпжылдық шөптер алғашқы жылы баяу дамып қанағаттанарлық өнім бермейтіндіктен күздік, жаздық дақылдармен, біржылдық шөптермен қосылып өсіріледі.
Мысалы, 1. Таза пар; 2. Жаздық бидай; 3. Жаздық бидай; 4. Арпа.
Ауыспалы егісті енгізуді: енгізу және игеру деп 2-сатыға бөледі.
1) Енгізу дегеніміз - ауыспалы егіс жобасын құрып, оны іс жүзінде енгізу. Ауыспалы егістіктерді бір пішінді мүмкіндігінше тік бұрышты етіп жобалайды.
2) Ауыспалы егісті игеру дегеніміз - жобалаған ауыспалы егістіктегі орнатылған дақылдардың кезектестірілуіне біртіндеп көшу.
Ауыспалы егісті игеру үшін оған әдетте, 2 - 3 жыл қажет. Дақылдардың танаптар бойынша орналасуы жасалған сызбаға сай келетін болып, тыңайтудың, дақылдардың кезеңі сақталса, ауыспалы егіс игерілді деп есептеледі. Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай-жаздық бидай, арпа үшін көптеген отамалы дақылдар жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі олар арашөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидаймен арпа - орташа алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішінде нашары - тары. Тары өте жай өседі де, өсіп-дамуы жайынан арамшөптерден кейін қалып қояды. Тарыдан кейін танаптарда арамшөптер көп болады.
Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар, олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едеуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан олар көбіне, ауыспалы егістің ең соңғы танабына себіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне, парға қолданылады.
Ауыспалы егістер онда себілетін дақылдардың түріне немесе топыраққа тигізетін әсеріне байланысты:
1. Егістік-танаптық
2. Мал азықтық
3. Арнаулы болып 3-ке бөлінеді.
1. Егістік-танаптық ауыспалы егісте дәнді-масақты, бұршақ тұқымдас техникалық дақылдар және картоп өсіріледі. Техникалық дақылдар қант қызылшасы, күнбағыс, мақта, оларды масақты дақылдар егіп жүрген егін жайларға себуге болады. Танаптық ауыспалы егістерде кейде мал азықтық дақылдар егілуі де мүмкін, бірақ малды жеммен қамтамасыз ету бұл ауыспалы егістің міндетіне жатпайды.
2. Мал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері
Дәнді дақылдардың химиялық құрамы, ассортименті және сапасына қойылатын талаптар
Ауыспалы егістердің жіктелуі
Егіс. Егіншілік
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері жайлы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
ДӘНДІ ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР, ОЛАРДЫ ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Астық-ұн тауарлары
Ауыспалы егістерді жоспарлау
Ұн технологиясы
Пәндер