Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
1 Қазақ тілі сөзжасамының теориялық негіздемесі
1.1 Қазақ тілі сөзжасамының бастапқы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ...
І.2 Қазақ тілі сөзжасамының зерттеулік көзі ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... .
2 Қазақ тіліндегі сөзжасамдық бірліктер
2.1 Сөзжасамдық бірліктердің жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2Түбір сөздер сипаты
2.3 Сөзжасамдық бірліктердің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы қазақ тілі сөзжасамы мәселесін қарастыруға, сөзжасамдық бірліктердің қызметін, түбір мен сөзжасамдық жұрнақтар қатарын, жүйесін қазіргі қазақ тіліндегі орнын тануға бағытталған.
1990 жылдан бергі уақытта бұл сала бойынша тың зерттеулердің қатары көбейді. Мысалы, А.Салқынбай, К.Құрманәлиев, Б.Қасым, т.б. ғалымдардың еңбектері сөзжасам жүйесі мәселелерін пайымдауға арналған.
Сөзжасамдық бірліктер, соның ішінде сөзжасамдық жұрнақ түрлерінің әлі де шешімін тауып, қаралмаған мәселелері бар.
Қазіргі қазақ тіл білімінің сөзжасам саласында белгілі бір сөз табының сөзжасам жүйесіне арналған ғылыми еңбектерде жұрнақ түрлерінің, оның ішінде өнімсіз жұрнақтардың қатары жеке бір сөз табы бойынша қарастырылған, олардың өнімді, өнімсіз жұрнаққа айналу себептері нақты анықталмайды.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі диалектілік сөзжасамдық жұрнақтарды қарастыру мәселесі назардан тыс қалып келеді. Осылайша әдеби тілдегі сөзжасамдық жұрнақтар қызметін анықтау бір бөлек болса, сөзжасам бірліктерінің түрі ретіндегі өнімсізөнімді, диалектілік жұрнақтардың сөзжасамдық қабілетінің деңгейін түбірге жалғануы тұрғысынан қарастыру бір бөлек болып табылады.
Қазіргі қазақ тілінде жалғанымдылық, тіркесімділік, валенттілік мәселелері лексикалық синтагматика, синтаксистегі тіркесімділік аясында сөз етіледі. Бұл ретте Ғ.Хасановтың Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасы атты докторлық диссертациясын, кейбір сөзжасамдық жұрнақтардың валенттілік қасиеті зерттелген А.Салқынбайдың, қазақ тіліндегі түркі негізді аффикстердің белгілі бір тобының көпвалентті, бірвалентті қызметіне қатысты Ж.Тектіғұлдың монографиялық еңбектерін атауға болады.
Диломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әрбір сөз табының аясында зерттеліп, жеке сала ретінде кеш танылған сөзжасам қазірде өзіндік зерттеу нысанын айқындап, жаңадан пайда болған теориялық көзқарас негізінде ғылыми бағытын кеңейтіп келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық жұрнақтар қызметін сөзжасамдық қатынас, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық ұя аясында зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың нысаны - қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық бірліктер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі сөзжасамдық бірліктердің сипатын ашу
Дипломдық жұмыстың міндеті. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық бірліктер қызметін анықтау мақсатында жұмысты қарастьру үшін мынадай міндеттер қойылды:
oo сөзжасамдық бірліктер қызметінің айқындаудың өлшемдерін сөзжасамдық жүйе бойынша сипаттау;
oo сөзжасамдық бірлік түрі болып табылатын түбірлердің сөзжасамдық қызметін көрсету;
oo сөзжасамдық өнімсіз жұрнақтардың қызметін түбірге жалғанымдылық теориясымен байланыстыра зерттеу, тіркесімділік, жалғанымдылық терминдерінің аясын анықтау;
oo сөзжасамджық жұрнақтардың қатарын, түрін, санын белгілеу;
oo сөзжасамдық өнімсіз, өлі жұрнақтардың қызметін, түбірге жалғану қабілетін сипатау;
oo сөзжасамдық өнімсіз жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздердің терминжасамға қатысын қарастыру;
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Жұмыста сөзжасамдық бірліктердің қызметін тануда олардың қазақ тіл біліміндегі теориялық сипаты мен зерттеулік бағыты жүйеленіп көрсетілді. Сонымен бірге
- сөзжасамдық жұрнақтар қызметінің түрлеріне қарай көрінетіндігі;
- сөзжасамдық жұрнақтар қызметін анықтауда қазіргі күнде олардың белсенділігін, кейбір жұрнақтардың өнімділігін көрсетті;
- өнімсіз жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық ұяның алғашқы сатыларында өнімді көрінуі;
Дипломдық жұмыстың дереккөзі. Зерттеу жұмысында А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов сынды ғалымдардың қосымша қызметі турасында айтылған пікір-көзқарастары негізге алынды. Сондай-ақ арнайы ғылыми еңбектер мен грамматикалардан, оқулық, оқу құралдарынан өнімсіз жұрнақтар қызметімен байланысты мәліметтерден жинақталды. Атап айтқанда, А.Ысқақов, Ә.Төлеуов, А.Қалыбаева, Н.Оралбаева т.б. сынды ғалымдар еңбектеріндегі зерттеу нысаны жайлы көзқарастар, негізгі пікірлер назарға алынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық түбір мен жұрнақтың жаңа сөз жасаудағы қызметі, қолданылу ерекшеліктері мен сөзжасамдық әлеуетін анықтау барысында қол жеткен нәтижелер мен тұжырымдар қазіргі қазақ тілінің сөзжасам, терминология, лексикология, лексикография сияқты салаларына тиісті үлесін қосады. Диплом жұмысының сипаттық көрінісін Қазіргі қазақ тілі (сөзжасам) курсы бойынша студенттердің өздік жұмыстарына қосымша материал ретінде пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыста жасалған қорытынды түйін:
oo сөзжасамдық жұрнақтардың есім сөз таптарын жасауда мағыналық топтарға бөлінетіндігі;
oo түбірге жалғанымды жұрнақтар болатыны;
oo түбірге жалғанымы төмен жұрнақтардың болатыны;
І ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗЖАСАМЫНЫҢ теориялық негіздемесі
І.1 Қазақ тілі сөзжасамының бастапқы сипаты
Қазақ тілі білімі - қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы.
1930-40 жылдардан бастап сөз таптары мен олардың жекелеген категориялары туралы арнайы еңбектер жарық көре бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде сөзжасам жеке сала ретінде қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 30-жылдары сөзжасам әр сөз табына қатысты‚ морфология шеңберінде сөз болды. 1940 жылдан бастап синтаксистің жекелеген мәселелері монографиялық тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің түрлері анықталды, жақсыз сөйлемнің, құрмалас сөйлемдердің сыр-сипаты ашылып, ауызекі сөйлеу тілінің синтаксисі туралы едәуір мәлімет берілді.
Қазақ тілінің ғылыми курсы 1954 ж. "Қазіргі қазақ тілі" деген атпен жарық көрді. 1962 ж. фонетика мен морфология тарауларынан құралған "Қазіргі қазақ тілі"‚ 1967 ж. морфология‚ синтаксис салаларын қамтыған "Қазақ тілінің грамматикасы" атты екі томдық басылып шықты.
ХХ ғасырдың 80-жылдары сөзжасамның нысаны‚ өзіндік ерекшелігі анықталып‚ морфологиядан бөлек‚ дербес сала ретінде бөлініп шықты. Сонымен қатар синтаксис саласы да едәуір дамыды. Қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдері, сөздердің орын тәртібі зерттелді. Бұл - синтаксистік байланыс түріндегі сөзжасамға да қатысын көрсетеді.
Сөздердің жасалуы туралы мәселе лексикадан соң, сөз таптарынан бұрын жеке тарау етіп танып, өз алдына категория етіп көрсету және жеке бағдарламаға енгізу қазақ тіл білімінде орынды қойылған. Сөздердің жасалу ереже-анықтамалары негізінен әр сөз табына қатысты болғандықтан оның морфологиямен байланысын белгілейміз.
Морфология саласында сөз таптарының жасалуы, тұлғалық көрсеткіштері, сөздердің құранды бөлшектері туралы мәселенің қозғалуы сөздердің жасалу заңдылықтарымен ұштасып жатады.
Сөздердің жасалуы деген ұғым - жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ереже-анықтамалардың жиынтығы. Сондықтан қазақ тілі сөздерінің жасалу жолдары лексика, грамматика заңдылықтарымен тығыз байланыста қарастырылады. Сөздердің мағынасы, олардың тұлғалық ерекшеліктері және сөйлемде қолданылуының бәрі - өзара іштей тұтасып жататын заңдылық. Осылайша сөздердің әр түрлі жолдармен жасалуы, жаңа ұғым, жаңа бір грамматикалық тұлғада жұмсалуы сөздік құрамды байытатын және дамытатын категория болып саналады.
І.2 Қазақ тілі сөзжасамының зерттеулік көзі
Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі жеке сала ретінде болмаса да, орыс түркітанушыларының алғашқы қазақ тілімен байланысты еңбектерінен бастау алады.
Ең алғашқы қазақ тілі туралы жазылған еңбектер Н.И. Ильминскийдің Материалы к изучению киргизского наречия, П.М. Мелиоранскийдің Краткая грамматика казах-киргизского языка, М.А. Терентьевтің түркі тілдеріне арналған Грамматика турецкая, персицкая, киргизская и узбекская атты грамматикаларында түркі сөз таптарының сөзжасамдық жұрнақтары аталып, олардың мағыналары көрсетілгені үнемі ғылымда айтылып келді. Одан соң В.Г. Архангельский 1927 жылы Грамматика казахского языка деген еңбек жазған. Онда ғалым әр сөз табымен байланысты сөзжасамдық бірсыпыра жұрнақтарды көрсетіп, олармен жасалған туынды түбірлерді көрсетіп, олардың мағынасын анықтаған.
Бұдан қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі алғаш түрлі сөз таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау арқылы сөзжасамның бір негізгі мәселесінен мағлұмат беруден басталғаны көрінеді.
Қазақ ғалымдарының ішінен сөзжасам туралы алғаш ғылыми мәлімет А.Байтұрсыновтың Тіл - құрал оқулығында берілген.
Оқулықтың Сөз тұлғалары тақырыбында сөз тұлғасының 5 түрі көрсетіледі. Солардың бірі ретінде туынды сөзді көрсетіп, анықтама береді: Туынды түбір дегеніміз - бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерген сөз: мәселен, бастық, тастақ, шашақ, қастық [1, ]. Бұл - қазақ тіл білімінде, қазақ тілінде туынды сөзге тұңғыш рет берілген анықтама.
Туынды түбір сөздің негізгі түбірден тұлғасы да, мағынасы да басқа болып табылады. Мұнда алғаш айтылып тұрған туынды түбір деген термин қазіргі күнге дейін қолданылып келеді. Оны алғаш көрсетуші - ғалым А. Байтұрсынов.
Осы еңбегінде ғалым сөз тұлғасының бір түрі деп қосымшаларды көрсеткен. Қазіргі тіл білімінде бұл ретте көзқарас өзгерді. Бірақ тілде қосымша терминін тұңғыш қолданып, оған анықтама берген де Ахмет Байтұрсынов болып табылады.
А. Байтұрсынов қосымшалардың екі түрін көрсеткен, олар: жалғау және жұрнақ, бұл терминдерді де бірінші енгізген А. Байтұрсынов болып табылады. Ғалым жалғауға да, жұрнаққа да анықтама бере отырып, оны қосымшаға бірген сипатымен бірдей көрсеткен: Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді, екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады [1, ] .
Осында А.Байтұрсынов жұрнақты анықтап, оның туынды сөз жасап, сөз мағынасын өзгертіп, туынды сөз құрамында қолданылып, түбірмен бірге жазылатынын, тілде жұрнақтардың саны да көп екенін нақтылы мысалдармен дәлелдеген.
Осы оқулықта - лық, - шы, -шыл, -лас, - лы , - лау, - сыз, - ғы, - еке, -ншы, - у, - ғыш, - ғын,- қы, -ақ, -с, -м, -нды,- ма жұрнақтарына жаттығулар беріп, олардан туынды сөздерді жасауды талап еткен. Мұнда жұрнақтарды қолдануға, ажыратуға, тануға жаттықтыру, дағдыландыру жұмысы көзделген.
1915 жылы Орынборда шыққан Тіл - құрал, 2-жылдық деген оқулықта жұрнақтардың құрамы мына жұрнақтармен толықтырылған: -шақ, - а, - е,- ла, (-ле,-да,-де,-та,-те),-ғар (-қар-, кер), - сын, -шыла (-шіле), -ай (-ей),- гер,- дай (-дей),- дағы (-дегі),- лау (-леу,-деу,-тау,-теу),- шыл,- ғыл ,- ғылт,-ғылтым,- шылық (-шілік),- ар(-ер),- ай(-ей) жұрнақтарын қосқан. Бұдан басқа, ғалым оқулықта сөздердің осы жұрнақтар арқылы жасалу жолдарын баяндаған [1].
Сонымен А. Байтұрсыновты қазақ тілінің сөзжасам мәселесінің алғаш негізін қалаған, алғаш ғылыми пікір айтқан, оның негізгі терминдерін жасаған ғалым болып табылады.
Профессор Қ. Жұбанов 1936 жылы 5-сыныпқа арналған Қазақ тілінің грамматикасы атты оқулығында жұрнақ деген терминнің орнына үстеу деген терминді қолданып, туынды сөз деген терминді қолданбады. Бірақ ғалым Образование сложных слов деген мақаласында сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер мәселесі туралы пікір айтқан: Сложение, или композиция, есть образование нового слова путем соединения двух или более слов в одном [2]. Бұл да сөзжасамның аналитикалық тәсілі туралы айтылған алғашқы пікір деуге болады. Өйткені қазақ тілі грамматикаларында біріккен сөз, қос сөз туралы мағлұмат беріліп жүргенімен, оның сөзжасамға жататыны айтылмай келген болатын. Сондықтан Қ.Жұбановтың күрделі сөздер деп бөліп, оны туынды сөздер тобында қарастыруы сол кез үшін жаңалық деуге болады.
Қазақ тіл білімінде жалғау, жұрнақтар туралы мақала жазып, талқыға шығару 1930 жылдан басталады. Х.Басымовтың Қазақ тілінің жалғау, жұрнақтары деген мақаласы 1930 жылы Жаңа мектеп журналының 6-7 нөмірлерінде шықты [9]. Бұл сөзжасам туралы алғашқы мақала болып табылады.
І.Кеңесбаевтың Қазақ тілі, М.Балақаевтың Қазақ тілінің грамматикасы, Г.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың Қазақ тілінің грамматикасы, С.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың Қазақ тілі грамматикасы оқулықтарында да жұрнақтар сөз тудырушы сөз түрлендіруші деп екі топқа бөлініп беріліп, сөз тудырушы жұрнақтардың мағыналары сөз болады, Н.Сауранбаевтың Қазақ тілі, А. Ысқақов және К.Аханов жазған Қазақ тілі грамматикасы оқулықтарында негізгі түбір, туынды түбір, олардың жасалуы және түбірлес сөздер сияқты мәселелер ғана қарастырылды.
Ал 1954 жылы Қазіргі қазақ тілі деген атпен шыққан алғашқы ғылыми грамматикада сөзжасам әр сөз табына қатысты айтылғанмен, морфология шеңберінде беріледі. Алайда бұл ауқымды еңбек жеке сөз табы сөзжасамына арналған бірнеше еңбектердің жазылуына себепші болды.
1960 жылдары жоғары оқу орындарына арналып жазылған оқулықтардың ішінде А.Ысқақовтың Қазақ тілі оқулығы мен И.Е.Мамановтың Қазіргі қазақ тілі оқулығы ерекше орын алады. А.Ысқақовтың оқулығында сөзжасам әр сөз табымен берілсе, И.Мамановтың оқулығында етістіктің сөзжасамы жеке қарастырылады.
Автор Ы. Маманов туынды етістік жасайтын жұрнақтардың өнімділерін, жиі қолданылатын құранды жұрнақтарды келтіреді, ал бір сөзден әр түрлі жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің тобын ұялас түбір сөздер деп атайды.
Қазақ тіл біліміндегі барлық ғылыми жетістіктер туралы 1967 жылы Ғылым баспасынан шыққан Қазақ тілінің грамматикасы атты еңбекте баяндалады. Еңбекте сөзжасам мәселелері әуелде айтылғандай, морфология саласында қарастырылады.
Бұл үлкен еңбектерден соң жеке ғылыми зерттеулер орын алады. Сөзжасам мәселелері зерттеліп, жекелеген тақырыптар жайында біртіндеп диссертациялар қорғала бастады.
Сөзжасамдық мәселеге қатыстырыла жазылған алғашқы зерттеу - Ә.Төлеуовтің диссертациясы. Оның зерттеуі Словообразовательные аффиксы имен в современном литературном языке деген тақырыпта қарастырылды. Ә. Төлеуов бұдан кейін де есім сөздердің сөзжасамы туралы бірнеше еңбек жариялады. Соның бірі - зат есім мен сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуын зерттеуге арналған еңбегі.
Зерттеуші Ә. Төлеуов Қазақ тіліндегі зат есім категориясы деген еңбегінде зат есім сөзжасамы жайында қарастырып өтеді. Кейін, 1973 жылы, тағы да Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы атты басқа еңбегі жарық көрді.
Сөзжасамдық зерттеулер жайында ғалым А.Хасенова-Қалыбаеваның Қазақ тіліндегі етіс категориясы, Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер деген еңбектерінген түсінік алсақ, Г. Н. Жаркешова Смешные слова в современном казахском языке, Б.Құлмағамбетова Аффиксальное словоообразование глаголов в современном казахском языке деген тақырыпта диссертация жазды.
А.Хасенова-Қалыбаева Глагольные основа казахского языка деген тақырыпта қазақ әйел ғалымдарының ішінде тұңғыш рет докторлық диссертация қорғады. Диссертацияда негіз етістік туралы зерттеулік сипат беріледі. Негіз етістіктер де сөзжасамдық бірлік болып табылатындықтан, бұл зерттеудің сөзжасам саласында маңызы бар.
З.Бейсембаева ғылыми жұмысында қазіргі қазақ тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтардың белгілі бір тобын қарастырады.
Сонымен бірге Б.Қайымованың диссертациялық жұмысында етістіктен есім тудыратын жұрнақтар талданады, етістіктен зат есім және сын есім тудыратын ортақ жұрнақтардың өнімді, өнімсіз түрлері, олардың жаңа сөз жасаудағы рөлі айқындалады.
Аталған еңбектердің бәрі қазақ тіл біліміндегі сөзжасам мәселесіне қатысты алғашқы диссертациялар болып табылады.
Әр сөз табының сөзжасамдық жұрнақтарын арнайы зерттеуге бағытталған К.Ш.Құсайынов (дыбыстық еліктеуіш сөздер), Қ.Есенов (есімдік, үстеу сөзжасамы), З.Бейсенбаева (зат есім сөзжасамы), Н.Оралбаева (сан есімнің сөзжасамы), Б.Таңсықбаева, З.А.Құрманәлиева М.Т.Есматованың ғылыми еңбектері бар.
Тақырып түркі тілдерінде де күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұл туралы мәліметтерді татар, қырғыз, қарашай, балқар, өзбек т.б. түркі тілдеріне арналған грамматикалардан, ғылыми зерттеу еңбектерінен кездестіреміз. Өнімсіз жұрнақтардың санын анықтауға бетбұрыс жасалған. Мәселен, Б.О.Орузбаева қазіргі қырғыз тілінде жиі қолданылатын және өнімділігі шамалы, болмаса өнімсіз екі жүзге жуық сөзжасамдық қосымша бар деген ойын қырғыз тіліндегі өнімсіз жұрнақтарды анықтаудың өлшем межелерін және қатарын анықтау арқылы дәлелдейді [0, 50-б].
Татар тіліндегі сөзжасамдық жұрнақтарға қатысты көп мәселені сөз еткен Ф.А.Ганиевтің еңбегінде түркі тілдеріндегі сөзжасамдық жұрнақтардың санына түркітанушы ғалымдардың еңбектеріндегі мәліметтер бойынша статистикалық салыстыру жүргізіліп, жұрнақтар қызметінің өнімді-өнімсіздігін анықтаудың сандық өлшем межесі анықталады [2].
Түркі тілдерін зерттеуші Н.А.Баскаковтың еңбектерінде түркі, монғол тілдерінде кездесетін сөзжасамдық жұрнақтар өзара салыстыра қарастырылса, Н.К.Дмитриев сөзжасамдық жұрнақтардың мағынасын, сөз жасау үдерісіне қатысу мүмкіндігін көрсеткен. Жалпы түркі тілдеріндегі әр сөз табы бойынша сөзжасамдық жұрнақтардың сөз жасау қабілеті, қызметі, қолданылу аясы, өнімділігі, өнімсіздігі т.с.с. мәселелер А.Н.Кононовтың зерттеу еңбегінен де арнайы болмаса да орын алған.
Ғалымның өзбек тіліндегі сөзжасамдық жұрнақтардың этимологиясына, қолданылу жиілігіне сай айтқан пікірлерін атап өтуге болады.
Бұдан басқа жеке бір тілдің сөзжасам жүйесіне арналған Э.В.Севортян, М.Хабичев, Н.П.Дыренкова, К.М.Мусаев сынды түркітанушы ғалымдардың еңбектеріндегі тілдік деректерге шолу жасалды.
Сондай-ақ башқұрт, якут тілдеріне қатысты т.б. ғылыми грамматикалардағы сөз таптары бойынша сөзжасамдық жұрнақтардың қызметі, құрамы мәселелеріне арналған зерттеу еңбектеріндегі пікірлер ескерілді.
Түркітанудағы ғалымдар еңбектері мен ғылыми грамматикалар материалдарына жасалған шолу бізді қызықтыратын біршама көрінісі анықталғанын, әлі де толыққанды зерттелмегенін көрсетті.
Ал кейінгі қазақ тіл білімінде сөзжасамның жеке сала ретінде бөліне бастауына байланысты бір сөздің ешбір жұрнақсыз сөз табына меншіктілігін ауыстыруы құбылысын сөзжасамдық тұрғыдан қарау басым бағыт алды. 1989 жылы жарық көрген Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты ұжымдық еңбекте сөз болып отырған құбылыс сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі ретінде қаралады.
Сөзжасамның өз алдына құбылыс, жаңа сөз жасау процесі екендігін танып, оның мәнін ашып, ғылыми теориялық негізін айқындауда профессорлар Н.Оралбаева мен С.М.Исаевтың еңбектерінің маңызы зор.
Сөзжасамның қазіргідей дәрежеге жетуінің негізі әріден келе жатыр. Г.Абдирасилова өзінің кандидаттық диссертациясында сөзжасам мәселесіне қатысты еңбектерге шолу жасай отырып, қазақ тіл біліміндегі сөзжасамның зерттелуін мынадай кезеңдерге бөліп қарастырған []:
ХІХ ғасырға дейінгі кезең: сөзжасам қосымшалары туралы ілім негізінің қалануы.
ХІХ ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең: сөзжасам тәсілдері туралы алғашқы зерттеулердің жарық көруі.
ХХ ғасырдың І жартысы көптеген ғылыми грамматикалардың жарық көріп, сөзжасамның морфологиялық бір элементі ретінде қарастырылды.
1950 жылдардан кейінгі кезең: морфологияда қарастырылғанымен, сөзжасамның өзіндік қасиеттерінің (өнімді, өнімсіз,құнарлы-құнарсыздығы) зерттелуі, дербес сала ретінде арнайы зерттеу нысанасына айналуы, тарихи тұрғыдан зерттеле бастауы.
1989 жылдан кейінгі кезең: сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде жан-жақты зерттелуі.
Сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оны тұлғалық, құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан қарау керек. Тіл білімінде сөзжасам термині екі түрлі мағынада қолданылады:
1.Сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жаңа сөз жасау жолы;
2.Тілдік құбылысты зерттейтін ғылым.
Жалпы алғанда, түрколог ғалымдар, сөзжасамды арнайы зерттеп жүрген қазақ тіл мамандары сөзжасам тәсілдерін үшке бөліп көрсетеді: лексика-семантикалық, синтетикалық-семантикалық (морфологиялық); аналитикалық-семантикалық (синтаксистік)
Сөз таптары - сөздердің құрылымдық-семантикалық немесе лексика-грамматикалық топтары. Сөз таптары бір-бірінен білдіретін мағыналары, морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері мен синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Сөз таптарының өзіндік ерекшеліктері, ортақ белгілері, өзара байланыстары мен даму жүйесі бар.
Қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде сөзжасам танылып, оның теориялық негіздері қалыптасты. Алғашқы кезде зат есім мен етістіктің құрамында зерттеліне бастаса, кейін сын есім, үстеу, сан есім сияқты саланы да қамтиды.
Сөзжасамдық бірліктер болып табылатын сөзжасамдық қосымшалар мен түбір сөздер әр сөз табына қатысты ажыратылып көріне бастады. Олардың теориялық сипаты әрбір сөз табына қатысты байқалып танылады.
І.3 Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Сонымен қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесін зерттеудің бір бағытқа түсуі 1988-1989 жылдардан басталады. Бірақ бұл уақытқа дейінгі кезеңде сөзжасамның теориялық мәселесі жеке тақырып түрінден болмаса да, лексикология, морфология, синтаксис салаларында сөзжасамқа қатысты туынды сөздер тақырыбында кішігірім үзінді болып айтылып қалып отырды. 1989 жылға дейінгі еңбектерге шолу жасасақ, қандай мәселелер қаралған-қаралмағанын анықтауға болады. Соларға тоқталып өтейік.
А.Байтұрсынұлы Тіл-құралында сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдері терминдерін қолданған жоқ. Бірақ ол сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалатын туынды сөз мәселелерін жазды. Мәселен, жұрнақ, туынды сөз, қос сөз (жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз), зат есімнен туған сөздер, оны есімнен туған сөздер, етістіктен туған сөздер, туынды етістіктердегі жұрнақтар, етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар түрінде сөзжасамның негізгі мәселелерінен Тіл-құралда мәлімет берілген [1, 182-255].
А.Байтұрсынұлының осы пікірлері кейін жұрнақ теориясының дамуына, туынды сөздер, зат есімнің синтетикалық сөзжасам теориясына, сын есім, етістік сөзжасам теориясына негіз болды. Ғалым А.Байтұрсынұлының жазып кеткен үлгісі осы уақытқа дейін негізге алынады.
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің, қазақ әдебиетінің терминін жасағанда, тек қазақтың байырғы сөздеріне сүйенді және қазақтың байырғы сөздерінен ғылыми термин жасауға болатынына көз жеткіздірді, соынмен бірге іс жүзінде дәлелде көрсетті.
Н.Сауранбаев 1953 жылғы Қазақ тілі деген атпен шыққан педучилищелерге арналған оқулығында Зат есімнің жасалуы, Сын есімдердің жасалуы, Етістіктің жасалуы терминдерін қолданып, сөз таптарының сөзжасамы мәселесін көтерді [7]. Бұдан қазақ тілінде сөзжасам мәселесі жұрнақ арқылы туынды сөздің жасалуынан басталғаны байқалады.
1960 жылғы Ғ.Әбухановтың Қазақ тілі оқулығында Зат есім сөздерін тудыру тәсілдері деген тақырыпта зат есімнің сөзжасам мәселесі кең түрде қозғалады. [, 97]. Алайда оқулықта сөзжасамдық тәсілдер аталмайды.
1964 жылғы А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі. Морфология жоғары оқу орнына арналған оқу құралында морфологиялық немесе синтетикалық, синтаксистік немесе аналитикалық тәсілдер көрсетіліп, оларға ғылыми тұрғыда бірінші рет анықтама жасалды:
Морфологиялық тәсіл деп түбір сөзге я туынды сөзге қосымшалар қосу арқылы жаңа сөз тудыру тәсілін айтамыз да, синтаксистік тәсіл деп түбір (я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы сөз тудыру тәсілін айтамыз [ , 108].
1967 жылғы Қазақ тілінің грамматикасында А.Ысқақовтың еңбегіндегі сөзжасамдық тәсілдер туралы анықтама қайталанады [ , 16].
Кейіннен 1974 жылы толықтырылып, жарыққа шыққан А.Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі атты осы оқулығында сөзжасамдық тәсілдердің үш түрі берілген: Сөйтіп, грамматикалық жолмен сөз тудырудың үш түрлі тәсілі бар, оның біріншісі - морфологиялық тәсіл, екіншісі - синтаксистік тәсіл, үшіншісі - морфологиялық-синтаксистік (я синтаксистік-морфологиялық) тәсіл [, 90].
Сөзжасам мәселесінің теориялық тұрғыдан да нақты зерттелуі 1989 жылы жарық көрген Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографиямен танылып, бастау алды. Соңғы жылдары сөзжасам саласы бойынша, оның теориялық қырлары жайында бірнеше диссертациялық жұмыстар қорғалып, зерттеу жұмыстары тереңдей бастады.
Сөйтіп Сөзжасамның теориялық мәселелері айқындалып, оның өзіндік ұғымдары, бірліктері белгіленгеннен кейін жеке сөздердің сөзжасамдық қабілетін айқындау, бір сөзден тараған алуан түрлі сөздердің тілдегі қызметін, ерекшеліктерін белгілеу де заңды құбылыс болып табылады.
Қазақ тілі сөзжасамындағы теориялық түсініктерге алғаш 1988 жылы Н.Оралбаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесідеген монографиясында қомақты түсінік беріледі.
Еңбекте ғалым қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне толық сипаттама береді. Бұл - қазақ тіл білімінде тілдің сөзжасам жүйесіне берілген тұңғыш ғылыми сипаттама. Бұған дейін ол жеке мәселе ретінде қойылған емес. Еңбекте қазақ тілінің қалыптасқан өзіндік жүйесі ұзақ уақыт ішінде басынан талай өзгерістерді өткізіп қалыптасқаны дәлелденеді.
Ұзақ уақыт ішінде сөзжасамдық бірліктер қалыптасып, олардың қолданылуы, туынды сөздердің жасалу заңдылықтары қалыптасқаны ғылыми тұрғыда дәлелденді, сан есімдердің сөзжасам жүйесі түңғыш рет сипатталып, оның өзіндік ерекшеліктері көрсетілді. Сан есім сөзжасам жүйесінде негізінен аналитикалық тәсіл қолданылады деген тұжырым еңбекке өзек болып, дәлелденіп отырады. Сан есімнің сөзжасамдық бірліктері сан атаулары деп дәлелдеген ғалым сан атауларының қосылу (он+бір) және көбейту (2 жүз) заңдылығы арқылы жасалатынын нақты тілдік деректер негізінде дәлелдеп, оның түрлі модельдерін жасаған.
Шолудан байқалғандай, 1988-89 жылға дейін сөзжасам жүйесі, оның жалпы заңдылықтары сөз болған емес, зерттеулердің бәрі негізінен жеке сөз таптарының жұрнақтар арқылы жасалуы туралы болып келді.
1989 жылы Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты Н.Оралбаеваның редакторлығымен тіл білімі институтының грамматика бөлімінің ғылыми қызметкерлері дайындаған монография жарық көрді. Бұл монографияға М.Балақаев,А.Қалыбаева,Н.Оралбаева, Қ.Есенов,Е.Жанпейісов, С.Нұрхановтың зерттеулері енді.
Монография сөзжасам мәселесін жаңа бағытта, жаңа ғылыми негізде жоғары дәрежеге көтеріп, сөзжасам мәселесінің кейін зерттелуіне жаңа бағыт сілтеді, сөзжасамдық көзқарасты өзгертуге, жаңа ой бастауға маңызды ықпал жасады. Монографияда қазақ тіл білімінде тұңғыш рет сөзжасамның жалпы теориялық мәселелерінің ғылыми негізі жасалды.
Сөзжасам мәселесіндегі теориялық түсініктер негізінде сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек бірліктері төңірегінде алына бастады. Осылайша қандай да бір зерттеу нысанына іліккен сөзжасамдық тілдік құбылыстар мүмкіндігінше тереңірек, жан-жақты талдауға алынады.
Қазақ тілінің сөзжасамында тәсілдерді жинақтап, жүйелеу, топтастыру көп еңбектерде толық қалыптаспады, әсіресе, тәсілдің үшінші түрі танылмады.
1989 жылы шыққан Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографияда қазіргі қолданыстағы сөзжасамдық тәсілдердің үш түрі алғаш рет беріліп, қалыптасып, орнықты. Бұл зерттеуде сөзжасамның тәсілдері кең ғылыми сипат алады. Әр сөзжасамдық тәсіл алғаш рет ғылыми негізде толық ғылыми сипаттамаға түседі.
Монографияда зерттеушілер тарапынан синтетикалық тәсіл сөзі түрліше аталып жүргені ескертіледі. Осы арқылы синтетикалық тәсіл терминінің 1989 жылға дейін қалыптасып үлгермегенін авторлар аңғартады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауға түбір сөз бен жұрнақ қатысатынын, олардың атқаратын қызметін анықтап, синтетикалық тәсіл арқылы жасалатын үлгілер мен типтерге, олардың түрлеріне, түбір морфемаға мағынасы мен құрылымына, жұрнақтарға жан-жақты сипаттама беріледі [, 65-88].
Аталып көрсетілгендердің бәрі де сөзжасам тәсілдеріне қазақ тіл білімінде толық берілген бастапқы сипаттама болып табылады.
Монографияда сөзжасамның аналитикалық тәсілі де аса кең талданып көрсетіледі. Аналитикалық тәсіл өте көне тәсіл деп саналып, оның дүние жүзі тілдерінен алатын орны қарастырылады. Сонымен бірге түркі тілдері сөзжасамында белсенді қызмет атқаратыны айтылады.
Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің іштей 4 түрге бөлінетіні туралы айтылады: Тілімізде аналитикалық тәсілдің мынадай ішкі түрлері бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту [, 91]. Монографияда бұл тәсіл түрлері толық дәлелденеді. Осы мәселеде тірек сыңар, ауыспалы сыңар, туынды мағына мәселелері талданған. Сол арқылы аналитикалық тәсілде сөзжасамға қатысатын тілдік бірліктер қызметі де атап өтіледі.
Лексика-семантикалық тәсіл сөзжасамдық тәсілдер қатарына алғаш рет осы монографияда қосылып, ғылыми сипаттама жасалды. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөз жаңа мағынаға ие болып, омоним сөздер қатарын толықтырып, сөз басқа сөз табына да өтеді деп айтылады [, 99].
Монографиядан кейін лексика-семантикалық тәсіл қазақ тіл білімінде танылып, барлық еңбектерде көрсетілетін болды. Сонымен бірге сөзжасамдық тәсілдер мәселесі барған сайын толықтырылып, нақтыланып анықталып отырды.
2002 жылғы Қазақ грамматикасында негіз сөз бен туынды сөздің мағыналық байланысы, сөзжасамдық жұрнақтың екі түрі - лексикалық мағына жасайтын, лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар - туралы мәлімет берілген.Сөзжасамдық жұрнақтардың сөз таптарына қатысы көрсетіліп, сол арқылы синтетикалық тәсіл кеңірек сөз болады. Қазақ грамматикасында аналитикалық тәсіл сөзқосым, қосарлану, қысқарту тәсілдерінің мәні, түрлері, дамуы да көрсетіледі.
Сөзжасамдық тәсілдің 3 түрі Н. Оралбайдың Қазақ тілінің сөзжасамы оқулығында беріліп, ғылымда орныққан заңдылық ретінде танылған [26].
Сөйтіп сөзжасам тақырыбында сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын алады. Бұл мәселе терминжасам мәселесінде елеусіз қалмады. Терминолог ғалымдар еңбектерінде бұған көңіл бөліп отырған. Мысалға келтірсек, терминология саласының ірі маманы, академик Ө.Айтбаев ғылымда аталып жүрген мына тәсілдерді атап, оларға талдау жасаған: 1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік тәсіл, 4) калькалау тәсілі, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі [..., 253].
Осылайша қазақ тілі сөзжасамыында әдеби тілдегі сөздердің, жалпы халықтық сөздердің туындау мәселесі ғана емес, ғылыми тілдің термин жасау мәселелері де қаралады. Осыған байланысты терминжасам тәсілдері туралы нақты қалыптасқан пікір бар деп айтуға болмайды, бұл мәселеде пікір түрліше болып келеді.
Жалпы сөздердің, атаулардың жасалуы сөзжасамның үш тәсілімен жүзеге асады. Үш тәсілдің үшеуінде түбір түрлері яғни түбір сөздер - бастапқы негіз, негізді сөз, дара негізді, күрделі негізді түбір сөздер - қатысады. Бұлар - сөзжасамдық бірліктің бір түрі. Ал синтетикалық тәсілде сөзжасамдық бірліктің екінші түрі сөзжасамдық қосымша түрлері қызмет етеді.
Қазақ тілі сөзжасамында оның бір тәсілі ретінде қаралатын конверсия құбылысы да айтылады. Бұл құбылыстың сөзжасамдық функционалдық-грамматикалық сипаты айқын. Орыс тіл білімінде де, түркі тіл білімдерінде де сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуының жеке тілдік құбылыс ретінде зерттеліп, таныла бастауы көп мәселені шешуге итермеледі. Аталып отырған құбылыс жеке зерттеу объектісі де болды. Ғалымдар конверсия құбылысының деривациялық та, функциональдық-грамматикалық та сипаты барлығын айтып, оны жеке тілдік құбылыс ретінде зерттеудің тіл біліміндегі сөз таптастыру мәселесінде маңыздылығын атап көрсетеді.
А.Ысқақов 1950 жылы Халық мұғалімі журналында жариялаған Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру туралы атты мақаласында бір сөз табына тән сөздердің контексте уақытша екінші сөз табына ауысуы туралы айтады. Ғалым: Тіл - тілдің қайсысында болса да, белгілі бір сөйлемде қолданылуына қарай, белгілі контексте уақытша субстантивтеніп те (зат есім қызметін атқарып та), адиективтеніп те (сын есімге айналып та), адвербиолданып та (үстеудің қызметін атқарып та) жұмсала беретіні - заңды нәрсе − деп сипат береді.
Сөзжасамның синтаксиспен байланысы да осы саланы қарастыруда белгілі орын алады. Мысалы, сөзжасамның синтаксистік тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер өзінің шығу тегі жағынан сөз тіркестеріне қатысты болып келетіні синтаксистік аяда зерттеу арқылы көз жеткізілді.
Сонымен сөзжасамның теориялық сипатын оның сөзжасамдық бірліктері, яғни түбір сөздер мен сөзжасамдық қосымшалар, сөзжасамдық тәсілдер, сөз таптарының жасалу жолдары мен көрінісі, синкретті сөздер, конверсия құбылысы, сөзжасамның терминжасаммен қатысы, сөзжасамның тіл білімі салаларымен, әсіресе морфология, синтаксиспен, лексикологиямен байланысы танытып ашады.
2 Қазақ тіліндегі сөзжасамдық бірліктер
2.1 Сөзжасамдық бірліктердің жалпы сипаты
Сөзжасамның жалпы мәселелерімен бірге оның басқа да тереңірек зерттеуді қажет ететін жақтары бар. Соның ішінде жеке сөздердің сөз жасау мүмкіндігін анықтау мен сол жасалған сөздердің алуан түрлі тілдік ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Қазақ тілі сөзжасамында өзіндік сөзжасамдық ұғымдар мен сөзжасамдық бірліктер танылып, ғылыми тұрғыда қалыптасты. Сөзжасамдық ұғымдар тобына Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп Сөзжасамдық тип, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық саты, Негіз сөз, Негізді сөз, Негізсіз, Негіз емес сөз, Туынды, Туынды түбір Лексика-семантикалық тәсіл, Синтетикалық тәсіл, Аналитикалық тәсіл түсініктері жатады. Ал нақты сөзжасамдық бірліктерге туынды сөздер сөзжасамдық жұрнақтар аталып көрсетіледі.
Сөзжасамдық ұғымдардың әрбірі өзіне лайық сипатқа ие. Тіл білімінде олардың әрбіріне жеке түсінік беріледі. Жинақтап көрсеткенде, олардың сипаты төмендегідей беріледі:
Сөзжасамдық ұя - бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы. Сөзжасамдық ұяның құрылымына сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарам сияқты оның ішкі ұғымдық бірліктері енеді.
Сөзжасамдық тізбек - бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.
Сөзжасамдық жұп - негіз сөз - негізді сөз қатынасы.
Сөзжасамдық тип - әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі. Сөзжасамдық типті белгілеуде негізгі үш белгісіне сүйенген жөн: 1) негіз сөздері бір сөз табынан болуы; 2) негіз сөздер мен туындылардың мағыналық қатысы ұқсас болуы; 3) сөзжасам тәсілінің бірлігі, синтетикалық тәсілде бір аффикс арқылы жасалуы.
Сөзжасамдық үлгі - туынды сөздердің нақтылы жасалу үлгісі, сөзжасамдық типтен гөрі тар ұғымда қолданылады.
Сөзжасамдық тарам - бір түбірден сөзжасамдық бір сатыда жасалатын туынды түбірлердің тобы.
Сөзжасамдық саты - бір түбірден тараған, құрамындағы жұрнақтардың жалғану ретіне қарай сатылай орналасқан туынды сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық саты жұрнақтардың жалғану ретіне қарай, өз ішінде тік қатардағы сатылар және көлденең қатардағы сатылар болып екіге бөлінеді.
Негіз сөз - туынды түбір жасауға қатысқан лексикалық мағынасы бар сөз. Негіз сөз негізгі түбірден де, туынды түбірден де болуы мүмкін.
Негізді сөз - құрамындағы негіз сөзімен салыстырғанда, морфемдік те, мағыналық та құрылымы күрделі сөз.
Негізсіз сөз - сөзжасамдық тізбектегі негізгі түбір, яғни бірінші сөз. Негізсіз сөз деп аталу себебі, оған негіз болып тұрған сөз жоқ.
Негіз емес сөз - сөзжасамдық тізбектегі соңғы туынды түбір. Негіз емес сөз деп аталу себебі, ол тізбекте ешқандай сөзге негіз болмайды.
Туынды сөздер - өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін тіліміздегі сөзжасам тәсілдері арқылы сөзжасам заңдылықтары негізінде жасалған сөздер.
Туынды сөздер туралы мәселе жалпы тіл білімінде ертеректен қарастырылып келе жатса, түркітануда, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz