Хрестоматиямен жұмыс

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Хрестоматиямен жұмыс
Тобы: ГД-23-1
Пәні : Философия
Орындаған : Жунусов Е.
Қабылдаған : Апенов Б.
Қызылорда 2025 жыл
1.Ежелгі Үнді философиясы
1. Сонымен, йогаға нұсқау.
"Сонымен" сөзі -- бұл жерде пәнинің [жүйелі мазмұндалу бастауы], беделді ілімнің [бастауы ретінде] йога мазмұнын ашатын деп түсінуге болады.
Йога -- сана қызметінің барлық сатыларында көрініс табатын жинақталу. Сана сатылары: қаңғырма, ойсыз, еркін бағытталған (викшипта), бір жерге жинақталған, тоқыраған болады. Олардың ішінен еркін бағытталған санадағы жинақталу, дұрысын айтқанда, йога аймағына жатпайды, өйткені ол жаңғалақтықпен бұзылып кетеді.
Бірақ, санада болатын, бір нүктеге жиналған (жинақталу) объектіге жарық түсіреді, ақиқатты оның қандай болатынын көрсетеді, аффектілерді жояды, карма жолын әлсіретеді және [сана өрістеуін] тоқтатуды мақсат қояды, ол йог санасы атауын алады. Бұл [йога] іріктелумен, рефлексиямен, шаттанумен және өзіндік өңделумен байланысты. Біз бұл [төрт модусты] келешекте түсіндіреміз.
Дегенмен [сана] кез келген жұмысын тоқтатқанда, санасыз жинақталулар, яғни дұрысын айтқанда, ессіздік йогасы пайда болады.
[Патанджали] оның анықтамасын беру мақсатында сутраның келесі [тұжырымдамасын] таңдайды:
2. Йога -- сана қызметінің тоқтатылуы болады.
[Сутрада] "әркім" сөзінің түсіп қалуына байланысты, йог санасы да йога деп аталынады.
4.Басқа жағдайлардағы [сананың] әрекеттілігімен ұқсастығы.
Өзектенген Пуруша жағдайында сана қызметінен айнымайтын әрекеттілік [тең]. Сонымен сутрада: "[Екеуі үшін] тек бір көріну бар, және бұл көріну білім болады", - деп [айтылған].
Сана -- өзінің бір ғана жақындасу факторы арқылы әрекет істейтін магнит сияқты; бақыланатын қасиеті себебінен, ол өзінің әміршісі Пуруша меншігіне айналады. Сондықтан Пурушаның [санамен] бастауы болмайтын байланысы оның сана қызметінің [мазмұнын] аңдауының себебі болады.
Осыған қарамастан, сананың бұл болашақ (қызметі) әр алуан бола тұрса да, тоқтатылуы керек.
Йога - сананың тынышталуы арқылы шынайы ақиқатты тану және карманың әсерінен босау жолы. Ол адамды сыртқы тұрақсыздықтардан арылтып, ішкі тыныштық пен рухани оянуға жеткізеді.
Патанджали Йога сутралары Бірінші тарау.Жинақталу туралы. Әлемдік философиялық мұра 1-том, 117-119-бет
2.Ежелгі Қытай философиясы
Ұлы дәнек мағынасы тек Даоға бағынады. Дао теңсіз. Дао бұлыңғыр және екі ұшты. Бірақ оның бұлыңғырлығы мен екі ұштылығында бейнелер бар. Ол бұлыңғыр және белгісіз. Бірақ оның бұлыңғырлығы мен белгісіздігінде заттар жасырылған. Ол терең және қараңғы. Бірақ оның тереңдігінде, қараңғылығында өте ұсақ нәрселер жасырылған. Бұл кішкентай заттар жоғарғы шындық пен анықтыққа ие.
Ежелден қазіргі дәуірге дейін оның аты өзгермейді. Тек соның жолын ұстана отырып, барлық заттардың бастауын тануға болады. Біз қалай барлық заттардың бастауын тани аламыз? Тек соның арқасында.
Ертеде:
"Кемістік жетіледі, қисық түзеледі, бос кеңістік толысады; көне жаңамен ауысады; аздықты қанағат тұтсаң, молшылыққа кенелесің; көп нәрсеге ие болуға талпыну -- қателікке әкеледі", -- дейтін. Сондықтан кемеңгер данышпан Көк Аспан аясында ұстанатын осы ұлағатты сөзге құлақ салады. Кемеңгер данышпан тек өзі көргендерге ғана сүйенбейді, сондықтан анық көре алады; ол тек өзінікін ғана дұрыс деп есептемейді, сондықтан ақиқатқа жетеді; ол өзін дәріптемейді, сондықтан өзіне лайық даңққа ие; ол өзінің беделін көтермейді, сондықтан басқалардың арасында беделді. Ол ешнәрсеге қарсылық білдірмейді, сондықтан ол Көк Аспан аясында жеңімпаз. Ежелдегілердің "Кемістік жетіледі, қисық түзеледі, бос кеңістік толысады" деген сөздері бос сөз бе? Олар шыныменен адамға шынайы жетілгендікке жол көрсетеді.
Бұл мәтін Дао ілімінің негізгі қағидаларын сипаттайды: әлемнің шынайы мәнін тану үшін оның бұлыңғырлығын, өзгермелілігін және тереңдігін түсіну қажет. Нағыз даналық -- табиғат заңдарына мойынсұнып, қарама-қайшылықтардың үйлесімін ұғына білу.
Лао-Цзы Дао дэ цзин 1-кітап, 16-17 бөлім. Әлемдік философиялық мұра 1-том, 225-бет
3.Антика философиясы
Пифагорлықтардың санның анықтаушы рөлі туралы ілімі мен олардың барлық нәрсеге сай қарама-қайшылықтар туралы ілімі өзара байланыста. Олар он түрлі қарама-қайшылықтарды атайды:1)шек пен шексіздік;2)тақ пен жұп; 3)бірлік пен көптік; 4)оң мен теріс; 5)еркектік пен ұрғашылық;
6)тыныштық пен қозғалыс; 7)түзу мен қисық; 8)жарық пен қараңғы;
9)жақсы мен жаман; 10)квадрат пен көпжақтылық.
Маңыздысы: бұл қарама-қайшылықтарды пифагорлықтар қозғалыста емес, статикалық түрде түсінеді. Сондықтан Гераклиттің іліміне қарағанда, олардың қарама-қайшылықтары диалектикалық емес.
Элейлік мектептің негізгі ойларын Парменид тұжырымдаған. Оның негізгі мәселелері:1)болмыс пен бейболмыстың арақатынасы;2)болмыс пен ойдың арақатынасы;3)біртүрлілік пен көптүрліліктің арақатынасы.Мұның барлығын шындықты сезіммен қабылдауға сүйену арқылы шешуге болмайды. Ақиқат жолы - зерде. Яғни қойылған мәселелер тек зерденің көмегімен ғана шешіледі.
Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі үш тұжырымды ұсынады.Біріншісі:тек қана болмыс бар, бейболмыс жоқ. Екінші тұжырым:болмыс пен ой бірдей. Соңғысы:болмыс біртұтас, көптүрлілік жоқ.
Парменид оларды былайша дәлелдейді: бар нәрсе бар, өмір сүреді, яғни, барлығы - болмыс. Бейболмыстың болуы мүмкін емес. Біз ол туралы ойлай да алмаймыз. Біз бейболмыс деп ойлай алатын нәрсенің барлығы бар, өмір сүреді, сондықтан ол болмыс болып табылады. Ой да - болмыс; болмыс сезімге емес, тек ойға ғана беріледі.
Болмыс, Парменидтің ойынша, біртұтас. Сондықтан онда айырмашылықтар жоқ, сондықтан көптүрлілік те жоқ. Болмыстың бірлігі кез келген өзгерісті жоққа шығарады; ол өзгеріссіз. Бейболмыс, бос қуыстық, өзгеріс, пайда болу, жоғалу туралы тұжырымдар - сезім мүшелеріне сүйене отырып жасалған жалған пікірлер ғана.
Сан мен болмыс туралы түсініктер айтылады. Пифагорлықтар қарама-қайшылықтар арқылы әлемнің құрылымын түсіндірсе, Парменид болмыс тек біртұтас, өзгеріссіз деп тұжырымдайды.
Диоген Лаэртский Философтардың өмірі, ілімдері және нақыл сөздері 1-кітап, 1-тарау, Әлемдік философиялық мұра 2-том, 13-бет
4.Орта ғасыр және Батыс христиан философиясы
Кейбіреулердің Құдай ер заңын формальді болмысы деген тұжырымдамалары жоққа шығарылады. Бұл болмыс субстанция болмысы және акциденция болып бөлінеді. Бірақ, Құдайдың болмысы дәлелденгендей субстанциялығына да, акциденциялық болмысқа да жатпайды. Демек, Құдай формальді өмір суретін зат сияқты болмыс бола алмайды. Және де заттардың болмысы болғандықтан бір-бірінен ажыратылмайды: осы тұрғыда олардың барлығы сәйкес келеді.
Егер олар сонда да бір-бірінен ажыратылса, онда болмыстың өзі түрлерге бөлінуі керек, сонда айрықша белгілерді қосу керек болады, олардың түрлеріне байланысты әр түрлі заттардың әр түрлі болмыстары болады; немесе заттар бір болмыстың әр түрлі табиғаттарымен қосылуының арқасында ажыратылады. Бірінші жағдай мүмкін емес, өйткені бар нәрсеге ештеңе қосудың мәні жоқ. Яғни, заттар бір-бірінен табиғатының әртүрлілігі және болмысқа әртүрлі жолмен жетулері арқылы ажыратылады. Бірақ қасиетті болмыс табиғатқа қосыла алмайды, өйткені көрсетілгендей оның өзі табиғат. Демек, қасиетті болмыс барлық заттардың формальді болмысы болса, онда барлық заттар біреу болу керек.
Келесі. Басталу табиғатынан өзі бастаған нәрседен бірінші болады. Бірақ кейбір заттар болмыстың бастау бөлігі деп табылады. Форма болмыстың бастауы деп аталады және де әрекет етуші [бастау] деп аталады. Ол кейбір заттарды шынайы болмысқа шақырады. Демек, қасиетті болмыс әр заттың болмысы болса, онда өзінің болмысына [тен] Құдайдың белгілі бір себебі болар еді; ал, ол өз-өзінен қажетті болмыс болатын еді. Бірақ бұл көрсетілгендей мүмкін емес. Аз дәрежеде (түрлі ұғымдарда қарағанда) заттардың болмысынан басқа жалпы болмыс бар; ол [өз бетінше бөлек], тек, ойлауда орналасқан болмыс. Алайда жоғарыда дәлелденгендей, Құдай ойлауда ғана өмір суретін емес, заттар табиғатында да бар нәрсе. Демек, Құдай барлық заттардың жалпы болмысы емес. Сонымен қатар, кептерлерге деген жалпы осы кептерлерден тыс өмір сүре алмайды, тек қана ұғымда болмаса: мысалы, "жануар".
Құдайдың болмысын оның мәнімен толықтай теңестіру арқылы дәлелдеу. Ол Құдай қажетті болмыс ретінде өздігінен өмір сүреді және оның мәні мен болмысы ажырамас біртұтас деген көзқарас.
Фома Аквинский Пұтқа табынушылыққа қарсы Құдайылық ақиқат 26-бөлім, Құдайдың болмысы мен мәні бір екендігі туралы. Әлемдік философиялық мұра 5-том, 246бет
5.Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы
Форматқа келсек, бұл сөздің астарынан әркім әртүрлі нәрселерді түсінеді. Сондықтан кім де кім атауы өзге нәрселерге де ортақ келетін әлдебір затты түсіндірмек болса, осы ортақтастықты ажыратуға және оның өзі түсіндірмек болып отырған бөлігін бөліп алуы керек. Ал оны төмендегідей жасауға болады.
Формалар екі бөлікке бөлінеді. Олардың бірі -- сезім арқылы қабылданатын форма, екіншісі -- текке тәуелді және соның арқасында әлдебір нәрсе текке айналатын және саны жағынан көп нәрселерге қаратылап айтылатын форма.
Бірінші форма - алдымыздағы нақты зат, өз субстанциясының өзге заттарынан сапасымен, санымен, он түрлі тегінің (категорияларының) тағы қалғандарымен көзге ұрып ажыратылатын форма. Ол барлық заттарды құрайды.
Текке тәуелді форма осы қарапайым бастаулар қатарына қосылмайды, сондықтан оған біздің осы кітабымызда тоқталудың қажеті жоқ, өйткені бұл кітап әрбір денеде бар қарапайым барлықтарды (болмыстарды) қарастыруға арналған.
Нақты бір заттың өзге заттардан және қарапайым негіздерден көзбен көргендей ажыратылатын формасына келсек, оларды түсіндіруіміз және олардың не екенін айтып беруіміз керек. Формаға қатысты түсіндірулер мен ойлар материя туралы ойлардан мәлім болу себепті, біздің ең алдымен соларға тоқталуымыз жөн. Ал оны айтып, төмендегідей жасауымызға болады.
Қарапайым материяда әлдебір потенция бар. Заттар материядан соның арқасында құралып, пайда болады. Бұл потенция -- форма. Яғни форманың өзі потенция деген сөз. Мәселен, қарапайым денелер болып саналатын құрғақтық пен жылылық қосылғанда от шығады. Демек, материя қарапайым жылылық пен қарапайым құрғақтықта, ал осы жердегі форма - от. Бірақ осындағы потенция соншалық, ол жылы мен құрғақ қосылғанда материяны отқа айналдырып жібереді.
Форма сезім арқылы қабылданатын және текке тәуелді болып екіге бөлінеді. Материя потенция ретінде қарастырылады, яғни ол белгілі бір қасиеттерді біріктіргенде жаңа заттың пайда болуына негіз болады.
Әл-Кинди Бес мән туралы кітап 2-бөлім, Форма туралы пайымдау. Әлемдік философиялық мұра 5-том, 282бет
6.Жаңа заман философиясы
Кім де кім ізгілік дегеніміз -- ақыл-ойдың келісімі, заттардың кез келген пайымдайтын көрінісімен бірдей мәңгі үйлесу және үйлеспеуі, қажеттілік пен қажеттілік еместің өзгермейтін өлшемдері тек адамзатқа ғана емес, тіпті Құдай тағаланың өзіне де міндеттеме жүктейді деп, яғни адамгершілік ақиқат сияқты идеялар арқылы, оларды қарсы қою және салыстыру арқылы танылады деген теорияларға қосылады.
Осы теориялар туралы ой-пікірлерді айту үшін, біз тек ақыл-ой арқылы моральдық ізгілік пен моральдық зұлымдықты ажыратуға бола ма деген мәселені қарастыруымыз керек немесе мұндай айырмашылықты жүргізу үшін қайсыбір басқа принциптерге жүгіну керек болар.
Егер адамгершілік адамның аффектілері мен қимыл-әрекеттеріне табиғи тұрғыдан ықпал етпесе, онда ол туралы нанымды ендірмек ықыласымыз зая кетеді де, бүкіл моралистердің сансыз ережелері мен принциптері баз қалпында елеусіз қала бермек. Әдетте философияны пайымдаушы және практикалық деп жіктейді, ал адамгершілікті әрдайым соңғысына жатқызатындықтан, ол біздің аффектілеріміз бен қимыл-әрекеттерімізге ықпал етеді де, біздің ақылымыздың тыныш та немқұрайды ой-пікірлеріміздің шегінен тыс шығады деп есептейді. Адамдар ерік еркіндігімен өзінің борышына жүгінгенде, әділетсіз деген қылық-әрекеттерден сақтанады, ал оларды міндетті деп ынталандырғанда, басқасына түрткі болады, мұның бәрі күнделікті тәжірибеде расталады. Десек те, егер адамгершілік біздің қимыл-әрекетіміз бен аффектілерімізге ықпал етсе, онда бұдан ақыл-ой оның қайнар көзі бола алмайды; олай деуімізге себеп - тек ақыл-ой ешқашан ондай ықпал ете алмайтынын біз алдында ескерттік. Адамгершілік аффектілерді қоздырады және мінез-құлықтарды өрбітеді немесе басады. Бұл тұрғыдан алғанда, ақыл-ойдың өзі мүлде әлсіз. Сондықтан моральдық ережелер біздің ақыл-ойымыздың тоқтамдарына жатпайды. Меніңше, тұжырымның дұрыстығын ешкім де теріске шығармас; ол негізделген принципті терістеуден басқа, одан бастартудың тәсілі жоқ.
Автор адамгершілік ақыл-ойдан емес, аффектілер мен қимыл-әрекеттерден туындайды деп есептейді, өйткені ақыл-ойдың өзі оларды қоздыруға қабілетсіз.
Д.Юм Табиғат туралы трактаттар 1-бөлім, 2-тарау, Моральдық айырмашылықтар ақыл-ойдан туындамайды. Әлемдік философиялық мұра 6-том, 411бет
7.Француз ағартушылық философиясы
Бізге осы адамдардың әртүрлі ойлау қабілеті немен байланысты және адамдарда денеден бөлек жан бар болса, егер оларда жан мен тән, еркіндік және жақсы да, жаман да қасиеттер бар болса, онда идеялар қалай пайда болады деген мәселелерді зерттеу қажет болады. Бірақ осындай түсініктердің қажеттілігі Құдайдың бар болуымен немесе жоқ болуымен байланысты. Ендеше, меніңше, осы ұлы алғашқы бастау туралы терең барлаудан бастау керек.
Осы жерде қандай да болмасын сезімталдық пен барлық наным-сенімдерден аулақтап, шын көңілден Құдай бар ма, әлде жоқ па дегенге біздің зердеміз не айтатынын барынша адалдықпен қарастырып көрейік.
Ең алдымен мен Құдай-жаратушы туралы ешқандай түсінігі жоқ адамдардың бар екенін байқадым. Ондай адамдар шын мәнінде - варварлар және олар өте аз. Бірақ олар сонда да адамдар, және егер Құдайды тану адам үшін қажеттілік болса, готтентот-жабайылардың жоғары жаратушы туралы біз сияқты соншалықты жоғары идеясы болар еді.
Тіпті, өркениетті халықтардың ішінде әуелден бастап қандай да бір Құдай туралы идеясы бар бала болмайды. Балалардың миына бұл идеяны қиындықпен құяды; көп жағдайда олар өмір бойы Құдай деген сөзді ешқандай белгілі бір ұғыммен байланыстырмай-ақ айтып өтеді. Яғни, сіздер Құдай туралы идея адамдар арасында олардың діндері мен заңдары сияқты әртүрлі екенін көре аласыздар. Сондықтан да болар, мен мынадай ойға келдім: бізді жаратушы, қорғаушы, біздің абсолют, Құдай туралы таным адамға оған мұрын мен бес саусақ сияқты қажет болуы мүмкін бе? Барлық адамдар мұрынмен және бес саусақпен өмірге келеді, бірақ олардың бірде-біреуі Құдай туралы біліммен келмейді. Бұл күмәнді ме, жоқ па - бірақ бұл шын мәнінде адамның жай-күйі.
Уақыт өте келе біз Құдайды тануға математикалық ұғымдар мен кейбір метафизикалық идеяларды игеретініміз сияқты жете аламыз ба, соны қарастырайық. Осындай маңызды зерттеуде біз ие немесе жоқ деп айтылатын нәрселердің бәрін саралап алып, біздің түсінігімізге барынша сай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz