Мектеп тобы


Мақсаты
Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру.
деңгейлік курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, мастер-кластар жүргізу.
ІІ. Теориялық бөлім:
бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.
ІІІ. Практикалық бөлім:
Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.
Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»
Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»
Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»
Мектеп тобы: «Мектеп - кеме, білім - теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»
Шеберлік сынып тақырыбы: «Жаңа білімге заманауи көзқарас»/1-слайд/
І. Кіріспе немесе жұмысқа бейімдеу, танысу бөлімі:
-сәлемдесу
Құрметті әріптестер! Сіздерді алда келе жатқан айтулы мерекелермен құттықтаймын! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын.
-танысу
Барлығықтарыңызды ортаға шақырамын, дөңгеленіп тұрамыз. Әр мұғалім өз атын айтады, атының бас әріпіне байланысты сөзтіркесін айтады, қалғандары өз алдындағы адам туралы ақпаратты қайталап, өзі туралы ақпарат береді.
Мысалы: Менің атым -Күлтай. Мен кереметтің кереметін ұнатамын.
ІІ. Теориялық бөлім:
«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» -ой салу, әріптестердің жауабын күту. /2-слайд/
«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату/3-слайд/
«Әлем өзгереді -біз де өзгереміз»/4-слайд/
Қaй елді, қай кезеңді алып қaрамасақ та бірінші орында білім бeрутұрaды. Сeбебі, халықтың білімділігі сол eлдің даму деңгейінің шынaйы көрсеткіші болып табылады. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлeмдік білім беру жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Әлемдік білім берy жүйесі өмір ағымы мен бүгінгі таң сұранысына байланысты күн сaнaп өзгеруде. Ал біздің жaсмeмлекетіміздің білім бeружүйeсі де өзгeріс мен жаңалықтарды талaпeтуде. Негe десеңіз, біздің оқушылaрымыз басқа елдің оқушыларымен салыстырғанда білімі жағынан еш кeнжелігіжoқ. Бірақ, сол білімді қолдану аясына келетін болсақ, оқушылар алған білімдерінің іске асуын, өмірде қaжеттілікке жұмсалатын сәттерін анықтай алмай, ауыр жүкті босқа арқaлауда. Мектепте алған білімдерінің елеулі бөлігінің өмірде қажеті шамалы. Бұл олқылықтaрды жою үшін оқушылар алғaн білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оны тиімді және орынды жерде қолдана білуге үйрeтуге біз мұғалімдер қауімі басты назар аударуымыз керек. Осыған бaйланысты оқушының жеке даралығын да естен шығармау керек
Әлем елдерінің білім беру жүйесін талдай келе көп мәселелер анық болды. Білім беру жүйесін реформалау бүгінгі күні қалыпты және қажетті өзгеріс. Ғылым мен техниканың дамуы, бүгінгі күнгі өскелең ұрпақтың сұранысы ағымнан кеш қалмау мақсатын көздейді. Ендеше Қазақстанның білім беру жүйесі өзгеріссіз қалмауы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан болар, әлемдегі қарқынды өзгерістер, мектепті де, мұғалімдер мен оқушыларды да жаңалыққа тартады. Бүгінгі мұғалімнің мақсаты -оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осы басты мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан білім беру жүйесіне де өзгеріс енгізілу үстінде.
Сингапур, Жапон, Финлиядия елдерінің білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген реформаларын зерттей келе біздің елімізде де білім жүйесі әлем елдерінің озық білім беру тәжірибесін өзіне оңтайлы үлгі ретінде алып елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Біздің орта мектепте білім алуда жақсы көрсеткіш көрсеткен оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, бірақ білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмай жататыны белгілі. Сонымен қатар, алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ, әсіресе ҰБТ-да өз білімдерін дәлелдей алмай жататындары да көп. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар мен білім маңызын қайта қарауды қажет етті. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр.
Соңғы кезде біздің елімізде де көп тілділікке терең көңіл бөлініп отыр. Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. Былтырғы 2013-2014 оқу жылынан бастап барлық мектептерде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап енгізілді. E-learning электрондық оқыту саласы соңғы жылдары Қазақстан мектептеріне енгізіліп, өзінің оң жақсы нәтижесін беріп отыр. Қай саланы алмасақ та, білім алушылар үшін қашықтықтан оқу өте ыңғайлы және қажет.
Білім саласында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық қарым - қатынас құзіреттілік желілерге шығу керек. Елбасы халыққа жолдауында дамыған елдердің қатарына ену үшін біріншіден, білім қажет екенін атап көрсетті. Қазақстан бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, білімді ұрпақ қажет. [4] Қолданып жүрген білім жүйесіндегі білім матералдарын игеруде ауқымды ақпарат көп болғандықтан меңгеру үлкен қиындық туғызады. Сондықтан оқушылардың білім сапасы біршама төмендеп, икемді дамуына тиімсіз болып, денсаулыққа кері әсері бар екені анықталды. Осы өзекті мәселені уақытылы шешу -мемлекетіміздің басты міндеті - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып табылады. Он екі жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін -өзі белсенді етуге әзір, жаңаша өмір сүруге бейімделген шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.
Жақсы бастама деп Н. Ә. Назарбаев зияткерлік мектептердің ашылуын атап өткім келеді. Бірақ мұндай мүмкіндігі мол мектептерден білім алуға көп оқушы қол жеткізе бермейді. Әсіресе алыс ауыл-аймақтардағы балалардың қолы жетпейді. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептерде білім беру мазмұнын жаңғыртатын өзгерістер қажет деп ойлаймын. Осы өзгерістер басталып та кетті. Алғашқы оң қадамдар сәтті жасалуда. Қазақстанның бүгінгі таңда қабылдаған білім беру реформасының алдына қойған мақсаты -білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік -экономикалық ортаға бейімдеу. Білім берудің дамуы еліміздің өркендеуіне негіз болады.
Сол себепті білім беру саясатын жетілдіру мақсатын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» дер кезінде қабылданды. Бағдарлама бірімен бірі тығыз байланысқан шаралар мен істер кешені болып табылады.
Білім беруді жетілдіру -бүгінгі таңда оқу және тәрбие поцесін оқушылардың адамгершілік нормаларын, рухани дамуын, жан - жақты қалыптасуына бағытталған.
Оқыту саласына енгізілген жаңалықтардың бірі және елеулісі Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру бағдарламасы көздеген деңгейлік курстары. Осы аталған курстардан мұғалімдер сәтті өтіп жатыр. Бұл курстарда мұғалімдер білім берудегі заманауи тәсілдерді иегріп, оның ерекшеліктерін терең түсінуде. Ал осы деңгейлік курстарының үшінші деңгейін игерген мұғалімдер саны беске жетті. Осы мұғалімдер өз сабақтарында оқушылардың жас ерекшеліктерін, дарынды және талантты балалармен жұмыс істеу ерекшеліктерін қоса алғанда, қалай оқу керектігін үйретуді жүзеге асыруда. Олардың негізгі мақсаттары сапалы және тиімді оқыту. Сонымен қатар дамыған елдердің тәжірибесінен өзінің жұмысына тиімді деп саналатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz