Алтын Орда трилогиясының поэтикасын анықтауды мақсат еттік


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ӘОЖ Қолжазба құқығында
РЕФЕРАТ
ілияс ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «аЛТЫН ОРДА» ТРИЛОГИЯСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
7М02301 - «Филология: қазақ» мамандығы бойынша филология ғылымдары магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
Магистрант Өмірбаев Р.
(қолы)
Павлодар
2022
Жұмыс «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Филология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: Филология ғылымдарының кандидаты,
профессор Муталиева Р. М.
Ресми оппонент:
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты ???
Диссертация 2022 жылдың «__» маусымында сағат 10. 00-да «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 7М02301 - «Филология: қазақ» мамандығы бойынша филология ғылымдары магистрі дәрежесін беру жөніндегі мемлекеттік комиссия мәжілісінде Торайғыров университеті ғимаратында қорғалады.
Рефератпен «Торайғыров университеті» КЕАҚ кітапханасында танысуға болады.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының хатшысы Жуманбаева Р. О.
Мазмұны
КІРІСПЕ 5-9
1 І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛТЫН ОРДА» ТРИЛОГИЯСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ 10-18
1. 1 Қазақ тарихына дейінгі ел шежіресі 10-14
1. 2 «Алтын Орда»: тақырыптық-идеялық сипаттары 14-18
2 ЕРКІН ЕЛДЕН БОДАНДЫҚҚА 19-28
2. 1 Романдағы кейіпкер бейнесін ашудағы көркем поэтика 19-24 2. 2 «Алтын орда» - азаттық пен бостандық күресінің көркем суреттері 24-27
ҚОРЫТЫНДЫ 28-30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31-32
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистрлік жұмыс Ілияс Есенберлиннің «Алтын орда» трилогиясының поэтикасына арналған. Ілияс Есенберлиннің шығармаларына арналған зерттеулер жазушы шығармаларының ел тарихының қайнар көзі екендігін айрықша атап өтеді. Сондықтан да біз магистрлік жұмыста «Алтын Орда» трилогиясының поэтикасын анықтауды мақсат еттік. Магистрлік жұмыста қазақ тарихы кезеңінен, Қазақ хандығы дәуіріне дейінгі кезеңдегі ел тарихының көркем жазылуы туралы зерттеу жасалды. Шығарманың тақырыптық-идеялық сипаттары талданды. Тақырыпты ашу мен идеяны берудегі тұтас поэтикалық құралдар қолданысы қарастырылды.
Романдағы кейіпкер бейнесін ашудағы көркем поэтиканың қолданыстары Бату, Берке көркем образдары арқылы көрсетілді. «Алтын орда» - азаттық пен бостандық күресінің көркем суреттері. Сондықтан да романдағы поэтикалық құралдар ретінде тарихи жағдайдың көркем мазмұнға айналуындағы жазушы шеберлігі де зерттелді. Тақырыптың өзектілігі. Магистрлік жұмыс тақырыбы ел тарихының нақты хронологиялық кезеңдерін сақтай отырып суреттелгендіктен де, шығарманың поэтикасын талдаудың қазіргі кезең үшін қажеттлігін келесі үлгіде көрсеткіміз келеді. 1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін «Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» [1] деген мемлекеттік бағдарламалар қабылдады. Бұл бағдарламалар қазақ даласының бай мәдени мұрасын, рухани әлемін, терең тарихын жарыққа шығару, бұған дейін айтылмай қалған халық мұраларын насихаттауды мақсат етті. Ел тарихына қатысты бағдарламалардың бірі - «Ұлы даланың 7 қырында»: «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуы тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды» [1] . Қазақ тарихының бай мұрасы - әдебиетте. Сондықтан көркем әдебиеттегі тарихи шығармалар арқылы ел тарихын білу, оны насихаттаудың маңызы зор. 2. Қазіргі жаһандық өзгерістер мен даму ұлттық бірегейлікті сақтау, елдік негізді ұстану бағыттарын тұғыр етеді. Бұл тұста біз тарихи шығармалардағы ел суреттерін, көркем бейнелерін бүгінгі күнмен сабақтастырудың айрықша мәніне көңіл аударуымыз керек. 3. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдерде халық тарихына қатысты тарихи деректер, ақпараттар, көркем шығармалар мол жазылды. Осы шығармалар мен деректердің, ақпараттардың алғашқы негіздерінің бірі Ілияс Есенберлин шығармалары. Жазушы шығармаларының поэтикасын зерттеу арқылы біз ел тарихын суреттеудегі тәсілдер мен деректердің, ақпараттар мен көркемдіктің сабақтастық әдістерін үйренеміз. Осы тұрғыдан да, шығарманың маңызы зор. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қаламгер шығармашылығындағы тарихи тақырып «Қатерлы өткелден» басталса, кейіннен 1969 жылы «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш» жазылды. Қазақ тарихының арғы кезеңдері Шыңғыс хан дүниеден озып, ұлдарына еншіге берген жерден құрған мемлекеттер тарихы туралы көркем шығармасы «Алтын Орда» болып жазылды. Тарихи тақырыпқа жазылған шығармлар қазақ халқы үшін қай кезеңде де қадірлі. Ел тарихы ғылыми деректер мен ақпараттарға бағынып, хронологиялық жағынан жүйеленіп зерттелгенімен де, талай уақыттар жарыққа шыға алмады. Халық тарихы ғылыми еңбек болып емес, алғашқыда көркем шығарма болып елге тарады. Ұлтымыздың сан ғасырлық тарихын жүйелеген жазушылардың алдыңғы қатарында - Ілияс Есенберлин бар. «Тарихи роман үшін түрлі-түрлі оқиғалардың ізіне түсіп алып шаба беру аздық етпек. Айнаға түскен шындық хақында ой түйіндеу шарт. Ол ойың елдің бүгінгі һәм болашақ мүддесімен ұштасып жатуы тиіс. Есенберлиннің жаңа трилогиясының бір жақсы жері - осы дәстүрге беріктігі. Шабыттана еңбектенген жазушының қаламынан енді ғана жаңа қарымды роман «Алтын Орда» трилогиясы (Бірінші кітап 1982, екі кітабы қосылып 1983) туды. Шығармасының денін ұлт азаттығы, тәуелсіздігі идеясымен ұрықтандырған жазушы бұл жолы да өзі белгілеп алған осы күрес жолынан танбады» [3, 368] . Жазушының тарихи тақырыптарға баруын «40-50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті» кітабының авторлары 1967 жылғы «Қатерлі өткел» романымен байланыстырады. Жазушының «Қатерлі өткел» романындағы кейіпкер бейнесінің поэтикалық шебер үлгісі мен шығарманың көркем кестелері мен өрнектері кейінгі ел тарихына арналған туындылардың бастамасы болды деген пікірді айтады [4, 162] . І. Есенберлиннің тарихи романдарын зер салып оқп, мұқият зерделемей қазақ халқының ғасырлық тарихын талдау мен ұғу мүмкін еместігін жазушы Ә. Әлімжанов айтады [5, 45] . Қ. Алпысбаев «Тарихи шығарма: Таным мен көркемдік» деп аталатын еңбегінде қаламгер шығармаларының тарихыилығын талдай келіп, оны ұлт рухын тірілткен шығарма деп бағалайды [6, 102] . Ә. Кекілбаев «Алтын Орда», «Көшпенділер» романдарын тарихи хроника деп бағаласа, тарихи романдарды талдаған ғалым Р. Бердібаев жазушының тарихи терең меңгерген шеберлігін, тарихи жағдайға қарай оқиға мен қоғамды көре білген суретші, тарихи деректерді поэтикалық қуатпен бейнелейтін қаламгер деп бағалайды [7, 130] . Жазушы Ілияс Есенберлиннің романдарының қазақ әдебиеті мен руханиятындағы орны өзгеше. Бұл туралы қазақ романдары туралы зерттеулер жасаған Т. Сыдықов [8], Ж. Дәдебаев [9], М. Хамзин [10], Ә. Тарақов [11] зерттеулерінде де айтылады. Тарихи романдарды зерттеушілер шығарманың тарихилығы мен оның кейінгі қоғамдармен сабақтастығын бірге алады. Соның ішінде қазақ тарихындағы деректердің көпшілігі орыс, араб және Еуропа кітапханалары мен мұрағаттарында сақталған. Ал халық ішіндегі деректер мен ақпараттар ауызша әдеби нұсқаларда екені белгілі. Сондықтан да бұны халық ауыз әдебиетіндегі үлгілерді тарихи, ғылыми деректермен салыстрыу және оны сәйкестендіру сияқты көптеген жаңа зерделеулер қажеттігін айтады. «Алтын Орда» трилогиясына дейін қазақ халқы тарихында аталған кезең туралы жинақталған, бір ізге түскен нақты деректер мен дәлелді ақпараттар жоқ болатын. Тек жеке-жеке аңыздар мен көркем үлгілер, тарихи деректер кездесетін. «Алтын Орда кеңестік кезеңде қалай зерттелді?» деген мақаласында зерттеуші Ж. Сәбитов Алтын Орда романына дейінгі аралықта зерттеулерді 1930-жылдардағы С. Асфандияровқа дейін бір қарастырса, кейінгі жаңа жолдың ашылуын Б. Греков, А. Якубовскийлердің зерттеулерінің ықпалы болғандығын, осының әсерімен Алтын Орда билеушілерінің бірі Едіге батыр туралы жырлардың жарыққа шығуымен байланыстырады. Қ. Жұмалиевтің пьесасын, С. Мұқановтың зерттеулерін, Ә. Марғұлан монографиясын атайды [12] . 1983 жылы «Материалы по истории казахских ханств XV- XVIII веков. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) » деп аталатын еңбегінің негізгі редакторы, құрастырушыларының бірі В. Юдиннің өлімі бұл тақырыпқа барудың қаншалықты қауіпті екендігін де көрсетеді [12, 4-8] . Кеңестік кезеңде Алтын Орда тарихын жазудың саяси, тарихи басқа да себептеріне қарамастан, І. Есенберлин үш томдық еңбекті жазып шығады. Біз «Алтын Орда» трилогиясының қазақ әдебиеттану ғылымындағы зерттелуіне, поэтикалық сипаттарына назар сала отырып, магистрлік жұмыстың мақсат-міндеттерін белгіледік. Магистрлік жұмыстың мақсаты - жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи трилогиясының поэтикалық ерекшлеіктерін, көркемдік белгілерін анықтау. Міндеттері: - І. Есенберлиннің «Алтын орда» трилогиясын қазақ қоғамындағы, еркіндікке ұмтылудың алды, тәуелсіздік идеясының жаршысы болған көркем ой негізі ретінде талдау жасау;
- ұлттың ұйысып, жеке мемлекет құруына дейінгі тарихын суреттеген көркем шығарманың поэтикалық сипаттарын ел шежіресінің әдеби үлгісі ретіндегі белгілерін көрсету;
- «Алтын Орда» трилогиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері мен поэтика құрылымының негізі мазмұнды берудегі көркемдік тәсілдерін айқындау;
- жазушы суреттеуіндегі еркін елдің, өзгеге ықпалын жүргізіп отырған алып мемлекеттің бодандыққа бет алуын суреттеудегі фабула желістері мен көркем әдіс-тәсілдерін ашу;
- романдағы кейіпкер бейнесін ашудағы жазушы қолданатын көркем поэтикалық ерекшеліктерге талдау жасау; - «Алтын орда» трилогиясының азаттық пен бостандық күресінің көркем суреттерін ашу, ел тарихының хроникасын дерек, ақпараттрмен сабақтастырудағы поэтикалық тәсілдерін анықтау.
Магистрлік жұмыстың нысаны. Қазақ әдебиетінің тарихы. Магистрлік жұмыстың пәні. Қазіргі кезең әдебиеті (60-90 жы. ж. ) Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Магистрлік жұмысты жазу кезінде тарихи талдау, салыстыру, әдеби талдау, материалдарды сұрыптау, іріктеу әдіс-тәсілдері қолданылды. Зерттеудің тірек көздері.
1. Әдебиет поэтикасы туралы зерттеулер. 2. І. Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясы, тарихи тақырыпқа жазылған шығармалары туралы зерттеулер. Магистрлік жұмыстың жаңалығы. Тарихи шығарманың көркемдік сипаттары, поэтикалық мәні, І. Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясы туралы зерттеулердің жинақталуы магистрлік жұмыстың жаңалығы болып есептеледі. Магистрлік жұмыстың теориялық-тәжірибелік мәні.
1. Магистрлік жұмыс қорытындыларын «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті пәні бойынша пайдалануға болады. 2. Студенттердің өздік жұмыс тапсырмаларына, тәжірибелік жұмыс тапсырмаларына пайдалануға жарамды. 3. «Поэтика, шығармаға поэтикалық талдау» тақырыбы бойынша «Әдебиетке кіріспе», «Әдебиеттану теориясы» пәндерінде қолдануға болады. 4. І. Есенберлин шығармашылық лабораториясына қатысты деректер мен ақпараттар үшін қолдануға жарамды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. 1. Жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи трилогиясының поэтикалық ерекшлеіктерін, көркемдік белгілері анықталады. 2. І. Есенберлиннің «Алтын орда» трилогиясына қазақ қоғамындағы, еркіндікке ұмтылудың алды, тәуелсіздік идеясының жаршысы болған көркем ой негізі ретінде талдау жасалады.
3. Ұлттың ұйысып, жеке мемлекет құруына дейінгі тарихын суреттеген көркем шығарманың поэтикалық сипаттарын көрсететін, ел шежіресінің әдеби үлгісін беретін туынды ретіндегі «Алтын Орда» трилогиясының белгілері көрсетіледі.
4. «Алтын Орда» трилогиясының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері мен поэтика құрылымының негізі мазмұнды берудегі көркемдік тәсілдері айқындалады.
5. Жазушы суреттеуіндегі еркін елдің, өзгеге ықпалын жүргізіп отырған алып мемлекеттің бодандыққа бет алуын суреттеудегі фабула желістері мен көркем әдіс-тәсілдері ашылады.
6. Романдағы кейіпкер бейнесін ашудағы жазушы қолданатын көркем поэтикалық ерекшеліктерге талдау жасалады. 7. «Алтын орда» трилогиясының азаттық пен бостандық күресінің көркем суреттерін ашу, ел тарихының хроникасын дерек, ақпараттармен сабақтастырудағы поэтикалық тәсілдері анықталады.
Жұмыстың құрылымы. Магистрлік жұмыс ғылыми негіздерін белгілейтін кіріспеден, мазмұны ашылған екі негізгі бөлімнен, әр бөлім екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛТЫН ОРДА» ТРИЛОГИЯСЫ - ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ
1. 1 Қазақ тарихына дейінгі ел шежіресі
Қазіргі жаһандану заманы әдебиеттану ғылымына жаңа көзқарас, тың пайымдауларды қажет етеді. Бұл өзгерістер ғылыми жаңаша әдіс-тәсілдерді гуманитарлық ғылымдарда қолдана отырып, әдебиеттің қоғамдағы орнын, басты сипаттарын күшейту мұратынан туындайтыны белгілі. Сондықтан да әдебиеттану ғылымы жалпы өнер туындысы ретінде ғана емес, қоғамдық қызметті жүзеге асырушы ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда кейінгі кездері қазақ әдебиеттану ғылымында да сөз өнерін қолданбалы ғылымдар қатарында зерттеуге деген талпыныстармен өлшеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда әдебиеттегі поэтика мәселесі назарға алынады. Поэтика зерттеу нысаны ретінде ерте антика дәуірінен бастау алады. Аристотель поэтиканың басты сипаттарын белгілейді. Ароистотельдің поэтикасы жалпы сөз өнерін тек пен түрге бөледі. Осы арқылы жалпы шығарма мазмұнынан түсінік пен танымды анықтайды [1] . Аристотель поэтика негізі ырғақ пен үйлесім деп есептейді. Ал ырғақ пен үйлесім поэзиялық шығармаға тән деп есептеледі. Әрі поэзияға драма мен эпосты да қосады. Себібі ежелгі дүниеде көркемдік поэтика үшін сөздердің үйлесімі мен үндесуі, ұйқасуы да шарт болатын. Ежелгі грек данышпаны сөз өнеріндегі поэтиканың негізі поэзиядағы (поэзия деп драма мен эпосты қоса алады) үйлесім мен ырғақ деп белгілейді. Еске алар тағы бір жайлардың бірі Аристотель ойының қазақ өнері жайындағы бағалы оймен сабақтастығында. Аристотель сөз өнерінің поэтикасы үшін бастысы шығарманыңы мазмұны мен көркем кейіпкерді және идеяны алады. Бұл ретте, Аристотель оны келесі үлгіде жіктейді. 1. Шығарманың негізі - фабула. 2. Көркем бейне, көркем образ немеес характер. 3. Шығармадағы негізгі ой. Идея [14] . Аристотель поэтиканың негізгі белгілері деп осы шарттарды алады. Сондықтан да көркем шығармадағы поэтикалық белгілерді анықтауда негізгі тірек сипаттар қазіргі дейін сақталған. Шығарманың көркемдігі немеес поэтикалық құндылығы - туындының мазмұнына, көркем бейнелеріне және идеяның берілуіне байланысты. Көркем шығармадағы мазмұны туындының негізнгі тұғыры. Яғни шығарманыың мазмұны арқылы оның алғашқы белгісі анықталады. Оқиғалардың мазмұны терең, оқырман үшін қажет, қоғаммен сабақтаса байланысып, нақты суреттер көңіл иірімдерімен байланыса алса, поэтиканыңы бірінші шарты орындалғаны. Сонымен бірге шығармадағы басты сипат - көркем кейіпкер бейнесінің ашылуы. Жазушының поэтикасын көркем кейіпкердің мінезінің ашылуы да анықтайды. Аристотель әдебиеттің адамзат игілігіне қызмет етуін негізгі етіп қойды, ал Платон әдебиеттің ғаламдық құндылығына назар салды деген пікірді М. Райан айтады [15, 18] . Қазақ ғылымында әдебиеттанудың теориялық негізін жасаушы А. Байтұрсынов үшін поэтика қисын [16, 326] деп алынады. Қисын - қоғамның барлық тараптарының мазмұны мен құрылымының үйлесімінің табылуы. Шығарма поэтикасы - оның қисынының келуі. Ұлы Абайдың өзі: «Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын Пайғамбар мен оны Алласы» - деген өлең жолдарында қисын дегеннің өзі мазмұн мен ойдың үйлесімі деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz