Жапсыруды балаларға қолданбалы өнер материалдары арқылы үйретудің ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

Мектепке дейінгі бөлім Мектепке дейінгі және шығармашылык пәндер бірлестігі

Икрамова Қызғалдақ Болатқызы

ЖАПСЫРУҒА ҚАЖЕТТІ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕТУ

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекшісі:
Р.С.Жанатай
Мектепке дейінгі
білім беру пәнінің оқытушысы

Астана, 2025 ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТЕОРИЯСЫ. 6
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері әрекеті арқылы шығармашылығын дамыту. 6
1.2. Жапсыру әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттері. 8
1.3. Балабақшадағы балаларды дамыту және бейнелеу іс-әрекетінің түрлері 11
1.4. Жапсыруды балаларға қолданбалы өнер материалдары арқылы үйретудің ерекшеліктері. 12
2. БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАПСЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР МАТЕРИАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ. 15
2.1. Әр түрлі жастағы балаларды қолданбалы өнер материалдарын пайдалана отырып, жапсыруға үйретудің оқу бағдарламасының мазмұны мен міндеттері. 15
2.2. Тәрбиешінің қолданбалы өнер материалдарын пайдаланып, ересек топ балаларымен жапсыру сабақтарын өткізу әдістері. 20
2.3.Тәжірибелік практика 29
Қорытынды. 32
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 34

.

КІРІСПЕ
Елімізде қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісі маңызды орын алуда. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту мектепке дейінгі кезеңнен басталуы тиіс. Осы тұрғыда бейнелеу өнерінің атқаратын рөлі зор. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру екені атап көрсетілген.
Сондықтан мектепке дейінгі кезеңнен бастап шығармашылық тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері мен еңбекке баулу маңызды орын алады. Балалар сурет салу, мүсіндеу және жапсыру арқылы қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеді, заттарды бейнелеу дағдыларын меңгереді, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытады. Көркемдік шығармашылық - баланың эмоциялық күйін реттеуге, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнеріне ерекше мән беру қажет.
Балалар сурет салу, қию, желімдеу барысында жаңашылдыққа ұмтылады. Олар кәсіби суретшілердей жұмыс істемесе де, мектепке дейінгі жаста өз ойларын бейнелеу арқылы жеткізудің әртүрлі тәсілдерін игереді. Бұл олардың жеке тұлға ретінде дамуына, шығармашылық тәжірибе жинақтауына негіз болады.
Бейнелеу шығармашылығы - баланың қоршаған ортаны бейнелі түрде суреттеуі, мүсіндеуі және құрастыруы. Баланы қоршаған ортадағы құбылыстармен таныстыру оның таным көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытудың негізгі алғышарты болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды бақылауға, қарауға үйрету, олардың назарын нақты объектілерге аударту маңызды. Мысалы, ағаштың суретін салу үшін оның құрылымын, бөліктерін ажыратып, маусымдық өзгерістерін байқау қажет.
Балалардың шығармашылығының алғашқы белгісі - оларды заттар мен құбылыстардың негізгі пішіндерімен, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Бұл дағды сурет салу, мүсіндеу және жапсыруда әртүрлі тәсілдерді қолдануға көмектеседі. Балалар заттарды бейнелеуде еркіндікке ие болып, өз ойларын сызықтар мен түстер арқылы жеткізуге үйренеді. Мысалы, бала құстың аузын ашық бейнелесе, оны ән айтып тұр деп түсінеді. Осылайша, бейнелеу әрекеті баланың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту - қазіргі заманғы педагогикадағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл кезеңде балалардың қоршаған ортаны тануы, қиялы мен эстетикалық көзқарастары қалыптасады. Бейнелеу өнері арқылы балалар тек сұлулықты көруге ғана емес, оны өз қолдарымен жасауға да үйренеді. Оның ішінде жапсыру және мүсіндеу сияқты шығармашылық әдістер баланың ұсақ моторикасын дамытып, қиялын, ойлау қабілетін және эстетикалық талғамын арттырады. Жапсыру (лат. аррlісаtio -- үстіне қою, салу) -- негізгі фонға декоративтік пемесе тақырыптық формалардағы қиындыларды жапсыру арқылы әр түрлі заттарды (киім, мебель, ыдыс-аяқ т. с. с.) көркем безендіру үшін қолданылатын қолөнерініқ бір түрі.
Жапсырудың өзгешелігі оның бейнелеу сипатына, сондай-ақ орындалу техникасына, байланысты.
Сурет, живопись сияқты бейнелеу өнерінің түрлеріне қарағанда апплкациялық бейнелер бірыңғай шартты суреттерге құралады. Жапсыруға ешқандай детальдарсыз жалпылама формалар тән. Көбіне дақсыз бір түсті бояулар қолданылады, сонымен бірге бір түс екінші түстен өзгеше ерекшеленеді.
Жапсыруды орындау процесі екі кезеңнен тұрады: жеке формаларды кесу және оларды негізгі фонға жапсыру.
Жапсыру көркем безендіру құралы сияқты ерекше декоративтік тиімділігін тудырады. Кесілген формалар кейде әр түрлі үй-жай орындарын безендіруге қолданылады (мысалы, қағаз салфеткалар мен шілтерлер сөрелерді безендіруге, ал, әр түрлі түсті қиындыларды терезе әйнектеріне жапсырып, мерекелік безендіруге қолданылады).
Мата, жүн және теріден кесілген жапсырулық қиындылар киімдерді сәндеуге, паннолар жасауға қолданылады.
Кейде кесілген бөлшектер фонға толық жапсырылмайды, сондықтан, жапсыру жарым-жартылай аумақты болып шығады. Мысалы, тек гүл жапырақшаларын ғана ортаға жапсырып, олардың соңғы ұштары негізгі түстен қалып қояды. Бұл бейнеге үлкен мәнерлілік береді.
Жапсырудың орындалуы қарапайым әрі оңай болғандықтан оны балалар творчествосы үшін қолдану өте қолайлы. Балалардың белгілі бір түстерге боялған дайын формаларды қолдануларына, сондай-ақ ою-өрнек элементтерін, сюжеттік бейнелер т. с. с. кесу арқылы композициялар құруларына болады. Сонымен, жапсырумен айналысу бір жағынан, бейнелеудің шеберлігі мен дағдының қалыптасуына, екінші жағынан творчестволық қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды жапсыру өнеріне үйрету, жапсыруға арналған материалдар мен құралдарды іріктеуге үйретудің жолдары. Ересек топ балаларын жапсыруға үйретуде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдалану.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің түрлері
- Әр топтағы балаларды сәндік қолданбалы өнер материалдары негізінде жапсыруға үйретудің бағдарламалық мазмұнын ашу және талдау.
- Тәрбиешінің сәндік қолданбалы өнер материалдары арқылы ересек топ балаларын жапсыру сабақтарын ұйымдастыру әдістерінің мәнін ашу.
Зерттеу объектісі: Балабақшадағы оқу-тәрбие процессі.
Зерттеу әдістері: Ғылыми педагогикалық әдебиеттерді сараптау, талдау, бақылау, тиімді тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТЕОРИЯСЫ.
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері әрекеті арқылы шығармашылығын дамыту.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екінші белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты. Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.
Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі кезенде шығармашыл тұлғаны қараудағы басты резервтердің бірі - әр түрлі көркем шығармашылық әрекеттердегі шығармашылықтар, олар:
- сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;
- коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика, оригами, макет жасау.
Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым, тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т.б. қызмет етеді. Балалар өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін, қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ - домалақ, қатты, қоңыр т.б. Біздің бала-бақша Қарлығаш бағдарламасымен жұмыс істейміз. Қарлығаш бағдарламасында ермексаз, саусақ далап, жіп, балауызбен және т,б, сурет салу қарастырылған. Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Мысалы: Сия тамшысы графикасы техникасында сурет салу балаларға түрлі дақты құс, ақ балыққа айналдыру, олар жайында сюжет ойластыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деғен рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.
1.2. Жапсыру әрекеттерінің мақсаттары мен міндеттері.
Аппликация. Сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттарды, сәндік панноларды дайындауда қолданатын кестелеудің бір түрі.
Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалға, фонға бекіту. Аппликация- әр түрлі материалдан дайындалған көркем шығарма. Материалдың қасиеттері аппликацияның орындалу техникасына әсерін тигізеді. Мысалы: қағаз, сабын, кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса, ал маталар, тері, киіз әдіптеп тігіледі.
Аппликация- тек безендіру жұмыстарында ғана емес, панно, өрнек, картиналар жасауда да қолданылады.
Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ, ол ертеден әр түрлі халықтарда қолданылып келе жатқан киім, аяқ киім, тұрмыстық заттарды, үйді сәндеудің ежелгі тәсілі.
Қазақтар көбінесе аппликацияны киізден жасалатын, сырмақ, түскиіздерде қолданып, онымен киіз үйді сәндеген, жұмсақ былғары етіктер мен ер тұрмандарды әшекейлеген. Солтүстіктің тұрғындары теріден дайындалған киімдерді былғарымен, орыстар матадан дайындалған аппликацияны қолданған.
Пазырлық қорғанның қазбаларында (ІІ-ІІІ ғ.б.з.д.) табылған аппликация түрлері бұған дәлел бола алады. Тайпа басшыларының мазарынан сүйегімен бірге металдан, киізден, былғарыдан, ағаштан жасалған заттар табылған. Тері бөлшектерінен тігілген жалаулардағы аппликацияда бұғылардың басы көркем тігістің үлгісі болып табылады. Ағаш үйлерді киіз баулармен әсемдеген, бауларда түрлі-түсті аппликация тігілген. Аппликация тек Азияда ғана емес, Еуропа елдерінде - Италия, Испания, Германия, Францияда өркендеген. ХҮІ ғасырда Италия мен Испанияның шіркеу киімдерінде аппликация туындыларын қолдана бастайды. Бұл кезде өрнектердің қайталануы және түстер контрастына көп көңіл бөлінді. Ең сәнді түстер: қызыл, сары, жасыл түстер болды.
Кейіннен матадан дайындалатын аппликацияның орнына қағаз аппликациялар шыға бастады. Бұл қағаз өндірісінің пайда болуына байланысты.
Аппликация- жапсыру. Аппликация- киімдерді немесе үй жиһаздарын сәндеп безендіру үшін қажет. Матаға мата, қағаз қиықтарынан өрнек жапсыру немесе желімдеу. Құрайтын мата немесе қағаз қалдықтары бір немесе бірнеше түсте болуы мүмкін. Құрақ тігетін немесе жапсыратын материалды алдымен крахмалдан өрнектеген жөн. Матаға немесе қағазға сурет өрнекті түсіріп, сонан соң бөлшектеп, кесіп алып құрайды, беттерін жөргемдеп немесе әдіптейді. Кейде суреттер мен өрнектер айқындалып тұру үшін мата қиығының астына жұқалап мата салады. Құрақ үй жиһаздарының алуан түріне қолданылады. Әдетте құрақ белгілі бір сюжетке, халық ою-өрнектері мен аңыз-ертегілеріне енгізіледі.
Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру іскерліктерін қалыптастыру және мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Міндеттері:
- үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету;
- балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету;
- заттардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.
- жапсыру техникасы дағдылары мен ептіліктерін дамыту.
Жапсыру әрекеттері арқылы алаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге және үлкендер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесуге үйретеді.
Заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру заңдылықтарымен танысады (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау), сонымен қатар әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың Қойдың ізі, Құс тұмсық, Құс қанаты ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйренеді.
Жапсыру әрекеттері арқылы қылқаламға желімді ұқыпты жағып алу, клеенканың үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамытады, қағаздың ерекшеліктерін нақтылайды. Қайшымен жұмыс жасау ережелерімен танысады.

1.3. Балабақшадағы балаларды дамыту және бейнелеу іс-әрекетінің түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалар жапсыру пішіндерін кесу және жапсыру сияқты барлық процестерін меңгереді. Бұл жұмыстың түрін игерудің дайындық жаттығулары -- мозаикамен ойнау болыи табылады. Оның көмегімен балалар дайын геометриялық формаларды қатарластырып қоюды, олардың ерекшеліктерімен, түстерімен танысады, орналасу әдістерін, ою-өрнектер жасау принциптерін үйренеді.
Жапсыру процесін игеруге жапсырусыз кесінділер кесу жұмыстары көмектеседі (балалар қағаз кесіп ойнау үшін билеттер, жалаушалар т. с. с. жасайды, қайшыны қолдануды үйренеді). Балабақшада жапсыру жұмыстарының дайын формаларын жапсыру (декоративті-геометриялық және өсімдік формаларынан, заттық -- жеке бөлшектер мен силуэттерден) мен кесу және формаларды жапсыру (жеке заттарды, сюжеттік, сәндік) сияқты түрлерін қолданады.
Мектеп жасына дейінгі балалар формалардың жеке бөлшектерін немесе силуэт түрлерін кесулеріне болады. Затты жеке бөлшектерден құрастыру олар үшін сурет салғандагы немесе мүсін жасаудағы коиструкциялық бейнелер сияқты оңайға түседі. Силуэттік кесу балалар үшін қиындау, себебі оларға әр уақытта заттың жалпы контуры мен оның жеке бөлшектері арасындағы пропорцияны салыстырып отырулары керек. Сондықтан, күрделі формаларды кесу программада тек мектепке даярлық топтары үшін қарастырылған.
Балалардың фантазиясын, қиялын, творчестволық қабілеттерін дамытуға жапсырудың үлкен мүмкіндіктері бар. Айталық, ою-өрнекті балалардың өздері кескен дайын геометриялық формалар болмасын, өсімдік формаларынан болмасын құрастыруларына болады. Сәндеу жұмыстарда дайын пішіндерді қолдану мектеп жасына дейінгі балалардың бар зейінін ою-өрнектегі элементтерді белгілі ырғақпен қайталап отыруға, үйлесімді, әдемі түстерді таба білуге бағыштауға мүмкіндік береді.
Жапсыру сабақтарында үйренген дағдыларын балалар басқа да әрекет түрлерінде, негізінен мысалы конструкция жұмысымен айналысқанда, көлеңке театрын дайындағанда, жарықпен сәндегенде, ёлка ойыншықтарында қолданады.
Жапсыру жұмыстары үшін әр түрлі сортты ақ және түсті қағаздар қолданылады. Фон үшін өте қалың қағаз -- ақ қағазды сурет салу альбомынан, түрлі түстілерін, стол бетіне төселетін қағаздардан, сондай-ақ жұқа картонды алуға болады. Оған жапсырылатын формаларды жұқа, ең дұрысы жылтыр қағаздардан кесу керек. Ол ашық түсті және қолмен ұстағанда жұмсақ болады, бұл әсіресе кішкентай жастағы балалармен жұмыс істегенде өте маңызды.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалар күңгірт түсті әр түрлі қағаздарды да қолданады. Егер түстің керекті түрі табылмаса, қағазды бояуға болады. Мұндай жұмысты барлық топ бойынша емес бірнеше баламен сабақтан тыс жүргізу керек.
Пішіндер сабаққа ықтиятпен дайындалып қойылуы керек. Геометриялық формалар бір-бірімен көлем жағынан дәл, сәйкес келулері керек, сонда олардан бірыңғай ою-өрнек жасауға мүмкіндік туады (мысалы, үшбұрыштың қабырғалары квадраттың немесе ромбының қабырғаларымен тең болулары керек).

1.4. Жапсыруды балаларға қолданбалы өнер материалдары арқылы үйретудің ерекшеліктері.
Кішкентайлар тобында заттарды жапсыру үшін силуэттік бейнелерді немесе заттың бөлшектерін дайындап алады. Естиярлар, ал кейде ересектер тобында сабақ жүргізу үшін қағазды алдын ала алға қойған тапсырмаға байланысты, белгілі бір көлемде кесіп қояды. Мысалы, үйшікті жапсыру үшін, оның қабырғаларын бейнелейтін дайын қағаздың кесіндісін береді, ал басқа түстегі қағаздан балалар үйдің төбесін өздері кеседі т. с. с. Мұндай дайындық жұмыстарды балаларды формаларды сақтауға, үйшіктің көлемі мен бөлшектерінің пропорциясын дұрыс сақтай білуге көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалар үшін әр түрлі түстердегі формалар қолданылады, өйткені бұл топтарда негізінен олардың өздері ойлап тапқан ойлары бойынша геометриялық пішіндерден декоративтік өрнектер құрастырып жапсырады, сондықтан оларда таңдап алуға керекті материалдар мол болуы шарт.
Түрлі түсті пішіндерді қолдану шығармашылық және өздігінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Балалар тапсырмаға байланысты өз қалауларымен керекті түстерді таңдап ала алатын болады. Сабақ үстінде балалардың өз беттерімен әдемі түстерді үйлестіріп құрастыру үшін түрлі түсті формалар мен қағаздарды таңдап, ала білудің маңызы ерекше.
Заттарды қырқып алар алдында әр балаға керекті қағаздар дайындалғаны жөн. Мектепке даярлық тобының балалары үшін барлық материал бір жерде жатуы керек.Барлық жағдайларда дайын формаларды жапсыру сияқты қырқу кезінде де тапсырманы орындауға керекті материалдар молырақ болуы тиіс.
Желімді картофель крахмалынан дайындайды, себебі, ол кепкен соң қағазда дақ қалдырмайды, ал жұмыстың түрінің таза сақталуы өте маңызды.
Сәбилердің қолына желімге арналған қылқалам беріледі, ал ересек топтың балаларына ұсақ детальдарды жапсыру үшін кейде қыл кистілер де беріледі.
Қайшылардың ықшамды, ұштары доғал болғаны және рычагтарын еркін қозғалтуға бала саусақтарының күші жететіндей болуы тиіс. Қырқып жасалатын пішіндердің дұрыс болып шығуы осыған байланысты.
Дайын пішіндер, қағаздар, қиындылар салынатын легеншелер мен жайпақ қорапшалар балалардың пайдалануына ыңғайлы болу үшін керегінше қойылады.Формаға желім жағуға керекті клеенка, шүберек пен қылқаламның астына қойғыш әр балаға жеке-жеке беріледі.Осы сияқты көптеген құралдар жұмыс кезінде столдың үсті ыбырсып кетпейтіндей етіп ретімен қойылуы керек. Сабақ басталғанда ең бірінші керекті материалдарды ғана қойып, сабақ барысында керексіздерін алып тастап, олардың орнына керекті жаңа заттар қойылады.
Стол үсті сабақ аяқталғанда жинақы, тап-тұйнақтай болу керек.
Сонымен, жапсыру жасау процесі көптеген материалдар мен құралдарды керек етеді, сондықтан оларды алдын ала дайындап алған жөн.
Жапсыру жасауды үйрету материалмен танысуды, әр түрлі формаларды кесу шеберлігін меңгеруді, оларды қағаз бетіне белгілі бір ретпен орналастыра білуді және образ бен сюжетке байланысты жапсыра алуды талап етеді.
Жапсыруды үйретудің негізгі міндеттері мыналар:
- геометриялық пішіндерді айыра алу, қалай аталатындығын білу (шеңбер, тік бұрыш, ұшбұрыш, ромб т. б.);
- негізгі және қосымша түстермен, олардың әр түрлі реңдерімен таныстыру, гармониялық үйлесімділікті құру шеберлігін игеру;
- көлем шамасы мен сандарды білу; үлкен, кіші пішіндер; бір пішін екінші пішіннен үлкен (кіші); бір, бірнеше көптеген пішіндер;
- композициялық іскерлікті дамыту; бірдей пішіндерді бір қатарға біркелкі етіп орналастыру немесе екі, бірнеше пішіндерді кезектестіре орналастыру; бейнені қағаздың пішініне байланысты -- жолақ бойына, квадрат, тік бұрыш, шеңбер аумағында құрастыру;
- заттың бейнесіи жеке-жеке бөлшектерден құрастыру, заттарды жапсырулық сюжетпен орналастыру.
Кесудің негізгі әдістерін игеру: а) қағазды тіке, қиғаш және көзбен жобалап кесу; б) екі және бірнеше қабатталған қағаздан жасалған симметриялық пішіндердің бұрыштарын доғалдап кесу арқылы дөңгелек пішіндер дайындау; в) симметрия емес - силуэттік және жеке бөліктерден - пішіндер кесу; г) сызық бойынша кесу; д) қағаздың бір бөлшегін шымшып жырту жолымен пішін жасау.
Желімдеп жапсырудың негізгі әдістерін игеру (қылқаламды, клейді, сүрткіш шүберекті қолдану; пішіндерді ретімен жапсыру шеберлігі).

2. БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАПСЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР МАТЕРИАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ.
2.1. Әр түрлі жастағы балаларды қолданбалы өнер материалдарын пайдалана отырып, жапсыруға үйретудің оқу бағдарламасының мазмұны мен міндеттері.
Әр түрлі жастардағы балалар топтарына арналған бағдарламалық материалдардың мазмұны.
Жапсыру сабағы екінші кішкентайлар тобынан басталып жүргізіледі, ал, бірінші кішкентайлар тобында балалар бұл сабаққа түрлі түсті мозаикалармен ойнау арқылы дайындалады. Мозаикамен ойнау кезінде бала ез бетінше немесе тәрбиешінің көрсетуімен формалардың әр түрлі түстерін кезектестіріп, қатарластырып қояды, олардан үйшік, гүл т. с. с. қарапайым заттар түзеді.
Бала төрт жасқа қарағанда өзінің қарапайым ой-қиялын бейнелеуді іске асыруда қабілетті келеді, кейбір техникалық дағдыларды игеруі мүмкін. Бұл жағынан қарағанда сурет салу немесе мүсін жасаудан жапсырудың іс-әрекет түрлерінің орындалу техникасы әлдеқайда қиын, себебі оның орындалу әдістері мен шартты алынатын нәтижелері күрделі.
Бұл жастағы топтарға жапсыру жасатуды үйретудің міндеттері мыналар болып табылады:
- шеңбер, квадрат, үшбұрыш сияқты көптеген заттардың құрамына кіретін геометриялық пішіндермен таиысу;
- түрлі түстерді білу -- қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, санау ұғымын білу (бір, екі, үш, көп), көлем ұғымын білу (үлкен, кішкентай, көп, аз);
- ою-өрнектер (қатарластыра, шеттеріне, бұрыштарына) және заттың бөліктерінде пішіндердің орналасуының композициялық шеберлігін дамыту;
- пішіндерді жапсыру дағдысын игеру.
Жапсыруды орындау дағдысын игеру бірнеше фигураларды қағаз бетіне қатарластыра жапсырудан басталады. Тіпті осы сияқты жеңіл тапсырмалар да жаңа бейнелеу формасының ерекшеліктерін, оиың аты мен түсін, пішіндерді көлденең қатарда орналастыра білуді, желімді дұрыс жағуды және пішіндерді керекті жеріне жапсыра білуді талап етеді. Балалар мұндай тапсырмаларды орындай алуы үшін жапсыруға барлық контуры бойынша бірдей симметриялы, жоғары да, төменгі де жағы жоқ және орналасқан жеріне байланысты ешқандай өзгермейтін шеңбер формасын береді; элементтерді орналастыру үшін мұндай енді шеңбер қатарына орналастыруға болмайтындай етіп енсіз қағаз жолағын ұсынады; барлық пішіндердің түсі біркелкі болады.
Сонымен, тапсырманы орындау жеңілдейді: балалар пішіндердің атын, түсін естеріндехақтап, оларды жапсыру техникасын игерулері керек.
Әдетте алғашқы сабақтарда жапсыру процесі бала үшін әжептәуір қиындыққа түседі: желімге қылқаламды аздап батырып дұрыс ұстай білуді үйрену керек, арнаулы клеенканы қолдана отырып форманың сыртқы жағына мұқият жағу, формаларды желім жағылған жерлерге жаю, оларды шүберекпен қозғалтпай басып жапсыру, қылқаламды тек қана өз орнына қою. Бірінші кезеңде жапсыру техникасы балалар зейінін түгелдей өзіне аударып алады.
Бағдарламалық материалдың одан әрі күрделене түсуі басқа түстердегі шеңберлерді колдануға және олардың түрлі түстерін кезектестіре орналастыруға байланысты. Одан кейін жаңа форма -- квадрат жұмысқа енгізіледі. Квадраттан жасалатын композицияны орындағанда олардың бір жағымен біркелкі орналасуын қадағалап отыру керек.
Біртіндеп жапсырудың композициясы да күрделене түседі -- балалар пішіндерді квадрат бұрыштары мен шеңбер шеттеріне орналастырып жабыстырады. Пішіннің бұл элементтері оның өзіндік өзгешелігімен-ақ балалардың түсінуіне жеңіл түседі. Кішкентайлар тобына орталық бөліктерге жапсыру әлі қиынға түседі.
Бір немесе екі элементтерді алма-кезек орналастыруды игерумен бірге бағдарламада, алдымен бір бәліктен, одан кейін 2 -- 3 бөліктен (мысалы, саңырауқұлақ, жалауша, аққала, үйшік т. б.) тұратын заттардың бейнесін жапсыру қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың қиындығы зат пен оның бөліктерінің құрылысына байланысты орналасу керектігінде: саңырауқұлақтың аяғы қалпағының ортасынан төмен қарай созылады, үйдің қабырғаларының үстіне оның шатыры ориаласады және с. с.
Бірақ, сәбилер мұндай жұмыстарды жақсы игереді, себебі зат жүзіндегі тапсырмалар оларға мазмұны жағынан түсінікті. Оның үстіне бейнелеу үшін бөліктері симметриялы орналасқан, балалар алғашқы сабақтарда танысқаи геометриялық пішіндерге ұқсас заттар таңдап алынады.
И. Л. Гусарова кішкентайлар тобында жапсыру жұмыстарын белгілі бір бейиелеу мақсаты бар тапсырмаларды -- таныс заттарды жасаудан бастауды ұсыпады. Тақырыпқа қызығушылық мектеп жасына дейінгі баланың конструкциялық және техникалық қиындықтарды жеңіп шығуына септігін тигізеді. Кішкентай балаға геометриялық пішіндерді алма-кезек принциппен орналастыру мен симметриялық ою-өрнектер жасаудан гөрі, 2 -- 3 бөліктен зат құрастыру тапсырмасы әлдеқайда түсінікті. Ол алғашқы кезде өзінің жіберген қателерін байқайды, себебі ондай жағдайда мазмұиының логикасы бұзылады. Ою-өрнек элементтерін алма-кезек орналастыру мен қайталау принципін түзу сызықтың бойына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың бейнелеу іс-әрекетінде сәндік қолданбалы өнер материалдарын пайдаланудың теориялық мәселелері
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Балауыз бояуымен бояу өнері
Мектеп жасына дейінгі балаларға құрастыру туралы түсінік беру және оның балалар үшін маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауын дамыту жолдары
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Пәндер