Менің атым


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Құйған орта мектебі КММ

Психологиялық жүргізілген жұмыстың
І тоқсан есебі

Психолог: Е.Бақытжанова

2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің І тоқсан бойынша жұмыс жоспары жасалды.
Мақсаты: Білім алушылардың,тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері: 1. тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
3. тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4. психологиялық диагностикасын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту.
1 сынып оқушыларының оқуға дайындығын тексеру, мектепке бейімделуі бойынша Керн-Йирасектің Мектепке қалыптасуын бағдарлаушы тесті алынды.
Қорытынды: 1 сынып оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары жоғары. Оқушылардың бірі бірімен, мұғалімдермен қарым-қатынастары жақсы. Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін бақылау мақсатында Керн-Йирасек әдістемесі алынды. Әдістеме қорытындысы бойынша 5 оқушы ортадан жоғары көрсеткіш көрсетсе, 5 оқушы орташа көрсеткіш көрсетті.
1-сынып оқушыларымен баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, бейімделуі, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой - өрісін кеңейту мақсатында Кел, танысайық! тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Жұмыс барысында Мен және менің қасиетім жаттығуы, оқушының мектепке деген көзқарасын анықтау мақсатында Сұрақ-жауап ойыны, жылы достық қарым- қатынасты қалыптастыру мақсатында Кішкентай ергежейлі ойыны ойнатылды.



5 сынып оқушыларынан бастауыш сыныптан орта буынға бейімделуін бақылау мақсатында Менің сыныбым әдістемесі алынды.
Қорытынды: Сыныптың оқушыларының бір бірімен қарым - қатынасы жақсы, сынып ұйымшыл, өзіндік пікірілері бар, көпшілік ортаға қосыла алатындығы анықталды.
5 сынып оқушыларына жаңа оқу кезеңіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік- психологиялық жағдай жасау, оқушылармен мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға қажетті икемдерін дамыту мақсатында Бірінші рет 5 сыныпқа тренингі өткізілді. Тренинг барысында Кемпірқосақпен жоғары, Мектепке жол(доп арқылы жауаптарын сұрау) ойындары ойнатылды.

5-6 сынып оқушыларынан суицидалды мінез-құлықты анықтау мақсатында З.Королеваның Суицидке бейімділігі тесті, 7 сынып оқушыларынан НСВ-10 сауалнамасы, 8-11 сынып оқушыларынан DASS шкаласы сауалнамасы алынды. Осы алынған әдістемелер нәтижесі бойынша суицидке бейім оқушы анықталған жоқ.
4 сынып оқушыларына аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспарлы жұмысына сәйкес Мен өзімді мақтай аламын тақырыбында тренинг өткізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысып, қуанған сәттерін және келешекте өздерін қалай елестететіні жайлы тапсырмалар орындап, соңында бір-біріне қол шапалақтап, қошемет көрсету арқылы тренингті аяқтады.

6 сынып оқушыларына жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы амалдарын дамыту, достарымен зорлық-зомбылықсыз өзара арақатынас жасау мақсатында Пікірталас-жанжал емес тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингте сауалнама, жаттығулар қамтылды. Сабақ барысында оқушылар сабырлы, өзін-өзі ұстай білу жақсы қасиет екендігін, әрбір адамға керектігіне назар аударды.

11 сынып оқушыларына мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуге ықпал жасау, кәсіби бағдар беру мақсатында Мамандық таңдауға кеңес беру тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің аяғында оқушылар өздерінің тренингтен алған әсерлері туралы, таңдағалы отырған мамандықтары, қазіргі уақытта қай сабақтан қиыншылықтары бар сол туралы ой қозғап әңгімелесті.

Құйған орта мектебі КММ

Психологиялық жүргізілген жұмыстың
ІІ тоқсан есебі

Психолог: Е.Бақытжанова

2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің ІІ тоқсан бойынша жұмыс жоспары жасалды.
Мақсаты: Білім алушылардың,тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері: 1. тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
3. тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4. психологиялық диагностикасын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Қараша айында оқушылардың психологиялық саулығын бағалау мақсатында 5 сынып оқушыларынан Өзіңді мақта, 6 сынып оқушыларынан Менің армандарым, 7 сынып оқушыларынан Менің өмірім, 8 сынып оқушыларынан Менің айтылмаған сырларым, 10 сынып оқушыларынан Мен таңдаған өмір тақырыптарында эссе жұмыстары алынды.

1 сынып оқушыларының мектепке сәтті бейімделуін дамыту мақсатында Алақай мен оқушымын атты тренингі өтті. "Менің атым... Мен өзімді сүйемін, себебі..." атты жаттығуы, Мектепке жол ойыны, танымдық процестерін дамытуға арналған психологиялық ойындар ойнатылды. Оқушылар барлық жаттығуларға белсене қатысты.

5-сынып оқушыларының орта буынға сәтті бейімделуі, әлеуметтік-психологиялық дағдыларын дамыту мақсатында Менің мектептегі сезімім тақырыбында тренинг өтті. Оқушыларға алдымен тренинг ережесі таныстырылып, Сәлемдесу жаттығуы орындалды. Сонымен қатар Мен қандай түсті ұнатамын?, Сыйқырлы саусақтар жаттығулары жүргізілді. Оқушылар барлық жаттығуларға белсене қатысты.

3 сынып оқушыларына сыныптың ауызбіршілігін, ынтымақтастығын дамыту мақсатында Достық тренингі өткізілді. Оқушыларға алдымен тренинг ережесі таныстырылып, Сәлемдесу жаттығуы өткізілді. Және де тренинг барысында Күн шуақ жаттығуы, Достық жібі жаттығулары орындалды.

7-8 сынып оқушыларына жеткіншек жастағы балалардың психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы Менің психологиялық денсаулығым тақырыбында дәріс оқылды.
1-4 бастауыш сынып оқушыларынан танымдық процестерін (зейін, ес, қиял, ойлау) анықтау мақсатында әдістемелер алынды.

Құйған орта мектебі КММ

Психологиялық жүргізілген жұмыстың
ІІІ тоқсан есебі

Психолог: Е.Бақытжанова

2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің ІІ тоқсан бойынша жұмыс жоспары жасалды.
Мақсаты: Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері: 1. тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
3. тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4. психологиялық диагностикасын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту.
9-11 сыныптардан Е.А. Климовтың Дифференциалды-диагностикалық сауалнама әдістемесі алынды.
Бұл әдіс оқушылардың қай мамандыққа кәсіби бейімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеме кәсіптердің түрлерін жіктеуге сәйкес әр түрлі кәсіптерді таңдауға арналған.
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бірін-бірі сыйлауға, адал дос болуға үйрету мақсатында 5 сынып оқушыларымен Дос болайық бәріміз тақырыбында тренинг жаттығулары өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар Менің өмірімдегі досыммен өткізген Ең бақытты сәттерім тақырыбында суреттерді кадр бетіне түсіріп, Менің көңіл - күйім тақырыбында көңіл-күйлерін бейнелеп, Чемодан ойынын белсенді ойнады. Сабақ соңында бір-біріне ең жақын достарына арнап Досым сен болмасаң... тақырыбында жылы лебіздерін айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Тарбағатай АПБ ЖПҚБ УПИ полиция майоры К.Хасенов және Тарбағатай АПБ КТІБ УПИ полиция капитаны Н.Құнапиянова оқушылармен интернеттегі алаяқтық, буллинг, кибербуллинг туралы айтып кездесу өткізді.

6 сынып оқушыларымен қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден, агрессияларынан арылу, эмоциналды жігер беру мақсатында Тұз терапиясы тренинг өткізілді. Бұл тренингке оқушылар бар ынта-жігерлерімен қатысып, белсенділік танытты.



7-8 сынып оқушыларына электрондық темекенің адам денсаулығына зияны туралы, интернеттегі адамның психикасына әсер ететін әртүрлі ойындар туралы түсінік жұмысы жүргізіліп, видоелар көрсетілді.
4 сынып оқушыларына Отбасы бақыт мекені тренингі өтті. Бұл тренингте оқушылар өздерінің отбасы мүшелері туралы әңгілеп, Өмір ағашы ойынына армандарын ілді. Тренингке белсенділікпен қатысты.
5-6 сынып оқушыларына Буллинг, Кибербулиинг тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргілді. Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Құйған орта мектебі КММ

Психологиялық жүргізілген жұмыстың
IV тоқсан есебі

Психолог: Е.Бақытжанова

2023-2024 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің ІІ тоқсан бойынша жұмыс жоспары жасалды.
Мақсаты: Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері: 1. тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
3. тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4. психологиялық диагностикасын жүргізу және шығармашылық әлеуетін дамыту.
11 сынып оқушыларынан темпераменттерін, өзін-өзі бағалауларын тескеру мақсатында сауалнамалар алынды.
1 сынып оқушыларынан оқуға дайындығын тексеру, мектепке бейімделуі бойынша алынған Керн-Йирасектің Мектепке қалыптасуын бағдарлаушы тестін қайталап алынды.
Қорытынды: 1 сынып оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары жоғары. Оқушылардың бірі бірімен, мұғалімдермен қарым-қатынастары жақсы.
Және де 1 сынып оқушыларына Мектептегі көңіл-күй тренингі өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған орта, өзін-өзі қалыптастыру. Оқушыларды өз көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

5 сынып оқушыларына Реніштен арылу тренингі жүргізілді. Тренинге оқушылар белсене қатысты. Тренинг мақсаты: Жасөспірімдердің коммуникативтік мәдениетін дамыта отырып, оларға қарым-қатынас жасау, тәсілін үйрету. Кері байланыс кезінде оқушылар тренингке жоғары баға берді.


7 сынып оқушыларына Менің бақыт гүлім, Стакандағы эмоция атты тренинг жаттығулары жүргізілді. Бұл жаттығудың мақсаты: бос уақытта, болмаса хобби ретінде сурет салу есте сақтау қабілетін жоғарлатады. Сондықтан оқушыларға Менің бақыт гүлім тапсырмасы берілген болатын. Бұл тапсырмада оқушылар күлтешеге өзінің жағымды қасиеттерін, тамшыға жақсы көретін ісін, тамырына өзіне жақын адамдарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Бердібек Соқпақбаев - балалар жазушысы
Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесі
X-XIV ҒҒ Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің қалыптасуы және даму
Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі
Сөздердің байланысу формалары
Пәндер