Мифология және қазақ мифтері


«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ӘӨЖ 82-2:894. 342:884 Қолжазба құқығында
ШАХАЖАНОВА ГУЛЬНАР КАРИМЖАНОВНА
С. Қасқабасов - фольклортанушы ғалым
6D020500 - Филология (қаз)
Философия докторы (PhD)
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесші:
филология ғылымдарының
докторы, профессор
Жүсіпов Н. Қ.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
профессор Незир Тимур
Гази университеті
Қазақстан Республикасы
Павлодар, 2023
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР . . . 3
КІРІСПЕ . . . 5
1 ҚАЗАҚ АҢЫЗТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ С. ҚАСҚАБАСОВ . . . 14
1. 1 С. Қасқабасовтың қазақ аңыздары туралы еңбектері . . . 14
1. 2 Мифология және қазақ мифтері . . . 29
1. 3 Әпсана және әпсана-хикаят . . . 42
2 ҚАЗАҚ ЕРТЕГІТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ С. ҚАСҚАБАСОВ . . . 57
2. 1. Ертегінің жанрлық сипаттары туралы . . . 57
2. 2. Ертегінің поэтикасы жөніндегі зерттеулері . . . 85
2. 3. Ертегінің текстологиясы туралы . . . 93
3 ҚАЗАҚ ЭПОСТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ С. ҚАСҚАБАСОВ . . . 102
3. 1. Эпос табиғаты туралы . . . 102
3. 2. Эпос түрлерін жіктеуі . . . 108
3. 3. С. Қасқабасов - қазақ фольклортану ғылымының мәртебесі мен теориясын негіздеуші . . . 120
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 158
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 162
АНЫҚТАМАЛАР
Диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтама беретін терминдер қолданылды.
Аңыз - қазақ халық ауыз әдебиетінің ел-жер атауларына, кейіпкер бейнесіне, тарихи оқиға, мезгіл деректеріне қатысты тарихи шындықты негізге алатын жанр түрі.
Архаикалық әңгімелер - архаикалық кезеңдердің (біздің заманымызға дейінгі VIII-VI ғ. ғ. ) таным-түсініктері, сенім-нанымдары көркем сюжетке негіз болған әдеби үлгілер
Әпсана - ертеде болған оқиғаны, іс-әрекет, жайды, көркемдей баяндайтын, тыңдаушысына өнеге, үлгі, ғибрат беруді мақсат ететін фольклор жанры.
Батырлық жыр - ел мен жерді қорғау, тәуелсіздігін сақтау тақырыбын көтеретін, қаһармандары романтикалық қалыпта бейнеленетін, халық тарихының көркем суретті жанры.
Дастан - даму, қалыптасу үрдісінде шығыс фольклоры мен әдебиетінің ықпалы көп болған, эпикалық шығармалардың ең соңғы кезеңіндегі халықтың көркем ой, таным жетістігін көрсететін жанрының түрі.
Жасампаздық мифтер - кейіпкерлері әлемді жаратушылар болып келетін, дүниенің пайда болуы, жасалуы туралы баяндайтын фольклор жанрының түрі.
Ертегі - даму, қалыптасу үрдісінде миф, аңшылар туралы әңгіме, көне ырым, кәделердің белгілерін бойына жинақтаған сюжеті барынша көркем, фольклорлық прозаның жетілген түрі.
Композиция - көркем шығарманың құрылысы, шығармадағы бөлімдерді бір-бірімен байланыстырып қиюластырады. Сюжеттің даму кезеңдерін белгілі бір жүйеге түсіреді.
Көркемдіктәрбиелік мақсатты шығармалар - сюжеті әбден тұрақтанған, көркемдігі жетілген классикалық туындылар. Қаһарман - әдеби шығармадағы әсерлі, көркем, жан-жақты суреттелген типті бейне. Фольклордағы қаһарман бейнелер Қобыланды, Ер Төстік, Алпамыс т. б. қаһармандық дәрежеге көтерілген.
Құбылу - мифтік кейіпкердің түрлі себептермен басқа кейіпке көшуі.
Лиро-эпос - тақырыбы ғашықтық, сүйіспеншілік болатын, кейіпкерлері батырлар жырына қарағанда реалистік қалыпта суреттелетін, шығармадағы тартыс ел ішіндегі қайшылықтарға арналатын көркем жанрдың түрі.
Меморат - оқиғаға қатысушы немесе соған куәгер болған айтушының ауызша баяндаған әңгімесі.
Миф - табиғат пен ғарыштың, қоршаған дүниенің, адам баласының жаратылуы туралы, хайуанаттар мен құстардың пайда болуы, өзгешеліктері, сипаттары жөнінде баяндайтын фольклордағы проза жанрының түрі.
Поэтика - әдеби шығармадағы көркем ойды жеткізу құралдарының жүйесі туралы ғылым, әдебиеттанудың көне пәндерінің бірі. Поэтика термині кең мағынада әдебиет теориясымен сәйкес келеді. Ал жекелеген термин ретінде әдебиетттанудың теориялық салаларының бірі.
Рух-иелік мифология - XX ғасырға дейін алғашқы рулық қауым негізінде Австралия мен оның аралдарын, Африка, Азияның кейбір аймақтарын, Американы тіршілік еткен тайпалар мифтері. Бұл тайпалар мифтерінің кейіпкерлері - құдай дәрежесіне жетпеген, рух-иелер немесе тәңір иелер. Құдай ұғымы мемлекетпен бірге пайда болады. Көптеген тайпалар құлиеленушілік, феодалдық қоғамды өткермеген. Ал бір құдайлық бейне құлиеленушілік, феодалдық қоғамда жасалады.
Сюжет - белгілі бір фольклорлық жанр аясындағы шығарманың басты оқиғасы, негізгі өзегі. Сюжет үшін оқиға ел арасында тарауы қажет, фольклорлық сипат тұрақталған сюжетке, содан соң көркем туындыға көшеді.
Танымдық мақсатты шығармалар - табиғатты, қоршаған ортаның, заттар мен хайуанаттардың, қасиеттері, мінез-құлықтарының пайда болуын түсіндіретін туындылар
Тарихи жырлар - тарихи оқиғаларға құрылып, ел есінде қалған, ауызша жеткен көркем туынды.
Текстология - ауызша және жазбаша көркем мәтіннің тарихын, жазылуы мен тілін, көркемдік тәсілдерін зерттеу, түсіндіру, жариялау және де басқа да мақсаттар үшін қалпына келтіру, анықтау, түзеу т. б. әдеби-лингвистикалық жұмыстарды жүргізетін ғылым саласы.
Типология - көркем шығармаларды түрлерге бөлу, жіктеу үшін олардың жалпыланған және жекеленген қасиеттерін, белгілерін, сипаттарын бөлудің тәсілі.
Тотем - табиғаттан тыс байланыс, адамдар тобы мен жануарлардың, өсімдіктердің, сирек заттардың белгілі түрлері арасындағы туыстық туралы таным, түсінік. Солтүстік Американың оджибве үндістері тайпасының тілінен алынған. «Тотем», «ототем» термині «оның тегі» дегенді білдіреді.
Фольклорлық жанр - оқиғаны, сюжеттік материалды белгілі бір мақсатпен тұтас мазмұнды, идеялы шығармаға айналдырудың әдісі, жолы, құралы.
Фольклордағы тұтастану - поэтиканың тармағы, көркем құралдың бір бөлігі.
Хикая - халық дүниеде бар екеніне сенген түрлі жезтырнақ, дию, үббе, шайтан, пері, жалғыз көзді дәу, албасты, күлдіргіш тәрізді кейіпкерлері бар, діни нанымды білдіретін суреттейтін туындылар.
Эпос - құрамына аңыз, ертегі, повесть, роман, поэма т. б. көлемді жанрлар кіретін, кейіпкерді, қоғамды барынша кең көлемде суреттейтін әдебиеттегі үш тектің бірі.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ фольклоры - ұлттың бар інжу-маржанын жиған асыл қазынасы. Қазақ ұлтының бар құндылығы халықтың шығармаларында сақталған. Ғасырлардан жеткен көркем үлгінің тарихы, тектік негізі, жанры мен қалыптасу кезеңдері, ел өткенімен байланысы, қоғаммен қатынасы, жанрлық, түрлік сипаттары мен белгілері т. б. көптеген шешілуі керек тұстары зерттеушілер тарапынан да, фольклорға қызығушылардан да мол сұрақтарды туғызғаны анық. Осы тұста халықтық шығармалардың ұлттың ой-танымы мен қабілетін, ұшқырлығы мен талантын танытатын мұра екендігін, рухани нәр, жұрттың бүгінгі тәуелсіз күнге жеткізген асыл армандарының жалғасы іспеттес құндылығын академик Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың ғылыми зерттеулерінен табамыз. Диссертация академик, фольклортанушы ғалым С. Қасқабасовтың еңбектерін талдауға арналған. Ғалымның қазақ фольклорының мәртебесін белгілеген ғылыми ойлары негізге алынды. Фольклортану ғылымының теориялық негіздерін тұжырымдаған ойларынан бастап халықтық шығармалардың жанрлық түрлері туралы еңбектеріне зерттеу жасалды. Осы тұста фольклордың жанрларының ерекшеліктері, түрлері, табиғаты мен қоғаммен қарым-қатынасы, дәуірлік өзгерістері туралы ғалым ойларынан тарқатыла отырып, қазақ фольклористика ғылымының даму тарихы мен теориясына, поэтикасына және текстологиясына, типологиясына қатысты көптеген түйінді тұстарға қатысты мәселелер көтеріледі. Ғалым С. Қасқабасовтың қазақ фольклортануындағы кешенді зерттеуі ғалымның осы саласындағы теориялық мәселелерді анықтаған тұжырымды ойларымен, әрі фольклор жанрларының әр түріне жасаған жеке-жеке талдауларымен мәнді. Сондықтан да ғылыми жұмыста С. Қасқабасовтың прозалық жанрлар, эпика шығарма түрлері, әдебиеттің қоғаммен қатынасы, көркемдік сипаттары, қызметіне қарай жіктеліп талданады. Қазақ фольклорындағы аңыздарға, мифтер мен хикаяттарға, ертегілерге, жырларға т. б. жанр түрлеріне қатысты тұста С. Қасқабасов тұжырымы туындының қызметі, белгілері, қоғаммен қатынасы, пайда болу себептері, мақсат-міндеттеріне қарай анықталады. Әсіресе ертегі жанрының прозалық белгілері мен сипаттары, түрлеріне қатысты ойлары фольклортану ғылымындағы жаңа ойларға бастама болғаны айқындалады. Бұл теориядағы таңдалған әдістің өміршеңдігімен бірге ойды анықтау мен жүйелеуде нақтылыққа, ғылыми дәлелді жеткізуге ықпал ететіндігі көрсетіледі. Фольклор туралы ғылым академик С. Қасқабасов зерттеулерінде этнологиямен, тарихпен, тіл білімімен, археологиямен байланысты талданады. Осы арқылы тұтас мәдениетті, рухани әлемді жасаушы халықтың қадір-қасиеті, беделі, танымы мен орны ашылады. Қазақ фольклорының даму тарихы әлемдік фольклор тарихының бір бөлшегі ретінде алына отырып, С. Қасқабасов пікірлерінің маңызы ғалымның іргелі зерттеулерінің бүгінгі тәуелсіз қазақ фольклортану ғылымы үшін тың әрі жүйелі еңбектердің нәтижесі деп танылады. С. Қасқабасовтың қазақ фольклортануындағы ғылыми ойларының кейінгі зерттеулерге тірек болғандығы да талдау арқылы ашыла түседі. Бүгінгі жаһандық тұтасулар тұсындағы ұлттың жаңғыруы мен рухани өсуінің көзі - фольклордың мәні мен қызметі әлі де маңызды екені, ұлттардың тұтасуы тұсында халықтық танымды сақтаушы ретінде мәнінің арта түсетінін ескеру назарға алынды. Тақырыптың өзектілігі. Ғылыми жұмыстың өзектілігін келесі сипаттарымен анықтаймыз. 1. Қазақ фольклортану ғылымының даму тарихы XIX ғасырдан басталып, XX ғасырда мол зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ Кеңестік жүйе идеологиясы ұлттық фольклордың қатпарлы да, мол қырлы, сырлы да, терең мазмұнды үлгісін барынша ашып анықтауда көп қиындықтарды туғызғаны анық. Дегенмен, сол кезеңнің өзінде қазақ фольклортану ғылымының жаңа бағыттары белгіленген болатын. Ал тәуелсіздіктен кейін қазақ фольклорының қазыналы арнасы ашылды. Осы тұста фольклордың кейінгі кезеңдердегі зерттелуінде ғалым С. Қасқабасовтың ойлары мен тұжырымдарының орны ерекше болғаны белгілі. Ғалымның бұл зерттеулері халық мұрасының жаңа бағыттағы ой жүйемен талдануына жол ашты. 2. XX ғасыр - жаңа технологиялар мен ақпараттар, өзгерістер заманы. Қоғамға жаңа ой мен түсінікті, таным мен руханиятты негіздеуде халықтың есте жоқ ескі замандардан бастап жасаған асыл қазынасы - фольклордың орны ерекше. Фольклор шығармаларын талдау мен зерттеудегі ғалымның жаңа көзқарастарды талдау әдістері жалпы гуманитарлық ғылымды зерделеу үшін де қажет. 3. Қазақ фольклорының мәртебесі мен теориясына қатысты тұжырымдар фольклортанудың негізгі тірегі ретінде алынып, осы саланың зерттеуінде басшылыққа алынуы да тақырыпты терең қарастыруды қажет етеді.
4. Фольклордың даму тарихы, жанрлық ерекшеліктері мен поэтикасы, текстологиясы, типологиясы жаңа ой-пікірлердің аясында қайта зерттеуді талап етуі де тақырыбымыздың көкейкестілігін дәлелдейтіні белгілі.
5. Қазіргі қазақ фольклортану мәселелері және Сейіт Асқарұлы Қасқабасов еңбектерінің мәнін аша отырып, ұлттық руханиятты зерттеуші академик ғалымның терең білімін, оралымды ойларын, адастырмас тұжырымдарын, мол тәжірибесін, қарымды қайраткерлігін үлгі етудің, ел қазынасын зерттеуді мұрат еткен болашақ өрендерге насихаттаудың қажеттігі де жұмыстың өзекті тұсы болады.
Ғылыми жұмыстың нысаны. Диссертациялық зерттеу жұмысында фольклор жайындағы ғалым Сейіт Асқарұлы Қасқабасовтың ғылыми тұжырымдары қазақ, әлем, орыс фольклортану ғылымындағы ой-пікірлермен салыстырыла, салғастырыла, сабақтастырыла қарастырылды. Ғалымның қазақ фольклортанудағы еңбектері, жанрлық жағынан жіктелуіне қарай талданды.
Академик С. Қасқабасов зерттеулерін кезеңдік белгілеріне қарай екі топқа бөлуге болады. 1. Кеңестік кезеңдегі (1960-жылдардың соңынан 1990-жылдарға дейін) ғылыми еңбектері. Фольклордың прозалық түрлерінің жанрлық ерекшеліктерін, сюжеттік тегін, кейінгі жазба әдебиетке әсерін, фольклордағы кейіпкер бейнелерінің циклдену сипаттарын, типологиялық белгілерін анықтаған т. б. зерттеулері. 2. Тәуелсіздік кезеңіндегі ғылыми еңбектері. Әдебиет пен фольклордағы ақтаңдақтарды қалпына келтіру, мемлекеттік деңгейіндегі мәдени және рухани бағдарламаларға басшылық жасауы, фольклортану ғылымындағы еркін ойлы ғылыми ортаны қалыптастыруы.
2. Зерттеу пәні. Қазақ фольклортану ғылымы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. С. Қасқабасовтың ғылыми еңбектері қазақ фольклортанудағы теориялық негіз болуымен артық. Ғалымның еңбектері туралы пікірді біз екі топқа бөліп қарастыру керек деп есептейміз. 1. С. Қасқабасовтың ғылыми еңбектеріне талдау, ғылыми ойларына берілген баға. 2. Академиктің фольклортанудағы еңбектерін негізгі тірек еткен кейінгі кезеңдердегі зерттеу жұмыстары, жасалған сілтеме, бөліскен пікірлер. « . . . сирек таланттың бірі - Ұлттық ғылым академиясының академигі Сейіт Асқарұлы Қасқабасов. Ол - қазақ филологиясы ғылымы тарихында ерекше орны бар ғалымдардың бірі. Өзі таңдап алған фольклортану ғылымына шынайы берілген, бұл салада талай іргелі еңбек жазған, еліміздегі ғылым саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, нағыз ұлтшыл азамат, көрнекті қоғам қайраткері» [1, б. 5] .
Ш. Құрманбайұлы С. Қасқабасовтың ғылымға үлкен мақсатпен, аманатты арқалап келгендігін, М. Әуезовтен бата алып, қазақ фольклорына терең дайындықпен, ұстаздарының болашағына берген үлкен сенімімен келгендігін жазады [2] . Серік Қирабаев ғалымның «Ертекші Шалқарбай Даңылбаев» (Едіге Тұрсыновпен бірге жазған) деп аталатын алғашқы мақаласынан бастап кең арналы монографияларына ұласқан терең ойлы, мол ізденісті еңбектеріне жоғары баға береді. 1972 жылы жарық көрген «Қазақтың қиял-ғажайып ертегілері» («Казахская волшебная сказка») зерттеуі КСРО-ның Ғылым академиясы бойынша үздік бес кітаптың бірі ретінде танылғандығын жазады [1, б. 3-4] . 500-ден астам ғылыми мақала, 11 монографияның авторы, С. Қасқабасов еңбектері қазақ фольклоры мен әдебиетінің, өнерінің өзекті тұстарын сонау есте жоқ ескі кезеңдерден бүгінгі заманға дейін жеткізген, терең түйін мен мол ізденістен тұратын, жаңаша тұжырымдарымен өзгеше әрі жан-жақты талдау жасаған зерттеулер екендігін айтады [1, б. 5] . «Аталған еңбектердің барлығы дерлік қазір ұлттық фольклортану саласында ғана емес, бүкіләлемдік фольклортану ғылымына қосылған бағалы үлес болып табылады» [1, б. 5], - дейді академик.
«Танымал еңбектерінің қатарында «Казахская волшебная сказка» (1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искусства» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская несказочная проза» (1992), «Абай және фольклор» (1995), «Золотая жила» (2000), «Жаназық» (2002), «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары» (2003), «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (2005), «О фольклоре и не только» (2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен зерттеулер кітабының және 300-ден аса еңбектің, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монографияның авторы» [1, б. 4-5 ]
«Егемен Қазақстан» газетінің 2020 жылғы 24 маусымдағы «Сейіт» деген мақаласында ғалым, қоғам қайраткері, С. Қасқабасовтың шәкірттерінің бірі Сауытбек Абдрахманов ғалым еңбектерінің бірнеше қырын ашып көрсетеді. 1. Қазақ фольклористикасын зерттеуге студент кезінен ынта қойған ғалымның осы саладағы үлкен академиялық мектептен өткендігін айтады. 2. Жасынан қала мен дала мәдениетін бойына қатар сіңірген ғалымның билингивистік талантының тың ойлар мен кең тынысқа мүмкіндік бергендігін жазады.
3. Жаңалыққа толы кандидаттық диссертация еңбегі бойынша жазылған «Казахская волшебная сказка» атты іргелі зерттеуі түркі дүниесінің фольклортану ғылымының беделін көтерген еңбек болғандығын көрсетеді. 4. Қазақ мифологиясының методологиясын жасаушы екендігін дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz