Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының ақпараттық жүйесін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

АКПАР Қ. С.

Деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

B057- Ақпараттық технологиялар

6B06101 - Бағдарламалық инженерия

Астана- 2023

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Ақпараттық жүйелер»

rафедрасының меңгерушісі

т. ғ. к., Шаушенова А. Г.

Деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

B057- Ақпараттық технологиялар

6B06101 - Бағдарламалық инженерия

Орындаған: Акпар Қ. С.

Ғылыми жетекші

PhD, аға оқытушысы Исакова Г. О.

Астана- 2023

С. Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті

Факультеті КЖжКББ Кафедрасы «Ақпараттық жүйелер»

Мамандығы/ББ бағдарламасы B057- Ақпараттық технологиялар

6B06101 - Бағдарламалық инженерия

(шифр, атауы)

«Бекітемін»

«Ақпараттық жүйелер»

кафедрасы меңгерушісі

А. Г. Шаушенова

«___» 2023 ж.

Дипломдық жұмысты орындауға

ТАПСЫРМА

Студент Акпар Қымбат Сәрсенбекқызы

Жұмыстың тақырыбы: «Деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіру»

жоғары оқу орны бойынша «29» қараша 2022 ж. № 1713-Б бұйрықпен бекітілді.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 1. 05. 2021 жылы

Жұмысқа бастапқы мәліметтер

- өндірістік тәжірибе бойынша есеп;

- дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша әдеби және ғылыми дереккөздерден материалдарды жинау, өңдеу, талдау және қорыту;

- дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Дипломдық жұмыста зерттелуі тиіс мәселелердің тізімі және оның қысқаша мазмұны:

  1. Көлік компаниясының қызметінің сипаттамасы
  2. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметі деректер қорының архитектурасы
  3. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметінің деректер қорын жобалау
  4. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын деректер қоры негізінде ақпараттық жүйесін әзірлеу.

Графикалық материалдар тізімі (міндетті сызбаларды - кестелерді, диаграммаларды және т. б. нақты көрсете отырып)

- дипломдық жұмыстың презентациясы; - дипломдық жұмыста 16 суреттер және 19 кесте бар.

Ұсынылатын негізгі әдебиет

  1. Бөрібаев Б. Б., Махметова А. М. (2011), Алгоритмдеу жəне программалау тілдері: ISBN 978-601-217-274-4Оқулық. : ЖШС РПБК «Дəуір», 2011. - Алматы, 328 бет.
  2. Брайан Х. (2014) : HTML5 и CSS3. Веб-разработка по стандартам нового поколения, - Спб, Издательство: Питер, Санкт-Петербург, 320 стр.
  3. Бретт М. : (2014), PHP и MySQL. Исчерпывающее руководство, - Спб, Издательство: Питер, Санкт-Петербург, 544 стр.
  4. Ғалымжанова М. (2011), Бағдарламалау негіздерін оқыту әдістері: Әдістемелік құрал. Фолиант, - Астана, 88 бет.
  5. Кадырова А. С., Шошак М. (2019), Web-технология негіздері: Оқу әдістемелік құралы. Эпиграф, Астана, 132 бет.
  6. Маханова З. А. (2019), Java - бағдарламалау тілі: «Меdet Group» ЖШС, Оқу құралы -Қарағанды, - 120 б.

Жұмыс бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жұмыстың бөлімдерін көрсете отырып)

Бөлім: Бөлім
Ғылыми жетекші: Ғылыми жетекші
Бақылау: Бақылау
Бөлім: мерзімі
Ғылыми жетекші: қолы
Бөлім: 1 Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының ақпараттық жүйесін талдау;
Ғылыми жетекші: Исакова Г. О.
Бақылау: 14. 02. 2022 ж.
Бөлім: 2 Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметі деректер қорының архитектурасы
Ғылыми жетекші: Исакова Г. О.
Бақылау: 07. 13. 2022 ж.
Бөлім: Қорытынды
Ғылыми жетекші: Исакова Г. О.
Бақылау: 06. 04. 2022 ж.
Бөлім: Презентацияны, түсіндірме жазбаны ресімдеу
Ғылыми жетекші: Исакова Г. О.
Бақылау: 1. 05. 2022ж.

Тапсырманың берілген күні 29. 11. 2022 ж.

Ғылыми жетекші Исакова Г. О.

Тапсырманы орындауға

қабылдаған студент Акпар Қ. С.

Аңдатпа

Бұл димломдық жұмыста мәліметтер базасы негізінде көлік компаниясының диспетчерлік пунктінің функциялары сипатталған, кәсіпорын мен қолданыстағы бизнес-процестерді талдау ұсынылған, негізгі проблемалар көрсетілген. Орындалған жұмыстың қорытындысы қойылған талаптарға сай, дайын ақпараттық жүйесі ұсынылды. Cонымен әзірленген ақпараттық жүйені пайдалану тиімді деп айтуға болады және оны болашақта іс жүзінде пайдалануға болады

Аннотация

В данной работе описывается функции диспетчерского пункта транспортной компании на основа базе данных, представлен анализ предприятия и существующих бизнес-процессов, показаны основные проблемы. Итогам выполненной работы является готовая информацАқпараттық объектнная система диспетчерского пункта, отвечающая требованиям, сформулированным при постановке задачи. Таким образом, можно сказать, что использование разработанной информацАқпараттық объектнной системы является эффективным, и она может быть внедрена для последующего использования

Annotation

This paper describes the functions of the control room of a transport company based on a database, presents an analysis of the enterprise and existing business processes, shows the main problems. The results of the work performed are a ready-made information system of the control room that meets the requirements formulated when setting the task. Thus, we can say that the use of the developed information system is effective, and it can be implemented for subsequent use

Мазмұны

Нормативті сілтемелер7

Қысқартулар мен белгілеулері8

КІРІСПЕ9

1 КӨЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРЛІК ПУНКТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫН АНЫҚТАУ11

1. 1 Көлік компаниясының қызметінің сипаттамасы11

1. 2 Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметі деректер қорының архитектурасы23

2 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ НЕГІЗІНДЕ КӨЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІ ІСКЕ АСЫРУ35

2. 1 Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметінің деректер қорын жобалау35

2. 1 Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын деректер қоры негізінде ақпараттық жүйесін әзірлеу45

Қорытынды55

Пайдаланған деректер көзі56

Қосымша58

Нормативті сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылады:

«Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1263 қаулысы.

Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І Заңы.

ҚР СТ 34. 005-2002. Ақпараттық технология. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 34. 014-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені. Автоматтандырылған жүйелер. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 34. 006-2002. Ақпараттық технология. Деректер базасы. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 34. 022-2006. Ақпаратты қорғау. Ақпараттық жүйелерді жобалауға, орнатуға, ретке келтіруге, пайдалануға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

ҚР СТ 34. 019-2005. (ISO / IEC 12207: 1995, MOD) ақпараттық технология. Бағдарламалық құралдардың өмірлік циклінің процестері.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы: бекітілген. 2013 жылғы 8 қаңтар, №464.

ҚР СТ ISO/IEC TR 24776-2012 (ISO / IEC TR 24776:2009, IDT) . Ақпараттық технологиялар. Жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. Инженерлік құралдың мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар бойынша нұсқаулық.

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы №418-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Қаулысы. 2017 жылғы 12 желтоқсандағы «Цифрлық Қазақстан, №827» Мемлекеттік бағдарламасы.

Қысқартулар мен белгілеулері

ҚР - Қазақстан Республикасы;

ҚазАТУ - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті;

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

ЖЖМ - жанар-жағармай;

АЖ - ақпараттық жүйе;

АҚ - ақпараттық қорғаныс;

ДҚ - деректер қоры;

КБ - көлік бағанасы;

КҚ - көлік құралдары;

ҚҚБ - қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі;

БМБ - бас механик бөлімі;

ӨТБ - өндірістік-техникалық бөлім;

ТББ - техникалық бақылау бөлімі;

ОҚ - орталық қойма;

ЖҚС - жанармай құю станциясы;

ЖЭБ - жоспарлау-экономикалық бөлімі;

КБ - кадрлар бөлімі;

User Interface Management Systems - UIMS;

UIDE - пайдаланушы интерфейсін әзірлеу ортасы.

КІРІСПЕ

Зерттеудің проблемалары мен өзектілігі . Қазақстанның орталық Азияда орналасу себебінен, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саласына көлік компаниясының дамуы үлкен әсер етеді. Сондықтан күрделі салымдардың тиімділігін арттыруда және шығындарды азайту мақсатында көлік компаниясының ақпараттық жүйелер (АЖ) қолдану артуда. Ақпараттық жүйелер өндірістегі процестерді сапалы басқаруды қамтамасыз етеді. Көптеген кәсіпорындар бұрынсоңды енгізілген АЖ-ні қолданады, алайда, бұл сала бір орында тұрған емес. Нарықта көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіру әрдайым үдерісте.

Тақырыптың зерттелу және ғылыми әзірлену дәрежесі. Дипломдық жұмысты орындау барысында көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіру мәселесімен айналысқан келесі авторлардың еңбектері қарастырылды, олар Бочкарев А. А, Бродецкий Г. Л., Волгин В., Иващук О. А., Кожин А. П., Михеев Г. В., Томас Х. Кормен, Чарльз И. Лейзерсон, Рональд Л. Ривест, Клиффорд Штайн, және т. б.

Термин алғашында Қарулы Күштердің тоқсандық қызметінде пайда болды. «Логистика» терминінің өзі грек тілінен шыққан. λογιστική, бұл «санау өнері» дегенді білдіреді. Оны алғаш рет Византия императоры Лев VI (865-912) әскери өнер туралы трактаттарда қолданған.

Византия империясында император сарайында «логистика» болды, оның міндеттеріне азық-түлік бөлу кірді. Наполеон өз армиясында логистикалық принциптерді қолданғаны туралы деректер бар.

Орыс тіліне логистика терминін 19 ғасырдың басында француз әскери маманы Антуан Джомини енгізген.

21 ғасыр ақпараттық технологиялар кезеңі болғандықтан, логистика жолын да ақпараттық технологиялар арқылы оңтайлы ұйымдастыруға болатыны анық. Тәжірибе көрсеткендей, жаңа АЖ-ні енгізуде құрылған байланыстарды қайта құру үлкен кәсіпорында өте қиын міндет болып табылады. Сондықтан, қолданылған АЖ-ні жетілдіру маңызы бүгінгі таңда өсуде.

Зерттеу нысаны: Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметі.

Зерттеу пәні: Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының деректер қоры жұмысын жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіру болып табылады.

Жұмыстың міндеттері:

1. Көлік компаниясының қызметінің сипаттамасы

2. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметінің аж-сін талдау

3. Деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіруді іске асыру

4. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметі деректер қорының архитектурасы

5. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметінің деректер қорын жобалау

6. Көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын деректер қоры негізінде ақпараттық жүйесін әзірлеу.

Зерттеу әдістері: Осы мақсатқа жету үшін тиімді басқару жүйелерін, сондай-ақ күрделі аналитикалық әдістерді қалыптастыру үшін жеткілікті фактілер жиналды және зерттелді. Ең алдымен тәжірибелі мамандардың кеңестері және олардың дәстүрлі емес жұмыс әдістері қолданылады. Бұл жұмыста аналитикалық және статистикалық әдістер де қолданылды.

Теориялық маңыздылығы: дипломдық жұмыс барысында жүргізілген теориялық зерттеулер мен аналитика қорытындылары болашақ осы тектес жұмыстарға негіз болуы мүмкін.

Тәжірибелік маңызы: дипломдық жұмыс барысында деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіруі қарастырылған, сонымен қатар келешекте дамыту арқылы толыққанды логистикада ақпараттық жүйесі құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық құрылымы зерттеу міндеттеріне сәйкес жасалды. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделген, зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні анықталған, жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы негізделген.

Бірінші тарауда көлік компаниясының диспетчерлік пункті қызметінің алғышарттарын анықталды: көлік компаниясының қызметінің сипаттамасы берілді; көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметі деректер қорының архитектурасы құрылды. .

Екінші тарауда деректер қоры негізінде көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын жетілдіруді іске асыруы қарастырылған:

көлік компаниясының диспетчерлік орталығының қызметінің деректер қорын жобалау; көлік компаниясының диспетчерлік орталығының жұмысын деректер қоры негізінде ақпараттық жүйесін әзірлеу ашып көрсетілген.

  1. КӨЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИСПЕТЧЕРЛІК ПУНКТІ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫН АНЫҚТАУ
1. 1 Көлік компаниясының қызметінің сипаттамасы

Қазақстандағы көлік тасымалы өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2, 7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде [8] .

Темір жол көлігі. Қазақстан үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Қазақстанда темір жол барлық жүк тасымалы айналымының 68%, ал жолаушы тасымалының 32% қамтамасыз етуде. Қазақстан темір жолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. Қазақстанның темір жол жүйесін көршілес елдермен 16 темір жол торабы байланыстырады (11-і Ресеймен, 2 Өзбекстанмен, 1 Қырғызстанмен, 2 Қытаймен) . Қазақстан мен Ресейдің темір жол жүйелері бір-бірімен тығыз байланысты.

Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясында 2017 жылға дейін 1400 км темір жол жаңадан салынбақ және бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспарлануда.

Автомобиль көлігі. Алматыдағы Сайран автобекеті.

2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл автокөлік тіркелген. [1] Қазақстанның автокөлік тас жолдарының ұзындығы 96 мың км-ден асады. Олардың көп бөлігі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қазақстан арқылы жалпы ұзындығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары өтеді. Автокөлік магистральдары:

Алматы - Петропавл, Омскке шығады;

Алматы - Астана - Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскке шығады;

Алматы - Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады;

Алматы - Семей - Павлодар (М-38 трассасы), Омскке шығады;

Шымкент - Ақтөбе - Орал (М-32 трассаы), Самараға шығады.

2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Оны 2015 жылы аяқтау жоспарлануда. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км құрайды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өтеді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы 80 см, автомагистральдің күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі 25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы - 120 км/сағ. Жобады кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрықтары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өткізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыспен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.

Кәсіпорын бөлімшелерінің және олардың қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасын атап өтейік. көлік компаниясы жұмысы келесі функцАқпараттық объектналдық бағыттағы негізгі қызметтердің жұмыс істеуімен қамтамасыз етіледі.

Пайдалану-жоспарлар мен тапсырмаларға сәйкес тасымалдауды ұйымдастыру, Көлік процесін басқару.

Техникалық - техникалық қызмет көрсетуді және жылжымалы құрамның желіде жұмыс істеуге дайындығын қамтамасыз ету.

Экономикалық-өндірістік-қаржылық қызметтің орындалуын жоспарлау, қамтамасыз ету және есепке алу.

Директордың пайдалану жөніндегі орынбасары көлік жұмысын ұйымдастырады және процесті басқарады. Көлік колоннасының бастығы-жүргізушілердің еңбегінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Диспетчер - көлікті желіге шығару, тасымалдарды орындауға диспетчерлік басшылық жасау, бастапқы құжаттаманы ресімдеу. Қозғалыс қауіпсіздігі бөлімі-жол-көлік оқиғаларының, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шараларды іске асырады. Пайдалану қызметіне бақылау және ақша жинау тобы кіреді.

Техникалық қызмет өндірістің негізгі құралдарының түсуін, шығуын және бөлінуін, көліктің желідегі жұмысқа техникалық дайындығын ұйымдастырады. Кәсіпорынды сумен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды ұйымдастыру. Техникалық қызмет құрамына: автожөндеу шеберханасы, бас механик және энергетика бөлімдері кіреді. Басшы техникалық қызмет, бас инженер болып табылады.

«Адал еңбек» ЖШС заңды тұлға болып табылады, ҚР заңнамасы мен жарғысы негізінде әрекет етеді. ҚР- ның Азаматтық кодексіне сәйкес құрылған және 2012 жылдың 12 маусымында тіркелген. Қоғамның орналасқан жері: Ұлытау облысы, Жезқазған қ., Қазанбаева 62-3 көшесі.

Кәсіпорын жүзеге асыратын негізгі қызмет:

- жолаушыларды көршілес аймақаралық және муниципалдық маршруттар бойынша автомобиль көлігімен тасымалдау;

- техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Негізгі қоғамдық қызмет тұрақты жолаушылар тасымалы болып табылады. «Адал еңбек» ЖШС Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысының аумағында 10-нан астам бағытқа қызмет көрсетеді. 2016 жылы компания тек тұрақты тасымалдау маршруттарында адамдарды тасымалдайды.

Сондай-ақ, компания заңды тұлғалар үшін тапсырысты тасымалдауды жүзеге асырады, басқа коммерциялық қызмет жүзеге асырылады. Саябақта шағын, орта және үлкен сыйымдылығы бар 20-нен астам көлік бар.

Компанияның ұзақ мерзімді мақсаттары:

- маршруттық желіні кеңейту;

- жылжымалы құрамды ұлғайту;

- өңіраралық және халықаралық жолаушылар тасымалы нарығына шығу.

Компанияның жұмысын бас директор басқарады.

Тасымалдау жөніндегі орынбасары келесі міндеттерді орындайды:

- жылжымалы құрамды ұтымды және тиімді пайдалануға, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапты. Тасымалдау жоспарларының орындалуын бақылайды.

- тасымалдауды ұйымдастыру әдістерін әзірлейді.

- көлік желісін талдау, оны жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қызмет көрсетілетін аймақтағы

Жолаушылар тасымалы нарығының қажеттіліктерін зерттеу:

- автомобиль көлігінің басқа көлік түрлерімен жұмысын үйлестіру бойынша шаралар қабылдайды.

- тасымалдау бойынша жоспарлы тапсырмалардың орындалу барысын және шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылайды және талдайды.

- жылжымалы құрам жұмысының тиімділігін, клиенттер мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

- тасымалдау ережелерінің сақталуын, тарифтеудің дұрыстығын, жол құжаттамасын ресімдеуді бақылауды ұйымдастырады.

- тасымалдау бойынша есеп пен есептіліктің белгіленген нысандарын уақтылы және сапалы ресімдеуді ұйымдастырады.

Бас инженер кәсіпорынның техникалық саясаты мен техникалық даму бағыттарын анықтайды. Жылжымалы құрамның жұмысын бақылайды және оны ұстауға шығындарды оңтайландырумен айналысады.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның дербес бөлімшесі болып табылады және тікелей директорға есеп береді.

Бухгалтерлік есептің міндеттері:

- шаруашылық-қаржылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру;

- материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйымның меншігінің сақталуын бақылау.

- Бухгалтерлік есеп функциясы негізгі болып табылады:

- үлгілік Нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларды ресімдеу үшін қолданылатын шоттардың жұмыс жоспарын, бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмыс;

- ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу;

- түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету;

- шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылау;

- бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

- есепке алу-есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, есепке алу мен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде кәсіпорында және оның бөлімшелерінде бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру.

Экономикалық бөлім ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды, бизнесті жоспарлауды, шығындарды басқаруды және есепке алуды қамтамасыз етеді. Шаруашылық қызметті экономикалық талдауды жүзеге асырады. Шығындарды есептеуді және оны талдауды жүргізеді. Кәсіпорынның баға саясаты мен стратегиясын белгілейді.

Тасымалдауды жоспарлаудың негізіне жасалған шарттарды, берілген өтінімдерді жүйелеу, жолаушылар ағынын зерттеу негізінде жасалған тасымалдау кестесі мен кестелері кіреді. Жолаушылар ағынын тексеру үздіксіз және сауалнама болуы мүмкін. Үздіксіз тексеру бір уақытта барлық маршруттарда, таңдамалы - жеке маршруттарда жүзеге асырылады. Жолаушылар ағыны туралы мәліметтерді алудың негізгі тәсілдері екі түрге бөлінеді: есепті-статистикалық және заттай. Есептік-статистикалық әдіс жолаушыларды маршруттарда тасымалдаудан түскен пайда туралы деректерді талдау кезінде қолданылады. Заттай тексеру сауалнамалық немесе санау-кестелік тәсілмен жүргізіледі.

Диспетчерлік қызмет келесі функцияларды орындайды:

- теріс ауытқулардың алдын алу. Себептер неғұрлым дәл анықталса, оларды тезірек жою шаралары қабылданады;

- белгіленген жұмыс кестесі мен ауыспалы тапсырмалардың орындалу барысын жедел есепке алу;

- белгіленген кестелерден ауытқу себептерін анықтау, талдау және жою;

- ауытқулардың алдын алу және жою үшін жедел іс-шаралар қабылдау

- ағымдағы қызметті үйлестіру;

- жұмыс орындарын дайындамалармен, жабдықтармен, қажетті құралдармен қамтамасыз ету.

Жұмыстың тақырыбы-кәсіпорынның көлік құралдарының қозғалысын есепке алу.

Мұндай жүйенің пайдаланушысы компания менеджері болады. Оның функцияларына мыналар жатады:

- Тасымалдауды жүзеге асыруға өтінімдерді есепке алу және бөлу;

- Желіге шығару кестесінің сақталуын және маршруттардағы көлік құралдарының қозғалысын бақылау.

- Жол парақтарын толтыру, беру және қабылдау.

- Желіде экипаждармен жедел байланысты жүзеге асыру.

- Тасымалдау процесінің барысын жедел есепке алуды жүргізу.

- Көлік құралдарының жұмысын үйлестіру.

Өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін диспетчер:

- Тасымалдауды жүзеге асыруға өтінімдерді есепке алу;

- Жол парақтарын және басқа да қажетті құжаттарды толтыру, беру және қабылдау;

- Желіге шығару кестелерінің сақталуын бақылау;

- Жол құжаттамасын тіркеуді және көлік құралдарының жұмысын есепке алуды жүзеге асыру;

- Спидометр көрсеткіштерінің жазбаларының дұрыстығын бақылау;

- Жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қалдықтарын бақылау;

- Көлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректерді ауысымдық-тәуліктік тапсырмалармен салыстыру, ауытқуларды және олардың пайда болу себептерін анықтау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу-Отар телімінде ОРЦ мен XML құжаттарымен құжат алмасуы
Автобус паркінде жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жетілдірудің негізгі шаралары
Геоақпарат жүйелері бойынша дәрістер
Тасымалдаудың келтірілген жоспары
Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау
Көлік компаниясының ақпараттық қажеттіліктерін бағалау
Қойма логистикасындағы ақпараттық жүйелерді дамыту шаралары
Автобусты спутниктік мониторинг арқылы бақылау
Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz