Экономикалық білім мен тәрбиенің негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж

Жалпы кәсіптік ПЦК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

Мамандық атауы: 1140600 Негізгі орта білім берудің тіл мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Пән: Педагогика

Орындаған: ҚБ-921 тобының студенті
Кошкенова Томирис Канатовна
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м. Мухамеджанова Г.С.
Курстық жұмысты қорғаған бағасы ______________

ПЦК төрағасы Мухамеджанова Г.С.
Көкшетау, 2025
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Экономикалық білім мен тәрбиенің негіздері
Экономикалық білім беру және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...6
Экономикалық тәрбиенің рөлі ерекше ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 0
ІІ бөлім. Оқушыларға экономикалық тәрбие беру - бүгінгі заман талабы
2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13
2.2 Экономикалық тәрбие берудің қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Экономика - өмір қажеттілігі. Адам өмір сүріп жатқан қоғамда бірде-бір саланың, бірде-бір мамандықтың, бірде-бір елдің экономикалық заңдарды мойынсынбай әрекет етуі, экономикадан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Барлығы да экономикаға қатыссыз мәселені шешсе де, оның мәні экономикамен тікелей байланысты болады.
Қазіргі кезде экономикалық жағдайымыздың жақсаруын қамтамасыз ету үшін экономикалық білім беруді дамытумыз қажет. Жоспарлы экономикада мемлекет барлық экономикалық мәселелерді шешуді өз мойнына алып отырған, ал қазіргі кезде тұлға, қоғам мүшесі алдында тұрған мәселелерді өз бетімен шешуі тиіс.
Экономикалық білім мен тәрбие беру - қоғамдық өндірістің даму заңдылықтарын оқыту, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында экономикалық білімдерін тәжірибеде тиімді, нәтижелі қолдана білуге үйрету орта арнаулы оқу орындарының алдында тұрған басты міндет. Болашақ мамандардың экономикалық білімін шыңдап, кәсіби шеберлігін ұштауға негіз болатын экономикалық тәрбиенің қажеттігі, бұл мәселенің психологиялық және әлеуметтік тәжірибесі негіздерінен өзін-өзі ұғындыру.
Экономикалық білім мен экономиканы басқаруды түрлі әдістемелермен жетілдіргенде, ғылыми-теориялық негіздеріне сүйене отырып, оқытушылар экономикалық ойлауды, сонымен қатар экономикалық қатынасты бүгінгі күн талабына сәйкестендіруге қоғамның әрбір мүшесіне міндеттеледі.
Осы курстық жұмысты жазу барысында, алдыма қойған мақсатым: Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесінде экономикалық білім мен тәрбиенің мәні. Экономикалық тәрбие жайлы ұғым; экономикалық тәрбиенің міндеттері мен мазмұнын дәлелдеу; экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: Экономикалық білім беру үрдісі.
Зерттеудің пәні: Оқушыларға экономикалық білім беру.
Зерттеудің мақсаты: Экономикалық білімнің маңыздылығын ашу, оның жеке тұлға мен қоғам өміріндегі рөлін анықтау және экономикалық тәрбиені жетілдіру жолдарын ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
Экономикалық білім негіздерін оқыту келесі міндеттерді анықтайды:
- Оқушыларды Қазақстан қоғамы және тұтас дүниежүзілік бірлестіктегі экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру;
- Экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дамыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;
- Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары: еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру;
- Еңбекті сүюге тарту, қоғамның экономикалық белсенді мүшесі және өз Отанын патриот бола көмектесу.
Зерттеудің болжамы: Егер оқушыларға экономикалық білім беру теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделіп, мектепте экономикалық білім беруді жүзеге асыру жолдары анықталса; экономикалық білім беру мазмұны мен әдіс-тәсілдері нақтыланса, онда оқушыларға экономикалық білім беру тиімді болар еді, өйткені, бұл ретте, оқушылардың экономикалық білімі дамып, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Зерттеудің әдістері:
Тақырып мазмұны бойынша педагогикалық әдебиеттерді талдау;
Экономикалық білім беруге қатысты материалдарды жүйелеу және оларды толықтыру;
Экономикалық білім беруге тәжірибелі, жаңашыл мұғалімдердің тұлғасы мен оқытушылық іс-әрекетін зерттеу.

Зерттеудің көздері: Зерттеу тақырыбына байланысты педагогикалық, психологиялық еңбектер, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, интернет желісі арқылы алынған ақпарат.
Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеу нәтижелері экономикалық білім мен тәрбие туралық теориялық білімді толықтырады.
Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелері экономикалық білім мен тәрбиенің тиімділігін арттыру үшін мектеп тәжірибесінде қолдануға ұсынылады. Мұғалімдерге экономикалық тәрбие мен білімді қолдану бойынша практикалық нұсқаулықтар әзірленеді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу: Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу: мектептегі тәрбие жұмыстарының тәжірибесінде сынақтан өткізіледі. Экономикалық білім мен тәрбиені қолдану бойынша әзірленген әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсыныстар таратылып, практикалық жұмысқа енгізіледі.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Экономикалық білім беру және оның маңызы
Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп санап, оны отбасында шаруашылық-тұрмыстық, қоғамдық пайдалы еңбекпен, күнделікті қарым-қатынастағы жұмыстардың тәжірибесі негізінде, олардың өз экономикалық сұраныстарын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекет деп түсінуге болады. Тәрбие жұмысы тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық мәдениет, экономикалық тәрбие, экономикалық сана деген ұғым жиі кездеседі. Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.
Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұқыптылық, ұйымшылдық, ықыластылық, іскерлік, еңбекқорлық, шығармашылық, т.б. қасиеттерді дамытуға бағытталған. Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерді экономикалық қызмет, қоғамдық-ұжымдық экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірісте тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру [1].
Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
:: Оқушыларды қоғамның даму өндіріс экономикасымен таныстыру.
:: Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру.
:: Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу. Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі.
:: Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негіздерін оқып үйренуде, сонымен қатар оқушылардың қызығушылығына қарай енгізілетін факультативтік сабақтарда беріледі.
:: Еңбек сабақтары процесінде;
:: Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;
:: Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;
:: Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады. Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нәтижесін есепке алу жұмыстарын жүргізіледі. Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын талдау арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін қалыптастырады, экономикаға деген сенімін арттырады.
Қоғамға пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жинақтарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс-әрекет, қарым-қатынас оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыратын механизмдер.
Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру; басқару жүйесін және шаруашылық жүргізу әдістерін жетілдіру. Экономика - тұтас құбылыс, сондықтан барлық халық тұтынушылығының қанағаттануы (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты.
Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша жұмыс өткізуге болады:
:: "Тұрмыстағы экономика",
:: "Біздің айналамыздағы экономика".
Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерістер туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді. Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. "Зауытқа кірер жерде", "Құнды затты сақтап тұрған күзетшілермен кездесу" сияқты хабарлар жалпы ұқыптылықты ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатыса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктіліктермен қаруландыру. Мектеп оқушыларының химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығын жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып, тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік ортадағы ауыл аймақтарындағы топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіреді. Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агрохимиялық ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе, еске алатын басты нәрсе - дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларын үйреніп, топырақты қоректендіреді. Химия сабақтарында оқушылар зертхана жағдайында аспаптарды, құралдарды дұрыс ұстайды, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйренеді, эксперимент жасайды. Экономикалық тәрбиеде оқушылар ұлттық кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бізге нарық, ақша, т.б. ұғымдарды меңгереді.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыру да экономикалық тәрбиенің міндеті.
Қоғамдық циклдағы пәндер негізгі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушылар экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш күштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені, оларда қандай меншік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми-жаратылыстану сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техника жетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырудағы рөлін айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептеуіш цмашина негіздерін оқуы, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді [2].
Өнімнің еңбек кәсібімен, қыздар мен жігіттердің еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелерімен, жоспарлаумен, технология талаптарын сақтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Күніміздің экономикалық дамуын жаппай оқу да маңызды. Мектепте оқу пәндерін өтуге экономикалық тәрбие жұмысын жан-жақты жүргізуге болады. Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздың негізгі түсініктері енгізіледі. Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптастыруға мән беру керек, қоғам үшін, оқушы үшін ең тиімді еңбек жолын бастауға тиіс. Қала мектептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқулықтар еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де "Өндіріс туралы негізгі мәліметтер", "Қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздері", "Өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері" тақырыптары қамтылады. Ауыл мектебінің жоғары сыныптарында еңбек сабағы бағдарламасында "Ауыл шаруашылығы экономикасы және оны ұйымдастыру" тақырыбы енгізіледі [3].
Экономикалық тәрбиенің негізі отбасында, балалар бақшасында, мектепте қалыптасады. Ол ата-аналардың, мұғалімдердің, жұртшылықтың бірлесе күш салуымен іске асады. Мектепте экономикалық тәрбие бүкіл оқу-тәрбие процесінің негізінде іске асырылады.
Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
:: Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативінде, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, еңбекақы мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
:: Экономикаға байланысты есептер шығару. Еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығару, оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
:: Сандық материалдарды талдау әдісі. Саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық құбылыстардың тиімділігін анықтау.
:: Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
:: Экономикалық сөздік жасау. Нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту [4]

1.2 Экономикалық тәрбиенің рөлі ерекше
Экономикалық білім беру оқушыларды экономика саласы бойынша біліммен қаруландырады және білімді сенімге, мінез-құлық нормасына айналдыратын экономикалық тәрбиеге негіз болады, күнделікті өмірде оқушылардың білімін, сенімін іс - жүзінде қолдана білуге жетелейді.
Тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты тәрбиенің түрі - экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәжірибесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажеттілігін, өндіргіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, бөлу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек [5].
Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді, адамзат қоғамы өмірінің құпия сырларын ұғындырып, қоғамды қайта құрудың объективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.
Негізгі мақсат - қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушыларда экономикалық ойлауды қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші рөлін ұғыну, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыруға үйренуі керек.
Қазіргі бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі енгізу мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептердегі қол еңбегі барысындағы үнемшілік, базистік мектептердегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмыстарына негізге көшірудің құралына айналуда [6].
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа айналып келді. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына түбегейлі өзгеріс енуде байланысты білім беруді қаржыландыру табиғаты да өзгеруде. Білім берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталады. Оқу орындарының рөліне өзгеріс енуде.
Шешілетін мәселелердің бәрі оқу орындарының өзінде шоғырлануда. Мысалы, мұғалімдердің еңбек ақысы және оларды ынталандыру, оқу-материалдық жабдықтарды ұстау және оны байыту т.с.с.
Қаржыландыру көзі мемлекет тарапынан және оқыту үшін оқушылардың төлемінен құралады. Халыққа білім беруді қаржыландыруға рыноктық экономика ықпалының өзіндік ерекшелігі бар. Олар:
:: Қосқан еңбек үлесіне сай, мұғалімдердің еңбек ақысын елеулі жіктелуі;
:: Оқу орындарының тек өзіне лайықты оқушыларды таңдап алулары өзара бәсекенің пайда болуы, ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздеу мен оны тәжірибеге ендіруді жандандыру;
:: Оқушылардың және олардың ата-аналарының оқыту процесіне ықпал етуге түбегейлі мүмкіндік алуы, ал мұның өзі, барлық оқушыларға бірдей деңгейіне қарамай олардың еңбек қабілетін айқындауға және дамытуға жағдай туғызу;
:: Оқу орнының материалдық-техникалық базасын осы заманғы ғылыми-техникалық талаптар деңгейіне жеткізу жағдайының жасалуы;
:: Әкімшілік басқаруға жұмсалатын қаржының үнемделіп, оның білім беру мұқтажына бағытталуы;
:: Педагогикалық-ғылыми зерттеу мекемелерінің оқу орындарымен тікелей келісім шарттар арқылы қаржылануы т.с.с. [8].
Мұның бәрі елімізде халыққа білім берудің деңгейін көтеруге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Дегенмен, халыққа ағарту ісіне осы тұрғыдан қараудан көмескі жақтары болатынын алдын-ала біліп отырған жөн. Олар:
:: Халықтың белгілі бір бөлігінің білім алуға қаражатының жетпеуі мүмкін, сондықтан елімізде сауатсыздықтың өсуіне әкелуі.
:: Оқу орындарының жіктелуі пайда болып, төлем ақысы жоғары мәртебелі оқу орындарының жарыққа келуі;
:: Білім алудың төлем ақысының үнемі өсе түсуі т.с.с.
Рыноктық экономикалық саясаттың бұл салаларын түбегейлі жою мүмкін емес, бірақ мемлекет тарапынан белгілі бір деңгейде реттеуге болады. Мемлекет білім алғысы келетіндердің бәріне көмектесуі қажет. Мұны жүзеге асырудың ең тиімді жолы - білім алуға ынталы адамдарға мемлекет тарапынан белгілі мерзімге кредит (қарыз) беру [9].
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істеуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық білім негіздерін қалауымыз қажет.

ІІ БӨЛІМ. МЕКТЕПТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

2.1 Экономикалық тәрбиенің педагогикалық негізі
Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-тәрбие жүйесіне жаңа талаптар қойды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағытталуда.
Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру саласында шетелдерде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталған, біз олардың жекелеген жағымды жақтарын өзіміздің теориямыз бен практикамызда қолдану мақсатында талдамақпыз.
Дамыған капиталистік елдерде экономикалық тәрбиенің бай тәжірибесі бар екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде балаларды экономикалық білім негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы түсінік береді [10].
АҚШ-та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында айрықша назар аудара бастады. Американ экономистері, педагогтері мен үкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа жауапкершілікпен қатысуының және қоғамның жалпы игілігін қолдануының зор маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріле отырып, олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс.
Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар сабақтар, әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалық сабақтар, зерттеу әдістемелері қолданылады, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдаланылады. Алайда, негізгі міндет мектепке жүктеледі [11].
Чехияда, Венгрияда, Болгарияда, Германияда балалар еңбекке ерте араласады, олар ата-аналарымен бірге мемлекеттен жалға алған жеке шаруашылықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балалар жеке қожалықтардан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады, тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен шығынын жоспарлауды, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін үйлестіруді үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен экономикасына үлес қосып жүрген балалардың жеке тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатында әркімнің еңбегінің түпкі нәтижесіне қызығуына мән беріледі. Басты нәрсе - адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп есептеледі .
Германияның мектептерінде Экономикалық педагогика деп аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезеңдеріндегі жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс мәселелерін, Экономиканың тәрбие жүйесіне ықпалын, түрлі кезеңдердегі тәрбие беру мен экономика арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тәрбиенің әдістері
Экономикалық тәрбие
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі
Тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Отбасылық тәрбие стилдері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Пәндер