ЖҮІТКЛІКТІҢ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ АСҚЫНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ХАЛЫҚПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ - ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЖҮІТКЛІКТІҢ ЕРТЕ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ АСҚЫНУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ХАЛЫҚПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған: Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжі
Мейіргер ісі Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
Утегенова Толкын Ерлановна

Менің курстық жұмысымның тақырыбы - жүктіліктің ерте кезеңдерінде асқынулардың алдын алу үшін халықпен медициналық-профилактикалық жұмыс. Бұл тақырып - қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Өйткені ананың да, болашақ ұрпақтың да денсаулығы ең алдымен осы жүктілік кезеңіндегі дұрыс бақылауға байланысты.Жүктілік - бұл әйел ағзасындағы үлкен физиологиялық әрі психологиялық өзгерістер кезеңі. Әсіресе жүктіліктің алғашқы үш айы - өте жауапты уақыт. Бұл уақытта ұрықтың негізгі мүшелері қалыптасады. Сондықтан ерте кезеңде пайда болатын асқынулар өте қауіпті болып табылады. Олардың қатарына өздігінен болатын түсік, жатырдан тыс жүктілік, токсикоз, қан кету, ұрықтың дамымай қалуы сияқты патологиялар жатады. Осындай жағдайлардың көбі ерте алдын алу жұмыстары арқылы болдырмауға болады.Жүктілік асқынуларының себептеріне әйелдің денсаулығында бұрыннан бар гинекологиялық немесе созылмалы аурулар, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, ауыр еңбек, жүктілікке дейінгі дайындықтың болмауы және медициналық көмекті кеш іздеу жатады. Осы факторлардың әсерін азайту - медицина мамандары мен қоғамның ортақ міндеті.Осыған байланысты курстық жұмысымда халықпен профилактикалық жұмыстың мәні мен түрлерін қарастырдым. Ең алдымен бұл - ақпараттық-ағарту жұмысы. Яғни, болашақ аналарға жүктілікке дейін және алғашқы апталарда қандай тексерулерден өту керек екенін түсіндіру қажет. Бұл жұмысты емханаларда, мектептерде, жоғары оқу орындарында, тіпті ауылдық жерлерде де жүргізу маңызды.Профилактикалық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі - жүкті әйелдерді ерте тіркеуге алу. Себебі жүктілік 12 аптаға дейін тіркеліп, алғашқы тексеруден өтсе, болашақ ананың денсаулығын бақылау әлдеқайда жеңілдейді. Сонымен қатар, фолий қышқылы сияқты дәрумендерді ерте қолдану ұрықтың дұрыс дамуына көмектеседі.
Тағы бір маңызды аспект - аналар мектебінің жұмысы. Бұл мектептерде жүкті әйелдерге дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психологиялық дайындық және босануға дайындық туралы кеңестер беріледі. Сонымен қатар, жастар арасында жыныстық тәрбие мен отбасын жоспарлау мәселелерін де қамту қажет. Бұл - ерте жүктіліктің және соның салдарынан болатын асқынулардың алдын алудың тиімді жолы.
Қазіргі заманда профилактикалық жұмысты тек дәстүрлі жолмен емес, заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізуге болады. Мысалы, мобильді қосымшалар арқылы жүкті әйелдер өз жағдайын бақылап, қажет кезде дәрігерден онлайн кеңес ала алады. Әлеуметтік желілер, онлайн дәрістер, бейне сабақтар да үлкен рөл атқарады.
Жүктіліктің ерте кезеңінде медициналық-профилактикалық шаралар жүргізу тек асқынулардың алдын алып қана қоймай, жүктілік бойы қауіпсіз бақылауды қамтамасыз етеді. Әйел адам жүктілікті білген сәттен бастап, 12 аптаға дейін емханаға тіркеліп, алғашқы кешенді тексеруден өтуі тиіс. Бұл тексерулерге мыналар кіреді:
* Жалпы қан, зәр талдауы;
* Қан қысымын өлшеу, салмақ пен бойды тіркеу;
* Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);
* АИТВ, сифилис, гепатиттерге тестілеу;
* Жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйелерінің жағдайын тексеру.
Осы шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соvid-19 инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі
Омыртқаның остеохондрозында қолданылатын классикалық массаж
ХИМИОТЕРАПИЯДАН КЕЙІНГІ ПАЦИЕНТ КҮТІМ ЕРЕКШЕЛІГІ
Инсульттен кейінгі оңалту
Отадан кейінгі болатын асқынулар
Төтенше жағдайларда тұрғындарды емдік-эвакуациялық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру
Дененің артық салмағы және семіздік
Созылмалы аурулар туралы сипаттамасы
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Науқасты шұғыл операцияға дайындау
Пәндер