Бастауыш мектептерде инновациялық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастырудың мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіз мемлекет екендігін бүкіл əлемге дəлелдеді. Ендігі басты міндет - осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың əлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің əлеуметтік, экономикалық өсіп - өркендеуінің түпқазығы - білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, əлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ.

Бүгінде инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру білім берудегі басты мәселеге айналып отыр. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы Жолдауын барша Қазақстандықтар тыңдады деуге болады. Онда президентіміз «Бүгінгі жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі 1 жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге жаңа Қазақстанды құруға кірістік»-, деген болатын. «Азаматтардың ертең емес бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең маңыздысы - еліміздің егемендігі. Маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ. Мені ең алдымен, халқымның болашағы қалай болатыны толғандырады», - деп жолдауын аяқтады президентіміз Қ. К. Тоқаев [1] . Сапалы білім - жетістікке жетудің жолы, әрі экономиканы дамытудың басты құралы», -деп ерекшелеп көрсетуі, бүгінгі мамандарды даярлауда және оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдануда барша ұстаздар қауымына жүктеп отыр. Осыған орай, білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді.

Күн тəртібінде қойылып отырған күрделі мəселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді əлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды жəне жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Әлемдік педагогикада білім беру парадигмасы әр ғасыр сайын өзгеріп отырады («білімдік», «мәдениеттілік», «технократтық», «ізгілік», «адами-бағыттылық», «педцентрлік», «академиялық», «кәсіптік» және т. б. ) .

«Білімді адам» парадигмасының орнына келген «өмірге дайындалған, өмір сүруге бейімделген іскер адам» парадигмасының айтулы айырмашылықтары баршылық. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, білімді адам деп өзінің жеке таңдаған бағыты бар, өз бетінше интеллектуалды дами алатын және саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени өмірде өз жауапкершілігін сезінетін адамды айтамыз.

Қазіргі таңда еліміздегі болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерге сын көзбен сараптау және оны бағалауда инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды басты назар етіп алады.

Бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру бұл білім берудегі басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі осы міндеттерді шешуге Ы. Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегіндегі «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, оларды өз бетімен білім алуына мүмкіндік жасап, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тәлмен түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді, өз ісінің шебері болу қажет»-, деп атап көрсетеді[2] . Ал, Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай өз бетімен ізднуіне шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек»-, деп ескертеді[3] .

Бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселесінің өзектілігінің артуы мектептегі оқу-тәрбие процесіне жаңаша тұрғыда қарап, оны оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру ғана емес, инновациялық, танымдық-шығармашылық іс-әрекет және интеллектуалдық, шығармашылық процесс ретінде қарастыруды міндеттейді

Инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Әр түрлі жастағы оқушыларға инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстаында қарастырылған. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар - А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсыновтың ағартушық педагогикалық мұраларында да осы мәселелер көтерілді[2, 3, 4, ] .

Педагогикалық процесс мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде әр жеке тұлғаның бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мен дара мүмкіндіктерін есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мен оның психологиялық табиғаты, мәні мен мазмұнын түсінуге байланысты ой-пікірлер тамыры тереңге бойлайды. Оның маңыздылығы жөнінде қазақ ғұлама ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т. б. [2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9] еңбектерінде өз заманының сұранысына қарай сөз қозғайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практикадағы жетістіктерді адамның инновациялық іс-әрекетімен, рухани дамуына, дара мүмкіндіктері мен интеллектуалдық сапаларының жоғары деңгейде қалыптасуын ұйымдастыру міндетін қояды[10] .

XXI ғасырда ғылым мен білімнің қарыштап алға дамуында оқушының инновация­лық іс-әрекетке деген қажеттілігі артып отыр. Бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру ең алдымен, мұғалімнің инновациялық белсенділігін ескерген жөн. Оқушының инновациялық белсенділігінің жаңа өзгерістеріне оқушының көзқарасын, жаңаны білсем, үйренсем, қолдансам және т. е. жаңа іс-әрекеттерін жатқызуға болады.

Бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру іс-әрекеті жалпы әрекеттің реттілігімен, нақтылығымен сипатталады. Педагогтың инновациялық-дидактикалық іс-әрекетке қатысуы жаңалыққа көзқарасы, педагогикалық біліктілік деңгейі, жеке педагогикалық іс-тәжірибесі, педагогикалық теориялық дайындық деңгейлерімен сипатталады.

Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, жаңа за­ман талаптарына сәйкес бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдануда ең алдымен, ғылымның қазіргі кезеңдегі әдіснамасына, педагогиканың әдіснамасына, әдіснамалық негіздемесіне сүйену қажет.

Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы өркениеттің дамуының негізгі аспектісі болып табылады. Білім берудің жаңа парадигмасын өмірде жүзеге асыру үшін бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану - уақыт талабы. Инновациялық оқыту технологияларын қолдану дегеніміз - әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; жалпы орта білім беретін мектептердегі инновациялық реформаларды жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістерді, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т. б.

Бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану білім беру теориясын түсінуге мүмкіндік беретін философиялық және білім беру тәжірибесінде өзінің идеясын жүзеге асыруға көмектесетін өмірлік бағыттылығы

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Педагогикалық психология соңғы кезде оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологияландыру проблемасына байланысты өмірге келді. (Апатова Н. В. ) [11] Қазіргі кезеңде оқыту теориясындағы оқытуды қарастыруға технологиялық қатынас «Технология», «инновациялық технология», «Оқыту технологиясы», «Тәрбие теориясы», «Ойын технологиясы», «Дамыту технологиясы» т. б. ұғымдар бір- бірінен ажыратып, жеке -дара қарастыру қажет.

Технология - латын сөзі, texne - өнер, кәсіп, шеберлік, logos - ғылым, ілім деген мағынаны білдіреді.

Технология - тәртіп бойынша реттеліп, жоспарланған іс-әрекет, үрдіс (процесс) және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе.

Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, М. М. Потащник, В. И. Загвязинский, Т. И. Шамова, т. б. зерттеулерінде қарастырылған[12] .

Бүгінгі таңда Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, А. Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы, А. Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері) негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның, М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал [13-15] .

Сонымен қатар С. Н. Лысенкованың «Перспективті дамыта оқыту технологиясы», Н. П. Гузиктің «Сынып ішіндегі деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы», В. В. Фирсовтың «Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы», Н. Н. Пиканның «Саралап деңгейлеу технологиясы», В. Дьяченконың «Жобалап оқыту технологиясы», М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», В. М. Монахавтың технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, И. П. Волковтың «Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы», Ш. Амоношвилидің «Ізгілікті-тұлғаны оқыту технологиясы», Ляудис В. Я., Щукина Г. И. «жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы», «Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы» «Ақпараттық оқыту технологиясы» (Дьяченко), «Проблемалық оқыту технологиясы», «Ойын арқылы оқыту технологиясы» В. В. Гузив, Жанпейсова М. М. т. б. жаңа технологиялық оқыту түрлері зерттеді [13, 16-21] .

Қазіргі кезеңде Қазақстандық жоғары оқу орындарының мақсаты да жаңа яғни инновациялық технологияларды меңгерген, оларды өз тәжірбиесінде шығармашылық дағдылары қалыптасқан мамандарды даярлау. Бұл мақсатты шешуде жоғары орындарының білім беру мазмұнында міндетті түрде оқытылуы тиіс. «Инновациялық технологиялар» пәнінің мәні зор. Инновациялық технологиялар кәсіби және отбасы сферасында бірдей табыс, өзіменде, өзгелермен де үйлесімді өмір сүре алуға икемді тұлға қалыптастыра алатындай болу қажет. .

ҚР 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қазіргі білім беру ұйымдарын басқару қызметі алдында білім берудің жаңа парадигмасына сай негізгі бағыттар - педагогтың білім берушілік ролі өзгеруін ұйымдастырушылық және ресурстық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр [22] . Білім берудің күтілетін нәтижелерін қалыптастыру міндеттері педагогтардың ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, мотивациялары мен ұстанымдарын, қалыптасқан түсініктерін өзгертуді талап етуде. Бұлар өз кезегінде педагогтарды өз әрекетін басқарудың басты ресурсы ретінде ұйымдастыра отырып, оларды дамыту қажеттіліктерін тудырады.

Білім беру саласында инновациялық оқыту технологияларын қолдану проблемасын көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде зерттеген. Мысалы:

Морозов А. В., Чернилевский Д. В., Кондаков М. И., Қараев Ж., Қуанбаев Е., Таубаева Ш. Т., Лактионова С. Н., Тұрғынбаева Б. А., Скаткин С. В., Румянцева Л. Е., Айтбаева А. Б., Джусубалиева Д. М., Әбдікәрімұлы Б., Нұрғалиева Г. К., Чошанов М., Селевко Г. К. [23-35] .

Демек, қазiргi кезеңде бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселесiн тереңірек зерделеудi талап ететiн, қоғамдық маңызы ауқымды проблема екендігі белгілі болды.

Дегенмен де жоғарыдағы талданған ғылыми-зерттеу жұмыстарында бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселелері жеткілікті қарастырылмаған. Сонымен, ғылыми психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мен мектептердегі оқу-тәрбие процесіндегі тәжірибелерді саралау нәтижелері мынадай қарама-қайшылықтарды анықтап отыр: бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыру мәселесінің оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар туындап отыр. Сол себептен біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық шығармашылық дағдыларын қалыптастыру» деп таңдап алдық.

Зерттеу мақсаты: бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, инновациялық оыту технологияларын қолданудың әдіс-тәсілдерін айқындап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде дәлелдеу.

Зерттеу обьектісі: бастауыш мектептердегі білім беру үрдісі.

Зерттеу пәні: бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологиялары тиімді қолданылса, онда бастауыш мектеп оқушыларының білім сапасы артып, шығармашылық дағдысы қалыптасады.

Зерттеу міндеттері:

- бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды теориялық талдау;

- шығармашылық дағдыларды қалыптастыруда инновациялық оқыту технологияларын қолданудың мүмкіндіктерін анықтау;

  • бастауыш сыныптарда инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастырудың өлшемдері мен деңгейлерін айқындау;

- бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды эксперимент жүзінде тексеріп, дәлелдеу.

Зерттеудің көздері: ҚР-сының білім беру мәселелері жөніндегі мемлекеттік нормативті құжаттар, жалпы білім беретін мектептің стандарты, оқу бағдарламалары, ғалым педагог-психологтардың еңбектері; инновациялық білім берудің ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар мен педагогикалық, зерделеу тәжірибесі.

Зерттеу әдістері: зерделеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; бақылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын ұйымдастыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру теориялық жағынан талданды;

- шығармашылық дағдыларды қалыптастыруда инновациялық оқыту технологияларын қолданудың мүмкіндіктері анықталды;

  • бастауыш сыныптарда инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастырудың өлшемдері мен деңгейлері айқындалды;

- бастауыш мектептерде инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру эксперимент жүзінде тексеріліп, дәлелденді.

Зерттеудің практикалық маңызыздылығы: Зерттеу нәтижелерін, бастауыш мектеп мұғалімдері және біліктілікті арттыру институттарында, болашақ мамандарға өз жұмысында қолдануға болады.

Зерттеу базасы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы №25 жалпы білім беретін орта мектеп.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАС- ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бастауыш сыныпта инновациялық оқыту технологияларын қолдану арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру проблемасының ғылыми еңбектерде талдануы

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда [22] .

Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде. Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс - қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.

Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын ояту.

ХХІ ғасыр азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең.

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

  • практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
  • қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
  • еліміздің материалдық-қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
  • орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.

«Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс»деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды [14] .

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ-ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі innovis- жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С. И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың - «инновация» «нововедение» новшество» «новое» т. б. қазақша аудармаларын жасаған Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К. Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге жаңалыққа бет бұрудың кілті [2] .

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр, Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген [22] .

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары айқындалған. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Альтшуллер Г. С., Третьяков П. И., Кларин М. В., Бұзаубақова К., Омарова Р. С., Шамова Т. И., Жұмабекова Ф. Н., Сұлтанова Н., Берді Д. Қ., Нұpaxмeтoв Н., Кеңесбаев С. М., Сардарова Ж. И., Нaғымжaнoвa Қ. М. [36-48] т. б. зерттеулерінде қарастырылған.

Бүгінгі таңда Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы, В. А. Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері) негізінде қарқынды оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның, М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал [13, 14, 15, 21, ] .

Яғни, оқу процесін технологияландыру дегеніміз - білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі - қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазақстанда Ж. А. Қараевтің, Ш. Т. Таубаева, Қ. Қ. Қабдықайыров, М. М. Жанпейісованың, Тұрғынбаева Б. А. және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда [21, 25, 26, 27] .

Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, прфессор Ж. Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда [15, 16, 25] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші жастағы оқушыларға математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдары
Бастауыш сынып математикасында проблемалық технологияны қолдану
Артпедагогика
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz