Дене жаттығуларының жіктелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 298 бет
Таңдаулыға:   
- тақырып. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және оқыту әдістемесі пәніне кіріспе
  1. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі - мектеп жасына дейінгі балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым
  2. Дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары (дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т. б. )
  3. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
  4. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны
  5. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі-мектеп жасына дейінгі балалардың денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдылықтары туралы ғылым

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы қоғамның болашақ құрлысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиесі теориясының жалпы идеологиялық және методологиялық негізі - дене тәрбиесі заңдылықтарын нағыз ғылыми түрде танып-білу, жан-жақты жарасымды жетілген жеке адамды қалыптастыру үшін кең мүмкіндіктер ашу. Дене тәрбиесі үшін жеке адамды қалыптастырудағы өмірдің әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші рөлі туралы қағидаларының зор мәні бар. Үкіметтің дене тәрбиесі мен спорт мәселелері жөніндегі тарихи шешімдері адамдардың денсаулықтарын нығайтуға, дүниетанымды, жоғары өнімді еңбекке қабілеттілікті және өз Отанын қорғауға дайындықты қалыптастыруға бағытталған. Балалар дене тәрбиесінің жалпы теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас кезеңдеріндегі (туғаннан 6 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын арнайы зерттейді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі. Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін, неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді. Өз қимыл-қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттықтыруды сүйетін, айнала қоршаған ортадан өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және одан кейінгі жылдардағы белсенді шығармашылық қызметке қабілетті, дені сау, шымыр шыныққан, шат-шадыман баланы қалыптастыру - жан- жақты даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын маңызды міндеті болып табылады. Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми

зерттеулердің негізінде кіші топ жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық-физиологиялық ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда болатын қажеттіліктерін, көрнекілік-әрекеттік, көрнекілік-бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс-әрекеттің басым түрінің өзіндік еркешелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт береді. Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік- білім беру кешені (қимыл-қозғалыс жасай білу және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір қарапайым білім) ғылыми негізделген бағдарламаның талаптарын перспективалы қарастырады. Мұны игеру балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жан-жақты тәрбие берудің маңызды бөлігі болуымен бірге өз процесінде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т. б. тәрбиенің міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т. б) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс-әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.

Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан жақтарын, әсіресе, оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.

Балалар мекемелерінің жаппай практикасында тексеруден өткен зерттеу мәліметтері бүкіл тәрбиелік-білім беру процесінің алға басуына үлес қоса отырып, сыннан өтеді, бағдарламаларға, оқу құралдарына, оқулықтарға және балалармен жүргізетін практикалық жұмысқа ендіріледі. Сөйтіп мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы баланың даму заңдылықтарын танып біле, ең елеулі, прогресті нәрселердің бәрін бөліп көрсете, негіздей отырып, дене тәрбиесінің бүкіл жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді, кедергі келтіретін, жаттанды болған, қазіргі кездегі тәрбиелеу - білім беру міндеттеріне сәйкес емес нәрселердің бәрін бұлжытпай ауыстырып отырады және жоққа шығарады.

Дене тәрбиесінің негізгі ұғымдары

Дене тәрбиесі теориясында әртүрлі ұғымдар (түсініктер) : дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т. б. Қолданылады әртүрлі

құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп, нақтыланып келеді.

Ұғым-заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы процесінде бейнелейтін ой формасы; белгілі бір топқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі (Түсінік-заттар мен құбылыстардың санада сақталып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінсіз қайта жаңғыртылатын көрнекі сезімдік бейнелері. Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады) . Адамзат тәжерибелерінең нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады. Ендеше, дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға (түсініктерге) тоқталып өтейік.

Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т. б. тәрбиелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ, біріншіден, бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды (әдет) козғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсарту мен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі - дене жөніндегі білімділік, екіншісі - дене қасиеттерінің тәрбиесі.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі - бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі.

Мектептегі дене тәрбиесі - жалпы педагогикалык жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.

Оқушылар дене тәрбиесі - мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.

Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. «Дененің дамуы» термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла бой күші, бастың көлемі

т. б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады. «Дене дамуы» терминін кең түсінікте қолданғанда, оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді. Дене дамуы адам организмі - функцияларының және тұлға көлемдерінің бір қалыпта өзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі. Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2) бір деңгейде қалыптасуы; 3) адамның дене мүмкіншілігін төмендету сияқты 3 сатысы болады.

Дене дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандандырылған процесі.

Дене тәрбиесінің жүйесі, б ұл ұғым дене тәрбиесінің әлеуметтік практикасындағы белгілі тарихи үлгіні белгілейді.

Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның көңілін көтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру - адам организмінің ауырған жеріне массаж жасау, булау, су процедуралары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуаты қасиетін үйлесімді дамытып, жан-жақты дайындығы жоғары деңгейге жеткізу. Дене қуаты білімі - адамды қимыл ептілігі мен дағдыға үйрету және теориялық біліммен қаруландыру.

Дене әзірлігі - бұл дене шынықтыру кешенінің талаптары мен нормалары және Біртұтас спорттық жүйемен (спорттық разрядтар мен атақтар) анықталатын қозғалыс дағдыларының, іскерліктің, дене қасиеттерінің даму деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына қойылатын талаптар («Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасында») талдап жасалған.

Дене жетілуі - дене дамуының тарихи шартты деңгейі. Денсаулықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі. «Дене жетілуі» ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіктер - өндіріс қажеттіктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықыласы әсерінен өзгеріп отырады. Әр тарихи дәуір үшін дене жетілуінің өзіндік деңгейі тән. Құлдық пен қаналушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Біздің елімізде және басқа да көптеген мемлекеттерде адамзаттың интеллектуалдық, моральдық, дене жағынан жарасымды дамуы жайындағы арманы жүзеге асуда. Кәсібі, жынысы, жасы әртүрлі адамдар дене жетілуінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі, ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін меңгеріп қамтиды.

Дене машықтығы - дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы (мысалы, актердің, ұшқыштың, ғарышкердің, спортшының т. б. дене машықтығы) . Дене машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшеліктеріне байланысты дене жаттығуларын жасаудың міндеттері, өзіндік ерекшеліктері, құралдары, әдістемесімен сипатталады. «Жалпы дене дайындығы»-дене тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін бағытталған процесін

білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік, спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.

Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алынған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық әрекеттердің күрделі түрлері (қозғалысты ойындар) . Қозғалыстық әрекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын әрекеттің бәрін айтады. «Жаттығу» термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілу үшін де қолданылады.

Спорт - әртүрлі жаттығулардың көмегімен жоғары жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған өнер түрі. Спорт - (ағылшын тілінде-«ойын», «көңіл көтеру») шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, әлеуметтік мәні бар тәрбиелік, ойындық, жарыстық әрекет. Спорт, бұқаралық спорт (барлық адамдар қатыса алады) және жоғары көрсеткіштер спорты (чемпионаттар, олимпиадалар т. б. ) деп бөлінеді. Спорттық дайындық-спортшының машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану және жарыс жүйесін ғылыми әдістемелік және материалдық тәсілдік жағынан қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасайтын көп жақты жүйе. Спорттық машықтану - спорттық дайындықтың негізгі бөлігі және спортшының өзі таңдаған спортында барынша жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал ететін қасиеттер мен қабілеттерді дамыту әрі жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын қолдануға негізделген дене тәрбиесі мамандығының арнайы жүйесі (дене машықтығы ұғымымен бірге алып қарауға болады) . Спорттық нәтиже - спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорттық жарыс - спорттық жетістіктер көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спорттық жарыстардың мақсаты үздік спортшылар мен топтарды анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау. Спорттық қозғалыс - әлеуметтік қозғалыстың ерекше бір түрі - спорт түрлерін құру, дамыту, сақтау, алмасу және тұтыну жүйелерінің тарихи қозғалысы, жеке адамды қалыптастыру құралдарының бірі. Тарихи спорттық қозғалыстар спорттың төмендегідей көпшілік (халықтық), резервтегі (негізгі), жоғары жетістіктер (үлкен), әуесқой және кәсіпқой түрлерін дүниеге әкелді. Спорттық қызмет - адам әрекетінің көп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл- қозғалыс дамуының ең жоғары түрі. Спорттың функциялары, біріншіден - спорт өз алдында тәрбиелік жағынан дұрыс ықпалын тигізумен қатар, қоғам өміріне дайындаушылық міндеттерді шеше отырып, қызмет етеді. Екіншіден, спорт өндірістік қызметке жатпайды, материалдық игіліктерді тікелей өндіруге байланысы жоқ. Спортқа тән барлық белгілер балалар спортында да сақталады.

«Балалар спорты» дегеніміз арнайы дайындық негізінде, алдынала үйренген қозғалыс кимыл мүмкіншіліктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жарыстарда өнер көрсету деп білеміз. «Жасөспірімдер спорты» деген түсінікке талдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобымен анықталады. Бұл түсінік шартты, оның себебі спортқа қыз балалардың катысуына байланысты. «Mектептегі спорт» деген түсінік қатысушылардың белгілеріне қарағанда, «балалар спортына» сәйкес. Бұл түсініктің айырмашылығы «балалар спортын» мектепке дейінгі ұйымдар,

мектептер, мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» мектеп ұйымдастырады.

«Физикалық рекреация» белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы физикалық қасиеттерді қалпына келтіру үшін басқа бір іспен айналыса отырып, дене тәрбиесінің бір міндетін шешу.

«Физикалық реабилитация» - денені қайта қалпына келтіру. Дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақат алып немесе басқа аурулармен ауырып мүмкіндіктерін уақытша жоғалткан адам ағзасын қалпына келтіру үшін дене жаттығуларын арнайы түрде пайдалану.

Дене мәдениеті - адамдардың дене қуатының жетілуі үшін пайдаланылатын қоғамдық-материалдық (спорт ғимараттары, құрал-жабдықтар) және рухани (арнаулы білім, ғылыми тәжірибе) байлығын құрайтын жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізгі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру, қолданбалы дене мәдениеті болып табылады. Негізгі дене мәдениеті - адамдардың өз шама-шарқына қарай тандап алған кәсіби және спорт мамандығын жетілдіруінің негізі. Ол жалпы білім беру мекемелерінде қолданылады әрі егде кісілерге денсаулығын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін арттыруға көмектесе отырып, адам психологиясының орнықтылығын, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді.

Спорт қимылының негізгі мақсаты - спорттың бір түрінен жоғары жетістіктерге жету, сол арқылы адамның қабілет-қарымын, ептілік касиеттерін калыптастыру. Қолданбалы дене мәдениеті-кәсіптік және әскери дене мәдениеті деп екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл-әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге бағытталады. Сауықтыру дене мәдениетіне-емдеу дене мәдениеті жатады. Оның мақсаты - организмнің уақытша жоғалған функциялық мүмкіндіктерін калпына келтіру. Гигиеналық дене мәдениеті-жаттығушылар организмдерінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (дене шынықтыру, өндірістік гимнастика) күнделікті демалыста (таңертеңгі бой жазу, серуендеу, саяхат т. б. ) қолданылады. Дене мәдениеті қызметтерін- арнаулы және жалпы дене мәдениеті деп екіге бөледі. Жалпы дене мәдениеті қызметтері: нормативтік қызмет-адамның қимыл-әрекетін тиімді мөлшерлеген оқу бағдарламасынан, президенттік сынамалардан (еңбекке, Отан қорғауға дайындық) және еліміздегі спорт разрядтарының нормаларынан тұрады. Арнаулы дене мәдениеті қызметтері: білімділік қызметі - дене мәдениетін оқу-білім арқылы қимылдың ептілігі мен дағдысын калыптастыруға пайдалану. Қолданбалы қызмет - келешек жұмысқа дайындау үшін қолданылатын арнаулы дене тәрбиесінің жүйесі. Тынығу қызметі - дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам организмінің уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін калпына келтіру. Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық-тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Басқа сөзбен айтқанда, денешынықтыру халық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене тәрбиелеу мәдениеті адамның өзінің денесін дамытып өзгерту жолындағы қызметтің нәтижесі және осы жолдағы процесс деп ұғынамыз. «Дене тәрбиелеу мәдениеті» ұғымын түсіну үшін оның үш бағытын еске алу қажет:

  1. Дене тәрбиелеу мәдениеті қозғалтқыш әрекет түрінде. Бұл ұғымға белсенді қоғалыстары бар оқиғалар жатады.
  2. Дене тәрбиелеу мәдениеті құндылықтардың жиынтығы ретінде. Яғни, дене шынықтырумен айналасу барысында әртүрлі құндылықтар пайда болады (стадиондар, спорттық киім, денсаулыққа пайдасы бар т. с. с) .
  3. Дене тәрбиелеу мәдениеті әрекеттің нәтижесі ретінде. Бұл нәтижелер дене дайындығы, денсаулықтың жақсаруы болып табылады. Дене тәрбиесі мәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Материалдық игілік - сабақ, жаттығу өткізуге қажетті әртүрлі спорт құрылыстары, арнаулы жабдықтар, құралдар, қаржыландыру мәселелері, дене тәрбиесі жүйесінің идеологиялық, ұйымдастырушылық және ғылыми бағытын қамтамасыз ететін әлеуметтік іс жүзіндегі жетістіктер. Материалдық және рухани игіліктер адамдардың қоғамдық, ғылыми, сонымен бірге педагогикалық қызметінде, өндіріс аясында жасалады. Сондықтан игіліктерді, біріншіден, арнаулы ұйымдастырылған педагогикалық процесте; екіншіден, тұрмыс жағдайында дене жаттығуларымен айналасу түрінде; үшіншіден, көпшілік қауымды қамтитын баспасөз, радио, теледидар т. б. арқылы әртүрлі формада пайдалануға тиістіміз. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары, бассейндер және т. б. ), құрал-жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім және т. б. кіреді. Рухани игілік болып табылатындар: ғылым, өнер шығармалары (әдебиет, мүсін, кескіндеме, графика, музыка т. б. ) .

Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аэробикалық жаттығулар арқылы дене қозғалысының белсенділігін арттыру теориясы
Дене жаттығуларының техникасы
Экотуризм - туризмнің алуан түрлі бағыты
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Жаттығу түрлері
Адам қаңқасының құрылысы
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Жеңіл атлетикаға кіріспе
Спортшыларды дайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz