Парсы мәдениеті


СӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі Иран Орта Азия туралы деректер
Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:
2025 жыл
Жоспар
Кіріспе
- Ежелгі Иран мен Орта Азия туралы қысқаша мәлімет
Негізгі бөлім
2. 1 Элам жайлы деректер
2. 2 Мидия патшалығы
2. 3 Ахеменидтер державасының өркендеп нығаюы
2. 4 Лидия патшалығы
2. 5. I Дарийдің реформалары
2. 6. Парсы мәдениеті
2. 7 Иранның табиғат жағдайы мен халқы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
- Ежелгі Иран Орта Азия туралы қысқаша мәлімет
Иран мен Орта Азия шаруашылығы мен әлеуметтік қатынастары жайлы біздер негізінен археологиялық ескерткіштер арқылы білеміз. Өте ертедегі тарихтың кей деректері сондай-ақ тәжік халқының ата-бабалары шығарған және Иранға кейініректе кең тараған, Авестаның тамаша шығармаларының алғашқы нұсқаларында да сақталған. Бізге тек Эламнан ғана әр түрлі документтерден тұратын тұтас архивтер келіп жетті. Б. э. дейінгі VІ ғасырдан бастап Ахеменидтер жазулары пайда болады. Бізге Бехистун жазуы белгілі, оны зерттеу сына жазудың сырын ашуға мүмкіндік берді. Көптеген мәселелерді анықтауға Геродоттың, ішінара Ктеси мен өзге де антик заман авторларының жазып қалдырған мұралары көмек көрсетеді.
Негізгі бөлім
2. 1 Элам жайлы деректер
Элам. Иран халықтары ішінен тарих санасына өзгелерден бұрын, осыған дейінде талай аталған эламдықтар шығады. Бұлардың елі шағын ғана Керхи және Карун өзендерінің алабын және бұған солтүстік жағынан ұласып жататын анчан таулы аймағын алып жатты. Эламның асанасы Сузы қаласы жазыққа көптеген ескерткіштерін, әсіресе шеберлікпен жасалған әшекейлі керамикалық бұйымдарды тапты. Элам өз тарихының өн бойында Қосөзенмен тығыз байланыста болып келген, бұл оның экономикасы мен мәдениетінде де сөзсіз ықпал жасады. Эламда пайда болған жазу жүйесін б. э. . дейінгі ІІІ мың жылдықтың соңғы кезінде батыс көршілерінен ауысқан сына жазуы ығыстырып шығарады. Алғаш сына жазуы текстері аккад тілінде жазылып келсе, б. э. . дейінгі ІІ мың жылдықта элам тілінде жазыла бастайды. Эламның Қосөзен елдерімен арадағы саяси қатынастарында да елеулі өзгерістер болып тұрды. Кейде ол Аккад ықпалына да түсіп қалып тұрды. Бірақ, кейде бұған керісінше, Элам патшалары батыс көршілерінің әлсірегенін пайдаланып, оларға қарсы шабуылға шыққан кезеңдерде болды. Элам осылайша б. э. дейінгі ХХ-ХVІІІ ғасырларда Тигр мен Евфрат өзендері алқабында ыдыраушылық пен өз ара қырқысудың, соғыстардың өршіп тұрғанын пайдаланып, бұл жерлерге өзінің бақылауын орнатады. Б. э. дейінгі ІІ мың жылдықтың екінші жартысында эламдықтар қайта күшейеді және Вавилонияға жорықтар жасайды. Әлеуметтік қатынастар жөнінен Эламда көршілес Қосөзенге көптеген ұқсастықтар байқалады. Сонымен бірге мұнда жергілікті өзгешеліктер де болды. Бұл жерде таптық қоғамның қалыптасқан жағдайының өзінде матриархаттың әртүрлі қалдықтары Қосөзенге қарағанда әлдеқайда ұзағырақ сақталды, мұның өзі ежелгі Египеттегі жағдайға ұқсас еді. Мәселен, жер учаскелеріне әйелдер толық иелік ететіні жайлы деректер бар. Таққа мұрагерлік ету жүйесі де басқаша болатын, ол әкеден балаға емес, ағасынан інісіне қалып отыратын. Б. э. дейінгі VІІІ- VІІ ғасырларда Элам ен ассирия арасында табан тірескен қатал шайқастар болып, ақыры ол Ашшурбанипалдың әскерлері Сузыны талқандауымен аяқталады. Осыдан кейін Элам дербес роль атқарудан қалады, бірақ элам тілі парсы және вавилон тілімен қатар әліде ұзақ өмір сүреді, Бехистуннан табылған үш тілдегі жазу осының айғағы. Эламның құллдырауы бұл жолы енді иран тілдес жаңа халықтардың-мидиялықтар мен парсылардың өрлеуіне жағдай туғызды.
2. 2 Мидия патшалығы
Мидиялық бытыраңқы тайпалар енді біріңғай тайпалар одағына бірігеді де, бұл одақ Мидияның өзін ғана емес, иранның өзге аймақтарын да, соның ішінде оңтүстіктегі персияны да қамтиды. Және бұл соңғысы кейінірек жетекші рольге ие болады. Гректердің айтуынша Мидия державасын құрушы Дейсок деген болған, ол патша болып сайланған және елге өзінің толық билігін орнатқан. Елдің астанасы-Экбатананың негізін салған да сол деген сөз бар; ол оны шағын поселениеден бірнеше қорғандармен қоршалған қуатты қамалға айналдырған. Дегенмен мидияның ең өрлеген кезін б. э. дейінгі VІІ ғасырдың аяғына ғана жатқызуға болады. Бұл кездің өзінде де ол толық мағынасындағы мемлекет емес, тайпалардың берік емес одағы еді және деректерде ондағы жоғарғы әміршімен бірге оған бағынышты өзге патшалардың аттары да еске алынады. Мидияның әміршілері ішіндегі ең көрнектісі және Мидия державасының шын мағынасындағы ұйымдастырушысы Киаксар болды. Ол Ассирияның Вавилонмен және Эламмен күресте әлсіреуін де, бүкіл Алдыңғы Азияны көктей өткен скифтердің жорығында барынша пайдаланды. Солтүстіктен келген бұл жауынгер тайпалардың шабуылынан Мидияның өзінен де біраз жері зардап шексе де, Киаксарға скифтерді бой сұндырудың ғана емес, оларды өзіне қызмет еткізудің де сәті түсті. Ассирия Эламды жеңгенімен оны игеруге күші де, мүмкіндігі де жетпеді, сондықтан бұл соңғысы енді Мидияның ықпалына көшті. Киаксарға қайта өркендеген Вавилонмен одақ құрудың сәті түсті. Бұрынғы тайпалық контингенттерден тұратын құрама жасақтың орнына тұрақты армияны құруы - ежелгі авторлардың бағалауынша, Киаксардың басты табысы еді. Ассириямен күрес тамаша жеңіспен аяқталды. Б. э. дейінгі 612 жылы Киаксар Ассирияның астанасы Ниневияны басып алды және вавилон патшасы Набупаласармен Ассирия жерлерін бөлісті. Мидия державасы құрамына сонымен бірге Урарту жерінің үлкен бөлігі және Кіші Азияның шығыс бөлігі - Каппадокия кірді. Мидия иеліктерінің батысқа қарай кеңейе түсуі осыдан кейін тоқтап қалды. Лидиямен соғыс Киаксар үшін тым ауыр болып шықты да, ол шығыс және грек елдері арасындағы сауда қатынастарын өз қолында ұстап тұрған бұл қуатты және бай мемлекетпен келісімге келуді дұрыс деп тапты. Киаксар мен Лидия патшасы Алиаттың арасындағы келісім бойынша Галис өзені екі мемлекеттің шекарасы болып белгіленді.
2. 3 Ахеменидтер державасының өркендеп нығаюы
Кир Лидияға қарсы аттанды да, лидиялық таңдаулы атты әскерге қарсы бұрын лидиялықтарға белгісіз болып келген түйелі әскер шығарып, жеңіске жетті. Бұдан соң парсы патшасы шұғыл соққы беру арқылы Лидияның астанасы - Сардыны алды. Лидиядан кейінгі кезек Вавилонияға келді. Бұрынырақта көргеніміздей, Вавилон патшалығы ішкі ала ауыздықтардын әлсіреген еді және өзінің Кир армиясына қарсы жасалған аса қуатты қорғаныс құрылыстарын пайдалана алмады. Кирдің айтуы бойынша ол «Вавилонға бейбіт түрде кірді» және қасиетті қаланың құдайларын сыйлайтындықтың белгісі ретінде, оның пайдаланып келген жеңілдіктер мен артықшылықтарын сақтап қалды. Екінші жағынан, Кир өзінің мұнда келуін тағатсыздана күткен және «вавилон тұтқынынан» босатар деп үміт күткен иудейлік қоныстанушыларды да өз жағына тартты. Кир олардың Палестинаға қайтуына және Иерусалимді қалпына келтіруіне рұқсат етті. Сөйтіп ол ол Египетке шабуыл жасау үшін ыңғайлы плацдармға ие болды. Осы мақсатпен Кир финикиялық сауда қалаларымен де тіл табуға, олардың флотын Жерорта теңізі жағасындағы өз үстемдігін нығайта түсу үшін пайдалануға тырысты. Кирдің өзіне батысқа қарай бағытталған басып алу жоспарларын онан әрі жүзеге асырудың сәті түспеді, өйткені оған солтүстік-шығысқа, Орта Азияға алаңдауға тура келді. Бұл уақытта Каспий теңізінен шығысқа қарай созылып жатқан кең-байтақ территориялардың экономикасында үлкен іргелулер болған еді. Темір бұл жерлерге едәуір кеш тараса да егіншілікті әлдеқайта дамыта түсуге мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығының басты ауданы - Амудария алабындағы Хорезм еді, мұнда кең көлемдегі суландыру жұмыстары жүргізіліп, ұлы өзеннің асау ағыннын ауыздықтауға мүмкіндік берді. Каналдар мен шлюздердің күрделі жүйесі жасалды. Бұл егіншілік мәдениетінің гүлденуі біздерге негізінен совет археологтарының қазбалары арқылы ғана мәлім болып отыр. Осы егіншілік аймақтарынан сыртқа қарай кең-байтақ далалар басталып, онда мал баққан сақ-массагет тайпалары көшіп-қонып жүретін. Өзінің солтүстік-шығыс облыстарын нығайта түсу және Амударияның құнарлы алқаптарына алып баратын жолдарды басып алу үшін Кир осы жауынгер тайпаларға қарсы жорыққа шықты, онысы сәтсіз болып аяқталды. Ұшан қиыр далада парсылардың әскері жаулардың қоршауында қалады, шайқастардың бірінде Кирдің өзі қаза табады. Геродоттың айтуынша массагеттердің «әйел патшасы» басқыншының басын шауып алып қан толтырған торсыққа салып, қанға той деп бұйырған. Жергілікті дәстүрден шығарылған бұл аңызда парсы патшасына үнемі басқыншылықпен айналысушы ретінде қараған еркін сақ тайпаларының көзқарасы бейнеленген. Алайда, Кирдің жеңілуі мен қазаға ұшырауы Ахеменидтер державасының ұлғая түсуін тоқтатқан жоқ. Египетке басып кіру жөніндегі Кирдің ойын оның баласы және мұрагері Камбис жүзеге асырды. Өзінің әкесі сияқты ол да әскери шаралар мен бірге дипломатиялық әдістер қолданды, өз әскерлерін Палестинаға топтаған Камбис Синай шөлі арқылы Египет шекараларына апаратын жолдарды қолдарына ұстап тұрған араб көшпелілерімен келісімге келеді. Осының арқасында ол өз әскерлерін қажетті ауыз сумен қамтамасыз ете алды, көшпелілер суды бұларға түйелермен тасып жеткізіп тұрды. Парсылардың теңіз флоты жоқ еді, бірақ олар финикиялық кемелерді және ішінара грек кемелерін барынша пайдаланды. Оның үстіне ХХІV династия фараондары тұсында Египеттің теңіз күштерін басқарған бекзаданың сатқындығы жайында да ап-айқын тұспалдар бар. Оның үстіне Египеттегі жалдамалы грек әскерлерінің командирі Фанет Камбистің жағына ашықтан ашық шығып кетті де, басқыншыларға өлшеусіз қызмет көрсетті. Парсы әскерлері Египет шекарасына жақындап қалғанда, египеттің жігерлі фараоны Амасис аяқ астынан қаза болды. Осындай қолайсыз жағдайлардың бәріне қарамастан, Египет армиясы шекарадағы Пелусия түбіндегі ұрыста басқаншыларға табанды қарсылық көрсетеді. Арада 70 жыл өткен соң осы шайқас алаңын Геродот келіп көреді және аса көп мөлшердегі өлген адамдардың сүйегіне кез болады. Бұл шайқаста парсыларға ерлікпен соғысқан Египет жауынгерлерін жеңіп шығудың сәті түсті және бұдан арғы жерде табыстарға кедергісіз жетіп отырды. Мемфис басып алынды да, бар болғаны бірнеше ай ғана патшалық құрған фараон ІІІ псамметих тұтқынға түсті. Камбистің Эфиопияны да бағындыру үшін жасаған әрекеті сәтсіздікпен аяқталды. Ол табиғи кедергілер мен өз тәуелсіздігін қорғаған жергілікті халықтың табандылығын жеңе алмады. Персияның өз ішінде де қиындықтар туды. Кирдің тұсында сақталып келген патриархтың ескі ғұрыптармен санасуды мүлде қойып, Камбистің қай мәселені болса да жеке шешуіне әскери шонжарлардың арасында наразылық пісіп жетілді. Камбис өз інісі Бардияға опасыздық жасады, бүлікшілермен байланысы бар деген күдікпен астыртын түрде өлтіруге бұйрық береді. Алайда мұның өзі оқиғаларды тек тездете түсті. Патша інісінің өлгенін ешкім білмеді де, бұл жағдайды сырт келбеті жағынан өлтірілген патша інісіне ұқсас мидиялық абыз Гаумата пайдаланып кетті. Ол көтеріліске басшылықты өз қолына алды, «Персия, Мидия және басқа да елдер» оның жағына шықты. Камбис Египетті тастап, көтерілісті басу үшін асығыс түрде еліне аттанды, бірақ жолда өте жұмбақ және күдікті жағдайда қаза тапты.
2. 4. Лидия патшалығы
Лидия патшасы Крез одақтастарын күтпестен қимыл бастап қойды, бұның өзі істің бәрін бүлдірді. Лидияның халықаралық аренада аса үлкен роль атқарғанын ескеру жөн. Ол б. э. дейінгі VІІ ғасырғы дейін Эгей теңізіне құятын Герма және Меандра өзендерінің құнарлы алқаптарында орналасқан шағын ғана мемлекет болып келсе, осы айтылған ғасырдан бастап тез ұлғайып, күшейеді де, б. э. дейінгі VІ ғасырдың бірінші жартысында гүлдену шегіне жетеді. Лидия экономикалық және саяси жағдайлардың қолайлы кезеңін жақсы пайдаланады. Қолөнер мұнда күшті дамыды, әсіресе жүн маталарымен піл сүйегін күрең қызыл түске бояуды финикиялықтармен тайталасып отырған бояуханаларының даңқы алысқа кетті. Алтын құм өндірісі ақша шаруашылығына көшудің тездеуіне ықпал жасады. Лидиялықтарды б. э. дейінгі VІІ ғасырда пайда болған алғашқы ақшаны ойлап шығарушылар деп санайды. Бұл ақшалар құрамында күміс болған табиғи алтыннан соғылған. Қалай болғанда да, лидиялық көпестер дами бастаған ақша шаруашылығына тән жаңа әдістерді кеңінен қолданушылардың бірі болды, ал мұның өзі сауда жасаған кезде қымбат металдарды әрдайым өлшеп отыру қажеттігінен құтқарды. Лидиялық соңғы патшалар - Алиатт пен Крез тұсында Лидияның экономикалық өрлеуі саяси ықпалының күшеюімен бірге жүрді. Кіші Азияның үлкен бөлігі, соның ішінде гректердің теңіз жағалауындағы колониялары да оның қол астында болды.
2. 5 I Дарий реформалары
Таққа бекемірек отырып алғаннан кейін І Дарий өзінің сан тайпалары державасын басқару жүйесін толығымен қайта құруға кірісті және бірқатар әкімшілік және финанстық реформаларды жүзеге асырды. Ол елді 20 страптарға бөлді. Олардың әрқайсысының басында патшаның қойған әкімі отырды. Бұл облыстарда тұрған әскер басылардың қарамағында болды, сонымен бірге сатраптардың әскер басыларының үстынен және керісінше әскер басылардың сатраптардың үстінен шағым айтулары қолпашталып отырды. Бұл екі жағының да өз міндеттерін адал атқаруының кепілі болып саналды. Алым-салық жүйесіне ерекше назар аударылды. І Дарийдің «саудагер» деп атануы жайдан-жай емес. Бұрынғы кездейсоқ жүйесіз алым салықтардың орнына ақшалай және заттай төленетін жарнаның дәл мөлшері белгіленеді. Алым-салық Персиядан басқа барлық жерлеріне салынды. Салықтың жалпы сомасы 14 000 талант күміске тең болды. Ауырлықтың үлкені аса бай сатраптар: Вавилон мен Египет түскен еді. Салық жинауға откуп иесі, басқаша айтқанда қажет соманы алдын-ала өзі төлеп, артынан оны жергілікті халықтан артығымен жинап алатын ірі іскаяқ адамдар пайдаланылып отырды. Вавилондағы осындай саудамен және өсімқорлықпен айналысқан «Мурашу үйінің» зорлық-зомбылықтары жайында документтер сақталған. Бұл жылпостар компаниясының өкілдері тоналып, жәбірленген тұрғындардың арыз-шағымдаршын парсы чиновниктері тыңдамауы үшін оларға ашықтан-ашық пара беріп отырған. Өз державасының әр түрлі бөліктері арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту, сауда мен ақша шаруашылығын жандандыру үшін І Дарий Лидия мен Грециядағы сияқты теңге жүйесін енгізеді. Негізге теңге болып алатын дарик саналады, оны шығару патшаның ғана ісі болды. І Дарий сыртқы саясатта белсенділік және жігерлілік көрсетіп отырды. Оған бір кездері Кирді жеңген сақ-массагеттерді жеңіп шығудың және парсылар үшін Орта Азияға жол ашудың сәті түсті. Одан арғы жерде, Геродоттың айтуынша парсы патшалары Амудариядағы негізгі шлюздерді қолдарына қаратып алады, мұның өзі оларға егіншілікпен айналысатын жергілікті халыққа су бермей қоямыз деп қорқыту арқылы олардан «сыйлықтар» жинап алып отыруға мүмкіндік береді. І Дарий шығысында Үндістанның бір бөлігін, батысында - Киренайканы, Эгей теңізінің кейбір аралдарын, сондайц-ақ Фракиямен Македонияны бағындырп алды. Алайда оның өз билігін Қара теңіз жағалауындағы скифтер мен европалық гректерге де жүргізуге де тырысқан әрекеті толық сәтсіздікпен аяқталды да, мұның өзі Ахеменидтер державасының әлсіреуіне қарай жасалған бетбұрыстың басыболды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz