Тағамдық тауық жұмыртқалары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

бет
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
6
АНЫҚТАМАЛАР
7
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
8
КІРІСПЕ
9
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
11
1.1 Әдебиетке шолу
11
1.1.1 Қазақстан Республикасындағы жұмыртқа өндірісі
11
1.1.2 Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы
16
1.1.3 Тауық жұмыртқасының сапасына әсер ететін факторлар
18
1.2 Ақтөбе қаласы Достық сауда орталығына қысқаша
сипаттама
20
1.3 Өзіндік зерттеулер
20
1.3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары
20
1.3.2 Тауық жұмыртқасының сезімдік көрсеткіштерін зерттеу
22
1.3.3 Ақтөбе қ. Достық сауда орталығында сатылатын тауық
жұмыртқасының қауіпсіздік көрсеткіштеріне зерттеу
29
2ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
32
3 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
34
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
35
ҚОРЫТЫНДЫ
36
ҰСЫНЫСТАР
37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
38
Қосымшалар
40

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік сілтемелер қолданылды:

МЕМСТ 31654-2012
Тағамдық тауық жұмыртқалары. Техн икалық
шарттар.
КО ТР 0212011
Тағам қауіпсіздігі туралы
КО ТР 0052011
Жұмыртқа қаптамасының қауіпсіздігі туралы
МЕМСТ 33824-2016
Тағамдық өнімдер мен азық-түлік шикізатыинверсионды-вольтампероме триялық әдістермен қорғасын, кадмий, мысты және мырышты
анықтау
МЕМСТ 31628-2012
Тағамдық өнімдер мен азық-түлік
шикізатыинверсионды-вольтампероме триялық әдістермен күшәланы анықтау
МЕМСТ 27583-88
Тағамдық тауық жұмыртқалары техникалық шарттар
МЕМСТ 58521-2019
Жұмыртқаны овоскоптау, жұмыртқаға жарық түсіру көмегімен қарау
МЕМСТ Р 58521-
2019
Жұмыртқа пішінінің индексі
МЕМСТ 32149-2013
Тауық жұмыртқасы. Микробиологиялы қ талдау
әдістері

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесідей анықтамалар қолданылды:
Хау бірлігі - жұмыртқаның сарыуызының айналасындағы оқуыздың биіктігімен салмағының үлестік қатынасын, осы бірлікпен анықтайды. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жұмыртқаның тағамдық құндылығы жоғары болып саналады;
Жұмыртқа сарыуызының индексі - сарыуызының биіктігінің оның диаметріне қатынасымен анықталатын сарыуыздың сапасы;
Жұмыртқа пішінінің индексі - пайызбен көрсетілген көлденең диаметрдің бойлыққа қатынасымен айқындалатын жұмыртқа сапасының көрсеткіші;
Жұмыртқаның морфологиялық көрсеткіштері - жұмыртқаның салмағы мен пішіні, сарыуызының, ақуыздың, қабығының салмағы, оның беріктігі және басқа да морфологиялық белгілерден тұрады, бұл көрсеткіштер азықтандырылуына тікелей байланысты болып келеді.
Жұмыртқаның мәрмәрлігі - жұмыртқа қабығы сапасының маңызды көрсеткіші болып табылады, тауық ағзасындағы минералдық және органикалық заттар метоболизмінің индикаторы болып саналады.
Инкубациялық жұмыртқа - балапанды шығаруға арналған ұрықтандырылған жұмыртқа түрі;
Жұмыртқада ұрықтың болуы- дискоидальды ұсақталған жұмыртқаның анимациялық полюсінде бластомерлердің жиналуы;
Жұмыртқа дегустациясы - піскен жұмыртқаның тағамдық құндылығын дәмін көру арқылы баллдық жүйемен бағалау;
Жұмыртқаның пугасы - немесе ауа камерасы қабығының астында және ақуыз қабығының арасындағы ауаға толы кеңістік.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар пайланылды:

СО
-сауда орталығы
ҚР СТАТА
-Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
ҚҚШО
-Қазақстанның құс шаруашылығы одағы
ЕЭОЕ
-Еуразиялық экономикалық одақ елдері
СССМбВК
-Сыртқы сауда саясаты мәселелері бо йынша
ведомствоаралық комиссия
АШҚ
-ауыл шаруашылығы құрылымдары
ЖМШ
-жеке меншік шаруашылықтар
WEO
-World Egg Organization
ҚР ҰКП
-Қазақстан Республикасының Ұлттық к әсіпкерлер
палатасы
ҚР ЭҰҚ
-Қазақстан Республикасының Экология лық ұйымдар
қауымдасытығы
ҚР ТКО
-Қазақстан Республикасының тамақ кәсіпорындары одағы
IEC
-International Egg Commision
АӨК
-агроөнеркәсіптік кешен

КІРІСПЕ

Ертеден бері адамдар жұмыртқамен тағамдық ас ретінде тамақтанған, себебі құстардың жұмыртқаларын табу оңай болды және олардың тағамдық құнарлығын, тіпті шикі түрінде де ішуге болатындығын білген.
Сол себептен, тауық жұмыртқасы - жоғары тағамдық құндылыққа ие күнделікті пайдалануға болатын қауіпсіз өнім ретінде қарастырылады.
Барлық дүниежүзінің халқы үшін тауық жұмыртқасы тамақтанудағы дәстүрлік өнім болып саналады, ал кейбір халықтарда тіптен діни мейрамдарындағы таптырмас тағам болып саналады.
Қазіргі кезде, құс шаруашылығы ең ж ылдам өнім беретін мал шаруашылығының саласы болып, экономикалық тұрғыдан да пайдалы болып саналады. Ал жұмыртқалағыш тауықтардан алынатын жұмыртқаның адам ағзасына және еліміздің экономикасына тигізетін пайдасы өте мол болып келеді. Еліміздің тұрғындарын жоғары сапалы, тағамдық құндылығы жоғары және аурулардан таза әрі қауіпсіз тауық жұмыртқасымен қамтамасыз ету, біздерге, яғни ветеринария мамандарының басты міндеті болып саналатындығын да атап
кеткен жөн.
Тағамдық тауық жұмыртқасы ауқаттануға арналған табиғи өнім болып саналады. Оның құрамында адам баласына қажетті мөлшерде биологиялық белсенді қосылыстарының болуына байланысты тағамдық құндылығы жоғары болып келеді.
Тауық жұмыртқасының ақуызы басқа тағам өнімдерінен айрықшаланады, келесі көрсеткіштер бойынша себебі құрамындағы алмаспайтын амин қышқылдарының, жеңіл сіңірілетін майлардың болуы, лецитиннің және қанықпаған май қышқылдарының үйлесімдік қатынаста әрі жоғары мөлшерде болуына байланысты болады.
Тағамдық өнеркәсіптердің ең басты міндеттерінің бір-бұл сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерімен тұтынушыларды қамтамасыз ету болып саналады. Сондай-ақ, бұл қауіпсіздік санитарлық тұрғыдан да қарастырылады.
Тұтынушыларды таза, сапалы, әрі қауіпсіз тауық жұмыртқаларымен қамтамасыз ету үшін, ең алдымен жұмыртқа өндірісімен айналысатын кәсіпорындар мен жеке меншік шаруашылықтарындағы құстардың, яғни тауықтардың денсаулықтарының жақсы болуымен тікелей байланысты болып келеді. Дені сау тауықтардан алынған жұмыртқалар таза әрі қауіпсіз болып келеді [1].
Дегенмен, жұмыртқалағаннан кейінгі жұмыртқанының тазалығы мен қауіпсіздігі оның түскен жері, яғни жұмыртқаның түскен жеріне де тікелей байланысты екендігін айта кету керек. Өйткені тауық жұмыртқасының сыртқы ортада, демек экзогендік жолмен ластануы әбден мүмкіндігінің болуы.
Сондықтан да, тауық жұмыртқалары арқылы әртүрлі тағамдық токсикоинфекциялардың туындауына жол бермес үшін, тұтынушыға сатар алдында, барлық қажетті зерттеулерден өткізу керек.

Ең алдымен құжаттарымен танысып, содан соң қаптамасынан бастап қарау жұмыстарын, овоскопиялау және зертханалық әдістермен зерттеу керек. Микробиологиялық зерттеулер жүргізу де маңызды болып саналады, сондай-ақ қауіпсіздігін анықтау мақсатында, радиометриялық және ауыр металл тұздарына да зерттеу жұмыстары жүргізілу керек.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты: Ақтөбе қ. Достық СО сатылатын тауық жұмыртқасының ветеринариялық-санитариялық сараптамасы.
Аталған мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
Ақтөбе қ. Достық СО сатылатын тауық жұмыртқасын сезімдік зерттеу;
Ақтөбе қ. Достық СО сатылатын тауық жұмыртқасын овоскоппен қарау және морфологиялық көрсеткіштерін анықтау;
Ақтөбе қ. Достық СО сатылатын т ауық жұмыртқасының қауіпсіздігін анықтау.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Әдебиетке шолу

1.1.2 Қазақстан Республикасындағы жұмыртқа өндірісі
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметінше өткен жылда, яғни 2024 жылы елімізге 88,2 млн тауық жұмыртқасы импортталғандығы бойынша ақпарат бар. Соның ішінде тауық жұмыртқасының импортының көлемнің негізгі бөлігі ресейлік жұмыртқа өндірушілеріне тиесілі.
Негізгі тауық жұмыртқасының импорттаушы Ресей мемлекеті болып анықталды, импорт көлемі 79,7 млн дана жұмыртқаны құрады. Келесі орында Беларусия мемлекеті 7,2 млн тауық жұмыртқасын импорттаған.
Ал қалған бөлігін Өзбекстан тауық өндірушілері экспорттаған, нақты айтсақ, 720 мың тауық жұмыртқасын сатқан жалпы құны 50 млн теңгені құрайды. Қырғызстан мемлекетінің тауық жұмыртқасының импорттау көлемі 486,2 мың дананы құраған.
Сонымен қатар, өзбекстандық құс өсіретін фабрикалар елімізге инкубациялық жұмыртқаларды да экспорттаған жалпы 5,3 млн тауық жұмыртқасын құраған [1].
Еліміз инкубациялауға арналған тауық жұмыртқасын белсенді түрде сатып алынғандығы байқалуда. Нақтырақ айтсақ, өткен 2024 жылы 80,6 млн дана жұмыртқаны құраған, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 32 пайызға жоғары болғандығын көрсетіп отыр.
Инкубациялық тауық жұмыртқасының негізгі импорттаушылар елдеріне Туркия, Ресей, Өзбекстан, Беларусия, Португалия және Чехия елдерін жатқызуға болады [2].
Қазақстан Республикасының тауық жұмыртқасының экспорты бойынша көлемінің азайғандығын көруге болады. 2024 жылмен салыстарғанда 2,7 есе азайған немесе 58,9 млн жұмыртқа данасына төмендеген. Негізгі экспортталған мемлекеттерге келетін болсақ, Ауғанстан, Ресей және Қырғызстан елдеріне отандық тауық жұмыртқалары сатылды.
Жалпы елімізден экспортталған жұмыртқа көлемі 62 млн дананы құраған. 2024 жылы еліміздегі жұмыртқа өндір ісінің алдыңғы жылмен салыстырғанда өскені анықталған, бірақ та импорт пен экспорт көлемінің азайғандығын көруге болады. Жұмыртқа экспорты 160 млн данадан 62 млн
данаға дейін азайды, пайыздық көрсеткіші сәйкесінше 63,0%-ғады құрады.
Импорт көлеміне келетін болсақ, 2023 жылы бұл көрсеткіш 360 000 000
дана болса, ал 2024 жылы 193 000 000 дананы құрады, пайыздық қатынаста 46,5%-ға төмендегенін көруге болады [3].
1-ші кестеде Қазақстан Республикасындағы 2023 жылдар мен 2024 жыл аралығындағы тауық жұмыртқасының өндірісі бойынша ҚР Статистика агенттігінің есебінен алынған ақпарат келтірілген.

Кесте 1
Қазақстан Республикасындағы жұмыртқа өндірісі 2023-2024 жылдар

Жұмыртқа өндірісі
2024 ж
2023 ж
Өсім, %

Жұмыртқа, дана

Барлығы
4,4 млрд
4,35 млр
+1,2
Ауыл шаруашылығы
кәсіпкерліктері
3,7 млрд
2,96 млр
+2
Үй шаруашылығында
697,4 млн
716,7 млн
-2,5
ЖК, шаруа
қожалықтары
22,7 млн
24,2 млн
-4,4
ші кестеден көріп тұрғанымыздай, еліміздегі 2023 және 2024 жылдар арасындағы тауық жұмыртқасының жалпы өндірісі, 2023 жылы бұл көрсеткіш 4,35 мдрд дананы құраған, ал 2024 жылы 4,4 млрд дананы құрап, жалпы өсім 1,2% көрсетті.
Енді осы жұмыртқа өндірісінің жекелеген шаруашылықтардағы үлесіне тоқталатын болсақ, ауыл шаруашылығы өндірісінің кәсіпорындарында 2023 жылы 2,96 млрд дана, ал 2024 жылы 3,7 млрд дана тауық жұмыртқасы өндірліп, жалпы өсім 2 пайызды құрады. Үй шаруашылығында 2023 жылы 716,7 млн дана тауық жұмыртқасын өндірсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 697,4 млн дананы құрады, және салыстырмалы өсім -2,5%, яғни азайғанын көруге болады. Жеке кәсіпкерлер, фермерлік және шаруа қожалықтардағы жұмыртқаның өндірісі 2023 жылы 24,2 млн, ал 2024 жылы 22,7 млн дана тауық жұмыртқасын құрады, бқл көрсеткіш бойынша жылдық өсім -4,4% көрсетті, яғни өндірісі азайғаны байқалады [4].
Жоғарыда атлған тауық жұмыртқасының 2023-2024 жылдардағы салыстырмалы өсімі бойынша ақпаратты 1-ші суреттен көруге болады.

Сурет 1. Қазақстан нарығындағы 2023-2024 жылдар аралығындағы жұмыртқа өндірісінің жағдайы

ші суретте Қазақстан Республикасы нарығындағы 2023-2024 жылдар аралығындағы жұмыртқа өндірісінің жағдайы бойынша ақпарат көрсетілген.
ші суретте Қазақстанның құс шаруашы лығы одағының талдауы бойынша еліміздегі жұмыртқының өндірісінен келтірілген мәлімет.

Сурет 2. Еліміздегі 2025 жылдың 1 ақпанындағы жұмыртқа өндірісінің
жағдайы
2-ші суретте Қазақстанның құс шаруашылығы одағының талдауы бойынша дайындалған ақпарат көзінен алынған мәлімет келтірілген. Бұл ақпаратта еліміздің барлық қалалары мен облыстары бойынша 2024 жылындағы және 2025 жылдың бірінші ақпаны аралығындағы тауық жұмыртқасының өндірісі бойынша мәліметтер берілген.
2025 жылдың сәуірдің 4-і күні Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы Қазақстан Республикасының территориясына балғын жұмыртқалардың әкелінуіне тыйым салу бойынша бұйрыққа қол қойған еді, бұл бұйрық 9 сәуірден бастап күшіне еңген екен [5, 6].
Бұл бұйрықта Қазақстан Республикасының территориясына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕЭОЕ) және үшінші елдерден көліктің кез-келген түрлерімен жаңа жұмыртқалаған (балғын) тауық жұмыртқасының әкелінуіне алты айға тыйым салыну қажеттілігі жөнінде атап өткен.
Сондай-ақ, бұл бұйрықтағы ескертпеде, мемлекетіміз арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасындағы жұмыртқалардың тасымалдануына рұқсат берген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндірмесінде, бұл бұйрықтың еңгізілуіне себеп болып отырған, ол өзіміздің отандық жұмыртқа өндірушілеріміздің өндірісін қолдау мақсатындағы көктем мен жаз айларындағы

импортқа уақытша салынған тыйым болып табылады. Жоғарыда аталған мерзімдерде, яғни көктем мен жазғы кезеңдерде еліміздің халқының тауық жұмыртқасына деген сұраныстарын еліміздің өндірістік өнеркәсіптері мен үй шаруашылықтары есебінен толығымен қамтамасыз етілгендіктен, осы кезеңде импорттың қажеттілігінің болмауымен түсіндіріп отыр [7, 8].
Егерде осы мерзімдерде тауық жұмыртқасының импортына тыйым салынбаса, бұл өнімнің, яғни тауық жұмыртқасының біріншіден, құнының төмендеуіне әкеледі, ал бұл өз кезегінде еліміздің құс фабрикаларының жұмысына теріс әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар, өндірістің рентабельдігіне де жағымсыз әсерлерінің туындауына алып келеді. Аталған жайттарды ескере отырып, Сыртқы сауда саясаты мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның (СССМбВК) шешімі бойынша мемлекетіміздің территориясына тауық жұмыртқаларының әкелінуіне уақытша шектеу шараларының еңгізілуін бірауыздан қолдады [9, 10].
2-ші кестеде еліміздегі ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы бір жұмыртқалағыш тауық басына шаққандағы жұмыртқаның шығуы бойынша, Қазақстан Құс шаруашығы одағының 2025 жылы жүргізген мониторингінің дерегі келтірілген.

Кесте 2
Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы бір жұмыртқалағыш тауық басына алғандағы орташа жұмыртқаның шығуы

АШҚ
Кәсіптер
ЖМШ
Үй
шаруашылы ғы
Барлық
шаруашылы қтар
Қазақстан Республикасы
23
23
8
8
20
Астана қ.
-
-
-
7
7
Шымкент қ.
23
23
-
7
22
Алматы қ.
-
-
-
4
4
Алматы облысы
16
16
28
19
17
Ақмола облысы
27
27
3
5
23
Ақтөбе облысы
26
26
5
16
23
Атырау облысы
28
29
9
8
27
Абай облысы
8
9
6
7
7
Жамбыл облысы
24
29
6
6
9
Қарағанды
23
23
6
6
22
Қызылорда
6
-
6
8
8
Қостанай
25
25
4
7
23
Батыс Қазақстан облысы
25
25
4
4
17
Жетісу
20
20
12
13
19
Солтүстік Қазақстан
24
24
2
3
20
Маңғыстау
5
-
5
5
5
Ұлытау
25
26
8
6
15
Павлодар
30
30
7
6
24
Ақтөбе
28
30
7
9
17
Шығыс Қазақстан
17
20
8
7
8

2-ші кестеден, көріп отырғанымыздай ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы (АШҚ) бір жұмыртқалағыш тауық басына алғандағы орташа жұмыртқаның шығуы бойынша қалалар мен облыстар бойынша мәліметтер келтірілген.
Атап, айтсақ, еліміздегі өндірістік кәсіпкерлітердегі, жеке меншік шаруашылықтардағы (ЖМШ) , үй шаруашылықтарындағы және басқа барлық қалған шаруа немесе фермерлік шаруашылықтардағы бір жұмыртқалағыш тауықтан орташа жұмыртқаның алынуы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі келтірілген [11].
3-ші суретте, ҚҚШО талдауынан алынған мәлімет, яғни 2024 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы жалпы құс саны келтірілген. 2024 жылы құс саны 45158,7 мың бас болса, 2025 жылы ақпан айындағы санақ бойынша 45990,9 мың басты құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда өскенін көруге болады.
Сонымен қатар, тауықтардың өнімділігінің көрсеткіші де келтірілген, бір тауық басына алғандағы орташа жұмыртқаның шығуы 2024 жылы 23 дана, ал 2025 жылы 20 дананы құрайтындығын көріп тұрмыз.
Тауық жұмыртқасының өндірісі 2024 жылы 338,4 млн дана болса, ал 2025 жылдың басында, яғни бірінші кварталында 346,9 млн дана тауық жұмыртқасын құрағанын төмендегі диаграммадан көруге болады.

Сурет 3. Еліміздегі жұмыртқа өндірісінің салыстырмалы көрсеткіші,
диаграмма түрінде
3-ші суретте ҚҚШО 2025 жылдың 1қпан айындағы талдауынан алынған ақпараттар диаграмма түрінде келтірілген. Бұл диаграммада барлық жылдар аралығындағы өсімнің салыстырмалы жағдайы айқын көрініп тұр.
Дүниежүзі бойынша соңғы жылдары жұмыртқаның өндірісінің артуы едәуір байқалады.

WEO World Egg Organization -Әлемдік жұмыртқа өндірісінің ұйымының және ФАО ақпараты бойынша 2000 жылдар мен 2018 жылдар аралығындағы статистика мәліметтерін жариялаған [12].
Бұл ақпарат көздерінде дүниежүзі бойынша жұмыртқаның өндірісінің артқаныдығын көруге болады. Мысалға 2000 жылдары 51,1 млн дананы құраса, ал 2010 жылы 64,2 млн дана болған, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 76,7 млн дананы құрағандығын анықтаған, нәтижесі 2-ші суретте келтірілген.

Сурет 4. Дүниежүзі бойынша жұмыртқа өндірісінің жағдайы Дүниежүзі бойынша Вена қаласында алғаш рет 1996 жылы Жұмыртқа
күнін белгіледі және жұмыртқаның тағамдық құндылығын арттыру мақсатында жылда күзде, атап айтсақ қазан айында атап кету керек деп белгіленген. Сол уақыттан бері тағамдық құндылығы жоғары құс шаруашылығы өнімін аса ерекше сый-құрметпен жылда атап өтілетіндігін айта кеткен жөн [13].

1.1.2 Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы
Еліміздегі жұмыртқа өндірушілерінің көшбасшыларына келетін болсақ соңғы талдауларда 30 компания алдыңғы қатарда болған.
Алғашқы бестікке келесі компанияларды жатқызуға болады:
Макинка құс фабрикасы;
Өскемен құс фабрикасы;
Алель Агро;
Алатау-құс;
Қазгер-құс ЖШС;
2017 жылы Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастықтың құрылуының басты мақсатына - жұмыртқа өндіретін кәсіпкерліктерді қолдау үшін құрылады [14].
Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен (АШМ), ҚР Әділет министрлігінде, ҚР ҰКП

Атамекен аккредиттелген, сонымен қатар, International Egg Commision және
ҚР экологиялық ұйымдар қауымдасытығы, ҚР тамақ кәсіпорындары одағы осы ұйымдарға мүше болып табылады [15].
Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы қызметінің басты бағыттарына келесілер жатады:
Өндірістердің нысаналы бағдарламалары мен жобаларын дайындауға, үйлестіруге және жүзеге асыруға көмектесу;
Ақпараттық-кеңестерді ұйымдастыру, ғылыми әдістемелік және мақалаларды басылымнан шығаруды ұйымдастыру, сонымен қатар ауыл шаруашылығы салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің жағдайын бақылап отырады;
АӨК (агроөнеркәсіптік кешен) кешендерінің субъектілерінің саудаларының қызметтерін қадағалау, ішкі нарықты зерттей отырып, сонымен қатар ҚР жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің экспорты мен импорттың көлемін мониторингілеу, құс шаруашылығы мен басқа да ауыл шаруашылығы салалары бойынша зерттеулер жүргізу;
Ауыл шаруашылығының құс шаруашылығы саласын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, халықаралық қоғамдастықтармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара бірлесе отырып қызметтерді атқару;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, үкіметтік емес ұйымдармен, халықаралық қоғамдастықтармен құс шаруашылығы мәселелері бойынша, ҚР заңнамалық базасын жетілдіру бойынша, сонымен қатар мал шаруашылығын дамытуға, жұмыртқаның өндірілуіне және отандық өндірушілердің шығындарын субсидиялауға мемлекет тарапынан қолдау көрсету бойынша жұмыс топтарына қатысу;
Жаңа технологияларды еңгізу және ҚР өндірісін дамытуға көмектесетін байланыстарды нығайту бойынша шет елдердің ұйымдарымен бірлесе отырып жұмыстарды атқаруға, жұмыртқа өндірісінің артуына бағытталған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін инвестициялар мен гранттар алу.
Қазақстан Республикасының жұмыртқа өндірушілер қауымдастығына 16 кәсіпкерлік еңген, соның ішінде жұмыртқа бағытындағы 12 құс фабрикасы және 4 кәсіпкерлік, оларға: Павлодар Құс, Жас-Қанат 2006, АДМ Инвестмент,
Алсад Қазақстан, Арқалық құс, Ломанн Жетісу, Солтүстік құс,
Қазақстан құстары, Племптицеторг, Ақкөл құс, Оралдық құс фабрикасы, Қазгер құс, Көгер ЛТД, Үштөбе құс кіреді [16, 17].
1.1.3 Тауық жұмыртқасының сапасына әсер ететін факторлар
Тауық жұмыртқасының тағамдық құндылығының жоғары болуымен ерекшеленетін құс шаруашылығының өнімі. Сонымен қатар, диеталық өнім ретінде де пайдаланылады, өйткені ағзамен сіңірілуі 97,5% құрайды. Жұмыртқаның ақуызы мен сарыуызының құрамында, толыққұнды алмастырылмайтын амин қышқылдарының болуымен байланыстырылады. Мысалға алатын болсақ, оларға триптофан, метионин және лизин

алмастырылмайтын амин қышқылдарына байланысты. Жұмыртқа сарыуызының құрамы қанықпаған май қышқылдарына өте бай болып келеді. Оларға арахидон, линолен, олеин және пальмитиннің болуында, сонымен қатар, фосфотидтердің мөлшері лецитиннің холиинің және тағы басқаларының болуымен байланысты% болады. Ал холестерол мөлшері бойынша 5,6 есе көп болатындығын анықтаған [18, 19].
Айта кетуіміз қажет, жұмыртқалар рибофлавиннің, ретинолдың, холиннің, кальциферолдың, тиаминнің токоферол мөлшеріне өте бай болып келеді. Сондай-ақ, кальций (Ca), йодтың (I) мыстың (Cu), темір (Fe) тәрізді минералдық заттарға өте бай болып табылады. Жұмыртқаның құрамы сыртқы қабығымен қапталып тұр, ал бұл қабық өз кезегінде табиғи қаптамасы ретінде қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен бірге жұмыртқаны кеуіп кетпеуден және іртүрлі бұзылыстардан сақтайды [20, 21].
Тауық жұмыртқасының ақуызына қарағанда сарыуызында микроэлементтер көбірек болатындығы анықталды. Және де жұмыртқа құрамында бор, қорғасын, титан, ванадий, стронций, бром, күшәлә, селен және барийдің де мөлшері бар.
Көптеген ғалымдардың тауық жұмыртқасының құрамын зерттеулері бойынша, келесідей қорытындыға келген, яғни жұмыртқаның сыртқы қабығының құрамында жиырма жеті элементтің бар екендігін анықтаған. Оның шамамен 90% жуығын кальций коарбонатына тиесілі екендігін анықтаған. Жұмыртқаның қабығы микроэлементтерге өте бай болып келеді. Оларға тоқталатын болсақ, мыс, фтор, маргенец, темір, күкірт, мырыш, кремний және молибденнің болатындығын анықтаған.
Тағамдық құндылығына келетін болсақ, бір жұмыртқаның құрамында сүттің 200 мл немесе 42 г етпен теңестіріп қарастыруға болатындығы жайлы Е.И.Ермашкевич, Н.Н.Якименко және бірлескен авторлармен шығарылған мақалада мәліметтер бар [22, 23].
Ғалымдар өздерінің зерттеулерін Иванов құс шаруашылығында жүргізген, хайсекс тауық кроссының жұмыртқаларының сапасын зерттеп анықтаған. Хайсекс тауық жұмыртқаларының жиі кездесетін ауытқушылықтарын анықтау кезінде ең жиі кездескені қабықсыз жұмыртқалардың болуы. Мұндай ауытқулар басқа ауытқушылықтармен салыстырғанда 0,4 пайызды құраған екен. Осындай ауытқуы бар жұмыртқаларда жұмсақ теріге ұқсас қабықшаның ғана болатындығы кездескен.
0,15 пайыз қабықшасыз жұмыртқалар болғандығы анықталған. 0,2 пайыз қабықшасының деформациясы байқалған, мысалы, қабықшасының пішінінің дұрыс болмауы немесе қабықшаның сыртында төмпешіктердің болуы анықталған. Осы тәріздес жұмыртқа қабығының ауытқуларының кездесуі, тауық азықтарының құрамындағы кальций мөлшерінің көп уақыт жеткіліксіздігінен туындайтын ауытқушылықтар болып саналады деп зерттеушілер есептейді.
Егерде, тауықтарда кальцийдің жеткіліксіздігі 14 тәуліктей болатын болса, мұндай жағдайда жұмыртқалар мүлдем қабықсыз шыққандығын тәжірибе жүргізу нәтижесінде анықтаған. Сондай-ақ, қабықсыз жұмыртқалардың

шығуына тауықтарға D дәруменінің жеткіліксіздігі кезінде де туындайтындығы аталып өткен.
Келесі 0,16% кездескен ауытқушылық қабығының бір жағындағы тесік арқылы сарыуызының шығып тұруы, мұның пайда болуы тауықтардың әртүрлі себептерден болған стресстік жағдайлардан туындайды деп есептейді. Ондай стресстерге қатты дыбыстың шығуы, кенеттен сөніп қалған жарық, дірілдердің әсерінен болған [24, 25].
Жұмыртқаның қалыптасуы кезеңіндегі қабығының сыртындағы өскіндердің және кедір-бұдырлы болуы немесе мәрмәр тәріздес түріндегі ауытқушылықтар да кездеседі. Бұндай аталған, ауытқушылықтардың пайда болуына судың жеткіліксіздігі, рациндарының құрамындағы макро және микро элементтердің жеткіліксіздігінен, әсіресе кобальттың себеп болатындығын анықтаған. Сонымен қатар, құс шаруашылықтарының микроклиматының жағдайы да тікелей тауық жұмыртқасына әсер ететіндігін ғалымдар Б.Бессарабов, А.Мартынов және басқа да ғалымдар қауымы анықтап зерттеген.
Жас тауықтардың жұмыртқаларының салмағы шамамен 34 г, қабықтары жұқа болып келеді екен. Алғашқы рет жұмыртқалаған жас тауықтардың жұмыртқалары ұсақ әрі ішіндегісінің тығыз болатындығы анықталады. Мұндай жұмыртқаларды майлы деп те атайды. Осындай ауытқушылығы бар жұмыртқалардың пайда болу себебі, тауықтардың көбею жүйесінің қалыптасуының дұрыс болмауынан.
Ірі жұмыртқалардың болуы шамамен 80 г салмақтағы, осындай жұмыртқаларда екі сарыуыздың болуы немесе бір қабықтың ішінде екі жұмыртқаның қалыптасуы да кездеседі. Осындай ауытқушылықтардың зат алмасу үрдісінің бұзылыстары салдарынан немесе дәрумендердің тым көп болуынан, аминқышқылдарының, фосформен кальцийдің, пайыздық қатынастарының дұрыс болмауы және шектен тыс көп азықтандырудан туындайды.
Жұмыртқаның салмағына келесідей факторлар әсер етеді бұл тауықтың тұқымы немесе кросстарына байланысты болуы. А.Серегина және Ю. Владимировтың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, авторлар таза тұқымды тауықтардан алынған жұмыртқалармен түр ішілік будандастырылған тауықтардан алынған жұмыртқаның салмақтары анағұрлым ірі болатындығын, шамамен 25%-ға ауырлау салмақта болатындығын зерттеу барысында анықтаған [26, 27].
Ал шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде будандастырылған тауықтардың жұмыртқасы таза тұқыммен салыстырғанда 20 %-ға салмақтары артық болатындығын дәлелдеген.
Нитро ауылшаруашылығы институтында Т. Акалелова және басқа да ғалымдардың жүргізген зерттеулері, тауық жұмыртқаларының түсіне байланысты болған, демек ақ түсті жұмыртқа мен қоңыр түсті жұмыртқаның ауытқуларын салыстырмалы түрде зерттеген. Зерттеу нәтижесінде түсі ақ жұмыртқалардың сынғыштығы қоңыр түсті жұмыртқамен салыстырғанда

жоғары болған. Соңғысының қабығының сынғыштығы 3,0% болса, ал қабығы ақс түстінің сынғыштығы 2,5 есе немесе 8% болғандығын анықтаған [28, 29].
Жұмыртқа сапасының маңызды көрсеткіштеріне олардың салмақтарын да жатқызады. Тауықтардың жастары ұлғайған сайын жұмыртқа салмағының да өсетіндігі зерттеліп анықталған. Тауықтардың жасы да жұмыртқаның құрамына тікелей әсер ететіндігі анықталды.
Бұндай зерттеулерді Л.М.Васильева және А.Г.Бычаев жүргізген, яғни тауықтардың жастарының ұлғайған сайын, жұмыртқа өнімділігіне ғана әсер етіп қоймай олардан алынған жұмыртқа сапасына да тікелей әсерлерінің болуы нақтыланған. Ғалымдар 28, 48, 64 және 85 апталық тауықтардың жұмыртқасының салмақтары, ақуыздың және сарыуыздың, қабығының салмақтарын, сонымен қатар қабығының морфологиялық құрылымын да зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде кәрі тауықтардың жұмыртқаларының салмақтары жағынан ғана алда болса, қалған жастағы тауық жұмыртқаларының сапасы анағұрлым жоғары болатындығын анықтаған. Айта кету керек, кәрі тауық жұмыртқасының ХАУ бірлігінің, яғни ақуызбен саруыздың қатынасы төмен болған, 28 апталықтыкі 3,1 болса, ал 85 апталықтыкі 2,1 көрсеткішті
көрсетті [30, 31].

1.2 Ақтөбе қаласы Достық сауда орталығына қысқаша сипаттама
Ақтөбе қаласының Достық сауда орталығы Сұлтанов көшесі 112 - де орналасқан. Аталған сауда орталығында жұмыртқа сатуға арналған орны бар.
Достық сауда орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылуға әкімшілкпен рұқсат берілген аумағында орналасқан. Барлық құжаттары бар, әкімшілктен тіркеуден өткен.
Достық сауда орталығындағы сатылатын тауық жұмыртқалары ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай болуы керек. Жұмыртқалардың сырты қабығы таза, механикалық зақымдануларсыз және сыртқы қаптамаларының бүтіндігінің бұзылмауы қажет. Тауық жұмыртқалары арнайы гофрленген қағаз қорапшаларында немесе пластикалық ыдыстарда, 10, 20 және
30 дана болып салынған түрде сатылады. Сақталуына келетін болсақ, жұмыртқалар тұрған орынның салқын болуы, күн сәулесінің тікелей түспеуі және ылғалдылығының болмауына назар аударылады. Жұмыртқаның сыртқы қаптамасында жұмыртқаны өндірген кәсіпорын атауы, өндірілген күні және сақталу мерзімі бойынша ақпараттар жазылған.

1.3 Өзіндік зерттеулер
1.3.1 Зерттеу әдістері мен материалдары
Дипломдық жұмысымыздың Ақтөбе қаласының Достық сауда орталығындағы жұмыртқаларды ветеринариялық-санитариялық сараптау бойынша зерттеу жұмыстары 2024-2025 жылдар аралығында өндірістік машықтану және диплом алды тәжірибе өту кезеңі аралығында орындалды.

Зерттеу нысандары ретінде Астана қаласының ҚР АШМ ВБҚК
Республикалық ветеринариялық зертхана және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті КеАҚ Ветеринариялық санитария кафедрасы жағдайында орындалды.
Достық сауда орталығындағы сатылатын тауық жұмыртқаларынан 31654-2012 Тағамдық тауық жұмыртқалары. Техникалық шарттар.МЕМСТ-қа сәйкес сынамалар алынып ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткізілді. Барлығы 65 дана тауық жұмыртқасы зерттеуден өткізілді. Соның ішінде таңдамалы санаттағы жұмыртқа, бірінші және екінші санаттағы және үй шаруашылығынан сатылымға әкелінген тауық жұмыртқасы тексерілді. Барлығы
65 дана тауық жұмыртқасын тексердік.
КО ТР 0212011 Тағам қауіпсіздігі туралы және жұмыртқаның қаптамасы КО ТР 0052011 Қаптаманың қауіпсіздігі туралы техникалық регламентіне сәйкес орындалды. Жұмыртқалардың овоскопиясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыртқа жәңе жұмыртқа өнімдері туралы
Жұмыртқаны және жұмыртқа өнімдері
Сүттің сапасы мен тағамдық бағасына құрамында антибиотик, пестицид, радионуклеид және басқа заттардың болуының әсері
Құс жұмыртқасын ветеринариялық - санитариялық сараптау
Жұмыртқаның сапасын сараптау
Шикізаттар қасиеттерін зерттеу негіздері
Жұмыртқа өнімінің қасиеттері мен оларға сипаттама
Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, олардың сапасына қойылатын талаптар. Өндіру технологиясы. Сақтау жағдайлары
Жұмыртқа өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу, сақтау және тасымалдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz