Қазақстан Республикасының билік органдар жүйесі


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: «Мемлекет және құқық теориясы»
Тақырыбы: «Әлеуметтік биліктің жалпы сипаттамасы»
Орындаған: Ю-20-1к тобының студенті
Аманбаев А. Қ.
Ғылыми жетекші: Абиев Е. С.
ҚАРАҒАНДЫ 2020
Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Мемлекеттік биліктің теориялық астары
1. 1 Мемлекеттік билік түсінігі . . . 6
1. 2 Мемлекеттік билік жалпы әлеуметтік категория ретінде . . . 8
1. 3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы . . . 11
2. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау
2. 1 Қазақстан Республикасының билік органдар жүйесі . . . 16
2. 2 Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің билік органдарының жүйесін салыстыру
2. 2 Қазақстан, Ресей, Америка билік органдар жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 24
Қортытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
КІРІСПЕ
Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің Қазақстан Республикасындағы жоғарғы өкілді орган ретінде қалыптасуы, оның одан әрі даму жолына түсуі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға. Ал, оның тарихы болса ғасырлар қойнауында жатыр. Сондықтан да, республикамыздағы өкілдік биліктің өткені мен бүгініне, болашағына көз жүгіртіп, жаңа өтпелі кезеңде жан-жақты зерттеу зангер-ғалымдар еншісіндегі үлкен міндеттердің бірі. Сонымен бірге оны зерделеп-зерттеу, Қазақстан халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық ой пікірін бір қалыпты жүйеге түсіріп, ұлттық-құқықтық сана-сезімді қалыптастыруына бірден-бір ықпал ететін негізгі құндылықтардың көзі. Өйткені, Парламент заң шығару қызметін (функциясын) жүзеге асыратын республикамыздағы ең жоғарғы өкілдік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң шығарушылық процестің бір тұтас жүйеге түсуі аралығындағы қос палаталы Парламенттің атқарар рөлі мен мәні ерекше. Зерттеудің негізі де сол. Құқықтық мемлекетке қол жеткізу үшін алдымен, оның механизмін құрайтын органдарды өкшелеп, Конституцияға сай биліктің бөлінуін реттеп алу керек. Яғни Конституция бойынша мемлекет механизмі былай тұжырымдалады:
1. Президент. Ол мемлекет басшысы, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің кепілі және биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Парламент. Ол Қазақстан Республикасының Заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
3. Үкімет. Ол Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы орған.
4. Конституциялық Кеңес.
5. Соттар және сот төрелігі. Республикада сот жүйесін Жоғарғы Сот, жергілікті соттар, әскери соттар құрайды. Сонымен қатар Прокуратура органы да Конституцияда орын алған. Ол зандардың біркелкі орындалуына қадағалауды жүзеге асырады.
6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолында өзінің ішкі құрылымының бір саласы жаңа Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің қалыптасу кезеңі мен дамуын және олардың іске асырылуын сараптап, Қазақстандағы конституционализм меп парламентаризм тәжірибесін қорытындылай-жинақтап өзінің сара жолын әлемдік контексте талдауға түскен. Өз қызметін 1990 жылғы 24 сәуірден бастаған Жоғарғы Кеңестің 1-сессиясы, бүгінгі кәсіби жетілген қос палаталы Парламентке дейінгі сан-алуан жолдан өтіп, Парламент шежіресінде жоғарғы өкілді буын әкімшіл-әміршіл жүйенің салқыны әлі тарамай тұрған кезеңде алғашқы рет бар мүмкіндігінше демократиялық негізде сайланғанын да зерттеу тақырыбымызға арқау еттік. Жалпы, заң шығару қызметінің күрделілігі қай мемлекетте болмасын оның құқықтық жүйесін қалыптастырудағы орнымен айқындалады. Қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, Парламенттін заң шығарушылық қызметін үздіксіз дамытып отырмай республикамыздағы басқа да қоғамдық-саяси өмірдін тыныс-тіршіліпн пайымдау оңайға түспейді. Сондықтан да әртүрлі саяси күштер мен фракциялардың, партиялардың, топтардың ой- пікірлерімен санаспауға тағы болмайды.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң шығарушылық процесінің күрделілігі, олардың басқа мемлекеттік органдармен байланыстағы ара қатынас ерекшелігі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Оларды зерттеу-зерделеудің теориялық негізі қаншалықты өзекті болса, оны іс-әрекетпен тиісті шара жүзінде пайдалана отырып іске асыру, олардың орындалуының нәтижесін көру де соншалықты өзекті. Құқықтық мемлекет құру барысында өкілетті биліктің кәсіби құзыры, құқық саласындағы сайлауға және сайлануға құқылы азаматтардың әлеуметтік-заңдылық білім-біліктілігі, заң шығарушы және қағидалы заң шығармашылығының орны да зерттеуімізге арқау етіп отырған тақырыптық ерекшелікке жатады.
Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына жиырма жылға аяқ басты. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылға жуық уақытта елімізде мемлекеттік билік органдарының тұрақты қызметтері қалыптасты.
Мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін көптеп саналады. Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ. Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын», А. М. Барнашевтың «Теория разделения властей. Становление, развитие, применение» - деп аталатын әдебиетін, А. А. Гарановтың «Парламент и законодательная власть Казахстана» монографиясын, тағы басқа бір қатар еңбектерді атар едік.
Курстық жұмыстың мақсаты . Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін салыстыру, жалпы әлеуметтік биліктің жалпы сипаттамасының органдары қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес жұмыс міндеттері анықталды:
- Мемлекеттік биліктің теориялық астарын;
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау;
- Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары билік органдар жүйесін жеке - жеке зерттеу;
- Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің билік органдарының жүйесін салыстыру т. б.
Зерттеудің объектісі : Зерттеудің объектісіне ҚР мен жақын және алыс шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін салыстыру, Қазақстандағы мемлекеттік биліктің қалыптасуы, сонымен бірге оны Ресей, АҚШ билік органдар жүйесімен салыстыру.
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1. 1 Мемлекеттік биліктің түсінігі
Билік дегеніміз бұл - қоғамның беделінің, ерікжігерінің, күш көрсетуінің көмегімен бір адамдардың басқа біреулердің ұстанған бағыт-бағдарына немесе қызметіне шешуші дәрежеде ықпал етуі. Билік - басқа адамдарға жасалатын ықпал ықпал арқылы белгілі бір мақсатқа жету; белгілі бір тәсілдерді, атап айтқанда, күш көрсетуді қолдану мүмкіндігі; Басқарушы мен Басқарылушының және іс-әрекетке қатысушы ерекше тұлғалардың арасында өзгеше бір үлгідегі қатынастар арқұылы сипатталады. Бұлар басқа адамдардың іс-әрекеттерін өзгерту мүмкіндігіне, белгілі бір тәсілдерді - күш көрсету тәсілін қолдану мүмкіндігіне негізделеді. Билік көздері биліктің аса маңызды негіздерінің бірі болып табылады. Олар ынталандыру, жазалау немесе сендіріп иландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Билік көздері: 1) экономикалық, 2) әлеуметтік, 3) саяси-күш көрсетушілік, 4) мәдени-ақпараттық және 5) демографиялық болып бірнеше түрге бөлінеді.
Мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік дегеніміз не? Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т. б) .
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның , әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес. Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды. Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған - мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі енеді - ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл - саяси мәртебелердің теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы, жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т. б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы «ми штабы», сонымен бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы - саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл - қоғамды ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.
Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары - мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары) .
Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және тағы басқалары) .
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі «мемлекеттік аппарат» категориясымен тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл - Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни, мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет.
1. 2 Мемлекеттік билік жалпы әлеуметтік категория ретінде
Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып алуымыз қажет.
Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның, ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.
Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік - саяси (мемлекеттік) билік.
Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
К. Маркс «мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады» деп пікір айтқан. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік - тікелей мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны.
Сонымен қатар Ф. Энгельс «саяси (мемлекеттік) билік ерекше жариялылыққа ие билік» деп атап айтқан.
Биліктің маңызды белгісінің бірі - күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде - жасырын мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие.
Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы) немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі ойшыл - ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің «Тақсыр» атты кітабында: «Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге амал жоқ, күш қолдан.
Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты, түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсьң» - деген.
Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық, адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып тұруы шарт.
Жоғарыда атап өткен «Тақсыр» атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық. Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай алмаушылық.
Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа
бөледі екен.
Біріншісі - кұдайдың өзі туа бітті ақыл дарытқандар. Мұндай билік иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.
Екіншісі - өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.
Үшіншісі - өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға ұшырайды.
Наршахи деген ақылман: «Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же, әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың» - деп жазыпты. Өнеге сөз. Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: «Мен білетін биліктің екі тармағы бар. Бірі - халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы - жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм парықсыздықтан туындайды» - деген. 2 Десе де, қазіргі біздің билік иелеріміз кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба? Халқының күйін күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің қоғамымызда қолын созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді. Осыны көріп еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың.
Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді. Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де, елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды. Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.
Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының салдарынан халқыңды ұмытасың. Қаптап жүрген мүсәпір - қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.
Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: «Менің пікірімше үкімет билгін халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады»-деп кеңес берген.
Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі - ел бақыты. Конфуций - біздің дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен өсиеттерінен көне қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір қаһарлы императордың өзі: «Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз кешірмейді-ау» - деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.
«Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін, жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ тастан шыққан ұшқыннан басталады».
Конфуцийдің қағидаларын Қытай көсемдері әлі күнге басшылыққа алып отырады екен. Ал біздің билеушілеріміз, кешегі алты алашты аузына қаратқан үш жүздің үш тарланы Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің тағылымы мол сөздерін біле ме екен ?!
Жалпы, билік иесі болу бақытына алуан салалы қызметтің, саяси қақтығыстардың қойнауына түсіп ысылып, сыналған, ақылы мен парасаты, кемеңгерлігі мен кеңдігі келіскен өзге тұстастарынан оқ бойы озық тұлға ғана ие болуы тиіс қой.
Алайда бұл ереже біздің мемлекеттік органда отырған азаматтарымызға тән емес. Мысалы, елімізде бір жылдары өткен Парламент депутаттарын сайлау кезінде небір пәлелер болмады десеңізші. Бір депутатқа талапкер сайлаушыларына аяқ киім үлестірген. Бірақ бәріне бір-бір сыңардан ғана. Әлгі өлермен:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz