Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА,БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Мемлекет және құқық теория негіздері
Тақырыбы: Мұсылмандық құқық
Мамандығы: П-21к тобы

Орындаған:Аринов А.Х.
Ғылыми жетекші: Омирбаева А.

ҚАРАҒАНДЫ 2021жыл.

ЖОСПАР

Кіріспе
І. Тарау. Саяси жүйе
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
1.2.Саяси жүйелердің түрлері
ІІ. Тарау. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны
2.1. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі
2.2. Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары
Қорытынды
Пайдаланған әдебеттер

Кіріспе

Қоғам- экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе- елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз- қоғамдағы қарым- қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы- жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.
1) Формациялық саяси жүйелері- құл иелену, феодалдық, жуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2) Авторитарлық саяси жүйелер- тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т.б. саяси жүйелер.
3) Демократиялық саяси жүйелер- либерал- демократиялық, залықтық- демократиялық, социал- демократиялық т.б.
4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси жүйелер.

І. Тарау. Саяси жүйе
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі
Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1) Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
2) Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық - ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3) Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.

1.2.Саяси жүйелердің түрлері
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады. Саяси ғылымда "саясат", "саяси өмір", "саяси құрылыс" деген ұғымдармен қатар "қоғамның саяси жүйесі" деген түсінік те кең орын алды. Бұл саланың бүкіл әлемде жан-жақты және терең зерттелуінің нәтижесінде ол теориялық деңгейге жетті. "Қоғамның саяси жүйесі" теориясының пайда болғанына да көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ және Канада ғалымдары Габриель Алмонд және Дэвид Истон саясаттану ғылымына енгізді.
Г.Алмонд жөнінде жоғарыда мәлімет келтірілген болса, ал Дэвид Истон - Канада ғалымы, 1917 жылы туылған. Калифорния университетіндегі саяси ғылым профессоры, 1968-1969жылдары саяси ғылымның Американдық ассоциациясының президенті болған. Саяси саланы зерттеуде бірінші болып жүйелік тәсіл енгізді. Қоғамның саяси жүйесі мәселелеріне арналған "Саяси жүйе", "Саяси жүйелерді зерттеу әдістері", "Саяси өмірді зерттеу жолдары" деген еңбектер жазған.
Габриель Алмонд пен Давид Истонның қағидалары бойынша, қоғамның саяси жүйелері төмендегідей негізгі элементтерден тұрады:
1. Саяси билік (мемлекет және оның барлық құрылымдары)
2. Заңдар, жарғылар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар (құқықтық, моралдық тәртіп пен принциптер, өнеге-салт)
3. Азаматтардың өзіндік бірлестіктері (саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар)
4. Қоғамның саяси мәдениеті (саяси білім, құқықтық мәдениет, саяси идеология, саяси сана, азаматтардың саяси іс-қимылдары).
Бұл аталғандар саяси жүйенің негізгі элементтері, саяси жүйенің өзі емес; саяси жүйе құрайтын осы элементтердің ара-қатынасы.
Жоғарыда аталған ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, әрбір қоғамда адамдардың, ұйымдардың өзара қарым-қатынасы бірінен бірі туындайтын мынадай буындардан тұрады:
- ұсынушылар (ұсыныстар, өтініштер);
- шешімдер (қолдау, қолдамау, заңдар);
- қорытындысы (іс-қимылдар, іске асырылуы).
Г.Алмонд пен Д.Истон осындай жүйені, буындарды (звенья) қоғамның жалпы өмірі бойынша емес, тек саяси тұрғыдан ғана зерттейді. Ал саяси салада мұндай жүйе қалай өзгерсе де саяси билікті қалыптастыруға, оны дамытуға және пайдалануға жеткізеді, себебі саясаттың негізгі мәселесі - билік, ал мазмұны - билік үшін күрес және билік жүргізу.
Жоғарыда келтірілген жүйені саяси тұрғыдан талдау үшін әрбір буын ретіндегі саяси институттарды қарастырамыз. Мысалы, ұсынушылар ретінде - саяси партиялар, шешімдер ретінде - сайлаушылар, ал қорытындысы ретінде - парламент қалыптасады.
Саяси өмірдегі бұл жүйенің іс-қимылы:
- саяси партиялар өз бағдарламаларын ұсынады, ол бағдарламаларды қолдап, немесе қолдамай шешім шығаратын сайлаушылар;
- сайлаушылардың қолдауымен ұсынылған үміткерлер депутаттар құрамына жолдау алып парламент (Мәжіліс) құрылады. Бұл жүйелік іс-қимылдың қорытындысы.
Енді әрі қарай осы жүйені бастаушы болып, яғни ұсынушылардың орнына парламент шығады. Яғни, бұл жүйе өрістеуші шеңбер сияқты сипатында жүреді (спираль). Парламенттен кейінгі шешімдер орнына шығатын заңдар, одан кейінгі буын - қорытынды, яғни заңдарды орындаушылар.
Міне, бұл жүйе шеңбер тәрізді айналым жағдайында үздіксіз жалғаса береді.
Қоғамның саяси өміріндегі осындай айналым жоғарыда аталған элементтердің ара қатынасы қалыптасқан ба, жүйелі ме, немесе - ретсіздік, стихиялық жағдайда ма? Міне, қоғамның саяси өмірінің сапалылығы осылар арқылы сипатталады.
Қоғамның саяси жүйесі қаншалықты қалыптастырылған, тұрақты болса, қоғамдағы саяси жағдай соншалықты нәтижелі болады.
Демократиялық елдерде қоғамның саяси жүйесі мемлекеттік билікті қалыптастырады, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар арасындағы өзара қатынастарды реттейді, қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Тұрақтылық жағдайдағы саяси жүйеде тәжірибе жинақталады. Осы көрсетілген мағынасы бойынша қоғамның саяси жүйесі төмендегі қызметтер атқарады:
1. Қоғамдағы саяси билікті қалыптастыратын жүйені дамыту.
2. Қоғамдағы саяси қатынастарды реттеу, әлеуметтік топтардың мақсат-мүдделерін іске асыру үшін саяси жобалар дайындау.
3. Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы тұрақтылыққа қарсы зиянды іс-әрекеттерден қорғау.
4. Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру.
Саяси өмірде қоғамның саяси жүйесін саяси құрылыс деп те түсінушілік бар. Бірақ саяси жүйе ол саяси құрылыс емес, себебі саяси құрылыс ол ресми бекітілген мемлекетті басқару түрі. Мысалы, республика, конституциялық монархия т.с.с., ал саяси жүйе саяси құрылысты қалыптастыратын әдістер.
Саяси құрылыс - ол мақсат, ал саяси жүйе - сол мақсатты іске асыру жолдары.
Саяси жүйенің қызметтеріндегі, әрбір өзгерістердегі негізгі роль атқарушы -саяси мәдениет (саяси жүйенің 4-ші элементі). Себебі басқарудың, ұйымдастырудың сапасы осы жүйенің әрбір буынындағы адамдардың саяси мәдениетіне байланысты.
Саяси айналымға жоғарыда келтірілген қоғам жүйесінің барлық
элементтері қатысады. Ал саяси мәдениет бұл буындардың өзара байланысына ықпал етіп, сапасы мен даму деңгейін айқындап отырады. Сол себепті бір қоғамның саяси жүйесі екінші қоғамның саяси жүйесіне ұқсас болмайды, әр қоғамның саяси жүйесі өз даму деңгейіне сәйкес қалыптасады. Сонымен, саяси жүйе дегеніміз - билік пен басқару құрамын қалыптастыру арқылы өз мүдделерін іске асыру қызметін атқаратын қоғамның саяси субъектілері арасындағы біртұтас, тұрақты қарым-қатынастар жиынтығы.

Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежұзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
oo институционалдық- мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды:
oo реттеуші- құқық, саяси нормалар, әдет- ғұрып, мораль т.б.;
oo функционалдық - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
oo идеологиялық- саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.

ІІ. Тарау. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірег келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани. Мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады. Жалпы күрделі құрамы бар, қызмет атқаруға, дамуға қабілеті бар тұтас құрылысты біз жүйе деп қарай аламыз.Сонда, жүйе - құрамында элементтері мен бөліктері өзара реттік ұйымдасқан, әрі бағытталған байланыста бола отырып, ажырамас тұтастық құрайтын, сол негізде қалыптасып іс-әрекет атқаратын, дамып отыратын құбылыс.
Қоғам да өз алдына жүйе. Қоғамдық жүйені түрлі әлеуметтік топтар, олардың мүдделерін бейнелеп отыратын институттар және олардың арасындағы байланыстар құрайды.
Саяси жүйе - қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Яғни, саяси жүйе, саяси өмір саласының тұтастығын, қызмет атқаруын басқа салалармен байланысын қамтиды.
Қазақстан - Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие.
Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.
Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады.

Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы үшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде- мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде- мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі- ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепн бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде- мақсатын анқтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты- феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты- капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты- (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ)- жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері- уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамның құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ- олардың қоғамдық мүдде- мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады.

2.1. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөоік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген, себебі.
а) оның аумақтық шекараларында азаматтық белгілі бойынша біріккен халықтың жалғыз ресми өкілі рөлін атқарады;
ә) егемендіктің жалғыз иесі болып табылады;
б) қоғамды басқаруға бағытталған әлеуметтік аппараты болады;
в) қарулы құрылымдары болады;
г) құқықшығармашылыққа қатысты монополяиға ие;
д) материалдық құндылықтардың ерекше жиынтығында (мемлекеттік меншік, бюджет , валюта және т.б.) ие.

Қоғамдық ұйымдар (саяси партиялар мен қозғалыстар, кәсіби одақтар, әйелдер, жастар ұйымдары)
Мемлекет
Қоғамның саяси жүйесі
Бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық - саяси өміріне қатысатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары мен институттарының жиынтығы
Құрылымы

Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
oo мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде нормалар арқылы жүргізіледі;
oo мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;
oo мемлекет ішкі- сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1. Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы демократияны дамытуға міндетті.
2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
1. Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қасқаша былай деген: Егерде мемлекет пен құқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр замаңға тап болатын еді. Қандай тамаша айтылған пікір...!
2. Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықтарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен, бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
3. Мемлеект басында қоғамды басқарушы, қаңаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде- мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай, сым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
4. Мемлекет адамдардың, саяси- әлеуметтің күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
5. Мемлекеттің қоғамдағы барлық мәселені шешудегі егемендігі, қоғамның дұрыс дамуы, адамдардың бостандығы мен құқықтары, әділеттік пен теңдіктің шын мәнінде қалыптасуы мемлекеттің құзыретіндегі мәселе. Өйткені қоғамдағы билік мемлекеттің қолында.
6. Қоғамның саяси- экономикалық, мәдени- әлеуметтік жағдай үзіліссіз диалектикалық даму прроцесінде болғандықтан, бұл процесті дұрыс, пайдалы басқару тек мемлекеттің қолынан келеді. Өйткені мемлекеттің құзырында барлық материалдық, саяси, әлеуметтік, әскери күштер бар. Мемлекеттік билікті іске асыратын құқықтық механизм бар.
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс- әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі заманда халықтың мүдде- мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде- мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі жайлы
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Қытайдың Орталық Азиямен ынтымақтастығының болашағы
Муниципалды менеджмент
Жергілікті басқарудың ағымдық жағдайы және оны жетілдіру жолдары
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Шет елдердің конституциялық құқығы ғылым және оқу пәні ретінде. Конституциялық құқықтың пән
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz